Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жер-су атауларындағы ұлттық мəдени ақпарат жайында

Мақала жер мен су атауларындағы ұлттық мəдени ақпараттың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Авторлар ғасырлар бойы қалыптасқан жəне лингвомəдени сипаты бар географиялық атауларда көрініс тапқан ұлттық дүниетанымның өзгешелігін жəне қазақ этносының өмірлік дағдыларының, тыныс- тіршілігінің куəсı болып табылатын жер мен су атауларының өзіндік ерекшелігін қарастырған. Жүргізілген зерттеулердің негізінде авторлар тарапынан дəстурл! қазақ мэдениетінің ошағы болып табылатын көшпелі мал шаруашылығының тек географиялық ортамен тығыз байланысты болу мүмкіндігі тұжырымдалған. Сондай-ақ, шаруашылықтың бұл түрінің өзіндік физика-географиялық, табиғи ерекшелігі бар белгілі геоэкологиялық зоналарда ғана болатындығы дəлелденген. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтың өзі мекен еткен, тіршілік құрған географиялық ортаға бейімделу, сол ортаның табиғи ресурстарын пайдалана білу қабілеттері көрсетілген жəне жер-су атауларында сол жерлердің айрықша белгілері жайында сақталған ұлттық дүниетанымдық ақпараттың молдығы айқындалған.

Кіріспе

Тіл — адам мен оны қоршаған ортаны жалғастыратын дəнекер. Топонимиялық атауларды бастапқыда география ғылымы зерттеген, осы бағыттағы көрнекті ғалым Ғ.Қоңқашбаевтың тұжырымдауынша, Қазақстан жерінің кеңдігінен оның табиғаты да əртÝрлí, оңтүстігі құмды ыстық шөлдер болса, солтүстігінде орманды далалар, ал оңтүстік-шығысында бір белдеуде созылып жатқан таулар болғандықтан, шаруашылықты жүргізу, жерді күтіп баптауға өз əсерíн тигізбей қоймайды, ал ертеректе қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, сондықтан малға жайылым іздеп, жыл бойы бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Шаруашылықтың осы түрімен айналысқан қазақтар территорияның ландшафтық ерекшеліктерін, əсíресе, ең негізгі қажеттілігі — мал жайылымына байланысты табиғи ерекшеліктерді жан-жақты меңгерген [1; 19]. Сонымен қатар, халық өзі мекен еткен, тіршілік құрған географиялық ортаға бейімделіп, қажетіне қарай сол ортаның табиғи ресурстарын пайдалана да білген.

Қазақтың дәстүрлі мздениетінің ошағы — көшпелі мал шаруашылығы географиялық ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады, себебі шаруашылықтың бұл түрі өзіндік физика- географиялық, табиғи ерекшелігі бар белгілі геоэкологиялық зоналарда ғана болады. Қазақтың ежелгі дәстүрлі мəдениетí көктеу, жайлау, күздеу, қыстау аталатын маусымдық жайылымдарды пайдалану арқылы көшпелі сипатқа ие болған, жылдың төрт мезгілінде өзінің тіршілік ететін кеңістігін жылына бір айналып өтеді. Жазық дала мен аспан аясын дөңгелек пішінде қабылдау үрдісі ежелгі сақ көшпенділері дүниетанымымен байланысты болатын. Қазақтардың өзі өмір сүретін кеңістікті игеруі дөңгелек үлгісіндегі шексіздік мағынасын білдіретін киіз үйдің құрылымынан көрінеді [2].

Осыған орай, халықтық географиялық терминдер мен топонимдік атаулар кез келген аймақтың физика-географиялық ерекшеліктерін дəл, айнытпай бере алады деп түсінуге болады. Жалпы, географиялық атаулардың жергілікті жер ерекшеліктерін дəл бейнелеген жағдайда ғана өміршең келетінін ғалымдар да көрсетеді. Қарабалық — Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы елді мекен. Б.Бектасованың пайымдауынша, Қыпшақтардың бір атасы Тобылдың етек жағындағы, Ой өзені жазығы Арақарағай орманының құнарлы жерін мекен еткен, сол мекен Қарабалық аталған. Атаудың екінші сыңары — «Балық» сөзі «балшық», «батпақ» деген мағынаны білдіреді. Ертеректе тұрғындар Қарабалшық деп атап, сөз арасындағы ш түсіп қалғандықтан, Қарабалық болып қалыптасқан [3; 35]. Т. Жанұзақов атаудың бірінші сыңарындағы қара сөзі түр-түстен гөрі «үлкен, ірі, зор» мəнíне ие де, балық «қала» мəнíндегí көне түркі сөзі деп есептейді [4; 107].

Тілдік формада берілген дүние туралы білімдердің жиынтығы түрлі тілдік концепцияларда бірде «ғаламның тілдік көрінісі», бірде «ғаламның тілдік моделі», бірде «ғаламның тілдік бейнесі», бірде «тіл аралық ғалам» деп көрсетіліп жүр. Егер ғаламның тілдік бейнесі түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерде ғаламның ұлттық бейнесін көрсетсе, онда ономастикалық деңгейдегі жалқы есімдер ғаламның ұлттық, тілдік бейнесінің фрагменті болып табылады да, ғаламның ономастикалық ұлттық бейнесін құрай алады.

Осыған орай, қазақ ономастикасының ұлттық болмыс концептілерін жасауға қатысты тіл мен таным үдерістерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді деуге болады. Ғаламның тілдік бейнесі, ұлттық болмысы əр этноста әртүрлі болуы этностың өмір сүру дағдысымен, жинақталған тәжірибесімен, білімімен өзектесіп жатады. Өйткені тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен байланысында ғана емес, адамның өмірден көрген-білгені, көңілге түйген білімінің негізі болып табылады. Сол себепті оның тілдік бейнесі, ұлттық рухани болмысы əр халықта әртүрлі. Б.М. Тілеубердиевтің пайымдауынша, мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы үшін топонимдер кешені əрбíр тұрғынның зердесінде сақталған ерекше бір картаны елестетеді. Ономастика кешеніне кіретін географиялық атаулардың бірін еске салғанда, аталған географиялық нысанның «ой картасын» бірден көз алдына келтіре білген. Егер мал «Ұзынбұлақтың басында жайылып жатыр» деген хабар берілсе, бұл хабарды қабылдаушы Бесжал тауының оңтүстігіне қарай Қаратас жарының басындағы Кеңсай жырасының солтүстігінде жайылып жатқан малды «ой картасында» елестете білген. Егер мал жайылып жатқан жерді дəлíрек елестету керек болса, онда аталған нысанның маңында орналасқан өзіндік белгі қызметін атқаратын ұлттық болмысты бейнелейтін қосымша топонимдер аталған [5; 25, 26] дейтін тұжырымын Қ. Жұмаділовтің шығармасынан алынған мына үзінді толықтыра түседі:

... Сонау оңтүстікте, аспан мен жердің астасқан тұсында, көгілдір пердедей мұнартып, Майлы-Жайыр таулары көлбеп жатыр. Төңірек кеугім тартқан сайын шығыс жақтағы Орқашар биіктері де аласарып, теңізге батқан кемедей қарауытып шөгіп барады. Сол Орқашартауынан басталып, Қаракемерді белдеулеп ағатын Еміл өзені бұл жерден қазір көрінбейді. Ал қыста бүркіт салып жүріп, Тарбағатайдың биігіне шықсаңыз, Емілдің мұзы кемер белбеудей созылып, жарқырап жатады. Сондай бір сəтте Қанағат осынау Құлыстай деп аталатын қазан шұңқыр кең өлкені қазақы ердің қапталына ұқсатушы еді. Тарбағатай тауы ердің алдыңғы қасы болғанда, Майлы- Жайыр сілемдері ердің артқы қасындай тəйпиып жатыр. Ал ортадағы Еміл дариясы көлденең саған күміс пыстан іспетті. Таяудағы Арқарлы жазығының үстінен будақ-будақ шаң көрінеді... Мұндағы кейіпкердің «ой картасын» түзу тірегі — Майлы-Жайыр таулары, өйткені оның көлемі аспан мен жердің арасын алып жатыр. Күннің батуына орай, осы «ой картасын» түзетін қалған нысандар бірінен соң бірі тізбектеліп кейіпкер көңілінде айрықша бейнеге айналады. Ол бейнеде халықтың ұлттық таным əлемí көрініс береді, кейіпкер оған өзіндік бояуын да қосып, суретін салып тұр. Ол сурет те ұлттық ерекшелікке, ұлттық танымға негізделген.

Бұдан қазақ халқының ұлттық рухани болмысын бейнелейтін ономастиканың өмірде маңызды орын алып, олардың шексіз дала алқабы мен шөлді жайылымдарда көші-қон кезінде белгілі қызмет атқарғанын байқау қиын емес. Ономастикалық атаулар жүйесінде этнос пен табиғат байланысын бейнелейтін сөздердің көп болуын тіл иесінің топонимикалық нысандарды «көзбен шолуға» негізделген қабілетімен, қазақтардың тұрмыс-салтымен, этномəдени шаруашылық түрінің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты түсіндіруге болады. Тіл иесінің ғалам туралы білімдердің жиынтығын, тілдің жеке бірліктерінде нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық тарихи-мəдени жəне əлеуметтíк тəжíрибесí ретінде елестетуге болады [6]. Адамдардың қандай да бір лингвомəдени қауымдастығының құнды тəжíрибесí, ғаламды тануы мен түсінуі тілде жалпы есімдер арқылы ғана емес, сондай-ақ жалқы есімдер арқылы да беріледі.

ЗерттеуДің Деректері мен әДістері

Жалқы есімдер мздениеттің басты концептілерін нақты көрсете отырып, айқын түрдегі кумулятивтік функцияға ие болады. Жалқы есімдер онимдер арқылы тілдік таңбаларға, тілдік бірліктерге айналып, ғаламның ономастикалық моделін, кескін-келбетін жасай алады. Ғаламның ономастикалық моделі немесе бейнесі адамның ғалам туралы түсініктерін жəне ғаламды тану қасиеттерін бейнелейді де, олар да антропоөзекті қасиетке ие болады.

Ұлттық дүниетанымды, мəдени-тарихи əлеуметтíк құндылықтарды түсіну үшін жалқы есімдердің антропоним, топоним, зооним, этноним т.б. түрлі категорияларына сүйену арқылы антропонимиялық, топонимиялық, этнонимиялық, ғаламның басқа да бейнелері құрылады. Ғаламның антропонимиялық бейнесі дегенді қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен лайпалардың саяси, экономикалык жəне мəдени бірлеслігі, əл-аукалы, хал-жайы, ліршілік лұрмысы жайындағы акпараллы алу, оны кайла өңдеп халыкка беру деп лүсіну керек. Ал, ғаламның лопонимиялык бейнесі адам өмір сүріп, ліршілік елкен шаруашылығы мен ланымдык кызмелі іске асалын географиялык орла луралы ойлау, сөйлеу акпаралын бекіледі. Топонимдік алаулар мазмұнындағы ұлллык мəдени акпараллы ланып білу үшін лингвисликалык лалдау əдíслерí колданылады, оның ең бір лиімді жолы элимологиялык лалдау болып лабылады, сонымен калар, семанликалык, лингвомəдениланымдык лалдаулар аркылы элномəдени мағынаны ланып, лүсінуге кол желкізуге болалыны аныклалды.

Нəтижелер мен олардың талқылануы

Жер-су атауларының қалыптасу факторлары.

Қазіргі Қазакслан аумағы Орла Азиямен калар ежелден-ак əлемнщ Шығысы мен Балысын жалғаслыралын көпір кызмелін алкарғаны белгілі. Аймаклы шөлдер мен суармалы аудандар, лаулар мен ормандар, шелсіз-шексіз жазык далалы кеңісліклер кұрайды. Осыған орай, бұл аймакла олырыкшы жəне көшпелі мəдениел үйлескен күрделі мəдени-шаруашылык кешен калыпласлы [7; 138].

Топонимдердің пайда болып калыпласуына көплеген жағдайлар, факлорлар ыкпал еледі. Жер-су алауларының калыпласуы да жеңіл-желпі мəселеге жалпайды. Оны лопонимдердің ліл жүйесіндегі орны, лексикалык мағынаның бар-жоғы жəне лопонимдер семанликасына калыслы ғалымдардың көзкарасынан-ак пайымдауға болады. Топонимдердің пайда болуына тарихи жағдайлар [4] мен географиялық орта əсер еледі жəне алау географиялык нысанның өзімен лікелей байланыслы [8], географиялык алау — коғамдык кұбылыс [9], алаудың пайда болуына географиялык нысанның айрыңша белгісі əсер еледі [10] дейлін, сонымен калар, əлеумеллíк факлордың желекшілік кызмелін негізге алалын [11] пікірлер де кездеседі. Осы алалған жəне баска да пікірлерге сүйене олырып, К.Д. Қаймулдинова лөмендегідей лүйін жасайды:

біріншіден, лабиғи нысандарға алау беруде олардың айрыкша белгілері ескерілген, (М., Аклау, Қаралау — лауды кұрайлын жыныслар лүсі; Терісаккан, Тенлек — судың ағысы л.б.);

екіншіден, лабиғи нысандардың шаруашылык маңызы лұрғысынан бағалануы, бұл баға алауларда көрініс лабады (Жаманлұз, Сорбұлак, Жаксылау л.б., алау берудегі белгі нысандардың шаруашылыкка колайлылығы немесе колайсыздығы);

үшіншіден, географиялык нысандардың сырлкы пішіні, көлемі л.б. (Айрык индикалоры өзендердің ларамдалуын білдіреді; онимдерде «айыр» аныклауышы лаудың пішінін сипаллайды, Айырлау, Айырлөбе л.б.) [7; 135–146]. Бұдан адам баласы сонау ерле замандардан-ак өзінің ліршілік орласының кыр-сырын білуге, оны игеріп керегіне жаралуға ұмлылғаны көрінеді. Осы айрықша белгілерге алау кажеллілігін луғызалын себеплердің сəйкес келуі аркылы топонимдік атау пайда болады.

Сөйліп, жер-су алаулары пайда болуының: тарихи, табиғи-географиялық, әлеуметтік, экономикалық факлорлары сөз болып жүр [7; 156–179]. Жер-су алауларының пайда болу себебін бұлайша бөлу шарллы деуге болады, өйлкені бұл факлорлар — бірінен-бірін бөлуге келмейлін лұлас жүйе. Осы жүйе лабиғи-географиялык негізге сүйенеді, халык өзі ліршілік елелін кеңісліклі зерделеп, шаруашылығын соған сəйкес ұйымдаслырады. Кез келген жалкы есім халыклың күн көрісіне байланыслы өмірге деген кажелліліклен луған. Қазак лопонимдері казак элносы мекен елкен аймаклағы әрлүрлі факлорлардың əсерíмен калыпласкан. Адам ланымының деңгейі алаулардан көрінеді. Қазак халкы да белгілі нысанның лұрмыс-ліршілігіне колайлы, лиімді болуына карай бағалап, оның негізгі белгілерін аныклап барып, соны ланылалын алаумен алаған. Мұндай халыклык лерминдер каларына: боз, ащы, тұщы, сор, жақсы, жаман, тұз, саз, томар, құм л.б. лолып жалкан алауларды жалкызуға бұлады, бұлардың əркайсысы сол жердің айрыкша сипал, белгісінен хабар беріп лұр. Құрамында осындай сөздер бар лопонимдер əр аймакла кедеседі. Мысалы: Жаманбұлақ, Жаманкөл, Жаманқұм, Жаманқара, Жаманқұлақ, Жаманшұбар, Жамантұз л.б. алауларының бірінші сыңарындағы «жаман» сөзі көп жағдайда «нашар, кішігірім, сазды аласа, жалаған» мағыналарын білдіреді [4; 89]. Ал Жаманшұбар алауы кұрамындағы шұбар сөзі де лопонимдер кұрамында жиі кездеседі. Т. Жанұзаков оның моңғол лілінде «саз жер» мағынасында колданылалынын келліреді, казак лілінде «лал, кайың, лерек, шелен» лəрíздí ағашлар аралас өскен лоғай, жер» мағынасын да білдіреді. Белгілі элнограф А. Сейдімбеков: «бұл жер малдың денесін лырнап, койдың жүнін іліп калалын жағымсыздау өсімдік күндіқарағанның селдіреп, сирек өсуімен байланыслы» алалған деп есептейді. Т. Жанұзақов айтылғандарды негізге ала отырып, Жаманшұбар атауының «қайың, терегі аралас шағын шоқ тоғай» не «бір тұста шөбі қалың болып келіп, əнтек сорланып, ақтаңданып жататын жазық» деп қарайды [4; 77].

Жер-су аттары ғасырлар бойы жасалып, лингвомəдени сипатқа ие болады, географиялық атаулар да тілдегі маĸал-мəтел, тұрақты тіркестер тəрíздí даяр күйінде жеткен бірліктер. Қоғамда топоним жасауға деген қажеттілік болғанымен, халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған атаулары өзгертуге келе бермейді, өйткені ол атауларда сол жердің айрықша белгілері жайында ұлттық дүниетанымдық ақпарат сақталады. Б. Бияровтың еңбегінде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Ошағанды тарихи атауын туралы айтылады, оны бір кездері өзгертіп Березовка атаған, кейін «қазақшалау» науқанында «Қайыңдыға» ауыстырған. Халық ол жерді «Ошағанды» деп бекер атамаған, ол «малға жайсыз, ошағаны көп» деген семантикаға ие, ошаған — «тікен» екені белгілі, ол мал үшін азық болмайды, жаралайды, жүніне, терісіне де зиян. Ошаған — сол жердің маңызды белгісі, көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халық үшін ескерту беріп тұратын атау ретінде қалыптасқан. Ал Бөрілі топонимі «бұл жер — бөрі жасырынатын бұта қарағаны мол, соқпалы жер» дегенді аңғартса, Құлынембес — «оты (құлынембес шөбі), суы мол жер» дегенді білдіреді, құлынембес — шөптің аты, жайылып тойған құлын енесін ембейді» деген ақпарат беріп тұрғаны айқын [12; 5, 6].

Қай халық болса да, өзі өмір сүретін кеңістігін сол жердің ерекшелігіне қарай таңбалайды, ал көшпелі өмір сүру салтын ұзақ сақтаған қазақ халқы үшін жер-су атауы олардың жадында сақтаулы тұрған географиялық картасының қызметін атқарған. Сол себепті əр атау сол жердің бедерін, қадір- қасиетін, айрықша белгілерін ұлттық дүниетаным, психология тұрғысынан аса дəлдíкпен белгілеп отырған. Егер атау сол жердің ерекше белгілерін білдірмесе, көш адасады, мал арып-ашығып, шаруашылық күйзеліске ұшырайды. Халықтың дүниетаным нəтижесíнде пайда болған атаулар этнос өмірінің кейінгі кезеңдерінде де қызмет етеді, ғылымның басқа салаларына ақпарат береді. Мысалы, Алакөл ауданында Жыланды ойконимі бар, халық атауды сол жерде жылан көп болғандықтан қойған, ол да ескерту. Халық дүниетанымында ешбір тіршілік иесінің ұясын, ордасын бұзуға болмайды, жыланның ордасына жақын мекен салмайды. Академик Қаныш Сəтбаев Жезқазған өңіріндегі Жыланды атауы туралы: «Бұл жерде түсті металл бар екен, өйткені жыландар түсті металл бар жерді мекендейді, себебі қыстыгүні ол жерлер жылы, жаздың ыстық аптаптарында салқын болады» деп жазған екен.

Қазақтың халқының Дәстүрлі шаруашылығының негізі — төрт түлік.

Жер-суға ат қойып таңбалауда этномəдени фактор мен географиялық фактор да тығыз байланысты, себебі халықтың танымын бейнелейтін негізгі кəсíбí, тұрмыс-тіршілігі, сал-достүр, əдет- ғұрпы белгілі географиялық ортада қалыптасады. Географиялық ортаның ерекшеліктері шаруашылық түрін таңдауда шешуші ықпал етеді. Қазақстанның ұлан-байтақ аймағында қоршаған ортаның ерекшеліктеріне сай геоэкологиялық, ландшафтық-климаттық зоналарға байланысты төрт түліктің белгілі түрлері басым түрде өсіріледі. Шөл, шөлейт жерлерде түйе малы, ал Сарыарқаның бетегелі қауданды боз оттарында, негізінен, жылқы түлігі өсірілген. Ащы шөптен түйенің ең тəуíр көретіні сасыр мен жантақ [13; 73]. С. Мұқанов қой мен ешкі де көшпелілердің көне заманнан малданған түлігінің бірі болғанын атап өтеді. Қойдың азықтық, киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық, сонымен қатар, көшіп-қону кезінде қой малы ұзақ жолға шыдамды келеді. Қойдың көп өсірілген аймақтары: Талдықорған, Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстары саналады [13; 76, 77].

Маусымдық жайылымдарды пайдаланумен байланысты көшпенді сипат алған мал бағу əрекетí қазақтардың қоршаған ортаны терең тануына бағыт сілтеді, жол ашты. Жазық дала мен аспан аясын дөңгелек пішінде қабылдаудың төркіні ежелгі сақ көшпенділерінің дүниетанымымен байланысты болатын. Қазақ дүниетанымында кеңістік бейнесі — дөңгелек, шеңбер. Мал қамымен жайлау- күздеу-қыстау-көктеу маусымдарында өзін қоршаған кеңістікті бір айналып шығу арқылы əлемнщ шеңбер бейнесін көре білді. Табиғи нысандардың кеңістікте орналасуы, пішіні т.б. белгілері осы үлгіде номинацияланды. Бұл қатарда төрт түлікке қатысты атаулар алдыңғы қатарда тұрады деуге болады [14].

Мал шаруашылығын қалыптастырып дамытуда табиғи су көздерін тауып, оларды пайдалану маңызды болған, олардың атауларында судың сапасы, тереңдігі, таяздығы т.б. суға қатысты ақпарат сақталады. Мысалы, Суықбастау, Қотырбұлақ, Жалақсу, Күмісбұлақ, Айнакөл, Алакөл, Байбұлақ, Ащысу, Бестоған, Қаратоған, Күбіқұдық, Қосқұдық, Тасқұдық, Қасқабұлақ.

Қыстауларда малға қора салынған, сонымен қатар, табиғи нысандарды да пайдаланған: Тасқора, Шымқора, Үңгіртас, Дарбазақұм т. б.

Географиялық нысандардың ерекше белгілеріне ұқсату арқылы метафоралы атаулар жасалған: Босаға, Азутас, Бөктер, Демікпе, Жайпақ, Жалаңашкөл, Жамбас, Күркілдек, Тентек т.б.

Географиялық нысан мазмұнында аймақтық белгінің мол екенін танытатын ақпарат болады: Бүркітті, Бұлақты, Доланалы, Ерменсай, Жыланды, Жыңғылды, Биесыймас (қамыстың қалыңдығы)

Көшпелі тұрмысқа байланысты қойылған атаулар: Есекартқан (асу), Үйсінасқан, Жүзасу, Үйгентас, Үңгіртас т. б.

Ұлы Жібек жолы кезеңіндегі мал шарушылығы.

Қазақ халқының мəдени мұрасын зерттеген С Мұқанов қазақ үшін төрт түліктің ішінде жылқы малының аса қадірлі болғанын, əсíресе жаугершілік заман талабына сай аса құнды мал саналғанын айтады. Қазақ арасында жылқылы байлар көп болған. Түйе малы жүк көлігі ретінде өсірілген. «Отыз соқыр» түйе табынға иелік еткен ауқатты адамдар болған. «Соқыр» өлшем бірлігі санынан жаңылмас үшін əрбíр жүзінші түйенің сол жақ көзін шығарып, сол арқылы санайтын болған, сонда «Отыз соқыр» үш мың түйе дегенді білдіреді.

Философтардың айтуынша, төрт түлік шаруашылық қажеттілігіне қарай еңбек құралы, нысан, жылжымайтын капитал тəрíздí қызмет атқарған. Ұлы Жібек жолы кезінде Қазақ даласының оңтүстік аймағы арқылы жүретін саудагерлер шөлге, алыс жолға төзімді түйе жануарына, күшті жылқы түлігіне мұқтаждық көрген. Оны бере алатын Дала көшпелілері еді. Бұл қажеттілік мал тұқымын жақсартуға деген талапты ұлғайтады. Сөйтіп, мал көшпелілер үшін еңбек құралына, көшпелі өндіріс құралына айналады. Алайда көшпелілер үшін мұндай қызықтырушы фактор ұдайы бола бермейді. Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырып тұрған Ұлы Жібек (ХІІІ ғасыр) жолының бұзылуымен бірге көшпелі тұрмыс өніміне деген қажеттілік те азайды деп есептеледі [15; 36–38].

  1. Қорытынды

Адамзат қоғамы ғасырлар бойы қалыптасқан топонимдердің күрделі əлемíнде өмір сүреді. Адам географиялық атауларды күнделікті өмірінде жиі қолданады: ақпарат құралдарынан естиді, оқиды; өмірдегі маңызды оқиғалар, маңызды ақпараттар географиялық атаулармен байланысты болады. Қазіргі өркениетті географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес, топоним қоғам дамуының ажырамас бөлігіне айналған. Алайда күнделікті қолданып жүрген атауларымыздың мағынасы мен шығу тегін біле бермейміз. Ал топонимия кез келген аймақтың, елдің тарихы мен географиясының, халқының айнасы деуге болады. Сол себепті топонимдердің мағынасын ашып, олардың пайда болу, өзгеру сипатын зерттеп түсіну тек топонимика үшін ғана емес, халық тарихы үшін де қажет. Кез келген атау белгілі уақытта, белгілі себеппен, белгілі кеңістікте пайда болады.

Кез келген этностың кеңістікті игеруі оның топонимиясында көрініс табады. Этнос мəдениетí оның кеңістікті қалай көріп, танып игеруіне қарай қалыптасады деуге болады. Этногенез тұрғысынан алғанда, əр халықтың кеңістікті қабылдауы, оның рухани мəдениетте бейнеленуі əртурлí болады. Адам қоршаған ортадағы белгілі нысандарды, олардың ерекшеліктерін өзіндік түсініктер жүйесі көмегімен дəл бейнелеуі арқылы топонимдер әлемінің тілДік үлгісін құрайды. Оны әлемнің топонимиялық бейнесі деп атайды. Өлемнің топонимиялық бейнесі, ономастикалық бейнесі, ономастиканың ұлттық бейнесі ұғымдары бар, бұлар əр этностың ұлттық-мэдени ерекшелігін танытады. Топонимдік кеңістік — кез келген ұлттың ономастикалық кеңістігінің құрамдас бөлігі. Ономастикалық кеңістік өз кезегінде ұлттық мəдени кеңістік жəне мəдени ландшафт аясын қамтиды.

 

Өдебиеттер тізімі

  1. Конкашбаев Г.К. Казахские народные географические термины: автореф. дис. ... канд. филол. наук. / Г.К. Конкашбаев. — Алматы,1949. — 25 с.
  2. Атабаева М. Отражение традиционной казахской культуры в языке / М. Атабаева, А. Богенбаева, Г. Еркегалиева, М. Бисенбаева // OPCION. — Ч. 35. — № 88. — С. 112–127.
  3. Бектасова Б. К. Краткий топонимический словарь Костанайской области / Б. К. Бектасова. — Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 1996. — 237 с.
  4. Жанұзақов Т. Қазақ ономастикасы / Т. Жанұзақов. — Алматы: Дайк-Пресс, 2007. — 524 б.
  5. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері / Б.М. Тілеубердиев. — Алматы: Арыс, 2006. — 280 б.
  6. Бисенбаева М. Историко-когнитивный пласт этнокультурной лексики (на примере казахского языка) / М. Бисенбаева, З. Османова, Г. Тулегенова, М. Атабаева // OPCION. — Ч. 34. — № 15. — С. 375–397.
  7. Қаймульдинова К.Д. Топонимика / К.Д. Қаймульдинова. — Алматы: Дəуıр, 2011. — 336 б.
  8. Мурзаев Э .М . Словарь народных географических терминов / Э .М. Мурзаев. — М.: Наука, 1984. — 653 с.
  9. Никонов В.А. Научное значение микротопонимии / В.А. Никонов // Микротопонимия. — М.: Изд-во МГУ, 1967. — С. 13–15.
  10. Жучкеевич В.А. Общая топонимика / В.А. Жучкеевич. — Минск: Выш. шк., 1968. — 184 с.
  11. Суперанская А.В. Общая теория имени собственного / А.В. Суперанская. — М.: URSS, 2007. — 366 с.
  12. Бияров Б. Қазақ топонимдерінің типтік үлгілері / Б. Бияров. — Астана: Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-эдістемелік орталығы, 2013. — 432 б.
  13. Мұқанов С. Халық мұрасы / С. Мұқанов. — Алматы: Қазақстан,1974. — 236 б.
  14. Мурзинова А. Национальные и культурные особенности стереотипных прецедентных имен / А. Мурзинова, А. Тымболова, К. Елшибаева, Г. Абдирасилова // Xlinguae. — Ч. 11. — № 2. — С. 703–717.
  15. Кішібеков Д.К. Истоки ментальности казахов / Д.К. Кішібеков. — Алматы: Дайк-Пресс, 2006. — 204 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.