Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың көркемдік танымы

Адамзатты тілінен тыс сипаттау мүмкін емес. Тілдің мәні мен өзіндік ерекшеліктері адам және оның әлемге құралы ретінде қызмет етеді. Адам баласы тілді меңгермей тұрып, өз деңгейінде ғаламмен танысады, сезім мүшелері арқылы болмыстағы құбылыстардың сырын түсінеді, ғалам туралы ақпараттарды санасына жинақтайды, құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, ойша таразылайды. Уақыт өткен сайын алдынғы мәліметтер жаңа ақпараттар жүйесімен толығып, санада ғаламдық бейненің қалыптасуына түрткі болады.

Адам дүниетанымының басты элементі – ғалам бейнесі. Онда адамның дүниені тануының негізгі көріністері жинақталған. «Ғаламның тілдік бейнесі» күрделі ұғымдық құрылым болғандықтан, оның болмысын әр зерттеуші өзіндік баға береді. Бұл жерде «Дүниенің суреті» адам санасында эволюциялық жолмен дамып, шыңдалып келе жатқан тілдік категория екенін ескереміз. «Ғаламның тілдік бейнесінің» шығу тарихы ежелгі философтар еңбектерінен бастау алады. Тіл және ойлаудың өзара қатынасы қарастырылған кезде сөздер, олардың мағыналары адам тілінде бөлек түсінік, өзіндік танымдық әлем құрайды. Дерексіз, деректі ұғымдар бірлесіп келіп, индивид тіліндегі қоршаған ортаға, өз ұлтына деген көзқарасын білдіреді. Сигналдық жүйе адамға әсер еткенде қоршаған ортаның, оның заттары және құбылыстарының ең елеулі белгілері сақталып, дерексізденіп мағына құрылымының ерекше бөлігіне айналып бекиді. Мағыналар ірілі-ұсақты жүйекшелерден тұратын өзіндік қойма іспетті әлем түзеді, бұның шығар бастауы – қоршаған әлем. Бұл ой турасында тілші А. Ислам: «Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі және ол адам санасында көрініс табады. Адамның шындықты танып білуі, ой арқылы жүзеге асса, тіл – ойдың бейнелеу қызметінің нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет етеді. Бұл – жалпыға ортақ таным, өйткені табиғаты жағынан адамзат бірдей болса, таным қызметі де, оның механизмдері де ортақ құбылыс екені де мәлім. Қандай да тіл өзіндік тілдік құрылымы және тілдік үлгілері жағынан әртүрлі болғанымен, тілдік болмысты түсінуге келген ортақ танымдық дүниелерден тұрады», деп көрсеткен [1; 13].

Орыс тіл білімінде «ғаламның тілдік бейнесі» мәселесі кешенді зерттеліп келеді. Әсіресе Ю.Н. Караулов, В.А. Маслова, Ю.Д. Апресян, Н.В. Уфимцева, В.И. Постовалова, Е.С. Кубрякова, Г.В. Колшанский, С.А. Васильева, Н.И. Сукаленко, Г.А. Грутян сынды ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылуда. Осы ретте ғалым Г.В. Колшанский ғаламның тілдік бейнесіне мынадай анықтама береді: «Шынайы, тілдік емес, әртүрлі топтағы адамдардың тарихи, жағрафиялық, мәдени және басқа да факторлар ықпалымен біртұтас объективті әлем шеңберінде жүзеге асқан танымдық қызметінің көрінісі», деп сипатталады [2; 31]. Қоршаған орта, шындық болмыс – адамның әлемді тануы, яғни таным – тіл – ойлау – ғаламның тілдік бейнесі.

Тілші-ғалым В.А. Маслова ғаламның тілдік бейнесі туралы мынадай теориялық тұжырымға тоқталған: «Термин «языковая картина мира» это не более, чем метафора, ибо в реальности специфические особенности национального языка, в которых зафиксирован уникальный общественноисторический опыт определенной национальной общности людей, создают для носителей этого языка не какую-то иную, неповторимую картину мира, отличную от объективно существующей, а лишь специифическую окраску этого мира, обусловленную национальной значимостью предметов, явлений, процессов, избирательным отношением к ним, которое порождается спецификой деятельности, образа жизни и национальной культуры данного народа» [3, 66].

Ғаламның тілдік бейнесі әр тілде түрліше көрініс табады. Себебі индивид сол тілдің семантикалық базасында тілді меңгереді. Осы кезде тілдегі мәдени құндылықтар сөздердің мәні арқылы ұлттық мінез бен ұлттық менталитетті қалыптастырады келсек, тілші-ғалым Г. Смағұлова айтылған жайт турасында: «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім болмысы, өмірлік тәжірибесін, дәстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да аз тарапынан ұжымдық мәдениетке үлесін қосады. Осындай ерекшеліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталады», деп көрсеткен [4; 145].

Адам қашанда әлемді танып, ондағы өз орнын айқындауға талаптанады. Ғалам бейнесінің адам өмірімен біртұтастығын тілші О. Жұбаева: «Ғаламның тілдік бейнесі негізінен субъективті сипатта, себебі онда нақты бір адамның көзқарасы, дүниетанымы көрінеді. Ол атадан балаға берілетін категориялар жүйесі арқылы белгілі бір код құрап, дайын күйінде қабылданып отырады. Адам өзіне дейінгі жинақталған білім қорын қабылдау арқылы этномәдени қауымдастықтың өмір тәжірибелерін де қабылдайды», деп тұжырымдаған [5;13].

Қазақтың көркемдік әлемі туралы ғалым К. Казыханова: «Наиболее наглядно эстетическая оценка действительности проступает в художественном творчестве народа, в его представлении о прекрасном. Из всех эстетических категорий наибольшее развитие в художественном творчестве казахов получила категория прекрасного. Прекрасными в представлении казахов того периода были все красивые, изящные объекты как природы, так и общества», деп көрсетеді [6; 63].

Автор халықтың эстетикалық талғамы көркемдік қол өнерінде сақталып, табиғатпен үндес деп бағалаған.

Асылында өмірді әсемдік арқылы танудың бір жолы асыл сөздің астарында. Сөз арқылы адамзат дүниені танып, рухани ләззатқа бөленеді, яғни тіл — сұлулық сезімін адам бойына дарытатын қасиетімен де бағалы деуге болады. Осы ой жайында ғалым В. фон Гумбольдт: «... язык усилиивает наши впечатления от красоты в природе, еще и не зависимо от этих впечатлений воздействуя со своей стороны одной лишь мелодией речи на нашу душевную настроенность», деп көрсетеді [7; 81].

Әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сай тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді де интеграциялық сипаты тіл мен мәдениет сабақтастығының мәнін кешенді түрде анықтап отыр. Оның нақты көрінісін – «ғаламның тілдік бейнесінен» танимыз. Әр тілдегі ғалам бейнесі адамның әлемге көзқарасымен байланыста қалыптасса, екіншіден, мәдениеті орныққан әр тілдегі әлем моделіне қоғамдағы ұлттық «әлем бейнесі» жалғасады деуге болады.

Кез келген ұлт өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын, өзіндік «әлем бейнесін» тілдің қызметі арқылы қалыптастырып, өз әлемін өмір сүру дағдысы, дүниетанымы, мінез-құлқына сай өз ерекшелігімен «әлем картинасын» өзгеше қалыптастырады. Осы ретте қазақтың кең даласы – мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі десек, соның бір белесі – қазақтың көшпелі мәдениетінен көрінеді.

Тiл бiлiмiнде қазақ этносының таным-парасатын‚ дүниетанымы мен мәдениетін тiл арқылы тану ең маңызды мәселелердің бiрi. «Әрбір этноста мәдениет элементінің сыртқы көрінісі мен «ішкі» мазмұнында ерекшелік бар. Мағынасына байланысты барлық мәдени құбылыстар өзіндік екіжақтылыққа ие: өзінің «сыртқы» көрінісімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар [8; 7].

Халық өміріндегі әсемдіктің барша көріністерін қазақтың көш салтанатынан көреміз. Көшпенділер (қазақ) өмірінің әсемдік әлемі табиғатпен біте қайнасқан. Ал, табиғат пен адам арасындағы қатынас ғасырлар бойы көшпенді халықтың мәдениетіне арқау болып, олардың өмір салты мен ұлттық ерекшелігін танытып келеді. Қазақ халқының көшіп-қонудағы ел тіршілігінің қарбалас сәті мен оның қызығы туралы шетел саяхатшыларының жазба-естеліктерінде сақталған. Мәселен, поляк саяхатшысы Б. Залеский «Қазақ сахарасына саяхат» еңбегінде көш әсемдігін өте қызықты деректермен келтірген:

«Жабырқау жатқанына қарамай, осынау өлкенің өз сұлулығы бар. Құдай өзі жаратқан әр түкпірге әртүрлі әдемілікті еншілеп беруді әсте ұмытпайды. Европалық тіршілікті еске салар мұнда ештеңе болмаса да, тағдыр тәлкегі қуалап батыстан әкелген адамды осынау сұлулықтың өзі-ақ тәнті етер еді... Бұл бір ғажап көрініс: олар көш кезінде жасана киінеді, ең әдемі киімдер, әсіресе байлардың алтын зерлі шапандарын осы кезде көруге болады. Дала кемесі түйеге мінген қазақтардың ырғаң-ырғаң жүрісін теңіздің кемені шайқауына балауға болады. Үйдің ең қымбатты қазынасы салынған дүние-мүліктер түгелдей түйеге артылады. Кедей-кепшіктің малдарды айдаған үндері, иттердің бірбірімен таласып ырылдасқандары — бәрібәрі қосылып, көш думанын арттыра түседі» [9; 12, 27].

Тіл аралық көпір ретінде қызмет еткенде ғана, тілдегі ғалам бейнесі мен қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар бейнесі бір-бірімен байланыста, адам арқылы оның ішінде, тіл арқылы айқындық дәрежесіне түседі. Осыдан ғаламның тілдік бейнесінің өзіндік тарихи-қоғамдық тәжірибесін, ұлттық құндылықтардың мәдениэтникалық болмысын, рухани құндылықтардың орнын байқауға болады.

Осы ретте көш бойындағы әдемі құбылысты көш жүктерін артқан жануарлардың әбзелдерінен де көреміз. Көш түйесін сәндеуді тілімізде «комдау» деп атайды. Қом түйенің өркешінен төмен қарай жайылатын майлы қыртыс (ҚТТС). Көш түйесін қомдау казақ тұрмысындағы әсем көріністердің бірі. Қомның өзіне түрлі-түсті тоқылған кілемдерді пайдаланған.

Табиғатпен жарасым тапқан қазақ халқының көшпелік өмірі туралы этнограф-ғалым Ө. Жәнібеков «Уақыт керуені» еңбегінде: «Маусымдық жайылымдарға көшіп-қону қожалық етудің дала жағдайындағы тиімді түрі болған. Жолдың қиындығына қарамастан, жазғы көш малшы қауым өмірінің ең бір қызғылықты кезеңі болған. Мал шүйгін шөпке семіріп, қоңданатын да, жұрт марқаға тойынып, қымыз бен сүт ішіп, ашық аспан астында, кәусар ауада бірнеше ай қамсыз-мұңсыз өмір сүруге мүмкіндік алатын. Жазғы жайлау – құда түсіп, қыз ұзату, ән-жыр әуелеп төгілетін ойын-сауық маусымы болған. Сондықтан да саржаздың сәнсалтанатты көші ән-жырға қосылып, тұрмыстық-салттық дастандарда майын тамыза жырланған», деп жазады [8; 35].

Көш әсемдігін арттыратын, халқымыздың әсемдіктегі танымын әшкерелей түсетін тағы бір бұйым бар. Ол «көш сырмақ» деп аталады, яғни көші-қон кезінде түйеге артқан жүктің үстіне сәндік үшін жабылатын сырмақ. «Көш сырмақтар көлемі 3-4 метрдей көлемде көштің сәнін арттыру мақсатымен арнайы жасалып, әдемілігі жағынан кілемнен кем түспеген. Оны күнделікті төсеніш ретінде пайдаланбаған, тек қажетті жағдайда ғана төрге «бір салар» бұйым ретінде қолданған» [10; 18].

Қазақ этносының ғаламның тілдік бейнесіндегі әсемдікке ұмтылған танымдық болмысын көш дәстүріндегі бірқатар салттардан тануға болады. Бұл құбылыс қыз ұзату салтымен байланысты. Қыздың жасау-жабдығын артқан көшті ата-бабаларымыз «қыз көші» деп атаған. Қыз ауылынан бір көш жер шыққаннан кейін атаулы көш «келіншек көші» деп аталған. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары оны тоқтатып «түйем ұрындық» кәдесін алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.

Халық танымында қазақтың қыз ұзатудан басқа жаңа туған нәрестеге ат қою салтында да өзіндік ырымдар мен әдетғұрыптардың сақталғанын байқаймыз. Сол есімдердің бірі көш салтымен байланысқан, ұлттық мазмұны бар адам есімдері. Жаңа қонысқа жеткенге дейін көш бойы дүниеге келген балаға атам қазақ Көшежан, Көшер, Көшбасар, Көшбике, Көшімбек, Көшім, Көшімбай сынды есімдерді қойған.

Ғаламның тілдік бейнесі әмбебап бірлік ретінде, тілдік тұлғаға тән барлық қасиеттердің айқын суреті ретінде, тілдік тұлға ретінде өмір сүретін категория. Бұған субъектінің қоршаған ортаға деген бағалаушылық позициясы да енеді, ол өз кезегінде қоршаған орта, ұлттық салтдәстүрлер, әдет-ғұрыптар т.т. тілдік тұлғада бағаланған түрге еніп бейнеленеді. Ол адам тіліндегі ойлаудың, танымның, рухани болмыс–бітімінің, мәдениеттік құндылықтары барлық деңгей мен дәрежесін көрсетеді.

Қорыта келгенде, ғалам бейнесі адам санасында тұтас күйінде қайталанып өмір сүреді. Оны жүзеге асыратын, обьектив тендіретін форма да – тіл. Ол арқылы адам баласының тілі «адам әлем» қатынасының нәтижесінде жалпы адамзат атаулыға ортақ әлемдік бейне, яғни «тіл – ойлау» бірлігінің көрінісімен сипатталады деген оймен қорытындылауға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Филол. ғыл. докт. дисс. автореф. – Алматы, 2004. – 47 б.
  2. Колшанский В.Г. Объективная КМ в познании и языке. М., 1990. 320 с.
  3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М.«Академия», 2001. – 202 с.
  4. Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998. – 292 б.
  5. Жұбаева О.Қ. Кемеңгерұлының тіл танымдық мұрасы мен лингвистикалық тұжырымдамалары. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дисс. Автореф. Алматы, 2004. – 30 бет.
  6. Казыханова Б.Р. Эстетическая культура казахского народа. Алма-Ата: Казахстан, 1973. 332 с.
  7. Гумбольдт В. фон. Язык и философия культуры. – М., 1985. 350 с.
  8. Жәнібек Ө. Уақыт керуені. Алматы: Жазушы, 1992. 192 б.
  9. Залесский Б. Қазақ сахарасына саяхат. — Алматы: Өнер, 1991. -132 б.
  10. Әлімжанова А. Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның автореф. Алматы, 2008. 30 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.