Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі

Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры.

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының мақсаты – жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.

Жаһандану процесінде жастар арасында әлеуметтік тоқырау, яғни саяси және қоғамдық өмірден алшақтау, отбасылық өзімшілдік мінез көрсету, адамгершілік құндылықтар дағдарысы, шындықтан, адалдықтан бас тарту, зорлық-зомбылық сияқты құбылыстар, дәстүрлі емес діни ұйымдардың жастарымыздың санасына әсер етуі, жастардың маскүнемдік, нашақорлық секілді залал дүниелерге құмар болуы, ауыр қылмыстар жасау, адамгершілікке жатпайтын қылықтар кеңінен етек жаюда. Міне, сол себептен де жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үрдісіне табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» деп көрсетеді. Бұл жас ұрпақ бойына рухани құндылықтарды дарыту мақсатында тәрбие процесін жүргізуді қажет етеді. Сондықтан да рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына жеткізу, олардың бойына сіңіру – еліміздің келешегі үшін шынайы жүрегі ауыратын әр ұстаз үшін парыз.

Тәрбие дегенде бірінші ойға келетін ұғымдар – адамгершілік, тазалық, жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасы және мәдениет пен жауапкершілік. Әрбір адам өз мінез-құлық сипаттарын, дүниетанымын, рухани-адамгершілік қасиеттерін, қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы үйлесімділікті, өз ойтаным, іскерлік дағдыларын, мүмкіндіктер мен қабілеттерін танып, олардың деңгейін білу, бағалау, салыстыру, түзеу және одан әрі дамыту үшін әрекет етуге бағыттау керек.

Қазіргі уақытта жас ұрпаққа білім беруде – адамгершілік рухани тәрбие беру өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру нәресте туған кезінен басталуы керек. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани адамгершілік тәрбие екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым қатынастарынан көрінеді.

Рухани адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты.

Адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеуметтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын, екiншiден, философиялық, тарихи, әлеуметтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеуметтiк жаңа орта жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын орнының маңызы зор.

Адамгершілік тәрбиесі негізінде шыдамдылық, жомарттық, əдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара сыйластық, өзара жəрдем жəне жолдастық, үлкенге сый, кішіге қамқорлық, əйел жəне ер арасындағы құрметтеу қатынасы; өзіндік тəртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері қалыптасады. Əр адам өзі қалаған əдет қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Ата бабаларымыз баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер», «Жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Халқымыздың осы ұлағатты сөздерін естіп өскен ұрпағымыз өз бойына адамгершіліктің, сыйластықтың нәрін сіңіріп өседі. Қазақ ауылы тәрбиенің тұнып тұрған ортасы десем артық айтпаған болар едім.

Кішкентайым ыздан ата анамыздың ауыл ақсақалдарын құрметтеп, әрқашан төрден орын беріп, бірінші барып амандасып жатқанын көріп жүрміз.

Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жанжақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеубіздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы-балаға үлкен сабақ. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, ұстаздардан насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырылады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, деп жазды В.А. Сухомлинский, бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді. Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Адамгершілік бастауы неде?

  • Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
  • Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
  • Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
  • Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
  • Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

  • Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
  • Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
  • Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу
  • бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
  • Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне, қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
  • Рұқсат сұрау – адамдар қарымқатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
  • Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
  • Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
  • Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
  • Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті рухани бай, жан жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.

Қазақ ағартушысы М. Жұмабаев «... Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік – саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім болу, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес.

Я.А. Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес». Балалардың санасы мен мінез құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор. Бұл әсерді өзінің күші жағынан еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К. Ушинский «Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс. Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес» деп жазды. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алшақтық болмау керек. Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М. Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл» дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А. Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады. Демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады» деп айтқанындай, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Мен адам бойындағы рухани құндылықты, адамгершілік, адалдық, кішіпейілділік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді жоғары бағалаймын. Бойынан осындай қасиет табылған адамды рухани жағынан бай адам деп есептеймін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
  2. Құрманбаева М. Тұлғаны руханиадамгершілікке тәрбиелеу. – Бастауыш мектеп, №1. 2005.
  3. Әмірәлиев Ш. Рухани байлық-өмірден. – Қазақстан мектебі, № 11-12, 1992.
  4. Утебаева А. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат. – Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2004
  5. Құрамналина Ш.Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Илясова Р. Педагогика. – Астана, 2007.
  6. Бастауыш мектеп, №9, 2005.
  7.  Бала тәрбиесі, № 2, 2006, № 4, 2008.
  8. «Өзіндік таным» № 2 2007, № 5-6 2006.
  9. Бастауыш мектепте оқыту. № 4, 2007.
  10. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. - Орынбор, 1924.
  11. Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы, 1992.
  12. Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау. Алматы: Шартарап, 2000.
  13. Қалиев С.Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім тәрбиесі. – Алматы, 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.