Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сынып оқушыларының еңбек технологиясы арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру

Аңдатпа

Жас ұрпақтың көркемдік талғамын қалыптастыруды жан-жақты тал дау, зерттеу маңызды да, өзекті мәселенің бірі. Дұрыс қалыптасқан көркемдік талғам шын мәнінде әдемі нәрсені дұрыс бағалауға, өмірде, тұрмыста, еңбекте эсгетикалық нәрсені эстетикалық емес нәрселерден ажыратуға, әсемдікті түсінуге көмектеседі. Оқушының көркемдік талғамын, мәдениетін қалыптастыратын еңбек технологиясы арқылы - қиялы дамып, көркем- шығармашылыққа жетелейтін қалыптастырушы маңызды фактор болып табылады.

Бүгінгі жас ұрпақты еңбекке баулу бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігі дау тудырмайды. Н.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: "баста пқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелесгік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл белу керек" - деп атап көрсеткен.

Сондықтан да, бүгінгі таңда оқыту мен тәрбие үрдісіне де елеулі өзгерістер болып жатқандығы баршамызға аян. Мұндай өзгерістер бастауыш мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Әсіресе әсемдікті түсінетін, мәдениетті, үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде көркемдік талғамды қалыптастыру ерекше рөл атқарады. Болашақ ұрпақтың көркемдік талғамын дер кезінде қалыптастыру жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Жас ұрпақтың көркемдік талғамын қалыптастыруды жан-жақты талдау, зерттеу маңызды да, өзекті мәселенің бірі. Дұрыс қалыптасқан көркемдік талғам шын мәнінде әдемі нәрсені дұрыс бағалауға, өмірде, тұрмыста, еңбекте эстетикалық нәрсені эстетикалық емес нәрселерден ажыратуға, әсемдікті түсінуге көмектеседі. Оқушының көркемдік талғамын, мәдениетін қалыптастыратын еңбекке технологиясы арқылы - қиялы дамып, көркем-шығармашылыққа жетелейтін қалыптастырушы маңызды фактор. Тіршіліктің барлық салаларын қамтитын көркемдік талғам мінезді қалыптастырады, шынайы рухани байлыққа ұмтылдырып, тұлға тән қасиеттерді дамытады. Ол адамды тек қана сұлулықты сезініп, түсінуге қабілетті етіп қана қоймай, оған өзінің рухани байлығын еркін түрде, белсенді, шығармашылықпен эстетикалық түрде көрсету қабілетін бере алады [1].

Бастауыш сынып оқушыларына берілетін білім мен тәрбиенің маңыздыларының бірі - олардың көркемдік талғамын қалыптастыру.

Көркемдік талғам қалыптастыруға орай білім беру теориясы мен практикасына жалпы эстетикалық тәрбие беруге көптеген ғалымдар ат салысты. Мәселен Н.П.Сакулина, В.Н.Шацкая, Е.В.Шорохов, Н.А. Ветлугина, Д.Б. Кабалевский, В.С. Кузин , Б.Т. Лихачев, Н.Н. Ростовцев т.б. ғалымдар осы мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеді.

Г.Д. Лихачевтың зерттеу жұмысында гносеологиялық және әлеуметтік- мәдени талаптарға жауап беретін эстетикалық сана мен көркем мәдениеттің арақатынастарының жалпы түрі философиялық тұрғыдан талданған. Сондай-ақ В.Давыдовтың, Е.И. Игнатьевтің, Щукинаның Н.С. Лейтестің В.А. Крутецкийдің, Б.М. Тепловтың еңбектерінде зерттеліп отырған мәселенің жеке жақтарының жалпы және жас ерекшелігі психологиясы, балалардың бейнелеу психологиясы, эстетикалық тәрбие беру мен қабылдау психологиясы кеңінен қарастырылады. Көркем талғамды қалыптастыру, эсгетикалық тәрбие беру мәселелерімен А.И. Буров, В.А. Разумный, В.К. Скатерщиков, Р.А. Тельчарова айналысты. Көркем талғамның түрлі аспектілерін зерттеумен айналысқан қазақстандық ғалымдардың арасынан С.А. Ұзақбаеваның, М.Х. Балтабаевтың, Э.И. Шыныбековтың, К.О.Жеделов, Б.А. Әлмұхамбетовтың, О.Сатқановтың, А.Т. Ерімбетованың және т.б. жұмыстарын атауға болады. Е.С. Асылханов көркем өнер мен эстетикалық тәрбие беру теориясын оқыту әдістеріндегі жаңа бағытты өзінің зерттеу жұмысында ұсынады. Ол Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындарында бейнелеу өнеріне синтезделген оқытуды дамытудың жаңа перспективасын анықтады. Бүгінгі таңда жеке тұлғаның дүниетанымы мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған болашақ ұрпақтың білім алуы мен эстетикалық тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажет. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің, жоғары және орта мектептегі көркемдік талғамның, мәдениет жетістіктерінің жол бастаушы ретіндегі әлеуметтік жауапкершілігін арттыра түседі. [2].

Әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қарыштап қадам басқан өз еліміздің болашақ иегерлерін тәрбиелеу ісінде жаңа өзгерістер қажеттілігі де басым еді. Қоғамның болашақ азаматтарының жаңа өмірге көзқарасын қалыптастыру жолдарын нақтылау зиялы қауымның, мұғалімдердің үлгісінде болады. Өйткені, халқымыз жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеу жайында үнемі небір сындарлы пікірлер айтып, оған көп көңіл бөлгендігі баршамызға да белгілі. Сондықтан оның берік негізі өскелең ұрпаққа тәрбиені дұрыс жолға қоя білуіне байланысты болмақ. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл белу міндеті тек мектепке емес, қоғамға жүктеліп тұр. Баршамыз тәуелсіз мемлекеттің болашағына зор сеніммен қарау үшін оқушы бойына өмірге қажетті бүкіл қасиеттерді қалыптастыру қажет. [3]. Тәрбиедегі тәжірибені нақты адамдардың нақты жағдайда мақсат қою арқылы жаңа ұрпақты рухани өмірге әкелуді іске асыруы деп қарау қажет. Бұл процессгің негізінде тәрбие әдістерінің мақсаты, міндеті, принциптері және мазмұны іске асырылады. Тәжірибе теорияға қарағанда субъекті нәрсе сондықтан ол қозғалыста өзгерістерге жиі ұшырайды, дегенмен теориямен үнемі байланыста болады және барлық жағдайда оған бағынышты, тәуелді күйде қалады. Тәсіл өзін құрастырушылардың біреуімен де бітіспейді, - ұйымдастырушы ғылыммен де ведомоства аралық коммуникациялық ережелермен де немесе ұқсас идея түрлерімен де. Тәсіл ол синтез, дара, осынысы оның сапалық артықшылығы барлық технологиялар сияқты, ол тәрбие технологиясы болып табылады. Оқу мен тәрбие егіз. Бір-бірінен бөліп қарауға болмайты бәрімізге белгілі. Оның негізі бастауыш мектепте қаланады. [4].

Психологтардың, педагогтардың зерттеулеріне сүйенсек, оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бастауыш мектеп кезеңі оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ең тиімді және қолайлы кезеңге жатады. Себебі осы кезде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасады және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. жете дамиды. Сонымен қатар іс - әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды.

Психологтардың зерттеу қорытындысы бойынша, бастауыш сынып оқушылары логикалық ойлауға, "ойша" әрекеттенуге қабілетті және ойлауға тән кедергілерді жеңуге, өз бетімен шешімін тауып әрекеттенуге қабілетті, сондай-ақ белсенділікке, шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бейім.

Сонымен қатар педагогтардың бақылауынша, бастауыш сынып оқушыларына өзін көрсете білу қасиеттер тән. Ал оның өзі олардың даралық ерекшеліктерінің көрініп, қабілеттерінің іске асуларына көмектесіп, қуаныш сезімін тудырады.

Қай қоғам болса да талап-тілектеріне, қажеттіліктеріне орай тәрбиені бір жүйеге келтіріп отырған. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі еңбек тәрбиесі. Оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру мәселелеріне тоқталып талдағанда, оның білім, қажеттлік, мотиві, қызығуы және сезімі, шығармашылық қабілеттерінің дамуы негізінде қалыптасатындығы айтылды. Еңбекке баулу бағдарламасында және бастауыш мектептің стандартында басты міндеттердің бірі оқушылардың көркем талғамын, сезімін, еңбек ету дағдысын қалыптастыру көзделген. Ғылыми еңбектерде көркем талғам тұлғаның, оның эстетикалық даму деңгейінің күрделі құрылымы третінде әр қырынан талданады. Көркем талғамды тәрбиелеу адамның барлық еңбек әрекеттерінде қажеттіліктерінің дамуына, ақпараттың сапасына, эстетикалық білімділікке, оның сұлулық заңдары бойынша әрекет етуіне байланысты болады.Көркем туындыларды түйсіну үшін өмірлік білімдермен қатар, өнер тілін түсіну, оның образдарын, ерекшеліктерін, көркем ақиқатты, өнердің шарттылықтарын және т.б. дұрыс ұғыну қажет. Оқушының көркем талғамы - туа біткен қасиет емес, жоғары деңгейдегі талғамға әрбір адам ие бола алады және ие болуы тиіс. Көркем талғамды қалыптастыру бірінші кезекте оқушының өзіне, оның тұлғасының тұтастай дамуына тәуелді және одан үлкен күш салуды, психиканың едәуір жұмысын талап етеді. Белгілі кеңес психологтары да тарихи даму өнімі болып табылатын заттарды және құбылыстарды иелену үшін, жинақталған әрекеттің негізгі қасиеттерін өзнде қайта жүзеге асырғандай болып сол әрекетті қайталау қажет дейді. Ғалым А.С. Киракосянның айтуынша, көркемдік талғам «психикалық қасиеттердің күрделі кешені болып табылады, онан адамның көркем сезіммен бейнелеу, оны саналы түрде ұғыну, эстетикалық қасиеттерді эмоционалды түрле бағалау, көркем объектіні өзінің эстетикалық қажеттіліктерінің деңгейімен салыстыру қабілеттері көрініс табады» дейді. Көркем мәдениетті, көркемдік талғамды қалыптастырудағы аса маңызды ролді бейнелеу өнері және еңбекке баулу пәндері маңызды роль атқарады. Еңбектегі қол өнері, бейнелеу өнері әдебиет пен музыкамен салыстырғанда, уақыт пен дыбыспен емес, жазықтық пен кеңістікті пайдаланатын өнертүрлерін біріктіреді.

Ғалым Е.И.Радюхинаның айтуынша, көркем талғам «психикалық қасиеттердің күрделі кешені болып табылады, онан адамның эстетикалықты сезіммен бейнелеу, оны саналы түрде ұғыну, эсгетикалық қасиеттерді эмоционалды түрле бағалау, эстетикалық объектіні өзінің эстетикалық қажеттіліктерінің деңгейімен салыстыру қабілеттері және т.б. көрініс табады». Эстетикалық және көркем талғам түсініктерін бөліп көрсетіп, соңғысының шынайлықты игерудің ерекше түрі ретіндегі өнердің өзіндік ерекшелігімен байланысты ерекше қасиетін оның көркем мәнімен негіздейтіндігімен келісеміз. Өнер туындыларын түйсіну үшін өмірлік білімдермен қатар, өнер тілін түсіну, оның образдарын, ерекшеліктерін, көркем ақиқатты, өнердің шарттылықтарын және т.б. дұрыс ұғыну қажет.

Адамның көркем талғамы - туа біткен қасиет емес, жоғары деңгейдегі талғамға әрбір адам ие бола алады және ие болуы тиіс. Дегенмен көркем талғамды қалыптастыру бірінші кезекте адамның өзіне, оның тұлғасының тұтастай дамуына тәуелді және оған үлкен күш салуды, психиканың едәуір жұмысын талап етеді. Атақты кеңес психологы А.Н. Леонтьев тарихи даму өнімі болып табылатын заттарды және құбылыстарды иелену үшін осы затта іске асырылған, жинақталған әрекеттің негізгі қасиеттерін өзінде қайта жүзеге асырғандай болатын сол әрекетті қайталау қажет. Бұл ережені көркем талғамды қалыптастырудың күрделі процесіне де қатыстыруға болады.

Қазіргі білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысына мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқытуға қатысты кешенді міндеттер қойылып отыр.әсіресе бастауыш сынып оқушыларының таным қызығушылығын қалыптастыру әрбір пән бойынша ерекше ерекше мән беріліп отыр. Сондықтан оқытуда мұғалім алдында тұрған міндеттердің бірі - оқушылардың таным қызығушылығын қалыптастыру. Оқушыларының таным қызығушылығын қалыптастыру-бұл ынтаны оятатын, оқушыға оқу материальна қызыға кірісу сезімін тудыратын мұғалім әрекетінің жүйесі[5].

Еліміздің болашағы жас ұрпақты еңбекке даярлау қажеттігі әлі де болса күн тәртібінен түскен жоқ. Қазақстан Республикасының "Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасында" нарықтық экономика талаптарын жузеге асыру ісіне еркін еңбек пен жоғары өнімділік кепіл бола алатындығын атап өткен. Сондықтан жастарға еңбектің адам өміріндегі мәні .мен маңызын түсіндіріп, шығармашылық еңбекті дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке айналдыру міндеті қойылып отыр.

Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерде еңбекке баулу мен шығармашылықты оқу үрдісінде пайдалану мәселелерінің әдістемелік жақтарын Г.А. Уманов, К.Ж.Қожахметова, Н.Т. Наумов, М. Қаламқалиев, С. Қаңтарбаев, О. Сатқанов, т.б. ғалымдар қатар қарастырып белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Н.Т. Наумов оқушыларды еңбекке баулуда, кешенді оқу өндірістік бригадалардың орнын көрсетсе, Г.А.Уманов Қазақстандағы кәсіптік- техникалық білім берудің даму тарихын терең зерттей отырып, оқушыларды еңбекке баулудың мәселелерінің бірқатар аспектілеріне талдау жасайды.

  • еңбек сүйгіштікке, еңбектің қажеттілігіне, еңбек адамдарын құрметтеуге, қоғамдық игілігіне және туған табиғатқа деген қамқорлыққа баулу;
  • оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту;
  • оқушылардың шығармашылық ой-өрісін кеңейту;
  • отбасында және тұрғылықты жерлері бойынша тұрмысқа қажет әрі қолынан келетін еңбек түрлерін орындауға даярлау. Ғалымның көрсеткен еңбекке баулу міндеттері, білім беру жүйесінің алғашқы табалдырығы балабақша болғандықтан, мектепалды балаларын еңбекке баулу міндеттерімен үндесш, одан әрі қарай жалғасын табуы қажет.

Еңбек сабағында да балаларды еңбек етуге, ерінбеуге, өз істеген жұмысын көрсете білуге баулудың маңызы зор. Еңбекке баулу пәні оқушылардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір қызықты өткен сабақта оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбектен нәтиже шығару тәсілдерін іздестіреді. Жоғарыдағы еңбек тәрбиесі туралы айтылған психолог-педагогтардың ой- пікірлерін басшылыққа ала отырып, еңбекке баулудың ғылыми- теорияларына негізделген мүмкіндіктеріне сүйене отырып, төмендегідей анықтама ұсынамыз. "Еңбекке баулу дегеніміз - болашақ еңбекқор, іскер, ой еңбегі мен дене еңбегіне икемді шығармашыл, бастапқы бәсекелесгікке қабілетті болашақ ұрпақ дайындау"[6].

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Дюсенбина Р.К. Қазақ Этнопедагогикасының мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің педагогикалық негіздері. Алматы, 2001, 330 б.
  2. Ералин К.Е. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері терминдерінің педагогикалық мәселелері. Шымкент, 1994, 160 б.
  3. Шыныбекова Р. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы, 1993, 129 б.
  4. Амиргазин К.Ж. Қазақ халқының қол өнері. Алматы, 1997, 80 б.
  5. Туленова У.Т. Ойын технологиясы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршысы №3 (42), 2016ж. 178 б.
  6. Жұмабекова Ф.Н. Көркем өнерді қалыптастыру негіздері. Алматы, 1998, 82 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.