Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі экономикалық жағдайы, олардың өнеркәсіптік даму бағыттары қарастырылған. Қалалардың дамуы, қазіргі уақытта тұрғындарды орналастыру және олардың проблемаларын шешу жолдарын табуға көмегі зор. Шағын қалалардағы әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау, жоғары әлеуметтік қауіпті аудандардағы мәселелерді шешу жолдарын қарастырады. Гэография тұрғысынан қала уш негізгі бөліктің жиынтығынан: халықтан; экономикалық базадан; өмірлік қамтамасыз етілуінен тұрады.

Олардың әрқайсысының өзінің ерекше территориялық ұйымдастырылуы бар, ал олардың барлығы жалпы қалалық жоспарлау құрылымына ие. Курделі жуйе ретіндегі қаланың өзіндік ерекшелігі оның құрамына әлеуметтік, техникалық және табиғи элементтердің енуінде.

Қазіргі уақытта «қала» тусінігін зерттеуге және талдауға ТМД елдерінің бірқатар ғалымдарының экономикалық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік- демографиялық және т.б. әдебиеттері арналған және олар «қала» түсінігінің өзіндік критерийлері мен теориялық жақтарын қарастырған. Қала негізін анықтауға статистикалық (аумақтың көлемі және халық саны); демографиялық (халық санының өсу жағдайы); өндірістік-функцианалды (халықтың еңбек - өндірістік қызметі); сәулет-құрылыс (өнеркәсіпке, тұрғылықты жағдайға және мәдениетке бағытталған объект жобалардың жағдайы); әлеуметтік(халықтың өмір суру жағдайы, әлеуметтік инфрақұрылымы); тарихи-генетикалық(өмірге келу, пайда болу уақыты), экологиялық және т.б.

Қазақстан Республикасының өңірлік даму жүйесінде еліміздін шағын қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайы кең көлемде қарастырылған. Шағын қалалардың қазіргі экономикалық жағдайы, олардың өнеркәсіптік даму бағыттары мемлекеттің аймақтық даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін өте маңызды. Осымен қатар Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтың әлеуметтік жағдайы ұлттық өнімнің бәсекеге қабілетіне байланысты және осыған байланысты қалыптасады делінген.

География тұрғысынан қала үш негізгі бөліктің жиынтығынан: халықтан; экономикалық базадан; өмірлік қамтамасыз етілуінен тұрады.

Олардың әрқайсысының өзінің ерекше территориялық ұйымдастырылуы бар, ал олардың барлығы жалпы қалалық жоспарлау құрылымына ие. Күрделі жүйе ретіндегі қаланың өзіндік ерекшелігі оның құрамына әлеуметтік, техникалық және табиғи элементтердің енуінде.

Қазіргі уақытта «қала» түсінігін зерттеуге және талдауға ТМД елдерінің бірқатар ғалымдарының экономикалық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік- демографиялық және т.б. әдебиеттері арналған және олар «қала» түсінігінің өзіндік критерийлері мен теориялық жақтарын қарастырған. Қала негізін анықтауға статистикалық (аумақтың көлемі және халық саны); демографиялық (халық санының өсу жағдайы); өндірістік-функцианалды (халықтың еңбек - өндірістік қызметі); сәулет-құрылыс (өнеркәсіпке, тұрғылықты жағдайға және мәдениетке бағытталған объект жобалардың жағдайы); әлеуметтік(халықтың өмір сүру жағдайы, әлеуметтік инфрақұрылымы); тарихи-генетикалық(өмірге келу, пайда болу уақыты), экологиялық және т.б.

Егерде экономгеографтар, әлеуметтанушылар және демографтар үшін қала зерттеу саласы балып табылса, ал қала салушыларға ол тек қана нысан болып саналады. Бұл дегеніміз қала салушылар ғылымы басқаларға қарағанда бұл түсінікті жүйе ретінде түсінуіне ең көп үлес қосқандар [1].

Қалалардың өсуі мен дамуы - қоғамның дамуындағы әлеуметтік - экономикалық негіз болып табылады, қалалардың тарихи пайда болуы еңбек бөлінісінің немесе өнеркәсіптің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуы. Қазақстанда шағын қалалардың дамуының ортақ факторларымен қатар жергілікті мәселелерді анықтап алу керек, олар елдің үлкен аумағы және көлік байланысының тұрақсыздығы, мол пайдалы қазбалардың шоғырлануы, тарихи қалыптасқан мамандандырылған өнеркәсіп, көпұлтты халық және т.б. Осының бәрінен ұлттық қалалардың қалыптасу дәрежесін байқауға болады .

Қалалардың жалпы қызметтері жылдан - жылға қоғамның әлеуметтік- экономикалық тапсырмаларымен бірге даму және ұлғаю үстінде. Қазақстанда қалалардың ұлттық немесе сыртқы деңгейде әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларды орындайтын және ішкі, тиісті аудандарға жатқызылатын. Табиғи ресурстармен шоғырланған, мамандандырылған қалалар (ондай қалалар Қазақстанда көп) сыртқы функцияны атқарады.

Шағын қалаларда аймақтық саясат жүргізудің тура және жанама түрлері болады. Бірінші жағдайда, мемлекет шаруашылықтың өңірлік құрылымын дамытуға капитал салуға белсенді түрде қатысады даму орталықтарын, өндіріс саябақтарын, инфрақұрылымды құру. Екінші жағдайда, мемлекет қаржы салық, кеден жүйесі арқылы белгілі бір ауданды тез дамытуға эсер ететін және көші-қон ағынын басқаратын экономикалық «климат» құруға тырысады. Аймақтық дамуда шағын қалаларды реттеуге мемлекеттің тікелей қатысу әдісі әкімшілік әдістермен тығыз байланысты. Бұндай әдістерге мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемелекеттік аймақтық бағдарламаларды іске асыру, мемлекет қажетіне керек өнімдерге тапсырыстар беру жатады. Аймақтық дамуда шағын қалаларды экономикалық механизмдер көмегімен мемелекеттік реттеу әр түрлі деңгейде іске асыралады: федералдық, аймақтық, аймақаралық және жергілікті.

Федералды органдар ең алдымен қиын аудандарда өндіріс ұйымдастыруды және жаңа аудандарды игеруді; ірі экологиялық және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды; аймақаралық және мемлекетаралық қатынастарды ұйымдастыруды реттеуі тиіс.

Аймақтық органдар жергілікті ресурстардың пайдаланылуына, шаруашылық құрылымның тиімділігін арттыруға, экологиялық және әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлуі қажет [2].

Елде қалалардың даму заңдылықтары әр түрлі. Себебі қазіргі уақытта мемлекеттік шағын қалалардың экономикалық, әлеуметтік, демографиялық деңгейі әр салада, әр аймақта әртүрлі даму жолында. Бұл ұлттық шағын қалалардың көп профильді екендігін көрсетеді.

Қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында келесідей негізгі факторларды қарастыруға болады:

  • қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде шағын қалалардың шаруашылық мамандандырылуы; ол қала құрылыс базасын қалыптастырады және оның әсерімен мамандандырылған қалалық даму қоры пайда болады;
  • әлеуметтік құрылымның негізін құрушылар, кадрлардың біліктілігін арттыру және жұмыс орнында алып қалу, отбасылардың материалдық қамтамасыз етуіне эсер ететін еңбек стимулы;
  • қала қызметкерлерінің негізін құрайтын тұрғындардың білімді және мамандандырылған-білікті құрамы;
  • әлеуметтік инфрақұрылымның және өндірістік сфераның даму жағдайы.

Жоғарыда қарастырылған факторлар қаланың құрылымына нарықтық, өндірістік, әлеуметтік жағдайына тікелей немесе жанама түрде эсер етуі және қаланың болашақта дамуына өз әсерін тигізеді [3].

Атырау облысының шағын қалаларына Құлсары қаласын жатқызуға болады. Атырау облысы шағын қалаларының ерекшеліктері оның минералды - шикізат ресурстарының мол қоры мен олардың алуан түрлілігі болып табылады. Облыста минералды-шикізат ресурстарын өндіру мен өңдеуге байланысты мұнай жэне химия өнеркәсібіне маманданған қуатты өнеркәсіп құрылған.

Атырау облысы шағын қалалары экономикасының бәсекеге қабілетті артықшылықтарын дамыту курделеніп қалған мәселелерді шешуге, жаңадан жұмыс орындарын құруға, халықтың көшіп-қонуын ынталандыруға және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндіктер береді.

Қазақстанда халық саны 50000-ға жететін 58 шағын қала бар, ал қалалардың жалпы саны 84. Шағын қалалардың көп бөлігі Қазақстан картасында минералды - шикізат ресурстарын пайдалану және бірқатар өнеркәсіп көздерімен, жер, құрылыс саласын дамытуда пайда болды.

Сондықтан шағын қалалардың әр салада дамуында келесідей түрлерге белуге болады:

  • өнеркәсіп өнімдерін өндіретін, көп бөлігі агроөнеркәсіп саласына бағытталған қайта өңдеу комплексті - қалалар (31 қала);
  • теміржол көлік жүйесіне бағытталған, көлік торапты - қалалар (6 қала);
  • ғылыми - техникалық әлеуетін сақтап қалған қалалар (34 қала);
  • рекреациялық орталықта орналасқан қалалар (3 қала);

Қалалардың дамуы, қазіргі уақытта тұрғындарды орналастыру және олардың проблемаларын, олардың шешу жолдарын табуға көмегі зор. Қазіргі уақытта шағын қалаларда тұрмыс құрып жатқан халық саны 1,5 миллионға жетеді. 2001-2002 жылдардағы санақ бойынша шағын қалалар саны 16,8% - ға төмендеген.

Елдегі демографиялық ахуалдың қалыптасу бағыттары шағын қалаларға өз әсерін тигізуде. Шағын қалалардағы адам өлімі деңгейінің өсуі, темен деңгейдегі әлеуметтік жағдай, жас мамандардың басқа еңбек әлеуеті жоғары аймақтарға кетуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы, кәсіпорындардың жабылуы және т.б. теріс әлеуметтік факторлар эсер етуде. Қалаларда еңбек ресурстарының ең төменгі шегіне жетуі және еңбекке жарамсыз жұмыс күшінің пайда болуы шағын қалалардың қиын жағдайда қалуына әкелді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек сұраушылар жоғарылады. Шағын қалаларда экономикалық реформа кезінде ресурстық әлеуетіне байланысты әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, географиялық жағдай, экономикада пайда болған ахуал, халық миграциясы, өндірістік инфрақұрылым деңгейі және т.б. факторларға байланысты өзгерістер болды. Экономикалық ахуалдың тереңдеуіне байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың дифференциациалық деңгейін күшейтуге әкелді. Сондықтан осыған байланысты шағын қалаларды депресивті, аса депресивті жэне темен деңгейдегі деп белуге болады.

Депресивті шағын қалалар өткен кезеңде әлеуметтік-экономикалық жоспарда тиімді даму үстінде болып, соңғы кезде нарыққа көшу кезеңіне байланысты экономикалық күйзелісте қалып қойған қалалар. Бұл қалалар мұндай экономикалық күйзелістен экономикалық өсудегі табиғи және өнеркәсіптік ресурстардың тиімділігінен, тиімді географиялық орналасудан, нарық жүйесіне тез бейімделуі, жақсы дамыған инфрақұрылым және т.б. көрсеткіштерге байланысты шығып кете алады. Олар мұндайды шағын жэне орта бизнесті қалыптастырғанда, өнеркәсіпті қайта құруда, экономикадағы негізгі қалақұрылысы кәсіпорындарының дамуында, инвестиция салуға жэне стратегиялық инвесторларды тартуға тиімді жағдай жасау және т.б. жолдар арқылы шешуге болады.

Aca депресивті шағын қалалар - әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өте темен, экономикалық әлеуеті инвестиция салуға жарамсыз, еңбек ресурстарының жетіспеушілігі, негізгі өндірістің бәсекеге қабілетсіздігі, темен өнеркәсіптік инфрақұрылым, нарық жүйесінен алшақтығы және т.б. факторлар арқылы сипатталады.

Төмен деңгейдегі шағын қалалар - бұлар жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері орта республикалық көрсеткіштерден темен деңгейдегі қалалар, экономикалық әлеуеті өте темен, жалпы ішкі жағдайды өзгерту үшін өнеркәсіптік қарқынның төмендігі.

Aca депресивті және темен деңгейдегі шағын қалалар өзіндік серпіліспен қалыптасқан күйзелісті жағдайдан шыға алмайды, сондықтан мұндай қалалар мемлекет тарапынан терең бақылауға алынатын нысандар болуы тиіс.

«Аймақтың саясаттың 2002-2006 жылдардағы тұжырымдамасы» атты зерттеу жұмыстарында, ресурстық әлеуеттің жағдайы, демографиялық жағдай және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып республиканың депресивті қалалары анықталды. Олар Степняк - Ақмола облысы, Алға және Шалқар - Ақтөбе облысы, Абай және Қарқаралы - Қарағанды облысы, Арал - Қызылорда облысы, Форт-Шевченко - Манғыстау облысы және Жетіқара - Қостанай облысы.

Қазақстан қалалары, соның ішінде шағын және орта қалалар административті-жоспарлы экономика кезінде пайда болды, ол кезең өнеркәсіптің интенсивті дамуымен мінезделеді. Сондықтан қалаларды екі негізгі құрылымды типке белуге болады: индустриалды және индустриалды-аграрлық. Бұлай белу шағын қалалардың жалпы өмір сүру жағдайы мен түрлерін анықтауға көмегін береді. Бірінші типтегі қалалар молырақ өнеркәсіп нысандар түрлерімен айналысып, жалпы тұрғындардың әлеуметтік-біліктілік құрылымына белсенді әсерін тигізеді. Осы қалалардың ішінен аймақтық-өнеркәсіп комплексінің қызметінің негізін құраушы индустриалды дамуды этап кетуге болады. Негізгі экономикалық зерттеулердің нәтежесі республиканың өнеркәсіп салаларынының жоғарғы шегін анықтады, олардың ішінде негізгілерін қара және түсті металлургия, жанармай түрлері, химиялық және мұнайхимиялы қоспа, электроэнергетика. Бұл топқа кіретін шағын қалалар Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар - Хромтау, Алға, Шалқар, Темір, Ақсай, Жаңаөзен, Құлсары, Ембі, Текелі, Лисаковск, Абай, Саран, Шахтинск, Степногорск және т.б.

Екінші типтегі қалалар ұсақ, механикаланған, ішкі қалалық қажеттілікке бағытталған, әлеуметтік - құрылыс өнеркәсібі арқылы қызмет жүргізетін шағын қалалар болып табылады. Бұл қалаларда агроөнеркәсіп өндіріс кешенінің дамуы және осы сферада қызмет ету екінші типтегі қалаларды ауылдық өмір сүру жағдайына итермелейді. Индустриалды - аграрлық типтегі шағын қалаларнегізінен ауылшаруашылық облыстарына мамандандырылған - Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы, Оңтүстік Қазақстан, Шымкент облысы. Олар сонымен бірге бірінғай өнеркәсіп орталықтарына бөлінген. Бұл - Степняк, Булаев, Есіл, Үштөбе, Арқалық, Зайсан және т.б. [4].

Біздің республикамыздың шағын қалаларының экономикалық деңгейі көрсеткендей өнеркәсіптік кәсіпорындардын негізгі бөлігі облыс орталығында қамтылған, ал шағын қалаларда шығарылып жатқан өнімдердің көп бөлігін тамақ, құрылыс және жанармай өнімдері құрайды. Қазақстандағы шағын қалалардын жалпы саны 60 жуық, оларда тұратын халықтың жалпы саны 1,5 млн. Шағын қалаларда өндіруші салада 7,5%, агроөндірісте 7,5%, кен өндіру саласында 5,6, әскери өндіріс саласында 0,8, көлік жүйесінде - 1,9% құрайды. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамудағы шағын қалалардың экономикалық құрылымына талдау жасағанда келесідей типтерін көрсетуге болады.

Өнеркәсіпті шағын қалалар - Абай, Ақсу, Риддер, Зыряновск, Жаңа Өзен, Кентау, Жаңатас, Қаратау, Арқалық, Ленгер, Жетіқара, Лисаковск, Сатпаев, Екібастұз, Шахтинск, Қаражал, Хромтау, Ақсай, Балхаш, Шар, Ақкөл, Құлсары.

Көлік - өнеркәсіпті шағын қалалар - Шу, Арыс, Аякөз, Ерейментау, Арал, Қазалы, Шалқар, Жем, Қандыағаш, Ертісті, Атбасар, Макинск.

Агроөнеркәсіпті шағын қалалар - Есіл, Жетісай, Қаскелең, Талғар, Есік, Сарқант, Шардара, Зайсан, Жаркент, Шемұн, Булаев, Тайынша, Степняк.

Әкімшілік-шаруашылық орталықтары болып саналатын қалалар -Сергеевка, Үштөбе, Темір, Алға, Мамлютка, Форт-Шевченко, Арал.

Шағын қалаларда негізінен жеңіл, тамақ және құрылыс материалдар өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар шағын қалаларда бірінші орында машина жасау өнеркәсібі тұрады. Осыған орай республикадағы шағын қалаларды келесідей бөлімдерге белуге болады:

  • өнеркәсіпті өндіретін орталықтар;
  • ауыл шаруашылықты аудандардын әкімшілік орталықтары болып табылатын агроөнеркәсіпті орталықтар;
  • өндейтін қалалар жиынтығы;
  • көліктік орталықтар;
  • рекреациялық орталықтар;
  • экологиялық қауіпсіз зоналарда орналасқан қалалар;
  • әскери-өнеркәсіптік комплексті орталықтар;

2000 жылға дейін Қазақстан Республикасы аумағындағы шағын қалалардың экономикалық дағдарысқа ұшырауы бірнеше өндіріс орындарының жабылып қалуына алып келді. Мұндай дағдарысқа біріншіден инфляцияның және бағаның өсіп кетуіне, екіншіден ұлттық тауарларға сұраныстың төмендеуі, үшіншіден мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялар мен дотациянын және несиелер көлемінің төмендеуінен пайда болды [5].

2004 жылдың соңғы айларынан бастап мемлекетте шағын қалаларды дамыту бағдарламалары іс жүзінде атқарыла бастады. Соның ішінде елдің бірқатар шағын қалаларда өндіріс орындары ашылып, жұмыс күші тартыла бастады.

Халықаралық және өңірлік маңызы бар шағын қалаларда өндірістік жобаларды іске асыру, ұлттық тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қолдау, сондай ақ БСҰ - на кіру жөнінде қабылданатын міндеттемелер шеңберінде экономиканың бірқатар салаларын бейімдеу жөніндегі шаралар кешенін күшейтуді, ескере отырып, индустриалды-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі стратегиясының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі жоспарлар құру. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шағын қалаларды күрделі жаңартуды ынталандыру және инвестициялар тарту мақсатында тиісті заңнамалық және құқықтық актілер жетілдірілді. Шағын қалалардағы әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау, жоғары әлеуметтік қауіпті аудандардағы мәселелерді шешу болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Двоскин Б.Я. и др. Проблемы расселения населения Казахстана. - Алма- Ата, «Наука», 1989. - 247с.
  2. Барбаш Н.В. Методика территориальной дифференциации городской среды. - M., 1986. - 180с.
  3. Сергеева А.М. Қоныстанудың методологиялық негіздері. 11 Ізденіс, 1999, №6. -207-210-6.
  4. Сергеева A.M. Қоныстанудың географиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелері /Батые Қазақстан экономикалық ауданы негізінде/. - Алматы, «Білім», 2000. - 116 б.
  5. Сергеева А.М. Батые Қазақстан экономикалық ауданында халықты тұрақтандыру мәселелері //Жас ғалымдар - Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына.-Алматы, 2001. -840-6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.