Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының негізі ретіндегі инновациялық әлеуетінің талдауы

«Инновация» термині жалпы қолданыста кең мағынаға ие. Инновация (жаңашылдық енгізу) туындыларға, ашуларға, ескіні жаңартуға бағытталады. Соның нәтижесінде қоғамның дамуына және тұтастай прогреске алып келеді. Экономикалық теорияда инновация жаңа технологияларды, өнімдерді, индустриалды ұйымдардың формаларын енгізумен түсіндіріледі.

Инновация жүйе үшін жаңа, қабылданатын және пайдаланылатын идея, қызмет және материалдық нысандар сияқты заттық ұғым мағыналарын білдіреді. Сонымен бірге инновация жаңа пайда болған нәтижелердің үрдісі, зерттелуі, бейімделуі және пайдаланылуы болып табылады. Индустриальды-инновациялық үрдістің кең қолданылатын қабылданған пікірлерден ерекшелігі ол жаңа өнімнің, қызметтің және технологияның пайда болуымен шектелмейді. Бұл үрдіс өндіріске енгізілгеннен кейін де үзілмейді, өйткені жаңа енгізімнің тарауына байланысты ол жетіледі, тиімділігі арта түседі, жаңа қасиетке ие болады, яғни пайдалану салаларында жаңа қолданыстар, тұтынушылар пайда болады.

Инноватика – жаңаенгізім теориясын қарастыратын ғылым саласы жаңаның қалыптасуы, оның таралуы, жаңалыққа қарсылық, индустриальды-инновациялық ұйымдардың үйренісуі, индустриальды-инновациялық шешімдердің қабылдануы.

Инновация:

  1. Техника мен технологияны алмастыратын қаржыны экономикаға салу;
  2. Ғылыми техникалық прогрестің нәтижесі болып саналатын жаңа техника мен технология.

Сонымен бірге, «инновация» мен «жаңашылдық» ұғымын ажыратылады.

Жаңашылдық–тұтынушыларға иелік етуге немесе қолдануға бағытталып жасалған шығармашылық қызмет нәтижесіндегі жаңа немесе жаңаартылған өнім. Ол жаңа материал, бұйым, әдіс, технология, қызмет түрінде болуы мүмкін. Жаңалық жаңалық ашу, туынды, патент, тауарлық белгі және басқадай түрде енгізіледі.

Кәсіпорынның индустриальды-инновациялық қызметін қалыптастыруға бірнеше ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді (Сурет 1).

Индустриальды-инновациялық жүйе келесі негізгі ішкі жүйелерге бөлінеді, сәйкесінше олардың әрқайсысы мынадай элементтерді қамтиды:

Ғылыми потенциал қолданбалы зерттеулер салаларын дамыту арқылы негізгі әзірлемелерді коммерциялық қолданыс деңгейіне дейін жеткізетін индустриальды-инновациялық дамудың маңызды факторы.

Сурет 1. Кәсіпорынның индустриальды-инновациялық қызметін қалыптастыратын ішкі және сыртқы факторлар сыныптамасы

Ғылыми потенциал құрамына: мемлекеттік ғылыми ұйымдар ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеушілік институттар, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар; ұлттық компаниялардағы ғылыми ұйымдар, ірі кәсіпорындардағы зертханалар; жеке ғылыми-зерттеушілік және жобалық институттар; ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіпкерліктер; ғылыми кадрлар және жекеленген өнертапқыштар; материалдықтехникалық база енеді.

Қазіргі таңда елдің ғылыми потенциалын Білім және Ғылым министрлігінің, салалық министрліктердің ғылыми ұйымдары, жеке ғылыми-зерттеушілік ұйымдар, ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған зерттеу орталықтары, сондай-ақ ұлттық компаниялар қарауындағы ғылыми-зерттеушілік институттар қамтиды.

Көпдеңгейлі индустриальды-инновациялық инфрақұрылым индустриальдыинновациялық қызметті іске асыру үшін жағдайды қамтамасыз ететін және қызмет көрсететін өндірістік, консалтингтік, білім беру және ақпараттық құрылымдарды байланыстыратын кешенді анықтайды. Индустриальды-инновациялық инфрақұрылым мынадай келесі элементтерден тұрады: ұлттық технологиялық парктер;

өңірлік технологиялық парктер; технологиялық бизнес-инкубаторлар;

Қаржылық инфрақұрылым индустриальды-инновациялық-технологиялық даму сферасында ғылыми-өндірістік және білім беру процестерін кешенді қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ол индустриальды-инновациялық кәсіпкерлікті және инфрақұрылымды мемлекеттік қолдаудың тікелей және жанама түрлі механизмдерін үйлестіруге негізделеді. Қаржылық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады: мемлекеттік даму институттары; венчурлық қорлар; кәсіпорын; жеке кәсіпкерлер; екінші деңгейлі банктер және басқалар.

Индустриальды-инновациялық процестерді басқаруға кешенді, жүйелі бағыт болмаса, мемлекеттің индустриальдыинновациялық потенциалы төмендейді және оның әрі қарай дамуының басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік бермейді. Елдің бәсекеге қабілеттілігі жағына келетін болсақ, халықаралық экономикалық форумда (WEF) жарияланатын бәскелестік бойынша халықаралық есепте екі негізгі индекспен есептеледі: Джеффри Сакс пен Джон Мак Артур құрастырған бәсекелестік қабілеттіліктің өсу индексі (Growth Competitiveness Index), Майкл Портер құрастырған іскерлік бәсекеге қабілеттілік индексі (Business Competitiveness Index). 2005 жылдан бастап аталған ұйым бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық

индексін енгізді.

Қазақстан Республикасында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: 1) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын индекс 2) өңірдің бәсекеге қабілеттілік (өнімділік) индексі; 3) индустриальды-инновациялық индекс; 4) өңірдің инфрақұрылымының даму деңгейін бейнелейтін индекс.

Жаһандану және жедел ғылыми-техникалық прогресс жағдайында аймақтың бәсекеге қабілеттілігі өнеркәсіптік өндіріске индустриальды-инновациялық әзірлемелерді дайындау мен енгізу арқылы анықталады. Егер бұрын өңірлік экономикаға тиімді араласудың тәсілі негізгі капитал мен инфрақұрылымды инвестициялау болып табылса, ал қазір өңірлердің индустриальды-инновациялық белсенділігіне және инновацияларды енгізуге ықпалдастық жасауға көп назар бөлінеді. Индустриальды-инновациялық индекстің жиынтық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.

Ғылыми ұйымдардың технологиялық даму деңгейі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінетін шығыстар көлемімен есептелетін болғандықтан, өңірдің индустриальды-инновациялық да-муының бір көрсеткіші ретінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын жиынтық шығындар көрсеткіші қолданылады.

Бүгінгі таңда, дамушы нарықтардағы бәсекелестік күшейгенде, ішкі және әлеуетті сыртқы нарықтарда тез орнығып, 170 млн. адамдық қолжетімді нарығы бар Кеден одағының әлеуетін барынша іске асыру қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның бірегей географиялық орны Азия мен ТМД елдерінде (Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран, Үндістан) тиімді жаһандық серіктестік ұстанымын жүзеге асыру және иелену мүмкіндігін жасай алады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының белсенді болуының қолжетімді нарықтарын кеңейту мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің, тоқыма өнеркәсібінің және туризмнің шикізаттық емес экспорттың белсенді қолдауын қамтамасыз ету.

Кесте 1 – Индустриальды-инновациялық индекстің жиынтық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

1

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жалпы шығындар

2

Технологиялық шығындарға жалпы шығындар

3

Ақпараттық технологияларға шығындар

4

Жоғарғы және орта деңгейдегі IT мамандарының саны

5

Ғылыми қызметкерлердің, аспиранттардың, доктаранттардың саны (10000 адамға шаққанда)

6

Негізгі ақпараттық технологиялардың бар болуы:

 

Берілген патенттер саны (1000 адамға шаққанда)

Технологиялар мен құрал-жабдықтардың импорт көлемі

Бизнес құрылымдарының ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге шығындары

Өнеркәсіптегі жетілдірілген өнімнің үлесі

Экспорттағы жоғары технологиялық өнімдердің үлесі

Өңірлерге ұялы байланыс желісінің орналастырылу деңгейі

Бюджетінің бүйірін мұнаймен бүлкілдетіп отырған Қазақстанды шикізатқа тәуелділіктен құтқарып, ғылымы озық, өндірісті елге жетелейтін индустриалдыинновациялық бағдарлама болып отыр. Бұл стратегияның қанат қақты жобасы 5-6 жыл бұрын басталған. Кейін билік кластерлік әдіс, 30 корпоративті жетекші, сол арқылы 50 дамыған елдің қатарынан көріну секілді асқақ міндеттерді алға қойғанда дағдарыс төніп, индустриализацияға ұлттық жоба тұрғысынан қарауға тура келді. Қазақстанның әлемдік экономикалық күйзелістен кейінгі дамуы да осы өндірістендіруге байланысты. Сондықтан 7 бағытқа басымдық беріліп отыр. Агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы, мұнай және газ өндірісі, металлургия, химия өнеркәсібі, энергетика, көлік және коммуникация, сосын, автомобиль магитральі. Бағдарламаның іске асуын Үкіметтен құрылған арнайы штаб бақылайды. Өткен жылы тиімді шыққан

«Жол картасы» бағдарламасынан жинақталған тәжірбие өндірістендіруді іске асыруда үлгі болмақ. 2010 жыл Қазақстан үшін дағдарыстан кейінгі даму жылы. Биыл Үкімет экономиканы жедел дамыту жөніндегі индустрияландыру бағдарламасын бастайды. Индустриялды картаға енген жобалар бойынша Үкімет екі бағытта жұмыс істейді. Бірінші бағыт – бұл биыл іске қосылатын нысандар. Қазір мұндай жобалардың саны 70-ке жетіп жығылады. Бұл нысандар бойынша негізгі мәселелер шешімін тапты. Енді, құрылысты уақытында аяқтау қажет. Ал, жобалардың мерізімінен кешікпей тапсырылуы әкімшіліктердің жанынан құрылған арнайы штабқа жүктеледі. Ал, екінші бағыт бойынша барыс жылында тағы 44 жоба қолға алынады. Оның ішінде, 37 ірі жобаны министрліктер мен ұлттық холдинг жетекшілері қадағалайды. Жергілікті жердегі жобаларға облыс әкімінің орынбасарлары жауапты. Сәуір айында бірқатар нысандардың құрылысы басталуы тиіс. Премьердің пайымдауынша, индустрияландыру бағдарламасын оңтайлы жүзеге асыруға үкімет мүшелерінің де, аймақ басшыларының да шамасы жетеді.

Қазақстан Республикасының 20032015 жылдарға арналған индустриальдыинновациялық-индустриалдық даму стратегиясының негізгі бағыты сервистік-технологиялық бағыттағы экономиканы қалыптастыру болып табылады. Стратегияға сәйкес міндеттердің бірі бәсекеге қабілетті және экономиканың шикізаттық емес саласында экспортқа бағытталған өнімдерді шығаруға негізделген экономикалық дамудың жаңа, сапалы деңгейін қамтамасыз ету болып айқындалған.

Қабылданған Қазақстанның индустриальды-инновациялық-индустриалдық даму стратегиясының өндірістік даму саласында қабылданған басқа құжаттардан басты айырмашылығы–оның экономиканың дамуына мемлекеттің араласуының заңнамалық негіздері арқылы мемлекет пен шағын сектор арасындағы белсенді келісімге бағытталуында болып саналады.

Елдің индустриалдық-индустриальды-инновациялық дамуының негізгі қозғаушы күші шағын сектор, ал мемлекет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде бастамашылық жасап, кәсіпорындардың индустриальды-инновациялық қызметін ынталандыруы қажет.

Дегенмен қабылданған стратегия экономиканың дамуында анықталған басым секторларды нақты анықтамаған. Негізгі басымдық – шикізаттық емес бағыттағы экономика салаларындағы бәсекеге қабілетті, экспортқа негізделген өндірістерді құру және дамыту. Бұл бағыт экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпкерлер үшін өндірісті жетілдіруге техникалық және ұйымдастырушылық жол ашуға және экспортқа бағытталған жаңа өнім түрлерін жасауға мүмкіндік туғызбайды.

Бәсекеге қабілеттілігі мүмкіндігіне ие болу үшін төртінші және бесінші технологиялық өңдеу деңгейіне өту қажет. Нәтижесінде тиімсіз салалардан бас тартып, 6технологиялық өңдеу деңгейіне өту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуі керек. Ол ізденістердің негізін биологиялық, химия, ғарыштық техника және т.б., жоғары технологиялық салалық зерттеулер құрайды.

  1. Қазіргі бар ғылыми-техникалық әлеутті постиндустриалды экономикада қолдану мақсатында елдің ғылыми-техникалық капитал жағдайына мониторинг биотехнология, биохимия; ядролық технология; сирек металдар негізінде жаңа материалдар жасау өндіріс салаларында жасалуы қажет.
  2. Жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; ақпараттық технология;
  3. «тірі» жүйелер технологиясы ғылыми-техникалық бағыттарды жүзеге асыру үшін басымдық негізде мемлекеттік деңгейде қолдау жасау қажет.
  4. Өндіріс саласына индустриалды – индустриальды-инновациялық қызметті ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жіне заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылады.

Қорытыға келе экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды.

Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер инду-стриялық-индустриальды-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.

Индустриалды-инновациялық қызметті нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық-экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын заңдық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.

Қорытындылай келе, жүргізілген зерттеу тқмендегідей қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:

  1. Проблемаларды шешу және стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Индустриальды-инновациялық қор сияқты арнайы даму иеституттарын құрылды. Стратегия елде ғылымды және индустриальдыинновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және индустриальды-инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өңдiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрамында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
  2. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, индустриализациядағы жетістіктер ұлттық дәстүрлер мен менталитетке тәуелді. Әрине, қазақстандық басқару жүйесінің және экономиканың ұлттық моделінің ерекшеліктері мен қасиеттерінің барлығы дерлік постиндустриалды экономикаға көшу үшін жағымды жағдайлар құрмайды. Индустриалды-инновациялық даму Стратегияның сапалы және уақытылы орындалеу.

Индустриальды-инновациялық қызлуына бағытталған әдістер мен факторлардың қолдануын талап етеді:

  • индустрияда инновациялық белсенділікті жоғарылату;
  • елдегi индустриальды-инновациялық күштердi қалыптастыру және нығайту; индустриялы-инновациялы дамуды халық арасында насихаттау; бәсекелі артықщылықтарды қалыптастыру.
  1. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн индустриялық-индустриальды-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – бiлiм, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтiк саясатты жетiлдiрудi қажет етедi;
  2. Отандық өнiмдердiң халықаралық рыноктарда бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн әлемдiк стандарттар мен сертификаттарға көшу; индустриальды-инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету, шағын индустриальды-инновациялық бизнестi ынталандыру
  3. Жаңадан құрылған индустриальды-инновациялық кәсіпорындарға Қазақстанның индустриальды-инновация-лық жүйесін дамыту бағдарламасында қарастырылған келесі механизмдерді тиім-ді қолдану ұсынылады:
  • капитал мен кепілдікке ұзақ мерзімдік тәуекелдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік қаржылық құралдардың бірыңғай жүйесін құру;
  • индустриальды-инновациялық бизнестің бастапқы капиталын қамтамасыз ететін арнайы инвестициялық компания құру;
  • жоғары технологиялық компаниялар қорлары және жаңа технологиялар үшін венчурлық капитал қорларын құру;
  • жаңа кәсіпорындарды бастапқы қаржыландыру үшін қаржылық құрылымдарды және технопарктер мен бизнес-инкубаторлар үшін бастапқы қаржыландырудың құралдарын құру;
  • шағын және орта кәсіпорындар несиелерге қол жетімді болуына жағдай жасауға кепілдіктердің келісімді жүйесін әзірметтің даму жағдайында ең басты қоғамның өндіруші күшіне айналған жоғары интеллектуалды, еңбегінің өнімділігі жоғары адамның рөлі айқындала түседі. Жоғары білікті мамандардың индустриальдыинновациялық экономикадағы ролі өте үлкен және ол тұрақты өсуде. Сондықтан индустриальды-инновациялық процестерді тиімді басқаратын, индустриальды-инновациялық жобаларды құрып және енгізетін кадрларды даярлауға аса назар аудару керек.

Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиiмдi жақтарын ала бiлуiмiз қажет. Бiздiң елiмiзге әсiресе Оңтүстiк Азияның бiрнеше жаңа индустриялы елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы болып отыр. Яғни “Азия айдаһары мен жолбарысы” атанған елдер қысқа мерзiмдi аралықта индустриялыинновациялы саясатты тиiмдi жүргiзу арқылы үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Яғни, инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ.

Отанымыз Қазақстан Республикасы алдағы кезеңде тиiмдi реформалар жүргiзу арқылы және индустриялы-инновациялы саясатты iске асырып тұрақты экономикалық өсу арқылы әлем таныған, алдынғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына кіру стратегиясының орындалуына сенiмiм мол. Ол үшiн әрбiр Қазақстандық азамат осы шара үшiн аянбай еңбек етуi керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Назарбаев Н.Ә. Инновациялар мен оқубілім жетілдіру арқылы білім экономикасы (лекция). Астана, 2006.
  2. Наука и инновация в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан.Алматы, ИЭ МОН РК, 2005.
  3. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. М.: Бизнес-школа Интел-Синтез, 2004.
  4. Аньшина В.М., Дагаева А.А. Инновационный менеджмент. М., 2003.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.