Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Анықталған және болжанған кeн орындарын игерудің экономикалық тиімділігін бағалау

Аңдатпа

Көмірсутегі ресурстарын кешенді игеру міндеттерін шешу кезінде өнеркәсіптік қорлар мен кеніштерді игерді дайындаудың экономикалық тиімділігін көтеру мақсатында халықшаруашылығы тұрғысынан анықталған және болжанған кен орындарын ақшалай бағалауды жүзеге асыру қажет. Бұндай бағалаудың әдістемелік алғышарты - геологиялық іздеу жұмыстары, барлау мен игеруге кететін барлық кешенді шығындар- бұл материалдық өндірістің бірегей процесінің элементтері болып табылатындығында.

Зерттеудің ауқымды көлеміне қарамастан көмірсутегі ресурстарының көптеген принципиалды сұрақтары әлі де шешімін таппаған. Сондықтан анықталған және болжанған кен орындарының негізгі түсініктері мен экономикалық бағалау принциптеріне тоқталу қажет.

Көмірсутегі ресурстарын кешенді игеру міндеттерін шешу кезінде өнеркәсіптік қорлар мен кеніштерді игерді дайындаудың экономикалық тиімділігін көтеру мақсатында халықшаруашылығы тұрғысынан анықталған және болжанған кен орындарын ақшалай бағалауды жүзеге асыру қажет. Бұндай бағалаудың әдістемелік алғышарты - геологиялық іздеу жұмыстары, барлау мен игеруге кететін барлық кешенді шығындар- бұл материалдық өндірістің бірегей процесінің элементтері болып табылатындығында. Зерттеудің ауқымды көлеміне қарамастан көмірсутегі ресурстарының көптеген принципиалды сұрақтары әлі де шешімін таппаған. Сондықтан анықталған және болжанған кен орындарының негізгі түсініктері мен экономикалық бағалау принциптеріне тоқталу қажет.

Кең мағынада, біздің ойымызша экономикалық бағалау объектісі болып аудан, аймақ, кен орындар тобы, жекелеген кен орындары, кеніш немесе оның бөліктері табылады. Көбінесе тәжірибеде көрсетілген объектіден өндірілген нақты немесе күтілетін өнімге кететін кешенді шығындар есепке алынады. Осыған байланысты бағалау объектісі ретінде сонымен қатар, өндіруші ұңғымалар қарастырылады [1].

Көмірсутегі ресурстарын кешенді игеру ерекшелігін, аудандардың зерттелуінің түрлі деңгейін, барланған және игерілген кен орындарының жағдайын есепке алсақ, келесілер экономикалық бағалануы қажет:

  1. ашық кен орындарының A + B +Ci категорияларының барланған қорлары (егер жасақталатын кен орындары бағаланса, онда B + Ci категорияларының қалдық қорлары бағаланады);
  2. ашық кен орындарының C2 категориясының келешекті қорлары;
  3. анықталған және болжанған құрылмдар, аудандар, аймақтар немесе мүмкін болатын жаңалықтардың (ішкі топ Ді) С2+Д категориясының келешекті және болжанған қорлары.

Бұндай жағдайда экономикалық бағалау сферасына кеніштерді барлау мен игеру ерекшеліктеріне сәйкес келетін анықталған және болжанған кен орындарының барлық көмірсутегі ресурстары тартылады. Мұнай өндіру өнеркәсібінің өндірістік қызметі объектілері- кен орындары (аудандар), геологиялық барлау кәсіпорындары үшін сонымен қатар, анықталған және болжанған құрылымдар (аймақ, аудан) екенін ескерсек, көмірсутегі ресурстарын экономикалық бағалаудың көрсетілген тәсілі заңдық қана емес, сонымен бірге қажетті.

Бұл жағдайға аса назар аудару қажет, себебі типтік әдістемеде (Пайдалы қазбалардың кен орындарын экономикалық бағалаудың уақытша типтік әдістемесі. M., Прейскурантиздат, 1980.) келешекті және болжанған қорларды бағаламай, тек ашық кен орындарының А+В+Сі категориялары қорларын ғана экономикалық бағалау ұсынылады. Бұл ретте іздеу- барлау жұмыстарын жүргізудің кезеңділігімен негізделетін іздеу бұрғылауда құрылымдарды енгізу мен келешекті аудандардың реттілігімен, сонымен қатар мұнай-газды территорияларды геологиялық- экономикалық аудандарға бөлумен байланысты міндеттер шешілмей қалады.

Мұнай және газ кен орындарын экономикалық бағалауда типтік әдістеме ұсыныстарына сәйкес мұнай қорларын дайындау, өндіру, орналастыру, тасымалдау және қайта өңдеу шығындары және де инфрақұрылым объектілер құрумен, қоршаған ортаны қорғаумен және мұнай қайтарымдылығын көтерумен байланысты шығындар есепке алынуы қажет [2].

Шешілетін міндеттердің сипатына байланысты шығындардың кейбір түрлерін (аудан аралық көлік, мұнайды қайта өңдеу) біздің ойымызша кен орындарын эконом и кал ық бағалау есебінен алып тастауға болады. Мұнай және мұнай-газ кен орындарының шын мәнісінде мұнай, газ және конденсаттан тұратынын ескерсек, экономикалық бағалауға негізгі және ілеспе компоненттер жүгінеді, яғни көмір сутегі қорларын кешенді өнеркәсіптік бағалау берілуі қажет.

Көмірсутегінің анықталған және болжанған ресурстарын экономикалық бағалау табиғаты бойынша ықтималды. Оған шикізат ресурстарын есептеудегі анықсыздық және алғашқы геологиялық ақпарат және жасақтаудың технологиялық көрсеткіштері және базалық өлшеуіштің өзгерімділігі эсер етеді.

Кен орындарын кешенді игеруге шығындарды белгілеуде неғұрлым прогрессивті шешімдер қолданылуы және мұнай өндіру аудандарын іздеу, барлау, жасақтау және орналастырудағы ғылыми -техникалық жетістіктер есепке алынуы қажет.

Анықталған және болжанған кен орындарын иегруді экономикалық бағалауда кен орындарын жасақтаудың техника-экономикалық параметрлерін есептеудің бірегей әдістемесін, базалық өлшеуіштерді, шығындардың барлық түрлері бойынша нәтижелердің сәйкестігін қамтамасыз ететін құндық және нормативтік көрсеткіштерді қолдану қажет.

Анықталған және болжанған кен орындарын игерудің экономикалық тиімділігін бағалаудың жоғарыда көрсетілген қағидаларын жүзеге асыру үшін негізгі компоненттері келесілер болып табылатын сәйкесті бастапқы база болуы керек:

  1. Анықталған және болжанған кен орындарының барланған және болжанған қорларының көлемі мен сапасы және олардың географиялық орналасуы;
  2. Кен орындарын барлау мен игеру жүйесін, кәсіптік аудандарды орналастыру схемасын алдын -ала айқындайтын және мұнайдың өнеркәсіптік қорлар мен өндіруін экономикалық дайындауға эсер ететін кен орындары қабаты кеніштерінің сипаттамасы мен тереңдігі, олардың саны және режимі, мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеті және басқа да ерекшеліктері;
  3. Анықталған жэне болжанған кен орындарын жасақтаудың негізгі технологиялық көрсеткіштері (мұнайды өндірудің және су айдаудың күтілетін деңгейі, өндіру, айдау және басқа да скважиналардың қоры мен енгізілуі, өнімді суландыру, бұрғылау көлемі және т.б.);
  4. Халық шаруашылығының мұнай өндіру және аралас салаларындағы шығындарды есепке ала отырып анықталған және болжанған кен орындарын шаруашылық игерудің экономикалық көрсеткіштері (үлестік капитал салымы, өндірудің өзіндік құны, мұнай, газ жэне конденсаттарды өндіру шығындары және т.б.).

Жоғарыда айтылған бастапқы мәліметтерді есептеудің қағидалары мен әдістері анықталған және болжанған кен орындарын игеруді экономикалық бағалау үшін қажет, әрбір ауданға қатысты арнайы маманданған ұйымдарда жасақталады.

Негізгі қиыншылық анықталған және болжанған кен орындарын игеруден халық шаруашылығы тиімділігін анықтау кезінде пайда болады. Бұл әдістемелік тұрғыда алдымен тиімділік критерийін таңдау және негіздеумен байланысты.

Кен орындарын игеруді экономикалық бағалауда басқалары сияқты мәні бойынша салыстырмалы, ақшалай бағалаудың сандық көрсеткіштерін салыстыру үшін оның негізгі өлшеуіші пайдаланудың белгілі бір кезеңінде кен орындары қорларын дайындау мен жасақтау тиімділігін халық шаруашылық тұрғысынан бағалау эталоны болып табылады.

Бағалаудың бастапқы өлшеуішін таңдау кезінде зерттеушілердің көзқарастар әртүрлі. Біреулері, соның ішінде типтік әдістемені ұсынғандар бірегей бастапқы өлшеуішті дамытса, басқалары экономикалық көресткіштер тобын пайдалануды мүмкін деп есептейді [3].

Шешілетін міндеттерге байланысты бағалаудың бастапқы өлшеуіші түрлі болады. Бұндай өлшеуіш ретінде мұнай және газды өндіруге, мұнай бағасына келтірілген және шектелген шығындар (салалық, зоналық немесе аудандық), мұнайға әлемдікбаға қолданылады.

Кен орындарын жасақтаудың экономикалық үлгілерін таңдаумен және мұнай қайтарымын көтерудің жаңа тәсілдерін енгізумен, мұнай қайтарымын дамытуды келешекті жоспарлаудың оңтайлы схемасын негіздеумен, соңғы мұнай қайтарымын, елдің экономикалық әлеуетін және т.б. анықтаумен байланысты бір типті міндетті (міндеттердің I сыныбы) шешуде анықталған және болжанған кен орындарын жасақтау тиімділігін бағалаудың бірегей базалық өлшеуі қажет.

Бұл жағдайда кен орындарын жасақтаудың экономикалық тиімділігінің есебі бұл мақсатқа мұнай жэне газ өндіруге тұйықтама шығындарды немесе мұнайға әлемдік бағаны қолдану арқылы типтік әдістеме бойынша жүргізіледі.

Іздеу бұрғылауға келешекті құрылымды (аудан) жүйелілікпен тартумен, кен орындарын жасақтауға кезектілікпен енгізумен, мұнай-газ территорияларын геологиялық- экономикалық аудандарға бөлумен жэне т.б байланысты басқа да міндеттері типтерін шешуде (II міндеттер сыныбы) жоспарлау тәжірибесінде қабылданған кешенді экономикалық бағалау көрсеткіштерін (үлестік капитал салымдары, өндірудің өзіндік құны, мұнай жэне газ өндіруге келтірілген шығындар, т.б.) қолдануға болады. Анықталған және болжанған кен орындарын белгілі бір уақыт аралығында оларды игерудің экономикалық көрсеткіштерінің мөлшері (мысалы, толықтай қайта бұрғылаудағы ең жоғары мұнай өндіру және аудандарды орналастыру) бойынша саралай отырып, жоғарыда айтылған мінідеттерді тиімді шешуге болады. Алайда, бұл жағдайда анықталған және болжанған кен орындарын игеру тиімділігінің абсолютті мөлшерін есептеу есептеу кезеңінің уақыт бойынша шектеулігі себебінен мүмкін болмайды.

Экономистердің көп жылдық тәжірибесі анықталған және болжанған кен орындарын игеру тиімділігін экономикалық бағалаудың жоғарыда көрсетілген принциптері мен тәсілдері негізгілерін келесідей көрсетуге болатын бірқатар объективтік қиыншылықтармен байланысты екендігін көрсетті.

  1. Анықталған және болжанған кен орындарын экономикалық бағалауды жүзеге асыру кезеңінде жасақтаудың технико-экономикалық көрсеткіштерінің есебінің нақтылығын қамтамасыз ететін жеткілікті түрде толық және шынайы тау- геологиялық және технологиялық ақпараттарға барлық уақыта ие бола алмайды. Бұл мұнай ресурстарын бағалаудың есептік мәліметтерінің қысқаруы мен біріктірілуіне акеп соқтырады.
  2. Типтік әдістемеде көрсетілмеген анықталған және болжанған кен орындарын жасақтау және іске қосу кезіндегі экономикалық бағалау да анықсыз болады.

Мұнай кен орындарын экономикалық бағалау бойынша түрлі сыныпты міндеттерді шешу үшін оларды жасақтаудағы техника-экономикалық көрсеткіштерді бағалау кезеңі түрлі болуы ақиқат.

Мәселен, I сынып міндеттерін шешу үшін бұндай кезең бірнеше онжылдықтармен есептелетін, тіпті кен орындарын толықтай өтеуге дейін жалғасу қажет; II сынып үшін де солай- кен орындарын жасақтауға бірр мезетте енгізуге дейін қысқартылуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда, мысалы, әлсіз барланған кен орындарын жасақтау сызбасын жобалау кезінде экономикалық бағалаудың есептік ұзақтығын іске қосудың негізгі кезеңімен (қордың 80% таңдап алынған жағдайда) шектеген дұрыс.

Тұйықталған шығындар (немесе басқа да өлшеуіштер) ретінде көрінетін кен орындарын игеруді экономикалық бағалаудың базалық өлшеуішінің мөлшерін негіздеу (эталоны) соңғысы бірқатар деңгейде мұнайға және оны өңдеу өнімдеріне халық шарушылығының қажеттілігіне, кен орындарын жасақтаудың геологиялық шарттарына, мұнай өндірудегі ғылыми-техникалық прогреске, елдің экономикалық мүмкіншілігіне, сыртқы экономикалық байланыстар конъюктурасына және т.б. тәуелді болуына байланысты қиындаған.

Көрсетілген факторлардың біреуі тұйықталған шығындардың абсолютті мөлшерін төмендетсе (ғылыми-техникалық прогресс, тиімділігі өте жоғары жаңа аудандар мен кен орындарының ашылуы), басқалары- жоғарлатады (мұнайға келешекті қажеттіліктің өсуі, терең орналасқан өнімділігі темен кеніштерді жасақтауға тарту және т.б.). сондықтан базалық өлшеуіштің мөлшері жекелеген аудандар үшін де, жалпы мұнай өндіру саласы үшін де әлсін- әлсін қайта қаралуы қажет. Тұйықталған шығындарды келешекті кезеңнің әрбір бес жылдығында қайта бағалау қажет [4].

Болжанған және анықталған кен орындарын игеруді экономикалық бағалау саласындағы экономистердің жинақталған тәжірибесі бірқатар қиыншылықтарға қарамастан жасақталған принциптер мен тәсілдерді геологиялық барлау жұмыстар мен мұнай өндіру өнеркәсібінде тиімді қолдануға болатынын көрсетті. Жалпы салалық масштабта көмір сутегі ресурстарын игеруді ақшалай бағалау саласындағы көрсетілген принциптерді жүзеге асыру болжанған және анықталған кен орындарының қорларын дайындау мен жасақтауда экономикалық тиімділікті жоғарлатуға және келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

  1. Мұнай-газ территориясы туралы геологиялық-экономикалық мәліметтерді жоспарлы органдарда шоғырландыру, жер қойнауындағы мұнай ресурстарын сандық және сапалық есепке алу, болашақта ресурстарға қажеттілік пен мұнайдың активті және пассивті дайындалған қорын анықтау, жалпы елдегі және мұнай өндіру аудандарының дамуының экономикалық тиімділігін және өндіру мүмкіндігін бағалау.
  2. Капитал салымдарын жоспарлау мен геологиялық, мұнай және халық шаруашылығының оларға қатысты салаларын дамытудың бас сызбасын жасақтау кезінде тактикалық және стратегиялық міндеттерді шешіп, ірі мұнай аймақтарын кешенді дамыту үлгілерін таңдап, оларды игеру кезеңділігін анықтау қажет.
  3. Жоспарлы міндеттердің сапасы көтеру мен жасақтау мерзімін қысқарту, мұнай аудандарын кешенді игеру саласындағы бірегей саясатты жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген базаны құру және материалдық және ақшалай ресурстарды бөлудегі басымдылықты анықтау.
  4. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және мұнай кен орындарын жасақтау кезектілігі саласындағы жоспарлаудың ғылыми негізін қалау, кен орындарын барлау шығындарының мақсаттылығын және оларды ары қарай орналастыруды анықтау, қорларды табу стимулын көтеру, мұнай ресурстарын үнемді пайдалану, жер қыртысын және қоршаған табиғи ортаны қорғау.
  5. Елдің ресурстық потенциалының толық және объективтік сипаттамасын алу, келешектегі мұнай ресурстарын кешенді игеру және қорларды дайындаудың экономикалық тиімділігінің нақты және күтілетін жағдайын анықтау, болашақ жасақтауларға қажетті ғылыми-техникалық дайындама құру. Мұнай кен орындарын ақшалай бағалау мұнай ресурстары қыртыстарын геолоиялық-экономикалық аудандарға бөлудің және де елдің мұнай кен орындарының кадастрын қалыптастыруда негіз болып табылады. Бұл мұнай ресурстарын кешенді игеру мен ұдай өндіру тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Зубарева В.Д., Саркисов А.С., Андреев А.Ф. Инвестиционные нефтегазовые проекты: эффективность и риски. М. : Недра, 2010.
  2. Валиев В.М. Принятие решений в процессе освоения углеводородных ресурсов в условиях неопределенности и риска.- Баку : Нефта-Пресс, 2004.
  3. Андреев А.Ф., Зубарева В.Д., Саркисов А.С. Оценка эффективности и рисков инновационных проектов нефтегазовой отрасли: учеб, пособие. М. : Макс Пресс, 2008.
  4. Гафарова С.Г. Ценообразования на нефть и газ на внутреннем и внешнем рынках Азербайджанской Республики // Кооперация.-2014.-№1 (32).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.