Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жанұя типтеріне байланысты кіші мектеп оқушылары тұлғасының даму ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында да тұлғаның жанжақты және үйлесімді дамуы бұл барлық әлеуметтік жеңістерге ықпал ететін занды үрдіс, деген.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің мықты қайраткерлері осы жастардан шығады. Бұлақ көрсең көзін аш деген халық мақалыңдағыдай, бұлақтың көзін ашатын, оны дамуына бастау болатындар: жанұя, мектеп, және тағы басқа білім беру мекемелері жатады. Ата-анадан өмір нәрін алып, тіршілікке ұмтылған әрбір жас өркен өмірдің алғашқы іргетасы білім беру орындарынан қадамын бастайды. Әрбір ұрпақтың тегін әрі міндетті білім алуы үкімет тарапынан қадағаланады. Бала құқығын заң қорғауға арналған Заңдар, Конвенциялар жүзеге асуда. Жанұясынан айрылған балаларға үкімет тарапынан қамқорлықтар жасалуда. Балаларға интернаттар, түрлі балалар үйлері, балалар ауылдары құрылып, олардың тұлғалық дамуына жағдайлар жасалуда.

Заман талабына сай, өркениетіміздің өркендеуі әр балаға тұлға ретінде қарап, дамытуды талап етуі, психология ғылымының қажеттілігін тудырып отыр. Осыған орай білім берудегі психологиялық қызметтің де басты мақсаты әр оқушының тұлғалық қасиеттерін қорғау, әр тұлғаның қабілетін, даму мүмкіндіктерін ашу, зерттеу және қолдау болып отыр.

Еліміздегі демократиялық және интеграциялық үрдістерінің күшеюінен халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінің мәселесіне аса назар аудару қарқындап келеді.

Қазiргi уақыт әр-түрлi қиын және сыни жағдайларға толы, ал бұларды әр адам өздiгiнен шеше алмайды. Өмiр барысындағы мәселелер бала кезiмiзден басталады. Сондықтан да әр жас кезеңiндегi адамдарға психологиялық қолдау жасау керектiгi ерекше болып келеді.

Бүгiнгi күнде бала дамуындағы қиыншылықтар мен жанұялық қақтығыстар төңiрегiндегi мәселелер көбеймесе, азайған жоқ. Бұл түсiнiктi: өйткенi қазiр адам психикасының өмiр темпiне, ақпараттық жүктемелерге, әлеуметтік жағдайлардағы жоғары стресске сәйкес келмеуi өте күрделi мәселелердiң бiрi [1,120 б].

Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы кіші мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір кіші мектеп оқушыларын тұлғалық дамытудың ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Кіші мектеп оқушыларының тұлғалық дамуының ерекшеліктері жанұя байланысты болып келеді. Сол себептен біздің зерттеу жұмысының негізі жанұя типтеріне байланысты кіші мектеп оқушыларының тұлғасының даму ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. Бұған қатысты зерттеулер ғылыми қорда өте аз.

Жанұя адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда жанұя екі қызмет атқарады, оның бірі дүниеге ұрпақ әкеле, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Жанұя тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Жанұя ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Жанұяда баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, жанұя мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.

«Баланың құқы жөніндегі конвенцияда» жанұяда баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Жанұядағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата ананың, жанұя мүшелерінің қарым – қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді жанұя болу үшін атананың және басқа жанұя мүшелерінің береке – бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр жанұя мүшелерінің құқығы қорғалуы тиіс.

Бала жанұядан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына жанұя «жанұялық қарым – қатынас, жанұяның психологиялық ахуалы, тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн. Сонымен, жанұяның тәрбиелік ықпалы деңгейін былайша анықтауға болады:

  1. жанұяның әлеуметтік құндылығы. Бұл жанұяның беріктілігімен, оның мүшелерінің адами, рухани жан саулығымен, ортақ іске қызығушылықтың болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толыкүнделікті ортақ тірлік, жанұялық және қоғамдық мекемелер, мәдени және спорттық демалыстар жанұяның бірлігін нығайта түседі, өсіп келе жатқан кішкентай азаматқа үлкен қуаныш сыйлайды;
  2. балалар оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын талаптың бірлігі. Бұл жерде атақты педагог А.С. Макаренконың педагогтарға арналған тәрбиенің педагогикалық мақсат – міндеттерге жұмылған барлық тәрбиешілердің ортақ ісі екендігі, егер педагогтардың тәрбиеге көзқарасы, ортақ қатынасы болмаса, мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісін қамтамасыз ету мүмкін еместігі жөніндегі сөзін еске алуға болады. Жанұяның барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан болатын талаптың бірлігі өте маңызды;
  3. жанұядағы қарым-қатынастың дұрыс болуы. Бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. Ата өз баласының тәрбишісі ғана емес, жанұяның ұйтқысы. Жанұя мүшелерінің өзара түсінісуінің, бір-біріне кішіпейіл, қамқор қатынасы мен үйде жылы атмосфераның орнығуына бірден-бір себепкер болатын әйел – ана. Сондай-ақ әке азамат, от ағасы, тәрбиеші;
  4. жанұядағы дәстүрлер. Жанұяның рухани байлығы мен потенциалы – тәрбиелік мүмкіндіктерін, онда қалыптасқан дәстүрлерге қарап анықтаймыз. Қалыптасқан өзара жауапкершілік пен теңдік атмосферасы баланың өзімшілдік, жалқаулық, дәрменсіздік, қанағатсыздық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуға баулиды;
  5. жанұядағы еңбекке қатынас. Үйдегі барлық жанұя мүшелеріне ортақ жұмыстарға үлкендермен бірге араласа отырып, бала әркімнің өзіндік міндеті бар екені, оны орындау қажеттілігінің маңызын байқайды;
  6. жанұядағы өсіп келе жатқан жеке тұлғаның қалыптасуына жанұядағы көңіл күйге қатынасты адамгершілік микроклиматтың әсері де зор. Кейбір жанұяда барлық жағдай байыппен, ақылмен шешіледі, ал кейбір жанұяларда жай әңгіменің өзі ұрыс-керіспен, балаларға дауыс көтерумен шешіледі [2, 260 б].

Түйіндей келе, жанұяда орныққан қарым – қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады.

Бала әрқашан да атаанадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол атаананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл – кеңес айтушы болып танылады.

Жанұя қоғам ұяшығы. Тек жанұяда болашақ бастамасы салынадыосында әйел мен еркек баланың қажеттілігiн, қанша және оларды қалай тәрбиелеу керек екендігін шешеді. Немесе басқа да нұсқа бар, балалардың дүниеге келуі жанұяда емес, жалғыз анада.

Әр бір бала тұлғасының дамуы мен қалыптасуы қоршаған орта әсеріне байланысты. Көп жағдайда балалық шақтағы әсерлер адамдардың келешегінде шешуші рөл атқарады.

Жанұя баланың әлеуметтенуіне ең маңызды және әсер етуші фактор болып табылады. Сондықтан, жанұядағы тәрбиелеу жолы, оның әлеуметтік жағдайы, мүшелернiң жұмыс орны, материалды қамтамасыздандырылуы және ата-ананың білім деңгейі баланың өмірлік жолын біршама анықтайды.

Бала мен ата-ана арасындағы қарымқатынас ерекшелігі, олардың эмоционалды байланысы мен басқа адамдармен қарымқатынас құру эталоны болатын оның бүкіл балалық шағымен қоса, келесі өміріне де әсер етеді. Сол себепті, әр бір баланың әкесі мен шешесінің болуы өте маңызды.

Баланың психикалық қажеттіліктерін жанұядағы жақсы қанағаттандырады. Жанұя бала тұлғасының қалыптасуына оптималды мүмкіндіктерді тудырып қана қоймай, оны үнемі дамып отыратын әлеуметтік ортаға үйретіп, әлеуметтенуіне жағдай туғызады.

Жанұя бұл тәрбие процесінде өте маңызды орын алатын ерекше ұйым. Ерте балалық шағында жанұядан жинаған тәжірибесін бала бүкіл келесі өмірінде қолданады. Мұнда бала тұлғасының негізі салынады. Жанұя жағымды немесе жағымсыз тәрбиелеу факторы бола алады. Сонымен қатар, ешбір әлеуметтік институт бала тәрбиесіне жанұя өзі жасай алатындай қастандық төндіре алмайды. Тек жанұяда бала бірінші өмірлік тәжірибе алады, бірінші бақылау және әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды үйренеді.

Ата-ана махаббаты ең қажетті бірақ, баланың дұрыс дамуына жеткіліксіз талап. Мысалы, балаға артық күтім, тығыз эмоционалды контактта жасалған оның бүкіл өмірін шектен тыс бақылау пассивтілікке, тәуелділікке, құрбыларымен қарым-қатынаста қиыншылықтың туындауына әкеледі. Баласын жалғыз тәрбиелеуші және одан бүкіл өмірінің мәнін көретін ана гиперқамқорлыққа бейім. “Бала үшін өмір сүру” принцибімен құрылған қарым-қатынас екінің – жеткіншектің де анасының да тұлғалық даму жолында кедергі әкеледі. Келесі түрдегі қиындық баланың ата-анасы қойған жоғарғы талаптарына мүмкіншілігі келмеген кезде туындайды.

Қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға көмек көрсету мақсатында мекемелер ашылған.

Балалардың осындай мекемелерге түсуіне мынадай негізгі себептер болады: әке-шешесінің екеуінің немесе біреуінің ішімдікке салынуы, олардың әлеуметтік тәртібі (қайыршылық, ұрлық, жезөкшелік, т.б.)өз балаларын жыныстық арандатушылық, балаларын сату, тамақ пен судың болмауы, балаларының көзінше ата-ана біреуін өлтіруі, әке-шешесінің біреуінің түрмеде болуы, жалғыз ата-ананы ішімдіктен емдеу, психологиялық ауруға шалдығуы, балаларға қатаң қарауы (соғу, ауыр дене жарақатын салу), әке-шешесінің қайтыс болуы, үйінің болмауы, үйден қашуы, өз тұратын міндетті ауыстыруды қажет ететін өз жастағылармен келіспеуі т.б.

Балалар үйіндегі балалардың көпшілігінің ата-аналары бар. Олар көбінесе ауру, әрекетке қабілетсіз, баласын тәрбиелеуден бас тартқан, құқықтарын асыра пайдаланатын, балаларға жағымсыз әсер беретін, ішімдік ауруларына шалдыққандар болып табылады.

А.М. Прихожан мен Н.Н. Толстойдың зерттеулері бойынша соматикалық және психикалық денсаулығының төмендігі олардың ерте жаста өмір қиындықтарын көріп ауыр жанұяда өсіп «тәуекел тобын» құруы саналады.

Балалар үйінде өмір сүретін балалар психологиялық дамудың спецификасына байланысты норма мен патологияның критерийі бойынша анықталады.

Жағымсыз жағдайлардың балалар өмірінде ұзақ уақыт болуы жағымсыз физикалық, психикалық және ауыр салдарға әкелетін бала ағзасындағы басқа өзгерістерге әкеледі.

Сонымен қатар мәліметтер көрсеткіші бойынша әр түрлі жағдай бойынша қауіпсіздік сезімі жоғалады.

Бұл жағдайлар бойынша тыныштығына және өміріне үлкен әсер береді. Олар жануарлардан қорқумен, әсіресе иттерден, бөтен адамдардың пайда болуынан, ата-анасының ішуі мен төбелесуінен, соғуынан, туыстары мен жақындарының өлімінен, катастрофадан алған жарақатын көтере алмаудан, жауыздықпен қараудан пайда болады.

Балалар үйінде болған балалар жақсы жанұялардың балаларына қарағанда өмірдің өте көп жағымсыз күйін басынан өткізеді. Баламен кез келген жаста өткізілген өткені ізсіз, бірақ ол баланың психикалық дамуында із қалдырады. Балалармен сөйлесуде оларға жәбір көрсетуші ата-ана немесе оның біреуі әке немесе шеше екені ауыр тиеді екен [3, 45 б.].

Физикалық, психикалық, жыныстық зорлыққа түскен бала өзінің жағымсыз әрекеттің құрбаны ретінде санайды, сондықтан да балалар көбінесе ойнап жүрген бала зорлық тақырыбына келіп, оны көп рет қайталайды, тыйымдар мен әлеуметтік нормалар мен ережелерді бұзады: Балаларды басқа бейнелерге қосу өте қиынға соғады.

Балалардың психикалық дамуындағы эмоциялық бұзылыстарында өшпенділік, агрессия, супер кейіпкерлерге деген жабық көзқарас, қиялдарда өзіндік «Меннің» көп болуы байқалады.

Мына психологтардың (С.М. Спуцкий, Ф.Е. Василькин, Петровская және т.б.) ойынша бұрын балада қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қатысты норма өзгермейді, балада қалып қояды деген.

Балаларда есте сақтау қабілеті бұзылып, көңілі нашарлайды. Бұл олардың үлгеріміне әсер етеді.

Ондай ұзақ уақытқа созылған стресс жағдайында болатын жасанды құралдары қажет болады, сондықтан да балалар ертеден темекі тартып, ішімдік, наркотик, токсикалық заттар, транквилизатор сияқта заттарды қолданады.

Бірқатар зерттеушілердің (М.К. Бардышевская, И.В. Дубровина, Э.А. Минкова) айтуы бойынша ата-ананың қамқорлығынсыз өскен балалар өз жас тағыларынан ерекше болып келеді екен.

Психикалық даму ырғағы да баяу болады және жағымсыз ерекшеліктердің қатары болады: интеллектуалдық дәрежесінің даму дәрежесі төмен, эмоционалдық сферасы кедей, ойлау кейінірек қалыптасады, үлкендердің талаптарын түсінбеу, басқалармен қарым-қатынас орнату қиын болу, өзіне-өзі сенбеушілік, әлемге деген реніш, қуаныштың көп болмауы, қызығушылықтың болмауы және де балалар өздерінің эмоциялық күйін (қуану, қайғы, ыза, реніш) ауыр түсінеді.

Олар сәттілікке де, сәтсіздікке де бірге қуанады, бірге қиналады, жалпылық пен қамқорлықты сезінеді және де қызмет бабы бойынша жақын адамдардың бар екенін түсінеді (немесе бұл үлкен қиындықпен жүзеге асады).

Кейде өмірдің жеке сәттеріне (демалыс, сыйлық) қуанады, бұдан кейін өмір туралы басқа көзқарасқа көшеді.

Балалар үйіндегі балаларға толық түсініктеме беру үшін оларды жас ерекшеліктеріне байланысты қарастыру керек. Зерттеушілердің нәтижесі бойынша ерте жастан балалар үйінде болған балалардың жанұяда тәрбиеленген балаларға қарағанда психологиялық дамуында ерекшеліктер болады. Оларда таным белсенділігі төмендеп, өз жастағыларың арасында шиеленіс болады [4,78 б].

Психологиялық дамудың параметрі бойынша олар өз жастағылармен бірдей дәрежеде, кейбіреуі бойынша асып та кетеді, ал басқа параметр бойынша олардың кішкене балалардан төмен қалып қалғанын да көреміз. Бұндай специфика барлық балалық шақта тұрақты болып саналады.

Зерттеушілер бойынша балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар өз жастағыларынан өзгеше болып келеді.

Олардың дамуы мен денсауылығы бірнеше сапалы негативтік ерекшеліктерден тұрады. Олар балалық шақтан жеткіншек кезеңге дейін барлық баспалдақтар бойынша ерекшеленеді.

Ары қарай олардың ерекшеліктері әр кезеңде өзгеріп отырады.

Бұл өзгерістердің салдары өсіп келе жатқан адамның тұлға болып қалыптасуына кедергі болады.

Жанұяның рөлін бағалау қиын, жанұяны, мекемені ауыстыру балаға алғашқы 7 жаста өте нашар әсер қалдырады.

Балалар үшін маңызды және ең жақын тұлғаның болмауы тәртіп нысанының бұзылуына алғышарт болып табылады. Және де бұл басқа адамдармен қайғы бөлісуде де қиынға соғады.

Жақындықтың болмауы таным белсенділігінің дамуын тоқтатады, ол мектеп жасына дейінгі балалардың әлемге деген көзқарасын әлсіретіп, қызықты жұмыс табу мүмкіндігін қиындатады.

Баланы белсенді емес қылуы мүмкін. Балалардың эмоционалдық көрінулері қиын немесе айқындалмаған [5, 117 б].

Н.Н. Авдееваның зерттеулерінде балалар үйінде өскен балалардың өзін айнаға қараудан қорқып, өз бейнесін көргенде жылайтыны көрсетілген. Балалар үйінде тәрбиеленген бала жанұяда өскен балаларға қарағанда тұлғаның өзіндік бірігуі бая жүреді.

Т.П. Гаврилованың мәліметтері бойынша 3 жылдың шиеленісі нәтижесі сызылған нысанда ағады және де жетістікке жету қасиеті қалыптасады (мектепке дейін тұлғаның жаңа қалыптасуы маңызды).

Үлкендермен қарым-қатынастың жетіспеушілігі тұлғаның дамуы артта қалуына әкеледі, өзінділік жоғалады, мекемелердегі тәрбиеленушілердің тұлғалық дамуы бұзылады.

Эмоционалдық сфераның дамуындағы жетіспеушілік айқын көрінеді – балалар үлкендердің эмоцияларын үлкен қиындықпен айырады, бір-бірін түсінуде шекті қабілеттілікке ие болады, бұл қайғы бөлісуде эмпатияның дамуына қиындық әкеледі.

Танымдықтың дамуы тежелгендіктен, сөйлеуде артта қалушылық білінеді, қоршаған әлемді түсінуде бастама жоғалады, қорқыныш сезімі келіп, көңілді аударады.

Мектеп жасына дейінгі жетіспеушіліктің дамуындағы жетіспеушілік болып, өзінділіктің дамуы, оның толық түрде көрінуінің жойылуы байқалады. Бала қалағаны бойынша әрекет етеді.

Жанұядан тыс тәрбиеленген балаларда үлкендерге деген бағаның жоқтығы, қызметтегі сәтсіздікке деген қайғыру, жақсы бағаға деген қажеттілік, сәтті және сәтті емес әрекеттерді ажырату, тәртіпті жақтау немесе жақтамау деген болмайтыны байқалады.

Мекемеден баланы тауып алу ол туралы тұлға болып қалыптастырудың уақытша сипаттамасы туралы көзқарасты бұзады – балалар өткені туралы ештеңе білмейді, болашағынан де ештеңе көрмейді.

Оларды өз жанұялары туралы тұманды көзқарас көрінеді. Өз өткені туралы түсініксіздік «Әлеуметтік жетімдіктің» себебі болып, өзіндік қалыптастыруға кедергі болады.

Кейбір балалар өзін кішкентаймыз деп елестете алмайды, кішкентай балалар немен айналысып, не айтатынын білмейді.

Олар өз болашақтарын қиын қылып елестетіп, олардың болашақтары тек жақын болашаққа, яғни мектепке баруға болжалдағаны біледі.

Өзіндік идентификация деген күрес – балалардың депривацияны жөндеу кезеңіндегі негізгі проблема болып саналады.

Қазіргі кезеңнің қайғы шегінен шығу, өткендегі бастан өткізген қайғы өмірдегі сенімділік пен жаңа иденфикация психикасының депривация шеңберінен қашу жағдайы болып табылады.

Әлеуметтік-педагогикалық қамқорсыз өмір сүріп келе жатқан оқушылардың психологиясының ерекшеліктерін қарастырайық.

Балалар үйінен, кризис орталықтарынан келген балаларда олардың дамуына қажетті мүмкіндіктердің барлығы дерлік жоқ екенін басында айта кетейік [6, 120 б].

Бірінші сыныпқа олар сыныптарынан үлкенірек жаста жетеді. Ереже бойынша оларға сегіз, кейде тіпті он жас толып қояды.

Оқудың осындай бастамасы балалардың әлеуметтік жағдайымен байланысты болып келеді. Осындай балалардың оқу мекемесінен қалмай барып жүргені аз байқалады.

Ата-аналары олардың оқуына көп көңіл бөлмейді, балалармен айналыспайды, оқу үшін жағдай жасамайды және сабаққа керекті заттарды сатып алмайды.

Бала балалар үйінен мектепке келгенде ол сабаққа жанұядағы келеңсіздіктің салдарынан дұрыс дайындалмайды.

Өмірдегі нашар жағдайлар аз мерзім ішінде балаларды мектеп оқуына дайындай алмайды.

А.М. Прихожан мен Н.Н. Толстойдың зерттеулеріндегі мәліметтер бойынша балалар үйінен мектепке 7-

8 жас аралығында келгендер сюжеттікрольдік ойындар, ережесі бар ойындар, драматизация ойындарын ойнай алмайтындарын және негізгі ойы импровизация болатын сүйікті кітаптарының мәнін білмейтіндігі, мультфильм, телебағдарлама көре алмайтындығы көрсетілген.

Өз жастағыларымен ойын ойнау қуаныш пен қызығушылық әкеледі, егер ол қайғылы болмаса.

Бұндай балалар көбінесе кішкентай жастағы балалардың ойындарын ойнағанды жақсы көреді.

Осының барлығы орын толтыруы мүмкін емес әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктердің жоғалтқанын айтады.

Мекемеде тәрбиеленіп жатқан жетімбалалар мен ата-ана қамқорысыз қалған балалар ерте балалық кезден бастап гипоқамқор жағдайында, яғни өз үлкендерімен емес, бөтен үлкендер жағынан шекті қамқорлықта болады. Балалардың үлкендермен деген шексіз топтық қатынасы балаға қажетті өзінділікті бермейді.

Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балалар интеллектуалдық сфераның дамуында ауытқуларды кездестіреді, мектепке аз барады, оқу материалын ауыр меңгереді, бірақ та тәрбиешінің кез келген тапсырмасын орындауға даяр.

Балалар үйінде тәрбиеленген балаларда ойлау қабілетінің төмендігі, өзін-өзі басқара алмау, өзінің эмоциялық күйінің төмендігі көрінеді. Сондықтан да психолог қызметі балалардың өз эмоцияларымен қаншалықты сәтті игеріп жатқанына тәуелді.

Психолог тани білу керек, эмпатиясын көрсетіп, құпия қайғыларын әр түрлі жағдайларда зерттей білуі тиіс.

Кіші мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері қоршаған адамдарымен қиын қарым-қатынаспен сипатталады.

Қарым-қатынасты қиындататын сезімнің жоғарылығы, біреудің айтуы бойынша әдеттену, қатынастағы қиындық, таным сферасының бұзылуы, оқу материалын игерудегі қиындықтар, тәртіпті қатаң түрде бұзу (ұрлық) тәртіптің әр түрлі нысаны болып саналады.

Оларға тән мінездеме: үлкендермен сөйлесуден қашқалақтау, өзінің керексіз екеніне қайғыру, өзіне қымбат затты немесе адамның қымбат құндылығын жоғалту болып саналады [7, 89 б].

Кіші мектеп оқушыларының дұрыс дамып, жетілу үшін адамдар жағдай жасау керек. Оларға мыналар жатады.

  1. қазіргі өмір туралы ақпарат кіші мектеп оқушыларының өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы және оны тексеріп, нәтижесін беруге тиіс (секс, қылмыстық құқық, наркотик және ішімдік, дін, партия, секталар, жас қозғалыстар);
  2. еркінділік пен қызмет үшін жауапкершілікті біріктіру – мектеп, жанұя, қоғамдағы жасалған ережелерге конструктивтік әсер болып саналады;
  3. өзіңді қабылдау (өзінің физикалық «Мен» эмоциялық күйдің ерекшеліктерін);
  4. нағыз тәртіп дағдысы – дұрыс тәртіп дағдысын қалыптастыру, өзіндік құндылық сезімін қалтыруға әсер беру.

Өкінішке орай балалардың балалар үйіне түсу себептері көп, оған көзді жауып қарап, ұмытуға болмайды.

Сондықтан қазіргі заман талаптарына сай балалар үйі құрылды. Балалармен жұмыс істеп жүрген мамандар бұл кіші мектеп оқушыларының болашақтарын анық көріп, оларға өздерін өзгерту үшін алғашқы қадам жасауына дайын болу керек.

Әлеуметтік және психолгиялық өзгерістер бойынша бұл топтағы кіші мектеп оқушыларының келесі ерекшеліктері болады:

  1. қоғамда қабылданбаған құндылықтардың болмауы – шығармашылық, түсіністік, өмірдегі белсенді әрекет. Олардың қоғамға деген керексіздігінен, өмірде күш пен бақыт арқылы бірнәрсеге жету мүмкігсіздігінен қорқыныш пен үрей туады;
  2. олардың ата-аналарының қазіргі өмірінің проекциялары өмір сүруге деген асығысты еске түсіреді;
  3. ата-ана жағынан эмоционалдық артта қалу, біржағынан психологиялық автономия;
  4. құндылықтардың ішінде ең біріншіден – бақытты жанұялық өмір, екіншіден материалдық қамсыздану, үшіншіден – денсаулық. Осы жоғары құндылыққа жете алмау ішкі шиеленіс тудырып, стресс күйінің қайнар көзін тудырады. Болашақта ол жеткіншектің психикалық денсаулығында жоғарғы рөлді алады.
  5. эмоциялық күйдің жағымсыз жақтары – үрей, қайғы, ыза, қорқыныш байқалады. Бұл жеткіншектің өз жағдайын бақылауға ала-алмауынан көрінеді.
  6. «әдемі», жеңіл өмірдің қуанышын игеру, өмірден тек ләззат алуға ұмтылу болып табылады.

Тәуекел топтарының жеткіншектік ерекшелігі болып, әлеуметтік қажеттіліктермен байланысты эмоционалдық ыңғайдың қайғыру жағдайы болып бақытты адам туралы көзқарас саналады.

Бұл жалғыздық туралы әңгімелесу арқылы жүреді, себебі ол арқылы әлеуметтік контактілердің тәжірибелері шектеледі.

Бұл кіші мектеп оқушыларының өсуіне өз салдарын тигізеді. Жалғыздық туралы сөйлесу кіші мектеп оқушыларының өзімен жастағылармен, үлкендермен және ресми емес бірлестіктермен қатынасын анықтауға көмектеседі.

А.Н. Прихожанның зерттеу нәтижелері бойынша кіші мектеп оқушыларының жалғыздық туралы қайғыру тәуекелі 70% байқалады. Бұл жалғыздықтан шықпау жолын кіші мектеп оқушыларының 1% көрмейді, ал қалғандары одан құтылудың жолдарын дос іздеу, жанұя табу, шиеленіс жағдайынан шығу маңыздылығының төмендігін көреді.

Жоғарыдағы айтылғанымыздан көріп отырғанымыздай уақытша балалар үйіндегі балалардың психологиясы жанұядағы балаларға қарағанда өзгеше екенін көреміз.

Бұл ең алдымен баланың тасталғанымен, ата-анасының балаға деген құқығының айырылуымен, ата-анасының ішімдік, наркомания, жезөкшелікке салынуымен, тергеу изоляторына орналастыруымен және басқа факторларға байланысты. Нәтижесінде осындай балаларда ыза мен агрессия пайда бола бастайды. Балалар қатынасқа әрең түсіп, жағдайды нашар қабылдайды.

Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі, ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығыңды болып келеді. Сонымен қатар жаңа оқуға түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, соның нәтижесінде өзінің психологиялық байлығын дамытып, жаман-жақсы жақтарын ажырата бастайды [8,12-13 б].

Кіші мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғайтады, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтік қажеттiлiктер нығая түседі. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады. Ал, оқу өзінше әрекеттің бір түрі: мазмұнды сөз немесе нақтылы бейне арқылы белсенділік жатады. Бұған ептілік пен дағды енеді [9, 62 б].

Осы кезеңде баланың психикалық дамуы негізгі жетекші іс-әрекетімен байланысты күнделікті мұғалімнің талаптарына сай болу, белгілі оқушы образына негізделген мінез-құлық тәрбиесі балада психикалық үрдістерде еріктіктің пайда болуын қалыптастырады. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады. Осы талаптарды орындау балада жоқ жаңа қасиеттің пайда болуына әкеледі.

Кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуы, қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор. Бала есінің дамуы – мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық дайындығына байланысты. Қиялды шығармалар арқылы, ертегі арқылы дамыту, суреттер салғызу өте зор ықпал етеді. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады. Ал, кіші мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы, мінез-құлық ережесін сақтау көбінесе үлкеннің көңілкүйіне қалыптасқан жағдайларға байланысты [10, 187 б].

Сонымен кіші сынып оқушыларын басқалармен салыстырып өткенде, өте әсерленгіш, сезімтал, қызықты және көрiктi, басқаларға ұқсамайтын iс-әрекеттерге араласып кетуге дайын тұратындықтармен көзге түседі. Осы жастағылардың негізгі әрекеті оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарады деген үлкен қорытынды жасалынады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1991.
  2. Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М.1998.
  3. Мухина В.С. Возрастная психология: Феноменология, развития детство, отрочество. Учебник для студентов вузов – М., 2000.
  4. Немов.Р.С. Психология. – М.: Просвещение, 1995.
  5. Обухова Л.Ф. Детская психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.
  6. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. - М.1996.
  7. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе. М., 1996.
  8. Ауренова М. Балалар үй жағдайындағы психолог iс-әрекетi. // Мектептегі психология Психология в школе. 2006-№3.
  9. Алешина Ю.Е. Цикл развития семьи: исследования и проблемы. // Вестник Московского Университета. Психология. Сер. 14. – 1987. № 2. – Б. 60.
  10. Шнейдер Л.Б. Основы семейной психологии. М., 2005.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.