Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Процессуалдық мәжбүр етуді анықтау және оның тінту жүргізу кезіндегі ерекшеліктері

Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары. Мұндай процессуалдық мәжбүрлеу шараларына: тінту, алу, куәландыру, ұстау, уақытша ұстау (привод), мүлікке тыйым салу, айыпкерді қызметінен босату, бұлтартпау шараларын қолдану жатады. Дәлелдеуге жататын мәліметтерді, фактілерді табу, жинау және бекітуді, сонымен қатар соттың үкімін орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші заңмен белгіленген жағдайларда сезіктіге, айыпкерге және басқада тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын, нақты айтқанда процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

Тінту тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүргізілетін тергеу әрекеті, ол тінтілетін адамның еркінен тыс мәжбүрлеу шарасын қолдану арқылы жүргізіледі. Сондықтанда қылмыстық іс жүргізу заңдылығы тінту жүргізу үшін жеткілікті негіздің болуын, сонымен қатар тергеушілердің бірқатар тәртіптерді қатаң түрде сақтауларын талап етеді.

Осыған орай З.Ф. Коврига «Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларының негізі болып, төмендегілер:

  • Қылмыс белгілерінің орын алуы және осыған байланысты дамып келе жатқан қылмыстық-құқықтық қатынас;
  • Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттігін растайтын нақты фактілік мәліметтер» табылатынын көрсеткен» [1, 60 б.].

Расында, мәжбүрлеп іздестіру жағдайында тұрғын үйге қол сұғылмайтыны жөніндегі азаматтардың конституциялық құқықтары шектеледі. Мұндай жағдайда тұрғын үйге тінту жүргізу және осыған байланысты орын алған субъективтік құқықтарды шектеу негізді, орынды болып төмендегі жағдайларда танылады:

  1. Қылмыс оқиғасымен тікелей байланысты болғандықтан тұрғын үй ерекше тінту объектісі болып табылады;
  2. Бұл объект қылмыс іздерін сақтауы мүмкін болғандықтан кідірместен дереу тінту жүргізуді қажет етеді, себебі, прокурордың санкциясын алғанға дейінгі уақыт аралығында оқиға болған жерде қалған қылмыс іздері жойылып немесе өзгеріп кетуі мүмкін, бұл қылмыстық процестің мақсаттарына, дәлелдеу барысында кері әсерін тигізуі ықтимал;

Тұрғын үйді тінту прокурордың санкциясымен жүргізіледі, бұл тұрғын үйге негізсіз кіру жағдайларының болмауына ықпалын тигізеді.

Тінту әрекетін жүргізу мен оның уақытын анықтау мәселесін тергеуші қолда бар материалдар мен заң нормаларын басшылыққа ала отырып өзі шешеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қылмыстық іс жүргізу заң нормалары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Сонымен бірге Конституцияның 25-бап, 1-ші тармағында “Тұрғын-үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын-үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын-үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі”, – деп нақты көрсетілген [2, 11 б.].

Мұның өзі азаматтардың заңды мүдделеріне қол сұқпаушылық кепілдігінің бірін нақтылайды. Тергеуші іс бойынша дәлелдемелерді тінтусіз анықтауы мүмкін емес, сондай-ақ соттық дәлелдемелерді жоғалтып, жойып жіберу қауіптілігі туындаған жағдайларда ғана азаматтардың жеке өмірі мен тұрғын үйлеріне мәжбүрлі түрде қол сұғуға мұқтаж болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген мәселенің маңызын есепке ала және қылмыстық процесте тұрғын үйге қол сұғылмайтындық талабы барлық процессуалдық әрекеттерге әсер ететін маңызға ие дей отырып, ол қылмыстық процесс қағидаларының бірі болып табылады деген қорытындыға келуге болады.

Көптеген танымал оқымысты-процессуалистер, қылмыстық процесс қағидаларының жүйесі туралы мәселелерді жанжақты зерттегенінде, тұрғын үйге қол сұғылмайтындық мәселесін қағида ретінде қарастырмаған.

Қылмыстық процесс қағидаларына кейбір процесуалист-ғалымдардың тұрғын үйге қол сұқпауды қағида қатарына жатқызулары – бұл заң нормаларынан көрініс табуына себепкер болды деспекте болады. Қылмыстық процесс принциптері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (2-бөлім.

«Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидалары) жеке бөлімінде қарастырылған (алдыңғы айтылған мәселелерді, яғни принципиалды жағдайларды қоспағанда) [3].

Тұрғын үйге қол сұқпау құқығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қылмыстық процестің қағидасы ретінде қарастырмайды. Себебі азаматтардың құқықтары мен бостандықтары конституциялық нормаларда бекітілгендіктен, қылмыстық сот өндіріс тәртіптері конституциямен анықталады. Осыған байланысты олар (бірқатар ғалымдар) тұрғын үйге қол сұқпауды алдымен құқықтық қағида емес, азаматтардың құқығы ретінде қарастырылуы тиіс деп санайды.

Шынында мұқият қарап отырсақ негізгі құқықтық жүйеде азаматтардың жеке құқықтары маңызды орын алады. Бұл құқық топтары көбінесе «субъективті» құқықтар мен бостандықтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген тұрғын үйге қол сұқпау құқығы да кіреді.

Теорияда «субъективті құқық» – бұл құқықты иеленуші тұлғаның жүріс-тұрысына жекелей мүмкіндік беретін, заңмен жол берілетін және заңмен кепілдендірілетін құқық деп түсіндіріледі.

Тұрғын үйге қол сұқпау нормаларында тек субъективті құқықты ғана қарастыру жеткіліксіз. Оны ҚР ҚІЖК (17 бап) құқықтық нормалары мазмұнынан аңғаруға болады. Заң нормасында: «Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіруге, оны қарауға және тінту жүргізуге заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі», – деп көрсетілген [3].

Мұнда «тұрғын үйге қол сұқпау» тәртібімен (ережесімен) заң нормалары азаматтардың субъективті құқықтарын анықтайды. Бұл дегеніміз тұрғын үйге қол сұқпадағы ерік берілген субъективті құқықты иеленуші тұлғаның ғана тұрғын үйге кім және қашан кіретіндігін шешетіндігінен құқығы бар екендігін, ал талап субъективті құқықты қамтамасыз етуге бағытталатындығын көрсетеді. Негізінен талаптар тұрғын үйге кіру, оған қарау және тінту жүргізуге байланысты қойылатын тек заңмен қарастырылған және анықталған жағдайларда ғана жүзеге асырылуы тиіс.

«Тұрғын үйге қол сұқпау» – ұғымының мағынасы «тұрғын үйге қол сұғу құқығына жол беріледі» – деген ұғымға қарағанда әлдеқайда кең. Оның мазмұнына әркімнің тұрғын үйге қол сұқпауды субъективті құқығы ғана емес, сонымен қатар басқада тұлғалардың бұл заңды сақтау міндеттеріңде кіреді. Сондықтан адамдардың жеке құқығы ретінде ғана емес, оны міндетті түрде құқық (заң) қағидасы ретінде де қарастыру қажет.

Т.Н. Добровольский, қарастырып кеткен талаптарды мойындай отырып, «қылмыстық процестің қағидасына: «адамның жеке басына, тұрғын үйіне және хат жазысу құпияларына қол сұқпау» – жатады деп нақтылайды, дегенменде біздің ойымызша тек қылмыстық сот өндірісінің қағидасы ретінде ғана түсінік беруге болмайды. Бұл ережелердің (талап, тәртіптердің) әрқайсысының саяси және заңдық мағынасы айтарлықтай кең. Себебі Кеңес одағы азаматының құқықтық мәртебесі КСРО Конституциясы негізгі заңымен белгіленген мемлекеттік құрама бөлікті көрсетеді» – деп тұжырым жасаған. «Жеке басқа қол сұқпаушылық, тұрғын үйге және құпия хат жазысуға қол сұқпаушылық – бұл Кеңес өкіметі азаматтарының ең басты субъективті құқығы болып табылады. Міне сондықтан сот өндірісі аясындағы қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мемлекеттік және қоғамдық мүдде болғандықтан, бұл конституциялық бастамамен шектеледі. Конституцияда субъективті құқықтар – тыйым (арест), тінту жүргізу және корреспонденцияға тыйым салу мен оны алу тәртіптері (ережелері) деталды түрде реттеліп қана қоймай, сонымен қатар бұл әрекеттерді прокурордың санкциясынсыз, соттың қаулысы немесе шешімінсіз жүргізуге тыйым салына отырып, қосымша процессуалдық кепілдіктер анықталып бекітілген», – деп көрсеткен [4, 22 б.].

Азаматтардың толып жатқан және әртүрлі құқықтары, бұл құқықтардың мемлекетпен ұдайы, қорғауылы құқықтық гуманизмнің жалғандығын көрсетеді. Заң азаматтардың құқықтарын бекітумен ғана шектеліп қоймай, құқықтық кепілдіктер мен бұл құқықтарды жүзеге асыру тәсілі туралы мәселелерді де қамтуы тиіс.

Тұрғын үйге қол сұқпауды қорғау кепілдік мәселесі қылмыстық процесте өз алдына ерекше мүддені көрсетеді. Қылмыстық процестің әрекет ету қағидасы тек оның мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге ондағы бекітілген кепілдік талаптарын орындау тәсілдерінің нәтижелігіне де байланысты.

Қылмыстық процестегі тұрғын үйге қол сұқпауды қорғау кепілдігі туралы мәселе өз алдына ерекше бір мүддені білдіреді. Себебі қылмыстық процессуалдық кепілдіктердің іске асырылуы – оның мазмұнына ғана емес, сонымен қатар онда бекітілген талаптарды орындауды кепілдендіретін тиімді құралдарға да тәуелді болып табылады.

Қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, ең алдымен қылмыстық қудалау және сот органдары заңдарында бекітілген. Оларға азаматтардың заңмен кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтары бұзылмас үшін қажетті барлық шараларды қолдану міндеттері жүктелген. Қылмыстық қудалау және сот органдарының құқық қорғау қызметінің тиімділігін жоғарлату қажеттілігінің шарты, өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді көздейді және ол ең алдымен қылмыстық процесте жеке тұлғаның құқығын қорғаудағы процессуалдық кепілдікті нығайтуға негізделеді.

Қылмыстық процесте қылмыстық процесс мәселелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қылмыстық сот өндірісі заңдылығымен анықталған тәсіл, процессуалдық кепілдік болып табылады. Ал, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының процессуалдық кепілдігі қылмыстық процессуалдық кепілдіктің құрама бөлігі болып табылады.

Тұрғын-үйге қол сұқпауды қорғау өз алдына жеке мағынаға ие және ол қозғалатын жағдайға байланысты әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Қылмыстық процесте сәйкес процессуалдық тәсілдерді пайдалану жолымен тұрғын-үйге қол сұқпау кепілдіктері анықталуы тиіс.

Тұрғын үйге қол сұқпау құқығы жасалған тергеу және соттық әрекеттерге және қылмыстық қатысушы барлық тұлғаларға сәйкес сот өндірісінде қамтамасыз етілуі қажет.

Тұрғын үйге қол сұқпау қағидасы алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарына: тұрғын үйді тексеру, тінту жүргізу мен алу туралы мәселелерді шешу кезінде заң талаптарын қатаң түрде сақтауды және бұл әрекеттерді жүргізу негізділігі заңдылығын сақтауды, дәлелдемелерді бағалаудағы жауапкершілікті, процессуалдық құқық нормаларын қолдануды міндеттейді.

Сонымен, бұл қағида тексеру, тінту және алу әрекеттерін жүргізудің, оны процессуалдық реттеу негізімен және қолдану тәртіптерінің негізгі процессуалдық формасы болып табылады.

Тұрғын үйге қол сұқпауға байланысты қолданылатын заңдылықтар қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың азаматтық құқықтарын қорғайтын бірқатар нормалардан тұрады. Бірақ бұл нормаларды қарастырмас бұрын, осы мәселеге қатысты туындайтын кейбір сұрақтарды анықтап алғанымыз жөн.

Тұрғын үйге қол сұқпау қағидасының мазмұнын (мағынасын) дұрыс анықтауға қажетті алғышарттар келесідей жағдайларды анықтаудан тұрады:

  • қарастырылып отырған қағида шеңберінде «тұрғын үй» – түсінігіне материалдық әлемдегі қандай объектілері жатқызылуы (кіруі) мүмкін;
  • субъектілердің процессуалдық жағдайы, қылмыстық іс жүргізумен байланысты кімнің тұрғын үйге қол сұқпау құқығы шектеледі;
  • қандай процессуалдық әрекет нәтижесінде тұрғын-үйге қол сұғу құқығына жол береді.

ҚР ҚІЖК 7 бап, 42 тармағында келесідей «баспана» – бір немесе бірнеше адамдардың уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның ішінде: меншікті немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйі, мейманхана нөмірі, каюта; көп пәтерлі үйлерді қоспағанда, оларға тікелей жалғасатын тұрғын үйлердің верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесі және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңіз кемесі», деп түсінік берілген [3].

Мұнда «тұрғын үй» түсінігімен толық қамтылатын объектілердің тізімі түгелдей берілген деп айтуға болмайды. Қылмыстық процесте объектілері қатарын дұрыс анықтау қажет, өйткені азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын негізсіз бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін.

ҚР ҚІЖК-нің 7-бап «Тұрғын үй» түсінігі туралы берілген тізімдердің басым көпшілігі 1986 жылы 5 қыркүйек №11 КСРО Жоғарғы Сот Пленумының «Жеке меншікке қарсы қылмыстар туралы» сот тәжірибелік іс бойынша» шығарылған қаулысынан алынған.

Бірақта бұл қаулыдағы «Тұрғын үй» ұғымына берілген қылмыстық құқықтың сипаттамасы қылмыстық-процессуалдық сипаттамамен тіпті сәйкес келмейді.

ҚР ҚК-нің 175 бап, 2 тармағының в тармақшасына сәйкес тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық, яғни бұл дегеніміз ұрлықтың кәсіптенген түрі болып табылады және оған қылмыстық жоғары жауаптылық бекітілген. Бұл алдымен тұлғаның ұрлық жасау мақсатымен бөтен адамның үйіне кіру әрекетімен байланысты барынша басқа тәсілмен жасалған ұрлық қылмыстарына қарағанда қауіпті қылмыс қатарына жатады.

Мұнда қылмысты жасаушы тұлға тұрғын үйге кіру үшін белгілі дайындықтар жасайды, есік-терезелерді, құлыптарды бұзады және басқада кедергілердің көзін жою үшін әртүрлі тәсілдерді қолданады. Сонымен қатар тұрғын үйге кіріп ұрлық жасайтын тұлға өзінің әрекетін саналы түрде жасайды. Ол өзін ұрлық үстінде біреу ұстап алуы мүмкіндігін біле тұра қылмыс жасауға барады. Бұл жинақтардың барлығы қоғамға аса қауіпті әрекеттер екенін көрсетеді. Осындай жағдайда тұрғын үйге кіріп бөтеннің мүлкін ұрлау аса қауіпті тәсілдерді қолдануды сипаттайды. Сондықтан «тұрғын үй» ұғымын нақты анықтау қажет.

Қылмыстық кодекс, процесте «тұрғын үй» ұғымының мазмұнын анықтау: тұрғын үйге қол сұқпау қағидасын толық қамтамасыз ету қажеттілігін және тексеру, тінту, алу әрекеттері жүргізілетін тұлғалардың мүддесін қорғау позицияларын есепке алу қажеттілігін көрсетеді.

ҚР ҚІЖК 7 бап, 42 тармақшасында берілген тізімде жатақхана бөлмелері (студенттік, ведомстволық және т.б.)демалу үйлеріндегі бөлмелер (нөмір), санаториядағы палаталар деген сияқты объекті-лері қарастырылмаған.

Сонымен бірге ғимаратты айтқанда міндетті түрде ол қолөнер, шеберхана және т.б. ретінде қолданылуы туралы айтылуы қажет (мысалы, шеберхана, сәулет, тігін және т.б.). Творчестволық шеберханалар тұрғын-үй қатарына жатқызылуы тиіс, себебі шебер қызметкерлері онда жұмыс істеп қана қоймайды, уақытының көпшілігін сол жерде өткізеді және де тамақтанады, демалады, ұйықтайды, ол жерде оның жеке заттары да болуы мүмкін.

ҚР ҚІЖК 7 бабының 42 – тармағында берілген түсініктерде тұрғын үй ұғымының мазмұнын тарылтады. Бұл жерде тұрғын үй ғимараттары (пәтер, үй, каюта, және т.б.) және оған жалғасып жатқан объектілері деп көрсетілген. Нақтылы жағдайда заң шығарушы қылмыстық – құқықтан шыға отырып тұрғын үйге түсінік берген. Жоғарыда айтылған заңнамада, тұрғын үй – бұл адамдардың тұрақты немесе уақытша тұруына арналған (жеке үй, пәтер, қонақ үйдегі бөлме, саяжайлық, саябақтық үйлер және т.б.) ғимарат, сондай-ақ оның құрама бөліктері; демалу, өзінің қандайда бір қажеттілігіне байланысты мүліктерін сақтауы үшін пайдаланылатын объектілері (балкон, әйнектелген дәліздер, қоймалар және т.б.) кіреді – деп түсінік берілген. Сонымен қатар заңнамада тұрақты немесе уақытша тұруға арналмаған құрылыстар, ғимараттар (мысалы: жертөлелер, гараждар және басқа да шаруашылыққа арналған объектілері) – тұрғын үй қатарына жатпайды – деп көрсеткен.

Жоғарыда көрсетілген тұрғын үйге байланысты ұғымдарды қылмыстық – процессуалдық тұрғыдан қарастыратын болсақ бұл ұғымдар дұрыс емес. Процессуалдық әрекетті жүргізу барысында тұрғын үйге қол сұқпау құқығын қорғау мәселесін қарастыру кезінде аталған заңдардың арасында шиеленістер, қарама-қайшылықтар туындайды.

Көпжылдық теорияда және сот-тергеу тәжірибесінде тұрғын үй – деп, тек тұрғылықты үй ғана емес, сонымен бірге қосымша бөлмелер (азаматтардың пайдалануындағы), оларға сарай, гараж, тұрғылықты үйге қосымша жапсар жайлар және т.б. жатады сондай-ақ адамның жеке өмірі аясында қолданылатын қосымша үй-жай, бөлмелер, т.б. [5, 27 б.].

ҚР ҚІЖК-нің 7 бабында жеке үйдің (жекеменшік) ерекшелігі мүлде ескерілмеген (оның ішінде үй және оған жалғасып жатқан объектілері ғана емес, сондай-ақ үй жанындағы учаскеде кіреді). Үй жанындағы учаскедегі құрылыс, олар үйге жалғасып немесе бөлек тұрғанына қарамастан және ол тұрғылықты үйдегі тұлғалардың пайдалануы немесе пайдаланбауына қарамастан, олар тұрғын үйдің құрама бөлігі болып табылады.

«Тұрғын үй» уақытша немесе тұрақты, бір немесе бірнеше адам тұруға арналған тұрғын үй немесе құрылыс, оның ішінде: жеке меншік немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйі; жатақхана, қонақ үй нөмірі, бөлмесі, демалыс үйлері, санаторий палаталары, каюта, творчестволық шеберхана; оларға тікелей жалғасып орналасқан дәліздер, террасалар, галереялар, балкондар; жертөле мен тұрғылықты құрылыс шатырлары көп пәтерлі үйлерді қоспағанда); су немесе теңіз кемелері; жеке немесе саяжай, саябақтағы үйдің жанындағы учаскеде орналасқан құрылыстар.

Субъектілердің процессуалдық жағдайы, қылмыстық іс жүргізумен байланысты кімнің тұрғын үйге қол сұқпау құқығы шектеледі деген мәселеге келетін болсақ, олар алдымен сезікті мен айыпкер болып табылады. Тінту, алу, тексеру деген сияқты тергеу әрекеттері негізінен солардың тұрғын үйлеріне жүргізіледі. Сезіктігің немесе айыпкердің тұрғын үйлері қылмыстың жасалған жері болып табылмайтын оқиға болған жерді тексеру объектісі, тұрғын үйді тексеру объектісі болуы мүмкін.

Аталған тергеу әрекеттері жәбірленушінің тұрғын үйіне де жүргізілуі мүмкін. Кейде жәбірленушінің үйіне оқиға болған жерді тексеру әрекеті жүргізіледі. Жәбірленушінің тұрғын үйі, ол қылмыстың жасалған жерімен байланыспаған жағдайда тексеру объектісі болып табылады. Теорияда жәбірленушінің үйіне тексеру әрекеттері өте сирек жүргізіледі, бұл әрекетті жүргізу жолымен жәбірленушінің өмірі және оның қызметі туралы құнды мәліметтер алуға болады деп көрсеткен.

Сонымен қатар жәбірленушінің тұрғын-үйлеріне тінту және алу әрекеттерінде жүргізілуі мүмкін. Қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті, маңызды қандайда бір құжаттар мен заттарды немесе заттай дәлелдемелерді жәбірленуші үйінде тығып қойды деуге жеткілікті негіздер болған жағдайларда олардың үйіне тінту әрекеті жүргізіледі. Жәбірленушінің үйіне алу әрекеті тәртіп бойынша оның келісімімен жүзеге асырылады.

Тінту әрекеттері басқа тұлғалардың үй-жайларына да жүргізіледі.

Айтылған жағдайларды В.И. Попов өз еңбегінде нақтылап көрсеткен «Тінту тек айыпкерге ғана жүргізілуі қажет деп санауға болмайды, қылмыстық жолмен алынған құндылықтар немесе іске маңызы бар заттар айыпкердің үйінде ғана емес, олардың достарының, туыстарының, таныстарының және басқада адамдардың үйлерінде жасырылуы, сақталуы мүмкін. Аталған тұлғалар тергеу органдарына заттай дәлелдемелерді өз еркімен бермеген жағдайларда, бұл органдар мәжбүрлі түрде тінту жолымен заттай дәлелдемелерді алуға құқығы бар» [6, 10 б.].

Ал, А.Р. Ратинов болса, тінту жүргізілуі мүмкін тұлғаларды процессуалдық тәртіп бойынша үш топқа бөліп: а) сезіктіге және айыпкерге; ә) қылмысқа қатысты немесе қылмыс жөнінде белгілі бір мәліметтер бар тұлғаларға; б) басқада тұлғаларға тінту жүргізілуі мүмкін деп көрсеткен.

Сонымен жәбірленушінің, сезіктігің, айыпкердің туыс, таныс, достары мен басқада тұлғалардың тұрғын үйлеріне тінту әрекеті ғана емес, сонымен қатар тексеру, алу және басқада әрекеттер жүргізілуі мүмкін. Дегенмен, бұл әрекеттер қандай да бір себептерге байланысты жәбірленушіге немесе сезікті мен айыпкерлерге таныс емес тұлғалардың үйлеріне де жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тексеру және тінту әрекеттері жәбірленушінің, сезіктігің немесе айыпкердің бұрын тұрған үйіне жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда бұл әрекетерді жүргізіп біткен соң, ол үйде тұратын адамнан куә ретінде жауап алу әрекеті жүргізіледі.

Тұрғын үйге қол сұқпау құқығы қағидасын дұрыс анықтау үшін міндетті түрде қандай процессуалдық әрекет нәтижесі бойынша тұрғын үйге қол сұқпауға жол берілу мәселелерін анықтап алуымыз қажет.

Тінту жүргізу қажеттілігінің туындау сипатының ерекшелігіне байланысты, ол тергеудің кез келген кезеңінде жүргізіледі. Мәселен, сезіктілерді ұстау кезінде оларға айып тағылғанға дейін ҚР ҚІЖК 135-бабы бойынша жеткілікті негіз болған жағдайларда аталған кодекстің 233-бабында көрсетілген ережелерді сақтай отырып тінту әрекеті жүргізіледі.

Тәжірибеде қылмыстық іс қозғалмай тұрып сезіктіні ұстау барысында, олардан қару-жарақтар, қылмыс құралдары және басқада қылмыс белгілері бар заттар мен құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу үшін, кейінге қалдырмай дереу түрде тінту жүргізу қажеттілігі туындайды. Көбінесе мұндай жағдайда жедел-іздестіру және күзет қызметкерлері қылмыс үстінде немесе қылмыс жасап біткен соң, олардың қылмысын ашып, ұстау барысында қылмыстық іс қозғау құжаттарын алдын ала бекітпестен жедел түрде тінту жүргізеді. Дегенменде тінту қандай кезде жүргізілмесін міндетті түрде жеткілікті негіздің болуы қажет. Себебі азаматтардың өмір сүрудегі жеке басына келетін болсақ, егер, мысалы: сезіктігің қылмыстық іске еш қатысы жоқ болып және одан тергеу мен іске қатысты ешқандай заттай дәлелдемелер табылмаған жағдайларда, олардың қадір-қасиеті мен ар-намысына қол сұғушылық болып табылады. Бұлай дейтініміз азаматтарды немесе олардың тұрған үйлерін, жеке ғимараттарын және басқа да жерерлері мен учаскелерін тінтіп кеткеннен кейін, оны көрген немесе естіген көршілері, жолдасжоралары, туыстары мен таныстары, қызметтестері және т.б. оларға әр уақытта күдікпен, сенімсіздікпен қараулары, болмаса мүлдем араласпай өзара қарым-қатынастарын тоқтатулары, сондай-ақ өздерін олардан аулақ ұстауға тырысулары мүмкін.

Ал енді жоғарыда айтылған мәселелердің барлығын ескере отырып, тінтудің негізі жайлы сөз қозғамастан бұрын оның фактілі және процессуалдық жақтарын ажыратып көрсеткеніміз жөн.

Қылмыстық іс жүргізудің процессуалдық негізі болып тергеушінің тінту жүргізу туралы қаулысы мен прокурордың санкциясы табылады. Тек жоғарыда айтып кеткендей, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда ғана тергеуші прокурордың санкциясынсыз ақ тінту әрекетін жүргізе алады. Бірақ, мұндай жағдайда тергеуші (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бап, 2-ші тармағын басшылыққа ала отырып тінту әрекетін кейінге қалдырмастан дереу түрде жүргізеді) [3].

24 сағаттың ішінде тінту нәтижесі жөнінде прокурорға хабарлауы тиіс. Прокурор тінту нәтижесінің негізділігі мен заңдылығын, оны жүргізу тәртібінің дұрыстығын тексеріп (қадағалай отырып), оның заңды немесе заңсыз екендігі туралы қаулы шағарды және ол сотта дәлелдеме ретінде пайдаланылады. Егер прокурор жүргізілген тінтудің заңсыз екендігі туралы шешім қабылдаса, бұл әрекет іс бойынша дәлелдеме ретінде жіберілмейді.

Тінту әрекеті қылмыстық іске қатысты мән-жайларды анықтау кезіндегі дәлелдеуге байланысты, қатысты барлық мәселелер мен сұрақтарды шешудің басты құралы болып табылады.

Тінту көбінесе: адам өлтіру, тонау, ұрлық, алаяқтық және басқада сол сипаттағы қылмыстар жасалған кезде қылмыстың ізін жасырды деуге жеткілікті фактілік (дәлелді) негіз болған кезде ғана жүргізіледі.

Фактілік негіз – белгілі бір жерде немесе қандайда бір адамда тергеуге қажет, іске маңызы бар заттардың болуы (туралы) жөніндегі мәлімет, дерек, ақпарат. Яғни, тінту жүргізудің қажеттілігін бекітетін нақтылы мәліметтерді айтамыз.

Қажетті мәліметтер, деректер, ақпараттар: оқиға болған жерді тексеруден, жауап алудан туындауы; процессуалдық ісқұжаттарынан, соның ішінде: куәлардың, сезіктер мен айыпкерлердің көрсетпеулері мен жауаптарынан; мекемелер мен кәсіпорындардың және т.б. қызметкерлерінің немесе өкілетті тұлғалардың хабарландыруларынан; азаматтардың арыз-өтініштерінен; сонымен қатар жедел-іздестіру жолымен алынуы мүмкін.

Тінтудің тағыда бір процессуалдық мәселелерінің қатарына тінтілуге жататын, тұлғалар шеңбері мен объектілері туралы мәселелерді жатқызуға болады.

Жоғарыда аталған мәліметтер, деректер, көрсетпеулер, хабарландырулар мен жедел-іздестіру анықтамаларында қай жерді (орынды) немесе кімдерді тінту қажеттілігін дәлелдейтіндей және нақтылайтындай жеткілікті негіздің болуы тиіс. Сондайақ бұл мәліметтерде тінту арқылы алынатын заттың, мүліктің, құжаттың және басқада алынуға жататын заттай дәлелдемелердің нақты тығылған, жасырылған жерлері мен орындары туралы қайнар көздердің көрсетілуі тергеу әрекетінің нәтижелігін арттырады.

Тінту жүргізудің негізділігі жөніндегі мәселе біздің ойымызша әрбір ситуациялық жағдайдың ерекшелігіне байланысты шешіледі.

Көп жағдайларда тінту қажеттілігі істің мән-жайларынан, нақты айтқанда мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу, жалған банкроттық, экономикалық және сол сияқты басқада қылмыстар бойынша тінту қажеттілігі қылмыстық іс сипатынан байқалады. Мысалы: мынандай жағдайларда: мемлекеттік құнды, бағалы заттар мен мүліктерді, ақшалай қаражаттарды ірі көлемде талан-таражға салу әрекеттері ұзақ уақыт бойы, жүйелі түрде жүргізілуімен байланысты және мемлекетке келтірілген шығындардың орынын толтыруды (өтеуді) қамтамасыз ету мақсатында айыпкерлерге міндетті түрде тінту жүргізіледі және бұл қылмысты ауырлататын жағдайдағы жасалынатын қылмыс болып негізделеді. Сондықтанда қылмысқа қатысы бар әртүрлі дәлелдемелерді ғана емес, сонымен бірге айыпкерлердің жеке басының өмір сүру жағдайларының (тұрмыс-тіршілігінің) деректерге, мәліметтерге сәйкес болуын тексеру қажет.

Тінту әрекеті көбінесе айыпкерлер мен сезікті тұлғаларға жүргізіледі, іске қатысы бар заттай дәлелдемелердің басқа адамдарда (мысалы: олардың туыстарында, көршілері мен таныстарында, достарында және т.б.) болу мүмкіндігі туралы жеткілікті негіздер болған және олар затты өз еріктерімен бермеген жағдайда, оларға мәжбүрлі түрде тінту жүргізіледі.

Іске қатысы бар дегеніміз – қылмыскердің қылмысын әшкерелейтін немесе олардың жеке басын сипаттайтын заттай дәлелдемелер.

Тінту жүргізу жөніндегі мәселе қолда бар материалдық іс құжаттары мен тергеушінің оны жан-жақты талдап, бағалауының негізінде шешілуі қажет. Бірақ тінту жүргізу туралы шешім мұнымен ғана шектелмейді, тінту жүргізу үшін міндетті түрде тінту жүргізудің процессуалдық негізі болып табылатын дәлелді қаулы шығарылуы керек.

Тінту жүргізу туралы тергеушінің қаулысы басқада тергеу әрекеттері бойынша шығарылатын қаулылар сияқты мынандай үш: кіріспе, сипаттау және қорытынды бөлімдерден тұруы қажет.

Кіріспе бөлімінде қандай іске байланысты қылмыстық іс қозғалғандығы жөнінде қаулыны шығару мерзімі мен уақыты, қаулы шығарып отырған тұлғаның тегі, қызметіне байланысты белгілі бір атақ, дәрежесі, атқаратын қызметі, сондай-ақ айыпкердің (сезіктігің) аты-жөні, ҚР Қылмыстық кодексінің қай баптарына сәйкес жауапқа тартылатындығы көрсетіледі.

Қаулының екінші, яғни сипаттау бөлімінде істің мән-жайы мен нақты бір тұлғаға тінту жүргізу негізі қысқаша баяндалып жазылады. Алынған фактілі мәліметтердің қайнар көздерін тізбектеп жазудың және олардың осы немесе басқада қылмысқа қатыстылығы жөніндегі жорамалдар туралы жазудың қажеті жоқ. Мәліметтер жайлы толық ақпараттар мен деректерді сипаттау көлемі тергеушіге байланысты жазылады. Тінту кезінде процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылатындықтан және тінтілетін тұлғаға тінту негізсіз жүргізілсе, сотқа шағымдануға құқығы бар екендігін естен шығармаған жөн. Ол үшін тергеуші нақты тергеу әрекетін жүргізуге қандай жағдайлардың негіз болатынын білулері тиіс.

Тәжірибеде тінту жүргізу үшін шығарылған қаулының сипаттау бөлімінде тінту барысында табылуы мүмкін және іздестіруге қажетті заттай дәлелдемелер мен құндылықтар туралы жазу сияқты мәселелер туындайды. Бұл мәселелер нақты тергеу ситуациясына, іс бойынша тінту жүргізу қажеттілік сәтіндегі жағдайларға байланысты шешіледі.

Қорытынды бөлімде: тінту кімге жүргізілетіндігі, оның тегі, аты-жөні, мекенжайы толық әрі нақты көрсетілуі қажет. Тінтуді егер тергеушінің өзі жүргізбейтін жағдайларда шығарылған қаулының қорытынды бөлімінде тінту жүргізу нақты кімге тапсырылғандығы туралы жазылады. Олар мысалы: бір уақытта (мезгілде) әртүрлі объектілерде, жерлерде тінту жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайларда басқа тергеушілер немесе жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері болуы мүмкін.

Бұл мәселелер жөнінде ұзақ жылдар бойы бір қалыпты көзқарастар қалыптаспаған, кейбір заң әдебиеттерінде көптеген және әртүрлі пікірталастықтар кездеседі. Бір ғалымдар «тергеуші тінтуге тікелей өзі қатыспауы, тек оларды басқарып отыруы керек және барынша сезіктеген жерлерді тексерумен тергеушінің жеке өзі айналысуы тиіс, ең қажетті объектілерді зерттеп, іздестіру құралсаймандары мен ең күрделі әдіс-тәсілдерді қолданылуы қажет», – деп есептейді.

Қылмыстық процессуалдық заң тергеушінің қаулыға тінту жүргізу қажеттілігін түсіндіретін нақты, дәлелді себептерін жазып көрсетуді міндеттейді. Тінту жүргізу негізділігін растайтын, көрсететін қаулыдағы дәлелдер тергеушінің заңсыз жүргізген әрекетіне іске мүдделі тұлғалардың шағым жасап, өз құқықтарын қорғауларына мүмкіндіктер береді. Тергеушілер көбінде тінту жүргізу үшін заңда жеткілікті негіздің болуы қажет деген талаптарды дұрыс сақтамайды және орындамайды. Тергеушілер көбінесе қандайда бір тұлғаларда немесе жерде, орында іске қажетті, маңызы бар – заттар, құжаттар мен басқада объектілері болуы мүмкіндігіне және қылмысты жасады деп сезіктенген тұлғаларға байланысты істің мәнжайы бойынша барлық дәлелдерді, себептерді толық көрсетпестен қаулы шығарып, оларға тінту жүргізеді және құқықтарын шектейді.

Заң нормаларын сақтамау азаматтардың құқықтарын бұзып қана қоймайды, сонымен қатар тергеушілердің профессионалдық қызметтік міндеттеріне қайшы әрекет болып табылады. Тергеу тәжірибесінде кейде оқиға болған жерді тексеру әрекетінің орнына тінту әрекеті жүргізілетін жағдайларда кездесіп жатады. Оған мынандай мысалдар келтіруге болады. Адам өлтіруге байланысты қылмыстық істі тексеру барысында сезік оның әйеліне келтірілген. Қылмыс жәбірленушінің (әйелімен бірге тұратын) үйінде жасалды деп санай отырып тербеуші ол үйге «тексеру», яғни оқиға болған жерді тексеру әрекетін жүргізген. Бұл әрекетті жүргізу барысында тұрғылықты учаскелерге, ауладағы құрылыстарға және үйдің өзіне іздестіру жұмыстары жүргізіліп, едендер ашылып, көрпе-жастықтар сөгітіліп тексерілген. Басқада қылмыстық істі тергеу барысында мұндай қателіктер кетіп жатады. Мәселен, жалған ақша жасау үшін қолданылатын құралсаймандарды сезікті Айбаровтың жұмыс орнынан іздестіріліп тінту жүргізіліп, ол оқиға болған жерді тексеру хаттамасында рәсімделген жағдайлар да кездеседі.

Мұндай әрекеттер, түбі даудың туындауына немесе заңмен бекітілген процессуалдық кепілдіктерді бұзуға әкеп соқтырады.

Тергеушілер міндетті түрде тінту жүргізер алдында тінтуге қатысушы тұлғаларға істің мән-жайы туралы ешкімге жария етпеулері туралы ескертулер жасауға, сондай-ақ оларың құқықтары мен атқаратын міндеттерін түсіндіруге міндетті. Тергеу әрекеті барысында табылған және алынатын заттарды көрсетіп және ол заттардың ерекше белгілеріне көңіл бөліп, қажет болған жағдайларда міндетті түрде түсіндірмелер берілуі тиіс. Тінту кезіндегі әрекеттердің барлығын куәгерлер толығымен бақылап отыруы үшін мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз ету қажет.

Кейбір тәжірибелік қызметкерлер іздестіру жұмыстарын куәгерлерге тапсыра салады, бұл дұрыс емес. Тергеу әрекеттерін жүргізуге тек мемлекеттік өкілеттілігі бар тұлғалар ғана құқылы. Куәгерлер іздестіру кезінде табылған заттарды зақымдап немесе бүлдіріп алулары мүмкін, сондай-ақ олар жүргізіліп отырған әрекетті Бақылаудың орнына өздері іздестіру жұмыстарымен шұғылданып кетуі мүмкін, міне осындай жағдайлармен заң тағыда бұзылады. Азаматтарды жеке тінтуге қатысты мәселеге келетін болсақ, жеке тұлғаны тексеруші, сол жыныстағы тұлға болуы тиіс.

Тінту заң бойынша тек тінтілетін жердің иесі болған немесе оның отбасының кәмелетке толған мүшесі, болмаса оған жауапты тұлғалардың қатысуымен жүргізілуі қажет.

Көбінесе тәжірибеде тұрғын үйге тінту жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін қатыстыру қиынға соғады. Әсіресе олардың қатысуын түнгі уақытта қамтамасыз ету өте қиын. Оқиға болған жерді тексеру хаттамаларына және тінту жүргізу хаттамаларына жасалған талдаудан тұрғын үйде кәмелетке жасы толған адамдардың болмау жағдайларында тінту жүргізуге тұрғын үйді жалға беру мекемелерінің өкілдері шақыртылатыны көрсетіледі. Осыған орай, мұндай тергеу әрекеттерін жүргізу барысында олардың шақырылу мүмкіндігін заңда қарастыру қажет.

Тінту жүргізу барысында сол тұрғын үйде тұратын кәмелетке жасы толған адамның қатысуы көзделген. Бұл талап төмендегі мақсаттардан тұрады:

а) тұрғын үйге тінту, тексеру жүргізу барысында заң бұзушылықтың орын алуына жол бермеу, себебі кәмелеттік жасқа толған адам мұндай әрекеттерді жүргізу барысында маңыздылық танытады;

б) тұрғын үйде тұратын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу фактілері болған жағдайда дер кезінде шара қолданады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Коврига З.Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. – Воронеж: Изд. Воронежского университета, 1975.
  2. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995ж. // www.zakon.kz
  3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13желтоқсан 1997 ж.// www.zakon.kz
  4. Добровольский Т.Н. Принципы советского уголовного права: Вопросы теории и практики. – М.: Юридическая Литература, 1971.
  5. Комментарий УПК РСФСР (Алексеев В.Б. и др.). / Под ред. А.М. Рекункова, А.К. Орлова. – М.: Юрид. лит., 1985.
  6. Попов В.И. Обыск. – Алма-Ата: Тип. КазГУ, 1959.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.