Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тахауи ахтановтың «шырағың сөнбесін» романының көтерген мәселелері

Аңдатпа

Мақалада Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының көтерген мәселесі сөз болады. Тарихтан белгілі ¥лы Отан соғысында жау тылында қалған әйелдер мен өздері қайнаған қан майданның қақ ортасына кіріп кеткен әскери адамдардың бала-шағасының басынан кешкен тағдыр сыны жазушының жанын ауыртқан. Отан-ананы қорғау жолында жандарын пида еткен боздақтардың рухына тағзым ете отырып,жазушы осы жерде өзіміз елей бермейтін жерлік тірлікке қатысты көп нәрсенің бетін ашады. Жазушы шығармашылық процесстің бас кезінде өмірдің әр алуан құбылыстарын зерттейді, тексеруден өткізеді. Бұлардың ішінде ұсағы мен ірісі, маңыздысы мен маңызсызы, курделісі мен кездейсоғы да болуы мүмкін. Өйткені оның бәрі де болашақ шығарманың өн бойына құйылатын құрылыс материалы іспеттес.

КІРІСПЕ

«Көркем шығарма - нағыз суреткерлік әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма - бір жазушы келесіндегі ғана емес, күллі әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс...»,- деген болатын академик Зейнолла Қабдолов. Жазушы Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романын оқығанда дәл осы пікірдің ойымызға орала кеткені. «Жекелеген образ ұнай ма, жоқ па, мәселе мұнда емес, жалпы кітап ұнай ма, жоқ па, гәп осы арада жатыр»,-депті өз заманында Гете.

Шындығында бүгінгі күні кітап көп. Бірақ, оның бәрін бірдей көркем шығарма деуге негіз жоқ. Жоғарыда аты аталған ұлы тұлғалардың айтқанындай, халықтың көңілінен шығып, бұқараны соңынан ертетін, оқырманға бас шұлғытып, көркемдіктің, кемелдіктің бастауынан нәр беретін, оны ойлануға жетелеп, көркем дамуында тың серпін беретін, жаңа баспалдақтарды нұсқайтын кітапты ғана шын мәніндегі көркем шығарма деп атауға болар. Михаил Шолоховтың дәл осы талаптарға жауап беретін «ақылды, жақсы шығармалар саусақпен санарлық та, сүреңсіз, шала-жансар кітаптар шаш етектен» екені де бүгінгі күннің шындығы.

Талап-талғамы биік мәдениетті оқырманның өнердің шын мәніндегі туындысын тануын, бағалауын, «көбікті емес, нағыз шын толқынды» дұрыс ажырата білуі үшін осы түсініктер тұрғысынан келуін қалар едік. Сол себептен де қолымызға қалам алып, өзімізді толғандырған «Бас» романы туралы ғылыми тұрғыдан талдау жасауға талаптанып көргеніміз рас. Негізінен, академик Зейнолла Қабдолов сынды ұлы ұстаз әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған дұрыс екенін жеріне жеткізе айтып кеткен болатын. «Өйткені тақырып - өнер туындысының ірге тасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз»,- деген еді ол кісі өзінің әйгілі «Сөз сарасы» монографиясында. Орыс классиктерінің бірі Валентин Катаев та: «Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді», - деген екен «Вопросы литературы» журналының 1961 жылғы №9 санына шыққан еңбегінде.

НЕПЗП БӨЛІМ

Суреткер бүкіл ғұмырын сарп етіп өмірдің жұмбақтарына жауап іздейді, шарқ ұрып сол жолда басын тауға да соғады, тасқа да соғады. Адасады, сүрінеді, кейде құлайды. Бәрібір, жарасының орнын сипалап тұрып, есі кірер кірместен баяғы тақырыбын іздеуді жалғастырады. Шын суреткер сол жолда өзінің бүкіл өмірін құрбан етеді. Оның алдында тек бір ғана мақсат. Ол - болашақ туындысының тақырыбы. Тақырып ойда жоқта басына сақ етіп қона да кетпейді. Талай түндерді ұйқысыз, дөңбекшумен өткізіп, талай күндерде күлкісін күмірә қылмай оңайлықпен бірнәрсеге қол жетпейтіні ақиқат. Өнердің өз ұлы, тума талант қана осындай тозаққа, арпалысқа шыдайды. Иә, қазіргі таңда «шөп те өлең, шөңге де өлең» деп жүргендер аз емес. Олар көп басын қатыра да қоймайды. Шалдыр - шатпағымен біраз жерге барады. Бірақ, шын мәнінде көркем туынды болып, ғасырдан ғасырға жететін шығарма - шын дарындының ғана қолынан шыққан дүние.

Жазушы шығармашылық процесстің бас кезінде өмірдің әр алуан құбылыстарын зерттейді, тексеруден өткізеді. Бұлардың ішінде ұсағы мен ірісі, маңыздысы мен маңызсызы, күрделісі мен кездейсоғы да болуы мүмкін. Өйткені оның бәрі де болашақ шығарманың өн бойына құйылатын құрылыс материалы іспеттес. Бірақ, осының бәрі суреткер санасында айқын, тайға таңба басқандай сақталмайды. Ең негізгісі ғана санадан орын алады. Себебі, эр суреткер өмір құбылыстарын тек өз танымы тұрғысынан таниды, соны қабылдайды. Осы орайда Тахауи Ахтановтың « Шырағың сөнбесін» романының тақырыбының тарихына назар аударып көрейік. Тарихтан белгілі Ұлы Отан соғысында эвакуция жасалмай, жау

тылында қалған эйелдер мен өздері қайнаған қан майданның қақ ортасына кіріп кеткен әскери адамдардың бала-шағасының басынан кешкен тағдыр сыны жазушының жанын ауыртқан. Ауыртып қана қоймаған, жандүниесіне, санасына қылбұрау салып қинаған сыңайлы. Олай дейтініміз, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, партизан отрядына қатысқан адамдардың ерлігі де осы романда қамтылған. Тарихи шындықтың да беті біршама ашылған. Көп адамдар айтып жүргендей емес, бірақ. Сонымен қатар, Отан соғысының көп ұлтты Кеңес Одағының бар халықтарына да ортақ трагедия боғаны туралы да тарихи деректер келтіріледі. Отан - ананы қорғау жолында жандарын пида еткен боздақтардың рухына тағзым ете отырып жазушы осы жерде өзіміз елей бермейтін жерлік тірлікке қатысты көп нәрсенің бетін ашады.

Жаратушының адамзатты о баста барлық мақұлықтан, жанды-жансыз табиғат иелерінен белек жаратып, сана дарытып, оған сәйкес мінсіз келбет бергеніне қарамастан, қазіргі таңда табиғат-анаға қанжар сілтейтін, о бастағы жаратушы берген сертті аяққа таптаған нағыз ішмерез топасқа, сатқын, қу дүниенің құлына айналу процесінің жүріп жатқанын жан даусымен бүкіл адамзатқа ескерткісі келеді. Erep, қу құлқынға құл болуды, қарын қамын ойлауды доғармаса адамзат баласына ақырзаманның келіп қалғанын, одан құтылудың жолы жоқ екенін айтады суреткер.

Шындығында, әже аманатына адал болып, сонау Белоруссия ормандарын жалғыз кезгенде де жарға адалдықты, имандылықты жоғалтпаған қарапайым қазақ қызы Нәзира мен Белоруссияда туғанымен, өзі туған деревня адамдарын немістерге ұстап беріп, қан-қасап жасаған Усачевтің бір-біріне еш ұқсамайтын, аспан мен жердей айырмашылығы бар мінез-құлқын сол күйінде, асқан шыншылдықпен оқырманның көз алдына алып келеді. Ал, өзі алыстағы Қазақстанның қияндағы ауылында туса да Белоруссия ормандарында партизан отрядын басқарып, ерлікпен қаза тапқан Қасымбек пен немістерге қызмет жасап жүрген Теремхин деген полицейді қалай салыстыруға болады?!

Неміс фашистерінің әр аттаған қадамының қырғынға толы екенін, кішкентай Прошаға дейін қалай өлтірілгенін ашына жазған жазушы басқыншылардың пасық қылықтарын аямай түйрей отырып, ғаламдық тақырыпқа қалам тартуымен бірге, оның о бастағы тұнығынан да оқырманды сусындатып отырады. Жер бетіндегі тіршіліктің бір-бірімен көзге көрінбес нәзік жіптермен, рухани сәулелермен байланысып тұрғанын түйсіне отырып, дәл осынау тоғышарлықтар, күншілдік пен пасықтықтан арылмаса, адамзат баласының құрдымға кететін болашағына көз жеткізгендей боласың. Қазақстанда туса да Белорус жерін жаудан азат ету жолында жан қиған Қасымбек пен партизан отрядының басшысы, комиссар Носовецтің адамгершілік санасы арасында да байланыс бар екені нақты түрде, дәлелдермен келтірілген.

Жазушы өзіне етене таныс Ұлы Отан соғысы, партизандық күрес, соғыстың алғашқы күндерінде эвакуция жасалынбай жау тылында қалғандардың тағдыры туралы материалдарды тереңірек түсініп, осы оқиғаның құпия сырын ашып, ұсағынан ірісін, мәнсізінен мәндісін ажыратып, іріктеп, ең бастыларын тұтастыра келе көркем шығарманың тақырыбына айналдыру мақсатында өте көп еңбектенген. Тақырыпты жетілдіру мақсатында Тахауи Ахтанов адамзат тарихына құлаш ұрады. Қазақстанның қия шетіндегі, алыс түкпіріндегі ауылда тұрып жатқан Қамқа кемпір мен Белоруссиядағы Дуня апай - Евдокия Герасимовнаның мінез-құлқындағы ұқсастықтар, шыншылдық, адамгершілік мәселесіне үлкен назар аударады. Сөйте отырып, оқиғаны бір-бірімен шебер байланыстырады, қазақы тірлік, ұлт әдебі жайлы суреттегенде соның бәрін Жер шарының әр тұсына тарыдай болып шашылған ата - 48

бабаларымыз туралы мәліметке әкеп тірейді. Оның бәрін іріктеп, сұрыптап, қорытып, шындықты ойша жинақтап, шығарма тақырыбын жүйелегені өте күрделі де қызық процесс.

Тақырып осылай туады. Бұл жөнінде «Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дер едік»,-дейді ұлы ұстаз, академик Зейнолла Қабдолов. Суреткер тақырыпты өмір құбылыстарынан ерекше бөліп алғанда, оған өз бағасын беретіні сөзсіз. Ол дегеніміз - жазушының өмірлік идеалы, дүниеге көзқарасы, ұстанымы, принципі. Жазушы өз шығармашылығы арқылы өмірге өзінің мақсат-мүддесі, талап-тілегі тұрғысынан үн қосады. Яғни, көркем әдебиет қоғамдық пікірді қалыптастырып, оқырманын ойлануға жетелейді. Сөйтіп шығарманың идеясын өмірге әкеледі. Ол үшін Тахауи Ахтанов жоғарыда аталған романға тапқан тақырыбына идея беру мақсатында қазақ топырағында өскен қарапайым қыз Нәзираның әскери жігіт Қасымбекке тұрмысқа шығуы, сөйтіп, ерімен бірге Белоруссияға аттануын оқиғаға деталь ретінде қосады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қатар, қарапайым қазақ қызын партизан күресіне қатыстырып сауатын ашады, досы Светаның қызын өз баласымен қоса емізіп, өзімен бірге қандай қиындықтан да алып шыққанын көрсетеді. Міне, идея қалай туған десеңізші! Академик Зейнолла Қабдоловтай айтар болсақ: «егер тақырып - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея - жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік».

Роман қазіргі қоғамды ішінен ірітіп отырған мәселелерге қарсы күрес ашады. О баста тек ізгілік үшін жаратылған адам баласының ібілістің жетегіне еріп, жаратушы жүктеген міндетінен ауытқып, тозақты бетке алып бара жатқанын жазушы жүрегінен қан сорғалап отырып жеткізген. Адам баласының бойындағы бір кесек ет-жүрек әуел баста адамдықтың, адалдықтың мекені еді. Оған қызғаныш пен дүниеқоңыздық дерті енгеннен кейін ол тасқа айналды. Оны қайтадан жаратушы аманат қып бергендей таза қалыпқа ендірмесе, адамзаттың күні қараң! Жер де бір күні өз кіндігінен айналуды тоқтатады. Бәрі шаң-тозаңға айналмақ. Міне, осы адамзаттық мәселеге бей-жай қарай алмаған жазушы қарын құлына айналған кейбір ғалымсымақтардың қоқыр-соқыр тірлігін, шенеуніктердің сауатсыздығы мен таяздығын, дүмбілездігін бетіне басады. «Шырағың сөнбесін» романы - өте күрделі дүние. Оған теңдес туынды әлем әдебиетінде бірен - саран. Сондықтан, біз қадір - халіміз жеткенінше романның тақырыбы мен идеясына тоқталуды жөн көрдік. Алдағы сандарда шығарма фабуласы, сюжеті мен композициясы туралы зерттеуіміз жарыққа шығатын болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Шырағың сөнбесін: Роман. / Т. Ахтанов. - Алматы: Жалын, 1992.
  2. Қонақбаева А. Шырағы сөнбеген // Ақтөбе. - 2012. - 9 ақпан.
  3. Әдеби әлемдегі шырағы сірә да, сөнбес - ау! [Тахауи Ахтанов жайлы замандастарының айтқандары]. - Таң-шолпан. - 2003.- 42-60 б.
  4. Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы: Екінші том. Роман және повестер.- Алматы: Жазушы,1983

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.