Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандық халық-ағарту интеллигенциясы: зерттеудің теориялық мәселелері

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық тарих ғылымындағы тұлғатану мәселелері және тұлғатанудың теориялық-методологиялық мәселелері баяндалады. XX ғасыр басындағы халық-ағарту интеллигенциясының қалыптасуы тарихнамадағы соны ізденістер негізінде зерделенеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде XX ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ» [1, 15 б.], - деп жазған болатын. Нурсултан Назарбаев 2012 жылы 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария еткен болатын. Елбасы өз сөзінде «Мен еңбек адамына, өз ісінің білгіріне ар-налған әлеуметтік бағыттағы отандық мәдени өнімдер (кино, кітаптар, театр қойылымдары, телебағдарламалар) үлесінің жеткіліксіз екендігіне шығармашылық интеллигенцияның назарын айрықша аударғым келеді. Өскелең ұрпақ пен жас буын кәсібилік пен білікті еңбек өнімділігінің тартымды үлгілерін іс жүзінде көре алмайды. Мәдениет, ақыр соңында, қазіргі заманғы еңбек адамына қарай бетбұрыс жасауы тиіс!» - деген болатын [2].

2018 жылдың 10-шы қаңтарында және 5-ші қазанда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдауда адам капиталы мәселесіне көп мән беріліп, болашақ қазақстан оқыған, білікті мамандарға арқа сүйеуі тиіс екені атап өтілді.

Қазақстан Республикасы президент! Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен республиканың мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин төрағалығымен 2013 жылдың 5-6 маусым күндері Астанада Қазақстан тарихшыларының «Қазақстан тарихын жаңаша зерделеу» атты арнайы конгресі өтті. Конгресте Қазақстан тарихының әлем тарихының құрамдас бөлімі ретіндегі даму мәселесі және зерттеулерде әлемдік тарихнамадағы теориялық-методологиялық ұстанымдарды орынды пайдалану мәселесі көтерілді. Осы бағытта Қазақстан тарих ғылымында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан «тұлғатану» бағытының әлемдік тарихнама теориялық ұстанымдарымен байланысы ерекше мәнді.

Қазіргі қазақстандық тарихнамада және жалпы қоғамдық ғылымдарда ұлттық бірегейлену ұғымының саяси ғылымдар тұрғысынан мәндік негіздері анықталып, Қазақстандағы ұлттық элитаның саяси сананың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі сараптаудан өткізілді.

Аталған мәселе қазіргі қазақстандық қоғамда және жалпы теориялық тұрғыдан саясаттану ғылымында тек соңғы жылдарда ғана зерттеушілердің зерттеу объектілеріне айналды. Әсіресе, бұл тақырып кейбір отандық зерттеушілердің еңбектерінде сирек кедессе, ал шетелдік және ресейлік зерттеулерде бұл басты теориялық және эмпириялық тұрғыда зерттелініп келе жатқан мәселе болып табылады.

Ұлт бірегейлігін қалыптастыру арнасында элита тобы - бұл әрқашанда елде ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда шешуші фактор екендігін ұлттық саяси тарихтың кезеңдері негізінде қарастыра отырып, элита тобының ұлт және ұлттық мемлекет жөніндегі көзқарастарының эволюциясына назар аудару, іс-тәжірибелік тұрғыдан элитаның қазіргі саяси үрдісте алатын орны мен ролін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл факторлардың басын ашу қазақстандық қоғамның элитарлық құрлымының өзіне тән ерекшелігін, саяси жүйенің трансформациялануында, мемлекет шеңберінде жүргізіліп отырған реформалар мен модернизациялық үрдістегі элитаның ролінің ара салмағын анықтауға мүмкіндік беретіні сөзссіз.

Сонымен бірге, осы арнада элитология ғылымы шеңберінде посткеңестік кеңістікте орын алған трансформациялық үрдістердің басы қасында тұрған негізгі акторлары ретінде элитаның саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер барысындағы ықпалы жөніндегі аспектілері Г.К. Ашин, Л.Н. Васильева, Н.С. Ершова, О.В. Гаман Голутвина, О.В. Кравченко, В. Крыштановская, М.А. Чешков, О.И.Шкаратан, Ю.Ю. Фигатнер т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл Ресейлік зерттеуші авторлардың көрсететін негізгі жетістіктерінің бірі - ұлт және ұлтшылдық мәселесін зерттеуде кеңестік ғылымнан ерекшелігі - зерттеу методологиясының өзгертуі болып табылады. Олар ұлт мәселесін идеологиялық баға беру тұрғысынан емес, әлеуметтік-саяси феноменнің шынайы оқиғасы ретінде қарастырады.

Отандық тарих және қоғамдық ғылымында ұлттық бірегейленудің негізін құрайтын этникалық және саяси-азаматтық ұлт қалыптастырудың негіздемелері - ұлттық идея мен жалпыұлттық идеяның бүгінгі қазақстандық қоғамдағы идеялық және идеологиялық негіздемесі және ондағы элитаның ролі, ұлттық патриотизм аспектілері жөнінде қазақстандық ғалымдар - А.Б. Абсаттаров, Б. Абдыгалиев, Н.М.Садықов, Б.Г. Аяған, К.Н. Бурханов, Ж.Х. Жүнісова, Г.Ибраева, Р.А.Нұртазина, К.Қалиев, С.Г. Федосеев, С.М. Борбасов, А.Г. Косиченко, М.М. Сужиков, Р.К.Қадыржанов, К.Е. Көшербаевтың, А.Н. Нысанбаевтың, Н.В. Романованың т.б. еңбектерінде бар. Ғылыми зерттеулердің ішінде соңғы аралықта жарияланғандардың қатарында А.Ахметжанова мен А. Бухаеваның жұмыстарын атауға болады. Мәселен, А.Бухаева өз ғылыми еңбегінде ұлттық бірегейліктің қалыптасуының теориялық-методологиялық негіздеріне сараптама жасай келе, «ұлттық идея қазіргі Қазақстан қоғамының басты құндылығы ретінде азаматтардың ұлттық бірегейленуінің негізі болып табылады» дейді. Сондықтан да, мемлекет мақсатты түрде осы арнадағы саясатты жүргізу барысында туындаған этникалық қайшылықтарды заңдық, құқықтық негізде шешуі тиіс болса, екінші жағынан, қоғамның тебе топтары - саяси элиталар қоғамдық пікірге ықпал ету арқылы жалпы қоғамның дамуының бағыт-бағдарын анықтай отырып, азаматтардың ұлттық бірегейлігін қалыптастырады, бұл - элита топтарының басты жауапкершілігі болып табылады деген ой пікірін негіздеуге тырысады [3].

Ал А. Ахметжанова Қазақстанда саяси тұрақтылық жағдайында жаңа ұлттық бірегейленудің қалыптасуының саяси, әлеуметтік, эконом и калық, мәдени және этникалық негіздерін тұжырымдауға тырысады. Көрсетілген еңбекте, әрине, қандай да болмасын ұлттық және саяси элиталардың рөліне қысқаша ғана шолу жасалып, бірегейленудің тек объективті себептері мен алғышарттары ғана баяндалған [4]. Кеңестік Қазақстанның саяси тарихында ұлттық сана- сезімді қалыптастыру үрдісінің рухани-мәдени интеллигенцияның қоғамдық қызметінде көрініс табуы жөнінде тарихи тұрғыдан Ж.Бекбулаттың «Историческая эволюция национального возрождения Казахстана в II половине XX столетия (1953-2001)» атты кандидаттық диссертациясында кеңестік кезеңнің 70-80 жылдарында Қазақстандағы ұлттық-этникалық элитаның Орталық саясатына жанама қарсылық ретінде рухани-мәдени қызметтері арқылы, әсіресе, 1980-жылдарда бой көтерген ұлттық сананың жаңғыруының алғышарттары қалыптасқандығы жөнінде баяндайды [5]. Ал бұл мәселе тарихи қырынан: М.Қойгелдиев, Қ.Әбішевтің, И.Ерофеева және т.б. еңбектерінде қамтылған.

1990 жылдардан бастап Қазақстандағы идеологиялық және саяси жағдайдың түбірімен өзгеріске ұшырауыдәуелсіздік негіздерінің қоғамда толық орнығып,бұл жағдай қоғамтанушы ғалымдардың Маркстік-Лениндік методологиядан біртіндеп плюралистік көзқарасқа негізделген өркениеттік теорияға көшуіне жағдай жасады. Марксизмнің негізін қалаушылар өмір сүрген уақыт капиталистік қоғамның ырғақты дамуымен сәйкес келді. Өндірістің дамуы,техника мен ғылымның жаңалықтарының өндіріске енгізіле бастауы қоғамдық- экономикалық формациялар, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар тұжырымдары, марксизм ізашарларының еңбек адамдары, материялдық байлықты өндіруші қызметкерлер және өндірістегі негізгі күш жұмысшы табы туралы ғылыми ойларының қалыптасуына себеп болды.

К.Маркс «1857-1859 жылдардағы экономикалық жазбаларында» қызметкерлерді әлеуметтік субьект ретінде қоғамдық өндірістің тарихи қалыптасқан тұлғасы ретінде қарастырады [6, 523 6].

Марксизм жеке өндірістік күшті,жұмыс күші ретінде қарастыра отырып, оның қалыптасуының физикалық және рухани жағына ерекше мән береді. Бұл бағытта жұмыс күші қалыптасуындағы арнайы білім,тәрбие,белгілі өндіріске тән тәжірибені алдыңғы орынға қояды. Жұмыс күші құрылымының әлеуметтік мәнін ерекше атап көрсетеді. Қоғамдағы өндірістің, ғылымның дамуы өндіргіш күштердің дамуына эсер етсе, жеке жұмыс күші де соншалықты дамуда болуы тиіс. Қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін зерттеп,негізгі заңдылықтарын аша отырып марксизм ізашарлары,қызметкерлердің арнайы білім алуына да ерекше мән берді. Өндіріс субьектісі өз қызметіне тән белгілі мөлшерде білім ала отырып,оны өндірісте өз кәсібін дамытуға,жаңа әлеуметтік сапаға көтерілуіне,сол арқылы өндірісті өсіруге жағдай жасайды.

Ф.Энгельс бұл қағиданы ғылыми жетілдіріп жұмысшылардың өндіріс құралдарын игеруі үшін жақсы техникалық даярлығы бар адамдар,көп мөлшерде қажет екеніне мән берді [7, 163 6].

Капиталистік қоғамның монополистік даму кезеңіндегі және социалистік қоғамның алғашқы жылдарындағы құнды теориялық - методологиялық тұжырымдар Владимир Ильич Ленин шығармаларында дамытылды. Бұл бағыттағы В.И.Ленин шығармалары ерекшелігі, онда таза орыс жұмысшы табы, мамандары туралы ғана емес, көп ұлтты патшалық Ресейдің отарлық аймақтары, әсіресе Шығыс халықтары туралы да тұжырымдары бар.

Ұлы Қазан революциясы қарсаңында В.И.Ленин «..бізге инженерлер, аграномдар, техниктер, әр түрлі ғылыми білімді мамандар бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп керек» - деп жазды [8, 352 6].

В.И.Ленин білімді адамдар даярлаудың теориялық методологиялық мәселелерін ғана қарастырып қойған жоқ, осы мәселені практикалық бағытта іске асыруға өзі тікелей араласты.

«Халық ағарту комиссиариаты жұмысы туралы» мақаласында және коммунистер мен халық ағарту жүйесі қызметкерлеріне арналған тұжырымдарында В.И.Ленин оқытудың кәсіптік принципін таңдап, оны іске асыру жолдарын белгіледі. Оның ішінде: жас жұмысшыларды міндетті оқыту, кәсіптік оқу орындарын бірыңғай еңбек мектебі етіп құру, фабрика-зауыт оқушылығын ұйымдастыру жан-жақты қарастырылды. Марксизмнің кәсіптік техникалық білім туралы теориялық ойларын жалғастыра отырып, В.И.Ленин ең бастысы оқуды өндіріспен ұштастыруға ерекше мән берді [9].

Кадрларды саяси-іскерлік және моральдық ашық сапасына қарай іріктеу, қызметкерлерді жария түрде тағайындау, басшылықты сабақтастықты сақтай отырып жаңалап отыру, кадрларға жоғары талап қою, сенім арту, тәжірибелі және жас кадрлар арақатынасын қатаң есепке алу, шығармашылық бастамаларға, тәртіпті қатаң сақтауға және тапсырылған әрбір іске жоғары жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, кадрларды қоғамның, өндірістің қажетіне және

қызметкердің жеке басының қабілетін есепке ала отырып, орналастыру, әрбір қызметкердің жақсы қасиеттерін және кемшіліктерін зерттеу, есепке алу туралы теориялық құнды ойлар В.И.Ленин еңбектерінде көрсетілген.

Қазақстандық халық-ағарту интеллигенцияның құрамында, оның өсу кезеңдерінде, кейбір кәсіптік топтары мен отрядтарында кеңестік кезеңнің барлық заңдылықтары тән. Оның кейбір себептерін, біздің пікірімізше, әріректен іздеу керек. Сонда бұл өзгерістердің табиғатын, негізгі тенденцияларын, әкелер нәтижесін жан-жақты ұғуға оңтайлы мүмкіндік туады. В.И.Ленин атап көрсеткендей: «Негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір мәселеге тарихта сол белгілі бір құбылыс қалай пайда болды, бұл құбылыс өзінің дамуында қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген тұрғыдан қарау, сөйтіп, оның осы дамуы жағынан қарағанда қазір оның не нәрсеге айналғанын байқау»керек.

Ұлт республикаларындағы интеллигенция кадрларының өсуіде жан-жақты қарастырылған. А. Аманов, А.И. Бабий, А.К.Григорьянц, К.А.Акилов, М.Гулямова, С.Г.Гулямов, С. Садыков, М.А.Соктоев, Т.Дурдыев сынды ғалымдар бұл іске сүбелі үлес қосты.

Мәдени революция мен интеллигенция проблемалары кеңестік қазақстан тарихнамасында С.Б.Бейсембаев, Ә.К.Канапин, Ә.Б.Тұрсынбаев, А.И.Киікбаев, А.Ержанов т.б. шығармаларында Қазақстандағы мәдени революцияның заңдылықтары, ерекшеліктері, партияның дұрыс бұл реттегі теориялық және ұйымдастырушылық қызметі, халықтар достығы мен пролетарлық интернационализмнің жасампаз күші талданылады. 1972 жылы шыққан «Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане» атты монографияның авторы Р.Б. Сүлейменов капитализмге жэне соқпастан социализмге еткен халықтардың рухани гүлдену процесін тереңнен ашып қана қойған жоқ, осы проблеманы зерттеушілердің одақтағы ең ірі өкілдерінің қатарына көтеріле алды.

Қазақстандық интеллигенцияны тұтасымен немесе оның жекелеген отрядтарын тарих, философиялық, тарихи-философиялық ғалымдар білімнің позициясынан алғаш зерттегендер М.Х. Асылбеков, Ш.Ю. Тастанов, М. Эженов, А.Ишмухамедов, И.И. Евдокимов, Ж. Қарағұсов, Ц.Р. Розенберг, Л.З. Рүстемов, т.б.,ғалымдар болды. Мәселен, М.Х. Асылбековтың «Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970 гг.)» деген тақырыпты монографиясында темір жол транспортындағы инженер-техник қызметкерлердің саны мен құрылымы, кәсіби білімі мен ұлттық құрамы бай документтік негізде көрсетілген. Ал, Ш.Ю. Тастановтың еңбектерінде техникалық интеллигенцияның соғыстан кейінгі бес жылдықтарда жоғары және орта арнаулы оқу орындарында даярлануы сөз болады. Қазақстандағы жоғары мектептің тарихы, ішінара техникалық интеллигенция тарихы да К.Ж. Жаманбаевтың, К.Д. Жоламановтың, Т.Қатаевтың еңбектерінде жүйелі сараланған. Жекеленген институттар мен университет қызметіне арналған кітаптар да интеллигенция тарихнамасынан орын алуы керек. Бұларда әр түрлі мамандықтар бойынша студенттер қабылдаудың, оқытушы- профессор кадрларының сапасын жақсартудың жайлары, оқу-тәрбие процесіндегі өзгерістер талданады.

Енді бір топ диссертациялар мен мақалаларда студенттер арасындағы саяси-бұқаралық жұмыс, республикааралық мамандар алмасу ісі, Қазақстан үшін инженер- техник қызметкерлердің басқа туысқан республикаларда даярлануы сөз болады.Төл тарихымыздың қай кезеңін алып қарасақ та, зиялы атанған адамдар, халқына қызмет істеген оқығандар, интеллигенцияның таңдаулы өкілдері ұлттық элита қатарында болып келді. Оның себебі - халқымыз рухани бай адамды материалдық жағынан дәулетті адамнан жоғары санап,сыйлап келді. Қазақта өте зор ауқатты, "шіріген" байлар аз болмаған,алайда олардың бірен-саранының ғана есімдері тарихымызда сақталған. Ал сөз өнерінің (саз өнерінің де) майталман өкілдерінің есімдері мен туындылары ел жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Аталған тақырып қазақ топырағында ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық дәстүрлер жалғастығы тұрғысынан өзінің өзектілігімен ерекшеленеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы 1999. - 294 б; Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл. Алматы,2003.-221-6.
  2. Назарбаев Н.Ә.Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру.\\ Егемен Қазақстан.12 сәуір 2017 жыл.
  3. Бухаева А.О. концепциях национальной идентичности I A. Бухаева // Адам элемі - Мир человека. - 2005. - №3.; Насимов М.Ө. Ағартушылық астарындағы қазақтың саяси ойы. — [ЭР]. kz ақпараттық порталы [сайт], (назар аудару мерзімі 16.01.2015); Өзбекұлы С. Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері. — Алматы: Білім, — 66-6.
  4. Ахметжанова А.Т. Изучение истории репрессий личностей при преподавании курса «История Казахстана». «Ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалар жинағы. 22 нояб. 2014 года. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2014, 286-289.
  5. Бекбулат Ж. Историческая эволюция национального возрождения Казахстана в II половине XX столетия (1953 2001). лисс.кан.ист.наук. Алматы,2010.
  6. Маркс К.,Энгельс Ф. Из ранних произведений. - М, 1956.-523 с.
  7. Маркс К., Энгельс Ф.Шығармалары, Алматы 1956, 38 т.
  8. Ленин В.И. Шығармаларының толық жинағы. Алматы 1982, 34 т.
  9. Бабий Л.M., Абдукадирова М.А., Глущенко М.А. Некоторые аспекты подготовки рабочих кадров.// Известия АН Каз.ССР.серия общественных наук, - 1986,-№2, - C 39-45.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.