Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚАЗТЕСТ: тыңдалым тапсырмалары — талап жəне тәжірибе

Мақалада тілдік білімді бағалаудың отандық жүйесінің тыңдалым блогы тапсырмалары функционалдық тұрғыда қарастырылған. ҚАЗТЕСТ республика тұрғындары мен Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін халықаралық тестілеу жүйелері негізінде құрылған. Бұл бағалау жүйесі сөйлеу әрекетінің төрт түрі — айтылым, тыңдалым, оқылым жəне жазылым — бойынша тест тапсырмаларын қамтиды. Авторлар тест тапсырмалары тілдік білімді тек бағалау ғана емес, жетілдіру қызметін де атқарады, яғни тілдік білімді бағалаушы үшін ғана емес, тіл үйренуші үшін де өзекті екенін атап көрсетеді. Əр блоктағы тест тапсырмаларын дайындауға қойылатын жалпы талаптар болады. Тыңдалым тапсырмаларына таңдалып алынатын аутентті мәтіндер үшін оны түсініп, қабылдау ерекше маңызды. бұл үшін тіл үйренушінің (тестіленушінің) белсенді, рецессивті, әлеуетті сөздік қоры, тілдік жорамалға бейімділігі, жады айрықша рөл атқарады. ҚАЗТЕСТ жүйесі түсіну классификациясының түрлі типтерін ұштастырған. Тыңдалым тапсырмаларының дұрыс түсінілуіне лингвистикалық жəне экстралингвистикалық (психолошялық. əлеуметтíк-мəдени, техникалық) себептер эсер етеді. Авторлар ҚАЗТЕСТ жүйесін талдай келе, оның барлық блогындағы тест тапсырмаларын республикадағы оқу ұйымдары мен мекемелерінің оқыту бағдарламасымен ұштастыру мемлекеттік тілді қолдау, оның қолдану аясын кеңіту тетіктерінің бірі бола алады деген қорытынды жасайды.

Әлемдік өркениетте эр халық өзінің ана тілін сақтауды, оны коммуникативтік тұрғыда күшті тілдердің қатарына қосуды қалайды жəне осы мақсатта тіл саясатын жүргізеді. Мемлекеттік деңгейде қазақ тілін сақтау, қолдау, орнықтыру, оның қолданылу аясын барынша кеңейту мақсатында жасалып жатқан іс-шаралардың бірі — ҚАЗТЕСТ жүйесі. ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне Қазақстан Республикасы аумағында ортүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ретінде 2006 жылы Ұлттық тестілеу орталығының базасында құрылған [1].

Жалпы, тілді білу деңгейін бағалауға арналған тестілеу — плюрицентрлік тілдерді əлемнщ əр жерінде меңгерудің тəуелсíз əрí қолайлы бағалау тәсілі ретінде ұзақ уақыттан бері белгілі жəне əлемнщ көптеген елдерінде кеңінен қолданылады.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тілдік білімді бағалау азаматтардың тұрғылықты жеріне, бағалау уақытына, тілді үйренудің нысаны мен формасына тəуелсíз қазақ тілінен коммуникативтік қабілеті мен біліктілік дəрежесíн айқындайтын объективті бақылау болып табылады.

ҚАЗТЕСТ — отандастарымызбен қатар, Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.

ҚАЗТЕСТ жүйесі тілдік білімді бағалаудың халықаралық, əлемнщ бар түкпірінде кеңінен танымал TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, T0MER, ТРКИ жəне т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы» мақұлданды. Тұжырымдамада ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту бағыттары анықталды. Тұжырымдама негізінде ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кəсíпорынында арнайы құрылымдық бөлімше ретінде жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың қаңтарынан бастап енгізілген Ұлттық стандарттарында (СТ РК 1926-2015, СТ РК 1928-2015, СТ РК 1927-2015, СТ РК 1925-2015, СТ РК 1929-2015) қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері сөйлеу əрекетíнщ төрт түрі бойынша нақтыланған, яғни тест тапсырмалары тыңдалым, лексика-грамматикалық, оқылым жəне жазылым блоктарынан тұрады.

Алалған Сландарл казак лілін меңгеруді жəне коммуникаливлік лілдік кұзырелліліклерді калыпласлыруды аныклау мен бағалау лалапларын белгілейді.

Осы Сландарл ережелерін Қазакслан Республикасында азамаллардың казак лілін меңгеру бойынша коммуникаливлік лілдік кұзырелліліклерін жəне казак лілін білу деңгейін аныклау мен бағалау үшін ліл үйренуші, лілді үйрелуші-окылушы мекемелер мен ұйымдардың, ведомслволардың меншік нысандарына, ұйымдык-кұкыклык нысандарына, казак лілін окылу лүрлері мен әдіслемелеріне қарамаслан қолдануға, қадағалауға жəне сақлауға мінделлі.

Жалпы, ліл үйрену барысында лесл лапсырмалары лілдік кұзірелліліклі лек бағалау кұралы ғана емес, лілдік білімді желілдіру үшін де колданылады, яғни лесл лапсырмалары ліл үйренуші біліміндегі кемшін лұсларды наклылап, оларды пысыклауға ыкпал еледі: «... Тіл үйренуші лесл лапсыруға дайындалудан, оны лапсырудан кейінгі нәлижесін лалқылаудан лек оның пайдасын ғана көреді. Тесл окушының, слуденллің, ліл үйренуші көпшіліклің лілдің кай жағына көңіл бөлуі, нені окып, нені желілдіруі кереклігін раслайды» [2;12].

Тіл үйренуші үшін де, ліл үйрену деңгейін бағалаушы үшін де сөйлеу әрекелінің барлық лүрі маңызды, сондыклан ҚАЗТЕСТ жүйесінің əр блогындағы лесл лапсырмаларының дұрыс дайындалуы да айрыкша жауапкершіліклі лалап еледі.

Тыңдалым лүрлі липлегі жəне жанрдағы әрқилы мәліндерді лыңдау арқылы қабылдауға бағыллалған. Мұндай мәліндердің қаларына лілді меңгеру деңгейіне байланыслы көлемі, лақырыбы жағынан сан алуан диалог, монолог, сипаллау, әңгімелеу мәліндері, лүрлі нұсқаулар, жаңалықлар, сұхбал, кейде полилог ле, жалады.

Тыңдалым мәліндерін іріклеу лөмендегі ұсланымдарға негізделеді:

  • мәліннің ауленллілігі;
  • мәліндерде қамлылған лингвомəдени ақпар мен дереклер мәдениеларалық қалысым жағдайына пайдалануға мүмкіндік луғызалындай болуы лиіс;
  • мәлін мазмұны ліл үйренушілер үшін қызықлы әрі өзеклі болуы қажел;
  • лілдесімге шығуды камламасыз еле алалындай мазмұнға кұрылуы лиіс;
  • мәлінде ұсынылған лілдік малериалдар мен оның мазмұны лесл лапсырушының деңгейіне сай болуы, яғни бейімделуі кажел.

Кез келген леслі лапсыру үшін аудиомәлінді қабылдау мен лүсіну аса маңызды. Тыңдалған мәлінді лүсіну деңгейлері луралы ғылыми айналымда лөмендегі липология кеңінен белгілі:

  1. Сөз деңгейі;
  2. Сөйлем деңгейі;
  3. Күрделі синлаксислік лұласлык деңгейі;
  4. Мәлін деңгейі.

Бұл деңгейлердің негізгі айырмашылығы лүсінудің лереңдігінен, лолықлығынан жəне дәлдігінен, сондай-ак лыңдаушылардың ойын желкізу күрделілігінен байкалады.

Сөз деңгейіндегі түсіну ліл үйренушінің немесе лесл лапсырушы лыңдаушының өнімді (аклив), рецепливлі (пассив) жəне əлеуеллí (поленциалды) сөздік қорына байланыслы болады.

Өнімді сөздік кор — күнделіклі жағдайда ауызекі сөйлеуде колданылалын коммуникаливлік кұндылығы жоғары лексикалык бірліклер. Аклив сөздік кор сөз колдану жиілігі, ларалуы, оку бағдарламасындағы лакырыпларды камлуы, ліркесімділігі, кұндылығы, слильдік шеклеу жоклығы, сөз жасау кабілелі сияклы кағидаллар бойынша іріклеледі. Мəселен, жарайды жəне макұл сөздерін алайык. Тесл лапсырмасы үшін алғашкы сөздің коммуникаливлік кұндылығы əлдекайда жоғары.

Рецепливлі (пассив) сөздік кор — ліл үйренушіге окылым жəне жазылым барысынан ланыс, лүсініклі сөздер. Бұл лексика көбіне логикалык ұйымдасуға негізделеді, яғни жекелеген сөздердің анлонимі, синонимі немесе омонимі сияклы лоплар аркылы лаңдалып алынады. Бұл орайда да сөздің кайлалану, колдану жиілігіне назар аударылуы керек, мəселен, тез — жылдам, шұғыл синонимдік каларындағы кай бірлік жиі жұмсалалыны негізге алынады. Бұл орайда полисемиялы сөзге де назар аударған жөн. Кейде А1, А2 деңгейінен немесе баслауыш сыныплан ланыс лексикалык минимум бірлігінің баска мағынасын жаңсак өзеклендірелін жағдайлар да болуы мүмкін. Мысалы, окылушы лəжíрибесíнде «Денис, қой (перестань)» деген репликасындағы қой сөзінің өзгелілді лыңдаушыларға ланыс овца, баран мағынасын өзеклендірген жағдай кездескені де еслен шыкпауы лиіс.

Әлеуеллі (поленциалды) сөздік қор дегеніміз лыңдаушының сөздік қорында болмаса да, мағынасын сөзжасам элеменллеріне, мəнмəлíнге сүйене олырып болжай немесе нақлылай алалын лексикалык бірліклер. Мұндай бірліклердің каларына əр алуан күрделі сөздер (конак — конакасы, қонақүй; жол — жолақы), туынды сөздер (оқу — оқушы, оқулық; кітап — кітапхана, мейман — мейманхана), бұрыннан таныс сөздердің жаңа мағыналары (ата, ана — ата-ана; əке, шеше — əке- шеше; қарындас), халықаралық қолданыстағы сөздер жатады. Кейде мұндай сөздер мағынасын тыңдаушы ана тіліндегі сөзге ұқсастырып та анықтауы мүмкін. Әлеуетті сөздердің қатарына тіл үйренуші мағынасын өз бетінше тауып, нақтылап, түсіне алатын сөздер жатады. Кейбір жағдайда тіл үйренуші жекелеген туынды немесе күрделі сөздің мағынасын түсіне алмайды, сондықтан әлеуетті сөздік қорды танып, қолдану үшін тілдік жорамал керек.

Ғылыми айналымда тілдік жорамалдың үш түрі көрсетіледі: тілішілік; тіларалық жəне тілден тыс [3; 4].

Тілішілік жорамал сөздің грамматикалық тұлғасын, оның сөйлемдегі қызметін аңғарудан, көп мағыналы сөздердің өзіне таныс емес мағынасын түсінуден байқалады.

Тіларалық жорамал калькаға, интернационализмдерге негізделеді.

Тілден тыс жорамал микро- жəне макроконтекстке байланысты туындайды, яғни тыңдалып отырған мәтіннің өзі немесе тыңдаушы немесе тіл үйренушінің жалпы дамуы, оның лингво-мəдени құзіреті, нақты жағдайды түсінуі немесе пәнді білуі сияқты экстралингвистикалық факторларға да байланысты.

Жалпы алғанда, әлеуетті сөздік қорды ешкім жаттамайды, ол адамның ұзақ мерзімді жадынан түрлі лингвистикалық заңдылықтарға сүйене отырып алынады.

Сөйлем ДеңгейінДегі түсіну мәтін құрамындағы сөйлемдердің синтаксистік сипатына байланысты. Әсіресе, құрмалас сөйлемдердің логика-грамматикалық құрылымын түсіну оңай емес, бұл қиындық тыңдаушының тыңдау барысында сөйлемді бір мезгілде толығымен тыңдап-қабылдауы мүмкін болмағандықтан, оның бірден жекелеген элементтерге назар аударуынан туындайды. Ал мұның өзі сөйлемді толық түсінуге бөгет болады. Бұл орайда америкалық лингвист В. Ингвенің «тереңдік гипотезасын» есте ұстаған дұрыс. Өткен ғасырдың 50-жылдарының аяғында адамның бір қарағаннан 7 түрлі санды, затты, сөзді есте сақтап қала алатынын есептеп шығарған, оны «адамның тікелей жады, есі» деп атаған америкалық психологтердің пікіріне сүйене отырып, Ингве ағылшын тіліне қатысты өз гипотезасын ұсынады. Оның пікірі бойынша, кез келген ақпардың сандық параметрі (көлемі) жетіден аспау ол ақпардың бірден есте қалуына ықпал етеді. Ол өз болжамын «есте сақтаудың тереңдік гипотезасы» [5] деп атады. Кейінгі ғалымдар бұған сəл өзгеріс енгізіп, 7+2, яғни 9 сөз көлеміндегі ақпарат бірден есте сақталады деген тұжырым жасады. Қазіргі дәстүрлі қағаз нұсқадағы мәтінді оқу азайып, электронды құралдарға иек артып, клиптік сана бел алып тұрған дәуірде бұл гипотезаның жүзеге асуы да қиындау екенін айту керек.

Күрделі синтаксистік тұтастық деңгейіндегі түсіну оны жеке-жеке бөліктерге бөліп, олардың өзара байланысу құралдарына назар аударуын қажет етеді. Тыңдаушы күрделі синтаксистік тұтастықтың тақырыбын (басты мәселесін), айтылған пікірдің басы мен соңын синтаксистік белгілеріне қарап ажырата алуы керек.

Мәтін ДеңгейінДегі түсіну сөйлемдердің өзара байланысын түсінуге, мәтіннің құрылымдық- мағыналық түріне, стиліне, жанрына негізделеді.

ҚАЗТЕСТ жүйесі тіл үйренушінің психологиялық ерекшеліктерін ескеруден туындайтын жіктемесін ұстанады:

  1. тыңдалған мәтіннің жеке бөліктерін (фрагментарлық) түсіну деңгейі;
  2. жалпы (глобалды) түсіну деңгейі;
  3. толық (деталды) түсіну деңгейі;
  4. сыни түсіну деңгейі.

Жалпы (глобалды) түсіну деңгейіне мәтіннің мазмұнын беретін тірек сөздер негіз болатын жалпы тақырыпты түсіну тəн.

Сыни түсіну деңгейі тыңдалып отырған мәтінді бағалаумен, онда берілген ақпаратқа түсіндірме бере алумен, сондай-ақ қабылданған ақпаратты қайта, өз сөзімен туындатумен сипатталады. Бұл орайда тіл үйренушінің беріліп отырған ақпарды сыни бағалауы нақтыланатыны көрінеді. Ал мұның өзі тіл үйренушінің сөйлеу тәжірибесі көп болуын талап етеді.

Сонымен қатар тыңдалым үдерісінде мәтінді түсінуге эсер ететін объективті себептер де бар. Оларды үш топқа бөлуге болады: 1) тыңдалымды өткізу жағдайы, 2) мэтінді оқып отырған адамның өзіндік ерекшеліктері, 3) беріліп отырған материалдың тілдік құрылымы.

Тыңдалымды өткізу жағдайына техникалық мүмкіндіктер (акустиканың нашарлығы, айналадағы шу) мен сөйлеп тұрған тұлғаның жоқтығын жатқызуға болады, яғни сөйлеп тұрған адамды тікелей көріп, тыңдаса, ақпарды түсіну дәрежесі жоғары болады. Бұл тыңдаушының сөйлеп тұрған адамның түрлі кинесикалық, проксемикалық құралдарына байланысты болады.

Екінші топтағы себептер мәтінді оқып отырған адамның дауыс тембрі, дикциясы, сөйлеу қарқыны, тіл мүкістіктері, жас ерекшелігі, акценті арқылы көрінеді. Сонымен қатар бұл топқа таза гендерлік-психологиялық себеп те кіреді, яғни зерттеушілердің пікірінше, адам өзіне тіл үйретушінің дауысына үйренгендіктен, оған басқа жынысты адамдардың сөзін қабылдау қиынға соғады.

Үшінші топтағы қиындықтарға бейтаныс сөздердің, тұрақты тіркестердің, қысқарған сөздердің, терминдердің көптігі, ишараға құрылған сөйлемдер, ауызекі сөйлеуде кездесетін коннотативті құрылымдар, омонимдер, полисемизмдер, интернационализмдер жатады. Ғалымдар диалогтен гөрі монолог, сипаттау мәтінінен гөрі оқиғалы мәтін қабылдауға да, түсінуге де жеңіл деп есептейді. Сондай-ақ сөйлемдердің ұзақтығы да мәтінді түсінуге ықпал етеді, бұл жерде жоғарыда айтылып кеткен Ингве гипотезасын еске алу керек.

Бұлардан басқа тіл үйренушінің мәтінді қабылдауына эсер ететін ерекше бір қиындықтар тобы — оның элеуметтік-лингвистикалық, элеуметтік-мэдени құзыретіне байланысты. Бұл түрлі жағдайларға қатысты тілдік норманы, салт-дэстүрді, тарихи деректерді, басқа халық мэдениетін білмеуден туындайды.

Жалпы алғанда, тыңдалымға мэтін таңдағанда тіл үйренушінің психикалық ерекшеліктері, яғни оның сөйлеуді (дауыстап айтылған сөзді) қабылдауы, назары, жады, тілдік жорамалдау жəне ықтимал жауап табу қабілеті, ішкі сөйлеуінің даму деңгейі ескерілуі тиіс, алайда бұл Қазтест жағдайында мүмкін емесі белгілі, себебі тест тапсырушылар контингенті эртүрлі.

Тыңдалым мэтінін қабылдап, түсіну үшін тіл үйренушінің жадының маңызы ерекше. Психологтар ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді жадты атайды, қысқа мерзімді жад 10 секундқа созылады, яғни осы уақытта ол қабылданған ақпардан ең қажеттісін есте сақтап қалады. Ал оперативті жад — қабылданған ақпарды 10 секундтан артық есте сақтайтын қысқа мерзімді жад. Бұл орайда жоғарыда айтылған тереңдік гипотезасының қысқа мерзімді жадпен байланысты екені түсінікті.

Мэтін түзгенде басты ой оңай анықталатындай, ал қосымша детальдар сонымен ұштасып жататындай болуы керек. Басты ой мэтіннің басында болса, ол 100 %, соңында болса, 70 %, ортасында болса, 40 % түсінікті болады.

Байқалып отырғанындай, ҚАЗТЕСТ тапсырмалары түсінудің түрлі классификацияларын тоғыстырған. Тыңдалым спецификациясында тыңдауға ұсынылатын мэтін көлемі, тақырыбы, мазмұны, қамтылатын лексика-грамматикалық материалдар нақты көрсетілген.

Жоғарыдағы талаптарға қатысты қарапайым деңгейге ұсынылған мына бір диалогті талдап көрейік:

1-диалог

  • Сэлем, Асқар, жұмыс бітсе, үйге бірге қайтайық?
  • Сөйленімнің жалғасын табыңыз.
  1. Иə, солай етейік. Бүгін.
  2. Жоқ, жұмыс ұнамады. Қашан?
  3. Сізбен келісе алмаймын. Жарайды.
  4. Танысқаныма қуаныштымын. Қуаныштымын.

Жағдайға сəйкес болса да, қарапайым деңгей үшін аса сэтті емес, вокатив сөйлем логикалық тұрғыдан қажет емес, яғни екеуі бірге жұмыс істесе, сəлемдесу артық; қысқа болса да, құрмалас сөйлем, етістіктің шартты рай жұрнағын білу бұл деңгейде талап етілмейді. Осы қалпында қалдырса да, бұл тапсырмаға сөз деңгейінде жауап берген элдеқайда ұтымды болар еді.

Базалық деңгейге ұсынылған мына тапсырманы қарастырып көрелік. Спецификация бойынша бұл диалогке мынадай талап қойылады: «Қарапайым деңгейде көрсетілген жағдаяттарға байланысты кеңейтілген диалогтер құрау.

  • эртүрлі жағдаяттардағы эрекеттерді жүзеге асыруға қозғау салу формалары (түрткі болу, өтініш беру, кеңес беру, ұсыныс айту, талап ету, бұйрық беру, рұқсат сұрау);
  • келісу/келіспеу формалары;
  • шақыру түрлері (бейресми, ресми)».
  • Дəурен, терезеге қарашы, қар жауып тұр ма?
  • Жоқ, элі жауған жоқ.
  • Мен ақ қарды ұзақ күттім. Биыл неге қар ерте жаумай жатыр екен?
  • Сəуле, сенің қысты ұнататыныңды білем. Бірақ сен алғашқы қарды ерекше жақсы көресің, иə?
  • Қар жауды ма?
  • Сəуле, қар жауыпты!
  • Мені орнымнан тұрғызшы. Алғашқы қарды өз көзіммен көргім келеді.
  • Алғаш жауған қар неткен əдемí!
  • Иə, біздің бала күнгі арманымыз секілді.
  • Мен балалық шағымда алғаш рет жауған қарға қос алақанымды тосып, көкке қарап, Жаратқаннан тілек тілеп тұратынмын.

Бір ғана диалогке 15 тапсырма берілген. Мəтíндí түсінуді қиындатып тұрған омонимдер (қос, көк) мен лексикалық минимумға енбеген сакралді ұғым атауы. Ой қайталауы, сөйлемдер арасында логикалық байланыс жоқтығы (əлí жауған жоқ — қар жауыпты), базалық деңгей үшін артық ақпарат болып саналатын күрделі теңеу тыңдаушы ойын дұрыс түюге кедергі келтіреді деген пікірдеміз. Əрине, сараптамаға ұсынылған бұл тапсырма мысал үшін келтіріліп отыр, алайда түрлі оқу орталықтарының оқытушылары өз тарапынан, өз оқушыларына тыңдалым тапсырмасын дайындағанда, ескеруі тиіс кемшіліктер екені сөзсіз.

Қорыта айтқанда, ҚАЗТЕСТ жүйесінің əлеуетíн орта жəне жоғары білім жүйесінде қазақ тілін оқыту бағдарламасымен, мазмұнымен сабақтастыру, енгізу, қазақ тілін меңгеру сапасын арттыруға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңітуге, орнықтыруға, ұлттық идентификацияны бекітуге ықпалы зор құрал деп есептеуге болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Qaztest [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбǐ: http://kazakhtest.kz/
  2. Күзекова З.С. ҚАЗАҚ ТІЛІ тестілеу теориясы мен практикасы / З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.Қ. Əбдíрəсíлов. — Алматы: Құс жолы, 2009. — 156 б.
  3. Картон А.С. Роль догадки в процессе пользования языком и в процессе обучения языку / А.С. Картон // Методика преподавания иностранных языков за рубежом. — Вып. II. — 1976. — С. 180–183.
  4. Заболотская А.Р. Языковая догадка и ее формирование у студентов неязыковых специальностей / А.Р. Заболотская, Н.Ю. Мадякина // Казан. лингв. журн. — 2018. — Т. 1. — № 2 (1). — С. 99–109.
  5. Ингве В. Гипотеза глубины / В. Ингве // Новое в зарубежной лингвистике. — М.: Прогресс, 1965. — С. 126–139.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.