Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нарықтық экономикадағы адами капитал

Адам сияқты шаһардың да тамырын жалғаған қаны, бойына біткен жаны болады. Тек оның тәнін тірі қылатын да, шаруасын ірі қылатын да – шаһар халқы. Бұл ғұлама Әл-Фарабидің сөзі. Осы күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған даналықтың көзі. Ең алдымен адами капитал мен әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін, сол арқылы тұтас халықтың берекелі өмірін көздейтін бағыттарды басым етті [1].

Адами ресурстардың саны мен сапасы кез келген елдің болашағын айқындайтын негіз құрушы факторлар болып табылады. Адами капитал бұл инновациялардың және экономиканың тиімділігін арттырудың негізгі қозғаушы күші. Болашаққа салынған инвестициялар – Қазақстанның адами ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде арттыру үшін қажетті шараларды қамтитын болады [2].

Нарықтық экономика базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құралжабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика [7].

Сондықтан нарықтық экономиканың дамуы үшін адами капиталдың ролі өте жоғары екенін ату жөн деп есептеймін. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы инновациялық бағытта дамып келе жатыр. Инновацияның барлығын қолдана алу үшін, мамандардың білімі тереңдей түсу міндет. Мемлекет үшін білімді әрі білікті мамандардың көп болуы – болашаққа жолдың ашылуымен тепе тең деп есептегендіктен адами капитал жайлы ой қозғағым келді [8].

Адами капитал жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың еңбегінің жемісі болуын, еңбек өнімділігі мен сапасын керетін білім, біліктілік ілім, тәжірибе нысаныңда адамдарға салынатын капитал.

Адами капитал заттық (жеке) капиталдан: сатылмауы мен, сатылып алынбаушылығымен, тек қана адам капиталы жасаған қызметтер ғана сатылатындығымен дараланады. Адам капиталын иеленуші оның қожайыны да бола алады. Адам капиталын құру үшін материалдық қаражат жеткіліксіз, осы капиталды иеленушінің еңбегі, сонымен қатар отбасы мен қоғамның рухани және мәдени салымдары қажет [3].

Адами капитал деген ұғым егемендік алғаннан кейін ерекше маңызға ие болды. Тоталитарлық социализм дәуірінде адами капитал туралы мәселеге дәл бүгінгідей көңіл бөлінді деп айта алмаймыз. Адами капиталдың ел экономикасындағы рөлін бағалап, оның дамуына тікелей ықпал етіп, көп күш жұмсаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, адами капиталды дамыту, оның ішінде халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету Елбасы саясатының басым бағытына айналды. Мемлекет басшысы «ақылды экономика» құру үшін ең алдымен адами капиталды дамыту қажет екенін бірнеше рет атап өтті [6].

Қазіргі жағдайда экономикалық гүлденудің ұзақ мерзімді негізі адами капиталдың сапалы сипаттамасын дамыту болып табылады. Білім беруге және денсаулық сақтауға, бәсекеге қабілетті адами капиталды құруға инвестицияларды құю – бұл Қазақстан үшін барынша тиімді даму стратегиясы болып табылады.

Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктегішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдады. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Басты мақсаты: Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Елдің адами капиталы тек білім арқылы ғана көрінетіні сөзсіз. Ал, білімде серпіліс болмаса – инновациялық дамуда серпіліс болмайтыны бесенеден белгілі. Сондықтан, қазақстандық университеттер “білім экономикасы мен әлеуетінің” ұйытқысы, елдің инновациялық дамуының тегершігі болуға тиіс. Әлемдегі білім мен ғылымның, мәдениеттің ең соңғы тоғысатын жері – жоғары білім. Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріс үстінде дамып отырады. Ол қаншалықты күрделенген сайын, оны шешетін жаңа мүмкіндіктерге де кең өріс ашылып отырады.

"... Білім дамыған экономиканың қаржысына айналды, ал зияткерлік еңбектің жұмыскерлері қоғамның шамаларын және құндылықтарды айқындаушы топқа айналды. Білім байлықты құрастырушы нағыз қаржы және басты қорға айналып барады» (Питер Ф. Друкер. Жаңа нақтылықтар).

«Байлықтың формаларының бірі ғылым мен технология болып табылады. Ғылым және технология, немесе бір сөзбен айтқанда білім, табыстың пайда болуына шешуші рөльді иемденіп байлық ретінде қарастырылуы керек. Адамдар және мемлекет білімге деген меншік құқықтары туралы дауласады, бұрындары осындай ара қатынас жер және физикалық капиталға болған» (Курт Ф. Флекснер).

"Қазақстан 2050" стратегиясындағы мемлекет дамуының жаңа деңгейіне жету мақсатында Қазақстан ұлттық білім беру жүйесіндегі өз басымдықтарын толығымен қарап шығуға тиіс. Осы себеппен республика білім беру үдерісін масштабты жетілдіруге кірісті.

2020 жылға дейін білім беру жүйесін дамыту Бағдарламасына тән ерекшелік халықаралық талаптарға сай, болашақта Қазақстанды заманауи және бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтып, ғылыми зерттеулер секторын жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін білім беру жүйесінің үлгісін қалыптастыру тапсырмалары болды.

Қазақтан Республикасында 2020 жылға дейін білім беруді дамытудың ағымдағы бағдарламасының басты мәселесі адам капиталының сапасын көтеру болып табылады. Сонымен қатар, білім беру үдерісі қолжетімді, жағымды, ашық, көп жоспарлы және беделді болатындай мемлекетте жағдай жасалуы тиіс. «Бәсекеге қабілетті дамыған ел болу үшін білімі жоғары ұлт болуымыз керек. Қазіргі заманда жай ғана сауатты болу жеткіліксіз. Азаматтарымыз ең алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтармен, ең заманауи өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін әрқашан игеріп отыруы тиіс», бұл «Казақстан-2050» стратегиясында көрсетілген ұлттық білім беруді дамыту жаңа тәсілдерінің жорамалдарының бірі.

Заманауи әлемдік үдерістерінің жағдайларында неге адам капиталы басты орын алатынын білу үшін жақын арадағы жылдарға және тіпті онжылдықтарға еліміздің алдында қандай тапсырма тұрғанына көз жеткізу керек. 2012 жылдың желтоқсан айында еліміздің Президенті айтып кеткендей «Қазақстан 2050» мемлекет дамуының жаңа әрі маңызды стратегиясы мемлекет дамуының жаңа векторын көрсетіп қана қоймай, Республиканы өңірдегі көшбасшылар қатарына, және де Қазақстанда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді жағдай жасауға бағытталған.

Осындай шарттардың бірі білімді, бәсекеге қабілетті және дамыған ұлт қалыптастыру болып табылады. Басқаша айтқанда, болашақ Қазақстанның бәсекеге қабілетті және қуатты адами капиталын қалыптастыру.

2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің экономикалық өркендеуінің болашағы сүйенетін платформасы болуы тиіс.

Сапалы адам капиталының болуы индустриялық-инновациялық стратегияны ойдағыдай iске асырудың ажырамас шарты болып табылады. Бiлiм беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты "отты нүктелердің" бiрi болып отыр. Ғаламдану жағдайында экономикасы дамыған елдер неғұрлым перспективалы ғалымдар мен жоғарғы бiлiктi мамандарды шоғырландыруды өзiнiң басты басым саясаты етіп алды.

БҰҰБ-ның 2011 жылғы «Тұрақты даму және мүмкіндіктер теңдігі: баршаға жарқын болашақ» баяндамасына сәйкес Қазақстан адам әлеуетінің дамуы жоғары деңгейлі елдердің қатарында (169 елдің арасында 86 орын).

Сурет 1. Адам әлеуетінің дамуы

Сурет 2. Қазақстанның АДИ (адами даму индексі) бойынша жылдар динамикасындағы орны

Сурет 3. Білім беруді мемлекеттік қаржыландыру

Соңғы 10 жылда қаржыландыру көлемі шамамен 10 есеге артты. Қаржыландыру көлемі 2011 жылы 1000,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткіштерден 25,4%-ға артық.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру:

146 жоғары оқу орны қызмет етеді, оның ішінде: ұлттық – 1, «Назарбаев Университет» ААҚ – 1, мемлекеттік – 33, акционерленген – 16, жеке меншік – 73, азаматтық емес – 13.

Сурет 4. ЖОО-лар мен студенттер санының ара қатынасы

Техникалық, жаратылыстану – ғылыми және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі ҮИИД жобаларының талаптарына сай 362 орынға ұлғайды. 36 046 білім беру гранты, оның ішінде 2 275 – дайындық бөлімі үшін тағайындалды.

Сурет 5. Білім беру гранттары

Базалық ЖОО-ларда магистрлер мен PhD докторларды мақсатты даярлау тетігі әзірленді: мемлекеттік тапсырыс магистратураға – 5159 орынды, PhD докторантураға 500 орынды құрайды.

Алғаш рет 2011 жылы мемлекеттік қаражаттың есебінен магистранттар кеңестік кезеңнен кейінгі Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Қытай, Корея елдерінің ЖОО-ларына бір академиялық кезеңге оқуға барды.

Назарбаев Университеті дүниедегі ең үздік ЖОО-ның 30-ына кіретін университеттермен ынтымастықтық туралы 11 келісім шарт жасасты. Оның ішінде UCL (University College London), Duke University, iCarnegie, University of WisconsinMadison, UPenn (University of Pennsylvania), LKY School of Public Policy (National University of Singapore) бар.

Қазақстандағы ғылымды дамыту:

Ғылыми ұйымдар динамикасы, бірлік

Сурет 6. Қазақстандағы ғылымды дамыту

Ғылыми инфрақұрылым дамуда, ғылыми ұйымдардың желісі ұлғаюда:

Соңғы 10 жылда ғылыми ұйымдардың саны 60 %-ға артты. Қазіргі таңда 424 түрлі ғылыми ұйым қызмет етуде [4].

Еліміз тәуелсіздік алғалы айтылып келе жатқан мәселенің бірі адам факторы болып табылатындығы сөзсіз. Өйткені мемлекеттің іргетасын қалаушы күш болып табылатын әр­бір адам сол мемлекеттің баға жетпес капиталы да. Басқасын айтпағанда, біздің жұмыссыздықты еңсеру бағытында жеткен табыстарымыздың өзі халықаралық қауымдастықтың назарын аударарлықтай деңгейде. Экономикалық дамудың өтпелі кезеңіндегі Қазақстан жағдайында жұмыссыздықтың біршама белең алғаны рас. Бірақ бұл өзекті мәселені шешу жолындағы мемлекеттің мақсаткерлікпен жүргізіп жатқан жұмыстары өз нәтижесін бере бастаған [5].

Қорыта келгенде, нарықтық экономика ол біздің еліміздің дамуы үшін алға тартатын элементтің бірі болып табылады. Алайда экономикада инновацияларды қолданғанда ғана еліміз көркейеді деп санаймын. Адами фактор, яғни адами капитал ол кез келген экономиканың алға не болмаса артқа тартуына себеп болатын элемент болып табылады. Себебі, адами капитал дегеніміз кез келген салада халықтың білімді болуында, яғни азаматтарда жоғары білімнің болуы шарт не болмаса жоғары білім болмаса да өз маманының иесі болуы керек деп түсінемін. Қазіргі кезде орта немесе кәсіби білім алу үшін көптеген жағдайлар жасалуда. Ол еліміздің саясатында қарастырылған. Көптеген жаңа технологияларды мемлекет шетелден сатып алғанмен, олармен жұмыс жасай алу үшін сол техниканың тілін білетін мамандар жеткіліксіз. Егер өзіміздің мамандарымыз болса, шетелден басқа мамандарды шақырмай, қаражаттың барлығы өз елімізде қалады. Қазіргі кезде бұл сұрақ өте өзекті болып келгендіктен, жан-жақты зерттеліп қарастырылуда. Нарықтық экономикада адами капиталдың орны ерекше деп ойымды аяқтағым келеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. www.nomad.su
  2. 2020 стратегиясы
  3. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.Алматы: Жеті жарғы, 2008
  4. www.nac.gov.kz
  5. http://pr-hal.kz
  6. www.edu.kz
  7. Қазақ Энциклопедиясы "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
  8. Әкімбеков С.Баймұхаметова А.С., Жанандаров У.А. Экономикалық теория. Оку құралы. – Астана, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.