Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Абай жəне қазіргі қазақ көркем мәтіндері

Мақалада хакім Абай өлеңдерінің қазіргі қазақ көркем əдеби үдерісіндегі орны қарастырылған. Əр автор оқырманға өз дүниетанымын, түрлі сипаттағы оқиға-жағдайға қатысты өз түйсінуін көркем мәтін арқылы жеткізеді. Оның сөздік қоры ұлт тіліндегі сан алуан тілдік құралдармен қатар, танымдық кеңістікте түрлі деңгейде белгілі әр қилы мәтін бөліктерін, өзінен бұрын шығармашылықпен айналысқан тұлғалардың сөзқолданысын да қамтитыны байқалады. Ондай фрагменттер кейде еш өзгеріссіз қолданылса, енді бірде өзгертілуі мүмкін. Қазақ лингвомəдени қоғамында қолдану жиілігі жоғары күшті əдеби мәтіндер деп Абай шығармаларын атауға болады. Абай өлеңдерінің құрылымдық, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, тұтас мәтін деңгейіндегі цитациясы қазақ əдеби үдерісінің кейінгі 60-70 жылында поэзия жəне проза мəтíндерíнде тұрақты кездесетіні байқалады. Бұл орайда М. Мақатаев, М. Мағауин, Ж. Өбдірашев, Ғ. Жайлыбай, Г. Салықбай, М. Райымбек. Ж. Сəрсек сияқты ақын-жазушылар мәтіндері бірден еске түседі. Бұл үрдісті ХХІ ғасырда шығармашылықпен айналысып жүрген жастар да жалғастырып жүргенін айта келе, авторлар Абай мұрасы элитарлық тілдік тұлға саналатын ақын-жазушылардың бірнеше буыны үшін сөз өнерінің эталоны, өлшемі болатыны сөзсіз деген қорытынды жасайды.

Кіріспе

Функционалды стиль мәтіндері арасында лингвистикалық тұрғыдан жиі сипатталатын мәтіндердің бірі де бірегейі — көркем мәтін. Қандай болсын қаламгер өзін қоршаған ортаны, болмысты, қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, саяси-идеологиялық құрылымды танып-түсінуін оқырманға көркем мәтін арқылы жеткізеді. Өр ақын-жазушының тілдік қорында, семантикалық ұзақ мерзімді жадында жалпыхалықтық қолданыстағы лексика-фразеологиялық бірліктер, халық афоризмдерімен қатар өз контексінен ажыраған немесе контексі көмескі əр қилы сентенциялар, оның өзінен бұрын өмір сүрген ақын-жазушылардың сөзқолданысы бірде саналы түрде, енді бірде бейсана кездесіп қалып отырады. Шығармашыл тұлғаның өз көркем мәтінінде лингвомəдени қауымдастық мүшелерінің көбіне таныс, белгілі шығармалардан түрлі деңгейдегі, түрлі көлемдегі үзінділерді қолдануының өзіндік себебі, мақсаты бар. Көп жағдайда бұл үрдіс ақынның не жазушының танымынан хабар беріп, оның əдеби ортадағы замандастарын, алдыңғы буын өкілдерін бағалауын көрсетеді. Ал бұл оқырман үшін де маңызды, себебі ол автор келтірген түрлі фрагменттерді тану- танымауына байланысты өзінің ұлттық жəне әлемдік мəдениет үлгілерін қаншалықты білетінін анықтай алады.

ЗерттеуДің Деректері мен әДістері

Ұлттық элитарлық тілдік тұлға деп есептеліп, халық руханиятына қызмет жасайтын, өз ой- көзқарасымен оқырмандарына тікелей де, жанама да əсер ететін ақын-жазушылардың танымдық базасының қалыптасуы ғылыми айналымда күшті əдеби мәтіндер, күшті əдеби емес мәтіндер, бұқаралық мəдениет мәтіндері [1; 157] деп аталатын мәтіндерге байланысты болады.

Күшті əдеби мәтіндер уақыт жəне әлеуметтік жағдайларға қарамастан, белгілі бір лингвомəдени қоғам мүшелерінің көпшілігі үшін құнды болып есептелетін, əр жаңа буын үшін маңыздылығы, қажеттілігі үнемі байқалып отыратын, əр адам өзін толғандырған сұрақтарға жауап таба алатын, жалпыадамзаттық ұстанымдар мен құндылықтарды насихаттау нәтижесінде қалың көпшілікке рухани күш-қуат беретін, ұлттық діл-болмысты қалыптастыратын көркем мәтіндер.

Күшті əдеби емес мәтіндер ретінде әр қилы дін өкілдері үшін барлық адами қасиеттер мен мінез- құлық, өмір сүру қалып-ұстанымдарының, түрлі жағдаяттардың өлшемі, құндылықтардың қайнар көзі болып саналатын сакралды мәтіндер (Құран, Библия, Тəурат), сондай-ақ фольклор мәтіндері, тарихи көне жәдігерлер аталады.

Бұқаралық мəдениет мәтіндерінің қатарына медиадискурс, əн, жарнама мәтіндері кіргізіледі.

Бұл мəтíндердí, олардың əр түрлі бөліктерін белгілі бір лингвомəдени қоғам мүшелері өзінің ауызша, жазбаша сөзіне тұрақты, үнемі, түрлі мақсатта жиі енгізіп отырады, яғни олардың қолданыс жиілігі жоғары.

Осы тұрғыдан келгенде Абайдың өлмес мұрасы күшті əдеби мəтíндердщ бірегейі деп санала алады.

Абайдың танымдық базасы мен кеңістігінің қалыптасуы туралы М. Əуезов былай дейді: «Абай бүкіл қазақ халқының арғы-бергі заманда ауыз əдебиет үлгісінде тудырған шығармаларын: мақал- мəтелдерíнщ, аңыз-ертегілерінің, үлкенді-кішілі дастандарының қазынасын да білді. Жазба күйде жетпесе де, ауызша айтылып, жыраққа тарап жатқан шешендік сөздердің, айтыс-тартыстардың жəне өзінен бұрынғы, өзімен тұстас əлденеше жеке ақындардың да шығармаларын көптен-көп естіп, ұғынып, жадында тұтып, қолданып өсті» [2; 252]. Бұл пікірді осы заманғы қазақ көркем əдеби үдерісіне қатысушыларға қатысты да айтуымызға болады, себебі қазақ қаламгерлері үшін Абай шығармалары ұғынып, жадында тұтып, қолданылған мəтíндер екені байқалады. Мысалы, «Англияда оқып жүр» сатиралық туындысына назар аударған бетте Хакім Абайдың «Интернатта оқып жүр» өлеңінің құрылымы да, семантикасы да еске түседі:

Англияда оқып жүр,

«Дөкей» көкем баласы.

Новый қазақ, бундурхит,

Ана тілдің шаласы.

«Балам бәрін білДі» — деп

Секеңдейді анасы.

Өлең атауының өзі əр қилы ассоциациялар тудыруға, болжам жасауға, интерпретациялауға негіз бола алады. Эмоционалды мәні жағымсыз лексика, қазіргі қазақ қоғамына тəн жаргондар (Дөкей, көкем, новый қазақ, бундурхит — вундеркинд, қулық, понятка, конкретный), макаронизмдер (заявление, дача, вилла, казино, азарт, история, мистер) мен жалпыхалықтық, ұлттық мəдени- рухани лексика айқын контраста алынған. Туындыда Абайдың сөзқолданысы, сөйлем құрылымы, сатира нысандары бірден танылғанмен, дәстүрлі қазақ отбасындағы құндылықтардың да, қалыптасқан тəртíптщ де өзгергенін ақын ықшамды көрсетеді: ана тілДің шаласы, секеңДейДі анасы.

Бұның өзі А. Байтұрсынұлының «Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан кейін үлгілі жазушылардың сөзін оқып, өзі іс жүзінде иə ауызша айтып, иə жазып қолданумен біледі» [3; 349] деген тұжырымының дəлелí жəне осы бір ғана мысалдан байқалып отырғанындай, данышпан Абайдың өлеңдері қазақ қаламгерлерінің бірнеше буынына өте жақсы таныс, үлгілі сөз ретінде олардың дүниені қабылдауына, тануына, өз бетінше интерпретациялауына ықпал еткен.

Абай өлеңдерін күшті əдеби мəтíндер ретінде таныту үшін лингвистикалық талдау, интерпретациялау, контекстік талдау, тілдік сипаттама əдíстерí ұштастырылды.

Нəтижелер мен олардың талқылануы

Қазақ қаламгерлерінің əр кезеңде өмір сүрген бірқатар өкілдеріне «сөзі үлгілі болған» Абайдың ықпалы түрлі деңгейдегі цитация арқылы көрінеді, мəселен, сөз тіркесі деңгейіндегі цитацияның мысалы ретінде Ғ. Жайлыбайдың шумақтарын қарастыруға болады:

Жалына жүйрік жырдың жармасқалы,

Жанымның жарқ-жұрқ етіп алдаспаны.

«Туғанда дүние есігін ашқан өлең»,

Мен саған жетіп едім жалғасқалы.

Мыңменен жалғыз алысқан Абай,

Шыңғыстан шыңға беттедің.

Артылып туған данышпан Абай

Тектіден туған текті едің.

Ғ. Жайлыбайдың алғашқы шумағында Абайдың өз жолдары эпитет ретінде алынып, ұлы ақынның өзін сипаттауға қолданылса, екіншісінде континуумы трансформацияланған Абай сөйлемі сөз тіркесіне айналдырылып, қаратпа сөз ретінде жұмсалған.

Сөйлем деңгейіндегі цитация М. Мақатаевтың мына жолдарынан байқалады:

Жақтасаң да өзің біл, даттасаң да,

Соттасаң да еркің бар, ақтасаң да.

Мен де жұмбақ адаммын, оны да ойла,

Мыңмен жалғыз алысып жатпасам да!

М. Мақатаев өз өлеңінде Абайдан алынған сөз тіркесі мен сөйлем бар екенін да, де демеулік шылаулары мен бұйрық райдағы етістік, үнемі өтіп жататын үдерісті көрсететін қалып етістігін болымсыз түрдегі шартты райға қою арқылы байқатады.

Ал тұтас өлеңнің мәтін ішіне енгізілуі М. Мағауиннің «Əйел махаббаты» әңгімесінен көрінеді:

Жазушы эпиграфқа алған Мопассанның бір кейіпкерінің сөзі мен әңгіме семантикасы мүлде қайшылықты: « — Иə... шын сүйе алатын тек əйелдер ғана». Атаудағы əйел сөзі әңгімеде төрт рет қана кездеседі, алғаш бейтараптығы нәтижесінде тек жай ғана номинативтік қызметте қолданылса (Бес биенің сабасындай толық, етжеңді келген қара торы əйел Бəтима өзінің бір кезде қыз болғанына шынымен таңырқағандай сəл аңырып қалды да,..; Құшақтасып, күлісіп, біраз мауқын басқан соң екі əйел үй, тұрмыс, тіршілік жайын сөз етіп кеттĩ), әңгіменің орта тұсында алдында тұрған эпитет арқылы коннотациясы айқын эмоционалды қолданысқа айналған: Бірақ менде әйелДің, əлĩ өмірді білмейтін, əлĩ ләззаттың дəмĩн татпаған парықсыз әйелдің тәкаппарлығы бар еді. Осы қолданыс эпиграфпен де, атаумен де толық қайшылықта.

Әңгімеде сөйлеу субъектісі сатылап бірнеше өзгертілген: III жақтағы баяншы I жақтағы Зиямен алмастырылып, Зияның өзі Төлегеннің хатына кезек береді. Əрине, бұл жердегі сөйлеу субъектісінің өзгеруі фиктивті (жалған), себебі келтіріліп отырған Зияның әңгімесінің де, Төлеген хатының да авторы — жазушының өзі. Бұл лингво-композициялық тәсілді қаламгер Зия мен Төлегеннің әрқайсысының образын ашуға, әңгіменің эмоционалдылығын контраст арқылы күшейтуге қолданған. Сөйлеу субъектісінің өзгеруін автор оқырманға тілдік маркермен байқатады. Төлеген Зияның барлық іс-әрекетін — парықсыз еркелігін, жастық менмендігін, ойсыз тентектігін Абай өлеңіне сыйғызады:

...ДүниеДе, сірә, сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да.

Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,

Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,

Шыдайды риза болып жар ісіне,

Қорлық пен мазағына табынса да.

Төлеген өзінің көңіл-күйін, жағдайын мейлінше толық, мейлінше дəл, мейлінше әсерлі береді деген бір жолды қайталау арқылы өзін сипаттайды:

Шыдайды риза болып жар ĩсĩне...

Бұл интертекст Төлегеннің өзіне де, авторға да, оқырманға да оны мінездеуге мүмкіндік береді. Себебі қарама-қайшы түрлі сезімдердің шарпысуын, күресін көрсететін өлеңді таңдау Төлегеннің білім-парасатын, рухани дүниесінің жан-жақтылығын, жоғарылығын танытады. Екі адамның арасындағы қарым-қатынас Зияның әңгімесі мен Төлегеннің хатында қатар, параллель, бірақ екі адамның көзқарасымен суреттелгендіктен, оқырманның бұл екеуі туралы пікірі толық болады. Әсіресе Зияның образын ашуға хаттағы эмоционалды-экспрессивті лексика, контраст, графикалық тәсілдердің ақпараттығы көп қызмет етеді. Әңгімедегі хат ішкі интертекст болса, Абай өлеңі — сыртқы интертекст. Автор оқырманның тілдік құзіретіне күмәнді, сондықтан да өз кейіпкеріне өлең иесін ататып, түсіндірме жасатады.

Абай өлеңдерінен алынған интертекстер түрлі қызмет атқарады:

Көркем мәтінде өзі түскен контекстің әсер-қуатын арттыруға қызмет етеді. Мысалы:

Өлмеу үшін — құлқынды жемдеу үшін

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»

Абай жаққан бір сəуле сөнбеу үшін (М. Мақатаев).

Ақын осы шумақта Абайдың өлең жолдарының бірін еш өзгеріссіз беріп, тырнақша арқылы оның цитата екенін көрсетсе, екіншісін автор поэзияның талаптары бойынша ырғақ, буын сәйкестігі үшін өзгерткен.

Автордың немесе лирикалық субъектінің өзі идеал тұтқан объектіні бағалауы үшін қолданылады:

Қараулықтың қапаста қаңғыр үні

Мен де əн салам. Сан адам салды мұны.

«Жаза алмайтын өлеңді ермек үшін»

Жақсылардың болайын жаңғырығы (Г.Салықбай).

Бұл мысалда Абай сөзі анық танылса да, оны қолданып отырған ақын тек оны ғана емес, басқаларды да есте ұстап отыр деп түсіну керек.

Автор өзі суреттеп отырған жағдайдың таңбасы ретінде қолданады, яғни Абайдың бір ғана жолы арқылы қазіргі қазақ қоғамындағы жершілдік, жікшілдік, рушылдық сияқты кертартпа қарекеттерді ұстанушы көсемсымақтардың жиынтық бейнесін танытады:

Дүрбелеңнен сыр тартсам дерек шығар,

Тарихымның тор көзі елеп шығар.

Бас-басына би болған қиқымдарға,

Құнанбайдай бір кие керек шығар (Ғ. Жайлыбай).

Ал мына мысалдарда мәтіннің жекелеген фрагментін авторлар өз өлеңдеріне кіргізгенде тырнақшамен ажыратып, бөгде сөз екенін көрсетпесе, тұтас мәтінге етене қабысқандықтан жаттығын байқамаймыз десе де болады:

Жоқ-барды жазып-сызып, күштеп таңып,

Ақпарлы, әжік-күжік істі атқарып, Батырмыз — тоқсанымыз тоқты жыққан.

Жатырмыз — «болмасақ та, ұқсап бағып!»

Бағасын берер ұрпақ, түстеп, танып.

Дос іздедім, тірліктен табылмады,

Ақылды, қайраты мол — қабырғалы.

«Жалғандықтан жасалған көңіл екен» -

Кешегі доспын деген жанның бәрі.

Жас шамалары əр түрлі болғанмен, ұлттық когнитивтік кеңістіктері бірдей екі ақын — Әбдіраштың Жарасқаны мен Маралтай Райымбеков — Абайдың дайын сөзқолданысымен өз өлеңдерінің семантикасын күшейтуге ұмтылады. Төмендегі шумақта Маралтай ақын Абай өлеңіне сілтеме береді, яғни сол баяғы лексикалық индикаторымен нақтыланады:

Сені аңсамай жазған жырым — нұрсыз кіл,

Сен жоқ жерде — тұл дүние күнсіз тұр.

Мендегі хал, сол баяғы, баяғы –

«Көзбен ұғып, ішпен сезер, тілсіз тіл!»

Қорытынды

Байқалып отырғандай, хакім Абайдың сөзі М. Мақатаев, М. Мағауин, Ж. Әбдірашев, Ғ. Жайлыбай, Г. Салықбай, М. Райымбек, Ж. Сəрсек сияқты ақын-жазушылардың көркем шығармаларының семантикасын толықтырып, байытып, оқырманға әсерін арттырып тұр. Аталған қаламгерлердің шығармашылық үдерісі 60–70 жылды қамтыса, қазір де Абайдың сөзін жадында үнемі жаңғыртып келе жатқан ақындар шоғыры бар екені байқалады, мəселен, Мирас Асанның мына шумақтарынан Абайдың сөзқолданысы бірден танылады:

Жырақ қалма қызықты жыр-əн кештен,

Шындыққа да берік бол шыған көшкен.

Алты құрлық, төрт мұхит — барлығын сүй,

Алты Алашты бірақ та шығарма естен;

Тым-тырыс неге мынау мекен барлық,

Заһарды ішем үнсіз шекер бал ғып...

Хакім кеп айғай салған жартас — мен-ау,

Қаңқ етіп, қайта мылқау кетер қалғып!

Ал бұл ақын ХХІ ғасырдың кейінгі онжылдығында өлеңі арқылы таныла бастағанын ескерсек, ғұлама Абайдың мұрасы ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жететінінің дәлелі деуге болады, яғни танымдық білім аясы, кеңістігі ұлттық мəдениет негізінде қалыптасқан қаламгерлер үшін Абай өлеңдері сөз өнерінің үлгісі, өлшемі болып қала беретіні сөзсіз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Денисова Г.В. В мире интертекста: язык, память, перевод / Г. В. Денисова. — М.: Азбуковник, 2003. — 298 с.
  2. Əуезов М. Қазақтың əдеби тілі туралы / М. Əуезов. // Жиырма томдық шығармалар жинағы. — 19-т . — Алматы: Жазушы, 1985. — Б. 247–272.
  3. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш / А. Байтұрсынов // Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 462 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.