Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасы азаматтары мүдделерінің сот арқылы қорғалуындағы өзекті мәселелер

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында адам құқықтарының сот арқылы қорғалуы туралы баяндалған. Азаматтар мудделерінің заң бойынша сот арқылы қорғалуы, сот шешімдерінің орындалу жағдайлары анықталады. Халықаралық актілердің орындалуы және Республика заңдарының сәйкестендірілуі.Азаматтық және демократиялық қоғам құрудағы алға қойған міндеттері туралы баяндалған. Азаматтық құқықтардың сот жуйесі арқылы реттелуі және соттарда азаматтық істердің қаралу сатылары және сот актілерінің орындалу жағдайлары, сот орындаушылардың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік құзіретті органдардың құқықтары мен міндеттері туралы қарастырылған. Мемлекеттік және құқықтық реформалардың конституцияға сай құзіреттілігінің дамуы және тарихи маңыздылығы, құқықтық негізділігі туралы, қолданыстағы заңдарға сай жүзеге асырылуы туралы, азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы талқыланған. Мудделердің сот шешіміне сай қорғалуы, сот шешімдерін шығарудың негіздері,соттың мәртебесі анықталады.

КІРІСПЕ

Адам құқықтарының қорғалуы дүние жүзіндегі үнемі құқықтық және әлеуметтік дамуды талап ететін күрделі мәселелердің бірі. Адамның құқықтары - бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Конституциямыздың 3-бабының 4- тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді. Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан белу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.

НЕПЗП БӨЛІМ

Сот билігінің негізгі мақсаты - қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді. Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады. Erep де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді.

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы - мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі - сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.

Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға) бағынуға тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де құқықтық актілерді дұрыс қолданумен, олардың Конституцияға, сондай-ақ жалпы танылған халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да баға беруге тиіс. Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы соттар мен заң шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап көптеген мемлекеттер жалпы адамзаттық құндылықтардың, либералдық-демократиялық идеялардың ықпалымен адам құқықтарын қорғауды көздейтін құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет принциптерінен бағдар алды. Адам құқықтарын жан-жақтылау процесіндегі мына төмендегідей аса маңызды кезеңдерді атап өту қажет. 1948 жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы негізгі құқық қорғаушы құжат - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Адам құқықтарын қорғауда 1975 жылы Хельсинки және 1989 жылы Вена келісімдері де маңызды құжаттар болды. ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылды. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның өзара қарым-қатынасы сот негізіне қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар және олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.

1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдардың қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам - ҚР Конституциясының қабылдануы болды. Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адамның құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін атап өткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекеттік билік органдарымен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнін, мазмұны мен қоданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемелекттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдынд келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылықтар деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымның рөлін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғы шарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасауы егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы. Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуына көмектесетін адам құқықтары мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Оның үстіне, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизм! бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді. Қазіргі жағдайда адамның бостандығы біршама басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асы руда кездесетін кез келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі - жауапты шешімдерді қабылдау еркіндігі. Бұл адамның санасы мен мәдениетінің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекет те сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықгары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол еш уақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар берді деп ешкімге бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс [1].

Қазақстан Республикасының Президент! өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар - құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекет тің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамау да ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.

Халқымыз ежелден заңға, тәртіпке аса мән бере білген. Бабаларымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты өте маңызды ереже-заңдары болғаны баршамызға аян. Демек, кең байтақ жерімізді ежелден мекендеген халқымыз әділдік пен адалдықты әрқашан ту етіп, әділ де сындарлы заңы бар өркениетті ел болуға ұмтылған.

Бүгінде егемендігін алып, тәуелсіздігінің тұғырын беріктендіру бағытындағы Отанымызда тұратын әр азамат өзінің конституциялық құқығын білуге міндетті. Бүгінгі заман соны талап етеді. Яғни, құқығыңды білмесең, сан соғып, қор боласың. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабында «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды, конституциялық заңдылықтардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді» делінген. Яғни, бұл - Конституция адам құқықтарының кепілі екендігіне дәлел.

Ата Заңымызда адамның азаматтық, саяси, экономикалық құқықтары мен бостандықтарының негізі айқындалған. Конституцияның бірінші кезекте жеке адам, азамат мүддесін қорғауға бейімделуі - Қазақстан егемендігінің және оның тек құқықты мемлекет болуға ұмтылысының айғағы. Жалпы, Ата Заңымыз еліміздің демократиялық қоғам құруына негіз қалап берді. Еліміз ішінде болып жатқан оң өзгерістердің барлығы да Конституциямыздан бас тау алады және заңдар арқылы жүзеге асырылады. Егемен еліміздің тәуелсіз сот жүйесін қалыптастырудағы оң өзгерістер 1991 жылы 16 желтоқсанында қабылданған «Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы» заңнан бастау алды. Бүкіл әлемдік қауымдастықтың алдында, Қазақстан Республикасының демократиялық дамудың сара жолына түскендігін жариялаған аталмыш заң, еліміздегі мемлекет билігінің заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарына бөлінуін заңдастырды [2].

Сот билігінде реформаның бастамасы егемен еліміздің 1993 жылғы ақпан айында тұңғыш Конституциясын қабылдаумен басталды. Ата Заң сот билігінің ұйымы мен қызметінің негізгі қағидаттарын бекітті.1994 жылы ақпан айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасы туралы» Қаулысы әділ сот жүйесін одан әрі жетілдіруді, сот реформаларының дәйектілікпен жүзеге асырылуын белгілеп берген маңызды құжат болды.

Алқабилер институты енгізіліп, қамауға алу құзыры прокуратурадан соттарға берілді. Барлық деңгейдегі соттарда электрондық терминалдар мен бейнебайланыс жүйелері, басқа да ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері енгізілді. Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бекітіліп, іске қосылды.

«Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заңы - судьяның тәуелсіздік кепілдіктерін, оның мәртебесіне сай материалдық мүмкіндігін құқық тық тұрғыдан бекітті. Сот реформасы барысында атқарылған жұ мыс тар, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сот жұмысы туралы ақпараттық ашықтығы мен айқындығына, қолжетімділігіне, сондай- ақ, Конституцияның және басқа да заңдардың, құқықтық нормативтік актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау және сот жүйесінің әрі қарай дамуы басты назарға алынды. Құқық қорғау органдарының алдында азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын тиімдірек қор ғау, қылмыстарды жылдам және толық ашу, қылмыс жасаған тұлғаларды әшкерелеу, жауап кершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, қылмысқа қарсы күрес қызме тінің тиімділігін жоғарлату міндеті қойылып отыр. Ізгілендіру саясаты негізінде ең алдымен шағын және орта ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған азаматтарды, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары өкілдеріне қылмыстық жазаны тағайындауда жеңілдету қарастырылған. Қатаң қылмыстық саясат негізінен өте ауыр қылмыс жасаған кінәлілерге, қылмыстық іздестіруден жасырынушыларға, қылмыстық рецидивтерге қатысты жүргізі летін болады.

Конституция бойынша сөз бен шығармашылық еркіндікке кепілдіктің берілуі, еркін ақпарат ала алуы мен оны тарату құқысының болуы әрбір азаматтың өз ойын еркін жеткізуге, білдіруге жағдай жасайды. Сонымен бірге, Конституцияның 20 бабының 3 тараушасына сәйкес республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан кел тіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. Кез келген дамыған демократиялық, құқықтық мемлекет өз азаматтарының құқықтық қор ғалуын қамтамасыз етуге тиіс. Құқықтық қорғау адамның құқықгарын жүзеге асыру болып табылады. Яғни, бұл адамның құқықтары мен бостандықгарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың қызметі. Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсіліне сүйене отырып, оны қамтамасыз ету барысында 4 топты көрсетуімізге болады: 1) мемлекеттік қорғау; 2) соттық қорғау; 3) мемлекеттік емес қорғау (құқық қорғау ұйымдары мен адвокат институты); 4) өзін-өзі қорғау.

Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері Қазақстанда да жоғарыда көрсетілген құқық қорғау тәсілдеріне сәйкес адамның құқығы мен бостандықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі құрылды. Олар Президент, Парламент, Конституциялық кеңес, атқарушы билік органдары, прокуратура органдары, құқық қорғау органдары сияқты мемлекеттік органдар; ең басты құқық қорғау институты ретінде сот; адвокат институты; қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес құқықтық ұйымдар. Азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуде халық пен халықаралық қауымдастық алдында жауапты мемлекет болып табылады. Сондықтан, құқықты қамтамасыз ету жүйесіне мемлекеттік органдар жүйесі сәйкес келуі керек. Яғни, олар осы саладағы қызметті жоғары кәсібилік пен келісімпаздық негізінде жүзеге асыруы тиіс. Мемлекеттік билік органдарының айрықша функциясы азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау. Мемлекеттік билік белгілі бір институттар, механизмдер жүйесінсіз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Бірде бір құқықтық мемлекет адам құқығына кепілдік беретін кең және көпжақты органдар мен іс-әрекеттер жүйесінсіз өмір суре алмайды.

Қазақстанда құқықтық мемлекет орнату жолындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру болды. Қазақстан Президент! адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі. Осы тұрғыдан алғанда Президент «Жолдауларының» орны ерекше. Президент «Жолдаулары» парламенттің адам құқығы мен бостандықтарын қорғау саласындағы заң шығарушы қызметіне бағыт- бағдар беріп отырады. Президент «Жолдауларына» талдау жасай отырып келесі қорытындыға келеміз, мемлекет басшысы барлық мемлекет органдарын азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау және жүзеге асыру саласында тиімді жұмыс істеуге бағыттайды.

Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді. Erep заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті. Шешімнің заңдылығын айқындау үшін іс жүргізу құқығының нормаларын ұстану төмендегіні білдіреді:

  • іс сотқа ведомстволық бағынысты болса
  • іс соттылық ережелері сақтала отырып өндіріске қабылданса
  • іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшы, маман және аудармашы іс талқыланатын күн, сағаты мен орны туралы тиісінше хабарландырылса іс азаматтық сот ісін жүргізудің ережелері сақтала отырып қаралған болса, атап айтқанда:
  • барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі
  • сот ісін жүргізу тілі
  • тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы
  • Сот талқылауының жариялылығы

Шешімнің негізделген болуы азаматтық істің нақты жағына қатысты болады. Шешім тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделеді. Erep шешімде іс үшін маңызы бар, сот отырысында жан-жақгы әрі толық анықталған барлық мән-жайлар мазмұндалса және істің анықталған мән-жайлары, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы тұжырымдарды растайтын дәлелдемелер келтірілсе, шешімді негізделген деп санау керек [3].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын іс-жүзіне асыруда белгілі бір шектеушіліктер де жоқ емес. Біздің ойымызша, Конституциялық бос тан дықтарға мемлекеттік лауазымды қызметкерлер рұқсатының қажеті жоқ. Азаматтың бостандыққа құқы оның лауазымды қызметкер көрсетуімен емес, өзінің ерікті мінез- құлқын білдіруі тиіс. Ал біздің елімізде саяси құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруда әзірге рұқсат ету тәртібі сақталып отыр. Сондықтан заңдарды жетілдірумен қатар олардың барлық деңгейде орындалуы қамтамасыз етілуі керек. Сот арқылы қорғану құқығының пайдаланылып, жүзеге асырылуы тек соттың құзіретіне ғана емес сотқа жүгінуші тараптардың құқықтық сауаттылығына да тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн. Адам құқығы бұзылды деп есептелген жағдайда шығарылған сот актілерінің заңдылығына орай олардың орындалу мүмкіндігінің жоғары болуы- азаматтық қоғам құру шарттарының дәлелі болмақ.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 1-қаңтар, 2000 ж.
  3. ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі 13-шілде 2002 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.