Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алаш қайраткері - Мағжан Жұмабаев

Андатпа

XX ғасыр басындағы өмір сүрген қазақ зиялыларының өмірі тарихи оқиғаларға да, сан алуан шығармашылықпен айналысқан рухани даму кезеңі болып табылады. Осы ғалым-ағартушылардың ғылымға қосқан үлесімен қатар, әлі де болса ашылмаған қырлары бар екендігі күмәнсіз. Ұлттық психология ғылымын әлемдік деңгейге көтеруге ат салысқан сол кезеңдегі ұлт ағартушылары бұл жолда аянбай тер төкті. Олар шетелдік, ресейлік ғалымдар еңбектерін игеріп, оларды тәржімалап және қазақ жанына қабыстырып, ғылымның дамуына бар күш-жігерлерін жұмсады. Мақаланың мақсаты да сол - тарихи мұраларымызға рухани серпіліс беріп, жастарымыздың арасына кеңінен насихаттап, оны заман көшіне қарай ілестіру.

Мәңгілік елдің ұлы дәстүрі, рухы, өнері, тілі, ұлт санасы, көркем қазынасы Тәуелсіз Қазақстан жылдарында қайтадан түлеп, жаңарып жаңғыру үстінде екені мәлім [1]. Егеменді еліміздің руханияты мемлекеттік тілдің өрісінің кеңейіп, өркен жаюы, ұлы тұлғалар мұраларының кеңінен насихатталып, еңбектері жарыққа шығып, туған жерлерінде ескерткіштері бой түзеуі мен есімдерінің көшелерге, мектеп-лицейлерге берілуі қуантарлық жағдай.

Алаш қайраткерлерінің бірі - Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясы, Ақмола уезіне қарасты Паудан болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында дүниеге келді [2].

1905-1910 жылдары Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск) медреседе оқып, араб, парсы, түрік тілдерін меңгерді. 1910-1911 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде ғылым мен білімнің алғашқы негізі қаланды.

1909 жылы "Атақты ақын, сөзі алтын Хакім Абайға" атты Абайға деген шексіз махаббатына табынуынан туған өлең жазған.

1912 жылы Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып, алтын медальмен бітіреді. 1917 жылдың көктемінде Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне қызметке кіреді. Алаш партиясының жұмысына араласады. Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде жұмыс істейді. 1921 жылы Петропалдағы 3 жылдық педагогикалық курста лектор болды. 1922 жылы Ташкентте орыс-қазақ тілдері мен әдебиетінен Қазақ-Қырғыз институтының оқытушысы болумен бірге, сондағы «Ақ жол» газетінің редакциясына кіреді. 1924-25 жылдары Мағжан «Алқа» үйірмесін құрып, «Табалдырық» атты бағдарламасын жазады. Ақмола губерниялық «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмететеді [3].

1923-1927 жылдары В.Брюсов басқарған Мәскеудегі Жоғары әдебиет- көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол Батые Европа әдебиетімен тереңірек танысып, оқиды.

1923 жылы Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы» атты мақала жариялап, оның ақындығына терең баға береді[4].

1923 жылы Ташкентте «Педагогика» атты кітап шығарды [5]. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған «Сауатты бол» атты оқулығы жарық көреді [6].

1927 жылы елге оралып, оқытушылықпен айналысады. Мәскеуде оқып жүргенде «Алқа» ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936 жылы тұтқыннан босап, еңбек жолына қайта оралысымен, 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен ату жазасына кесіледі [7].

1988 жылы ақталып, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді[8].

Оның қаламгер ретінде халқына қалдырған көлемді туындыларының бірегейі саналатын еңбектері: «Қорқыт», «Толғау», «Оқжетпестің қиясында», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Ақан сері», «Шолпанның күнәсі», «Ертегі», ағартушылық еңбектері «Педагогика», «Сауатты бол!», «Бастауыш мектептегі ана тілі» және т.б.

Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңіне үңілсек те, ұшқыр ой, даналық көзқарасымен жазылған ағартушылық еңбектерінде де елін, халқын өнер-білім алуға, ізгілікке, жарыққа шақыру жолдары мол табылады. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым» және т.б. өлеңдерінің бірінде: «Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр», - дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртене, қинала отырып жеткізеді. Ақынның «Пайғамбар», «Күншығыс», «Түркістан», «От» т.б. тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана сәулендірмек [9]. Күншығыс өлеңінде:

Қисық көзді Күншығыс, Бұл тұруың қай тұрыс?

Серпіл енді, алыбым! - деп, Шығыс елдеріне ұран тастай отырып, өз ойларын әйгілі «Пайғамбар» өлеңінде былайша жалғайды:

Күншығыстан таң келеді - мен келем, Көк күңіренеді: мен де көктей күңіренем. Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!

Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры!

Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.

Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:

Мен келемін, мен-пайғамбар, Күн ұлы.

Сондай-ақ, «Түркістан» өлеңі соның айқын айғағы.

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой, - деп аталатын өлең жолдары кешегі тарихқа жетелейді. Ақын Тұранның жері мен суын, көлі мен шөлін, өзен-суларын, тауларын, теңізі мен аралын, ыстықкөлін, Жейхун мен Сейхун дарияларын, Тянь- Шаньдай, Памир мен Алтайдай тауларын ғажайып көркемдікпен суреттейді.

Бұған дәлел - ақынның «Орал тауы» атты өлеңі. Өлең кейіпкері - Орал тауы. Мағжанның бейнелеуінде ол - бүкіл түркі дүниесінің символы: «Бір күнде менің иең түрік еді, Орын ғып көшіп-қонып жүріп еді, Қорықпайтын таудан, тастан батыр түрік, Қойнына жайымен кіріп еді, Ep түрік ен далада көрік еді. Отырса, көшсе, қонса - ерік еді».

Мағжанның «Жатыр» деген өлеңі 1911 жылы «Айқап» журналының 2- санында басылды[10].

«Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр.

Бірі-ай, бірі-жұлдыз, бірі-күн боп,

Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр...

Ойламай біздің қазақ текке жатыр...

Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр.

Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,

Қазекең таң қаларлық кепте жатыр» - деп, дүниеге Алланың ең кемел жаратылысы болып келгеннен кейін, адам атына лайық өмір сүру керектігін көксейді.

Абайдың ұлылығын жұрттан бұрын таныған да Мағжан еді. Абайға арналған өлеңінде[11]:

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанды.

Дүние қолын жайып енді күтпес, - деп Абайдың ұлылығына бас иеді.

Дүниеде не бір сұлудан сүйгенін сұлу көру - махаббат сезімінің адамгершілік парасаты мол ізгі жүректен туатындығын тану. Мағжанның өлеңдерінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі - адамды бәрінен жоғары кояды. Оны «Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, Айды алқа қып берейін», «Шолпы», т.б. өлеңдерінде осынау ұлы сезімді аса биікке көтере жырлайды [12].

«Жұлдызды жүзік, айды алқа ғып берейін» деген өлеңінде Мағжан:

Шашың толқын, жүрегімнің жарына

Соғылды да, баттым улы зарыңа

Айнам, саған арнап жырлар, жырлар жазамын,

Қаламымды малып жүрек қанына, - дейді. Адамның сезім күйлері Мағжан өлеңдерінде үлкен байлық, мол қазына, зор қасиет дәрежесіне көтеріле жырланады.

«Сұлулық сезімдері дұрыс, сұлу ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйінуіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді», - деп жазған болатын Мағжан.

Ақын танымындағы махаббат- бар дүние болмысына, барша адамзат баласына деген сүйіспеншілік. «Педагогика» оқулығында өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді: «Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, Жалпы адамзатты сүюі шарт», - дейді [5.136].

"Мен кім?" атты өлеңінде Мағжан өзінің лирикалық кейіпкерінің дәл осындай айбатты да қайратты, адал да қайсар бейнесін ашып береді.

«Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте - бұлт, жерде желмін гулеген,

Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?» - дейді.

Ақынның «Мені» өзін көктегі күшке, түпсіз теңізге, кызуы мол жалынға, жүйрік тұлпарға теңейді.

«Тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол адамның, ұлтын, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі - әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі - әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты».

Мағжан, тәрбиені дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп төрт бөледі. «Егерде адам баласына осы тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны, яғни дене тәрбиесі арқылы ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса; ақыл тәрбиесі арқылы түзу ойлайтын, дұрыс пішетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса; сұлулық тәрбиесі арқылы сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса; құлық тәрбиесі арқылы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болсын»,- дейді. Осы төрт талапты Мағжан баласының болашағын ойлаған ата-аналардың міндетті ісі деп көрсетеді.

Адамның дені сау, мықты болып өсуі үшін дене тәрбиесінің алатын орны шын мәнінде ерекше. «Бала аурулы болса, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден», - дейді педагог ақын. Тәрбиеден мақсұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару. Ал адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де қатынасатын болғандықтан, осы ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті.

Адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай болмақ. Бала тұрмыспен көзбе - көз таныссын, оның есінде, жанында көп білім болсын, жан- жануардың тұрмысын бақыласын, жаратылыстың тұрмысымен таныс болсын. Бала қиялын өркендетудің тағы бір жолы, әдебиет, тарих, жағрапия, жаратылыс секілді ғылымдармен таныс қылу. Сонда баланың қиялы, фантазиясы өткір һәм бай болмақ. Фантазия әдемілік сезімін тереңдетеді, ақылды кеңейтеді - біз неше түрлі әдеміліктерден фантазия арқылы ғана ләззат аламыз.

«Ойлай білетін адам шын мағынасымен адам». Демек, ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жан көріністерінің ең қымбаттысы ой. Ой тілі - сөз. Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бірін бірі ұғынуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы да болмас еді. Адамның толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында. «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ». Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, бір есе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай.

Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы.

« Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Таралған түрік балаларын бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім»-, дейді.

Жоғарыда айтқан себептерден баланың өзіне өзі разы болу сезімін өте сақтықпен тәрбие қылу керек. «Баланың өзін мақтама, ісін мақта. Мақтағанда, мақтауға тұрарлық ісін мақта»-дейді ақын [13].

Баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туысқандары өздері ізгі құлықты болуға тиісті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны қылады.

Қорытынды.

Біз бұл мақаламызда Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұраларындағы жан көріністерін, яғни ақыл, ішкі сезім және жеке тұлғаның тұлғалық қасиетін баяндадық. Сондықтан баланы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару үшін, тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек. Және тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек.

Қорыта келе, дамудың даңғыл жолы рухани байланыстардан басталары хақ. Ол мәдени, тарихи құндылықтармен сабақтасады. Демек, оны жаңғырту - заман талабы. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылу үшін де маңызды. Мақаланың мақсаты да сол - тарихи мұраларымызға рухани серпіліс беріп, жастарымыздың арасына кеңінен насихаттап, оны заман көшіне қарай ілестіру.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Сәуір 13, 2017.
  2. Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалары. - Алматы: Білім, 2008. -Т.2.-512 б.
  3. Жұмабаев М. «Алқа» атты әдеби үйірмесінің бағдарламасы // Ақиқат. - 1992. - №7. - 71-78 бб.
  4. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы // М. Жұмабаев. Шығармалары. - Алматы: Білім, 2008. - 400 - 428 бб.
  5. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.-160 б.
  6. Жұмабаев М. Сауатты бол. -M., 1930. -95 б.
  7. Елеукенов М. Мағжан: Өмірі мен шығармашылығы. - Алматы: Санат, 1995. - 384 б.
  8. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. - Алматы: Қазақстан, 1996. - 128 б.
  9. Сабирова Ж.Н. М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары: Псих. ғыл. канд. автореф.: 19.00.01. - Алматы, 2005. - 36 б.
  10. Жарикбаев К.Б. Становление основ научной психологии в Казахстане (история и этапы развития в XX веке): Автореф... д-ра псих, наук: 19.00.01. - Алматы, 2001.-48 с.
  11. Әуезов М. Мағжанды сүйемін 11 Бес арыс: Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. - Алматы: Ғылым, 1992. - 594 6.
  12. Тілешев Е.Е. М. Жұмабаев поэзиясындағы романтизм: Филол. ғыл.канд.автореф.: 10.01.08. - Алматы, 1997. - 26 б.
  13. Кошенова Р.Н. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасы: Пед.ғыл. канд.автореф.: 13.00.01. - Алматы, 1995. - 24 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.