Аңдатпа
Болашақ мектеп оқушысының мектептегі маңызды функцияларын дамытуға бағыталған мектепалды даярлықта оқу әрекетін ұйымдастырудың ерекшелігі қарастырылған. Мектепке дейінгі білім беруге қатысты теориялық материал жарияланған.
Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыруда, шешімін табуды қажет ететін міндеттердің бірі - мектепалды даярлықта балалардың білім сапасын жетілдіру болып табылды. Ал мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерту үшін осы кезеңдегі балаларға мектепалды білім беру, олардың оқу әрекетінің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін айқындау маңызды шарт [1].
Мектепалды даярлық баланың интеллектісі дамуының іргетасы оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Сондай - ақ, баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдердің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері олардың айналадағы өміріне адамдарға, оқиғаларға, деректерге қызығушылық танытуы болып келеді. Бала қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Осыдан келгенде, оқу әрекетін таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады. Оны әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің, әрбір орындалатын оқу тапсырмасының өзегі деп түсіну керек.
Оқытудың тиімділігі баланы қоршаған дүниені түсініп, танып-білуіне байланыстылығын Я.А. Коменский "жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге, таныстан бейтанысқа" деген дидактиканың ережесіне негіздеген [2].
А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, Б.Т. Ананьев, Л.И. Божович, Г.И. Щукина, Н.Ф. Талызина, П.Я. Гальперин еңбектерінде оқу әрекеті проблемаларының түрліше жақтары қарастырылған [3].
Қазақстандық педагог-ғалымдар A.F. Қазмағанбетов, Қ.Б. Сейталиев, Ш.К. Құрманалина, А.Х. Аренова, С.Е. Қаңтарбайдың еңбектерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі, жолдары әр қырынан талданғаны белгілі [4].
А.Ғ. Қазмағанбетов балалардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалауын оқу әрекетін белсендіру құралы ретінде қарастырса, Ш.К. Құрманалина оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен орындау жолдары, А.Х. Аренова мектеп балаларының танымдық дербес іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың орны мен маңызын, С.Е. Қаңтарбай оқу әрекетін еңбек құралы ретінде қалыптастыру туралы зерттеулерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаның дамуына ықпалы теориялық және практикалық жағы қарастырылған [5].
Жаңа стандартқа сүйенсек, негізгі талап, балаларды құзыреттілік тұрғысынан дамыту болып табылады.
Құзыреттілік - балалардың іс- әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс- әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Білім саласы бойынша түйінді құзыреттіліктер қалыптасады. Білім салалары мектепалды даярлықта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен жүзеге асады. [6].
Оқу әрекетінің ерекшелігін төмендегідей сипаттауға болады:
- оқу әрекетінің негізгі қызметі материалдық немесе басқа нәтижелерді алу емес, мектепалды даярлық балалардың дамуына бағытталады;
- оқудың негізгі мазмұны тапсырманы шешуде әрекет етудің жалпы тәсілдері болуы тиіс, себебі баллар әрекеті осы жалпы тәсілдерді игеруге бағытталады;
- оқу әрекетінің тағы бір жалпы ерекшелігі мектепалды даярлық балалардың саналы және өз бетімен әрекеттің бағдарлы негізін құру бойынша адам әрекет етеді;
- оқу әрекетін қалыптастыру үрдісі мазмұныды жалпылау қағидасына негізделеді.
Сонымен, осындай күрделі оқу әрекетіне байланысты балалардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол белсенді сөйлеу әрекеті арқылы іске асады.
Оқу әрекеті - бала мен тәрбиешінің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен құралатын күрделі әрекет. Оқыту тәрбиешінің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, тәжірибелік әрекеті. Мектепалды даярлықта бала оқу әрекетінде өзінің танымдық қабілеттерін арттырады. Оқу баладан ойлау әрекетімен қатар, басқада психикалық үрдістерді: сезімдері мен эмоцияларын, мотивтері мен қызығуларын, жігері мен қабілеттерін т.б. жеке бастың қасиеттерін қажетсінеді деуге болады.
Мектепалды даярлықта баланың оқу әрекеті мазмұнына: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал - тәсілдерін меңгеру кіреді. Осыған орай, баланың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.
Мектепалды даярлықта балаларының жетекші әрекеті оның мінез -құлық мотивтерін елеуі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Мектепалды даярлық балаларының қабылдау қабілеті әлі ұйымдастырылмаған және тұрақсыз және болғанымен жаңа нәрсені қызығушылықпен қабылдайды. Олар қоршаған ортаны үлкен қызығушылықпен қабылдап, өздері үшін күн сайын жаңа нәрсе ашады. Мектепалды даярлықтың соңына қарай балалардың қабылдауы күрделеніп, талдамалы, ұйымдасқан сипатқа ие болады.
Мектепалды даярлық балаларының зейіні тұрақсыз, көлемі шектеулі келеді. Сондай - ақ, ойлауы эмоцинальды - бейнеліктен, абстрактылы - логикалық бағытында дамиды. Ойлауы сөйлеумен байланыста дамиды. Қазіргі үшінші сынып балаларының сөздік қоры шамамен 3500 - 4000 сөзді құрайды. Мектепте оқытудың ықпалы сөздік қорды молайтудан ғана емес, срнымен қатар маңызды біліктілік болып саналатын баланың өз ойын жазбаша және ауызша түрде еркін жеткізуден көрінеді. Бұл кезде бала нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі таныс емес. Олар тек математика, сауат ашу және басқа пәндерді тереңдеп оқу кезінде қалыптасады.
Мектепалды даярлықта баланың дамуы өте күрделі процесс. Бұл кезеңнің адам дамуындағы орны ерекше. Бұл кезде өмірінің әрбір күнін тиімді пайдалағаны дұрыс. Бұл кезеңдегі негізгі міндет-қоршаған әлемді, табиғатты, адами қарым- қатынасты танып білу. Осы кезеңде алға қарай өмір бойы өзгеріссіз қалатын әлеуметтік, адамгершілік және интеллектуалдық сапалар қалыптасады.
Мектепалды даярлықта бала мектептегі өмірінің басталуымен бірге балалардың әрекетінің жетекші түрі де өзгереді: ойыннан, баланың жоғары күш- қуаты мен интеллектуалдық, ерік - жігер сапасын талап ететін, оқу әрекетіне ауысады.
Мектепалды даярлық балаларының белгілі бір дәрежедегі жеке дамуын мектепалды даярлықтың оқу үрдісін баланың оқу әрекетіне сәкес ұйымдастырған жағдайда ғана байқала бастайды. Міне, осы кезеңде көптеген балалардың танымдық қызығушылығы оянып, ойлауы ішінара логикалық қорыту сипатына ие болып, өзіне - өзі және жолдастарына баға беруі қалыптаса бастайды.
Мектепалды даярлықта балаларының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, дидактикалық ұстанымдарға сай жүйеленген білім мазмұны мен адамдық жауапкершілік сезімдерге негізделген педагогикалық талаптардың бірлігінен тұратын оқу үрдісінің бағытына тәуелді болмақ.
Мектепалды даярлықта бала әрбір даму кезендерінде пайда болатын, жетекші роль атқаратын қажеттіктеріне сәйкестіндіріп, оны қанағаттандыратындай дәрежеде ұйымдастырып, оған себеп болатын мотивтердің өзін қоршаған дүниені танытуға ұмтылу, сол танымға септесетін әрекет тәсілдерін меңгеру, өзін жеке тұлға ретінде бағалай алу, өз бойындағы қабілеттерін жетілдіру, өзін-өзі дамыту т.б тұрғысында қалыптастырудың мәні мектеп алдында тұрған үлкен міндеттің-жеке тұлға қалыптастыру міндетінің жүзеге асуының алғы шарты болып табылады. Бұл мәселе баланы өз әрекетінің субъектісі деп бағалауды, оның жеке мақсаттарын қоғам талаптарымен ұштастыруды қажет етеді.
Білім беру мазмұнының негізгі мақсаты - оның жан-жақты әрі тұтас тұлғаны тәрбиелеудің құралы ретінде балалардың оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға, іс-әрекет субьектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау.
Қазіргі мектепалды даярлықта баланың бастауыш мектептерде қалыптасқан білім беру ісі баланың бойына дайын білім мазмұнын беруді көздейді.
Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылатындықтан оның ерекшеліктерін білуіміз қажет, оның үлкен мәні бар. Олар:
- жаттығу, есеп, тапсырмаларының үздіксіз орындалуы;
- оқу тапсырмаларының енді игерілетін және өткен материалды қамтуы;
- тапсырманы саралап және жеке беруге мүмкіндігі;
- басшылыққа алынатын төрт жетекші ұстанымдардың (ізгіліктендіру, демократияландыру, саралап және даралап оқыту) жүзеге асыруына мүмкіндіктің болуы;
- уақытты үнемдеуге болатындығы;
- тапсырманы саналы игеруге жағдайдың тууы:
- жеке, топтық, ұжымдық жұмысты ұйымдастыру;
- оқу тапсырмаларын құрастыруға мүмкіндіктің барлығы;
- оқу тапсырмасын саналы орындау.
Мектепалды даярлықта балалардың оқу үрдісінде әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың ортақ тәсілдерін, әрекетін бақылап- бағалауды, нәтижесін эталон мен салыстыруды меңгереді.
Құзыреттілік - балалардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді [6].
Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын орындауда талдау мен мақсатты анықтаудың әдіс-тәсілдерін пайдалану және оның тиімділігін дәлелдеуді қажет деп санадық.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілген кейбір нәтижелер мектепалды даярлықта балаларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, сұрақ қоя отырып ақпарат алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйретеді.
Баланың оқу әрекеті барлық рухани жүйелерінің қатысуын қажет ететін күрделі, жан-жақты үрдіс болып табыллады. Ондай күйде болудың басты шарттарының бірі-белсенді ой әрекеті болуы тиіс.
Педагогика, психология ғылымдарының соңғы зерттеулерінде кез келген әрекетті сол әрекетке сәйкес міндеттерді орындау тұрғысынан қарастырады.
Бүгінде мектепалды даярлықтағы оқу әрекетінің басты міндеті - баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын, қызығушылығын қамтамасыз ету. Мектепалды даярлықта мектеп баланың өзін іс жүзінде көрсету, мінез-құлық мәдениеті элементтерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады [7].
Мұнымен бірге балалардан ойланып-толғанып әрекет ету, алға дұрыс мақсат қоя білу соған жету кәсіби және өмірлік сынақтардан дұрыс жол таба білу талап етіледі. Ал осы айтылған міндеттерге әмбебап тәсілдер (талдау, мақсатты анықтау) арқылы жетуге болады.
Сонымен, мектепалды даярлыққа ұсынылған білім мазмұнын толық меңгерту үшін оқу әрекетінің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін ескеру қажет, яғни оқу іс-әрекеті мен баланың оқуға деген мотивациясы бір-біріне сәйкес келуі тиіс. Сондықтан да, біздің міндетіміз - мектепалды даярлық балаларының жас ерекшелігі мен нақты мүмкіншілігін танып білу және оның даму құзыреттілігін оқу іс- әрекеті арқылы қалыптастыру болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
- Дошкольная образовательная программа (воспитания, обучения и развития детей 5 лет). Попова Т.Н., Еденбаева З.Д. - Алматы, Алматы кітап, 2006
- Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинение: в 2 - х т. - M., - 1982. -331с.
- Божович Л.И. Личность и её формирование в детском возрасте - M., Просвещение, 1968. - 4646.
- Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. - Астана: Фолиант, 2004. - 4266.
- Аренова А.Х. Научно-педагогические основы самостоятельной учебной деятельности младших школьников: автореферат. ... докт. пед. наук. 13. 00. 01. - Алматы,2001.
- Мектепке дейінгі тэрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. № 1080 қаулы 2012 жылғы 23 тамыз (Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292)
- Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы. Астана, 2016.