Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әбілқасым әз-Замахшаридың өмірі мен шығармашылығын кешенді зерттеудің қажеттілігі

Мақалада авторлар үмытылып немесе ескерілмей жүрген ғылым мен мәдениеттің өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын баяндай отырыɪɪ. Шығыстың бай мүраларын зерделей келе, олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі мен орнын айқындауды мақсат етеді. Соның бірегейі — XI-XII ғасырларда өмір сүріп, әділетсіздіктен үмыт қалып жүрген, бірақ артына түрлі ғылым саласы (теология, лингвистика, логика) мен көркем əдебиет жанрларында (аңыз, байан, қасида) бай мүра қалдырған (50- ден астам шығарма) əз-Замахшари. Мақалада Замахшари жайлы ғалымдар ізденісінің негізінде оның кешенді зерттеу нысаны болмай келе жатқан өмірі мен шығармашылығының деректеріне шолу жасалды. Авторлар өз ойларын қорыта келе, Замахшари еңбектерінің араб тілінен аударылып, ғылыми айналымға түсіп, лингвистикалық, түркологиялық, оның ішінде қазақ тілінің тарихына қатысы анықталуы қажеттігін ғылыми мəселе етіп қояды.

Бүрынғы кеңестік мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары орта ғасырлардағы мүсылман өркениетінің дереккөздерін зерделеу мүсылмандық Шығыстың рухани өмірі мен мəдени дамуы жөнінде мол ақпарат бере отырып, оның əлемдíк өркениеттегі орны мен маңызын анықтауға, белгісіз болып келген немесе əgілелсізgікпен айтылмай келген өткен дəуíрдщ өкілдерінің есімдерін паш етуге септігін тигізді. Түркі үлттары мен үлыстарына ортақ сондай үлы түлғаның бірегейі — ХІ-ХІІ ғасырлардың тоғысында ғұмыр кешкен Өбілқасым Махмұд ибн Омар əз- Замахшари.

Өрбір азамат — өз заманының нэтижесі. осы түрғыдан келгенде, Замахшаридың болмыс-бітімі мен қарым-қабілетінің жасампаздық жолда болуының өзіндік тарихи себеп-салдарлары бар. Оған араб білім-ғылымының туу, қалыптасу жəне даму жолдарына қысқаша шолу жасау арқылы көз жеткізуге болады. Араб ғылымының I дəуірдегі (YII-YIII ғғ.) дамуының орталығы Ирактағы Басра жəне Куфа қалалары болып, ол қалаларда араб тілі жəне оның грамматикасы басымырақ зерделеніп, олардың жүйеленуі араб тілінің мемлекеттік тіл жəне мүсылман дінінің тілі болуымен тығыз байланысты. Араб ғылымының дамуының II дəуíрí УІІІ ғасырдың соңынан. яғни халифат астанасының Бағдадқа көшірілуімен сабақтас болды. Бүл қала сонымен қатар араб ғылымының орталығына айналды. Мүнда алғашқыда көне жəне шығыстық қолжазбаларды жинау. оларды араб тіліне аударумен шүғылданды. Ал Iy-X ғасырларда Бағдадта жəне араб мəдениелінің басқа да орталықтарында жекелеген ғылыми шығармашылық қалыптасып дамыды. Егер XI жүзжылдық «мүсылман мəдениелінің бетбүрыс кезеңі» болса. XII ғасыр зерттеушілердің назарын мүсылман тарихының классикалық дəуíрíнщ таралу кезеңі болып қалыптасты [1; 15]. Араб тілі мемлекет тілі болғандықтан. араб тіліне Көне Греция жəне Шығыстың классикалық ғылыми жəне философиялық еңбектері аударылғандықтан. бүл тіл «Шығыстың латын тіліне» айналып. халифат қүрамына кіретін арабтардың ғана емес. басқа халықтардың ғалымдары. жазушылары. ақындары арасында кеңінен

қолданыс тапты. Басқа халықтардың өзіндік мəдени шығармашылығының өкілі болған олардың шығармалары ерекше ұлттық мәдениеттің одан әрі дамуына негіз салды. ХІІ ғасырдағы араб ғылымының жарқын өкілдерінің бірі, ғылыми өнімдерінің көлемі арабтың көптеген даңқты ғалымдарынан асып түсетін əз-Замахшари болды. Оның ғылыми еңбегін академик

И.Ю. Крачковский: «Ол му‘тазилиттік сарындағы ірі экзегет (діни мәтіндерді түсіндіруші филолог) ретінде, грамматик, лексикограф жəне жоғары стильдегі көркем прозаның авторы ретінде жарқын із қалдырды» деп бағалады [2; 313].

Замахшари 1075 жылы Хорезмде Замахшар деген елді мекенде дүниеге келген, осы елді мекен оның ныспысы болған. Академик В.В. Бартольд өзінің «Туркестан в эпоху монгольского нашествия» атты іргелі монографиясында Х ғасырдың соңғы ширегіндегі араб географы жəне тарихшысы əл- Магдисиге (əл-Мугадасси) сілтеме жасай отырып, Замахшар «айнала ор қазылған, темір қақпалы, абақтысы бар, көтермелі көпірі мен әдемі үлкен мешіті бар шағын бекіністі мекен болған» деп [3; 204, І] суреттейді. Замахшари Орта Азияның өте көне қалаларының бірі Үргеніште оқыды жəне өзінің саналы ғұмырының көп бөлігін өткерді. Үргеніш, арабша айтқанда Джурджан, Х ғасырда солтүстік Хорезмнің астанасы жəне Әмударияның сол жағалауындағы ең үлкен қала болды. «Оның төрт қақпасы болды, қақпаларға су арықтармен келіп жатты... Ма'мунның (1009–1017) сарайының қақпасы әдемілігімен ерекшеленді, Хорасан аймағында оған жетер қақпа болған емес» [3; 545, І]. Х ғасырдың аяғынан бастап Үргеніштің маңызы тез арта бастады. Ол Орта Азияның ең мықты мəдениет орталығы болған біріккен Хорезмнің астанасы болды. Философиямен əуестенген жəне білімдарларды қадірлеген Хорезм шахы Ма'мунның сарайына көптеген философтар мен ғалымдар жиналды, олар: Əбу Əли ибн-Сина, Əбу Райхан Бируни жəне т.б. ХІ ғасырдың ортасынан бастап Хорезм селжүктердің бағынышына көшіп, олар да ғалымдарға қамқор болуға ұмтылып, өз сарайларын атақты ғалымдармен, ақындармен əспеттегíсí келді. Замахшаридың балалық жəне жасөспірім шағы Мәлік шах билеген заманда (1072-1092), яғни Селжүк мемлекетінің ең жоғары саяси құдіретінің өркендеген кезінде өтті. Замахшаридың кейбір өмірбаяндық деректері ибн Халликан жəне Якут əл-Хамави (Лондон, 1923) секілді араб авторларының еңбектерінде баяндалған. Ғалымның өмірі туралы басқа деректерді Ғылым академиясы Ленинград бөлімшесінің Шығыстану институтының қолжазбалар жинағынан жəне Б.З. Халидовтың «Письменные памятники Востока» жинағындағы жарияланымнан табуға болады. Онда Б.З. Халидов белгісіз болып келген қолжазбаның авторы, Замахшаридың замандасы Абдуссалам б. Мұхаммед əл-Андарасбани [4; 204–212] екенін анықтады. Аталмыш қолжазбадан Замахшаридың бала кезінде шатырдан құлап, аяғын зақымдағаны, оны кестіріп тастауға тура келгендігі белгілі болды [Сілтеме Н.К. Эфендиеваның «К вопросу о жизни и деятельности аз-Замахшари» атты мақаласынан: 5; 204]. Бұл дерек осы уақытқа дейін көптеген зерттеушілер сүйеніп келген ибн Халликанның хабарына түзету енгізуге негіз болды. Мəселен, Джирджи Зейдан: «Ибн Халликан ол (Замахшари) өзінің көптеген саяхаттарының бірінде қатты суық тиіп, ол аяғына əсер етіп, аяғын кесіп ағаш аяқ (протез) салған» деген дерекке [6; 47] сілтеме жасайды. Замахшари бастауыш білімді өз аулында өз əкесíнен алды, ол сонда имам болған, сауатын ашқан, оқуға, əсíресе құранды оқуға үйреткен. Баланың ерекше қабілеттілігі оның келешегінен үлкен үміт күттіргенімен, баласы мүгедек болып қалғандықтан, əкесí оған тігіншілікті үйретпекші болады. Оған келіспеген ұлы əкесíнен қалаға (Үргенішке) апарып, тағдыр тəлкегíне тастауын сұрайды. Ол Үргеніште мешіт жанындағы медресеге орналастырылады, оның ерекше көркем жазуына мұғалімінің ағасы Əбíлфатха б. Байа‘и көңіл аударып, оны қолжазбаларды көшіріп жазу жұмысына тартады, еңбегіне қолақы да алады. Ол осылайша оқи жүріп жастайынан табыс таба бастайды [5; 547, 548]. Замахшаридың замандасы əл-Андарасбани өзінің жоғарыдағы қолжазбасында ғалым өзінің қырық бір жасында (1115 жылға сəйкес келеді) уəзíрлер мен билеушілердің жанында надим (надим; нудеме — әңгімелесуші, табақтас; «надим» деп əдетте, Адам Мецтің айтуынша, мұсылман ренессансында халифке жақын, сарайда бəрíнен көп жалақы төленетін категориядағы адамды, құрметті атақты атаған) болып, олардың мадақшысы ретінде дүниенің игілігімен лəззаттанды [5; 205] дегенді баяндайды. Б.З. Халидов айтқандай, «ол — селжүктерге вассалдық бағыныштағы Хорезм тарихындағы хорезмшахтардың тəуелсíз мемлекетін құру жолындағы күрестің ең бір әйгілі тұлғасы» [6; 65, 8; 553, 9; 48]. Замахшаридың биографы əл-Андарасбанидьщ әңгімелеуіне қарағанда, оның сарай маңындағы қым-қиғаш та қызықты өмірі ғалымның ондай өмірден баз кешіп, басқа бағытқа беттеуіне ой салды. Дәруіштік жолды таңдап, Меккеге қажылыққа аттанды [7; 551]. Əрине, оның сұлтан сарайынан кетуіне, кеткен ол ғана емес, сарайдың масайраған өмірінен бас тартуына қоғамдық-саяси себептер болды. ХÌ–ХÌÌ ғасырлардағы селжүктердің орасан зор феодалдық державасындағы қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты толассыз оқиғалар сұлтан сарайындағы мазасыз, оқыс сəттерге толы өмір көптеген ақындар мен ғалымдарды одан бас тартып, дәруіштікке, суфизмге кетуге мәжбүрледі. Әл-Андарасбанидың деректерінде ғалым оқшауланған кезеңде оған Хорезм шахы Атсыз ибн Мұхаммед ғалым Меккеден оралған соң да жолығып тұруын жалғастыра берді... Ол сонымен қатар Бұхара, Мерв, Нишапур, Исфахан, Бағдад, Хиджаз, Мекке қалаларында оқып білім алды.

Замахшари елуден астам шығарма жазған автор. Хаджи Халифа (1608–1657 жж.) оның 29 еңбегін атаса, Ибн Халикан 30, Якут 50 еңбектің атын келтіреді. Б.З. Халидов Ленинград университетінің шығыстану факультетінің кітапханасы қорынан Замахшари еңбегінің бір қолжазбасын тапқандығын мәлімдейді. Броккельман Якут келтірген тізімде кездеспейтін Замахшаридің 25 еңбегін атайды. Б.З. Халидов Замахшари еңбектерін былайша топтастырады: 1) араб тілінің грамматикасы бойынша 10; 2) лексикография бойынша 8; 3) поэзия саласында 7; 4) көркем-дидактикалық туындылары 8; 5) фольклорлық шығармалары (мақал-мәтелдер жинағы) 2; 6) жағрафиядан 1; 7) экзегетикадан 1; 8) шариат заңына 2; 9) ислам ағымдары туралы 4; 10) əр түрлі тақырыпта 12 жұмыс жазған. Сонда барлығы — 55 шығарма.

Замахшари араб тілінің, грамматиканың, байанның, тәпсірдің жəне хадистердің ірі зерттеушілерінің бірі ретінде бай шығармашылық мұра қалдырды. Ол лингвистика жəне теология бойынша ең негізгі, маңызды еңбектерін жазды. «‘Илм əл-байан'» деген ұғымға риторика, шешендік сөз жəне стилистика бойынша білімдердің кешені кіреді, ал «'ат-тафсир‛» сөзінің құранды түсіндіру жəне комментарий жасау, түрлі ғылыми терминдер мен еңбектерге түсіндірме жасау деген мағыналары бар. Мəселен, Х ғасырдың атақты араб тарихшысы ат-Табаридың «Құранға тәпсір» деген қырық томдық еңбегі бар. «‘Əл-хадис'» деген термин Мұхамбет пайғамбардың іс-әрекеттері мен данышпандығы жайлы ерекше құрылымды әңгіме (аңыз, əпсана), яғни пайғамбардың не айтқаны, не істегені туралы əпсаналар дегенді білдіреді.

Замахшари — білімнің көптеген саласындағы көптеген шығармашылық мұраның авторы. Ғалымның «əл-Кашшаф», «əл-Муфассал фи-н-нахв», «əл-Анмузадж», «Муфассал фи сына‘ ати-л-'и раб», «Асасу-л-балага», «Мугаддимату-л-'адаб», «‘Атвау-з-захаб», «əл-Мустагса фи-л-'амсал», «Навабигу-л-калам», «Рисала фи калимати-ш-шахада», «Китабу наса' ихи-с-сыгар», «Китабу-л- джибал ва-л-'амкина ва-л-мийах» атты іргелі еңбектері оның даңқын асқақтатты.

Оның даңқын шығарған 1134 жылы аяқтаған еңбегі «əл-Кашшаф» («Раскрывающий») — қасиетті құранның біздің заманымызға дейін жеткен жалғыз мутазилиттік толық комментарийі. Мысырдағы Фатима әулетін 1172 жылы елден биліктен жəне елден ығыстырған Салахуддин əл-Аюби «əл-Азхар» мешітін университетке айналдырған оқу орнының студенттері құранды әлі де осы «əл- Кашшаф» бойынша оқиды.

«Əл-Анмузадж» Еділ-Жайық өңіріндегі татарларда ғана емес, жалпы түркі әлеміне ең танымал оқулық болды. Бұл трактат Замахшаридың араб грамматикасы бойынша іргелі еңбегі «əл- Муфассалдың» түйінді тұжырымдары секілді. Автор оны араб грамматикасын енді бастап үйренушілерге арнап, мәліметтерді жүйелі де анық баяндауымен ерекшеленді [8; 139]. Оқу құралының грамматикалық материалы дәстүр бойынша сөз таптарына жіктеуден (есім, етістік, шылаулар) басталып, әрқайсысы жеке-жеке бөлімдерде қарастырылады. Есімдер теориясын баяндауда оны грамматикалық категорияларға (число, род, определенность/неопределенность) жəне семантикалық жіктерге (сан есім, қимыл есім — имя действия, қимыл жасаушы — имя деятеля, қимыл жасалушы — имя поддейственное, имя превосходства) талдап қарастырады. Есімдердің септік формалары мен олардың сөйлемдегі синтаксистік қызметтері келтіріледі. Етістіктердің де грамматикалық категорияларын (шақ, жіктеу, рай, ауыспалылық/тұрақтылық жəне) жəне синтаксистік ерекшеліктерін сипаттайды. Ал шылаулар туралы бөлім негізінен олардың лексикалық мағыналарына арналған.

Замахшаридың шығармашылығының өнімді кезеңі Меккедегі жəне одан кейінгі жылдарға тиесілі, бұл кезеңде ол өзінің маңызды еңбектерін жазды. Оның негізгі еңбектері теология саласына жəне араб тіліне қатысты зерттеулер болып келеді. 1131–1135 жылдары ол құранның көлемді комментарийі «əл-Кашшафты» жазып, ол еңбек осы күнге дейін өзінің канондық сипатын сақтап қалды [2; 383, 4; 47, 6; 65]. В.А. Звеганцев Замахшари шығармасында ерекше көңіл аударатын тұсты ескерте келіп, «еңбектің лексикологиялық бөлімінде əр қилы оқылып жүрген тұстарына түбегейлі тоқталады, оның дұрыс нұсқаларын көне поэзиядан мәліметтер келтіре отырып негіздейді. Түптің түбінде Замахшари өз жұмысында мәтінге ғылыми сынның үлгісін көрсетті» дейді [6; 65]. Замахшаридың еңбегін араб лингвисі ас-Самарра: «Ол «əл-Кашшаф» пен «əл-Муфассалдан» басқа ештеңе жазбаса да басқа еңбектері оның даңқын шығаруға жетер еді» деп бағалайды [8].

Бағдад немесе «аралас» («эклектикалық») немесе рационалды филология мектебінің өкілі Замахшаридың араб грамматикасы жөніндегі негізгі еңбегі — бір жыл төрт айда жазылған (1119– 1121 жж.) «əл-Муфассал фи-н-нахв» [Сілтеме Н.К. Эфендиеваның «Исследование некоторых трудов аз-Замахшари» атты мақаласынан: 9; 47]. «Әл-МуфассалДың» мазмұнының Сибавейхидің «әл-Кітаб» еңбегіне жалпы ұқсас тұстары көп болғанмен, онда мәліметтер өте түсінікті түрде баяндалған [4; 556]. Ғалымның «əл-Муфассал» трактатының жоғары бағаланғаны сонша, мысырлық аюбиттер әулетінің билеушісі Иса əл-Аюби оның қолжазбасы кімде сақталса, соған мол сый-сияпат пен өз иығымнан шапанымды шешіп беремін деп ант берді. Автор кейін келе бұл еңбекке араб грамматистері қалай көңіл аударса, «əл-Кашшаф» комментаторлары да сонша көңіл аударды. Кітап мәтіні Христанияда (қазіргі Осло) 1849 жылы басылған. Оған бірнеше комментарийлер жазылды, оның елеулісі Абулбакр б. Йаишаның комментарийі 1882 жылы Лейпцигте жарық көрді. «Əл- Муфассал» неміс тіліне аударылып, 1873 жылы баспа бетін көрді. Ал «əл-Музаджа» 1872 жылы Египетте, 1880 жылы Константинопольде басылды.

Замахшаридың тағы бір кең тараған «Асасу-л-балага» — араб тілінің екі томдық сөздігі өзінің құрылымының ерекше әдіспен құрастырылуымен өзгешеленеді. Сөздікте сөздің семантикалық сипаттамасын беріп қана қоймайды, оларды контексте қарастырады, яғни олардың мағыналары тұрақты ма, əлде ауыспалы ма екенін айқындайды. Бұл сөздік Египетте сақталған.

Замахшаридың келесі бір шығармасы — мақам қағидасы бойынша құрастырылған даналық сөздер мен мақалдардың жинағы «Атваку-з-захаб» («Золотые ожерелья») тұшымды прозаның үлгісі [2; 387, т.УІ], ол сондықтан да Еуропаның тілдеріне бірнеше рет аударылып, бірнеше рет қайта басылды.

Замахшаридың «əл-Мустакса фи-л-амсал» атты келесі еңбегі — араб мақалдарының әліппелік қағидамен құрастырылған сөздік, ол Шығыс пен Еуропа елдерінде кеңінен тараған туынды [9; 48].

Замахшаридың көркем-дидактикалық шығармаларының ішінен «Навабигу-л-калам» («Перлы изречений»), «Раби у-л-абрар ва нусусу-л-ахбар» («Весна благочестивых лиц и тексты преданий»), «Рисала фи калимати-ш-шахад» (трактат «О словах исповедения веры»), «Китаб насаихи-с-сыгар» («Книга наставлений малолетним»), «Нузхату-л-му» («Услада общения») [4; 553, 9; 48, 49] деген шығармаларын атауға болады. Ғалымның сонымен қатар әліппелік тәртіппен құрастырылған өлеңдер жинағы, мақамдары мен қасыдалары жəне т.б. еңбектері бар.

Замахшаридың грамматикалық жəне лексикографиялық еңбектері қысқа да нұсқа болса, көркем туындылары заманына сай қатар ұйқасқан фразаларды күрделенген стильде қолданып, араб поэзиясының тілдік жəне стилистикалық әдіс-тәсілдерін, араб тілінің синонимдік байлығы мен сирек қолданылатын сөздерін шебер пайдаланады.

Ерекше бір еңбегі «Китабу-л-джибал ва-л-мийах» («Книга о горах, местностях и водах») атты географиялық зерттеуі. Ол туралы И.Ю. Крачковский: «Бұл географиялық сөздік оның өзінен бұрын елу жыл ілгері қайтыс болған әл-Бакридің сөздігіне ұқсас. Замахшари бұл сөздікті білмегенмен, олардың дереккөзі бір болған, ол арабтың өлеңдері мен ертедегі прозаларындағы Аравияның географиялық объектілерінің тізбесін жинақтаған ІХ ғасыр филологтарының сөздіктері. Əл-Бакри мен әз-Замахшаридың басты айырмашылығы: алғашқысы негізінен өзінің әдеби-филологиялық мүдделерін көздесе, екіншісі экзегетикалық мақсатта болып, Мұхамед пайғамбардың, құранның тарихымен жəне канондық дәстүрлермен байланысты географиялық атаулардың барлығын нақтылауға талпыныс жасады. Бұл мақсатты орындауда Замахшари үшін Аравияда болуы көп пайдасын тигізді. Ол идея Мекке саяхаты кезінде туындап, оны сол кездегі кітап сүйер, қызықты жерлердің біразын көрген, Хиджаздың жақсы білгірі Мекке шерифі қолдады. [2; 313, 314, т.ІУ; 9; 48]. Сондықтан да Замахшари Хиджаздың таулары, аңғарлары жəне таулы ресурстары туралы әлдеқайда нақты деректер келтіреді, олардың бəрí негізінен аталмыш əмíрдщ айтуына негізделген. Бұл жағдаят Замахшаридың барлық зерттеуіне өз ізін қалдырды. Мəселен, оларда Аравия түбегінің номенклатурасы түгел дерлік қамтылса, Палестина, Сирия, Месопотамия жəне Египетке қатысты атаулар сирек кездеседі. Солтүстік Африка, Персия жəне Орта Азияға тиесілі географиялық атаулар бар, ал Испания мен Үндістан ескерілмеген. Дереккөздердің көбі ғалым сүйенген филологтардың еңбектері. Замахшаридың еңбегінің маңызы бүгінгі күні осындай мəлíметтерíмен құнды. Бұл еңбектен Хорезмге жақын аймақтардың немесе Орта Азияға қатысты жерлердің атауларын іздеудің еш мәні жоқ. Себебі автордың мақсаты басқа бағытта болды. 1856 жылы Йенбол араб династиясы өкілінің шәкірті Сальверд де Граве басылымды мұқият дайындап шығарған болатын» [2; 314, т.ІУ; 9; 48]. Сальверд де Гравенің болжауынша, Замахшаридың жұмысы не аяқталмаған, не соңына дейін редакцияланбаған.

Замахшаридың еңбектері жайлы А.Флеш, Ж.Кантино, М.Бравманн, К.Брокельманн, Х.Биркеланд, М.Грюнерт, Г.Ваиль, В.В. Бартольд, И.Ю. Крачковский, Н.Н. Поппе, А.К. Боровков, Э.Н. Нәжіп, Б.З. Халидов, В.А. Звегинцев, В.Г. Ахвледиани, Ә.Құрышжанов, М.Томанов, В.Ф. Гиргас, З.Б. Мухамедова, Н.К. Эфендиева, Н.И. Робакидзе, А.М. Салахов секілді ғалымдар өз еңбектерінде оның биік беделін мойындап, Сибавейхимен қатар атайды. Мұның бәрі орта ғасырлық араб ғалымының еңбегіне деген қызығушылықтың, оның лингвистикалық идеяларының қазіргі күнде де өзектілігінің жоғалмағандығын дәлелдейді.

Замахшаридың түркітану үшін маңызды еңбегі — «Мукаддимат əл-əдəб» сөздігі. Замахшари араб тілі мен әдебиетінің лексикалық байлығын өз отандастарына таныстыру жəне білімді саналы меңгеруге жеңіл жол ашу мақсатында «Мукаддимату-л-адаб» деген арабша-парсыша сөздік құрастырады. Кейбір деректерге қарағанда, ол дәстүр бойынша өз еңбегін Хорезм шахының ұлы, ғылым мен поэзияның қамқоршысы Абулмузаффар Атсызға (1127–1156) арнаған дейді. Атсыздың өтініші бойынша түркі бөлігін қосқан. Кейіннен моңғолдар келген соң белгісіз автор моңғол сөздерін қосып, арабша-парсыша-түркіше-моңғолша сөздікке айналдырған. Замахшаридың бұл еңбегіне В.В. Бартольд: «Замахшари сөздігінде келтірілген көптеген мəдени сөздер мен техникалық сөйлемше, сөйлемдер тілдік тұрғыдан ғана емес, мəдениет тарихынан да мол хабар береді. Бұл мағынада алғанда, əсíресе мекендердің аттары туралы бөлімінің берері мол. Мекен жəне қоршалған жерлер туралы бөлімдер бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен қатар басқару, дін, жұмақ, кəпíрлер, етікшілік, жыртқыш аңдар туралы бөлімдер бар» деген жоғары баға береді [3; 445–468, УІІІ т.]. Сөздіктің түпнұсқасы жоғалып кеткен. Алайда екі көшірме данасы 1926 жылы Бұқарадағы Əбу Əли ибн Сина атындағы кітапханадан кездейсоқ табылып, бұрынғы одақ көлеміне мəлíм бола бастағаны белгілі. Бұқарада табылған екі қолжазбаның бірін қыжраның 1305 жылы хатиб («қолжазбалар сақтаушы») Хамид Хафиз көшіріп жазған. Онда тек араб, парсы тілдік материалдары жинақталған. Ал екінші бір араб сөздерін парсыша, түркіше, кейіннен моңғолша тəржімалаған көшірмесін 1492 жылы хатиб Дервиш Мухаммед деген кісі жасаған. Соңғысын кезінде өзбектерді билеген Абдулла ханның (1557–1598 жж.) тұсында ғұмыр кешкен Құл-Баба Көкілташ дейтін көрнекті бек белгілі бір кітапханаға мұра етіп қалдырса керек. Бұл сөздіктің ескі түркі глоссалары тізбеленген толық емес, əрí жазылған мерзімі белгісіз, бірақ өте ескі қолжазбасын В.Вяткин 1897 жылы Орыс ғылым академиясына сыйға тартқан [3; 465, УІІІ т.]. Көлемі 570 бет екі томдық «Мукаддимату-л- адаб» есімдер, етістіктер, шылаулар, жіктеулер жəне септеулер деген бес бөлімнен тұрады. Бұл шығарманың Каирде сақталған (арабша-түркіше бөлімдері ғана бар сияқты) қолжазба данасының жазба жолдарының ортасында парсыша аудармалары бар [9; 48]. Кітапта көптеген бағалы, қызықты жəне пайдалы лингвистикалық материалдар бар, оны түсінуді 1843–1850 жылдары Лейпцигте көрсеткіштермен, комментарийлермен қамтамасыз етілген басылымы жеңілдете түседі [9; 48].

Сөздікті алғаш жан-жақты зерттеушілердің бірі — орыс ғалымы Н.Н. Поппе. Айта кетерлік жайт, Н.Н. Поппе туралы да кейбір бірен-саран еңбектерде тиіп-қашты пікірлер айтылғанымен, отандық тіл білімі ғалымдары оның өмір жолын, сіңірген еңбегін, ғылымға қосқан үлесін күні бүгінге дейін қолға алып тиянақты зерттеген емес. Бұлай назардан қалыс қалып, бағаланбаудың басты себебі — өткен ғасырдың 40-жылдары Н.Н. Поппенің басына түскен тағдыр-гәлкегінен шет елге кетуге мәж6үр болуы. Николай (Николас) Николаевич Поппе 1897 жылы 8 тамызда Қытайдың Яньтай (Чифу) қаласында дүниеге келген. Əкесí Николай Поппе Қытайдағы Ресейдің дипломатиялық қызметінде консулдық қызметкер болған. Ол 1991 жылдың маусым айында АҚШ-тың Сиэтл қаласында 94 жасында дүние салған. Лингвист əрí этнограф, моңғолтанушы, алтай тілінің маманы, 1932 жылдан КСРО ҒА-ның корреспондент-мүшесі. 1921 жылы Петроград университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің моңғол бөліміне түсіп, ондағы әйгілі тіл мамандары А.Д. Руднев, В.Л. Котвич, А.Н. Самойлович, С.Е. Малов, А.В. Бурдуковтармен бірге оқиды, ғылымдағы алғашқы ғылыми жетекшісі атақты Б.Я. Владимирцов болған. 1942 жылы Н.Н. Поппе Қарашай аумағын (Микоян-Шахар) басып алған неміс басқыншылары жағына өз еркімен өтіп, 1943 жылы отбасымен Германияға көшеді. Соғыстан кейін кеңес үкіметінің құрығынан тығылып, бірнеше жыл шығармашылықпен астыртын айналысқан. 1949 жылы ол АҚШ-қа қоныс аударып, Вашингтон штаты университетінің Қиыр Шығыс факультетінде профессор лауазымында қызмет атқарады. 1968 жылы «Бонн университетінің құрметті докторы» атағына ие болады, 1968 жəне 1977 жылдары Фин Ғылым Академиясының мүшесі болып сайланған. Саптаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған сезіктенгіш те сескенгіш, атын атау түгілі еңбегін сөз етуге қорыққан сол уақыттардан бері ол жөнінде тіл мамандары лəм-мим деп жақ ашпайды. Осы салқындық бергі уақыттарда «Мукаддимат әл-әдәбтың», жалпы Замахшаридың шығармашылығының кеңінен зерттелуіне де кері әсерін тигізген.

Н.Н. Поппенің қолға алып қарастырғаны — сөздіктің хатиб Дервиш Мухамед жасаған көшірмесі. Н. Н. Поппе 1938 жылы КСРО Ғылым Академиясы баспасында жарық көрген, ауқымды екі бөлімнен тұратын еңбегін, Монгольский словарь «Мукаддимат ал-адаб» деп атаған. Бірінші бөлімде əз-Замахшари қолжазбасында келтірілген моңғол сөздеріне фонетикалық, морфологиялық талдау жасаса, екінші бөлімінде моңғол жəне түркі сөздерін бір ізге түсіріп, арабша жазылу тұлғасын, латынша транскрипциясын, орысша аудармасын берген. Түпнұсқадағы сөздіктің әуелгі қалпын сақтамай, сөздерді алфавит бойынша рет-ретіне түсірген. Сөздікте келтірілген ауызекі сөйлеу негізінде жасалған біздің қолжазба сөздік бойынша 8126 түркі тілдік материалы жеке-жеке сөзден ғана емес, сонымен қатар жеке фразалық, күрделі сөз тіркестерінен де тұрады. Оның үстіне Н.Н. Поппе моңғол тілін қамтитын бөліктегі сөздердің дені ХІІІ-ХІУ ғасырларда Орта Азияда қоныс тепкен жалайыр, барлас руларының тілдерімен төркіндес, ұқсас екенін баса көрсетіп айтады [11; 7, 8]. Аталмыш басылымға Э.Н. Наджип: «Н.Н. Поппе, опубликовавший этот словарь плохо знал тюркские языки, поэтому допустил в этой части много ошибок» десе [11; 112] де сөздікпен қалың оқырман қауымның кеңінен танысуына жол ашты. Оның үстіне Н.Н. Поппе жоғарыдағы басылымда өз жұмысының моңғолтану мақсатында екенін, түркі бөлігі толық аяқталмағандығын, мамандардың қосыма нақтылауын, түзетуін қажет ететін тұстары бар екенін ескертеді [10; ІІІ].

Əз-Замахшаридьщ еңбектері мемлекеттік бағдарламалар аясында араб тілінен қазақшаға аударылып, ғылыми айналымға түсіп, еліміздің ғалымдарының ортақ игілігіне айналса, тікелей зерттеулердің нысаны болар еді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Науткин В.В. XI-XII вв. Эпоха трансформации / В.В. Науткин, М.Б. Петровский // Мусульманский мир (9501150 гг). — М.: Наука, 1981. — 256 с.
  2. Крачковский И.Ю. Йусуф ал-Магриби и его словарь / И.Ю. Крачковский // Избранные сочинения: [В 3-х т.]. — Т. I.М.-Л.: Наука, 1957. — 405 с.
  3. Бартольд В.В. Собрание сочинений в 10-ти томах. — Т. VIII, I, — М.: Наука, 1963. — 340 с.; 1967. — 382 с.
  4. Халидов Б.З. Биография аз-Замахшари, составленная его современником ал-Андарасбани / Б.З. Халидов, А.Б. Халидов // Письменные памятники Востока. Историко-филологические исследования. — Ежегодник. — 1973. — М.: Наука, 1979. — 220 с.
  5. Рукопись 2387// Ленинградское отделение Института востоковедения АН СССР. — 137 п. — ППВ, 1979.
  6. Звегинцев В.А. История арабского языкознания. Краткий очерк / В.А. Звегинцев. — М.: Изд-во МГУ, 1958. — 148 с.
  7. Халидов Б.З. Замахшари / Б.З. Халидов // Семитские языки. Материалы I конф. по семитским языкам. — Вып. 2.Ч. 2. — М.: Наука, 1965. — 296 с.
  8. Ахвледиани В.Г. Арабское языкознание средних веков / В.Г. Ахвледиани // История лингвистических учений. Средневековый Восток. — Л.: ИЛ, 1981. — 323 с.
  9. Зейдан Джирджи. Тарих адаб ал-луга ал-арабиййа (араб тілінде). — Т. II. — Бейрут, 1967. — 317 с.
  10. Поппе Н.Н. Монгольский словарь «Мукаддимат ал-адаб» / Н.Н. Поппе. — Ч. I. — М.-Л.: АН СССР, 1938. — 435 с.
  11. Наджип Э.Н. Регионы и этапы формирования тюркских письменных языков и литератур / Э.Н. Наджип. — Туркестан: Туран, 2007. — 287 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.