Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Атф банк» ақ-ның тұрғындарды несиелендіру жүйесін талдау

Таңдалған мақала тақырыбының өзектілігі несие беру әрбір коммерциялық банк қызметінің ажырамас бөлігі болып саналатындығымен байланысты. Тұрғындарды банктік несиелендіру мемлекеттің экономикалық тұрақтылығының ажырамас элементі, ұлттық экономиканың өсуін жеделдетудің, мемлекет тұрғындарының банктің жоғары сапалы қызметтеріне артып отырған сұранысын ұсынудың маңызды шарты болып саналады.

Бұл ретте тұрғындарға несие беру ішкі сұранысгы қалыптасгырудың жаңа деңгейіне көшу рәсімін ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жылжымайтын мүлік объектілеріне, көліктерге және өзге де тұтыну тауарларына ішкі сұранысты жандандыруға әкеледі.

Ұлттық экономиканы қалыптастырудың басты талаптарының бірі- мемлекет тұрғындардыңнесиелік ресурстарға кең қол жеткізуі үшін әлеуетті қалыптастыру болып табылады. Мемлекетте экономиканың қалыптасуы, өндірістің өсуі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінің артуына алып келеді, бірақ мемлекет тұрғындарының әл-ауқатын жетілдіруге қарамастан, өнімге деген сұраныс ұсыныстан әлі де алшақтықты сақтап келеді.

Осымен бір мезгілде тұрғын үй құрылысы мәселелері және мемлекет халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемалары ипотекалық несиелендіруге сұраныстың өсуіне алып келеді. Ипотекалық кредиттердің өсіп келе жатқан көлеміне қарамастан, тұрғын үйге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны шешу мақсатында олардың көлемі әлі де 68 жеткіліксіз. Көптеген коммерциялық банктер негізді несиелендіруге толық көлемде дайын бола алмайды және банктің несиелік тәуекелінің ұлғаюы есебінен оның мөлшерін арттыруы тиіс, мұның салдарынан банктердің өздерінің тұрақсыздығына әкеп соғады [1].

01.01.2018 жылғы жағдай бойынша ҚР банк секторы нарығының активтері 24 221 млрд. теңгеге жетті (немесе 72,9 млрд. АҚШ доллары). ЕДБ активтерінің қысқаруы 2016 жылға қарағанда 5,2%-ға жетті және негізінен несие қоржынын 19,5% - ға қысқарту есебінен пайда болды («Казкоммерцбанк» АҚ, «BankRBK» АҚ коммерциялық банктер қоржындарының қысқаруына байланысгы).

1-кесте. Қазақстанның банк секторының негізгі көрсеткіштері, млрд.

теңге

 

2016

2017

2018

Өзгерісі 2018/2017

сомасы

үлесі

сомасы

үлесі

сомасы

үлесі

сомасы

үлесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Активтер

23 780

100%

25 557

100%

24 221

100%

-1 336

-5,2%

Несиелер

15 554

65%

15 511

61%

13 591

56%

-1 920

-12,4%

Экономи кадағы несиелер**

12 674

53%

12 859

50%

12 705

52%

-154

-1,2%

ЗТ несиелері

8 511

67%

8 817

69%

8 164

64%

-653

-7,4%

ЖТ несиелері

4 164

33%

4 042

31%

4 541

36%

499

12,3%

- ипотекалық

901

22%

983

24%

1 097

24%

113

11,5%

- тұтынушылық

2 617

63%

2 537

63%

2 923

64%

386

15,2%

Міндеттемелер

21 290

90%

22 716

89%

20 691

85%

-2 025

-8,9%

Депозиттер***

15 605

66%

17 269

68%

16 681

69%

-588

-3,4%

ЗТ депозиттері

8 720

56%

9 361

54%

8 454

51%

-907

-9,7%

ЖТ депозиттері

6 886

44%

7 908

46%

8 227

49%

319

4,0%

Меншікті капитал

2 490

10%

2 841

11%

3 091

13%

250

8,8%

Ескерту - дереккөздерден алынды

2018 жылдың соңында ЕДБ жалпы несиелік қоржыны 13 591 млрд.теңгеге жетті (немесе 40,9 млрд. АҚШ доллары). Экономикадағы несиелендіру мөлшері (ҚР резиденттеріне қатысты) 2018 жылы 12 705 млрд. теңгеге (немесе 38,2 млрд. АҚШ доллары) жетті, бір жыл ішінде заңды тұлғаларға берілетін несиелердің 7,4%-ға азаюына, жеке тұлғаларға берілетін несиелердің 12,3% -ға артуына байланысты 1,2% - ға қысқарды. Осылайша, Қазақстанның несие беру нарығы зерттелген кезеңде көрсетілді [2].

ЕДБ жалпы міндеттемелері 01.01.2018 жылы 20 691 млрд. теңгеге (немесе 62,3 АҚШ доллары) жетіп, 8,9% - ға қысқарды. Қорландыру базасының іргетасына клиенттердің қаражаты кірді, олардың үлесі екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелерінде 69% - ға жетті (2017 жылы 68%).

Екінші деңгейдегі банктер клиенттерінің ресурстары 2018 жылы 16 681 млрд. теңгеге (немесе 50,2 млрд. АҚШ доллары) жетті, 2017 жылға қатысты 3,4%-ға қысқарды. ЕДБ клиенттері қаражатының азаюы заңды тұлғалар ресурстарының азаюы (-9,7%), сондай-ақ жеке тұлғалар ресурстарының 4,0% - ға артуымен байланысты.

2016-2017 жж. ішінде реттеуші функциялары ЕДБ заңды, жеке тұлғалардың депозиттерін долларландырудың өсуін тоқтатып, сондай-ақ ЕДБ жеке тұлғалардың ашық депозиттері бойынша ең тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ҚҚГ ұсынатын депозиттерінің көмегімен ұлттық валютада 14% - ға, шетел валютасында 1% - ға дейін өсуін өзгертуге мүмкіндік берді [3].

Нәтижесінде, ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, Қазақстанның банк жүйесіндегі долларлану деңгейі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылдың соңына 54,5% - дан 47,7% - ға дейін төмендеді.

2-кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, корпоративтік клиенттерге берілген несиелер көлемі 2017 жылмен салыстырғанда бөлшек клиенттерге берілген несиелер көлеміне қарағанда баяу қарқынмен өсуде.

2-кесте. Банктің несиелік қоржынының серпіні, мың теңге

Көрсеткіштер

2016

2017

2018

Өзгерісгер (+,-)

2017/2016

2018/2017

1

2

3

4

5

6

Корпоративтік клиенттерге

берілген несиелер

794957991

777795415

838904479

98,8

107,9

Бөлшек клиенттерге берілген несиелер

Ипотекалық несиелер

60839237

64200029

64343510

105,5

100,2

Кепілсіз тұтынущылық несиелер

85608015

51816732

81185500

60,5

156,7

Кепілдік тұтынушылық

несиелер

 

51351280

47490459

 

92,5

Көліктер сатып алуға несиелер

2276439

2104859

1911514

92,5

90,8

Бөлшек клиенттерге берілген несиелер, барлығы

148723691

169472900

194930983

114,0

115,0

Ескерту: дереккөздерден алынды

Бөлшек несие беру көлемі 2018 жылы 194930983 мың теңгеге немесе 2017 жылмен салыстырғанда 15% - ға немесе 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 14% - ға жетті. Несиелендіру көлемі абсолюттік мәнде 2017 жылмен салыстырғанда 25458083 мың теңгеге өсті[4].

Бөлшек несиелендіру құрылымында 2018 жылы кепілсіз тұтынушылық несиелендіру 56,7% - ға аса қарқынмен өсуде. 2017 жылмен салыстырғанда ипотекалық несие беру 0,2% - ға аз қарқынмен өсуде. Кепілдік тұтынушылық несиелер 2017 жылмен салыстырғанда 7,5% - ға, көлік сатып алу несиелері 9,8% - ға азайды.

Бүгінде АҚ нарықтың барлық басты сегменттеріне қызмет көрсетуді жүзеге асырады. АТФБанктің ең көп қатысуы жеке тұлғалар сегментінде - 18,9%, басқалары-18,9%, көтерме сауда - 16,9%, жылжымайтын мүлік - 12,7% байқалады.

2014-2017 жылдары АҚ басшылығының шешіміне сәйкес, қалыптастырылған провизиялар көлемінде 360 күннен артық төлем мерзімі өтіп кеткен құнсызданған несиелік берешектің қомақты мөлшерін есептен шығару жүзеге асырылды, бұл несиелердің баланстық құнының, оның ішінде несие сапасының дәрежесі бойынша оларды жіктеуге және мерзімі өткен берешекті кезеңдер бойынша беруге эсер етті. Клиенттерге берілген қарыздар, егер қарыздар бойынша борыштарды өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда, ішінара не толық есептен шығарылады[5].

АТФБанктің клиенттерге берілген ипотекалық несиелерінің сапасы 3- кестеде көрсетілген және ипотекалық несиелердің өсу қарқыны 2017 жылмен салыстырғанда (2017 жылмен салыстырғанда 0,2% - ға) тұтастай өзгермегенін көрсетеді. [6].

  1. - кесте. Клиенттерге берілген ипотекалық несиелердің сапасы, мың теңге

көрсеткіштер

2016

2017

2018

Өзгерістер (+,-)

2017/2016

2018/2017

1

2

3

4

5

6

Мерзімі өтпеген

41318037

42420097

45407463

102,7

107,0

30 күнге дейін мерзімі өткен

1749125

1427671

1051579

81,6

73,7

30-89 күнге дейін мерзімі өткен

1114470

733903

843197

65,9

114,9

90-179 күнге дейін мерзімі өткен

1154137

1267749

762629

109,8

60,2

180-360 күнге дейін мерзімі өткен

1059868

2605142

780772

245,8

30,0

360 күннен жоғары мерзімі өткен

14443600

15748467

15497870

109,0

98,4

Несиелер барлығы

60839237

64200029

64343510

105,5

100,2

Ескерту - дереккөздерден алынды

Мерзімі өтіп кеткен несиелер сомасы 2017 жылмен салыстырғанда 7% - ға өсті, 30 күнге дейін мерзімі өтіп кеткен несиелер сомасы 26,3% - ға қысқарып, 30-89 күнге дейін мерзімі өтіп кеткен несиелер 14,9% - ға өсті, 90-179 күнге дейін мерзімі өтіп кеткен несиелер 39,8% - ға, 180-360 күнге дейін мерзімі өтіп кеткен несиелер 70% - ға ұлғайып, 360 күннен астам мерзімге мерзімі өтіп кеткен несиелер 2017 жылмен салыстырғанда 1,6% - ға азайды.

  1. - кесте. Клиенттерге берілген тұтынушылық несиелердің (кепілсіз) сапасы, мың теңге

Көрсеткіштер

2016

2017

2018

Өзгерістер (+,-)

2017/2016

2018/2017

1

2

3

4

5

6

Мерзімі өтпеген

-

46696703

71409661

 

152,92

30 күнге дейін мерзімі өткен

-

2075878

3083981

 

148,56

30-89 күнге дейін мерзімі өткен

-

518078

1248149

 

240,92

90-179 күнге дейін мерзімі өткен

-

507818

1268576

 

249,81

180-360 күнге дейін мерзімі өткен

-

975540

1410503

 

144,59

360 күннен жоғары мерзімі өткен

-

1042715

2764630

 

265,14

Несиелер барлығы

-

51816732

81185500

 

156,68

Ескерту - дереккөздерден алынды

4-кестеде көрсетілген АТФБанктің клиенттеріне берілген тұтынушылық несиелердің (кепілсіз) сапасы төмендегілерді көрсетеді: мерзімі өтпеген несиелер 2017 жылмен салыстырғанда 52,9% - ға өсті, мерзімі 30 күннен аз мерзімге кешіктірілген несиелер 48,5% - ға ұлғайды, мерзімі 30-89 күн мерзімге кешіктірілген несиелер 140% - ға ұлғайды, 90-179 күн мерзімге кешіктірілген несиелер 149% - ға ұлғайды, 180-360 күн мерзімге кешіктірілген несиелер 44,5% - ға ұлғайды.

  1. - кесте. Клиенттерге берілген тұтынушылық несиелерінің (кепілдік) сапасы, мың теңге

Көрсеткіштер

2016

2017

2018

Өзгерісі (+,-)

2017/2016

2018/2017

1

2

3

4

5

6

Мерзімі өтпеген

66709761

34489372

30031501

51,7

87,1

30 күнге дейін мерзімі өткен

3296069

2712031

530994

82,3

19,6

30-89 күнге дейін мерзімі өткен

1267701

507442

4802512

40,0

946,4

90-179 күнге дейін мерзімі өткен

1656523

2357449

311475

142,3

13,2

180-360 күнге дейін мерзімі өткен

1012467

875852

273694

86,5

31,2

360 күннен жоғары мерзімі өткен

11665494

10409134

11540283

89,2

110,9

Несиелер барлығы

85608015

51351280

47490459

60,0

92,5

Ескерту - дереккөздерден алынды

5-кестеде көрсетілген АТФбанк АҚ клиенттеріне берілген тұтынушылық несиелерінің (кепілдік) сапасы мыналарды көрсетеді: мерзімі өтпеген тұтынушылық несиелердің сомасы 2017 жылмен салыстырғанда 12,9% - ға азайды, 30 күннен аз мерзімге мерзімі өткен тұтынушылық несиелердің сомасы 80,4% - ға азайды, 30-89 күн мерзімге мерзімі өткен тұтынушылық несиелердің сомасы 846% - ға ұлғайды, 90-179 күн мерзімге мерзімі өткен тұтынушылық несиелердің сомасы 86,8% - ға азайды, 180-360 күн мерзімге мерзімі өткен несиелер 68,8% - ға қысқарды. Ал тұтынушылық несиелердің жалпы сомасы 7,5%-ға қысқарды.

6-кестеде көрсетілген клиенттерге берілген «АТФбанк» АҚ көліктерді сатып алуға берілген несиелердің сапасы осы несие тобы бойынша соманың өткен жылмен салыстырғанда 9,2% - ға төмендегенін көрсетеді.

  1. - кесте. Клиенттерге көліктерді сатып алуға берілген несиелердің сапасы, мың теңге

Көрсеткіштер

2016

2017

2018

Өзгерістер (+,-)

2017/2016

2018/2017

1

2

3

4

5

6

Мерзімі өтпеген

1904500

1774388

1637551

93,2

92,3

30 күнге дейін мерзімі өткен

21533

23751

7315

110,3

30,8

30-89 күнге дейін мерзімі өткен

11803

7010

3867

59,4

55,2

90-179 күнге дейін мерзімі өткен

11140

1563

2415

14,0

154,5

180-360 күнге дейін мерзімі өткен

29509

27811

10688

94,2

38,4

360 күннен жоғары мерзімі өткен

297954

270336

249678

90,7

92,4

Несиелер барлығы

2276439

2104859

1911514

92,5

90,8

Ескерту - дереккөздерден алынды

Кестеде көрсетілген деректер бойынша, көлік сатып алуға мерзімі өтпеген несиелердің сомасы 2017 жылмен салыстырғанда 7,7% - ға азайды, мерзімі 30 күннен аз мерзімге мерзімі өткен несиелер 69,2% - ға азайды, мерзімі 30-89 күнге мерзімі өткен несиелер 44,8% - ға азайды, 90-179 күнге мерзімі өткен несиелер 54,5% - ға ұлғайды, 180-360 күнге мерзімі өткен несиелер 61,6% - ға азайды, 360 күннен астам мерзімі өткен несиелер 7,6%- ға қысқарды.

7-кесте. Мерзімі өткен берешектер үлесі

Көрсеткіштер

2016

2017

2018

Өзгерістер (+,-)

2017/2016

2018/2017

1

2

3

4

5

6

Көліктерді сатып алу

13,1

12,8

13,1

97,7

102,3

Тұтынушылық несиелер (кепілдік)

13,6

20,2

24,3

148,5

120,3

Тұтынушылық несиелер (кепілсіз)

-

2,0

3,4

 

170,0

Ипотекалық несиелер

23,7

24,5

24,0

103,4

98,0

Ескерту - дереккөздерден алынды

7-кестелердің деректерінен көрініп тұрғандай, мерзімі өткен берешектің үлесі 360 күннен астам тұтыну несиелері (кепілсіз) бойынша 2017 жылмен салыстырғанда 70% - ға, содан кейін тұтыну несиелері (кепіл) бойынша 20,3% - ға өсуде. Мерзімі өткен несиелер ипотекалық кредит беру сегментінде 2% - ға азаюы байқалады, мерзімі өткен төлемдер үлесінің шамалы өсуі көліктерді сатып алуды несиелендіру бойынша байқалады.

Банк несиелік тәуекелді басқару тұжырымдамасына ие, АТФБанк стратегиясына жауап береді және қарыз алушының банктік несиелік саясатта рұқсат ету шарттары мен сипаттамаларын анықтау әдісімен, оның ішінде бір қарыз алушыға, қарыз алушылар тобына, бизнес секторына, экономика саласына, несие беру өніміне, оның ішінде несиелік тәуекелдің шекті дәрежесін бақылауды жүзеге асыру әдісімен несие беру тәуекелін тиімді анықтауға, айқындауға, мониторингілеу және бақылау жүйесіне кепілдік береді [7].

АТФБанктің Несиелік тәуекелдерін басқару тұжырымдамасы банкте тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту және ҚР Ұлттық Банкінің ЕДБ үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру ережесінің №29 талаптарына сәйкес құрылған. АҚ несиелік тәуекелдің шекті дәрежелерін белгілеуді, мониторингілеуді және бақылауды қамтамасыз ететін үдерістер мен операциялар жақсартылды. Бұдан басқа, АҚ Базель стандарттарына сәйкес тәуекелдердің басқа түрлері бойынша шекті деңгейді басқару құралдарын табысты қолданады.

АҚ-да уәкілетті органдардың, бөлімдердің ашық құрамы және банкке берілген несиелік өтінімдер бойынша шешімдерді қарау мен қабылдаудың икемді тұжырымдамасы, банктегі несиелік өтінімдерді басқарудың автоматтандырылған электрондық жүйесі құрылған, бұл талап етілетін сома мен несиелік өтінімнің қиындығына байланысты орналасқан АҚ-ның шалғай бөлімшелерінен, сондай-ақ АТФБанктің бас кеңсесінде де қарауға және дауыс беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Барлық берілген несиелік өтінімдер бойынша банктегі шешімдерді коммерциялық банктің филиалдарында және оның бас кеңсесінде құрылған несиелік дирекциялар қабылдайды.

Көрсетілген несиелік дирекциялардың, оның ішінде АҚ-мен ерекше өзара қарым-қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер бойынша өкілеттігінен асатын несиелік өтінімдердің мөлшері несиелік комитеттің коммерциялық банктің алдын ала қарауын және кейіннен банктің Директорлар кеңесінің реттеушінің шарттарымен келісуімен растауын талап етеді. Осы несиелік комитет Банк басқармасы бар болған кезде арнайы құрылған алқалы орган болып саналады [8].

АҚ қорытындыларды қабылдау, несиелердің белгілі бір лимиттерінің объективтілігін арттыру және несиелік қоржынның сапасын бақылау бойынша мүмкіндіктерді шоғырландыру тәуекелін қысқарту үшін коммерциялық банк филиалдарының несиелік дирекцияларының несиелік мүмкіндіктерінің лимиттерін белгілеу, анык^ау және бақылау рәсімі құрылды [9].

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мынадай қорытынды жасауға болады.

«АТФБанк» АҚ 1995 жылғы маусымда құрылды және ҚР ҰБ «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ ретінде тіркелді. 2018 жылы таза пайыздық табыс 46 617 млн. теңгеге жетті, 2017 жылмен салыстырғанда 1,3% - ға, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 46 028 млн. теңгеге немесе 66,6% - ға өсті. 2018 жылы таза комиссиялық кіріс 12192 млн. теңгеге немесе 2017 жылмен салыстырғанда 11,1% - ға өсті, операциялық кірістер 2017 жылмен салыстырғанда 120,1% - ға немесе 72658 млн. теңгеге ұлғайды, таза пайда 258% - ға немесе 12458 млн. теңгеге, меншікті капитал 18,8% - ға немесе 17679 млн. теңгеге ұлғайды. RoAE коэффициент! 5,3% - дан 16,8% - ға дейін өсті. Көрсетілген көрсеткіштердің тек активтері 2017 жылмен салыстырғанда 8,8% немесе 128169 млн. теңгеге азайды. «АТФБанк» АҚ активтердің, несиелік ресурстардың және ашық депозиттердің көлемі бойынша Республиканың ең ірі коммерциялық банкінің топ-10 құрамына батыл кіреді. «АТФБанк» АҚ қалыптасуының тұрақты серпініне байланысты ҚР ЕДБ ірі банктерінің саны на кіреді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес банктің таза пайдасы 17,3 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда пайда өсімі 258% - ды құрады. Осылайша, Банктің қаржылық нәтижесінің оң серпінінің сақталуы байқалады.

Барлық басты бизнес-көрсеткіштер бойынша банк сенімді өсімге қол жеткізді. Бұл клиентке бағытталу, өзгермелі нарықтық талаптарға жылдам барабар әсерлесу, қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған банктің жоғары кәсіби және ұйымшыл қызметкерлерінің қызметі сияқты бірнеше шарттар ықпал етті [10].

АТФБанктің корпоративтік клиенттерге берілген несиелерінің көлемі бөлшек клиенттерге берілген несиелердің көлеміне қарағанда 2017 жылмен салыстырғанда баяу қарқынмен өсіп келеді. Бөлшек несие беру көлемі 2018 жылға қарай 194930983 мың теңгеге немесе 2017 жылмен салыстырғанда 15% - ға немесе 2017 жылы 14% - ға жетті. Абсолюттік мәнде 2017 жылмен салыстырғанда несиелендіру көлемі 25458083 мың теңгеге өсті. АТФБанктің ең көп қатысуы жеке тұлғалар сегментінде - 18,9%, басқалары-18,9%, көтерме сауда - 16,9%, жылжымайтын мүлік - 12,7% байқалады.

АҚ-ның 360 күннен астам мерзімі өткен берешегінің үлесі 2017 жылмен салыстырғанда тұтынушылық несиелер (кепілсіз) бойынша 70% - ға, содан кейін тұтынушылық несиелер (кепіл) бойынша 20,3% - ға өсуде. Мерзімі өткен несиелер ипотекалық несие беру сегментінде 2% - ға аз байқалады, мерзімі өткен төлемдер үлесінің шамалы өсуі көліктерді сатып алуды несиелендіру бойынша байқалады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Абуталипов M., Розукулов У. Вопросы совершенствования оценки и снижения кредитного риска // Деньги и кредит, №10, 2016. - С.27
  2. Электронный ресурс. Сайт Национального банка PK. Интернет- источник. national bank. kz
  3. Ахметова А. Роль системы гарантирования вкладов населения в процессе увеличения депозитной базы банков второго уровня // Банки Казахстана, №11, 2016. - С.31.
  4. Электронный ресурс. Сайт АО «АТФ банк». Интернет-источник. https://www.atfbank.kz/
  5. Искакова З.Д. Перспективы развития банковской системы Республики Казахстан. // Банки Казахстана, № 4, 2016. - С. 13.
  6. Годовая отчетность АО «АТФбанк» за 2015-2018 год
  7. Касенова Р.А. Усилить регулирование деятельности коммерческих банков в Казахстане // Банки Казахстана, № 2, 2017. - С. 45.
  8. Ильясов К.К. - Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана / Алматы: Білім, 2017. - С.240.
  9. Утепкалиева К.М., Кужаниязова Ж.О. Система внутреннего контроля и управления рисками в коммерческом банке // Вестник Атырауского государственного университета им. Х.Досмухамедова, №1(40), 2016. - С.206- 211.
  10. Финансовая отчетность АО «АТФбанк» за 2015-2018 год

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.