Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданылатын экономикалық терминдердің мән- мағынасы

Аңдатпа

Мақалада БАҚ беттеріндегі экономикалық терминдерге түсінік жасалды. Қазіргі таңда заман талабына сай жаңа терминдермен танысып, және өзге тілден енген кірме терминдер де қарастырылды.

Кез келген тілдің сөздік құрамы үнемі жаңарып толығып, жаңаланып отырады. Елімізде соңғы жылдары жүріп жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да салалардағы өзгерістер, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне кіруі, сонымен қатар елімізде жүріп жатқан Үш тілдік тұғыр саясаты тілімізге де өзгерістердің, соның ішінде ағылшын тілінен енген кірме сөздердің пайда болуы арқылы толығуына әкелді. Қоғам өмірінің көрсеткіші болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, эконом и калық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық мәселелерді жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан, журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін зерттеушілер медиамәтін деп атайды.

Қазіргі кезде бүкіл адамзат электрондық БАҚ-тың эсер ету объектісіне айналып отырғаны мәлім. БАҚ түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын әмбебап құрал ретінде медиамәтін әлеуметтік- реттеуші қызметін атқарады. Академик Р.Сыздық қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысында көркем әдебиет стилінің жетекші орын алатынын, яғни доминантті стиль екенін, айта келіп былай дейді: «Сөз жоқ, бұл күнде тіл тәжірибесінде публицистиканың, көпшілік ақпарат құралдары — баспасөздің, радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенін мойындау қажет» Әр түрлі БАҚ-та медиамәтіннің өзіндік ерекшеліктері болатыны мәлім, дегенмен, оның әмбебаптық сипаты, негізінен, өзгеріссіз қалады.

  • Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, белу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.
  • Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
  • Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады

XX ғасырдың соңғы он жылындағы еліміздің егемендік алуы, тіліміздің мемлекеттік мәртебесін иемденуі, сондай-ақ еліміздің Ата Заңын және мемлекеттік рәміздерді қабылдауы және де елімізде жүргізілген, жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық, тағы басқа реформаларға байланысты қазақ баспасөзі жаңа сөздер, жаңа қолданыстармен байи түсті. Бұл кезеңде баспасөз беттерінде, экстралинвистикалық факторлар, яғни қоғамда болып жатқан өзгерістер мен ғылыми-техниканың дамуындағы жаңалықтарға байланысты пейджер, ұялы телефон, плеер, бейнекамера, валюта, тендер, аукцион, бизнес т.б. жаңа сөздер пайда болды. Сондай-ақ лексикалық құрамның тілдік ішкі даму заңдылықтарына байланысты пайда болған жаңа қолданыстарды баспасөз беттерінен өте жиі кездестіруге болады.

«Кадр» термин! (алғашқы рет неміс және француз тілдерінде «Шеңбер» деген мағынаны білдірген) басқару саласындағы қолданысқа әскери лексиконнан келген, онда кәсіби қатардағы әскери жауынгерлер тобымен командалық құрамды және әскер резервін атаған.»

Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болуына байланысты әлеуметтік-тарихи ұғымдарды білдіретін халық, ел сияқты байырғы атаулар қатары егемен ел, тәуелсіз ел, тәуелсіз мемлекет, ұжым, оралман, зейнеткер, әріптес т.б. ұғымдармен толыға түсті. Сондай-ақ кәсіпкер, бизнесмен, фермер, оппозиционер, олигарх, саясаткер сияқты т.б. баспасөз беттерінде бұрын қолданыста болмаған жаңа сөздерді кездестіреміз.

Сыбайлас жемқорлық термині туралы айтатын болсақ, «Мемтерминком 2000 ж. 25 қаңтарда коррупцияны - құнпаралық, вымогательствоны құнерездік деп бекіткен болатын.

Ал К.Юсуп түсіндірме сөздіктен мысал келтіре отырып, осы екі терминді ауыстырып, яғни коррупция - құнерез, вымогательство - құнпаралық деп алуды ұсынады. Бірақ баспасөз беттерінде коррупция сөзі «құнпаралық» деп те, «құнерездік» деп те қолданылмай, сыбайлас жемқорлық деп екі сөздің тіркесуі арқылы қолданылып жүр.

Кейінгі жылдардағы жаңа сөздер мен экономика саласына қатысты сөздер мен сөз тіркестері термин ретінде қолданылып жүр: коммерсант, коммерция, бизнес, бизнесмен, инвестиция, инвестор, ипотека, банкрот, доллар, евро, салым, салымшы, қаржыгер, кәсіпкер, кәсіпкерлік, нарық, нарықтық экономика, несие, пайыз, зейнетақы. Төлемнің түрлеріне байланысты да біраз жаңа сөздер пайда болды. «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздікте» плата - төлем, ақы, төлемақы деп беріліпті. Осындағы «ақы» сөзінен жасалған тірек жалақы, өтемақы, жәрдемақы, жолақы т.б. сөздер баспасөзде молынан ұшырасады.

Нарықтық экономикаға байланысты «интернационалды» терминдердің өзі де тілімізге еніп, күнделікті өмірімізден тұрақты орын алып отыр. Олар: акция, брокер, аукцион, вексель, валюта, стандарт, сертификат, дебитор, депозит, дэмпинг, дивиденд, инвестиция, инфляция, капитал, дисконт, маркетинг, консорциум, баратрия, консумент, картель, конглоремат, нотис, монополия, фиксинг, стагфляция, санация, сальдо, рента, т.б. Ең көп қолданылатын сөздердің бірі - «бизнес». Республикамызда бизнес орталықтары бар. Бизнес сөзінің мағынасы -пайда беретін кез-келген қызмет түрі. Презентация - экономикада бірінші төлемді төлеуге міндетті адамға аударма вексельді ұсыну; екінші таныстыру және жарнамалау мақсатымен фирманы, кәсіпорынды, тауарды т.б. көрсетуі. Ал, осы «презентация» сөзінің мағынасы бүгінде түбегейлі кеңейе түсті. Қазір мерзімді баспасөзде, радио, теледидар хабарларында презентация терминінің орнына «тұсау кесу» деген қазақ тілінің фразалық тіркесін қолданып жүр.

Қазіргі уақытта «презентация» сөзінің мағынасы кеңейе түсті. Қазір баспасөзде, теледидар, радиода презентация терминінің орнына «тұсаукесу» деген қазақ тілінен алынған фразалық тіркесті қолданып жүр. Елімізде экономикалық қарым-қатынастар жаңа бағытта өзгере бастаған алғашқы кезеңнен бастап «стандарт» және «сертификат» деген сөздержиі-жиі естіліп, оның әсерінен сан алуан мамандықтың иелері, өндірушілермен өнім өткізушілер, сатушылармен тұтынушылар, толып жатқан бақылаушы органдар және тағы басқалары анық сезе бастады. Стандарт - үлгі, эталон, модель, олар өздеріне ұқсас басқа объектілерді салыстыру үшін негізгі деректер ретінде қабылданады, шама бірлігін белгілейтін нормативтік технологиялық құжат, терминдермен олардың анықтамалары, өнімге өндіріс үрдістеріне қойылатын талаптар; адамдардың қауіпсіздігін және материалдық құндылықтардың сақталуын т.б. қамтамасыз ететін талаптар. Сертификат - оның мағынасы белгілі бір фактіні куәландыратын құжат арнаулы облигацияларының атауы, сыртқы саудада - мемлекеттік инспекциялармен басқа да уәкілетті ұйымдар беретін тауардың сапасы туралы құжат.

Ал қазір нарықтық экономикаға белсене араласатын ел болғандықтан, ағылшын тілінен бизнес терминдер көптеп енуде. Мысалы, «менеджер» деген термин "manager" деген ағылшын сөзінен алынған. Мағынасы - кәсіби басқарушы, іскер адам, өндірісті басқару жөніндегі маман. «Реприманд»та солай, ағылшынша "reprimand" - ауызша сөгіс, деген мағынаны білдіреді. «Рейтинг» - ағылшын тіліндегі "rating" деген сөзден алынған. Ағылшын тілі арқылы енген нарықты экономикаға байланысты шетел терминдері өзгеріссіз алынады. Ал сол сөздерге тоқтала кететін болсақ. Аванс - материалдық игілік, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағытөленетінтөлем есебіненберілетін ақшалай сома немесе есеп айырысу тәсілдерінің бірі, онда кредитор (несие беруші) келісім шартта көрсетілген банкіден өзіне тиесілі төлемді келісім шарт жасасқан жақтар белгілеген шарттармен және мерзімінде алынады немесе есеп айырысатын құжат немесе ақша құжаты, ол жөнетілген тауар үшін тауар - көлік құжаттарын арнайы қалдырылған қаражат есебінен немесе аккредитива ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын беру жөнінде бір кредит мекемесі басқа бір мекемеге жүктейтін болады.

Агент - басқа бір адамның, принципиалдың, мүлік иесінің тапсыруы бойынша оның есебінен және оның атынан белгілі бір операциялар жасайтын, сондай-ақ келісімнің даярлануын қамтамасыз ететін, бірақ келісімге қол қоюға құқығы жоқ заңды ұйым немесе жеке тұлға. Аккредитив - оның екі мағынасы бар:

1. Ecen айырысу тәсілдерінің бірі.

2. Кредитор (несие беруші) келісім шартта көрсетілген төлем.

Актив - есепке алу категориясы, оған нарық субьектісі мүлкінің құны, қарыздарды төлеуге арналған қаржымен сақтық қорлары кіреді. Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, ол өз үлесінінен дивидендтер алу құқы береді. Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарлармен көрсетілетін қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша мақсатты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану аудит-кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың қызметіне клиенттің тілегі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есепке тәуелсіз тексеру түріндегі қаржы бақылауының ерекше түрі. Аукцион - алдын-ала көрмеге қойылатынтауарлардыңбелгілі бір уақытта және белгіленген орында сату формасы. Банк - кәсіпорындардың, ұйымдардыңжәне халықтыңбос ақша қаржысынтартумен жинақтауы және төлемдерге делдалдық жасауды, сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын, қысқа мерзімді кредитберуді, қайтарылатын, төленетін және мерзімді әртүрлі несиелер беруді жүзеге асыратын кредит-қаржы мекемесі. Бизнес - пайда беретін кез-келген қызметтүрі. Биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады немесе қызметкерлер жалданады. Валюталық биржа - Валюта биржасы - валюталармен ірі көлемде жасалатын, ұйымдық жағынан жасақталған және тұрақты жұмыс істейтін нарық. Негізінен өз есебінен немесе өзінің қызметін пайдаланушылардың тапсырмасымен мәміле жасайтын банкілер сатып алушылар және сатушылар болып табылады. Валюталық монополия - Валюта монополиясы. Валюталық монополия - мемлекеттің өз органдары арқылы валюта операцияларына және экономикалық агенттер табатын бүкіл валютаға үстемдік жасауы. Мұнда мемлекет валюталық құндылықтармен белгілі бір операциялар жасау немесе мұндай операцияларды кәсіпорындармен жеке тұлғалардың жүргізуіне рұқсат беру, сондай-ақ валюта қаражатын пайдалану тәртібін белгілеу жөнінде айрықша құқыққа ие болады.

Кірме терминдер дыбыстық құрамы, тұлғалануы мен дыбысталуы жағынан төл терминдерден ерекшеленіп, оқшауланып тұрады. қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемделінбеи қабылданғандықтан олар үндестік заңына бағынбай жұмсалады. Интернационалдық терминдерді өзгертпей қабылдау - өз тіліміздің мүмкіндігін шектеу деген сөз. Ол туралы академик Ә.Қайдаров: «Тыл-тілдердің арасында ортақ интернационализмдер болмаса немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдарының бәрін шет тіл сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып отырған. Бұл салада біз қытай, жапон, т.б. халықтарды жақсы білеміз»,-дейді.

Қазақ тілінің экономикалық терминдері де өз бастауын халықтың өмір сүру, күн көрісіне байланысты байырғы, қарапайым сөздерден алған: айырбас, төлем, өнім, қүн, қор, несие, мұра, қарыз т.б. орта ғасырларда қазақ халқының басқа елдермен халықаралық байланысы «жібек жолы» арқылы күшейген. Бұл дәуірлерде қазақтың экономикалық өз терминдері де біраз дамыған, сонымен қатар араб, парсы, монгол, қытай тілдерінен де бірқатар экономикалық терминдер енген. Бұл терминдер қазақтың өз терминіне айналып, сіңісіп кеткендігі сондай, этимологиясын ақтарып зерттемесе, қайсысы қандай тілден кірді деп айту да мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, басқа функционалдық стильдерге қарағанда, жаңа сөздерді баспасөз, оның ішінде газет тілі ең алдымен бойына «сіңіріп» алатыны дәлелденді, яғни жаңа кірме сөздердің көбі газеттегі материалдар арқылы кең таралады. Қоғамның саяси- экономикалық жүйесінде болған түбегейлі өзгерістер тәуелсіз егеменді мемелекеттің құрылуына әкелді. Соған сәйкес олар өздерінің ұлттық мүддесін көздейтін тіл саясатын белгілеп отыр. Бұл терминжасам үдерісіне де эсер етпей қоймайды. 90-ж. бері терминологиямызда болып жатқан жаңа үрдіс соның көрінісі болып табылады дейді зерттеушілер. Ұлттық терминологияны қалыптастыру мен нормалау құралдарының бірі - жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдер жиі қолданылатын мерзімді қазақ баспасөзі. Ұлт тілінде баспасөздің, яғни алғашқы қазақ газеттерінің, жарыққа шыққан кезінен-ақ терминдердің қалыптаса бастағаны көпшілікке мәлім. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың бәрі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді. Бүгінде қазақ баспасөзінің терминологияны қалыптастырудағы атқаратын рөлі және жалпы ұлттық мәдениет пен ғылым дамуында алатын орны айрықша болып отыр.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. - Алматы: Санат, 1997. - 81-6.
  2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007
  3. Қайдаров Ә., Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы, қазіргі жайы және міндеттері // Қазақ терминологиясының мәселелері. - Алматы, 1986. - 6766.
  4. Ақшалова Б.Н. Макроэкономика. Білім. 1997. (Аударма).
  5. Князева Г.Ю. Понятие ассимиляции заимствований и методика ее исследования // Лингвистика и методика в высшей школе. - Вып V. - M., 1970.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.