Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сағидың сырлы саздары

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ поэзиясындағы бірегей ақын Сағи Жиенбаевтың лирикалық бағыттағы шығармаларына талдау жасай отырып, бүгінгі таңда да өзектілігін жоймаған тәрбиелік мәні және оның Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында айтылған патриотизмді насихаттауға қосар үлесі қарастырылады. Ақынның әр қырлы тақырыптағы шығармаларына талдау жасалады.

Тума талантымен тамсандырған танымал тұлға, өмір-өзеннің ағысымен сырғыған сыршыл ақын - Сағи Жиенбаев айналасындағы құбылыстарды көңілінің сүзгісінен өткізіп, жүрек пернелерімен дөп басатын жыр жолдарымен жазды. Қарапайым тілмен тізгіндесе де, әр шығармасының оқырман жүрегінен орын табатыны содан ба дерсіз. Туындыларын оқыған кезде сол кезеңнің тыныс-тіршілігі сезіміңді түрлі тербеп, көз алдыңа анық әкеледі. Өлеңдерімен жетелей жөнеліп, ақынмен бірге тыныстай бастайсыз. Ақын ағамыз қай тақырыпқа қалам тартса да, көкейіндегі ойды шыншылдықпен суреттеп, «қара сөзден жыр маржандарын» тере білді. М.Әуезов айтқандай «Жыл келгендей жаңалық сезіндіріп» келген жетпісінші жылдардың өнер тарландарының өзіндік қолтаңбаларымен бірге ортақ лирикалық сарындары да болды. Соғыс жылдарындағы жараланған жүректердің әсершіл лүпілінің үні ме екен?! Сезім қылын шертіп, шеберліктерімен тәнті етеді. Қай- қайсысы да қазақ әдебиетінде өшпес ізін қалдырды. «Жаңашылдықтың көркемдік, бейнелік қызметінен басқа жаңа өмірге байланысты әдебиетке сан алуан басқа жайттар әкелетіні көрінді. Ол жаңа жанрлардың туып қалыптасуы, тақырыптың баюы (жаңа еңбек, өнер, ғылым, қоғам, жаңа адам бейнесі, адамгершілік, бейбітшілік, отаншылдық, т.б.), поэзияның сюжеттік, композициялық жағынан күрделенуі, поэманың жаңа қалыпта дамуы, лирика түрлерінің көбеюі, лдирикалық қаһарманның есеюі, не керек, поэзияның жаңашылдық жолында сапалық дүниелері өте мол».[1.110] Ұлттық дәстүр мен жаңашылдықтың жарасымды көрініс тауып, шындықты реалистік жолмен көрсете білген ақын-жазушылар заман тынысын байқауға ұмтылды.

Ал Сағидың сарыны болса шынайылығымен ерекшеленді. «Қай жанрдағы қандай шығарма болмасын, оның жырлайтыны, бейнелейтіні адам өмірі қарым- қатынасы, сол жекелеген адам өмірін суреттеу арқылы ақын, жазушының бүкіл қоғам өмірінің шындығын ашуға тырысатынын білеміз» [2.25] деген пікірге сүйене отырып Сағи Жиенбаев жырлары өз кезеңінің шындығын бейнелейтін түрлі оқиғалар жиынтығы деуге болады. Жылдар өтсе де өміршеңдігін жоймай, соған ғана тән мәнер мен машығы, әсем ырғағы поэзия әлемінде өзіндік сара жолын салды.Нағыз өнер иесі өз кезеңінің ақиқатын туындыларына өзек етсе шығармашылығы әрдайым оң бағасын жоймайтындығы сөзсіз. Өз дәуірінде халқының қалауын тауып көңілінен шыға білген дүние жылжыған жылдар ағымында да өміршеңдігін сақтайды. Осы орайда Ұлы Абайдың «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған», данышпандарымыздың «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген сөздері дөп түскендей емес пе?!

Сағи ақынның сазы - бұл қазақ лирикасындағы айрықша нұрлы, сырлы саз. Ақын қазақ поэзиясының екінші тынысы ашылған 20 ғасырдың 60- жылдары Жырдодасының дулы ортасында болып, ойып тұрып өз орнын белгіледі. Сезімтал лирикасы ұлттық әдебиеттегі сирек құбылыстардың біріне айналды. Қазақ поэзиясын Сағи Жиенбаев лирикасынсыз елестету мүмкін болмай қалды. Сол кезеңдегі поэзия әлемінде көрінген жас ақындарға көңіл аударған ұлы жазушы М.Әуезов ризашылықпен: «Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңдерін оқыдым. Оларда толып жатқан образ, көп шындық, көпшілікке ортақ шындық бар, біртүрлі еліктіретін, сүйсіндіретін, оқушыға бас игізетін соншалық шындық пен бетке ыстық демі сезіліп кеткендей көрінетін шыншылдық бар...-поэзияға керек нәрсе - осы шыншылдық», - деп бағалаған. Мұхтар Омарханұлының ақ батасындай осы сөз қаламгердің ақындығына шабыт беріп, өнеріне деген халықтың үміт-сенімін арттыра түскендей болды. Тарлан лирик Қ.Шаңғытбаев: «Сағи лирикасының ұтымдылығы - ондағы шеберлік пен шындықтың шынайы ұштасуында, үн мен ұғымның сұлу үйлесімінде»,- десе, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: «Сағидың поэзиясы - мен үшін сол жез қоңырау. Бірте-бір артық сөзі жоқ, бірде- бір тәртіпсіз буыны жоқ, артық өлшем, жетпей жығылу дегендерді іздесе таптырмайтын Сағи

поэзиясы сол жез қоңырауды елестетеді. Сағи оған сағилық әр, өң, сағилық мінез бермей қолынан шығармайды», -деп бағалайды. Т.Молдағалиев: «Сағи ақын өлеңге мол біліммен, көп дайындықпен келді. Арзанға қол созбады. Маржан жырларды көп жазды. Оның көкірегінен тек шуақты, қуатты, сәулелі жырлар төгілді. Кітаптан кітапқа өсіп отырды. Өз замандатарының жақсы көріп оқитын ақыны болды», - десе [3,4], ақын Е.Дүйсенбаев:

«Майсалы самал сайларда Майыса есіп майда леп, Сайрайды бозторғайлар да: «Сағидай жырлау қайда деп?» - деп толғанады.

Өз әріптестерінің биік бағасына ие болған Сағи Жиенбаев ақын болып дүниеге келіп, ақын болып өткен жан. Ақынды танымал ететін оның өлеңдері екендігі белгілі. Әр өнерпаз өз заманының шындығын жырына арқау ете білуі керек. Сонда ғана оның өлеңдері әсерлі шығады. Ал Сағида осы қасиет басым, сондықтан ол - ешкімге ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Оның өлеңдері халық көңілінен шығып, жүректерінен орын тапқан. Себебі, өлеңдерінде өмір бар. Ыстығы мен суығы, ащысы мен тәттісі араласып жатқан кәдімгі өмір жырланады. Ол өлеңдерінде сол ақиқаттың бірін қалдырмай ұлы уақытқа сай лириканы, эпикалық картинаны шебер жырлай білген еді. Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептері мен жалпы ақиқат шындықтың әсерінен қатты толқынуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктер, күйініш-сүйініші тән болып келеді. «Эпоста - субьект оқиғаға сіңіседі де, көрінбей кетеді; ал лирикада ол құбылысты өзі игеріп, өз ойына қабыстырып қана қоймай, сол құбылыспен қақтығысудан туған түйсік түрінде жан сырына айналдырады. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді, оларды тар кеуденің қыспағанынан көркемдік өмірдің таза самалына алып алып шығады да, ерекше өмір сүргізеді», - деп белгілі әдебиет қайраткері Ә.Тәжібаев айтқандай [4,628] қазақ лирикасының майталманының әр шығармасы жан-дүниеңді тербеп, жүрек қылын тербейді.

Күтемін соны,

Күтемін сені түн қатып, Сәбидей сеніп, Жүрегімді аттай тулатып... Әзірге мейлі Алыстан жүрсін ол меннен Әйтеуір маған

Келетіні анық бір Бақыт! - деп жырлайтын ақын жүрегі тым сезімтал да қарапайым. [5,74] Сағи Жиенбаев өлеңдерінде табиғат әсемдігі, жан сұлулығы, махаббат, басқа да кіршіксіз сезім иірімдері асқан шеберлікпен өрнектеліп, көрініс табады, лирикалық жыр жолдары оқырман жүрегін жаулап алады.Табиғат, адамзат, адалдық пен зұлымдық, қайғы мен қуаныш, соғыс пен бейбітшілік, елдік пен бірлік, болашақ экология, адамгершілік, әдептілік, инабаттылық мәселелері - ақынның лирикалық шығармаларының өзекті арқауы. Соғыс басталғанда небәрі жеті жаста болғандықтаноның өлеңдерінің біраз бөлігі Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңіндегі ауыл өмірін суреттеуге, оның зардаптарын бала көңілі арқылы бейнелеуге, туған жерге деген сағынышты, адамдар арасындағы сан қилы қарым-қатынастарды көрсетуге арналды.

Ақынның:

Қадалып түнде елеңдеп, Қарсы алып таңның арайын, Көкешімді ертіп келер деп, Өлеңмен жаздым талайын,- деген «Хат» өлеңінде ағасына хат жазып, оның майданнан аман-есен оралуын асыға күткен бала сезімі шебер көрсетілген. Тылда

үлкендермен қатар қабырғасы қайыса еңбек еткен жас ұрпақтың көңіл-күйі, жан дүниесі шынайы жырланады. «Қай жанрдағы қандайшығарма болмасын, оның жырлайтыны, бейнелейтіні адам өмірі қарым-қатынасы, сол жекелегенадам өмірін суреттеу арқылы ақын, жазушының бүкіл қоғам өмірінің шындығын ашуға тырысатынын білеміз» [6,25] деген пікірге сүйене отырып ақын шығармалары өз кезеңінің шындығын бейнелейтін түрлі оқиғалар жиынтығы деуге болады.

Ақынның өзіндік бір қырларымен көзге түсетін, көзіңе жас, көңіліңе мейірім ұялататын бір өлеңі - «Әйелдер». Қазіргі аналар, аяулы әжелер соғысбасталғанда майданға әкесін, ағасын, бауырын, жарын шығарып салған бойжеткендер мен келіншектер оларға қандай жыр-дастандарға да арқау болуға лайықты адамдар. Сондықтан кімнің болса да көкейін тап басатын Сағидың:

Ырзамыз барлық ісіңе, Қазақтың қара көздері. От пенен судың ішінен Бізді алып шыққан өздерің. Тұншығып іште жалыны, Жана алмай кеткен отсыңдар, - деп жырлаған өлең жолдарын тебіренбей оқу мүмкін емес. Ақын «Ақ түйенің қарны жарылған күн» - Жеңіс күнін де жалынды жыр жолдарына арқау етті. Ұзақ жыл зардап шеккізген сұрапыл соғыс артта қалып, ауылдың жарқын, шуақты, көптен күткен қуанышты күнді қалай қарсы алғанын асқан шеберлікпен әсерлі суреттеді. Аталмыш тақырып аясында шығармашылық жолындағы қомақты еңбегі - Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Нүркен Әбдіров туралы дастандары көпшіліктің жүрегінен орын алды. Әйгілі ақын Қ.Шаңғытбаев: «Сағидың соғыс жылдарына арналған өлеңдері қазіргі Одақ көлеміндегі поэзиямыздың үздік үлгілерінің сапында», - деген болатын. [7,8]

Сағи Жиенбаев поэзиясының айтулы қасиеті - Отанға, туған жерге, биік адамдық атқа деген нәзік те асқақ сезімінде. Қанмайданда жауға тойтарыс берген ауызбіршілік, отан сүйгіштік тақырыбына арнаған шығармалары - нағыз патриоттық тәрбие негізі екендігі сөзсіз. Үстіміздегі жылы жарық көрген Елбасы Нурсултан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Мемлекет басшысы патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады дей келе: мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой, - деп жыр жолдарын келтірді.Демек, небір шынайы сезімдер мен қасиеттер адам санасында жатталған өнер туындыларымен ұштасып жатқандығы тағы айқындалды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында туған жерге деген ыстық ықыласты өнер арқылы насихаттасақ Сағидың осы тақырыптағы жалынды жырлары таптырмас құндылық.

Эр адам үшін өзі туып-өскен мекені әрқашан ыстық. Туған жері үшін ол қолынан келгенше бәрін жасауға, өзінде бардың бәрін беруге дайын тұрады. Сағи Жиенбаев бул туралы «О,Туған жер, барымның» деген өлеңінде былай келтіреді:

0, туған жер, барымның

Сәттілері сенікі.

Балы болса жанымның

Тәттілері сенікі. [8,123]

Ақын өлеңдерін оқып отырып, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті анық, айқын көреміз.Қандай ақынның болмасын, өлең жазудағы шеберлігін көрсететін өзіндік ерекшелігі болады. Өнер иесі табиғатты суреттеуге жеңіл-желпі қарамайды, ол әдемі, бейнелі сөздермен көрсетеді. Онда туған жерді қастерлеу, отанды сүю, еңбекке баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. алуан түрлі тақырыптарға жазылған өлеңдері ән болып төгілген, жыр болып шашылған.

Сағи лирикасы ананың болмыс-бітімін, образын жасауда да туған әдебиетімізге өзгеше өрнек әкелді. Аталмыш тақырыпта «Ана», «Абзал ана», «- Қайран шеше», «Ана», «Менің анам» деген туындыларының мәні мен маңызы ерекше. Соғыс жылдары жас ғұмыр гүлдей солып, төрт баламен тірлік тауқыметін шеккен сауыншы анасы Жібекке де балалық махаббатын арнайды :

Менің анам - сүйегі асыл мықты адам,

Талай рет жай түссе де жықпаған.

Бар кезде де сыртқа сыры шықпаған,

Tap кезде де қабағын бір шытпаған, - деп перзенттік махаббатын тәп-тәтті, жып- жылы ғып жеткізеді.

Жүрекке жалын мен шығармашылығына шабыт сыйлайтын әйел мен еркектің ортасындағы махаббат-таусылмайтын жыр-дастан. Сағи Жиенбаевтың сыршыл да шыншыл қаламынан туған өлең жолдары тіптен тамаша! «Гүл» деген өлеңінде балалық сезім суреттеледі. Мектепке жаңадан келген қызды көріп, өзінің ерекше көңілге бөленетінін жасырмай айтып, қыз бейнесін гүлге теңейді. «Қыз туфлиі» деген өлеңде жас ақынның жыр деген бәйгеден озып, қыз туфлиін жеңіп алатыны, жеңіске жеткен жас ақын үшін алтын, күмістің қажет емес, оған қыз деген бір сөзден артық сыйдың жоқтығы айтылады.

Ақынның бір ерекшелігі махаббат туралы кез келген өлеңін оқып көрсеңіз, ол өзінің жанына жақын бір жанды іздеумен жүреді. «Іздедім сені» өлеңінде өзінің сүйгенін қаптаған жұлдыздар ішінен іздеп, талай рет ормандарда адасқанын айтып келіп, оны іздеп тапқанша жалықпайтынын шебер көрсете біледі. Оны «Көгілдір орамал» деген өлеңнен де байқауға болады. Сонымен қатар «Талайлар мені елжіреп, құрметтейтін» деген өлеңде оны талай жандардың сыйлап, жанынан үйіріліп шықпайтынын, бірақ қаншама керемет деген жандар жанында болғанымен, оған бәрібір қасында біреудің жоқтығын және оны тапқанша іздейтінін айтады:

Күндіз-түн сол жоғымды іздейтінмін, Таппасам маған өмір мұз дейтінмін. Кетсе де, жолдар ұзап, жылдар ағып, Мен одан күдерімді үзбейтінмін.

«Бір адам» деген өлеңінде ақын әр жанның жүрегінде сағынатын, аңсайтын, тек соған ғана мұңын айтып, сырласатын бір адам болуы керек дейді.

Ақын жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерді де көптеп жазды. Мысалы, «Көктем еді», «Күзгі бақта», «Көктем», «Қар туралы жыр» «Көктемде құрғап беткейлер», «Көктем сәулелері» т.б. Халықты ерекше бақытқа бөлейтін, барша адамның сүйіктісіне айналған көктем. Ақын осы бір мезгілде адамдардың, сонымен қатар барлық жандардың ерекше көңіл-күйін, қуанышқа толы бейнесін бізге әдемі етіп жеткізе біледі. Табиғаттың әсем мезгілдерін жырлайда баршаның сүйікті қаласына айналған Алматыны өз жырына арқау етеді. Қаламгер Алматының қыс бейнесін жасауда, қыста қар жауғанда ол жерге қалай түсетінін жеткізуде теңеу сөздерді ұтымды пайдаланып, ғажайып бейне сомдайды.

Дірілдеп жалғыз жапырақ

Денесін суық қарыған, Ақырғы сәтте жатып ап, Айрылар емес талынан, -деп басталатын «Күзгі бақта» деген өлеңінде жадыраған жаз айының өтіп, сұр түске боялған күздің келе жатқанын, осы мезгілде жап-жасыл түске боялған жапырақтар сары түске айналғанын, бірақ жапырақтар жаз бойы бірге болған бұтақтарымен қоштасып айырылғысы келмейтінін әсерлі етіп баяндайды.

Орыс ғалымы Е.Винокуров «Нағыз ізденіс кезін өлең техникасынан гөрі мағынасынан, психологиясынан, терең танымының талғамынан байқауға болады» деп дәл айтқан [9,16]. Сағи ақынның азаматтық лирикасы үлкен наныммен танылған терең философиялық толғаныстарға толы. Ол заттар мен құбылыстардың мәнін танып білу, олардың сырт пішіні мен бейнесін қабылдаумен ғана шектелмей, біртұтас жүйесін, құрылымын белек элемент және деталь деңгейінде талдап, ішкі мазмұнын ашады. Осыдан кейін Сағи лирикасы рухани идеяның негізінен нәр алып жазылған шынайы көркемдігімен шырқау биіктен көрінеді. Жер бетіндегі бейбітшілікті қолдап, адамзат туралы тебіренеді. «Адамдар», «Бөлмеймін сені», «Намыс», «Жер үстінде», «Ақбота», «Алғашқы толғаныс», т.б. өлеңдері дәл осы сипаттағы сырбаз дүниелер.

Сағи Жиенбаев - ұлт мәдениеті мен әдебиеті, поэзиясы мен лирикасының дамуында өзгеше орны бар сөз сиқырын бойына сіңіре білген санаулы ақындарымыздың бірі. «Сағи өмірге құштар, өмірден үйренуші ақын. Өлеңдерінің бәрінде дерлік өмірдің түйінді дерегі жатыр. Өмір дерегі болғанда, көшірме емес, деректердің мәніне философиялық астарына бойлайды».[10,235] Көзі қырағы, қолы зергер автордың жырлары күнге қызынған құндыз сауыры, аспанға лақтырған айна сынығы сияқты: сәулелі де шұғылалы, нұрлы да сырлы. Шағын да болса, жалынды; аз да болса, назды. Ой мен сезімге егіз суарылған қылықты шумақтар ыстық алақанға қона тиген ақша қар тәрізді тіліңізге тиген ойда-ақ еріп жүре береді.

Қорыта айтқанда, сәулетті сөздің шебері, жаны жайдары, алтын қалам иесі С.Жиенбаевтың жырлары ақын бейнесі алыстаған сайын жұлдыздай жарқырай, биіктей түседі.Оқырманын сырлы сазымен баурап, жас ұрпаққа үлгі өнеге береді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Базарбаев А. Замана тудырған әдебиет. Таңдамалы ғылыми зерттеулер. - Алматы: «Жібек жолы», 2005. - 110 б.
  2. Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы-көркемдік кепілі. Алматы: Ғылым, 1989. - 25 б.
  3. з Молдағалиев Т. Ғасырдың үлкен ақыны. Егеменді Қазақстан, 2004. -№21- 46.
  4. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. Алматы: ҚКӘБ, 1960. - 628 б.
  5. Жиенбаев С. Іңкәр дүние. Алматы: «Жазушы», 1981. - 74 б.
  6. Қаратаев М. Ізденіс іздері. Алматы: Жалын, 1984. - 25 б.
  7. Жиенбаев С. Бақ құсы. Алматы: «Раритет», 2002 - 8 б.
  8. Жиенбаев С. Он томдық шығармалар жиынтығы. Алматы. 2014. -123 б.
  9. Винокуров Е. Поэзия и мысль. - Москва.: Советский писатель, 1966. - 16 б.
  10. Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы: «Жазушы», 1983. - 235 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.