Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық негіздері

Ұлттық экономикадағы бәсекеге қабілеттілік ұғымының эвалюциясы зерттеліп, оның мазмұны жағының жеке көзқарастары дәлелденді. Отындық және шетелдік тәжірибелердің қорытындыларының негізінде бәсекеге қабілеттіліктің факторларының трансформациялық барысы көрсетілді. Ол әлемдік экономиканың қозғаушы күштерінің негізінде пайда болып отыр.

Қазіргі таңда бүкіл әлем елдері экономиканың және оның ішінде ұлттық экономиканың артуын, дамуын басты мақсаты етіп, нысанаға алып отыр. Бұл Қазақстан үшін күрделі, бірақ әбден реализмге негізделген мақсат болып табылады.

Бәсекелестік қабілеттің жоғары деңгейі экономикалық бизнестің дамуымен, әлемдік сұраныстың дамуына экономиканың және оның құрылымының бейімделуімен; ұлттық мамандандыруды анық таңдауымен; қатаң және мәні жоқ бәсекелестік күрестен бас тарта білумен; жаңа тауарлар шығаруға тез өтумен; жаңа рыноктарды игерумен; әлемдік сұраныстың ғаламдық құрылымын білумен және қажетті бағытта белсенді қалыптасуымен сипатталады. Әлемде қазіргі таңда бірінші орынға мақсаттық емес факторлар қойылады, ал олардың ішінен басты мағынаға тауар мен оның жаңалылығы алынады. Ресурсты үнемдеу технологияларын енгізу, есептеулер көрсетіп отырғандай, техника санын 2 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, оны жаңартуға инвестицияны көп талап етпейді, ЖЖМ-ын тұтыну 1,5 есе төмендейді, ал қаражаттарды үнемдеу 1 гектарға 15 долл. құрайды. Өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіруге шығындар қысқарады. Өнімдерді сатудан алынатын пайда 2010 жылға 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есе артады, өсімдік шаруашылығы өнімдері – 2,3 есе, мал шаруашылығы – 2,5 есе; өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабельділік деңгейі 24,1%-дан 41,8%-ға дейін, мал шаруашылығы – 7,2%-дан 16,0%-ға дейін жоғарылайды. Тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі кластерлік құрылымдар қалыптастыру негізінде 1,4 есеге дейін артады.

Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi ғылымының өркендеуi үшiн екi мәселенiң шешiлуiн атап кеткен орынды. Бiрiншiден, ғылымның жаңа жетiстiгiн өндiрiске енгiзудiң тетiгiн қалыптастыру керек. Бiз осы уақытқа дейiн ондай тетiктiң жоқ екендiгiн дәлелдеумен келдiк. Ендi оны дәлелдеудiң керегi жоқ, ондай жүйенi құру керек. Ол үшiн:

  • монополияға қарсы саясатты жетiлдiру; бәсекелестiктi қамтамасыз ету;
  • амортизациялық саясатты жетiлдiру; өндiрiстiң өндiруге қабiлеттi жақтарындағы тепе-теңдiктi сақтай отырып, ғылыми прогрестi енгiзу;
  • нанотехнологиялық саясатты жетiлдiру; фирмалар мен ғылыми құрылымдарды ынталандыра отырып инновациялық өнiмдердi енгiзу;
  • зияткерлiк меншiк саласына қатысты саясатты жетiлдiру; ғылыми жаңалықтарды материалдық қолдау арқылы ғалымдардың ынтасын ояту мен қорғауды жолға қою.

Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын факторлар – экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны; өндіріс тиімділігі; халықаралық еңбектің бөлінуінде қатынасуы; ішкі рыноктың серпінділігі мен сыйымдылығы; ғылым мен техниканың даму деңгейі, техникалық жетістіктерді игеру қарқыны; қаржылық жүйенің айқындылығы мен икемділігі; экономиканы мемлекеттік реттеудің ықпалы; еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі мен олармен қамтамасыз етілуі; әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси ахуал.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында экономиканы диверсификациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты және біркелкі дамуына ерекше көңіл бөлген болатын. Тауар өндірушілердің (өнеркәсіптер, ұйымдар, азаматтар) басым бөлігі өз шаруашылық қызметтерінде және кәсіпкерлікте еркін болған жағдайда ғана бәсекелестік – нарықтық механизмнің жұмыс істеуінің маңызды бөлшектерінің бірі ретінде қызмет ете алады. Бұл дегеніміз, тауар өндірушілердің еркін түрде жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдауына, салық төлегеннен кейін қалатын пайданы жұмсауына, шаруашылық қызметтерімен және өнеркәсіптің дамуымен байланысты басқа да мәселелерді өз беттерінше шешуіне мүмкіндік береді. Ал 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» атты Жолдауында ЖІӨ өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. 2010 жылғы қаңтардағы Жолдауында Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті. Қазірдің өзінде оны іске асырудағы бірінші жылда нақты нәтижелер бар. Мемлекет 152 кәсіпорынын іске қосты. Елімізде барлығы 800 әртүрлі өндіріс орындары құрылды. 2014 жылға дейін құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жаңа өндіріс орындарының пайда болуы Қазақстан нарығындағы жаңа бәсекелестердің пайда болуына ықпал жасайды. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – ұлт пен жастар білімінің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты.

Бәсекелестік шаруашылық міндеттердің шешімдерін тиімді табуға түрткі болып табылады, әсіресе, ол, неғұрлым сапалы өнім шығару, қызметтер ұсыну және оларды неғұрлым тез өткізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бәсекелестікті дамыту қоғам үшін де пайдалы болып табылады.

Біріншіден, материалдық, еңбек, қаржы және басқа да қорларды орынды пайдалануды ынталандырады, өндірушілерді тұрақты түрде ассортиментті жаңартып тұруға, ғылыми – техникалық жаңашылдықтарды үнемі қадағалап отыруға және сол жаңашылдықтарды өндіріске енгізулеріне мәжбүр етеді.

Ал, мұндай бәсекелестік нәтижесінің аражігін қарапайым сатып алушы, тұтынушы ғана тап басып айырып бере алады. Қазіргі заман жағдайында неғұрлым дамыған тәсілдерге негізделген, яғни олардың бірі болып, терең диверсификация болып табылатын, бәсекелестікке қол жеткізу қажет.

Экономиканы диверсификациялау және бәсекелестікті арттыру үшін жаңа өнімдер өндірісін ретке келтіру қажет, бұл экономикалық қызметтің кеңейіп, қызмет көрсетудің басқа да салаларына енуіне себеп болады.

Шикізат экспортынан тез пайда алуға бағдарланған ірі қазақстандық бизнес өсуінің қарқынды сипаты әлемдік конъюнктураның өзгеруі кезінде барынша жоғары қайта бөлулерге және ішкі нарыққа ауысуға мүмкіндік бермеді.

Мемлекет бастамалары бизнес-қоғамдастықтан қажетті қолдау таппады, өйткені жас ұлттық бизнес әртараптандырудың белсенді ойыншысы болып көрінетіндей және Қазақстан үшін жаңа инновациялық бизнесті құру, әлемдік нарыққа шығу және бәсекеге түсу үшін стратегиялық әріптес ретінде әлемнің жетекші компанияларын тарта алмады.

Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту – ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өрісті жолы. Экономиканың шикізаттық бағытынан ойысудың, оны әртараптандырудың алғашқы қадамдары бұдан бірнеше жыл бұрын бастал-ған болатын. 2003 жылы үкімет 2015 жылға дейінгі елді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Стратегияның үшінші кезеңі – 2011-2015 жылдар. Бұл үшінші кезең бойынша мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту алға мақсат ретінде қойлып отыр. 2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары жоғары сапалы мұнай өнімдері – бензин мен авиакеросинге ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыруы тиіс. Отын-энергетика кешеніндегі жалпы қосылған құн кемінде 30 пайызға артпақ. Әлемдік тәжірибе индустрияландыруға қатысты әртүрлі әдістердің бар екенін көрсетіп отыр: «қуып жетуші даму»,

«дәстүрлі мамандандыру», «индустрияландырудан кейінгі даму» стратегиялары. Ұлттық экономика құрылымына сүйенетін болсақ, Қазақстан экономикасының ең қолайлы индустрияландыру стратегиясына шикізаттық өндірістерді жоғары бөліністерге ауыстырумен шикізат секторына сүйене отырып «дәстүрлі мамандандыру» стратегиясы болып табылады. Бұл стратегияның ақырында, басымдық бағыттар бойынша барлық ресурстарды теңдестіре жұмылдыру экономикаға қосымша 7 триллион теңгеден астам жылдық қосымша құн жасауы тиіс.

Атқарушы биліктің ағымдағы жылғы экономикалық саясатының негізгі бағыттары қандай, соған тоқталсақ. 2011 жылы Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің жүргізетін экономикалық саясат ең алдымен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады. «Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инвестициялық және бизнес ахуалды, институционалдық дамуды, технологиялық және инновациялық даму деңгейін, елдің адами ресурстарының даму сапасын жақсарту, сондай-ақ Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде сауда кедергілерін азайту және экономикалық ықпалдасуды кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады. екіншіден – индустриялықинновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканы әртараптандыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға күш салынады. Бұл орайда 2011 жылы Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде экономиканың қайта өңдеу секторларына және елдің инфрақұрылымын дамытуға ішкі және сыртқы инвестициялық ресурстары барынша жандандырылатын болады, Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа индустриялық және инновациялық жобалар қосымша іске қосылатын болады. Үшіншіден экономикалық саясат жұмыспен қамтудың тұрақтылығын және халық табысының өсуін қамтамасыз етуге бағытталады. «Үкiмет халықтың әл-ауқатын арттыру және халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау жөнiндегі шараларды қабылдауды жалғастырады. 2011 жылы бюджет саласында жалақыны және әлеуметтік шығыстарды өсіру көзделген. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының 30 пайызға артуын ескере отырып, оның ең төменгі мөлшері 24047 теңгені (базалық зейнетақыны ескере отырып), орташа мөлшері – 36205 теңгені (базалық зейнетақыны ескере отырып) құрайды. төртіншіден атқарушы биліктің экономикалық саясаты – білім беруді, денсаулық сақтауды және тілдерді дамытуды қоса алғанда, адами капиталды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бағытталатын болады. Бүгінде, қарапайым халықты азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсіп жатқаны қатты алаңдатып отыр. Үкімет 2011 жылы ЖІӨ-нің 4-5 пайыз нақты өсуін, инфляцияны 6-8 пайыз деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Отандық инновацияларды әзірлеу, енгізу және заманауи технологияларды алу кезінде инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тетігін нақтылайтын заңдық негіз бар. Сондай-ақ ішкі сұранысты ынталандыру үшін отандық тауар өндірушілерді қорғау жөнінде шаралар қабылданған мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар енгізілді. Елімізде биржалық сауданы дамытуға, стратегиялық тауарлармен сауданы реттеуге, ұсақ тауар өндірушілерді биржалық сауда үдерісіне тарту есебінен бәсекелестікті дамытуға және қамтамасыз етуге бағытталған тауар биржалары туралы заңдар жетілдірілді.

Елімізде технопарктердің екі деңгейлі жүйесі – ұлттық ғылыми-технологиялық парктер және өңірлік технологиялық парктер қалыптасуда. Келешекте Қазақстандағы технопарктер ғылымның өндіріспен байланысын нығайту міндеттерін шешуді, қазіргі заманғы технологиялар, жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнім өндірісін енгізуді көздейді. Осы орайда биылғы Жолдауда «Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек», делінгенін айта кету керек. «Техникалық реттеу туралы» заң қызметке, өнімдердің циклдік үдерістеріне міндетті және ерікті талаптарды ай-қындау, техникалық реттеу сала-сында сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастар-ды реттеуге бағытталған. Заң ережелерінің іс жүзінде толық қолданылуы адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде, өсімдік және жануарлар дүниесі үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ өнім мен қызметтер қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді ескертуді, саудада техникалық кедергілерді жоюды, отандық өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді мақсат еткен.

2009 жылы жекелеген банктердің кредитке қабілеттілігі көбінесе мемлекеттік қолдау есебінен қамтамасыз етілді, ал бұл мұндай қолдау көрсетілмеген басқа банктерден айырмашылығы олардың бәсекелестік басымдылықтарды алуын білдіреді. сыртқы нарықтарда бәсекелес болу үшін Қазақстан темір жол инфрақұрылымының тиісті деңгейін ұсынуы тиіс. Қазақстанның темір жол көлігі қазіргі заманғы талаптарға толығымен бейімделуі, тең құқықты бәсекеге қабілетті қатысушы ретінде тасымалдаудың ғаламдық нарығына үйлесімді кіруі тиіс.

Халықаралық бәсекелестіктің күшеюін ескере отырып, Қазақстан Республикасының темір жол саласы үшін мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау қажет. Сол уақытта мемлекеттік қолдаудың мұндай шаралары осы салаларды монополияландыруға бағытталмауы тиіс. Аталған мәселелер, оның ішінде нарықтың осы сараланымында бәсекелестікті дамытуды әзірленіп жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы шеңберінде шешу ұсынылады.

2010 жылы әзірленген облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы өзіне өңірдегі бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған жалпы шараларды, жекелеген нарықтардың ерекшеліктері мен проблемаларын ескеретін бәсекелестікті дамытудың салалық шараларын (салалық индикаторларын), сондай-ақ сауда саласын дамытуға бағытталған шараларды, оның ішінде өңірде сауда қызметін жүзеге асыратын әр түрлі форматтарды енгізген.

2011 жылы Үкімет, Ұлттық Банк және ҚНРА жүргізетін экономикалық саясат:

  1. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
  2. Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканы әртараптандыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға;
  3. жұмыспен қамтудың тұрақтылығын және халық табысының өсуін қамтамасыз етуге;
  4. білім беруді, денсаулық сақтауды және тілдерді дамытуды қоса алғанда, адами капиталды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бағытталатын болады.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инветициялық және бизнес ахуалды, институционалдық дамуды, технологиялық және инновациялық даму деңгейін, елдің адами ресурстарының даму сапасын жақсарту, сондай-ақ КО мен БЭК шеңберінде сауда кедергілерін азайту және экономикалық ықпалдасуды кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады.

Бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында орталық деңгейде, сондай-ақ өңірлік деңгейде әкімшілік кедергілерді азайту және рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жұмысы жалғасатын болады.

2011 жылы Қазақстанның экономикалық мүдделерін әзірлеу және жылжыту әрі КО мен БЭК шеңберінде ашылатын жаңа мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында бизнес қоғамдастықпен белсенді бірлескен жұмыс жалғасатын болады. Жаһандық сауда-экономикалық жүйеге одан әрі ықпалдасу мақсатында сытқы экономикалық саясатта басым мақсаттардың бірі КО бойынша әріптес елдермен тығыз үйлестіре отырып, ДСҰ-ға Қазақстанның кіруі үдерісін жылдамдату болып табылады.

Бизнес үшін қосылған құны жоғары өндірістерді қолдаудың тұтастай жүйелі шаралар жиынтығы, жаңа технологиялар трансферті, отандық инновациялық шешімдерді әзірлеу, өнім экспортын ілгерілету, өнім шығаруға ұзақ мерзімді тапсырыс қамтамасыз етілетін болады.

Инвесторлар үшін экономиканың шикізаттық емес салаларында қосымша ынталандыру шаралары, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар есебінен де жасалатын болады.

Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау үшін Бизнестің жол картасы 2020-ны жүзеге асыру төрт: бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бағыттарында жалғасатын болады.

Мұнайлық емес тапшылықты қысқарту, Ұлттық қор активтерін арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы теңгерімді бюджетті қамтамасыз ету фискалдық саясатты іске асыру барысында басым міндеттер болып табылады.

Ішкі нарықта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді реттеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету 2011 жылғы экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болады.

Бұл үшін Үкімет және жергілікті атқарушы органдар тарапынан көтерме (коммуналдық) азық-түлiк базарларын және сауда инфрақұрылымын дамыту, ішкі нарықты отандық өніммен молықтыру, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне баға белгілеуді реттеу жұмыстары жалғастырылады.

2011 жылы баға тұрақтылығын және жылдық инфляция деңгейін 6-8% аралығында ұстап тұруды қамтамасыз ету Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының басым бағыты болады.

Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты құралдарын жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру әрі оның ақша нарығына ықпалын одан әрі күшейту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкасын, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін стерилизациялаудың негізгі құралдары болып қала береді.

Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуіне сәйкес деңгейде сақталады. Несие белсенділігін қалпына келтіру проблемасы банк секторындағы құрылымдық қайта құру жолымен шешіледі.

2011 жылы Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін жетілдіру және оны қолдану тиімділігін арттыру жұмысын бастайды.

Қазақстан экспортының негізгі тауарларына қолайлы әлемдiк баға конъюнктурасы және ұлттық валютаның тұрақтылығы жағдайында Ұлттық Банк валюта бағамының басқарылатын құбылмалы режиміне көшуді жоспарлап отыр.

Ұлттық Банктің валюта саясаты саласындағы шаралары әлемдiк конъюнктура өзгерген жағдайда отандық өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне терiс әсер етуi мүмкiн ұлттық валютаның нақты бағамының елеулi ауытқуына жол бермеуге бағытталатын болады.

Тұтастай алғанда, ақша-кредит саясаты қалыптасатын макроэкономикалық ахуалға барабар болады.

Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуы саласындағы саясат қаржы секторының тұрақтылығын, ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

ҚНРА қаржы жүйесiне деген сенiмдi қалпына келтіру, қаржы қызметін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қаржы ұйымдарында тиімді ішкі бақылау жүйесін және тәуекел-менеджментті енгізу, сондай-ақ олардың қызметінің ашықтығын арттыру жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiкпен және исламдық қаржыландырумен күшейген қор нарығы одан әрі дамиды. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту және бағалы қағаздар айналымының барабар көлемін қамтамасыз ететін бағалы қағаздар нарығын дамыту да қор нарығының кеңеюіне ықпал ететін болады.

Тұтастай алғанда, елдің қаржы секторының дамуы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасына сәйкес іске асырылады.

Осылайша, 2011 жылы Үкімет, Ұлттық Банк және ҚНРА жүргізетін экономикалық саясат ЖІӨ-нің 4-5 % нақты өсуін, инфляцияны 6-8 % деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі заманауи әлемнің экономикалық дамуының негізі болып табылады», деп есептейді ғалымдар. Экономикалық өзара қатынастың күрделену жағдайында, жаһандану үрдістерінің кеңеюімен байланысты ел экономикасын жеделдете жаңғырту қажеттілігін негіздейтін мәселелер кезек күттірмейді. Сонымен, біздің экономикамыздың алдында тұрған міндеттерді шешу қажеттілігі әлемдік қаржылық дағдарыстың дамуымен байланысты. Қазақстан үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабеліттілігін қамтамасыз ету ең маңызды қажеттілік. Бәсекеге қабілеттіліктің ең басты кезі саяси еркіндік пен ұлттық консенсус болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Воронов А. Конкуренция в XXΙ веке // Маркетинг – 2005№ 5-б. 16-25.
  2. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 20032015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы
  3. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Жарлығы

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.