Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұнай және газ өндіру және тасымалдау өнеркәсібіндегі шығындар есебі meh өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекшеліктері

Аңдатпа

Еліміздің қаржылық жағдайы минералдық ресурстар өндірісінен, оның ішінде мұнай және газ сияқты өнімдер шығарылымына байланысты екені мәлім.

2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы биылғы жолдауында Қазақстан Республикасының Президент Нурсултан Назарбаев «Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс» екендігін айырып көрсетті [1].

«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашаң» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазаңстанның мунай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басңа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Біз экономиканың заманауи, тиімді мунай-газ және тау-кен өндіру саласын құруға тиіс едік. Біз бүгін шикізат секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдаланудамыз» - деп бул салаға тағы да ел назарын аудартты [2].

Елімізде мұнай өндіру көрсеткіші өткен жылдың нәтижесі бойынша (2016ж) 65,6 млн. тонна болды, 2015 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға кем. Еліміздің бұл өнім бойынша өндірудің жоғары көрсеткіші 2013 жылға тиесілі, соңғы уақытта азаю бағытында қарқын алуда (Сурет 1). 2017 жылы 79,5 млн. тонна өнім өндіру жоспарға енгізілген.

ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері өткен жылы мемлекетіміздің шетелге өткізу мөлшері 6530,3 млн. АҚШ долларын көрсеткен, бұл цифр алдыңғы жылмен салыстырғанда 5%-ға өскен[3]. Шетелге сату көлемінің көбеюі және қазіргі таңдағы нарықта мұнай мен газға деген сұраныстың жоғары болуы біздің елімізде бұл өнеркәсіптің дамығанымен қатар мамандарымыздың да өз кәсібін жетік меңгергенінің айғағы.

Қазіргі таңда газ өндіру саласы үлкен өзгерістерді бастан кешіруде. Мұнай бағасының қалыптан түсуі, тұрақсыздығы, әлемдік шектеулердің орын алуы, ірі жоспарларға тосқауылдар қойылуы, табыс табудың басқа да көздерін қарастыру- аталғандардың жиынтығы энергетика бағытындағы жобаларды қайта қарауды талап етуде. Әлемдік нарықтағы дағдарыс экспорт көлемінің айналымын қысқартуға өз әсерін тигізіп келеді. Энергетикалық ресурстар бағасының азаюынан еліміздің Жалпы ішкі өнім көлемі де жылдан-жылға төмендеуде.

Газ өндіру және тасымалдау өнеркәсібі ҚР отын кешенінің айрықша бөлігі болуы себепті, оның өндірілу көлемі мен өркендеуі энергетикалық ресурқа деген сұранысқа бағынышты болады. Мұнай және газ өндірісіне деген сұраныстың төмендеуі олардың қорын іздестіру бойынша жұмыстарды баяулатады, болашақ жобаларды атқаруға қажет қаржы тарту көздерін де тарылтуда. Газ өндіруші және тасымалдаушы ұйымдар қызметінің сапасын көтеруге ықпалын тигізетін факторларды айқындау және дамыту ҚР экономикасын дамытудың басты бағыттарының бірі болып саналады. Бүгінде газ өндіруді және тасымалдауды ұйымдастыруда орын алған басты проблемалары төмендегідей:

  • Өндірістік еңбек құралдарының ескіруі;
  • Тасымалдау қызметінің құрал-саймандарының жетіспеушілігі;
  • Инвестициямен қамтамасыз ету көрсеткішінің төмендігі.

Сондықтан, өндірістік қызметті бұл салада тиімді ұйымдастырудың орны ерекше, өйткені энергетикалық ресурс көзі ретінде оны дамыту әлі де өзекті мәселе. Осыған сәйкес газ өндіру мен тасымалдау шығындарының есебін ұйымдастыру қажеттілігі осы саладағы бухгалтерлік есеп міндеттерінің бірі екені даусыз.

Мұнай өндіру технологиясы жерүсті және жерасты үдерістерді қолдануды білдіреді.

Жерасты технологиясы бойынша мұнай өндіру бір-бірінен ерекшеленетін мұнай бұрғыларымен жүргізіледі. Айырмашылықтарының негізгі белгілері:

  • Ұңғыманың тереңдігі және диаметрі;
  • Орналасқан жері;
  • Бұрғылаудың геологиялық жағдайлары;
  • Бұрғылау тәсілдері және т.б.

Осы факторлармен байланысты ұңғыманы бұрғылауда түрліше шығындар туындайды. Сондықтан, табиғаты жақсы тайыз жерден алынатын мұнайға қарағанда терең бұрғылауда жағымсыз климаттық жерлерде оның өзіндікқұны жоғары болады.

Есепте әрбір ұңғыма және басқа да негізгі құралдар бойынша бөлек көрсетілетін ұңғыманың амортизациясы өндірілген өнімнің өзіндікқұнында едәуір жоғары мәнге ие.

Өндіріс шығындарына сондай-ақ жоғары қозғалыштығы және жұмыс орнының қышықтығы да әсерін тигізеді. Жер қабаты анықталғаннан кейін бір- бірінен қашық орналасқан бірнеше ұңғымалар салынады. Бұл фактор материалдар, жабдықтар, қондарғыларды тасымалдау шығындарын удәуір өсіреді. Бұдан басқа, тұтынушыдан қашық өндірілген өнімді тасымалдау шығындары да өседі.

Табиғи газдың өзі мұнай өндірумен тығыз байланысты. Мұнай өндіру басқа өнеркәсіп орындары сияқты бірнеше ерекшелігі бар, олар өз кезегінде шығындар есебі мен калькуляциялау әдісін анықтайды. Мұнай өндіру кендері көбінесе құрғақ аумақтарда орналасқаны белгілі. Табиғаты және геологиялық жағдайлары әртүрлі ерекшеліктерге жататын белгілері:

  • Жер қабатының географиялық орналасуы;
  • Кеннің көлемі және тереңдігі;
  • Кеннің орналасқан жердегі тығыздық және құрамы;
  • Жер қысымының қуаттылығы және т.б.

Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі шикізат қолданбайтын салаға жатады. Мұнай кендерінің құны және шикізат шығындары түріндегі ақшалай өлшемі жоқ. Бірақ та бұрғылау барысында түрліше материалдардың үлкен көлемі қолданылады: балшық, цемент, тұрба және т.с.с. Одан басқа өндіру барысында бұл саланың энергиясыйымдылығының жоғары деңгейін сипаттайтын электроэнергияның көп мөлшері пайдаланылады.

Сала сондай-ақ, күрделі салымды көп қажет етеді, себебі бұрғылау, ұңғымаларды іске қосу және оларды механизациялау көп шығындарыд қажет етеді.

Мұнайды өндіргенде үш тәсіл қолданылады: фонтандық, компрессорлық және терең насостық(кесте 1).

1-Кесте. Мұнайды өндіру тәсілдері

Тәсіл

Мәні

Фонта ндық

Ұңғымадан көтеру жер қабаты энергиясының есебінен атқарылады - қысылған газ немесе контурлы судың қысымы

Жоғары өнімділік және аз шығын

Компрессорлық

Aya немесе жоғары қысымды газ қабатына айдау Жер қабаты қысымының цехын ұйымдастыруды талап етеді

Терең насостық

Ұңғымадан өнімді айдау үшін арнайы қондырғыны қолдану

Ұңғымаларды бұрқақтауды тоқтатқанда және мұнайды көтеру үшін пайдаланылады

Едәуір энергетикалық шығындар талап етіледі және қондырғыны ұстау және жөндеу шығындары өседі

Тәсілді таңдағанда геологиялық барлау жұмыстары мезгілінде анықталған факторларға және ұңғымаларды іске қосудың әрбір тәсіліндегі шығындарға назар аударылады. Біздің елімізде ұңғымаларды іске қосу тәсілі бойынша мұнай өндіруде ең жоғары үлесті бұрқақтық тәсіл алады.

Мұнай мен газ өндірудің шығындар есебі мен өнім бірлігін калькуляциялау әдістемесіне сәйкес өзіндікқұнды құрайтын баптар келесідей болып келеді:

  • Мұнай мен газды өндіруге жұмсалған энергия шығындары;
  • Осы салада еңбек еткен жұмысшылардың еңбегінің ақысы;
  • Пайдаланылған ұңғыма қондырғыларының тозу құндары;
  • Мұнай мен газды тасымалдау шыындары;
  • Құрылғылар мен ұңғымаларды сақтай және жөндеу шығындары;
  • Түрлі салықтар мен алымдар;
  • Жалпыцехтық шығындар;
  • Өндірісті жабдықтау мен дайындау шығындары;
  • Кәсіпкерлік шығындар және басқалары.

Өндірістік шығындардың құрылу ерекшеліктері мұнай мен газды өндірудің технологиясына байланысты болып келеді. Бұл технология мұнай мен газдың өзіндікқұнын есептеуде шығындар есебі және калькуляциялаудың жәй әдісін қолдануды талап етеді. Бұл өнім түрлерін өндіруде аяқталмаған өндіріс қалдығы болмайды, сондықтан өндірілген мұнай мен газ дайын өнім санатында есепке алынады, яғни жұмсалған барлық өндірістік шығындар шыққан өнім түрлері арасында бөлінеді және өнім бірлігіне калькуляцияланады.

Мұнай өндіру саласында барлық өндіріс шығындары мұнай мен газ өнімдері арасында айға бөлініп, шығарылым мен әрбір өнім бірлігіне өзіндік құн калькуляцияланады.

Мұнай мен газ өндіру саласында олардың өзіндік құнын құрайтын шығындарды төмендегідей топтарға топтастыруға болады:

  • Шығындардың пайда болған орындарына қарай(өндіріс цехтары, бөлімшелері);
  • Шығарылған мұнай және газ бойынша;
  • Өндірістік шығындарды өзіндікқұнға жатқызу тәсілі бойынша[4].

Шығындар жекелеген өнім түрлерінің өзіндікқұнына қасу тәсіліне қарай жіктелуі 2-кестеде бейнеленді.

2 Кесте. Мұнай және газ өндірудегі шығындардың жіктелімі

Шығын түрі

Мағынасы

1

Тікелей шығындар

Мұнай және газ өндірумен тікелей байланысты шығындар, олардың өзіндікқұнына бірден қосылады (дайындау, жабдықтау, ұңғымаларды орнату, өндіру шығындары, осымен айналысқан жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы, еңбекақыдан аударымдар, отын, технологиялық энергия және т.б.)

2

Жанама шығындар

әртүрлі технологиялық құрылғыларда өндірілетінмұнай мен газөндірісімен байланысты жұмсалатын

шығындар(ұңғымаларды сақтау және іске қосу шығындары, жөндеу шығындары, цехтық және т.б, шығындар)

3

Үстеме шығындар

Мұнай мен газдың өзіндікқұнын калькуляциялауданегізгі және көмекші өндірістерді шығындарына есепті мерзім соңында

   

қосылатын болғандықтан келесідей тәртіпте есептеледі:

Мұнай мен газдың өзіндікқұнына қосылатын шығындар;

Кезең соңындағы пайда есебінен жабылатын кәсіпкерлік шығындар.

Ескерту-кесте автормен құрастырылды

Сондай-ақ, мұнай мен газ өндірудің өзіндікқұнына қосылады:

  1. өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастырумен байланысты шығындар; пайдалы қазбаларды өндіргені үшін төлемдер, жер түбіне жіберетін ағаштар ақысы, су шаруашылығы жүйелерінің кәсіпорындарынан алынған су үшін төлем, қоршаған ортаға берілген шектеулер шегінде зиянды қалдық бөлгені үшін төленетін ақылар;
  2. өндірісті дайындау және игеру шығындары: жаңа мұнай және газ өндіретін басқармаларды ұйымдастырумен байланысты дайындық шығындары, бұрғылау алаңдарын тазарту, өндірілген мұнай мен газды тасымалдау үшін қажет уақытша кіру жолдарын құрастыру шығындары;
  3. өндірісті ұйымдастыру және технологияны жетілдірумен байланысты күрделі емес сипаттағы шығындар. Жаңа технологияларды қалыптастыру шығындарын қаржыландыру, сондай-ақ өнімдір сапасын арттыру бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеулер, тәжірибелік-конструкциялық жұмыстар;
  4. өндірістік үдеріске қызмет көрсету шығындары:
  • өндірісті материалдармен, отынмен, энергиямен, жабдықтармен, еңбек құралдарымен, басқадай қажеттіліктермен қамтамасыз ету шығындары;
  • өндірістік қорларды жұмыс жағдайында ұстау бойынша шығындар(күтіп ұстау және техникалық байқау, жәй және күрделі жөндеу шығындары);
  1. қалыпты жұмыс жағдайын және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету шығындары: машиналар мен олардың қозғалатын бөлшектерін, люктерді және басқа техникалық құралдарды қоршау;
  2. табиғатты қорғау мақсатындағы шығындары: құрылғыларды, фильтрлерді тазалау, экологиялық қауіпті қалдықтарды көму, ағымдық табиғатты қорғау шығындарын қабылдау, сақтау және жою бойынша басқа ұйымдар қызметіне төленген ақылар;
  3. өндірісті басқарумен байланысты шығындар:
  • ұйымның, бірлестік аппаратының, олардың бөлімшелерінің қызметкерлерін ұстау, олардың қызметін материалды-техникалық және көлікпен қамтамасыз ету, оның ішінде қызметтік жеңіл машинаны ұстау және жеке көлігін пайдаланғанда төленетін өтемақылар;
  • өндірістік қызметпен байланысты және бекітілген заңды нормалар шегіндегі іссапар шығыстары;
  1. мамандар дайындау және қайта дайындау шығындары:
  • жұмыстан қол үзіп білімін жетілдіріп жүрген қызметкерлерге негізгі жұмыс орнында төленетін орташа еңбекақы шығыны;
  • негізгі қызметінен босатылмай тәжірибе жинақтаушыларды оқытып жүрген білікті қызметкерлерге төленетін ақы;
  1. келісілген келісім шарт негізіндегі банк қызметтірінің ақылары;
  2. амортизациялық аударым ретінде өнімнің өзіндік құнына қосылатын негізгі құралдарды толық қалпына келтіру қорларына шығындар;
  3. заңмен белгіленген салықтар, алымдар, басқадай міндетті төлемдер.

Сонымен қатар, өнімнің өзіндікқұнында көрсетіледі:

  • ақаудан болған жоғалтулар;
  • ішкі өндірістік себептерге байланысты тоқтап қалудан болған шығындар;
  • кінәлі тұлға табылмағанжағдайдағы өндірістегі және қоймалағы материалдық құныдылықтардың жетіспеушілігі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президент! Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауы;
  2. ҚР Президент! Назарбаев Н.Ә.2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы;
  3. http://stat.qov.kz/;
  4. ДенисенковаЕ.Ю. Особенности учета и анализа затрат нефтедобывающих предприятий. Молодай ученый. Научный журнал.- 2015г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.