Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алма жемісі шығу тегі, пайдасы туралы және «Атырауагроөнімдері» серіктестіпнің тұзды топырақта өсірген алмасы

Аңдатпа

Мақалада Алма құрамының 83-88% су, 7,5-16% қант, 0,2-0.8% қышқыл, 9,5-18,5°% құрғақ қалдық, 0,28-1,0%> илік заттар, A, Bl, В2, В6, C, PP дәрумендер, көптеген минералды заттар бар екендігі мәлімделген. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және журек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Сондай - ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы кунделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылатындығы жөнінде мәліметтер берілген.

КІРІСПЕ

Алма (лат. malus) - раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 турі белгілі, олардың 10-12 - сінің шаруашылықтың маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40 - тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20 - сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы, Атырау облысы т. б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. [1]

НЕПЗП БӨЛІМ

Алманың отаны - Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін. Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады. Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15- 20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу - әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс. [2]

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б Алма. Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 бөлігі - алмалар. Оны ежелден ем-дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, cay адамдарға да алманы жеу пайдалы. Алматы апортына жеке тоқталып кетуге болады. Алманың бір сорты - Алматы апорты. 19 ғ-дың аяғында Воронеж губ-нан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салмағы 350 г, шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Негізінен алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Мамандардың айтуынша, жақсы алманың құрамында 83 - 88% су, 7,5 - 16% қант, 0,2 - 0.8% қышқыл, 9,5 - 18,5% құрғақ қалдық, 0,28 - 1,0% илік заттар, A, Bl, В2, В6, C, PP дәрумендері, көптеген минералды заттар болады екен. Ал, біз айтып отырған апорт - кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. [3]

Апорт-Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында өседі. Жеміс-жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Алманың құрамында A, C, Bl, В2, P, E дәрумендері бар. A дәрумені - ағзаның өсуіне, дамуына эсер етіп, турлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. A дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне эсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, тусі күңгірттенеді. Bl дәрумені - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. [4] Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза Bl - ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәрумені - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. C дәрумені - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. C дәрумені жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. [5]

C дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. P дәрумені - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. E дәрумені - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ал ең бастысы - алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет. [6] Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. [7]

Атыраудың табиғаты жартылай шөлейтті, топырағы тұздылау келетіні рас. Aya райы да көңілге қолайлы емес. Бірақ, қара талдан басқасы тамыр жаймайды дейтін пікірді тас-талқан ете бұзып, Алматы мен оңтүстік өңірлерде жайқалып тұратын алманың сан алуан түрін өсіруге бағыт ұстанғандар қатары көбейіп келеді. Демек, қауын, қарбызды былай қойғанда, Атыраудың тұзы бетіне шығып жататын топырағында алма да өседі екен. [8]

Мұны өздерінің бағбандық еңбегімен дәлелдеуге тырысқандардың бірі - «Атырау Arpo Өнімдері» серіктестігінің ұжымы. Бұл серіктестіктің Атырау қаласынан 45 шақырым қашықтағы Сарайшық ауылының тұсында 150 гектарлық алма бағы бар. Серіктестік директоры Тамила Розметованың айтуынша, Волгоград ауыл шаруашылығы академиясында өсірілген алма ағаштары Атыраудың табиғатына тез жерсініпті. Қазір алқапқа өсірілген алма ағаштары тамшылату әдісімен суарылады. Әсіресе, «Богатырь», «Яндуковский», «Мельба» түрлерінен алынған өнім маңдайтердің өтелгеніне дәлел бола алады. Бақтағы алма түрлерін аялап өсіру үшін Сарайшық ауылының 20 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылыпты. [9]

Біздің алма бағымыз орналасқан алқаптың да топырағы тұздылау болғандықтан, бұрын мұнда түйенің сүйсініп жейтін шөбі өсіп тұрған. Сол себептен, алғашқыда алма түрлерін өсіруімізге ден қойғанымызда, әрине, тәуекелге бел байлағанымызды жасыра алмаймын. Себебі, бағбандық кәсіп, оның үстіне алма ағашын баптау тынымсыз еңбекті қажет етеді. Біздің бұл кәсібімізге үрке қарағандар да кездесті. Дегенмен, ортақ мүддеге жұмылған әріптестерімнің ерінбейтін еңбекқорлығының жемісін бере бастағаны қуантады. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің де әсері молынан тиді. Өйткені, алма бағының әр гектарына 450 мың тецгеден субсидия беріліп отыр. Биыл 200 тонна алма аламыз деген ойымыз іске асты, - дейді Тамила Розметова.

«Атырау Arpo Өнімдері» серіктестігінің тұзды топырақта өсірген алмасының басым бөлігі Атырау қаласындағы базарларда сатылуда. Сонымен бірге, Атырауда өсірілді демесең, дәмі тіл түйіретін алма түрлеріне Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің де сұранысы арта түсіп, биыл молынан сатып алыпты. Көршілес облыста Атыраудың алмасынан шырын дайындалады екен. Серіктестік басшылары алма бағы алқабының маңынан сауда нүктесін ашып, түрлеріне байланысты алманың әр килосын 200-250 теңгеден сатуды ұйымдастырды.

KOРЫTbIHДЫ

Осылайша, мұнайлы Атырауда да алма ағашының тамыр жайып, жемісін беретіні дәлелденіп келеді. «Атырау Arpo Өнімдері» серіктестігі алманы Махамбет ауданы аумағында өсіріп отырса, бұл істі өзге ауданда өрістетуді қолға алғандардың бірі - «қара алтынның» алғашқы тамшысы алынған Жылыой ауданында кәсіпкерлікті жан-жақты өркендетуді мұрат тұтқан ағайынды Балжігітовтердің отбасы. Олардың Ақтөбе өңірінен бастау алып, Жылыой ауданы аумағымен ағып өтетін Жем өзенінің бойынан алма бағын өсіруге қадам жасағанына екі жылдан асып барады. Осы мақсат үшін алынған 200 гектар жердің бір бөлігіне алма беретін 2000 түп жеміс ағашын отырғызды. Болашақта бұл жер молынан жеміс беретін ну орманға айналар деген үмітіміз бар.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. «Атыраудың алмасы» - Егемен Қазақстан - 22-қаз-2014ж.
  2. Менің саябағымның алма ағаштары - http://bilimsite.kz/ -10 қаңтар 2014
  3. Джангалиев А.Д Коцейко А.Н.Сорта плодовых и ягодных культур Казахстана. Кайнар 1963 г.
  4. Джангалиев А.Д.Понамарчук. Книга садовод. Кайнар. 1970 г.
  5. Асанов С.А.Возделывание садов в Атырауской области. Аналитическая справка.ЦНТИ. Атырау 2004 г.
  6. Асанов С.А. Сорта яблони для садов Атырауской облости.ЦНТИ. Атырау 2009 г.
  7. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы : «Арыс» баспасы, 2004.
  8. Смирнов В.К.Виноградарство. - М.:Колос,1987.
  9. Аяпов К.Ж.,Мажитова Р.С. Жүзім шаруашылығы.Оқу құралы. Алматы, 2000

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.