Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары мектептегі педагогикалық білім мeн ғылымның интеграциясын жүзеге асыру аспектілері

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары мектептердегі педагогикалық білім мен ғылымның интеграциясы туралы түйінді мәселелер қарастырылған.

Педагогикалық білім мен ғылымның интеграциясын отандық білім беру процестерін жүйелі жаңғыртумен байланысты. Білім беру қоғамды дамытудың басты факторларының бірі және оның интеллектуалдық әлеуетін арттыру шарты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса, ресми құжаттарда «ғылым мен білім арасында алшақтық сақталатыны, соның салдарынан - ғылыми нәтижелер білім беру саласында капиталға айналмай отырғандығы, ал ғылыми зерттеу жүргізуге жас мамандар тартылмайтыны туралы» сөз етіледі.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыруды көздейтін білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бүгінгі күннің маңызды мәселелері көрсетілген: «Білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті аса тиімсіз пайдаланылады. Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдерде қабылданған деңгейден он есе темен қалып отыр».

Сондай-ақ білімнің, ғылымның арасындағы байланыстың нашарлау себептері де атап өтілген. Басты себептер: жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер; жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру; ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай әрекет етуге, өндірістің өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс әкімшілендіру; жеке меншік сектордың білімді, ғылымды және инновациялық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы.

Осы жағдайларға орай отандық ғалымдар қазіргі қоғам жағдайында тұлғаны дамытуға бағытталған зерттеушілік, аналитикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді шешу проблемасына креативті тұрғыда қарайтын мұғалімдер дайындауды қамтамасыз ететін жоғары педагогикалық білім беру мәселелеріне ерекше назар аударып отыр. Педагогикалық білім берудің нәтижесі ретінде жаңа тұрпатты тұлғаның қалыптасуын, педагог мәртбесін арттыруды, жұмыс берушілердің кәсіби дайындық са пасы на қанағаттануын атауға болады.

Қазіргі зертеулердің талдауы көрсеткендей, педагогикалық білім беру мәселесі мен педагогика саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру мәселесі жеке-жеке қарастырылады. Екі құбылысты біріктіруге деген ұмтылыстар өте аз болды.

Осы мәселелер бізге де қызығушылық туғызып отыр. Ғылымның рөліне, нақтырақ педагогикалық білім берудегі ғылыми-педагогикалық шығармашылықтың рөліне қатысты бірқатар сұрақтар туындайды. Erep студенттердің кейбірі ғана әрі қарай жоғары білімнен кейін білімін жалғастыратын болса, онда студентердің барлығын бірдей ғылыми жұмысқа тарту қажет пе? Erep ғылыми жұмысқа ең қабілеттілерін ғана іріктеу қажет болса, онда оны қашан және қандай критерийлермен қарастырған жөн? Осы аталған мәселелердің астарын іздестіріп көрелік.

Жоғары мектептің негізгі міндеті кәсіби білім беру жүйесінде жоғары білікті мамандар дайындау деп түсіндіріледі. Қазіргі зерттеулерде кәсіби дайындық нәтижесін «кәсіби құзыреттілік» ұғымының көмегімен сипаттау ұсынылады.

Болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары іздестірілуде, осы орайда білім берудің саналуан принциптері, міндеттері, құралдары, технологиялары әзірленіп жатыр. Десек те, осы саладағы қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, жоғары мектептің барлық резервтері толық көлемде пайдаланылмайды және әлі де зерттеуді қажет етеді.

Қазақстанда ғылым мен білім интеграциясына арналған жағдайлар құру ұмтылысы байқалады. Мәселен, жетекші жоғары оқу орындарын ілгері дамуы, сондай-ақ осы оқу орындарындағы салалық зертханалардың қалыптасуын қолдау; жас ғалымдар мен оқытушыларға зерттеу жүргізу үшін гранттар ұсыну, интеграцияланған ғылыми-білім беру құрылымдарының, университеттік және университетет аралық кешендердің, ғылыми-оқу-өндірістік орталықтардың қызметін құру және қолдау; халықаралық ұйымдармен өзарабайланыс орнату секілді шараларды атауға болады.

Erep қолданыста бар педагогикалық білім мен ғылымының өзара әрекеттістігі тәжірибесін қорытатын болсақ, үш негізгі бағытты айқындауға болады:

Біріншіден, жоғары мектептегі педагоги калық процесс (жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің өзі де) ғылыми зерттеу обьектісіне айналады.

Екіншіден, педагогикалық ғылым жетістігі жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде (мазмұнында, технологияла рында, педагоги кал ық процессті ұйымдастырудағы инновацияларда) қолданылады.

Үшіншіден, жоғары педагогикалық білім беру жүйесі әрі қарай ғылыммен айналысатын мамандар дайындайды.

Айқындалған бағыттарды нақтырақ қарастырайық.

Қазіргі уақытта жоғары мектеп проблемаларына қатысты саналуан зерттеулер жүргізілуде. Соңғы жылдардағы басылымдар талдауы жоғары педагогикалық білім беру саласында зерттеушілердің назар аударған бірқатар проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді. Ғалымдардың басым көпшілігі білім беру процесіне көңіл бөліп отыр. Болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру; педагогтың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру; түрлі деңгейдегі педагогикалық білім беру мазмұнын құру және ұйымдастыру (бакалавриат, магистратура); студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру; қашықтықтан білім беру; білім беру сапасын бағалау және т.б. проблемалар зерттеліп жатыр.

Жоғары мектептегі ғылыми қызмет: ғылыми мектептің рөлі, ғылыми зерттеулердің нәтижесін бағалау, студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. зерттеу обьектісіне айналды.

Жоғары мектептегі инновациялық процестер жеке қарастырылады. Оның үстіне инновациялар әдіснамалық, әрі технологиялық деңгейде талданады және құрылады.

Жоғары педагогикалық білім беру зерттеу обьектісі ретінде беделді ғалымдардың, сондай-ақ жас ғалымдардың да назарына ілігіп отыр, өйткені олардың барлығы, дұрысында, педагогикалық жоғары оқу орнының оқытушылары болып табылады. Бұл жерде өзіндік артықшылық бар, өйткені зерттеу білім беру практикасының сұраныстарын қанағаттандыруға, көкейтесті мәселелерді шешуге бағытталған. Біздің университетімізде ғылымның жаңа жетістіктерін оқу процесіне енгізуге, қолдануға бағытталған оқу-ғылыми-инновациялық орталық құрылған. Осылайша, ғылыми проблеманы анықтаудан бастап ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдануға дейінгі жол едәуір қысқарады.

Жалпы алғанда, ғалымдар мен практик педагогтарға ғылыми-педагогикалық шығармашылықтың ауқымды мүмкіндіктерін ұсыну туралы сөз қозғауға болады.

Келешекте ғылыммен айналысатын мамандар дайындау білім беру үрдісінде қарастырылады және аудиториялық, сондай-ақ аудиториядан тыс жұмыс ретінде, негізінен, студенттерді ғылыми жұмыс технологиясына оқыту негізінде жүргізіледі. Педагогикалық жоғары оқу орнының жұмыс тәжірибесінің талдауы көрсеткендей, студенттерді ғылыми-педагогикалық шығармашылыққа қосу жүзеге асады:

  • педагогикалық пәндерді оқыту процесінде зерттеушілікті талап ететін тапсырмалар қолдану;
  • студенттерге педагогикалық зерттеулер әдістерін оқыту («Психологиялық- педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мен әдістері» курсын енгізу);
  • студенттерді білім беру проблемаларын зерттеуге тарту (студенттердің зерттеу объектісі - жоғарғы мектептегі педагогикалық процесс).
  • ғылыми бөлімшелер базасында оқу жұмыстарының саналуан формаларын өткізу: дипломдық және курстық жобалау, оқу және педагогикалық практикалар.

Сонымен, ғылыми-педагогикалық қызмет білім беру мазмұны мен құралына айналғанда ғана педагогикалық білім мен ғылымның өзараәрекеттестігі жүзеге асатыны белгілі болып отыр. Десек те студенттердің ғылыми жұмысы жоғары оқу орнының жалпы ғылыми жұмысынан оқшау жүзеге асуы мүмкін емес. Сондықтан, біз субьектілердің бірлігі туралы мәселе қозғалуы тиіс деп ұйғардық. Ғылыми шығармашылық қызметтің ұжымдық сипаты арнайы зерттеулердің пәніне айналғанына да көп болды. Ғылыми ұжым жұмысының тиімділігін талдаған, ресей ғалымы В.П. Карцев атап өткендей, ол көп жағдайда рөлдерді өзара бөлісіп алумен байланысты. Эрине, ғылымда шағын топтар зерттеген зерттеулер өте аз, тіпті практикалық тұрғыда өткізілмеген. Бірақ заманауи әлеуметтік-психологиялық зерттеулер түрлі шығармашылық саладағы адамдардан құралған, шағын топтағы шығармашылық та псы риала рдың ұжымдық шешімінің тиімділігін дәлелдеп отыр.

Ең маңыздысы көшбасшы не лидердің рөлі болып табылады. Ол ұсынылған идеяларды жүзеге асыру үшін ұжым мүшелерін біріктіреді. Көшбасшының функциясы саналуан: ғылыми ізденіс бағытын таңдау; зерттеу бағдарламасының әзірлемесін дайындау; топ мүшелері арасында міндеттерді белу; топта өзара әрекеттестікті ұйымдастыру. Сонымен қоса, көшбасшы жұмысты бақылауды, ұжымдағы дау-дамайлы жағдаяттарды шешуді, басқа ұжымдармен байланысты қамтамасыз етуді жүзеге асы рады.

Ғалымдар басқа да рөлдерге қатысты түрлі пікір білдіреді. Г. Селье ғалымдарды 3 үлкен топқа бөледі: «ойшылдар» (қызметте «идея ұсыну» жағымен айналысады), «орындаушылар» (шығармашылыққа жатпайтын жұмыстармен айналысады) және «ғылымның айналасындағы» істермен айналысатындар.

Ал В.П. Карцевтың зерттеулерінде ғылыми ұжым, міндетті түрде «идеялар генераторы на н», «эрудиттен» және «сыншыдан» тұратын біртұтас субьект ретінде қарастырылады.

«Идеялар генераторы н ың» ғылыми-әлеуметтік рөлін біраз ғалымдар қарастырған. Идеялар генераторы атанған ғалымдардың негізгі қасиеті - ойлау икемділігі, дивергенттілігі не ойлау қарама-қайшылығы - проблеманың көптеген шешімін таба білуі. Бұл қасиеттер туындаған жағдаяттарға жақсы бейімделе білуіне және елестетуге тікелей байланысты. А.Эйнштейн елестете білу қабілетінің өзі білімге қарағанда зор құндылық деп атады.

Эрудиттің рөлі де дау туғызбайды. Эрудит - бұл өз саласында орасан білім қорын меңгерген, жақсы есте сақтай алатын ғалым. Идеялар генераторы мен эрудиттің рөлі бір шығармашылық арнада тоғыса алмайды деген пікірлер де бар. Психологтардың пікірінше, орасан білім қоры шығармашылық «ашылуларға» ықпал ете алмайды.

Енді, ең кең таралған рөл - сыншы не критиктің рөлі. Осындай шығармашылық арнада ұсынылған идеяларды талқылау сатысында қажет маман. Сыншының міндеті - бағалау пайымдарын тез қалыптастыру. Сыншының маңызды қасиеті «реттілікке, айқындылыққа, тәртіпке деген ұмтылысы; ұсақ мәселеге зейін қоя білуі, ерік-жігері мен өзін-өзі бақылай білуі; өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыстың болмауы. Осы орайда жақсы сыншы ұшқыр қияли елестетуге ие болуы тиіс».

Тағы бір таптырмас идея. А. Маслоу «ақиқатында ғылыми ұжым 9 адамнан кем емес құрамнан құралуы тиіс, олардың әрқайсысы ғылым функцияларының бірін атқарады» деп ұсыныс жасаған екен. Олай болса А. Маслоу ұсынған ғылым функцияларымен таныс болайық:

  1. Проблеманы анықтау ; интуитивті ізденіс, болжам жасау ;
  2. Тест жүргізу, тексеру, ұсынылған болжамды бекіту не жоққа шығару; оны түзету; жаңа болжам ұсыну, қайта тексеру, эксперименттеу: фактілерді жинау, оларды үнемі нақтылау;
  3. Ұйымдастыру, құрылымын дайындау, теориясын құру; ең жоғары реттілікпен қорыту;
  4. Тарихи білім мен тәжірибе жинау;
  5. Технологиялық функция: ғылыми құралдарды, әдіснамаларын, техникасын дайындау және жетілдіру;
  6. Әкімшілік, орындаушылық және ұйымдастырушылық функциялар;
  7. Публицисттік, ағартушылық функциялар;
  8. Утилитарлық, қолданбалы, практикалық функция;
  9. Эмоционалды функциялар: ашылу қуанышы, бағалау, құрмет, атақ.

Бұл жерде эр адам бір саланың мамандары болады, бірақ олардың барлығы ғалым болады деп тусінбеу керек. Осы идеяны қолдана отырып, студенттерді ғылыми ұжымда осы рөлдерді біртіндеп меңгеретіндей, ғылыми-педагогикалық шығармашылыққа қосу процесін «құруға» болады. Студенттердің шығармашылық қабілеттеріне қарай - аз ғана шығармашылықтан ең жоғары шығармашылық деңгейге дейін (орындаушылықтан бастап проблеманы іздеу, анықтау және болжам жасауға дейін) және керісінше, екі жолды айқындауға болады. Осы орайда әлеуметтік-психологиялық жағдайдың, оның ішінде студенттің ынтымақтасуға дайындығының, әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдағы жауапкершілігінің өзіндік мәні бар. Шағын топтарды қалыптастыру және онда қолайлы психологиялық ахуал орнату маңызды шарт болып табылады. Сондай-ақ, әрине, ұжым мүшелерінің психологиялық үйлесімділігі де маңызды.

Түйін. Қазіргі заманауи жағдайда білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, білім мен ғылымның жетістіктерін қолдана білсек, педагогикалық қызметіміз нәтижелі болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  2. Радионова Н.Ф. Теоретико-методологические основы развития педагогического образования //Социальная значимость педагогических кафедр в подготовке специалистов системы образования изменяющейся России: Сб. статей. - СПб., 2006, с. 282.
  3. Богословский В.И. и др. Наука в педагогическом университете: вопросы методологии, теории и практики. - СПб., 2000.
  4. Леднев В.С. Научное образование: развитие способностей к научному творчеству. -M., 2001.
  5. Акулова О.В., Радионова Н.Ф., Тряпицына А.П. Компетентностный подход как ориентир модернизации педагогического образования. Ц Академические чтения. -СПб., 2005. - Вып. 6, с.12

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.