Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қыздарда патриоттық қүндылық рухты тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық алты iiiapttapbi

Мақалада кыздар бойында патриоттық құндылықтар рухын тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық алғышарттары қарастырылады. Сонымен катар. макалада ерте заманнан-ақ казак қыздарының Отанға детей сүйіспеншілігін тәрбиелеуді. бір күннің ісі емес, ол ұлттық идеологияға негізделген жағдайда ғана табысты болатынын ата-бабамыз байқап-бағдарлап. көрегендікпен өз ұрпақтарының бойына сіңіріп отырғандығы жайлы айтылады. Ежелгі түркі әйелдерінің тек отбасының қорғаушысы немесе мемлекет билеушісі болумен қатар ержүрек жауынгер болуыньщ тамыры өте тереңде жатқаны туралы мәліметтер де беріледі. Ұлттық тәрбиенің негізі саналатын салт-дәстүрлер арқылы бүгінгі ұрпак - өз ұлтының дүниетанымынан. рухани мәдениетінен білімін жетілдіріп. оны күнделікті өмірде колданып. ұлтына тән мінез-қүлықты меңгеретіні айтылады. Қазак қыздарының бойындағы батылдық. елін. жерін сүюі, оны ұрпакка беруі. олардың Отанға детей сүйіспеншілігінен. осы ұлттық тәрбиеден туындағаны жайлы қарастырылады. Ананың Отан ұғымымен теңестірілуі, анаға детей сыйластық пен махаббат. оның тағдырына детей жауапкершілік - Отанның тағдырына. туған жерге. елге деген жауапкершілік екендігі қарастырылады. Халық педагогикасының тәжірибесі - қыз балаларымызды патриоттық күндылыктар рухында тәрбиелеудің жемісі. ұлтымыздың жеңісі екендігіне түсінік беріліп. патриоттық сана-сезімнің қалыптасуының мазмұны ашылған.

Kipicne

Ақпараты мен экономикасы дамыған бүгінгі заманауи әлемде жеке тұлғаның қалыптасуында ұлттық тәрбие жетекші рөл атқаруы тиіс. Ұлттық тәрбиенің негізі саналатын салт-дәстүрлер арқылы бүгінгі ұрпақ өз ұлтының дүниетанымынан, рухани мәдениетінен білімін жетілдіреді, оны күнделікті өмірде қолданып, ұлтына тән мінез- құлықты меңгереді. ¥лы жеңістер мен жетістіктер ұлтқа, Отанға деген сүйіспеншіліктен туындайтыны белгілі. Бүгінгі қоғамдағы негізгі мақсат - ұлтын сүйетін патриот ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Басты қағидасы Отанға, өз халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілік болып табылатын патриотизм - үлгі ретінде мәдениетте, белсенді іс-әрекет ретінде саясат пен экономикада байқалатын күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыс, қоғаммен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толығып отыратын қоғамдық сананың бір формасы. Бұл ұғым қай заманда болмасын Отанға, туған ел мен жерге, үлтқа детей асқан сүйіспеншілікпен өлшеніп, адам баласының ата-мекеніне, ана тілі мен төл мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып қала бермек. Елі мен жеріне қорған болатын саналы ұрпақты, "жер егесін" тәрбиелеу қазақ қоғамы үшін барлық кезде маңызды саналған. Бүгінде қоғам өмірінің әрбір саласына ендеп кеде жатқан әлемдік жаһандану үдерісі жағдайында "жер егесін" тәрбиелеуде патриоттық тәрбие мәселесіне барынша көңіл бөлінуі қажет. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде тарихи білім мен тәжірибені пайдалануды тек халықтың мол тәжірибесінен үйрену керек. ¥лттық тәрбиеге, қазақтың халық педагогикасына қайта оралу - бүгінгі қоғамның талабынан туындап отырған өте маңызды қажеттілік.

¥лттық салт-дәстүрлердің үрпақ тәрбиесіндегі маңызы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласында "Рухани жаңғыру атаулы бүрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңарудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Erep жаңару елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.Сонымен рухани жаңғыру ұлттық ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алуымен маңызды. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сүрамай, есік қақпастан бірден торге озды. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүкіндігі беріліп отыр" - деп ерекше көрсетіледі [1,16].

Болашақ үрпақ бойында ұлттық рух пен отаншылдық сезімді дамытудың, жер егесін тәрбиелеудің тәсілдерін ұлттық тәрбиені өз өмірлерінің негізі санаған қазақтың үлы тұлғаларының тағылымы, ой-пікірлері мен еңбектерінен табамыз. Патриоттық тәрбие мәселесіне біздің қазақ жұрты қоғамның жалпы даму кезеңдерінде жолдарында Ж.Баласағұн, Қашқари, А.Иассауи) мен жыршы-жырауларының (Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Дулат және т.б.) ғұлама ағартушы- педагогтарының (Ш.Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т.б.) шығармашылық еңбектері дәлелдейді.

Педагогика ғылымына үлес қосушы бірқатар ғалымдар патриоттық тәрбиенің салаларын, атап айтсақ: оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру (К.К.Жампеисова, ЮГ.Наумова, Е.З.Батталханов), жас жеткіншектерді революциялық ерлік және еңбек дәстүрі рухында тәрбиелеу (К.Құнантаева, Ә.Жұмақанов, Ш.Әміралиев, С.Ешімханов, А.Щербаков, Д.Құсайынова және т.б.), оқушылардың адамгершілік-құқықтық (А.А.Калюжный, В.В.Трифонов, Л.К.Керімов және т.б.), азаматтық (С.Б.Омарова, Ж.Мақатова) тәрбиесін жүзеге асыру болашақ мамандардың патриотизмін қалыптастыру (А.Қ.Қалимолдаева) сияқты салалары зерттелген.

Тұлғаның патриоттық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға байланысты жоғарыда баяндалған көзқарастарға сүйене отырып, патриоттылық жеке адамның басқа адамдарға, біздің жаңа қоғамымымызға, оның материалдық және рухани байлықтарына, Отанымызға пайдасын тигізетін істерге қатынасының көрінісі болып табылады.

Негізгі бөлім. Арғы тегі түркіден бастау алатын қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп келген. Ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің жақсы үлгілерін (адамгершілік-имандылық, елін, жерін, Отанын сүю, қоршаған ортаны қорғау, енбекке баулу сияқты және т.б) ұрпақ санасына сіңіріп отыруды көздеген халқымыз оны әртүрлі бағыт-бағдармен, құралдар арқылы жүзеге асырып келген. Халқымыздың шынайы адамгершілік қасиеті елін, жерін, Отанын сүюден басталған. Ауыз әдебиеті шығармалары, әсіресе батырлар жырлары, аңыздар жастарды патриоттық, ерлік рухта тәрбиелеудің негізі қалыптасқан.

Ертедегі сақ әйелдері қоғамда өтесыйлы болумен қатар, олар қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлермен бірдей белсене қатынасып, ерлік көрсетіп отырғандығы мәлім. Әйелдерге дегенқарым-қатынас - құрметтеу, қастерлеу негізінде жүзеге асып отырған. Үйге кірген ұл ең әуелі анасына, содан кейін ғана барып әкесіне иіліп тағзым еткен. Тіпті кейбір сақ әйелдерін тайпа көсемі етіп сайлаған. Ежелгі деректердіңбірінде сақтардың үйленуі туралы «егер сақ жігіті бір қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек болған. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық тәуелді болса, текжеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алатын болған». Сондай-ақ тайпа өміріндегі маңызды оқиғаларды қарайтын халықжиналысына ерлермен бірге әйелдер де қатысуға құқылы болтан. Осы жайлы грек тарихшысы Ктесий сақ әйелдеріне берген мінездемесінде, олардың ержүректігін, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсететініне көз жеткізе отырып, батыл тұжырым жасайды [2].

Ал, Климент Александрийский былай деп жазды: "Соғыс ісімен ерлерден кем шұғылданбайтын сарматәйелдерін білемін, ерлермен бірдей садақтан оқ ататын басқа да сақ әйелдерін білемін". Б.ж.с. дейінгі 6-ғасырда сақ-массагеттердің Томирис деген әйел патшасыболғанын, оның шайқаста парсы патшасы Кирді жеңгеннен кейін, жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне парсыпатшасы Кирдің басын салып, "аңсағаның қан еді, іш енді соны!,-деп тұлыпты дарияға лақтырған"- екен [3].

Тарихшылар Зарина, Томирис сынды әйел - сақ патшалары болғандығын айтады. Бір деректер олардың соғыс өнерін жете меңгергенін көрсетсе, келесі мәліметтер олардың ақыл-ой қабілеттерінің өте жоғары болғандығын байқатады. Зарина патша туралы тарихшы Дидор былай деп таңырқана жазған: Бұл кезде сақтарды соғысқа мейліншебейім Зарина атты әйелбилегенін айтады.

Сақ патшасының қызы, ел тағдыры үшін өз махаббатын құрбан етеді. "Жеке басымның бақытын елімнің еркіндігіне айырбастай алмаймын. Махаббаттан да жоғары нәрсе бар, ол - менің елім", - дейді Зарина. Жалпы бұл тайпаларда әйел ержүрек, олар соғыс тауқыметін ерлермен бөліскендігі жайлы мәлімет береді [4,24].

Міне, батыр қыздарымыздың елін қорғау үшін түскен шайқастарын дәріптей келе, олардың ерлік әрекеттерін туған жері мен өскен елін, Отанын сүйіп, қорғауға бел байлағандарын көреміз. Қыздардың ар, намыс, үждан түсінігін жоғары бағалағаны соншалық, ар-намыс үшін жанын да қиған.

Әлбетте, қазақта: "Жан сақтама, ар сақта", "Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы",-деген мақал қыздарымыздың осыншама намысты болғанын дәлелдей түседі. Ал ұлттық дәстүр - халық табиғат апатына үшыраса да, мың өліп, мың тірілсе де, аштық-жалаңаштық көрсе де, жау шабуылына үшыраса да, осы ұрпақ жалғастығы ғасырлар қойнауынан әкелінген және сақталынған мұра.

Ежелгі түркі әйелдері отбасының қорғаушысы немесе мемлекет билеушісі болумен қатар ержүрек жауынгер болуының тамыры өте тереңде жатқаны туралы мәліметтерді Грек саяхатшыларының Сырдарияның бойын мекендеген тайпалар, оның ішінде сақтар туралы жазбаларынан кездестіреміз. Тарихшы Климент Александрийский "Сақтардың әйелдері... кейін шегінгенде ерлер секілді ат үстінен садақты артына қарап ататын болған"- деп, олардың ержүректігіне таң қала жазған еді [4,23].

Сақтардың ерлермен бірдей әйелдері де атқа мініп, бірдей киініп, тіпті аң аулауға шығатындығы туралы Геродот та жазған. Сондай-ақ сақтардың жігітгері үйлену үшінсол қызды жеңуі керек, жеңіліп қалса олқыздың тұтқынына айналатын салт болған. Онымыз дәлелді болу үшін, Қорқыт ата тағылымдарының біріне тоқтала кетейік: "Оғыз қаңлы баласы Қан-Төрелі" жайындағы алтыншы жырда оғыз-қыпшақ дәуірінде Оғыз қаңлы деген бір данышпан кісі болған екен. Қан-Төрелі болашақ қалыңдығына бүрын құлақ естіп, көз көрмеген қатал талаптар қояды: "Менің болашақ әйелім, төсектен менен бұрын тұруы керек, менен бүрын атты ерттеп, атқаменен бұрын мінуі тиіс. Мен әліжауға шабуыл жасамайтұрған сәтте ол соғыс ашып, маған жаудың басын кесіп әкелуі керек",-деп, тек сондай қызға ғана үйленетіндігін айтқан. Ондай қалыңдықты іздеп табудыбаласының өзіне тапсырады. Күллі оғыз-қыпшақ елінен ондай қалыңдық таба алмайды. Сонда Оғыз қаңлы өзі сапарға аттанады. Трапезунд елі патшасының қызы сондай алып, екі қабат садақты қиналмай тартатын болыпты. Осы қызға үйленуге дәмеленген жігіттерге қояр талабы өте қатал болыпты. Содан сүрінбей өткен Қан-Төрелі қызға үйленеді [5].

Ал енді шығыс әйелдерінің патшайымы Тұрқан қатын, Шыңғыс ханды адастырмаған қоңырат қызы Бөрте ханым, Низамидің қыпшақ қызы Әппақ сүлуға ғашық болып жыр арнауы, ¥лы жүздің үлы анасы атанған Домалақ ананың, Найман руының тектіанасы Ақсүлудың қасиетті мен есімдерін білмейтін қазақ жоқ. Сол сияқты Ақсақ Темірді тезге салғанана, Әз-Жәнібекті ақылмен тоқтатқан Қарашаш, құдіретті Құнанбайды қаймықтырған Зере анасы, ру аттары берілген Қарқабат, Дәулетбике, Ақбнкеш сынды асық ойлы, батыл дабатыр мінезді қазақ әйелдері көп болған. Олардың бірсыпырасы қиынкезеңде ер- азаматтармен бірге қолына қару алып, жауға аттанды.

Көне түркі халқы қыздарын тек үй берекесін сақтаушы ғана емес, ел қамын ойлар азаматтық сезімге де тәрбиелей білгені туралы пікіріміздің дәлелді болуы үшін ғалымның мына жолдарына назар аударалық: "Тәңірхан кезінде билік жүргізуді ханша-ана, Тоныкөктің қызы По-бек өз қолына алды. ...Қарлүқтар және үйғырлармен болған соғыстан жеңіліс тапқан соң тірі қалған түріктерді Білгіханның жесірі, Тоныкөктің қызы По-бек басқарып, өткеру шартын алдын ала келіскен бойда Қытайға алып келді. Түріктер шекаралық әскери сотымен қосылды, ал По-бек патшазада әйел құрметті атағы мен кінәздік киім-кешек, қаражат алды"- делінген [6,367].

Міне, осылай қан-жойқын ұрыстаойсырай жеңілгенімен, По-бек өзінің ақыл- парасаты, әйелбаласының бойына берілгенқамқорлық қасиетінің арқасында қалған адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысқандығына көз жеткізіп отырмыз.

Сонымен бірге батырлар жырында [7] батырдың тұлғасын толықтырып тұратын адал жары да ерекше дәріптеледі. Батырдың жарының сырт тұлғасы мен көркіне оның ақылдылығы сәйкес келіп отырады. Ол жырда батырға ат таңдап, оны ерекше мәпелеп бағып-күтуімен көрінеді. Қобыланды батырдың жары Қүртқаның Тайбурылға "шөптің нәрлісін жегізіп, қысырдың сүтін беріп, кекілін, жалын сппап, үстіне оюлап жабу жауып, арнайы ер-тұрман жасатып, жас сәбидей мәпелеуін" оның болашақта батырдың досы, жан серігі болады деген ниеттен туса керек. Сондықтан да жырда батырдың атын таңдауда сүйген жарының алатын орны ерекше болғандығын да көріп отырмыз.

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде қалыптасқан өмір циклы ырымдарында да қару-жарақ ғұрыптыққұрал функциясын атқарғаны белгілі. Үлтымызда некеқию рәсімінде ат жалының қылдарын байлап садақ оғын қолданған ("Қыз-Жібек" фильмі). Оғыздар заманында "үйленетін жігіт әуелі садақтан оқатып, сол садақтың жебесі түскен жерге қалыңдық шатырын тігетін болған". Бұрынғы кезде қазақ халқында да садақпен атылған жебенің түскен жеріне жас жүбайлардың отауын құратын, яғни қарудың әрекеті арқылы отаудың құтты орны анықталатын болған.

XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ халқында үзатылған қыздың жасауының ішіне деең бағалы затретінде бағалы қару-жарақ түрлері (сауыт, қалқан, садақ) кірді. "Ep Төстік" ертегісінде Қаныкей сұлу өзінің жасауына атасынан Ақсырмал сауытын сүрап алған.

Ұлттық әдебиеттің шығу тарихын тереңнен қарастырған М.Әуезовтің: "Ерлік - елдік сыны" атты еңбегіндегі, ерлікті өз тірлігінде өзгеше қадір тұтқан елдің бірі қазақ халқы дей келе, осы ерліктің егізінің сыңарындай, алып ұшар қос қанатындай асыл тірек діңгегі бар. Ол өзгеше сүю сезімі. Жай сүю емес, жар сүю емес, жанынан артық көріп жүртын сүю, халқын сүю сезімі. Бұл сүюден қасиетті сүю жоқ... Қазақ батырларының өздеріне лайық арулары, сұлулығына ақылысай, батырларды ерлікке, елдікке бастап, рухберген аруларын ардақтай білген. Жары ерлік жорығына кеткенде, кешегі қоштасар жерде "сен кетсең не боламыз" деп жоқтаған Құртқа елдің панасы болады. Жасымайды, жабықпайды. Ел - Отанның ары үшін ері жанын қиғанда, сол елдің әлсізі мен күйсізіне бүл адал ана болып шығады [8,73-75].

Олай дейтініміз, қыздарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше болды.Ол туралы көптеген жыр-дастандар жазылып, Зере, Үлжан, Үлпан тәрізді дана аналардың бейнесі жасалды. Анадан ғасырлық ақыл, күш-қуат, тәрбие үзіліссіз тараған. Иә, ана әрдайым Отан ұғымымен теңестіріледі.Халық бүл орайда"«Анасын тыңдамаған Отанына да тәуелді болмайды", "Отан-ананы қорғай біл"-деп ой түйіндеген. Адамның дамып, жетілуі, тұлға ретінде қалыптасуы ең алдымен ана тәрбиесіне, оның рухани әлеміндегі махаббат пен жігердің үйлесімділігіне байланысты. Анаға деген сыйластық пен махаббат, оның тағдырына деген жауапкершілік - Отанның тағдырына, туған жерге, елге деген жауапкершілік. "Өлсең де, Отаныңды сатпа", "Отан үшін күрес - ерге тиген үлес", "Құртақандай торғай да өз ұясын қорғайды", "Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің", деген нақыл сөздер Отанды сату анаға опасыздық жасаумен парапар деген үғымды меңзейді.

Ойымызды Ш.Айтматовтың:"Біздің бәріміз аналарымыздың алдында қарыздармыз. Бұдан мен адам тіршілігіндегі ең бір үлкен драманы көремін. Өмірде ананың өзін-өзі ұмытатын риясыз махаббатынан асқан жоғары және игілікті не бар? Сезім шынайы тазалықты талап етеді. Ол бізді, адамзат баласын ар-үжданның жарасымды және жоғары кодексімен өмір сүруге міндеттейді", - деген ой-тұжырымы баланың ана алдындағы өтелмес парызын айғақтаса керек [9].

Қазан төңкерісінен кейін қазақ әйелдерінің қолы теңдікке жетер-жетпес, қаншама қиыншылықтарды бастарынан өткерді. Онымен де мойымаған қазақ әйелдері қуғын- сүргінге үшырап, еркектермен бірдей айдауда жүрді. Одан, Отан, елін-жерін қызғыштай қорғап, майданда да ерлермен бірге соғысқа қатысты. Үлттық намысын қолдан бермеген қыздарымыз қаншама? Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде, халық шаруашылығын жандандыру кезінде әйел баласының нәзіктігіне қарамастан қара жүмыстарға салына бастады. Тоталитарлық жүйе әйел мен еркекті тең құқылы деген аксиоманы пайдаланып, қыз-келіншектерді техника тілін білуге, алып зауыттар мен фабрикалардағы станок басына, жардай трактордың құлағына жарғанаттай әйелдерді отырғызды.

Қазақ қыздарының білім және тәрбие алу жағдайларын, олардың кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі жай-жапсарын педагог-ғалымдар К.Садвакасова, М.Қозғамбаева, К.К.Құнантаева, Ш.Жалғасова зерттеген. Олар, өз еңбектерінде қазақ қыздарының ауыр жағдайларын, теңсіздіктің жойылуын, білім алуға жол ашылғандығын бірден қабылдай алмай, отбасынан ұзап, білім жолын қууға, қорқынышпен аяқ басқандары жайлы айта келіп, алғашқы қазақ қыздарының білім алу жолындағы табандылығы, ынталығын нысанаға алған.

Ғалым Қ.Қ.Сарсембина "Қазақстан әйелдері саяси қуғын-сүргін құрбандары" (1925- 1938ж.ж.) атты диссертациялық жұмысында "Халық жауы" атанған азаматтармен бірге сталиндік қуғын-сүргінге әйелдері, отбасылары, жақын туыстары да қудалауға түскендігін, әсіресе қазақ қыздарының алғаш білім алғандары мен коммунистері зорлық-зомбылыққа ұшырады және бүлқазақ қыздарына тиімсіз болғандығы жайлы зерттеулер жүргізген [10].

Осы кездегі қазақ қыздарының өз жұбайларына психологиялық, моральдық жағынан тірек болумен қатар, солармен бірге жапа шеккендігі, сонда да отбасының отын өшірмей, күйеулерінің өле-өлгенше арын арлап, орнын жоқтатпай, өмірмен арпалысқан аналар ерлігі тарихтан белгілі болып отыр және де біз үшін бүл - өшпес өнеге.

Бұл тарапта, А.Д.Қожабекова «Кеңес өкіметінің әйелдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тәжірибесі» атты кандидатгық диссертациясы әйелдер еңбегінің ауыр жүмыстарда пайдаланылғаны жайлы және бала күтіміне де уақыт берілмей, оларды жүмыстан шығаратын көріністер де болғанын тілге тиек еткен. Сонымен қатар, қазақ әйелдерінің қоғамдық-саяси жүмысқа тартылуы жайлы және сол кездегі әйелдердің партия, мемлекеттік қызмет, депутаттық міндеттер, ғылым, денсаулық, мәдениет салаларында белсенді жүмыстар атқарғанмен, әкімшілік-жетекшілік қызметтерге көтерілмегендігі жайлы зерттеулер жасалынған [11].

Ел басына қиын-қыстау күн түскенде әйелдер белсенділігі артпаса, кеміген жоқ. Ал олардың ерлер секілді қолына қару алып, жауына қарсы шығатын ерлігі туралы ертеден- ақ белгілі еді. Мысалы, алғаш колхоздастыру кезеңдерінде, ¥лы Отан соғысында ерлермен бірге қаһармандық көрсеткен, сотые аяқталғанша белсенді әйелдер санын көбейтіп өз күштерін аямағандығы белгілі. Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағы армиясының құрамында ер-азаматтармен бірге сүрапыл соғысқа қатысып, ерліктің теңдесі жоқ үлгісін көрсеткен батыр қыздар баршылық. Ал жауынгер қыздар дәрігерлік көмек көрсетумен бірге, ұшқыш, мерген, пулеметші, десантшы, барлаушы, байланысшы, көлік жүргізуші сияқты әскери мамандықтардың барлығын да меңгерген. Кеңес Одағының Батыры, пулеметші М.Мәметова, үшқыш Х.Доспанова, ержүрек мерген қызымыз Ә.Молдағұлова қазақ топырағынан майдан даласына аттанған, толарсақтан қан кешіп жүріп ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батыр қыздар. Қашанда қиын - қыстаукездері батыр қыздарымыздың ерекше ерліктерімен елеулі болғанын тарих та, өмір де дәлелдеп келеді. Сол ертедегі ертегілер мен батырлар жыры, түрлі хиссалардағы батыр қыздардың бейнесі ¥лы Отан соғысында көрініп, қазақ қыздары аттарын әлемге әйгілі етті.Осындай сын сағатта ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару алған Алаш қыздарының ерлігін насихаттай білсек, бүгінгі өскелең ұрпақтың рухын көтеретіні анық [12,31].

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Алматы қаласының тұрғыны Ерлан Декелбаев өзінің Желтоқсан көтерілісіне саналы түрде барғанын, жастарды аяусыз жазалаған жендеттерді көргенін және де оның: «Мен сол Желтоқсан оқиғасы кезінде қазақтың қыздарының батырлығына сүйсіндім, әрі қайран қалдым. Олар жендеттердің қолындағы дубинкаларына, арсылдаған иттеріне қарамастан жігіттерді өздерінің кеуделерімен қалқалап, міз бақпай алдыңғы шепте тұрды. Сондай қаһарман қыздарымыздың қатарынада Гүлнәр Лепесбаева, Гүлнәр Әбілхайырова, Анар Серкерова және олардың қайсар құрбыларын атар едім. Сол жендеттердің тепкісінің кесірінен бірқатар қыздар сәби сұю бақытынан айырылып, ұрпақсыз қалды. Олардың жандарына мәңгілік жазылмайтын жара салды», [13] - деп қазақ қыздарының батылдығын, ержүректілігін мақтанышпен еске түсіреді, олардың болашағын ойлап қынжылады. Сол желтоқсандағы батыр қыздарымыз Ләззат Асанова, Сабира Мүқаметжанова сияқты ұлттық намысты берік ұстаған, ерлік пен елдікті ұран еткен ұлтжанды қыздарымыздың аты мәңгілікке қалады. Міне, тарих дәлелдегендей, қазақ қыздарының тек отбасындағы ерлігі ғана емес, өз Отанын қорғауда да ерлермен қатар жүргендігін дәлелдеп отыр.

Өтпелі 90-жылдардағы кезең халқымыз үшін үлкен сын болтаны бәрімізге белгілі. Осындай кезеңде қазақ әйелдері еліміздің еңсесін жоғары ұстауын өз үлестерін ерен еңбегімен дәлелдей алды. Осы бір кезеңде қазақ әйелінің арқасына түскен жүк өте ауыр болды. Сонда да қазақ әйелі мойымады. Отбасының тұғырын тік ұстап, ұл-қызының тәрбиесіне де көңіл бөлді. Кешегі бір өтпелі кезеңде, шаруашылықкүйзеліске үшыраған, аналар зейнетақысын уақытында ала алмай, ішерге ас, киерге киім болмай, жұрт жаппай абдырап қалған кезде, әйелдер қауымы білекті сыбанып тастап іске кіріскен еді. Олай дейтініміз, отбасын асырау салмағы әйелдерге түскентұста, қазақ қыз-келіншектер қауымы еліміздің еңсе тіктеуіне өлшеусіз үлес қосқаны белгілі. Қазақ әйелдері қоғамдық істерге, кәсіпкерлікке, ел экономикасын көтеруге де өз үлестерін қосты, әлі де атқарып келеді. Кіші және орта бизнестідамыту өркениетті дамыған елдерде экономикалық тұрақтылықтың кепілі болса, біз де соған қол жеткізе бастадық. Осының басы-қасында жүрген казақ қыз-келіншектері.

Еліміздің егемендік алып, адам құқықтары мен бостандықтары ескеріліп, адамдар жынысына, нәсіліне, ұлтына қарамастан тең саналып отырған бүгінгі таңда қоғамды демократияландыру процесінде әйел баласының орны ерекше. Қазір әйелдер өмірдің әр саласына белсене араласып, қызмет етуде. Қазір қыздарымыз саясатқа араласып, парламентке депутат болып, түрлі мекемелерге басшылық жасауда. Әлеуметтік өмірде, экономикалық дамуға да, ғылым мен білімге де, денсаулық сақтауда да өз үлестерін қосуда. Яғни, әйел баласының өмірдегі рөлі артып, қоғамның белсенді мүшесіне айналып отыр. Ал, біздің елдегі әйелдердің ахуалын алсақ, қай кезде де жаман болған емес. Олай дейтініміз, Үкімет басшысының орынбасарынан бастап, Орталық сайлау комиссияның төрайымы, беделді мемлекеттердің елшісі, министр портфеліне де ие болған қыздарымыз болды және осы қызметтерді абыроймен атқарды.

Елбасы жыл сайынғы әйелдер мерекесінде "Ең сенімді серіктестер - әйелдер" дегенді айтса, 2009 жылы 5 наурызда Астанада өткен Қазақстан әйелдерінің V форумында жасаған баяндамасын «Әйелдердің ұстамдылығы мен төзімділігі - тыныштық пен тұрақтылық тірегі», - деп атауының мәні тереңде екені сезіледі.

Осының дәлелі ретінде, қазіргі COVID-19 ел басына күн туған кезде қиындыққа, қауіп- қатерге қарамастан, кәсіби борышын ерлермен бірге абыроймен атқарып келе жатқан қазақ қыз-келіншектері. Карантинге жабылған азаматтарға медициналық көмек көрсетіп, олардың айығып үйлеріне оралуына қол ұштарын беріп келеді. Ақ халатты абзал жандардың жартысынан көбі дерлік (аурухана мамандарының) қыз-келіншектер. Адамдардың өміріне араша болып жүрген, осындай қиын кезеңде өз мамандықтарының шебері. Елдегі карантинге байланысты ақ халатты абзал жандар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар ауысымнан-ауысымға жанталасып, отбасына, туған-туыстарына уақыт боле алмай, талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке сай қызмет атқарыпжүр. Бейбітшілік кезеңде де, мамандық алдындағы адалдық, отансүйгіштік қасиеттерін көрсетіп, күн сайын өршіп келе жатқан жаһандық індетті жеңуге атсалысуда.

Қорыта келе, тарихи кезеңдердегі қазақ қыздарының патрпоттық құндылық істерінің, үлттық сана-сезімдерінің тарихи-педагогикалық алғышарттарын анықтауға негіз болды.

Біріншіден, бала жастан қазақ халқының ауызекі шығармаларын (ертегілер, эпостар, жыр-термелер, т.б) тыңдап өсуі. Эпостық жырлардағы батырлардың, соның ішінде әсіресе Қүртқа, Гүлбаршын, Назым, Ақжүніс, Қарлыға секілді ержүрек қыздардың ерлік істерін қызықтауы, соларға еліктеуі.

Екіншіден, адамгершілік, патриоттық асыл қасиеттер аналарының әлдиінен, жүректен шыққан сазды әуенінен, аналық ыстық алақанынан сіңіп, дарыуы. Туған- туыстарының, жора-жолдастарының, қоршаған табиғаттың да олардың патриоттық сана - сезімінің қалыптасуына әсері мол болуы.

Үшіншіден, саяси-идеялық, патриоттық рухани тұрғыдан шындалып өсуі.

Төртпіншіден патриоттық құндылықтар рухы, Отанға деген қалтқысыз сүйіспеншілігі, оның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі мен ерлік істері.

Бесіншіден патриотизмді қалыптастырудың пәрменді құралдарының ішінде саяси- идеологиялық сипаттағы мерекелер мен айтулы даталардың орнының ерекшелігі.

Қыздарда патриоттық құндылық рухты тәрбиелеу әр түрлі әдістердің көмегімен жүзеге асырылды. Қазақ отбасында бала халқының, елінің, қауымының шежіресін біліп, батырлар жырын, т.б. тыңдап өсуі. "Жеті атасын білмеген жетесіз"-дей отырып, халық үрпағын ата-бабасының шежіресімен, мекен еткен жері және кәсібімен, атақты, батыр, шешен, данышпан адамдарымен таныстыру. Жас үрпақ жеті атасының тарихын, шежіресін, олардың дәстүрлерін білу арқылы халқымыздың бірнеше ғасырлық тарихын танып-біледі, оларда ата-бабасына, тарихына, еліне, жеріне, табиғатқа, еңбекке деген құрмет, сүйіспеншілік осы әдістер арқылы қалыптасады.

Қорытындылай келе, ұлттық патриоттылық құндылық рух, әдетте, өз ұлтыңның, мәдениетіңнің, тіліңнің, дәстүрлеріңнің ортақтығын сезініп, осы жерде туылғаныңды ұғыну түсінігімен байланыстыра білуі. Қазақ халқы кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің жерленген жерін ерекше қадірлеген, оны ешқашан тастап кетпеген. Біздің қазақ халқы өз болмыс-бітімін Отанынан бөліп қарамаған. Халық өзін өсірген анасын қалай құрметтесе, елін, жерін, Отанын да таңдай алмайтынын түсінген. Отан адамның бойында патриоттық сезімді туғызудың қажетті шарты деп қабылдаған. Демек, бүгінгі ұлттық патриоттылығы қалыптасқан тұлғаға тән қасиет - ұлттық сана мен қоғамның рухани құндылықтарын (Отан, Ана, Туған жер, ел) қастерлеу, оны бойтұмардай сақтау және бауырмалдық, ұстамдылық, мәрттік, жомарттық қонақжайлылық, әдептілік т.б. игі қасиеттер болып табылады. Сонымен, біз қазақ халқының тарихы мен тіршілігіндегі ең күрделі мәселелеріне көңіл бөліп, елдің өткендегі өмірін тарихи тұрғыдан ұрпағымызға түсіндіруге тырысып, сол дәуірдегі құбылыстар мен оқиғаларды әлеуметтік тұрғыдан қарастыра отырып, қыз балалардың елін, жерін, Отанын сақтауға, мәдениетін аялай білуге, жоғары адамгершілікке шақырғандығын түсіндіру. Бұның бәрі идеяның, ой-пікір мен ақыл-өсиеттің өміршеңдігін, жаңашылдығын көрсетеді. Олар әсіресе еліміз егемендік алып, тарих қайта құрылып жатқан қазіргі кезенде, бүгінгі қоғамның жаңаруы, демократиялануы процесінде жеткіншек ұрпақтың, әсіресе қыздарымыздың инабаттылық, патриоттық құндылықтарын, ұлттық санасын, рухани қасиет-қадірлерін, талғамдарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаруы тиіс.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. // Егемен Қазақстан №70 (29051) 12 сәуір, 2017.
  2. Қазақтың көне тарихы // Дайындаған Қани М. -Алматы: Жалын. 1993. - 4006.
  3. Александрийский К. Древние авторы о Средней Азии. Ташкент. 1940. - 125с.
  4. Сарыбекова Ж Қыздар тәрбиесі. Оқу қуралы. Алматы: 2015. - 273 б
  5. Қорқыт ата кітабы. Оғыздың батырлық жырлары: Эпос/ Орыс тілінен ауд. Ә.Қоңыратбаев. М.Байділдаев. - Алматы: Жазушы, 1986.-1286.
  6. Гумилев Л. «Көне түріктер»: көпшілік оқырман қауымға арналған. Алматы: Білім. 1994. - 480 б.
  7. Бабалар сөзі: Батырлар жыры. 100 томдық. - Астана: «Фолиант». 2006. Т. 38: - 332 б.
  8. Әуезов М.О. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы. 1981. - Т.8. - 456 б
  9. Айтматов Ш. Собр. сон.: в 7-ми т. /Сост. и рсд. Р.Рахманалиев. Т.2. Повести, - Алматы. 1998. - 512 с.
  10. Сарсембина Қ.Қ. Қазақстан әйелдері саяси қуғын-сүргін қүрбандары (1925-1938ж.ж.). канд.диссер. Алматы: 2004.-1606.
  11. Қожабекова А.Д. Кеңес өкіметінің әйслдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тәжірибесі: тарих.ғыл.канд.дисс.Алматы, 2007.-1456.
  12. Сарыбекова Ж.Т. Қыздар тәрбиесі. Оқу құралы. Алматы: 2015. - 273 6
  13. Ақиқат пен Дақпырт. Жетісу. 1996. 13 желтоқсан. - 3 6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.