Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мeн салт-дәстүрлері: тарихнамалық талдау

Аңдатпа

Мақалада жалпы мәдени материалдардың еліміздегі этнология үшін ғылыми- танымдық маңызы өте зор екендігін көрсете отырып, оның қалыптасуына эсер ететін факторларға, рөліне түсініктер берілген.

КІРІСПЕ

XVIII ғ. ІІ-ші жартысы — XX ғ. басында түрлі ресейлік басылымдарда, баспасөзде казақтар туралы жарияланған көптеген этнографиялық, жалпы мәдени материалдардың еліміздегі бірқатар гуманитарлық ғылымдар үшін, әсіресе этнография — этнология үшін ғылыми-танымдық маңызы өте зор. Кейбір казіргі зерттеушілер бодандық кезең жарияланымдарының мән-маңызын бұрмаланған, үстірт, дәл емес, казақ болмысына сай келмейді деп төмендеткісі келеді. Мұнымен толықтай келісуге болмайды, өйткені аталған жарияланымдардағы Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша ақпараттың көлемі аса зор және өзіндік ерекшелігі бар. Әсіресе мамандардың арасында көбіне «әдеби дереккөз» деп аталатын осы материалдар ақпарат берушілердің (информаторлардың) мәліметтері - «далалық материалдармен» бірге Қазақстанның этнология ғылымы үшін өте маңызды. Олар бір-бірін толықтырады және көбіне-көп біріктірілген түрде сапалы, нағыз тарихи- этнографиялық зерттеуге негіз бола алады. Өз кезінде мұны төңкеріске дейінгі дереккөздер мен далалық материалдарды жақсы меңгеріп, ұлттың тарихи этнографиясы бойынша іргелі еңбекте жазған «соғыстан кейінгі кезеңнің қазақ этнографиялық мектебінің» өкілдері X. Арғынбаев, В. Востров, И. Захарова, Е. Масанов, М. Мұқанов [1] жақсы көрсете білді. Осы барынша қисынды әдістемені «екінші толкын этнографтары» да іліп алып, қолданды.

Алайда уақыт өте келе бұл әдістеме бұрынғыдай тиімді бола бермеді, өйткені ақпарат берушілердің, «этнофорлардың» саны едәуір азайды, этнографиялық болмыс» та елеулі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан бүгінгі таңда этнограф, этнолог және мәдениеттанушылар үшін кең көлемдегі «төңкеріске дейінгі кезең» жарияланымдарының мәні сақталады, ал далалық зерттеулердің мүмкіндіктері, атап айтқанда, XX ғ. аяғы — XXI ғ. басындағы ақпарат берушілермен (информаторлармен) жұмыстың танымдық мүмкіндіктері едәуір шектелді, сонымен катар ауылдық жерде дәстүрлі мәдениет бойынша жиналған тарихи-этнографиялық материалдар жаппай ақпараттылығын біршама жоғалтты. Зерттеушінің белгілі бір кәсіби дайындығы болып, кешенді тұрғыда ізденіс жүргізілсе ғана, бұл бағытта елеулі нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан кейбір қазіргі қазақ этнографтарының көбіне шағын аумақгардан жиналған далалық материалдармен әуестенуі (көп жағдайда бұл зерттеушілер негізінен ресейлік авторлардың революцияға дейінгі жарияланымдарынан тұратын ертеректегі материалдарды елемей, олар туралы күні бұрын кесіп-пішілген теріс түсінікті ұстанады) ақпараттық өрісті тарылтып, ықшамдалған, «ауыл-аудандық этнографияның» дамуына әкеледі де жалпыэтникалық материалдың негізінде тиісті этнологиялық деңгейде кажетті жалпылама корытындылар жасауға мүмкіндік бермейді. Осы тұста бұрынғыша кол жетіңкіремейтін ертеректегі еңбектердің, соның ішінде қазақ тіліндегі аудармаларының да жариялануы ғылыми түрғыдан өте маңызды.

НЕПЗП БӨЛІМ

Қазақтар және қазақ даласы туралы түрлі деректер ресейлік басылымдар мен баспасөзде XVIII ғасырдың өзінде-ак, әсіресе 1768—74 жылдардағы Академиялық экспедициялардан бері П.С. Паллас, И.И. Лепехин, И.П. Фальк, Н.П. Рычков біршама жүйелі тұрде басып шығарыла бастады. Біртіндеп Ресейдегі осы тақырыпқа жазылған жарияланымдар саны өсіп, әсіресе XX ғасырдың 2-ші жартысында казақтардың мәдениеті мен тұрмысының түрлі тұстарына байланысты «зерттеу» бағытындағы материалдар мен мақалалар саны көбейді. «Қырғыздар» мен «Қырғыз даласы» туралы сансыз көп және шашыранды материалдардың қарқынды түрде жинақталуы бірқатар зерттеушілерді А.Н. Харузин, А.Е. Алекторов, З.М. Пенкина, Фр. Шперк осы тақырыпқа қатысты әдебиеттің библиографиялык, кей жағынан мазмұндалған көрсеткіштерін құрастыруға мәжбүр етті. Бұл тақырыптағы жұмыс Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында да жалғасын тапты Е.А. Вознесенская мен А.Б. Пиотровский, Н.Я. Виткинд, Г.Н. Дроздов еңбектері соған дәлел. Сол басылымдардың кейбіреуін, мысалы, атап айтканда, А.Е. Алекторовтың көптеген көлемді аннотациялары бар «Казақтар туралы кітап, журнал және газет макалаларының көрсеткішін» («Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргазах») этнографиялық жарияланымдар «антологиясының» алтын тәжірибесі деп бағалауға болады [2] .

Бұрынғы этнографиялық жарияланымдарды мақсатты түрде зерттеуде және оны ғылыми жұртшылыққа таныстыруда жоғарыда аталған соғыстан кейінгі кезеңдегі алғашқы казақстандық кәсіби этнографтар тобы, соның ішінде Е.А. Maca нов зор рөл атқарды. Оның «КСРО-да қазақ халқы этнографиясын зерттеу тарихының очеркі» («Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР». Алматы, 1966) деп аталатын тамаша еңбегінде этнографиялық материалдарды жинақтаудан басталып, белсенді жарияланымдық іс-әрекетке ұласқан және арнайы зерттеулердің пайда болуымен жалғасқан революцияға дейінгі Ресейде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін зерттеудің даму тарихы аса тыңғылықты баяндалған. Дәл осы уақыттан (1950 —60 жж.) қазақгар туралы революцияға дейінгі шыққан сан алуан жарияланымдардың ерекше құндылығы анықгала бастады. Алайда, өкінішке орай, оларға көпшілік жағдайда қол жеткізу қиын болғандықтан, олардың мазмұны, негізінен, шағын ғана зерттеушілер ортасына мәлім еді. Шынын айтсақ, бұл жағдай бүгінгі күнге дейін біршама сақталған, аталмыш материалдарды ғылыми түрде қайта басып шығару өзекті мәселесі әлі күнге дейін шешімін таба алмай отыр. Дегенмен, бұл бағытта істелініп жатқан жұмыстарды да жоққа шығаруға болмайды — кезінде Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің көптомды еңбектері басылып шығарылды, ал 1990 жылдары төңкеріске дейінгі біркатар маңызды еңбектерді қайта басып шығару ісі қолға алынды: мысалы, А.И. Левшин мен капитан И.Г. Андреевтың (тарихшы И. Ерофееваның бастамасы бойынша), И. Сиверс пен И. Фальктың кітаптары жарық көрді. Жоғары оқу орындарының тарихшылары ескі этнографиялық жарияланымдарды қайта басып шығаруға талпыныс білдірді, алайда академиялық талаптар ескерілмей, көбіне жарияланған мате-риалдар үздік-создық, хрестоматия түрінде болды.

Қазақтар мен Қазақстан туралы төңкеріске дейінгі жарияланымдардың маңыздылырына және оларды қазақ тіліне аудару қажеттілігіне өз кезінде әдебиетшілердің де, фольклоршылардың да, тіл мамандарының да назар аударғанын атап өткен жөн. Бұл тұста К. Кереева-Қанафиеваның «Қазақстан туралы төңкеріске дейінгі орыс баспасөзі. Орыс-қазақ әдеби байланыстарының тарихынан» («Дореволюционная русская печать о Казахстане. Из истории русско-казахских литературных связей»), У. Субханбердинаның «Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасез бетінде жарияланган көркем шығармалар» атты еңбектері маңызды рөл аткарды. Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ мерзімді баспасөз материалдарын жүйелі зерттеу, аудару және кайта басып шығаруда соңғы зерттеушінің сіңірген еңбегі айрықша: атап айтсақ, қазақ және орыс тілдеріндегі жарияланымдар қатар берілген «Дала уалаятының газетінен» алынған «әдеби үлгілердің» бірнеше томы басылып шығарылды. Бұл жиынтық жарияланымдардың этнографиялық маңызы аз емес екендігі даусыз, өйткені «Дала уалаятының газетінде», сондай-ақ басқа да төңкеріске дейінгі басылымдарда (мысалы, «Айқап», «Қазақ», т.б.) қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті туралы біраз мақалалар басылған. Субханбердина мен басқа зерттеушілердің қазақ тілінде басып шығарған отбасылық әдет-ғұрыптар жөніндегі кейбір материалдары бұл жинақка енгізілмеді.

«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жарыққа шыққан «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» деп аталатын жинақта көпшілікке белгісіз, тек мамандарға ғана таныс, кей жағдайда олардың да қол жеткізе алмайтын мысалы, А. Брем, Н. Калмаков, Ф. Лазаревский, Н. Сорокин, Д. Мухинның мақалалары мен материалдары жарияланған. Әрине, жинақка енген барлық мақалалар мен үзінділердің құндылығы бірдей емес, бірақ олардың барлығының, негізінде, езіндік ерекшелігі бар, әрқайсысы белгілі бір ақпаратты қамтиды және тұтасымен алғанда XIX ғ. — XX ғ. басында өмір сүрген адамдардың өз көзімен көрген қазақ әдет-ғұрыптарының жиынтық көрінісін береді.

Мамышевтың қарапайым емес, салтанатты қонақ күтуді сипаттаған «Қазақтардың қонақ күтуі» («Прием и угощение у киргизов») атты мақаласы, А. Влангалидың жерлеу салты мен бейіттер туралы жазған «1849 жэне 1851 жылдардағы қазақ даласының шығыс бөлігіне ұйымдастырылған геогностикалық сапар» («Геогностическая поездка в Восточную часть Киргизской степи в 1849 и 1851 годах») атты еңбегіндегі қызықты материал; «Енисей» жэне «Семей губерниясының ведомостерінде» («Енисейские...» жэне «Семипалатинские губернские ведомости») жарияланған шағын, бірақ өзіндік ерекшелігі бар «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» («Народные киргизские обычаи») деген материал, И.В. Аничковтың «1892 жылғы қазақ асына сапар» («Поездка на киргизские поминки в 1892 году») деген танымал маңызды мақаласы, семинария окушысы Ишмухамед Букиннің «Қазақтардың ақыл-ой жэне дене тәрбиесі» («Физическое и умственное воспитание у киргиз») атты мақаласы енген.

Атап айтқанда, К. Воронцовтың «Шығыс Россияның қазіргі жэне ежелгі халықтарындағы жерлеу рәсімінің түрлері» («Формы погребения у совре-менных и древних народов Восточной России») немесе Жозеф Кастаньенің «Қазақ даласындары кабірүсті кұрылыстары» («Надгробные сооружения киргазских степей») кітабындағы казақтардың жерлеу салты туралы мақалаларын айта кету қажет.

Атап өткеніміздей, әсіресе мұндағы еңбектердің көбісімен таныс емес қазақ оқырманы үшін ұсынылып отырған кітаптың ғылыми-танымдық құндылығы зор. Бұл басылымның мамандар ушін де үлкен маңызы бар. Қүрастыру, редакциялау- мәтінтану жүмысы барысында, түсініктемелер дайындау кезінде этнографиялық ғылым үшін өте маңызды біркатар жаңа мәліметтер, нюанстар, терминдер анықталды. Атап айтқанда, шын мәнісінде, кейбір белгілі жарияланымдар авторларының кезінде толық келтірілмеген (бүркеншік ат түріндегі) фамилиялары анықталды. Мәселен, этнографтардың арасында кең танымал Семей облысы қазақтарының әдет-ғұрыптары туралы макаланың авторы П. деген бүркеншік ат жамылып жүрген (мамандар оны «П. деген біреу» деп атаған немесе бұл белгілі суретші-этнограф Вл. Плотников шығар деп ойлаған) Л.К. Полторацкая — төңкеріске дейін әжептәуір белгілі болған автор, әуесқой фотограф, 1876 жылы Шыгыс Қазақстанда өткізілген атақгы Бремен экспедициясына қатысушы, Семей облысының вскери губернаторы генерал-майор В.А. Полторацкийдің жұбайы болса керек. Сондай-ақ «Орынбор ведомствосы қазақтарының үйленуге байланысты салт- дәстүрлері» атты көлемді мақаланың авторы (Л-ий деп қол қойған) Ф. Лазаревский болып шықты, бұған кезінде этнограф X. Арғынбаев та өзінің қазақ отбасы туралы белгілі монографиясында назар аударған болатын. «Қазақтардың үйлену салт- дәстүрлері» («Свадебные обычаи киргизов») атты жарияланымда өзін «Н. Дж- баевъ» деп көрсеткен автор, шамасы, кейін Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі болған капитан H.С. Жетпісбаев [3].

Жинақтың мазмұны көп жағынан пайдалы да танымды болды, бірқатар үлкен болмаса да, маңызды жаңалықтар ашумен, кей деректердің айқындалуымен сабақтасты. Бұл көне әдет-рұрыптардың тізімдемесі (номенклатурасы), мазмұны, жергілікті ерекшеліктерімен бірге терминологияға, белгісіздеу, қолданыстан шыққан сөздерге, рұрыптық шартты сөйлеу үлгілеріне, т.б. да қатысты.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жарыққа шыққан «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» деп аталатын екі томдық басылымның Қазақстан республикасы Тарих және этнология институтының Этнология бөлімінің мамандарының қатысуымен өзірленген: С.Е.Әжіғали «Отбасылық әдет-ғұрыптар (жалпылама сипаттағы еңбектер)» «Дүниеден өту. Жерлеу. Ac беру» тақырыбындағы мақалаларды, А.У. Тоқтабай «Баланың дүниеге келуі. Балалық шақ» тақырыбына, А.И. Құдайбергенова «Үйлену салттары» бөліміне қатысты мәліметтерді Р.А. Бекназаров «Адамның отбасы мен қоғамдары орны» [4] тақырыбына қатысты мәселелерді қозғайды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы (қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми-зерттеу еңбек). Алматы, 1996
  2. Алекторов А.Е. Материалы для изучения страны, истории и быта киргизов. Оренбург, 1892
  3. Тәкежанұлы Қ. Қазақтың ежелгі әдет-ғұрыптары. Алматы., 2005, 68 б;
  4. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы., 2006, 52-6;

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.