Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Туристік нарықтың сегменттерінің сипаттамасы және мақсаттық нарықты таңдау және туризмнің қызмет көрсетулерінің мәні мен спецификасы (ерекшеліктері)

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында инновациялық экономика құру үшін шикізат емес секторды дамыту, сол арқылы Қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол ашылғаны айтылған. Яғни 5-7 кластерін жасау мен дамытуына үлкен көңіл бөлгенділігі айтылған. Нарықты туризм, мұнайгаз машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салалар. Мамандардың баяндауы бойынша, 21 ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақстанда туризм нарығының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқарлатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап, дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте қажет. Тиянақты білімі бар мамандар туризм әлемінде дұрыс бағыт ұстау мүмкінділігіне ие бола алады. Сондықтан да туристік нарықта сегменттерінің сипаттамасы және мақсатты нарықты таңдауға, туризмнің қызмет көрсетулерінің мәні мен спецификасы (ерекшелігіне) толығырақ тоқтала кетейік.

Әлемдік тәжірибеде табыс дәрежесі мен пайда болу дәрежесіне негізделген мамандар туристік нарықтың негізгі 4 сегментін көрсетеді.

Бірінші сегментке табыс дәрежесі төмен және орташа болатын тұлғалар. Олардың негізгі мақсаты теңіздегі демалыс және олар демалу орнын баға дәрежесіне байланысты таңдайды. Бұл туристік сегментке алатын әсерлерді өзгерту тән емес. Керісінше, оларды әдеттерді ауыстырмайтын орындар тартады. Бұл орналастыру орындарына, сондай-ақ әр түрлі халықтардың тағамдарына бағытталған тамақтану объектілері де қатысты. Бұл санаттағы туристердің қаржылық жағдайлары жақсы болмаса да, олар өнімдердің саласына көп көңіл аударады. Олардың негізгі қағидасы өз ақшасына толық қызмет алу болып табылады.

Мұндай туристер деңгейі орташа қонақ үйлерде тоқтағанда, түнгі клуб, сусынхана, және т.б. түрлі ойын-сауық турлеріне көп көңіл аударады. Бұл туристердің саяхаттарының негізгі мақсаты танымдық туризмге бағытталмаса да, олар әртүрлі экскурсияларға қызығушылық білдіруі мүмкін, себебі олардың саяхаты туралы әңгімесі қызығырақ болып көрінеді. Олардың саяхат жасағандарының дәлелі сувенирлер болып табылады.

Халықаралық туристік алмасуда туристік нарықтың бұл сегменті ең көп таралған, және бұқаралық ағымның негізін, яғни жақын қашықтыққа, атап айтқанда, жақында орналасқан теңізге саяхаттар құрайды.

Туристік нарықтың екінші сегментін табыстары орташадан жоғары тұлғалар құрайды. Бұл туристер көбінесе жоғары, кейде орташа білім алғандар. Олардың саяхаттарының басты мақсаты демалыс болып табылады, бірақ белсенді демалыс оларға спортпен шұғылдануға, экскурсия жасауға, театрлар мен концерттерге баруға мүмкіндік береді.

Егер бірінші санат «жақын маңдағы теңізге дейін» саяхат жасаса, онда бұл нарықтың сегментіне ұзақ саяхатты ұнататындар, барған елдің мәдениетіне және салт дәстүріне қызығушылық білдірушілер жатады. Бұл туристерде танымдық мотив болғандықтан, олар өздерін қызықтыратын аймаққа бару кезінде ыңғайлылықтың болмауына келісе алады, егер аймаққа барудың басқа мүмкіндігі болмаса. Ал бұл жағдайда осы сегментке жататын туристер орналастырумен тамақтану сапасына талап қоймайды деп қарауға болмайды.

Үшінші сегментке табыстары жоғары адамдар жатады. Олардың барлығында жоғары білім болады, және олардың саяхаттарының көбі танымдық мақсатта жасалады. Мұнда олар 2 жас санатына бөлінген, «орташа» және «үшінші». Үшінші санаттағы туристер топ құрамында саяхаттаса, ал орташа жастағы туристер дара саяхатты немесе өз жолдастары тобында саяхаттауды жақсы көреді. Бұл сегмент үшін алыс қашықтыққа, 2-3 аптаға созылатын саяхаттар тән. Мұндай туристерді алыс экзотикалық сапарларды дәлел ететін қымбат сувенирлер қызықтырады. Осыған мысал ретінде қызмет көрсетілген туристер санын қарасақ.

Кесте 1. Қызмет көрсетілген туристер және экскурсанттар саны
 

Қызмет көрсетілген туристер және экскурсанттар саны

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

адам

Ортақ көлемдегі үлесі

адам

Ортақ көлемдегі үлесі

адам

Ортақ көлемдегі үлесі

Барлығы

154502

100

171427

100

229014

100

Кіру туризмі

2507

1,6

29771

17,4

44990

19,7

ТМД

792

 

1209

 

2701

 

ТМД-дан басқа

1715

 

28562

 

42289

 

Шығу туризмі

37942

24,6

74728

43,6

94692

41,3

ТМД

4541

 

8376

 

10156

 

ТМД-дан басқа

33401

 

66352

 

84536

 

Ішкі туризм

114053

73,8

66928

39,0

89332

39,0

Соңғы үш жылдағы Қазақстандағы қызмет көрсетілген туристер мен экскурсанттар санын қарасақ жылдан жылға адам санының өскендігін байқаймыз, себебі жыл сайын «Туризм» бизнесі дамып келетіндігіне көз жеткізіп отырмыз.

Төртінші сегментті басқа халықтардың салт-дәстүрін, тұрмыс тіршілігін, мәдениетін, табиғатын зерттейтін жоғары білімді адамдар құрайды. Мұндай топ әртүрлі жастағы, табыс көлеміндегі, бірақ саяхатқа аямай көп қаржы жіберетін адамдардан тұрады. Саяхаттардың нақты мақсаттары әр түрлі болады. Және туристерді біріктіретін ең маңызды нәрсе жеке тәжірибе болып табылады. Егер саяхаттың мақсаты басқа елдердің өмірімен танысу болса, онда туристер жергілікті тұрғындар арасында тұрып, олардың қолөнерімен айналысып, халық ауыз әдебиетіне көп көңіл аударады.

Туристік нарықтың бұл сегменті көп таралмаған, бірақ соңғы жылдары оның өсу тенденциясы байқалады.

Маркетинг мақсаттарын анықтау және жарнама шараларын өткізу үшін түрлі белгілердегі сегментация қолданылады, ондай белгілерге саяхат мотивация тұтынушы табысындағы туризмнің маңыздылық деңгейі, туристік орталықтағы тәртібі және т.б жатады. Сегментацияны жүзеге асыру үшін тур.фирмалар қандай да бір белгісін біріктірілген клиенттер тобын анықтайды. Туристік нарықтың бұл сегменті көп таралмаған, бірақ соңғы жылдары оның өсу тенденциясы байқалады.

Маркетинг мақсаттарын анықтау және жарнама шараларын өткізу үшін түрлі белгілердегі сегментация қолданылады, ондай белгілерге саяхат мотивациясы тұтынушы табысындағы туризмнің маңыздылық деңгейі, туристің туристік орталықтағы тәртібі және т.б. жатады.

Сегментацияны жүзеге асыру үшін, тур. фирмалар қандайда бір белгімен біріктірілген келешектер тобын анықтайды. Туристік нарықтың әр сегментіне арнайы туристік ұсыныс сай болу керек. Мұндай әрекет қажеттіліктерді ғана қоймай, туристік сұранысты қалыптастырады.

Әр түрлі сегментациялық ауыспалылар көмегімен қалыптасқан сегменттер неғұрлым ыңғайлы туристік кәсіпорындарды анықтау үшін толық зерттелуі керек. Оған тәсілі, сегментация үрдісінен кейін, мақсатты нарықты таңдау іске асып жүреді.

Мақсатты нарықтур. Кәсіпорын үшін өте ыңғайлы және табысты нарық сегменттері тобы, және оған маркетинг қызмет бағытталады. Мақсатты нарықты таңдауғакөп көңіл бөл у керек, себебі оған кәсіпорынның табысты қызметі тәуелді. Қандайда бір сегментті таңдау үшін төмендегідей сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Тұтынушылардың қажеттіліктері қандай?
  2. Фирма оларды қанағаттандыра ала ма?
  3. Бәсекелес фирмаларға қарағанда, фирма бұны жақсы орындай ала ма?
  4. Фирма көздеген мақсаттарға жете ме?

Мақсатты нарықты таңдау анықталған әрекеттердің ретін қажет етеді:

  1. Нарық сегментінің потенциалын анықтау;
  1. Нарықтың заттылы мен қол жететіндігін бағалау
  2. Нарық сегментін игеру анализі. Нарық сегментінің потенциялы сан-

дық көрсеткіштері және көлемімен сипатталады. Нарықтағы жұмыспен оған шығару мен байланысты шығындарды өтеу үшін және табыс алу үшін сегмент басынан бастап көлемді болу керек. Сонымен қатар, онда болашақта даму негіздері болу қажет. Мысалы: Қазақстан Республикасындағы қонақ үй қызметінің негізгі көрсеткіштерін қарасақ мынадай көрсеткіштерді көреміз.

Кесте 2. Қонақ үй қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

Қонақ үй кәсіпорындарының саны

159

165

195

239

259

Орналасу орындары

16389

16296

19179

22172

23036

Қызмет көрсетілген туристер саны

1221489

1359272

1612131

1960571,8

766803

Соның ішінде кіру туризмі бойынша

281044

303857

416696

487235

161703

Яғни жыл сайын қонақ үй кәсіпорындарың санының өскенділігі, орналасу орындарының көбейгендігін, қызмет көрсетілген туристердің санының өскенділігін соның ішінде кірутуризмнің өскендігін байқаймыз. Яғни туризмнің дамып келе жатқанын байқаймыз.

Туристік өнімді өндірудің материалдық негізі ретінде әр түрлі туристік салалардың комплексті кешені жүзеге асырылады. Отандық және шетелдік әдебиеттерде таза туристік кәсіпорындарда (мейрамхана, қонақ үй, тауарнамалар) Туристік сұраныстарға жауап беретін өндіріс кәсіпорындары «туризм индустриясы», термині және кәсіпорынның барлық жиынтықтарының туристік қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ол терминді «туристік сектор» экономикадағы туристік сектор деп аталады. Ол өз ішінде элементтерден тұрады:

  • қонақ үй шаруашылығының кәсіпорындары;
  • тамақ және сауда кәсіпорындары;
  • жолаушылық көліктері;
  • банк құрылымдары (валюта айырбастау, байланыс құралдары).

Мекемелер:

  • туроператорлар мен турагенттер;
  • ауыл шаруашылығының кәсіпорындары, азық түлік және т.б өнеркәсіптер.

Туризм индустриясы бұл дамыған елдердің экономикасының бөлшектенбес бөлігі. Бұнда капиталдың және өндірістің орталықты индустрияландыру үрдісі байқалады.

Әлемдік нарыққа шығудың кеңдігі, кіші бизнес дамыған, бұл индивидуалды қажеттіліктің сұранысын қанағаттандырады.

Туризмде қазіргі заман маркетингі байқалады. Туризмдегі қызмет көрсету билігі 75%, тауар бөлігі 25%. Туристік өнім кез-келген адамның қажеттілігін қанағаттандырады.

Туристік өнім комплексті қызмет көрсетеді, стандартты түрде жүзеге асады.

Инклюзив-тур және пэйдж-тур. Инклюзив-тур транспорт, тамақ, экскурсия, минималды қажеттіліктер. Пэйдж-тур кең ауқымды, тұру, азық-түлік, экскурсия және спорттық сауықтыру, мәдени қызығушылық қызметтері қамтиды Бельгияда, Германияда, Нидерланды, Ұлыбритания, Дания 38% үлесі қамтыған турлар. Греция, Испанияның, Италияда сұраныс деңгейі 30% құрайды.

Таралу сферасы бойынша ішкі, шығатын, кіретін ежелгі туризм – адамдардың өз ел ішінде туристік сапарлары.

Ал басқа елдерге жасалатын туристік сапарлар шығатын туристік сапарлар деп аталады. Бір елден басқа елге келетін тур сапарларды кіретін туризм деп атайды.

Саяхат субсидиясының есебінен ұйымдастырылуы мүмкін немесе үкіметтің әлеуметтік қажеттілігінен бөлінуі мүмкін мұндай туризм әлеуметтік туризм болып есептеледі.

Өзіндік іс-әрекеттік туризм белсенді қозғалыстарының іс-әрекеттерінің қолдануы арқылы жасалған саяхаттар немесе туристер өздері ұйымдастырады.

Туризмдегі сапардың мақсатын классификациялық түрлерге аймақты дамытуға бағытталған, инфрақұрылымды құру, қызығушылығына қарай қызмет көрсету туристердің келуін дамыту:

  • рекреациялық (демалыс және емделу);
  • экскурсиялық (табиғатымен танысу, тарихи, мәдени орындарымен танысу);
  • ғылыми (ғылымының жетістіктерімен өнеркәсіппен, ауылшаруашылыққа саяхат, конгреске, конференцияға қатысу);
  • іскерлік (іскерлік шараларды өткізу);
  • этникалық (туысқандарымен кездесу, сапарлар);
  • спорттық;
  • лингвистикалық.

Туризмнің әртүрлілігімен классификациялары алғашқы аймақтық шарттарға, ал ішкі ұлттық нарыққа байланысты. Туризмнің түрлері келесі классификацияларға, келесі белгілері анықталуы мүмкін:

  • транспорттық құралды пайдалану автотуристер, авиациялар, теміржолшылар, теңізшілер, өзеншілер, аралас;
  • сапарды ұйымдастыру формалары - жеке және топтық;
  • әлеуметтік демографиялық турлар құрамы-жастар, жұмысқа жарамды жастар, үлкен топтар (зейнеткерлік), жанұялық турлар, әлеуметтік турлар;
  • кәсіби құрам (дәрігер, юристер, ұстаздар);
  • кірістің деңгейі (жоғары кіріс, ортаңғы деңгейдегі);
  • мерзімдік (жыл бойғы, мезгілдік, эпизодтық);
  • аймақ (Латын Америкасы, Орта Азия).

Ерекшеліктерінің туристік айырмашылықтары туризмдегі маркетингті дамыту, оған қосымша қосуға болады:

  • туристік қызметке сұраныстың, икемділігі оның кірісі мен бағасының деңгейі;
  • тұтынушы қашықтықты сақтайды;
  • уақыт пен аймақтың өзгерісін тудыратын сұраныстың тербелісіне;
  • туристік мекеменің көптеген өнеркәсіптің күштілігі, жұмыс істеу әдістері, спецификалық сұраныстар және әр түрлі коммерциялық мақсаты;
  • туристік қызмет көрсетудің сапалық бағасы: тұтынушының субъективтік бағалауы. Мысалы: тұрғылықты тұрғындар, туристік топтар мүшесі.

Маркетингтік анықтамасының жалпы мағынасының жоқтығы сияқты маркетингтік туристердің де мағынасы жоқ. Тек бір ғана ғаламдық мағынаның анықтамасы бойынша. Мысалы, швейцар маманы Е. Крипендорф айтқандай: туристік маркетинг бұл жүйелік өзгеріс және туристік мекеменің координациясы, облысының туризмнің жеке және мемлекеттік саясат, аймақтық дамуы, ұлттық және халықаралық жоспар. Осындай өзгерістің мақсаты, тұтынушының тобын қанағаттандыру арқылы, өз-өзіне сай табысты алу жағдайы деп көрсетті.

Ал, басқаша, мысалы француз маманы Р. Панкар және Р. Оллье жүйесінің тәсілі мән әдісін былай анықтайды. «Туристік маркетинг» бұл әдіс тәсілдің негізгі сериясы, тексерудің жасалуы, қойылған талаптың анализі мен шешімі. Ең бастысы, әдіс-тәсілдерге бағытталуы керек. Үкімет тарапынан қазіргі кезде бұл бизнесті дамыту үшін аз көңіл бөліп жатқан жоқ.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жукова М.А. Индустрия туризма: менеджмент организации. – М., 2003.
  2. Квартальнов В.А. Менеджмент туризма: Туризм как объект управления. – М., 2002.
  3. Анализ прибыльности продукции: Не все то золото, что блестит. – М., 1996.
  4. Актуальные вопросы социальноэкономического развития РК на современном этапе / КИСИ при президенте РК. – Алматы, 2004.
  5. Нормативные документы по развитию туризма / Агентство РК по туризму и спорту. – Астана, 2004.
  6. Туризм в РК в 2007 году // Статистический сборник: Агентство РК по статистике. – Алматы, 2006. – 164 с.
  7. Программа развития туристской отрасли на 2003 – 2005 годы // Департамент предпринимательства и промышленности ВКО.
  8. Программа развития туристской отрасли на 2006 – 2008 годы // Департамент предпринимательства и промышленности ВКО.
  9. Программа создания и продвижения эффективной системы брендов туристского продукта ВКО для внешнего рынка // Департамент предпринимательства и промышленности ВКО.
  10. Программа современного состояния и перспективы развития туризма в Восточно-Казахстанской области по блокам// Департамент предпринимательства и промышленности ВКО.
  11. Интернет сайты: www.altaiinter.info.www.tour-vko
  12. Республиканская информационнопознавательная газета «Турист. Познай свой край» (№5 (54) 15 апреля 2006 г., №12 (61) 18 ноября 2006 г.№13 (62) 15 декабря 2006 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.