Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құранмен астастыра жырлаған орта ғасырдағы əдеби жәдігерлер

Мақалада қазақ әдебиеті тарихында орта ғасыр поэзиясының орны ерекше екені анықдадыи. түркі эдебиетінің идеялық-көркемдік маңызы сөз болады. Орта ғасыр шығармаларына өзек болған сол замандағы заман ахуалы, адамгершілік мəселелер, жеке түлғаның ықылас-пейілінің өзгеруі жəне тағы да басқа тақырыитар талданған. Соның ішінде орта ғасырда жазылған əдеби жәдігерлерге Қүранның әсері жан-жақты қарастырылған. Орта ғасырдағы əдеби жәдігерлердің негізгі айтар ойы халыққа ислам дінін түсіндіріп, рухани тазалыққа шақыру нақты мысалдармен көрсетілген. Ислам діні орта ғасырдағы түркі әдебиетінің жаңа арнада дамуына эсер еткен, соның көрінісі сол дәуір шығармаларында Қүран аяттары мен пайғамбар хадистері орынды пайдаланылғаны анықталған. Қарахан дэуірінде жазылған шығармалардың басты тақырыбы болған дидактикалық мэселелерді орта ғасыр ақындары қалай жырлағаны анықталып, оның түркі эдебиетінің дамуына қаншалықты үлес қосқаны айқындалған.

ҮІІІ ғасырда пайда болған ислам діні ғылымның бар саласына өз эсерін тигізді. Қарахан эулеті билеген кезеңге түспа-түс келетін уақытта мүсылман мэдениетін түркі халықтары арасына таратуда ақындар өз үлестерін қосқаны белгілі. Ғылым, білім, мэдениеттің барлығы дінмен біте қайнасып жатқан түста эдебиеттің жаңа ағымдары пайда болды. Сыршыл ақындардың толғаныстарында терең мағына, философиялық-дидактикалық ойлар бой көрсетті. Бүл салада толғау, үлгі-насихат айту сол заманның жаңалығы болып есептелінеді. Сөз болып отырған дэуірге түркі эдебиетінің «алтын дэуірі» деген атау лайық. Көне гректер мен шығыстың мэдениеті, эдебиеті, философиясымен жете таныс болған ғалымдар мен ақындардың өмір сүрген уақыты Шығыстағы жаңашылдыққа тура келеді. Бүл кезеңді Ә.Қоңыратбаев Шығыс ренессансы деп атап, былай деп анықтама берген: «Ескі түркі жазбаларының бүкіл Орта Азия, Алтай жəне Қазақстан тайпаларына ортақтығын айта отырып, біз оны шығыс ренессансының алғашқы көрінісі болғанын да баса көрсетуіміз шарт. Шығыстағы ренессанстық қүбылыстың атасы əл-Фараби, əл-Бируни, əл-Хорезми, ХҮ ғасырда Ұлықбек, Науаилер болса, осы екі аралықта толып жатқан ақын-шайырлар мен ғүлама ғалымдар болған» [1; 41]. Негізінде Қайта өрлеу кезеңі Батыста ХҮ ғасырда пайда болса, Шығыс эдебиетінде оның тамыры тереңде жатыр. Міне, осындай уақытта өмір сүрген ой еңбегімен айналысатын дарын иелері эртүрлі салаларда жасаған жаңалықтарымен болашақ өркениеттің негізін салуға, өз дэрежелерінде ғылымды белгілі бір дəрежеге көтеруге тырысты. Осындай алтын ғасырға түркі ғалымдары, дарын иелері мен ақындары өз үлестерін қосқанын мақтанышпен айтуға болады.

Қай халықтың эдебиет тарихын алып қарасақ та, бірде дэуірлеген, бірде қүлдыраған түстары кездеседі. Демек, түркі эдебиетіндегі Х-ХІІ ғасырлар дамудың алғашқы баспалдағы саналады. Сол ғасырларда туындаған діни, философиялық, дидактикалық шығармалар адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мүралары болып табылады.

Түркі даласына ислам дінінің таралуы елдің тарихына, түрмыс-тіршілігіне ғана емес, əдебиет элеміне де мүлдем жаңа бағыт экелді. Көне дэуір эдебиетіндегі жаңа кезең, ондағы өзгерістер туралы

С. Сейфуллин: «Қазіргі қазақ атаулы рулардың мүсылман діні кірген уағында, түрмысына едэуір жаңалықтар, едэуір өзгерістер кірген сияқты. Түрмысына өзгеріс кірген соң елдің салт-санасына да, тіліне де өзгерістер кірген сияқты» [2; 58], — дейді. Қарахандық ақындар өздеріне дейін аз жырланған білім, ғылым, тэрбие, жақсы мінез-қүлық сынды мэселелерді кеңінен қамтыған. Бүған дейінгі əдебиетте адамгершілік мəселелер тек шығарма ішінде ғана кездескені болмаса, бастан-аяқ тэлім-тэрбиені басты нысана етіп жырлаған дастан жоқ десе де болғандай. Адамгершілік, жеке адамдардың қарым-қатынасы, өзін-өзі үстау, ақылдылық, сабырлылық тағы да басқа тақырыптарды жырлап, оны ислам діні тұрғысынан халыққа түсіндіруге тырысады. Міне, осындай жағдайлар дидактикалық сарындағы эдебиеттің пайда болуына негіз болды.

Орта ғасырдағы түркі эдебиетінде үш түрлі бағыт болған. Олар: 1) Құранмен астастыра жырлаған дидактикалық эдебиет; 2) Сопылық эдебиет; 3) Қайта өрлеу эдебиеті [3; 16]. Орта ғасыр шығармаларының дені осы үш бағыттың алғашқысы — діни-дидактикалық əдебиетке жатады. Себебі, аталған кезеңдегі эдеби жэдігерлер тұнып тұрған Құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне негізделген. Ақындар мұсылман шарттары арқылы көпшілікке адал болуды, надандықтан, сараңдықтан сақтануды, білімді қадірлеуді, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуді уағыздап, үгіт- насихат айтады. Ислам дінін басты нысана етіп ұстанған орта ғасыр шайырлары міне, осындай тақырыптарда жырлап, болашаққа өте құнды дастан жазып қалдырған.

Түркі эдебиетінде таза дидактикалық тақырыпта жырлаған дастандар Х-ХІІ ғасырлардан бастап негізін сала бастады. Қарахандық əдебиетте кеңінен тараған дидактикалық шығармаларда көбінесе философиялық, тэрбиелік, адамгершілік мэселелер сөз болады. Жүсіп Баласағұн да, Ахмет Йүгінеки де адамдарға тура жол сілтеп, жақсы мен жаманды айыруды, күнделікті өмірге қажетті пайдалы кеңестерді баяндайды.

А.Байтұрсынұлы жазба эдебиетті діндар дэуірі, екіншісі ділмэр дэуірі деп екіге бөліп зерттеген. Алғашқы дэуірді төмендегідей түрлерге бөліп қарастырады: «Діндар жағының басымдығымен айрылатын түрлері мынау: қисса, хикаят, мысал, насихат (үгіт), мінажат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, терме» [4; 319]. Ғалымның зерттеуіне жүгінетін болсақ, орта ғасырда өмір сүрген ақындардың шығармалары діндар дэуіріндегі насихат (үгіт) түріне жатқызуға болады. Себебі білімділік пен надандық, жомарттық пен сараңдық, игі мінез бен жарамсыз қылық, сабырлылық пен ашудың зияны мен пайдасын жырлаған орта ғасыр шайырлары болашақ ұрпаққа үгіт-насихат айтады.

Орта ғасырда жазылған эдеби шығармалар Көк Тэңірге сыйынған түркі елін біртіндеп Ислам дініне қарай бұру арқылы оның қағида-шарттарын насихаттауды алдына мақсат етіп қояды. Міне, осындай көркем туындылар қатарына Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген Ж.Баласағұнның «Құтты білігі», А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», А.Иасауидың «Даналық кітабы» жатады. Олар өз шығармаларында мұсылман дінін насихаттау арқылы адамзатқа тура да эділ жол сілтейді, тэрбиелі, иманды, өнегелі болуды үндейді.

Бір бөліп айтарлық мəселе: осы «Ақиқат сыйы» дастанына Құран Кэрімнің тигізген эсерінің молдығы дер едік. Ахмет Йүгінеки дастанының алғашқы сөзі «Бисмил-лаһир рахман ир-рахим» деп Алла-Тағаланы мадақтаумен, оған шүкіршілік айтумен басталуының өзі осының айғағы. Бұл сөз — Құранның кілті. Сол себепті мұсылман дінінің кереметін, жақсылығын түсінген эрбір ақын өз шығармасын рақымды да мейірімді Алланың атымен бастауды өздеріне міндет санаған. Х-ХІІ ғасырдан бастап, Алтын Орда мемлекеті тұсындағы шайырлар, тіпті, бүгінгі дейінгі көркем сөз шеберлерінің кейбірінің мұндай тэсілмен шығармаларын бастамағаны кемде-кем.

Жүсіп Баласағұн: «Бісміллэхи-р-рахмани-р-рахим!

Əзиз, уэ, күллі ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі жанның бэріне ризық берген құдіреті күшті тэңірге ырзамыз. Әрі ол атақ-даңққа бөлене берсін!» [5; 38], — деп, эрбір бөлімінде жаратқанға жалбарынып, шүкіршілік етіп отырады. Шығармасын Алланың атымен бастап, құдіретіне бас иеді. Ал, Махмұт Қашқари «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігінде тура Құрандағыдай «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын» дейді» [6; 29]. М.Қашқари өз сөзінен бұрын Алланың сөзін қойып, Одан медет сұрайды, Оған шүкіршілік айтады.

Шығармасын мұндай үлгімен бастау үрдісі Алтын Орда тұсында жазылған Хорезмидің «Мұхаббат-намасы», Құтыбтың «Хұсрау-Шырыны», Сайф Сараидың «Гүлстан би-т-түркиі» жəне тағы басқа шығармаларда жалғасын табады.

Ей, айташы, алланы айт,

Аты жақсы құдайды айт, Төрт шадияр, Мұстафа, Мұсқап ашқан ғаламды айт. Тэңірім сөзі бұрқанды айт, Кəлим алла — құранды айт, Тэңірім салса аузыңа, Жан жолдасың иманды айт [7; 172], — деп бертінде өмір сүрген Бұқар жырау да алғы сөзін Құдайдың атымен бастаған. Алланы аузына ала отырып, жырау төрт сахаба мен Мұхаммед пайғамбарды өлең жолдарына қосады. Тура Құран сөзімен бастамаса да, қазақ ақындары өз түсінігіне сай етіп жырлаған.

ХІХ ғасырда өмір сүрген Қожабай Тоқсанбайұлы да əуелí сөзін Алладан бастап, оны дəрíптеп жыр арнаған:

Пісмілла, əуел, алла, сөздің басы, Пісмілла, деген сөзім діннің қасы. Сөйлеп қал өлмей тұрып қызыл тілім, Келмейді екі елуге ердің жасы

Иа, алла, қате кетсек, ғапу айла, Ғаламның он сегіз мың падишасы. Һар һалы затың ұлық падишасын Күнасын пенделердің жарылқашы [8; 208]

Демек, мұндай үрдіс тек орта ғасыр мұраларында ғана емес, қазақ əдебиетíнде əлí де жалғасын тауып келе жатыр. Бұл ежелгі жырлар мен бүгінгі көркем шығармалардың арасындағы дәстүр сабақтастығы болып табылады.

Ахмет Йүгінеки:

Йə, жаратушым, шексіз мадақ айтам саған,

Сенің мейірім-шапағатыңнан үміт етемін.

Мақтау айтуға лайық па бұл тілім,

Шамам келгенше, айтайын, жəрдем бер маған [9; 21] -

деп Алланы мадақтай отырып, оның мейірім-шапағатынан үміт етеді. Құдіреті күшті Алла-Тағаланы өзі жаратқан он сегіз мың ғаламда мадақтамайтын, оны мойындамайтын тіршілік жоқ екенін тілге тиек етеді. Жанды-жансыз, яғни ұшқан құс, жүгірген аң құдайдың барлығына куə, олар да өздерінше жаратқанына бас иіп, шүкіршілік айтады.

Ақын «Кама қала Аллаһ Та'ала ихрижу л-һайиа мин ал-майити уа иухрижу л-майита мин ал- һайиа» /Алла-Тағала былай деген: Тіріні өліден шығарамын, өліні тіріден шығарамын/, — деген аятты өлең жолдарына қосып, қарапайым тілмен түсіндіреді. Йүгінеки — Алланың сипаттарын өлең шумақтарына көркем тіл, бейнелі сөзбен сипаттап бере білген көркем суреткер. Бұл туралы

Р.Бердібаев былай деген: «Түркістан топырағында туған кемеңгер ақын дін, шариғат білімдерін терең үйренгені дастанның əрбíр шумағынан дерлік байқалады. Құран сөздері мен пайғамбар хадистерінде тұнып тұрған поэзия бар екенін əлíппе оқытқандай, үйреткен Ахмет Йүгінекиді дін насихатшысы деуге болады» [10; 20]. Дастан тұнып тұрған ислам қағидалары, сол себепті оның діни мазмұны басым.

Ақын алғашқы сөзін қайырымды да мейірімді Алланың атымен бастаса, келесі жолдарда ең соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.с.) салауат айтумен жалғастырады:

Енді Алланың сүйіктісінің жақсы жақтары туралы бірнеше бəйíт тыңда, Ақыл-ойыңа салып, сөзімді аңда.

Ол тумысынан игі, адамның бақыттысы, Жаратқандарының ішінде оған тең келетін жоқ [9; 22].

Шығыс əдебиетíне тəн дәстүрді бұзбай, пайғамбарды өлең жолдарына қосқан автор оның қасиеттерін «ақыл-ойға салып» ұғуға шақырады. Йүгінеки өзге пайғамбарларды жарқын жүзге, Мұхаммед (с.а.с.)-ды сол жүзде орын алған көзге теңейді. Немесе екінші тармақта оларды қызыл шырайлы бетке, ал пайғамбарды бетке жарасып, ерекше көрік беріп тұрған меңге балайды. Автор пайғамбардың қасиеттерін өзінше көркем тілмен жырлап, оған деген құрметін осылайша білдіреді.

Көне дəуíрден жеткен көркем мұраларда халықты рухани тазалыққа шақырып, ислам діні талаптарына сəйкес өркениетке үндейді. Орта ғасыр шайырлары адамның теріс жолға түсіп, бейбастықтың көбейіп, жалған дүниенің қызығына алданып, басты нəрсенí ұмытқанын зарлана отырып жырлайды. Олардан аулақ болып, тазалыққа ұмтылуға, мәңгілік нəрсенí иеленуге шақырады. Бұл шығармалардың негізгі айтар ойы халыққа ислам дінін түсіндіру, адамгершілік мəселелердí насихаттау: «Унинг достони хам туркий элатларга исломий одоб қоидалари, маънавий-ахлоқий камолот сирларидан таълим беришга мужаллаган» [11;151].

Көркем сөз шеберлерінің көтерген тақырыптары мен идеясы қарапайым халықты оқу-білімге шақыру, имандылық пен əдептíлíкке үндеу, адамгершілік, моралдық ұғымдар мен жақсы мінез-құлық жайында өсиет-ойлар айту болып табылады. Олар өз шығармаларында күнделікті тіршіліктегі қарапайым мəселеге дейін жете мəн бергені айқын аңғарылады. Ақындар өз ойларын Құран аяттарымен өзара ұштастыра отырып, өлең жолдары арқылы мейлінше шеберлікпен жеткізе білген. Əсíресе, оқу-білім жайлы сөздері терең де мазмұнды. Мысалы, «Білгеніңді үйрету парыз» деген сөзді берік ұстанған Ахмет Иүгінеки өзі үйренген пайдалы ілім-білімді замандастарына, болашақ ұрпаққа үйретіп, санасына сіңіруге тырысады.

Ақынның алғашқы сөзін оқы, біл, үйрен деп бастауы бекер емес. Адамның өмірдегі мақсаты не? — деген сұраққа Əдиб Ахметтің жауабы — Алланы тану. Құрандағы: «Əр адамның мақсаты — Алланы тану» деген сөзді басты қағида етіп алып, оның құралын іздей бастайды. Ол — білім. Бұл дүние құбылыстарын діни тұрғыдан түсінуге жəне түсіндіруге тырысқан Йүгінеки оқу-білім арқылы Алланы тануға шақырады, сол арқылы бақытқа жетуге болатынын шебер баяндайды. Алла-Тағала Жəбíрейíл періште арқылы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға жеткізген алғашқы сөзі де: «Оқы! Алланың атымен оқы!» деп басталатыны бəрíмíзге мəлíм. Міне, ақынның негізгі бөлімінің беташарын білімнің пайдасын айтумен бастауы Құраннан алған үлгісі деп білеміз. Ақынның білімнің пайдасы жайындағы ой-толғаныстары К⅛ран-Кəрíмнщ бірқатар сүрелерінде кездесетін мынадай аяттармен үндеседі: «Алла-Тағала сендерден иман келтіргендердің жəне ғылым бергендердің дəрежелерíн көтереді» (Мужадəлə 58:11), «(Мұхаммед), Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» (Зүмәр 39:9). Яғни, Құранды жақсы білген Ахмет Йүгінеки ислам дінінің халыққа қажетті барлық тұстарын қамтып, дүйім жұртқа қарапайым тілде дінді жете түсіндіруге өз күшін салған. «Білімді Қытайдан болса да, үйрен», — деген пайғамбардың хадисін биік шырақ етіп ұстап, төмен құлдырамай жоғарыға, биік мақсаттарға ұмтылуға шақырады.

Түркі тіліндегі дидактикалық шығармалардың негізін салған Жүсіп Баласағұн шығармасының да іші толған білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайлы үгіт-насихат. Білімдіні білімсізден жоғары қойып, тіпті, сауатсыз кісімен тіл табыса алмайтындығын ақын жыр өзегіне айналдырады.

Бұл сөзімді білімдіге арнадым, Білімсіздің тілін ұға алмадым.

Білімсізбен ешбір сөзім жоқ менің, Ей, білікті, қызметшіңмін мен сенің.

Ақыл, білім ең əз нəрсе, күшті, нық,

Егер болса, істет, ұшып көкке шық! [5; 68-69], — деп Баласағұн алғашқы тарауын білім туралы жырлаумен бастайды. Бастауы кең бұлақтың көзі тартылмайтыны сияқты білімді адамның нұрлы сөзінің де сарқылмайтынын тілге тиек етеді.

Ал, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғати-т-түрк» атты сөздігінде де оқу-білім туралы нақыл сөздер жиі кездеседі. Халық арасынан жинаған өлең шумақтарында білім жолында жалғыз қасқа атыңды да құрбан етуден аянып қалмау туралы айтылады. Сонымен бірге, білім алуда қандай ауырлыққа тап болса да төзу тиіс, сонда ғана таусылмас рухани байлыққа кенеледі деген өнегелі ой тастайды [6; 113]. Қарахандар дəуíрí тұсында өмір сүрген М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Иасауи жəне А.Иүгінеки еңбектерінде білім алу мəселесí бірінші сатыға қойылғаны айқын аңғарылады.

Шығыс дүниетанымы бойынша бұл дүние — жалған, бəрí уақытша нəрсе. Діни қағида- шарттарды берік ұстанған шығыс халықтары дүниені өзгертуге талаптанбайды, оны мақсат етпейді. Ал, адамды өзгертуге болады. Білімнің нəрíмен сусындаған əрбíр жеке тұлға жоғары көтеріледі, білімсіз надан төмен құлдырайды. Міне, жеке тұлғаның өсу жолы мен құлдырау жолдарын ақын айқын ашып түсіндірген жəне ол өте сəттí шыққан.

Қарахан дəуіріндeгі өмір сүрген ақынның бірі Иасауи да бұл дүние мәңгілік емес дейді. Автор ажалды төрт аяқты шабан атқа теңеп, одан ешкім қашып құтыла алмайтынын көркем суреттеген. Ақын жинаған малдан ешқандай пайданың жоқтығы, ажал жеткен күні олардың барлығы қалатыны туралы былай дейді:

Білгейсің бұ дүние барша елден өтер, Малға да сенбе, бір күні қолдан кетер. Ата-ана, қарындас қайда кетті деп ойлап көр, Төрт аяқты шабан ат бір күні саған жетер [12; 38].

Ал, Йүгінеки адам қателіктерінің басы — сырты жылтыр əлемнíц ішкі сорақылығын білмеу дейді. Сырты жылтыр бұл жалғанды сиқырлы сұр жыланға теңейді: «Бұл дүние — жылан. Жыланның көзін жой, Сипағанға жұмсақ, бірақ іші тола у». Сырттай қарағанда осы дүниенің аса тəттí, ал ішкі сырын ақтарғанда одан мың пəленí кездестіруге болатынын Йүгінеки тамаша суреттеген.

Дидактикалық тақырыпта толғаған «Ақиқат сыйы» дастанында қоғамдағы адамдардың жақсы қарым-қатынаста болу үшін, əдепсíздíк, дөрекілік, екіжүзділік, надандық жəне тағы басқа теріс мінез- құлықтардан арылудың қажеттілігін түсіндіруге тырысады, оған баса назар аударады. Сондықтан, орта ғасыр ақыны адам бойындағы жақсы қасиеттерді мадақ тұтып ардақтайды. Ақын əдептíлíктщ басы — тілге сақ болу, өсек-өтіріктен сақтану, дұрыс ойланып сөйлей білу дей келе: «Тіліңді тый — сонда тісің сынбайды, Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар» деп тілге бір тарау арнаған. Бұл жерде ақын тіл өнері жайында бірнеше жыр дестелерін келтіреді. Орта ғасыр шайыры сөздің қадірін кетірмей ойланып сөйлеу керектігін шебер баяндайды. Жақсылық та, жамандық та тілден туындайтынын ескерте отырып, автор Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың хадисін сөзінің дəлелдí шығуы үшін өлең жолдарына айналдырған:

Тіліңді бақ. Аз болсын сөзің,

Тіліңді бақсаң, боларсың аман өзің.

Пайғамбар: «Адамның жүзін отқа күйдіретін, Тіл» деді. Тіліңді тарт. Сақтан оттан өзің [9; 28].

Қоғамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінің əрбíр құбылысына, мəнíне терең бойлап, өз түйіні, айқын көзқарасы, пайымдауы бар Жүсіп Баласағұн да «Құтадғу білік» дастанының жетінші тарауын «Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда, зиянына» арнаған:

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,

Қор қылар тіл, кететұғұн бас болар.

Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім, Жəне сөйлеп, жəне ештеңе өнбеді. Біліп айтқан сөз — білікті саналар, Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.

Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін, Бір сөзбен шеш күмән сөздің түйінін [5; 64, 65].

Орта ғасыр ақыны өз қадіріңді кетірмей, сөзді бағып, бастың кесіліп, тістің сынып қалмауын қадағалау керек дейді. «Құтадғу білікте» автор тілдің адамға тигізетін жақсы мен жаман жақтарын əр қырынан ашып, көркем сөздермен сипаттайды. Осындай өлең жолдарынан біз орта ғасырдың өзінде- ақ оқымысты ғалымдардың тіл өнеріне қаншалықты мəн бергенін аңғарамыз. Демек, бұл дүниеде байлық жинап, ішіп-жеуден баз кешіп, құдай жолына түскендерге кунəдан арылудың бір жолы тілді тыю екен. Құдайды таппай, теріс жолға түскендерді дұрыс бағытқа бастайтын да, адасуға итермелейтін тіл дейді.

Орта ғасырда өмір сүрген шайырлардың туындыларын дінмен байланыстыра жырлауы олардың ерекше бөліп айтарлық артықшылықтары деп есептейміз. Түркі шайырлары араб тіліндегі Құран- Кəрíмнщ негізгі ой-тұжырымдарын түркі халықтарына түсінікті, көркем əрí бейнелі өлең жолдарымен жеткізуді мақсат етті жəне ол іске асты. Сол арқылы олар мұсылман дінінде бар мəселелердí, атап айтар болсақ, адам баласын адамгершілік пен ізгілікке, имандылыққа үндеп, рухани тазалыққа шақыру арқылы қамтуға тырысқан. Демек, орта ғасырда өмір сүрген ақындардың шығармалары өнеге, тəрбие берерлік қағидаларға толы деп сенімді түрде айта аламыз.

Қорыта келгенде айтарымыз, осындай ақындар əр кезеңде əдебиеттí жасайды да дамытады. Егер олар болмаса, өлеңнің сырын, мәнін түсіндіретін жандар сарқылып азаяр еді. Осындай көркем сөз шеберлерінің құнды туындыларының арқасында өткен əдебиетíмíз тамырын терең жайып отыр деп сенімді түрде айта аламыз.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы / Ә. Қоңыратбаев. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 288 б.
  2. Сейфуллин С. Қазақ əдебиетí / С. Сейфуллин // Шығармалар. — 6-т. — Алматы: Жазушы мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1964. — 455 б.
  3. Ганиева Р. Татарская литература (традиции, взаимосвязи) / Р. Ганиева. — Казань, 2000. — 320 с.
  4. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы / А. Байтұрсынұлы. — І т. — Алматы: Алаш, 2003. — 408 б.
  5. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік / Ж. Баласағұн; қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен түсінігін жазған А. Егеубай. — Алматы: Жазушы, 1986. — 616 б.
  6. Махмұт Қашқари. Түрк тілінің сөздігі («Диуани лұғат-ит-түрк»). — 1-3 т. — 1-т. / М. Қашқари; қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен түсінігін жазған А. Егеубай. — Алматы: Хант, 1997. — 592 б.
  7. Алдаспан. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақьш-жырауларьшың шығармалар жинағы / ІҚүрастырған М. Мағауин. — Алматы: Жазушы, 1971. — 278 б.
  8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. — Алматы: Ғылым, 1985. — 320 б.
  9. Ахмет Иүгінеки. Ақиқат сыйы / А. Иүгінеки; Түпнүсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық жəне поэзиялық аудармасы. Баспаға дайындағандар: Ə. Қүрышжанов, Б. Сағындықов. — Алматы: Ғылым, 1985. — 152 б.
  10. Егеубаев А. Ежелгі дəуíрдегí қазақ əдебиетшщ көркемдік жүйесі (X-XII ғасыр: көркемдік-эстетикалық іздсі іістср мен түрленулер): моногр. / А.Егеубаев. — Алматы: АБА «Айкос», 1999. — 209 б.
  11. Маһмудов Қ. Аһмад Югнакийнинг «һибатул һақайиқ» асари һакида / Қ.Маһмудов — Ташкент, 1972. — 300 б.
  12. Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет / Қ.А. Иасауи; қазақ тіліне түсіргендер: М. Жармүхамедүлы, С. ДəуíтÝлы, М. Шафиғи. — Алматы: Мүраттас, 1993. — 262 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.