Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік мекемедеп еңбекақы жүйесі және оның ерекшеліктерін есепке алу тәртібі

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын ел Президент Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында «Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор» деп атап көрсетілген[1].

Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы өзгерістерге сәйкес еңбекақы төлеу, қызметкерлерді әлеуметтік ынталандыру және қорғау саласындағы саясат та елеулі өзгеріске ұшырауда. Осы саясатты іске асырудағы мемлекеттік көптеген қызметтердің жауапкершілігі еңбекақының, оның нәтижелерін материалдық ынталандырудың нышанын, жүйесін және көлемін жеке тағайындайтын ұйымдарға тікелей берілді. «Еңбекақы» түсінігі жаңа мазмұнға ие болды.

Бюджеттік ұйымдар - бұл басқарушылық, әлеуметтік-мәдениет, ғылыми- техникалық және кәсіпкерлік емес сипаттағы басқадай қызметтерді атқару үшін мемлекеттік, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен құрылған ұйымдар.

Бұл мекемелердің негізгі қызметі толықтай немесе ішнара кірістер мен шығыстар сметалары негізінде бюджет есебінен қаржыландырылады. Міндетті шарт болып смета бойынша қаржыландыруды ашу және бюджеттік ұйымдарға арналған тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу табылады.

Дұрыс жолға қойылған бухгалтерлік есеп жасырынған резервтерді, жоспарлы және қаржы-бюджеттік тәртіптің үнемдеу режимінің бұзылуын анықтап қана қоймай, сонымен бірге дер уақытында мүмкін болатын жоғалтулар мен негізделмеген шығындарды ескерте отырып, жоюға жол ашады.

Бухгалтерлік есепті жетілдіру, оның ұйымның қаржылық және шаруашылықтық қызметін бақылауын арттыру - қаржы-бюджеттік тәртіпті берік ұстаудың негізі.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі өзгерді. Мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер және бюджеттік мекемелердің барлық қызметкерлері (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) техниктер мен слесарьлер жаңа жалақы алды.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін»[2].

Мезгіл бойынша еңбекақы төлеу жүйесі тұрады келесілерден:

азаматтық қызметкерлердің (біліктілігі бар қызметкерлерді қоспағанда), мемлекетік бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме қызметшілерінің лауазымдық қызметтері бойынша блоктардың сыныпталуына сәйкес дайындалатын азаматтық қызметкерлердің лауазымдық тізілімдемесінен лауазымдарының тізілімінен (реестр).

Азаматтық қызметшілердің (біліктілігі бар мамандарды қоспағанда), мемлекетік бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме қызметшілерінің лауазымдарын атқаратын жұмыс блоктары бойынша сыныптау қызмет сферасына, алған жоғары біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын қызметінің күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады;

  1. азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық жалақыларын (бұдан әрі - ЛЖ) есептеуге арналған базалық лауазымдық жалақыға (бұдан әрі - БЛЖ) қолданылатын коэффициенттерден;
  2. жұмысшылардың ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған БЛЖ-ға қолданылатын коэффициенттер;
  3. ұйымдар қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақы және өтемақылар;

Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді. Жаңа жүйемен танысар алдында, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің еңбекақысын есептеудің ағымдағы схемасын қысқаша түсіндіреміз («Азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлерінің, қазынашылық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген).

Еңбекақының жалпы сомасы кесімді ақыдан, үстеме ақыдан және қосымша төлемдерден тұрады. Барлық алушылар санаттарға(категорияларға) бөлінді. Дегенмен, қызметкерлердің қызмет саласы ескерілмейді. Мысалы, дәрігерлер мен мұғалімдер бір санатқа біріктірілді. Осыған орай, екі мамандық жалақысы бойынша сиам егіздердің үлгісіне айналды. Үкімет дәрігерлерге жалақысын көтеруді қаласа, мұғалімдердің табысы автоматты түрде өседі, егер мұғалімдерге басқа схема бойынша еңбекақы төлеуді шешсе - дәрігерлер де жаңа жүйеге өтеді.

Лауазымды жалақы қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік мөлшері.

  • қызметкерді босату кезінде жұмыстан шығардағы жәрдемақыны төлеу.

Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:

  • тарифтік жүйе;
  • еңбекті нормалау;
  • еңбекақы төлеудің нышаны.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін норматифтердің жиынтығын көрсетеді.

Тарифтік жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;
  • еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы арақатнастарын көрсететін тарифтік тор;
  • тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықтамалар кіреді.

Жұмысты тарифтеу - бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу[3].

Тарифтік разряд қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда, әр жұмыста қолданылады.

Еңбекті тарифтеу және тарифтелуразрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

Бюджеттік барлық қызметкерлер үшін лауазымдық кесімді ақы(оклад) келесі түрде есептеледі: елде бекітілген базалық кесімді ақы лауазымдық, жұмыс өтілінің коэффициенттеріне көбейтіледі. Біріншісі жұмыс орнына байланысты. Барлық из мамандықтар лауазымдар тізіліміне (реестр) жинақталған жэне осы тізімге сэйкес коэффициенттер тағайындалады.

Басты жаңалықтары:

  • Дәрігерлерге, мұғалімдерге және басқа салалардағы бюджеттік қызметкерлерге еңбекақы есептеу коэффициенттері әр түрлі болады, яғни денсаулық сақтау саласы үшін лауазымдық коэффициенттерді бір кестесі, білім беру саласы үшін - екіншісі, қалғандары үшін - үшінші кесте болады.
  • Қосымша ақылардың көпшілігі, мысалы, санаттатары үшін берілетін бонустар негізгі еңбекақыға қосылады.
  • Жұмыс өтіліне 25 жыл және одан жоғары - жаңа категория қосылды. Енді адамға кәсіби қызметтің жиырма жылдығы және қызметтің жиырма бесінші жылдығы үшін еңбекақысы өседі.
  • Барлық санаттар бойынша жалақының негізгі бөлігін есептеу үшін лауазым коэффициенттері көбейеді (мысалы, үш жылдан бес жылға дейінгі жұмыс өтілі бар барлық дәрігерлерге, яғни категориясыз дәрігерге 2,53 болса, 2016 жылдан бастап оның мөлшері 3,26).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің есептеуі бойынша негізгі қызметкерлердің, яғни дәрігерлердің, мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы 28 пайызға артты.

Ұйымның бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары жалақыны 50 пайызға немесе одан да арттыруға үміттене алады. Мекемелердің қалған қызметкерлері өз кірістерін артқанына қуанышты болды.

Алайда, медицина қызметкерлерінің жалақысы 7 пайыздан, білім беру жүйесінің қызметкерлері 15 пайыздан, әлеуметтік қорғау 28 пайыздан артады.

2015 жылы шенеуніктер қолданыстағы лауазымдық реестрге мұқият қарап, оны жүйеленбеген деп шешті. Бұрын барлық лауазымдар Gl-ден С14-ке дейінгі блокқа бөлінген. Gl-re - бірінші басшылар енгізілді, С14-ке - көмекші персонал, мысалы, күзетшілер. Арасындағыларға - негізгі персонал. Әзірлеушілер тізімді өзгерту керек деп есептеп, сондықтан 2016 жылдың қаңтарынан бастап барлық мамандарды төрт блокқа бөлінді: A, B, C, D.

  • «А» блогы басқару қызметкерлерін қамтиды;
  • «В» блогы - негізгі қызметкерлерді;
  • «С» блогы - әкімшілік және шаруашылық мамандар (мысалы, завхоз немесе заңгер);
  • «D» көмекші персоналдарға бөлінген(мысалы, техничкалар, хатшы, санитаркалар)

Блоктардың ішінде буындарға бөлінген, ол өз кезегінде шағын позицияларға бөлінеді. Олардың әрқайсысының өз кесімді ақысы бар.

Блоктардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырайық.

«А» блогы - басқарушылыр. Оған ұйымдардың барлық басшылары, олардың орынбасарлары және бас бухгалтер кіреді. Басқаша айтқанда, бұл бөлімге ұжымға басшылық жасайтын, оның жұмысын ұйымдастыратын және бақылайтындар кіреді. Топтың ішінде ведомоствоның орналасқан жеріне және жеке адамға қандай жауапкершілік жүктелетініне қарай бөлініс болады.

Бұрын мұндай принцип жоқ, мысалы, ауылдық аурухананың бас дәрігері және республикалық медициналық орталықтың бас дәрігері бірдей жалақы алды. Енді оларды әртүрлі деңгейлерге «лақтырды». Осылайша олардың орынбасарлары мен бухгалтерлері де бөлінеді. Басқаша айтқанда, ауылдық мектептердегі басбухгалтердің және оның облыстық маңызы бар білім ошағынан әріптесінің табыстарының көлемі әртүрлі болады.

Сәйкесінше барлық мамандықтарға блоктың әрпінен басталатын шифр берілген, әрі қарай буын нөмері кетеді және сол сияқты. Мысалы, А1-3 кодына мектептің немесе облыстық маңызы бар қаланың аурухана басшысы жатқызылған(кесте 1).

1-Кесте. Азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы[3]

Буын

Саты

Лауазымдары

1

2

3

A блогы (басқарушы персонал)

Al

1

Республикалық маңызы бар MM және МҚК басшылары

1-1

Республикалық маңызы бар MM және МҚК басшыларының орынбасарлары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) MM және МҚК басшылары

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) MM және МҚК басшыларының орынбасарлары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) MM және МҚК басшылары

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) MM және МҚК басшыларының орынбасарлары

4

Ауылдық маңызы бар MM және МҚК басшылары

А2

1

Республикалық маңызы бар MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

1-1

Республикалық маңызы бар MM және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) MM және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) MM және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

 

4

Ауылдық маңызы бар MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

A3

1

Республикалық маңызы бар MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары

 

1-1

Республикалық маңызы бар MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

 

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары

1

2

3

 

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

 

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары

 

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

 

4

Ауылдық маңызы бар MM және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары

«Білім беру» және «Денсаулық сақтау» салаларында

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)

2

Біліктілігі жоғарыдеңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)

ВЗ

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)

 

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)

 

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)

 

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)

В4

1

Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары

2

Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары

3

Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары

4

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал

   

мамандары

C блогы (әкімшілік персонал)

Cl

 

MM және МҚК шаруашылық бөлімшелерінің меңгерушілері және оларға теңестірілген өзге де жеке лауазымдар

С2

 

Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар

СЗ

 

1) Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар;

2) MM және МҚК шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы

D блогы (қосалқы персонал)

D

 

Техникалық орындаушылар

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

MM- мемлекеттік мекеме

МҚК - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Бұл блокта үш буын бар:

Al - басшылар мен олардың орынбасарлары,

А2 - әкімшілік-шаруашылық бөлімінің орынбасарлары, департамент директорлары, бас бухгалтерлер,

A3 - бөлімше басшылары, басқарма бастықтары. Буындардың ішінде жиырмаға жуық позиция бар. Олардың әрқайсысы бойынша бөлек кесімді ақы анықталған.

«В» блогы - басты персонал, мектептерде - мұғалімдер, кітапханашылар. Яғни ұйымның кәсіби функцияларын атқаратын қызметкерлер. Эрине, «В» блогында басқадағылардай бөлініс бар. Кейбір санаттарды толығырақ қарастырайық:

  • Bl - жоғары білім және ғылым қызметкерлері;
  • В2 - біліктілігі жоғары деңгейлі мамандар (дәрігерлер мен мұғалімдер);
  • ВЗ - жоғары білімі бар қызметкерлер (жоғары білімі бар мейірбикелер, фармацевтер, лаборанттар);
  • В4 - орта арнайы білімі бар қызметкерлер (медбикелер, фельдшерлер, тіс техниктері).

Дегенмен, бұл бәрі емес. В2, ВЗ және В4 топтары ішінде өз иерархиясы бар: белу санаттар мен ғылыми атақтарының принциптері бойынша жүреді. Жоғары санаттағы дәрігер В2-1 позициясына, ал бірінші санаттағы дәрігерге В2-2 ұстанымын жатқызады делік. Естеріңізге сала кетейік, мұғалімдер мен дәрігерлер үшін «код» бірдей, мысалы, В2-1 жоғары санатты дәрігер және жоғары санаттағы оқытушы үшін. Бірақ лауазымдық коэффициенттердің кестелері басқаша болады, сондықтан жалақылары да әртүрлі болады.

«С» блогы - әкімшілік персонал. Бұл категорияға әкімшілік және шаруашылық жұмыстарды атқаратын мамандар кіреді. Оларға, мысалы, асхана меңгерушісі, аудармашылар, заңгерлер, шаруашылық бөлімінің меңгерушілері жатады. Топтың ішіндегі бөлініске: мысалы, жоғары білімі бар экономист және колледжді бітірген экономист әртүрлі деңгейлерге жатқызылады.

Блокта өз буындары бар:

Cl - шаруашылық бөлімшелерінің басшылары (асхана меңгерушілері),

С2 - әкімшілік қызметті атқаратын жоғары білімі бар мамандар, (заңгерлер, экономистер, аудармашылар),

СЗ - колледжді бітірген экономистер, заңгерлер жэне т.б., сондай-ақ қойма меңгерушілері, мастерской басшылары.

«D» блогы - көмекші персонал. Бұлар техничкалар, хатшылар жәнет.б. Бұл блокта квалификацияланған және квалификацияланбаған еңбекке айырмашылық бар. Бірінші разрядқа жұмысы үшін арнайы дағдылары болуы тиіс қызметкерлер - көлік жүргізушілері, хатшылар жатады. Екіншісіне аула сыпырушылар, еден жуушылар және қызметін атқаруға білімі болуы талап етілмейтін басқа да жұмысшылар.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Президент! Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы;
  2. ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;
  3. Белов А.Н. Бухгалтерский учет в бюджетных учреждениях. - M.: Финансы, 2009.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.