Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқу үрдісінде жаңа технологиями қолданудың теориялық негіздері

Аңдатпа

Мақалада оқу үрдісінде оқушыларға жан жақты білім беруде қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Ендеше, оған қол жеткізудің бірден- бір жолы- жаңа технологиялар негізінде жұмыс жасау болып табылады. Жаңа технологияларды топтастыру, олардың тәжірибеге енгізіліп, қолданылуына жағдай жасау. Жаңа технологияларды қолданудың теориялық негіздеріне талдау жасай отырып әр технологияның мақсатын, ерекшелігін, тиімді жақтарын география сабағында қолдану жолдары қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Білім Туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру мекемелерінде, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертеді.

Қазақ елі өмірінде тарихи таңдау жағдаяты туған ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде Ахмет Байтұрсынов «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген қорытындыға келген болатын. Кемеңгер педагог «оқу ісін түзеу» деп білім беруді ізгілендіруді айтқан еді. Осы ізгілендіру еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қолға алына бастады. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы мүмкін емес.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «XXI - ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда, ол өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстарымен бәсекелесе алады және солай болуы тиіс. Елдің дамуы осы арқылы бағаланады» деген болатын. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңестігіне өту үшін қазіргі кезде Қазақстанда Білім берудің жаңа жүйесі жасалуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды қажет етеді. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технология түрлері көбейе түсуде [1].

Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сатысына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы - жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу - білім беру жүйесі, соның ішінде айтар болсақ, білім беру мекемелері еншісінде.

Қазіргі заман - білім беру адамзаттың ортақ мүлігіне айналған дәуір болып есептелінеді. Бір жерде жаңалық ашылса, ол басқа жерде тез қолданысқа енуде. Әрбір адамзаттың міндеті дүние жүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін үйрену. Өйткені, ғасырымызда барлық саланың даму қарқыны өте жедел жүзеге асуда. Ал дамудың негізі - білімде. Қазақстанда қазір білім берудің ұлттық моделін орнату жүріп жатыр. Бұл процесс білім беру парадигмасын өзгертумен қатар жүргізілуде. Жалпы білім беретін мектептерде қазіргі таңда білім берудің дәстүрлі түрлерін өзгертуді және жаңа оқыту технологияларды пайдалану ұсынылып отыр.

XX ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық тасқынның куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі білім беру ісіне өз әсерін тигізуде.

«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде: «Білімді, білік, дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық - зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін - өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ.

Міне, осындай мақсат - міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін, яғни инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Білім берудегі жаңа технология АҚШ-та 1940 жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал-жабдықтарды (инженерлік жетістіктер) оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мағынасында қолданып жүрді. «Оқыту технологиясы» дегеніміз - ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оптимизациялау.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында айтқандай, бәсекеге қабілетті, білімді де намысшыл ұрпақ өсіріп, өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылу басты міндетіміз. Әлемдік өркениетке ұмтылуда, жастарымызға, яғни болашақ мамандарға білім беріп қою аз, оларды жан - жақты дамыту үшін оқытудың жаңа технологияларын қолданып, оларды жаңаша оқыту арқылы кәсіби біліктілігін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай маман дайындау мүмкін емес. Бұл сапаларды болашақ мамандарда жоғарғы оқу орнына қабылданған күннен бастап қалыптастыру болашақ ел ертеңін тәрбиелейтін әрбір ұстазға қойылатын міндет болуға тиісті.

Қазіргі кезде білім берудің үлгісі қарқынды қалыптасып, педагогика ғылымында баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағыттауда білім берудің жаңа технологиялары көптеп жүзеге асырылуда. Жаңа технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Қазіргі заманғы технологияны оқыту процесіне тиімді пайдалану, оқу үрдісіне сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл оқыту процесін толығымен өзгертуді қажет етеді.

Қазір мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру мәселесі тұр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев « Бәсекеге лайық маман тәрбиеле, бәсекеге лайық ұлт жаса» деген бастамасының өзі стратегиялық негізгі құралға айналып отырғаны сондықтан. Елдің болашағы жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақ білімді, талапты, талантты болуы керек. Сондықтан білім саласыда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың маңызы зор [2].

Ендеше, оған қол жеткізудің бірден-бір жолы- бүгінгі күн талабына сай туындаған жаңа технологиялар негізінде жұмыс жасау болып табылады. Ол үшін бүгінгі күн талабына сай туындаған жаңа технологияларды топтастыру, олардың тәжірибеге енгізіліп, қолданылуына жағдай жасау. Жаңа технологияларды қолданудың теориялық негіздеріне талдау жасай отырып әр технологияның мақсатын, ерекшелігін, тиімді жақтарын тәжірибелік сабақтар арқылы көрсету. Оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс тәсілдерін, жаңа инновациялық технологияны игерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің тәжірибесін тарату және оны жас мұғалімдердің үйренуіне жағдай жасау. Әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім қызметіне қол жеткізу үшін оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасауға атсалысу, жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Сондықтанда педагогикалық оқыту технологияларының түрінің көп болуы, оған қойылатын талаптардың да әр түрлі болуы осы өмір сұранысынан туындауы заңды.

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық қызметінде іске асатын педагогикалық жүйенің логикалық негізделген жобасы (моделі). Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты: біріншіден, адамдар өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау. Екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға, шығармашылықпен қызмет етіп, тез өгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау.

ЮНЕСКО-нің берген анықтамасында үздіксіз білім беру дегеніміз - бүкіл дүние жүзінде, бір мемлекет көлемінде әр түрлі әлеуметтік және маманданған қызмет пен жан - жақты дамыған дара тұлғаның өз бетінше оқуға бейімделген білім беру жүйесіндегі бірін-бірі толықтыра отырып атқаратын істер жиынтығы. Жаңа XXI ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Модерн изациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі - жоғарғы оқу орындарында географиялық білім беруде компьютерлік технология мен мультимедияны енгізу болып табылады. Мұндай жағдайда мұғалім географиялық білім беруіндегі барлық мүмкіндіктерді, сонымен қатар, жаңа пайдалы жаңалықтарды қолдануға барлық күшін салады.

География сабағында компьютерлік технологияны қолдануға көптеген мүмкіндіктер бар. Географияның негізгі көрнекі құралы қабырғалық карталар болып табылады. Интернеттен, ғылыми баспалардан, жаңа Ресейлік, Қазақстандық және шетелдік атластардан оңай жолмен мультимедия көмегімен көлемі үлкен емес демонстрациялық карталар жасауға болады. Мультимедия география пәнінің мұғаліміне экранда әртүрлі статистикалық материалдарды бейнелеуді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедия көмегімен бір объектіден басқа кез-келген тізбекке фрагментті үлкейтіп, сонымен қатар, бір экранда бірнеше сюжеттерді енгізіп, салыстыруға болады. Бұл география пәнінің мұғаліміне де үлкен көмегі тиеді, себебі лекция сабағына бірнеше көрнекі құралды тасып жүрмейді. Сондықтан мультимедия аппараттардың жетістіктерге жоғары екенін байқаймыз [3].

Болашақ педагогтар үшін мультимедияны қолдану көптеген жұмыстарды іске асырады. Яғни білімгерлердің пәнаралық ойлау қабілеттері артады. Мұнымен қатар мультимедия көмегімен тұтас аумақ бейнесін жасау оңайға түседі, бұл өлкетанумен танысуда да маңызды. Бұл үшін картамен жұмыс істеу аз. Мұнымен қатар аэрокосмостық және фотосуреттер, сызбалар, графиктер, диаграммалар, фильмдер көрсету арқылы географиялық білімін тереңдетуге болады. Білімгерлер географиялық процестерді ұйымдастыру туралы көп және әртүрлі салада түсіну керек. Осы процестердің тізбегі, болашақ география пәні мұғалімінің негізгі талабы.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек». Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады [4].

XXI ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Білім беруді ақпараттандыру - жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану жастардың өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президент! Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Астана, 2007.-2-7 б.
  2. Сабырова М. "География сабақтарында жаңа технологияларды қолдану" //Қазақстан географиясы және экология мектепте және ЖОО-да оқыту. - 2004.-3 наурыз. -65-78 б.
  3. Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б,Увалиев Т.0, Асубаев Б.Қ. Географияны оқыту әдістемесі-Алматы, 2015.
  4. Жұмаділова Р. "Оқытудың жаңа технологиялары" // Биология, география және химия. -2002.-2 акпан-33-39 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.