Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гуннар хайнзон және оның демографиялық концепциясының ерекшелігі

Аңдатпа

Мақала неміс профессоры Гуннар Хайнзонның «¥лдар және әлемдік билік: террордың ұлттың өрлеуі мен құлдырауындағы рөлі» деген еңбегіне арналған. Хайнзон әлемдік тарихтағы және қазіргі соғыстар мен қақтығыстарды демографиялық өсімдегі ұлдардың рөлімен түсіндіреді. Соның ішінде қазіргі миграциялық үрдіскеде өз пікірін білдіреді. Мақалада кітаптың негізгі тұжырымдары берілген.

КІРІСПЕ

Қазіргі әлемде бұрын-соңды тарихта болмаған саяси, мәдени процестер жүру үстінде. Жаһандану дәуірімен тұстас келген бұл жағдайларға ғалымдар, сарапшылар тұрғысынан әлі де концептуальды, жүйелі талдау жасалған жоқ. Адамзат бұл тарихи оқиғаны басынан өткеру үстінде болғандықтан, оған баға беру әлі ерте сияқты көрінеді. Мысалы, өткен XX ғасырдың басындағы дүниежүзілік соғыстар, Кеңес үкіметі келген саяси төңкеріс, Германиядағы фашизмнің билікке келуі сияқты құбылыстарға байланысты зерттеулердің жалғасуы осының куәсі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Осы ғасырдағы ең күрделі, таласты тарихи құбылыстар ретінде біз ең біріншіден әлемдегі терроризм мен жапппай болып жатқан миграция процессін айтамыз. Әрине, әлемде ғалымдар мүлдем үнсіз отыр деуге тағы болмайды, өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басындағы тарих көшінің бағыт-бағдарын болжауға бағытталған жұмыстар жоқ емес. Мысалы, Фукуяманың белгілі еңбегі пайда болды, одан кейін әлемдегі оқиғаларды Хантингтон теориясы бойынша пайымдаушылық қалыптасты, басқа да футуролгтардың еңбектері жарық көрді. Болашақ әлемді «Париж құдай ана мешіті» сияқты әдеби антиутопия арқылы елестету де белең алды. Бірақ оның бәрі осы ғасырдың әлемді сілкінтіп жатқан оқиғаларының мәні мен мазмұнын түбегейлі ашуға жеткіліксіз. Әрбір көзқарас, теория жағдайдың бір қырын, ракурсын ашып беруі мүмкін, бірақ түбегейлі картинасын бере алмай отыр. Міне, осындай еңбектердің қатарына неміс профессоры Гуннар Хайнзонның (Gunnar Heinsohn) «Ұлдар және әлемдік билік: террордың ұлттың өрлеуі мен құлдырауындағы рөлі» деген еңбегін жатқызуға болады. Гуннар Хайнзон - Бремен университетінің профессоры, сол университет жанындағы геноцид құбылысын зерттейтін Рафаэл Лемкин («геноцид» терминін енгізген юрист) атындағы институтты басқарады, социолог, демограф, өркениеттанушы. Оның аталған кітабы сонау 2003 жылы жарық көрген екен. Зерттеушілердің пікірінше кітап неміс тілінде жазылғандықтан көп уақыт бойы ғалымдардың назарынан тыс қалған. Кітапқа алғы сөз жазған белгілі неміс философы Петер Слотердайк: «Капитал» марксизмнің библиясы болғаны сияқты, Хайнзонның кітабы демографиялық реализм (бір аудармада «материализм») деп атауға толық құқы бар жаңа саланың негізін салатын еңбек болып табылады» - дейді. Осы берілген баға біреулердің Хайнзонды XXI ғасырдың Марксі деп атауына себепші болды. Слотердайктың айтуынша бұл қазіргі дүниеде болып жатқан процесстерді түсінуге мүмкіндік беретін еңбек[1].

Гуннар Хайнзонның пікірінше, елде жастардың саны күрт артуы бақылауға қиын болатын зорлық-зомбылықтың тууына әкелуі мүмкін. Erep 15 пен 29 жастағы ерлердің саны ел тұрғындарының 30 пайызынан аса қалған жағдайда олардың тарапынан зорлық-зомбылық жасала бастайды. Erep 15 жасқа дейінгі балалардың саны өте көп бола бастаса, ол да қайғылы жағдайға жеткізуі әбден мүмкін. Соңғы интервьюнің бірінде Хайнзон «әскери индекс» деген термин қолданады. Бұл индекс 55 пен 59 жастағы және 15 пен 19 жастағы ерлер арасындағы арасалмақты білдіреді. Яғни, 1000 зейнеткер жасына жеткен ер адамға 3000-нан 6000-ға дейінгі жас келеді екен[2]. Жастардың санының осылай өсуін ол «жастардың қатерлі демографиялық басымдығы» деп атайды. Оның себебі ретінде осындай көп мөлшердегі жастардың қажеттіктерін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ете алмау деп түсіндіреді. Қоғамдағы жастар арасындағы әлеуметтік теңсіздік, үлкендердің шексіз билігі олардың бойында қызғаныш пен өшпенділік сезімін туғызады. Өзінің тезисіне Г.Хайнзон көптеген тарихи дәлелдерді келтіреді. Мысалы, «крест жорығы», оларды сол жорыққа жіберу арқылы орта ғасырлық Eypona қоғамы негативтік энергетикасын қайда жұмсарын білмей жүрген жастардан құтылады.

Жалпы оның көзқарасы бойынша, қашанда жастардың күш-қуаты соғыс арқылы шешіліп отырған. Себебі, олардың көбі сол соғыстарда өледі, тек аман қалған санаулылары ғана атақ пен байлыққа қол жеткізе алады. Хайнзон демографиялық өсімнің зорлық-зомбылыққа ұласуы тек қана әлеуметтік жағдай емес деп санайды, оған сонымен қатар жастар арасындағы қолы бос, іш пыстыратын, қарны тоқ тіршілік те көп эсер етеді. Осындай еріккен жастарға әлдебір ұран тасталса жеткілікті. Ол ұран, идеология қандай болса да бәрібір, діни, саяси болсын, тек жастарға қозғалыс жасауға себеп керек. Сондай себептердің мысалы ретінде ол Жаңа дәуірдегі колонизацияны, фашизмді, Палестина-Израйль қақтығысын, қазіргі терроризмді атайды.

Автор өз концепциясында жанұядағы бір бала қоғамға қауіпті емес деп санайды, ол өмірден орнын табады. Ал 2,3,4 балалар әлеуметтік ортадан орынды өзі табуға тырысады. Сондықтан ол «кіші ұлдардың» мәселесіне көп көңіл бөледі. Бұл жерде идеология соғысқа кінәлі емес, керісінше, қоғамнан өз орнын таппаған жастар зорлық жасау үшін өзіне идеология таңдап алады, бұл оларға өз әрекетін ақтап алу үшін керек болады. Осылайша Хайнзон соғыстардың себебін демографиялық материализм тұрғысынан түсіндіреді. Слотердийктің оның еңбегін «демографиялық материализм (реализм)» атауы да сондықтан болса керекті. Осыдан кейін ол мынандай тұжырым жасайды: әлемдік тарихтағы соғыстардың 80 пайызы шамадан тыс көбейген жастары бар елдегі ұлдардың қайғы-қасірет оқиғасы[3]. Ол жастар өз күштерін қайда жіберерін білмей жүрген, қаны тасыған, агрессивті ұлдар. Олар бастаған соғыс тірі қалғандары дұрыс орын тапқанша жалғаса береді, қарсыластарын жоя отырып солардың орнын алуға тырысады.

Г.Хайнзон тек жалаң теориялық тұжырымдар жасамайды, көптеген фактологиялық материалдарды пайдаланады. Германия, жалпы Eypona, Ресей, Жапония демографиялық депрессия жағдайында, Мысалы, ГерманиядаІОО еркекке 80 ұлдан келеді, ал Газа секторында 100-ге 164 болып келеді. Афғаныстанда-100-ге 403, Иранда-100-ге 351, Сомалиде -100-ге 364 баладан келеді. Бұл үрдіс көптеген мұмылман еліне тән деген тұжырым жасайды. Оның есебінше, мұсылман әлемінде 150 миллионнан 1200 миллионға өскен, бұл 800 пайыздан асып түседі. Ал әлемдегі көп халықты Қытай мен Индияда адам саны 300-400 пайызға ғана өсіп отыр. Осы қалыптасқан жағдай Батыстың демографиялық капитуляциясы. Міне, осы жерде ол миграция мәселесіне көше отырып, сонау 2003 жылы Еуропадағы қазіргі миграция жағдайының болуы жайлы болжам айтады. Г.Хайнзон теориясының ұтымды жері де осы болды. Ол 2050 жылға дейін Еуропаға 1,2 миллиард адам келуі мүмкін деген пікір білдіреді.

Хайнзон Батыстың гуманитарлық көмегіне қарсы пікір білдіріп, оның зиянын атап өтеді. Зорлық аш-жалаңаштардан шықпайды, керісінше тамағы тоқ, қоғамға керегі жоқ, еріккендерден шығады. Сондықтан оларды босқа қамқорлаудың қажеті жоқ.

Автор дін мен терроризм мәселесіне де осы контексте қарап, еріккен жастар өздерінің террорлық, зорлық-зомбылық әрекетін ақтау үшін дінге немесе саяси идеологиялық көзқарасқа сүйенеді деген ой түйеді. Құран, Библия, «Mein kampt», «коммунистік партия манифесі» ішінен өздеріне ыңғайлысын табады. Қауіпті идеялар ол кітаптардан шықпайды, жастар өздері бұрмалап жасап алады. Исламизм исламнан тумайды, оны жас мұсылмандар өздері жасап алады. Айта кету керек, Хайнзон орта ғасырлық колонизаторларды «христианистер» деп қазіргі исламистермен тең қояды. Демек, олар шынайы Христиандар немесе мұсылмандар емес, тек олардың атын жамылғандар, ол діндерді пайдалану тек жауапкершіліктен қашу үшін ғана керек.

Гуннар Хайнзонның «Ұлдар және әлемдік билік: террордың ұлттың өрлеуі мен құлдырауындағы рөлі» деген еңбегінің негізгі ерекшеліктерін атап өтсек.

  1. Демографиялық өсім ұлдардың шексіз көбеюіне әкелмеу керек, себебі, бұл елдің өзінде немесе әлемде келеңсіздікке әкеледі. Олардың санын шектеу керек.
  2. Олар тек қана тоқ емес, өмірден орнын тапқан болуы керек.
  3. Үшінші елдерде бала санын азайту үшін батыстың гуманитарлық көмегін азайту керек. Ол көмек қарны тоқ, бірақ өмірден орнын таппаған көп ұлдардың пайда болуына әкеледі.
  4. Исламизмнің бір себебі-демографиялық өсімде ұлдардың шамадан тыс көптігі және оларға терроризм, зорлық идеясының тарауы. Өз өмірлерінің мәнін «дұрыс емес» идеялардан табуы.
  5. Батыста бала (халық) санының шектен тыс азаюы, «демографиялық капитулияцияға» әкеледі.
  6. Г.Хайнзонның демографиялық материализм! Л.Гумилевтің «пассионарлық» концепциясын демографиялық аспектіде нақтылады деген пікір қалыптасты.
  7. Ұлдар санының шектен тыс көбеюі тарихи өткенді өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы оның ойынша, қазіргі германияда 80 миллион ұлдар болса, олар да бұрынғы жерлерін қайтарып алу үшін террорға баруы мүмкін еді.

Кітаптағы тұжырымдардың ішінде қайшылықты, таласты жерлері де жеткілікті, оның үстіне қазіргі әлемдегі оқиғалар аясында кітаптағы кейбір ойлардың қарсы пікір туғызуы заңды да. Бірақ кез-келген уақытта жастардың, соның ішінде ұлдардың соғыстар мен қақтығыстарда ортада болатыны да шындық. Олардың әртүрлі идеяларға, авантюрлік оқиғалға жиі тап болуы да шындық. Қазіргі жаһандық проблема терроризм мен қақтығыстарда құрбан болып жүргендер де жастар. Сондықтан да ұлдар және соғыс, қақтығыстар немесе терроризм сияқты мәселенің қойылуы да логикаға сыйымды көрінеді. Екінші жағынан жастар саны мөлшерден тыс елдің бәрінде жастар (ұлдар) Г.Хайнзон жалпылама берген си патта рға априори ие деп айтуға бізің оймызша тағы болмайды. Өткен ғасырда сол Германияда, Италияда, жапонияда жастар мүше болған террорлық ұйымдар жеткілікті болғаны тарихтан белгілі. Бірақ, қай елде болмасын, белгілі бір ұлттық немесе идеологиялық әлде діни сипаттағы идея төңірегінде жастар көп шоғырланса, ол көп жағдайда хаос немесе тәртіпсіздік туғызады. Себебі, жастық энергия, агрессия уақытында шығаруды қажет етеді. Мүмкін, жастардың пассионарлығын дұрыс бағытқа бұру қажет шығар, өміріне қажетті білім, жаңа технологияларды игеру сияқты. Мысалы, жақында интернетте Москваның оқу орындарында кавказдық жастардың көп мөлшерде түсіп жатқандығы жөнінде материал болды. Демек, өткен қайғылы қақтығыстардан кейін жастар өз орнын табудың, қоғамдағы орны үшін күресудің ұтымды жолына түскені, болмаса кавказдық републикалар елде жастардың энергетикасының шектен тыс шоғырланбауының тиімді шешімін тапқаны.

ҚОРЫТЫНДЫ

Эрине, әдеттегідей тосын ой айтқан кез-келген шығарма сияқты Г.Хайнзонға да қарсы көзқарастар баршылық. Оған социал-дарвинизмнен бастап шовинизмге, антиисламдыққа дейінгі әртүрлі кінә тағылуда. Тіпті оны Американың орталық барлау басқармасымен тығыз байланысты жұмыс істейтін, мұсылмандарға, Таяу шығысқа қарсы бағытталған арандатушы еңбек деп санайтындар да баршылық[4]. Соған қарамастан оның еңбегіне деген қызығушылық та жетерлік.

Қорыта келгенде Гуннар Хайнзонның кітабы бүкіл тарихи процессті түбегейлі түсіндіретін теория болмаса да, белгілі бір ақиқатқа негізделген еңбек екені сөзсіз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Вольский В. Демографический материализм [Электрон, ресурс]. 2009. URL: http://volsky.us/demographic_ materialism .html (дата обращения: 01.03.2012). Демографический ежегодник России. 2010 : стат. сб. M.: Росстат, 2010.
  2. Хайнзон Г. Им нужен мир. И желательно- весь! Интервью. //[Электрон, ресурс], www.kontientorg.
  3. Ионин Л. Апдейт консерватизма. M.: Изд. дом Гос. ун-та — Высшей школы экономики,M.: 2010. — 304 с.
  4. Йоран Терборн. Демограф на службе НАТО. Журнал «Пушкин» N3. 2010 г. Стр 27-39
  5. Розенберг Г.С. Половозрастные пирамиды и устойчивое развитие (размышления над книгой Гуннара Хейнзона)// Поволжский экологический журнал. 2014. № 1. С. 103 - 109
  6. Хайнзон Г. Будет ли в Палестине мир? Ц BaznicaJnfo [Электрон, ресурс]. 2009. URL: http://baznica.info/article/budet-li-v-palestine-mir (дата обращения: 07.03.2012).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.