Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ философиясы және тарихи процесс

Аңдатпа

Қазақ халқының ұлы ойшылдарының тарихи үдерістегі рухани дамуға белсенді қадамдары халықтың данагөй тұлғаларының іс-әрекеттері, шығармашылығы арқылы жүзеге асып отырды. XX ғасырдың басы на дейін өмір сүріп халықтың рухани әлемінде терең із қалдырған тұлға - Абай мен Шәкәрім екені анық. Абай мен Шәкәрім айтқан терең ойлар мен құндылықтар жүйесі жастарды тәрбиелеуде әмбебап кұшке айналғанын XXl ғасырдың өзіндеде байқауға болады.

КІРІСПЕ

Тарих философиясымен, немесе философия тарихымен, оның ішінде қазақ философиясымен айналысқан зерттеуші тек қана өзінің жеке дүниетанымдық шеңберінде шектеліп қалмай, заман туындатқан шындықты іздеудің жаңа тәсілдерін, оның әмбебаптық үлгілерін игергені абзал. Бұл жаңаша логиканы қажет ететін, жаңаша құндылықтық жүйені басшылыққа алуды үйрететін сала. Ғасырлар бойы қордаланған рухани байлық, рухани мұра өзінің жаңа замандағы қолданушысына лайықты бейнеде тапсырылады, ғылыми сұрыптаудың арқасында електен өткізілуі өз нәтижесін қомақты түрде бере алады.

Тарихи баяндау тәсілі тарихи деректер тізбегін жасауда, кейбір тарихи оқиғаларды бейнелеуде өзінің жемісті ғылыми нәтижелерін береді. Әсіресе, қоғамдағы үлкен бетбұрыстар болған кездерде әлеуметке тарихи шындықты жеткізуде бұл тәсілдің орны ерекше. Дегенмен, баяндау тәсілі арқылы философиялық терең пайымдаулар жасалмай қалатын кездер жиі кездеседі. Тарихи процестің терең қатпарлары зерделенбей қалатыны анық. Оған бола тарихшылардың орасан зор еңбегін жоққа шығаруға да болмайды. Осындай жағдайда тарих философиясының көмегі қажет-ақ.

НЕПЗП БӨЛІМ

Ал тарих философиясының негізгі зерттеу нысаны - тарихи ой және тарихи процесс. Өткен тарихи кезеңдер, әсіресе XX ғасыр адамзаттың ең күрделі күндерін өткізген кезең болып табылады. Ал қазақ халқына ол уақыт оңайға соққан жоқ. Енді міне өткенімізді сараптап, өшкенімізді жандыратын шақ келді. Әсіресе, қазақ философиясының осы тарихи дәуірге тән ерекшелігін айқындай түсу маңызды.

Жекелеген халықтардың тағдыры жалпы адамзат тарихының даму логикасынан, оның кедергілерге толы соқпақтарынан алшақ кете алмайды. Әрине, жалпы тарихқа тән жалпылама, әмбебап заңдылықтар әрбір әлеуметтік-этникалық ортадаға ерекшеліктерді, өзіндік төлтумалық қасиеттерді жоққа шығармайды. Қайта сол көптүрлілік арқылы жалпы әлемдік тарихты гүлдендіре, көркейте түседі. Тек ізденуші солардың бірлігі, тұтастығы бар екенін білген, ескерген жағдайда ғана тиісті ғылыми нәтижелерге қол жеткізе алады. Бұл бірлік пен тұтастық адам табиғатын, болмысын тереңдей түсіне бастаған кезеңнен бастап айқындала түседі. Онсыз тарихтағы көптеген секірістер мен іркілістерге, өрлеу мен құлдырауларға тиісті объективті баға берілмейді және кейбір түсініктемелер берілуде жаңылысуларға жол беріледі.

Адамдар барлық тарихи кезеңдерде өздерінің іс-қимылы, әрекеті нәтижесінде қалыптасатын қатынастар ауқымында өмір сүреді. Бірақ бұл қатынастардың едеуір бөлігі бейсаналық кейіпте өз қызметтерін атқарады. Сондықтан ойлы азаматтардың көбісіне тарих доңғалағының қозғалысы қанаттандандыру сезімін туындатпайды. Шын мәнінде адамдар өздерінің үлкенді-кішілі мақсат қуған тіршілігі мен күнделікті болмысының негізінде қалыптастырған әлеуметтің ішкі заңдылығының жемісін жеуден аса алмағаны байқалып тұрады. Тарихи процестегі адам болмысының қыр- сырын тереңірек тану үшін жоғарыда аталған қатынастарды қалыптастырушы ортаны, яғни қоғамды жан-жақты зерттеуіміз қажет, ондағы басымдық танытатын үрдістер мен құндылықтарды анықтаумен айналысуға тиістіміз.

Тарихи процестің барлық мән-мағынасын, қадір-қасиетін қоғамдағы техникалық, немесе технологиялық прогреске, пәрменділікке тели салуға болмайды. Тарихи процесті терең зерделеу үшін, оған тиісті бағалаулар беру үшін философиялық пайымдаулардың орны ерекше, Әсіресе, құндылықгар жүйесі қайта қаралып жатқан кезеңде олардың маңызы арта түседі, көп жағдайда біршама құбылыстарға аксиологиялық сараптаулар өткізу арқылы ғана өткен тарихымыздағы інжу-маржандардың қадірін айқындай аларымыз хақ. Өзінің рухани құнылықтарын бағалаған халық қадірлі болары анық.

Жалпы қазақ жеріндегі күрделі тарихи процестердің түпкі астарына үңілетін болсақ осындай тағдырға мойынсұнушылық терең бекігендігін байқаймыз. Әрине, мойынсұнудың да әр түрі бар. Біріншісі, діни ақиқатты негізге ала отырып, әрбір құбылысқа жоғарыдан берілген белгі, қатаң шарасыздық ретінде қабылдау арқылы мойынсұна тіршілік ету. Екіншісі, «күшті қорқытады, терең батырады» деген принципке сүйене отырып әлеуметтік теңсіздіктің қисынына сай өмір сүруге тырысу болып табылады. Әрине, одан басқа да турлері кездесуі мүмкін. Себебі, өзінің ақылын, ойлау жүйесін тіршілік ету барысында адам әртүрлі бағытта белсендендіре алады. Тек оның нәтижелері қандай болатынына әлеуметтік субъектілердің барынша терең бойлай алмайтындығы қарапайым сана үшін үлкен мәселе болып табылады. Әйтпесе, тарихи сананың кейбір қатпарларындағы көптеген жаңылысулар орын алмаған болар еді.

Ал, енді қазақ халқының тарихи процестегі рухани дамуға қарай белсенді қадамдары сол халықтың ішінде өмір сүрген данагөй тұлғаларының іс-әрекеттері, шығармашылығы арқылы жүзеге асып отырды десе болады. XX ғасырдың басына дейін өмір сүріп халықтың рухани әлемінде терең із қалдырған тұлға - Абай Құнанбаев екенін мойындағанымыз белгілі. Абай айтқан терең ойлар, керемет құндылықтар жүйесі өзінің жастарды тәрбиелеуші құдіреті бойынша әмбебап күшке айналғанын қазіргі XXI ғасырдың өзінде айта аламыз. Әлемді билеуші күш адамға байланысты оның дүниеге деген ыстық ықыласы, яғни махаббаты екендігін жеткізген рухани тұлға екенін ескере отырып, бұл түсінік Қожа Ахмет Иассауи жырларынан қазақ даласында бастау алатын тарихи бар екенін атап өте аламыз [1].

Абай үшін дүниені терең танып білу үшін, оны әрбір адам жүрекпен қабылдап, ақылмен електеп, барлық білім көздерінен сусындап, үлгілі мәдениеттерден үйреніп қана жүзеге асыруға болатындығымен байланысты. Эрине, адам атқарған әрбір қызметін оңды іске бағыттауы шарт, сонымен қатар тұлға үшін маңызды жоғарғы күштердің құндылығына жүрекпен түйсіне қарауы да қажетті дүние. Онсыз соқыр сенімнің, яғни дінді догмалық түрде түсіну жолына түсу қаупі туындайды. Ғарыштық сана, ғаламдық үйлесімділік адамнан жүрек жылулығына толы шынайылықты, адалдықты, әсемдікті, шеберлікті талап етеді. Міне, осыған орай Абай адамзат баласы үшін түпкі заңдылықтардың қайнар бастаулары жөнінде төмендегідей тұжырымдар келтіреді: «Құдай тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан Һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан» [2, 12 6]. Ойшыл - жалпы адами ғұмырдағы рухани жолдың әмбебап өлшемін анықтайды.

Ал, енді Абайдың ойы қазақ даласында өз заманында кең тарамаса да, оған ұқсас өмір туралы ойға шому, оның мәні мен онтологиялық негіздерін іздеу, аксиологиялық иерархиясын анықтау ағартушылық жолында жүрген зерделі жандар үшін сипатты іске айнала бастайды. Бұл да қазақ қоғамының интеллектуалдық, философиялық құрылымдарды өз қоғамдық санасында гүлдендіре бастауының белгісі болатын. Өмір деген үлкен жұмбақтың шешуін табамын деп әуреленбе, одан да кең қанат жайып өмір сүріп, пендеге берілген уақыттың өзі бекер емес деген ойды тұжырымдайды. «Өмір» феномын өзінің шығармашылығына арқау еткен Ғұмар Қараш қазақ даласында образды түрде бейнеленген «бес күндік өмір» түсінікті өз жырында қолданады. Дегенмен, ол өзінің дүниетанымын ұнжырғасы түскен бағдарда ұстамайды және өмірді мағынасыз, жауапкершіліксіз өткізе салу дегеннен аулақ болуға шақырады.

Ал Абай болса осы күшті нағыз махаббаттың, адами сүюдің белгісі ретінде айшықтап көрсетеді. Абайдың «Үш сүюден» құралған рухани әлемдегі қарым- қатынастың ішкі механизмі - алдымен Алланың адамзатты сүюінен, сосын адамның Алланы сүюі және соңынан - адамның адамзатты сүюінен тұрады. Абай «толық адамның» жетілуі деңгейлерін сатылай көрсете келіп, «Бұл айтылған үш хаслеттің иелерінің алды- пайғамбарлар, онан соң - әулиелер, онан соң- хакимдер, ең ақыры - кәміл мұсылмандар» - дегені белгілі[2, 1036]. Осылай сатыланған, реттелген бағалаулардан ойшылдың дүниетанымындағы белгілі бір рухани жүйенің болғанын байқаймыз.

Бұл түсініктер қазақ қоғамына барынша кең тарағанмен бұқара халықтың кәдуілгі санасы күнделікті күйкі тірліктің соңына жүріп назар аудара қоймайтындығы қинайды. Көпшіліктің даналықтың астарына үңілмейтіндігі ақынды барынша ашындырады, қынжылтады, ұлттың болашағы туралы ойлардың жетегінде біршама пессимистік күйлерге беріледі. Кейде надандықтың қақпанында жүрген қандастарына түңіле қарайды. Бірақ өмірде жарық нұрға, жақсылыққа да орын бар екеніне шүкіршілік етеді. Абайдың мұрасын зерттеуші ғалымдар «Сүю мен сенімнің» арасындағы тығыз байланысты орынды атап өтеді [3, 756]. Ол руханилықтың нағыз өзегі болып табылады.

Сөйтіп, Абай ғылым мен білімге деген рухани тазалықты үнемі айтып отырған данагөй бабамыз еді. Ол өзінің «Отыз екінші» сөзінде білімге деген ұмтылыста тұлғаға Ақиқат тұрғысынан біршама талаптар туындайтынын айтып өтеді: «Әуелі - білім-ғылым табылса, онда-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесін керек болар еді деп іздемекке керек. Оның себебі білім-ғылымның өзіне құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил (тыныштық, рақатшылық - арабшадан) болады. Сол рақат бергеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің жақсы ұғып, анық сөз суретімен ішке жайғастырып алады», - дейді.

Әрі қарай өрбіте келіп, ғылымға өмірін арнаған азаматтарға нағыз биік деңгейдегі талапты тұжырымдап береді: «... ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залалды емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас күншілдікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады» [2, 464 б.].

XX ғасырдың басында қазақ топырағында гуманистік ой-сананы барынша биік деңгейге көтерген ойшылдардың қатарына Шәкәрім Құдайбердіұлын жатқызамыз. Оның діни-философиялық тұжырымдары негізгі философиялық еңбегі «Үш анықта» келтірілгені ғылыми көпшілікке белгілі. Діни философияның шешетін негізгі мәселелерінің қатарына жан мен рухтың өзара байланысы, рухани дамудың тылсым күшін байыптауға тырысу жататыны белгілі. Шәкәрімнің бұл сұрақтарды зерделеуде төмендегідей қорытындыларға келгенін көруге болады: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» [4, 6 б.] - дей келіп, руханилықтың субстанциялық орталығын, оның барлығын біріктіруші шынайы өзегін таба біледі. Міне, сондықтан осындай типтегі философиялық дүниетанымды біз нағыз гуманистік құндылықтық жүйе, халық үшін болашаққа жетелер мұрат пен бағдар деп атар едік

Шәкәрімнің ойлары нағыз биік тұлғаға тән тұтастанған дүниетаным қазақ ойшылында XX ғасырдың басында-ақ қалыптасып үлгіргенін білдіреді. Ал осындай дүниетанымдағы біртұтастыққа жеткен көрнекті тұлғалар, тарих даралары қай халықта болса болғаны анық. Бірақ, өкінішке орай бұндай аксиологиялық тұжырымдар Шәкәрім өмірінен кейін көптеген жылдар өткен соң ғана айтыла бастады. Тек адамның жан дүниесінің, рухының мәңгі екендігін айтудың өзі үлкен данаға тән көрегендіктің белгісі болатын.

Осындай руханилыққа толы әрекеттердің халық үшін бекер еместігін қазіргі кезеңде ғана терең ой талқылауынан өткізе бастағанымыз байқалады. Шәкәрімнің қазақ мәдениетіндегі орны мен философиялық ой тарихындағы атқаратын қызметі жайлы төмендегі Қазақстан зерттеуші ғалымдары берген пайымдаулар нақты берілген әділетті баға дей аламыз: «... Шәкәрім өзіне дейінгі болған, өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Ыбырай, Абайға қарағанда, Грек, Eypona кәсіби философиясының тарихымен тікелей шұғылданып, оларды тек танып-біліп қана қоймай, ол өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, айта отырып, өмірге қазақ кәсіби философиясының іргетасын қалап, өзі де нағыз қазақтың алғаш кәсіби философы атанды. Сөйтіп, қазақ философиясының деңгейін әлемдік философияның қатарына қосуға жақындата түсті. Біздіңше, ұлттық философиялық тұғырнамамыздың бастауы, қалыптасуы осы кемеңгер ойшыл, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлынан басталады деп батыл айта аламыз» [5, 257 б.].

Әйтпесе, жалпы адам өмірінің барлық құндылықтық іргетасы шайқалып, мағынасыздық құрылымдары өзінің билігін жүргізер еді. Қазіргі Батыстың қазіргі постмодернизм бағыты осы мағынасыздықтың бел ортасында жүргендей күй кешуде. Жеке бастың даралылығын барынша дәріптеу, әрбір тұрақты рухани құндылықтың өзіне күмәнмен қарау XX ғасырдың екінші жартысындағы Батыс философиясының ерекшелігіне, ішкі қасиетіне айналғанына талай жылдардың жүзі болды. Міне, сондай жағдайды философия әлемінде қанағат тұтынушылар көбейіп жатқандығы әлемдік рухани дағдарыстың белгілерін танытады.

Ұлттық философиямыздың категориялық-ұғымдық жүйесі қазіргі кезеңде біртіндеп қалыптасып келеді. Әрине, әлем философтарын тәржімелеудің нәтижесінде қазақтың әрбір оқырманы өзіне керегін алады, өзінің дүиетанымдық түсінігін ұштай түседі. Бұл қадамдар жалпы алғанда қазақ мәдениетінің рухани көкжиегінің мемлекеттік тілде өрбуіне ықпал етеді. Міне, сонда ұлттық философиямызда кейбір ұғымдарды жеткізуге терминдеріміз жетіңкіремейді, сөздік қорымыз ғылымда кенжелеп қалған деп намыстану болмас еді.

Қоғамдық сананың жоғары руханилыққа, білімділікке қарай ұмтылуы, әрбір азаматтың сауатты да ақылды болуына жол ашу түбінде әлеуметтік дүниедегі жетілуді, үйлесімділікті өркендете түсетініне XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары да ерекше көңіл бөліп, үлкен мән беріп отырған. Мәселен, халқының мәдени, азаматтық және рухани жетілуінің қамын ойлаған Ахмет Байтұрсынов төмендегідей тұжырымдарын көпшілікке ұсынады: «Осындай жұртқа пайдалы, үлгі аларлық жақсы істі жұрттың құлағына салып, біздің айтайын деп отырғанымыз мынау: білім жарысын істеу әр жұрттың қолынан келетін іс. Істейін десе, қазақтың да қолынан келеді. Европадай зор істеуге болмаса да, бойымызға шағындап, «сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» дегендей етіп істеуге болады. Осыны есімізге алып, Европа үлгісін қазақтың мүшесіне лайықтайық» [6].

Қазаққа керек үлгіні Европадан іздеудің арғы жағында қазақ қоғамының жетілу тетіктеріне алаңдаушылықтар жатыр деген ойдамыз. Қазіргі дәуірдегі зияткерлік қауымдастықты, интеллектуалды ұлтты қалыптастыру үлгісі өткен ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дүүниетанымында берік орын алғанын байқаймыз, бұл қазақ философиясының жаңа қырының бастамасы.

Қазақ зиялыларының көрнекті өкілі Жүсіпбек Аймауытов өз заманында айтқан мынандай сөздері халыққа деген терең жанашарлығының айғағы болып табылады: «Біздің халықтың ішінде жік те жоқ, құл да жоқ. Біртегіс өнер білім алуға құқы бар, ерікті теңдес азаматтары ғана бар екенін білеміз. Біздің мақсатымыз: өнер - білімнің жарық сәулесіне ерікті азаматтарға жол ашу, тұйықта жатқан сансыз таланттардың (озаттықтардың) өрбуіне себепші болу. Сөйтіп, өнер, білім жемісін халыққа тегіс жеткізу әр адамның ақыл күші дамуына кең майдан ашамыз, көпке бірдей білім негізін құрамыз» [7, 281 б.]. Міне, қоғамдық қайраткердің адамның рухани жетілуіне бағытталған идеялары қоғамдық болмыстағы субъектіні белсенділікке шақыруына ұласады. Сол арқылы қоғамдық қайшылықтарды оңтайлы сипатта шешуге болатындығына сенеді. Бұл тұжырымдардың дүниетанымдық түпкі негізінде гуманистік ойлау стилі жатыр, адамсүйгіштік қасиеттер жатыр дей аламыз.

Әлемнің, тарихи субъектінің тарихи процестегі даму заңдылығына сәйкес жетілудің өзіндік рухани сатылары, кезеңдері мен бұрылыстары, қайшылықтары мен белестері болады. Ал әрбір социумдағы, тұлғалық жетілудегі биік шыңдарға жетуге тек шаршауды білмейтін, қайраты қандай істе болмасын қажымайтын, атқарған әрекетінің қоғамдағы тек әділеттілік үшін қызмет ететініне толық сенген жандар ғана көтеріледі және соған барынша рухани қанағаттанады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет. Алматы: Мұраттас, 1993. - 3256.
  2. Құнанбаев А. Қара сөздер. Поэмалар. Алматы: Ел, 1993. - 1546.
  3. Есім Ғарифолла. Абай туралы философиялық трактат. Алматы: Қазақ университет!, 2004. - 836.
  4. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. Алматы: Қазақстан, 1991. - 806
  5. Философия тарихы: Оқулық. / Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамембетәли. - Алматы: Жеті жарғы, 1999. - 2886.
  6. Байтұрсынов А. Білім жарысы // Қазақ. - 1913.- 31 мамыр.
  7. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. 4-том. Алматы, Ғылым, 1998. - 4466.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.