Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілін орыс топтарында оқытудағы тиімді жол

Сабақ мақсатын және онда жүзеге асатын басты-басты мәселелерді ғылыми түрде нақты жоспарлау – оқытушылар жұмысындағы, оқу үрдісіндегі ең негізгі, ең күрделі мәселелердің бірі екені белгілі. Тіл үйренуші жоғары оқу орнының қабырғасында мектепте алған білімін жетілдіруге және сөздік қорын көбейтуге үлкен мүмкіншілігі бар екені белгілі.

Қазақ тілі сабағында кез келген оқытушы студенттердің дүниетанымын, тіл байлығын, ақыл-ой өрісі мен танымдық қабілетін жетілдіруді көздейді. Қазақ тілін орыс топтарында оқытуда қолданылатын әдістердіңде басқаша болатынын да бұл жерде ескеру керек. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытуда қазақ тілі пәнінің міңдеті біріншіден, студенттің сауаттылығын, ойлау қабілетін дамыту барысында жаттығу жұмыстарымен бекіту. Екіншіден, қазақ тілі пәнінде мамандыққа арналған мәтіндер мен терминдерді беру арқылы студенттердің еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Студенттің тілін дамыту мақсатында өз бетімен жұмыс істеуге, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру қажет. Демек, өзге ұлт өкілдері қазақша түсіне білуге, сөйлей білуге, мазмұндай білуге, өз ойын анық айта білуге, жаза білуге үйрету басты мақсаттардың – бірі болып табылады.

Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын негізгі міндеттер ол:

  • Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;
  • Оларды өз бетінше ізденуге, қазақша тыңдаған ақпарат бойынша ойын қорытып, ұққан материалын мазмұндауға дағдыландыру;
  • Сөздіктің көмегімен көркем шығармалардан үзінділер оқи білу;
  • Публицистикалық және ғылыми лексиканың дұрыс қолданылуын тануға үйрету.

Жоғары оқу орындарында студенттер тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдануға, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық тұрғыдан жүйелеп, өз бетінше әрекет етуге дағдылы керек.

Қазақ тілін үйретуде осы мақсат-міндеттерге қол жеткізуде білім берудің нәтижелік тұжырымына баса мән берілуі керек. Оқу мақсатының жүзеге асуы – жаңаша оқу формалары, тиімді әдіс-тәсілдермен тығыз байланысты екені белгілі.

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың әдістемесі дамуының басты шарты болып – әдістемелік зерттеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік тәжірибелер жасау, оған жаңа фактілерді қосу, әдістеме ғылымындағы жаңалықтар мен жетістіктерді пайдалану, психологиялық әдістерге де көңіл бөлу. Сондай-ақ оқытушының жан-жақты әдістемелік ізденістерін дамыта отырып, шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қарастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі заманда оқытушының педагогика, психология ғылымдары жаңалықтарын біліп отыруы аса қажет болып тұр, себебі онсыз оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру мүмкін емес.

Жаңа ғасырға – жаңа технологиялар. Қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне тілді меңгерту үшін педагог ғалымдар көптеген технологиялар мен әдіс-тәсілдерді ұсынып отырғаны белгілі. Біз солардың тиімді деп есептелінетін кейбіреулеріне тоқталғымыз келеді.

Жаңа ғасырда ақпараттармен алмасу бұл тек монитор мен пернетақта ғана емес. Әлемдік интерактивті технологиялардың ең алғаш кең тараған саласы – білім беру жүйесі екені белгілі. Көптеген оқытушылар қауымы да, тілді үйренушілер де интерактивті технологияларды оқу үрдісінде қолданудың артықшылығы мен септігінің өте жоғары екенін байқады. Бүгінгі күні еліміздің бірқатар әртүрлі оқу орындарының оқу дәрісханалары интерактивті тақтамен жабдықталған. Біріншіден, жалпы білім беру мектептеріндегі оқу үрдістері қызықты да көрнекті болды, ал орта және жоғары білім беру мектептері кәсіби білімін тереңдете түсуге үлкен мүмкіндіктер алды. Интерактивті технологияларды дамыту арқылы біз өз уақытымызды және күшімізді үнемдеу мүмкіндігіне ие боламыз. Интерактивті технологиялар білім беру жүйесінде оқытушының жұмысын жеңілдетіп қана қоймайды, оқу үрдісінде терең де сапалы білім беруге жол ашып, ерекше орын алып отыр.

Біздің алдымыздан интерактивті тақта мен кіріктірілген тест жүйелері сияқты мүлде жаңа өлшемді технологиялар ашылады. Интерактивті тақтамен және проектормен жұмыс кезінде бейне слайдтар және компьютерлік анимациялар жасауға мүмкіндік аламыз, сонымен қатар, тақта алдындағы жұмысыңыз бормен жұмыс істеп отырған секілді қарапайым да жеңіл болады. Аға буын өкілдері үшін кітап қандай маңызды орын алса, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін ғаламдық дамыған технологиялар сондай маңызға ие.

Ең алдымен интерактивті деген сөздің мәнісін ұғып алайық: inter – «бірге, өзара», act – «әрекет ету, іс-қимыл» деген мағынаны білдіреді. Оқытудың интерактивті технологиялары – бұл оқушылардың топпен бірге әрекет етуіне негізделген, өзара іс-қимылға, бір-бірін толықтыруға бағытталған, оқушының бұл үрдістен тыс қалуына мүмкіндік бермейтін оқу формасын ұйымдастырудың тиімді жолы деп есептейміз. Оқыту үрдісінде бұл әдісті қолдану үшін оқытушы тіл үйренушілердің ұжымдық, жұптық топтарға бөліп, өзара қарым – қатынас жасауға ықпал етеді және жағдай жасайды. «Интерактивті оқыту» әдісі 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды.

Бүгінгі күні интерактивті өзара ісәрекет – бұл компьютермен жұмыс істеуді толық меңгеру, яғни, электронды пошта, электронды хабарландыру тақтасы, онлайн тақырыптық пікір алмасулар, аудиоконференциялар, видеоконференциялар, ақпараттармен және файлдармен алмасу, бірыңғай желілік жүйе және т.б. болып табылады.

«Интерактивті құралдардың көмегімен материалдарды беруде қандай мүмкіндіктерге қол жеткіземіз?

  • Тұсаукесер (презентация), баяндамашының өз баяндамасын толық жеткізуіне мүмкіндік;
  • Оқу материалын көрсету, экран суреттермен қоса жазбаша мәліметтер бере алу мүмкіндігі;
  • Дәріс кезінде интерактивті тақтада берілген оқу материалын жазып алып, бірнеше рет пайдалана алу мүмкіндігі;
  • Интерактивті тақтаға жазылған барлық мәліметтерді сақтап, басып, электронды пошта арқылы жіберу мүмкіндігі.

Интерактивті тақтаның артықшылығына тоқталатын болсақ:

  • Арнайы бейнекамераларды пайдалана аламыз;
  • Мәтіндермен, объектілермен жұмыс істей аламыз, кез келген ақпараттарды сақтай Еlluminate live бағдарламасы бойынша әлемнің әр мемлекеттеріндегі серіктестерге тұсаукесер өткізіп, өз жұмысымызға оңай және тез пікірлер ала аламыз;
  • Интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында тыңдаушылардың зейін аударуын жақсартады, оқу материалы төте меңгеріледі, нәтижесінде әр тыңдаушының оқу үлгерімдері артады;
  • Activate көмегімен тест өткізіп, нәтижесін экранға шығарып оқушылар назарына ұсына аламыз.

Интерактивті технологиялардың алдына қойған негізгі міндеттері мыналар:

  • Тыңдаушылардың білім алуға деген берік уәждемесін қалыптастыру;
  • Тыңдаушылардың шығармашылық шешімдерінің көмегімен білімді меңгерудің жаңа формалары мен құралдарын іздеу» [1; 8].

Оқытудың интерактивті жүйелерін мектептерде қолдану бұл білім берудің жаңа ұстанымы – «Білім алуды қарқындату». Оқытудың интерактивті технологиялары мен әдістері арқылы интенсивті білім беру жүйесіне оқушылар жай тыңдаушы ғана емес, белсенді қатысушы және серіктес ретінде қатысуына қол жеткізе аламыз. Интерактивті электронды тақталарды қолдану білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Интерактивті әдістерді қазақ тілін оқытуда тіл үйренушілерге үйретуде интерактивті әдістердің ойын сияқты кейбір түріне тоқталып өтейік.

Тіл үйренушінің ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытудың бір түрі сабақты ойын түрінде ұйымдастырып, олардың тілдерін жетілдіру. Ойын арқылы тіл үйренушілерді оқыту интерактивті оқыту әдісінің түрі болып есептелінеді. Себебі тек ойын үстінде ғана тіл үйренуші мен оқытушы арасында байланыс пайда болып, олардың топпен жұмыс істеуіне мүмкіндік пайда болады. Ойын тіл үйренушінің сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырумен бірге олардың танымдық қабілетін жетілдіріп, шығармашылық белсенділікке деген қажеттілігін қанағаттандырады. Кез келген қажеттілікті қанағаттандыру жағымды эмоциямен, көңіл – күймен байланысты. Сабақтың немесе әдістің тіл үйренушінің қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкестігі оның көңіл – күйінен көрінеді. Тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін арттыратын ойын түріндегі тапсырмалар тіл үйренушінің «үйренсем» деген қызығушылығын тудырады. Қазіргі кезде тіл үйренушілердің белгілі бір тақырып көлемінде біліммен қамтамасыз ету жеткіліксіз, оларды білім алуға, оқуға үйретуге көп мән беруге, яғни психологиялық тұрғыдан оларды «білім алғым келеді, оқығым келеді» деуге үйрету. Егер сабақты ойын түрінде ұйымдастырсақ, тіл үйренушінің тілді үйрену дәрежесі жоғары болады деп ойлаймыз. Баланы күшпен, мәжбүрмін оқыту мүмкін емес. Сондықтан да білім беру үдерісін ойын түрінде ұйымдастырудың маңызы ерекше, сондықтан оқытушымен, балалармен бірігіп орындаған жұмыс қана қызығушылықты арттырады.

Ойын – үйрету әдісінің ерекше бір түрі. Ойын үйренуді мәжбүр етпейді, тілді үйреткен кезде түл үйренушінің өз еркімен, ынтасымен барлық жұмыстар атқарылады. Сабақты ойында арқылы ұйымдастырғанда тіл үйренушілердің барлығы бірдей, яғни «жақсы» не «нашар» білетін деп бөлінбейді, бір – бірін олар тек ойыншылар ретінде қабылдайды. Қазақ тілі сабақтарында тіл үйренушіні жазбаша байланыстырып сөйлеуге ойын арқылы үйрету мынадай бағытта жүргізіледі: үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі; байланыстырып сөйлеу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады; байланыстырып сөйлеуге үйрететін қажетті оқу материалы ойынның құралы ретінде пайдаланылады; үйрету де, үйрену де, ойын – жарыс түрінде орындалады; мәселені шешу тетігін іздейді, шығармашылық ойлауы қалыптасады.

Шығармашылық ойлау тіл үйренушілерді сөйлеуге, сөздерді дұрыс таңдауға, сөйлеу барысында көркем әдеби сөздерді қолдануға көмектеседі. Ойын кезінде ойлануға, ойын байланыстырып жазуға, айтуға, шығармашылықпен айналысуға, топта бір – біріне көмектесуге мүмкіндік пайда болады. Р. Базарбекова «Интерактивті оқытудың ойын түріндегі әдісі» атты мақаласында, қазақ тілі сабағында тіл дамытуға қатысты жүргізілетін ойын қызметі мынандай міндеттерді шешуге тиіс дейді:

«Біріншіден, оқушының тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету сабақтың басты мақсаты болса, ойын осы мақсатқа жетуге деген оқушының эмоциялық қатынасын, ықыласын арттыруға; екіншіден, ойынның шарты, түрі, тәсілі міндетті түрде оқушыны дұрыс сөйлеуге, өз ойын байланыстырып жазуға, логикалық және шығармашылық мүмкіншілігін ашуға; үшіншіден, ойынды сабақтың талдау, бекіту, қайталау кезеңдерінде жүйелі түрде қолдану оқушының жазбаша сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөз сөйлеу шеберлігін ұштауға жағдай жасайды» [2; 98]. Мысалы, олардың сөздік қорын, сөздерді дұрыс таңдауға дағдыландыру үшін олармен «Сөз тізбек» ойынын ұйымдастыруға болады.Тіл үйренушілерді топқа бөліп, оларға қандайда бір сөзді айтып, сол сөздің соңғы әрпі келесі сөздің бірінші әрпі болады. Олар белгілі бір уақыт мөлшеріне дейін жалғастыру керек. Мысалы, оқытушы «Қазақстан» десе топтағы тіл үйренушілер «Н» әрпіне «Нан», «Нарық», «Қияр», «Раушан» және тағыда басқа сөздерді атап осылай ойын белгілі бір уақыт мөлшеріне дейін жалғаса береді.

Интерактивті әдіс арқылы тіл үйренушілерді оқытуда «Ойға шабуыл» әдісі жиі қолданылатын әдістердің бірі болып саналады. «Ойға шабуыл» әдісі белгілі қандайда бір мәселені шешу үшін белгілі шектелген уақыт мөлшерінде жауап қайтара білуге көмектеседі. Бұл әдісті шешімін табуды қажет ететін кез келген жағдайда, тіл үйренушілердің тілін жаттықтыруға, жылдам ойлауға дағдыландырады.

«Ойға шабуыл» әдісін қолдану үш кезеңге бөлінеді: ұсыныстар жинау; жиналған ұсыныстарды бағалау немесе талдау; ұсыныстарды мәселені шешуде пайдалану.

«Ойға шабуыл» әдісінің негізгі ережелерінің бірі болып, айтылған пікірлер сынға ұшырамайды. Айтылған көзқарастар қателігіне, дұрыстығына қарамастан қабылданады.

«Ойға шабуылды» жүргізуші (оқытушы) мен оған қатысушылар (тіл үйренушілер) әрекеті алтыға бөлінеді олар: 1) Жүргізушінің қандай мәселе көтерілетінін көрсету; 2) Аталмыш тақырыптың маңыздылығы; 3) Ойға шабуылдың ұстанымдарын түсіндіру; 4) Ой – пікірлерді ұсыну және жазу; 5) Сұрақтар мен оларға түсінік беру; 6) Ой – пікірлерді талдау және бағалау.

Алайда, оқу үрдісінің қарқындылығын арттыруда оқытушылардың ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану құзыреттіктері қалыптасқан ба және оқу, тұрмыстық, кәсіби міндеттерін ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы шешу қабілеті бар ма деген сұрақ туындайды. Себебі білім беру саласындағы негізгі тұлға – оқытушылармен бен оқушылар. Әрбір білім беру мекемелеріне жан беріп, оны қозғалысқа келтіретін, әр оқушыны келешекке жетелейтін – оқытушы. Сондықтан да бүгінгі күні білім беру ісінде оқытудың тиімді де жаңа технологияларын кеңінен таратып, күнделікті қолданысқа ендіретін оқытушыларымыздың шеберлігі ең маңызды мәселе болып табылады.

Оқытушылардың ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеруі – білім беру саласын ақпараттандырудағы артықшылық және анықтаушы бағыт болып саналады. Педагогтардың ақпараттар коммуникациялық технологияларды пайдалану құзыреттіктерін қалыптастыру деңгейінің өлшемдері қандай?

Бұл оқытушыларымыздың:

  • Ақпараттық кеңістік туралы толық хабардар болуы;
  • Ақпараттық (компьютерлік) сауаттылығы;
  • Өз қызметін АКТ-ні пайдалана отырып ұйымдастыра білуі.

АКТ құзыреттілігі дегеніміз бұл – ақпараттарды іздеу, ақпараттарды тұтыну, ақпараттарды құру, ақпараттарды сұрыптау, ақпараттарды таңдау, ақпараттарды пайдалану, ақпараттарды жіберу, яғни, кез келген ұстаздың аталған үдерістерді меңгере алуы, өз қызметінде пайдалана алуы.

«Оқытушының АКТ құзыреттігін қалыптастыруда төмендегідей педагогикалық мүмкіндіктерді жүзеге асыру қажеттілігі туындайтыны белгілі. Ал бұл қажеттілікті іске асыруда оқытушылардың біліктілігін көтеру институттарында төмендегідей мәселелер міндетті түрде ескерулі қажет:

  • Тәжірибеде АКТ-ні пайдалану мүмкіндігін меңгеруде және жаңа материалды игеруде оқытушының дайындық деңгейін ескере отырып оқытуды ұйымдастыру;
  • Оқытудың жеке әдістері мен формаларын, сонымен қатар, оқытудың прогрессивтік әдістерін пайдалану проблемасын шешуде қазіргі заманға оқу әдістерін пайдалана отырып, оқытудың классикалық әдістерін жетілдіру;
  • АКТ құралдарын, интерактивті технологияларды қарқынды пайдалану арқылы оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру» [3; 117].

Интерактивті технологияларды әр оқытушы өз сабақтарында пайдалана алса, интеллектуалдық қабілеті дамыған коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдері практикада пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп есептейміз.

Қорытындылай келетін болсақ, тіл үйренушілердің пәнге деген қызығушылығын, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында интерактивті әдісті қолдану тиімді деп санаймыз. Егер сабақ барысында ойынның көптеген қызықты түрлерін қолдансақ, тіл үйренушілердің тілді тез меңгеруге және сөздік қорларының дамуына, тілдік дағдыларының қалыптасуына, есте сақтау қабілетінің артуына көмектеседі. Яғни, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Сұлтанова Ш.Интерактивті технологиялар – білім беру саласында // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 6/ 2010.
  2. Базарбекова Р. Интерактивті оқытудың ойын түріндегі әдісі \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. 10\ 2007 – 102 б.
  3. Смашева С., Холявина Т. Қазақ тілі мен орыс тіліндегі лексиканың толығу жолдары // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 12/200 6. 116 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.