Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасөспірім болашағы– қылмыстылықты алдын-алудан басталса...

Қай қоғамда болса да қылмыстық әрекеттің орын алуы сол қоғам өмірі бейжай қалдырмайтын адамды ойлантары хақ. Қылмыстың үлкен кішісі жоқ, сондықтан, күнделікті үлкен немесе кішінің қолымен іске асып жатқан қылмыстардың азаймай, көбеюі – сол қылмыстарды жүзеге асырғандардың болашақ өмірінің жарқын жақтармен емес, керісінше, бұлыңғыр шақтарға толы екенін көрсетсе керек. Қалай болғанда да қылмыстылықпен күресті жүргізе беру мемлекетіміздің сындарлы саясаты ретінде қала беретініне күмән жоқ. Жалпы қылмыстылықпен, соның ішінде кәмелетке жасы толмағандардың қылмысты-лығымен күрес жүргізудің тиімді жақтарын қарастыра отырып, алдын алу, ескерту шараларымен әсер ету басты талап ретінде қала бермек.

Шынын мәнінде де жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күрес шараларының тиімділігі қылмыстылықты ескерту, одан кейін оның алдын алуда сияқты. Қылмыстылықтың азайып немесе көбеюі ешкімді тақалдырмаса керек. Оған себеп, қоғамға қауіпті осындай әрекеттерді адамдардың үйреншікті құбылыс ретінде қабылдауынан болса керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жалпы қылмыстылық, соның ішінде жасы кәмелетке толмағандар қылмысының одан тәрі көбейіп, белең алмауы үшін тек қана құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана емес, сондайақ олардың ата-анасының ат салысуымен жасы кәмелетке толмағандардың қатысуымен жүргізілетін тәрбиелік шаралардың нәтижелі болуына баса назар керек екендігін баса көрсеткенін айтсақ та жеткілікті.

Жалпы қылмыстылықтың алдын-алуды көп зерттеген қазақстандық ғалымдар (Е.І. Қайыржанов, И.Ш. Борчашвили, М.К. Ынтықбаев, З.С. Токубаев, Н.Д. Мухамедьянов) қылмыстылықты ескерту бірбірімен иерархиялық байланыстағы міндеттерден тұратынын айта келіп, оның біріншісі тұтастай алғанда қылмыстылық динамикасына, құрылымына, себептеріне алдын алушылық әсер ету (әлеуметтік алдын алу). Екіншісі қылмыстық мінез-құлық түрлері мен нысандарын ескерту, қоғамдық өмірдің белгілі бір саласындағы қылмыстарды ескерту, жекелеген әлеуметтік топтар мен басқалардың қылмыстарын ескерту (криминологиялық алдын алу). Үшінші міндет жеке адамдардың қылмыс жасауын ескертуден тұратынын (жеке криминологиялық алдын алу) баса көрсеткен [1].

Белгілі, заң криминолог-ғалым, заң ғылымдарының докторы Ө.С. Жекебаев қылмыстылықты ескертудің тиімділігі ең алдымен топ болып жасалған қылмыстылықты ертерек тауып, алдын алуда екенін ғылыми деңгейде саралап, нақты да дәл тұжырымдар жасау арқылы көрсеткен [2]. Дәл осындай пікірді С.А. Шапинова да қолдаған [3].

Ал, көрнекті ғалым Е.О. Алаухановтың тұжырымы бойынша, қылмыскерліктің алдын алу және оны тудыратын себептерді жою мақсатында жүргізілетін мемлекеттік және қоғамдық щаралар жүйесі [4] болып қала бермек.

Заң ғылымдарының докторы Е.Б. Абдрасуловтың пікірінше, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жалпы қылмыстылықпен күреске тиімділігін тигізеді [5].

Қылмыстылықтың ескерту мәселесін тікелей саралайтынын болсақ, ол қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердің алдын алудан көрінері айтпаса да түсінікті. Осы тұрғыдан қарасақ, ресейлік ғалым И.И. Карпецтің «қылмыстың әртүрлі нысандары мен түрлерін ескертудің және жеке алдын алудың шараларын қарастыруда зерттеулердің шектерін анықтаудың маңыздылығы зор» деген пікірі ойға оралады. Қалай десек те, осы жерде белгілі қазақстандық ғалымдар Е.І. Қайыржанов, И.Ш. Борчашвили, М.К. Ынтықбаев, З.С. Токубаев, Н.Д. Мухамедьяновтің ресейлік ғалымдардың В.Н. Кудрявцев, Г.М. Миньковский және А.Б. Сахаровтың еңбектеріне сүйене отырып, қылмыстылықты ескерту міндеттерін шешуге байланысты олардың қоғамдық қатынастары мен заңдылықтарының қызметін анықтай отырып, қоғамдағы криминогенді процестердің қалыптасуы мен әрекет етуінің жолын кесу қызметін жүйе ретінде және осы қалыптасу мен тұлғалардың қалыптасу байланыстарын, тұлға мен қылмыс жасау арасындағы байланыстарды сипаттады. Заңдылықтардың мұндай танымы қылмыстылықты ескерту теориясы нәрсесінің дәні болып табылады. Алдын алу әсерінің шаралары шешілетін міндеттерінің сипатына қарай жалпы, арнайы және жеке болып бөлінеді деген пікірімен келіспеске болмайды.

Шынында да қылмыстылықты түп тамырымен жойып, болдырмай қою мүмкін емес. Десек те белгілі бір шаралармен әсер ете отырып тежеу, азайту бүгінгі күннің еншісіндегі нәрсе. Олай деуге себеп, адам қылмыскер болып тумайды, оны криминогендік жолға салған қоршаған орта, әлеуметтік жағдай немесе жастық шағындағы аңғалдық, өзін өзгелерге мықты етіп көрсеткісі келген балалық, еліктеушілік, ересектер ықпалы т.б. сияқты сан-алуан себептердің шырмауы болуы мүмкін екендігін естен шығармаған дұрыс сияқты. Шырмаудың ерте ме кеш пе шешілетін кезі болады, сондықтан, сол тұйықталған шырмауды дер кезінде шешіп дұрыс бағытбағдар берсек, нәтиженің болары сөзсіз.

Қылмыстылықтың алдын алып, ескертуге әсер ететін шаралардың бірі – қылмыстық-құқықтық тиімділікті арттыру. Ол жалпы жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстардың нәтижелілігін көрсетіп қан қоймай, құқықтық реттеудің тиімділігін де жан-жақты көрсететін сияқты.

Қылмыстық-құқықтық реттеудің тиімділігін анықтайтын ең негізгі және жалпы жағдайлар екенін ескерсек, ол экономикалық құрылыс пен оған негізделген қоғамның мәдени дамуы болса, онда алғашқы кезекте құқықтық дамуды анықтау басты орын алады. Құқықтық дамудың қаншалықты деңгейде екенін анықтауоның болашағының қаншалықты өміршең екендігіне көз жеткізіп, заңдылықтарда орын алған олқылықтардың орнын толтыруға, заңдылықтарды толықтыруға мүмкіндік берері сөзсіз. Бұл, әрине, заңдылықтардың дұрыс жұмыс істемей немесе өз деңгейінде емес деген ой тудырмасын хақ. Керісінше, құқықты оданда ары қарай жетілдіре түсіп, оның тиімділік нәтижесінің арта беруіне көзқарас білдіру.

Біздің көзқарасымызша, қылмыстыққұқықтық тиімділіктің маңызды жағдайларына:

  • қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси заңдылықтарының талаптарын құқықтық жағынан алдын ала жабдықтау;
  • заң шығарушылық қызметі процесінде басқарудың және реттеудің жалпы қағидаларының есебі;
  • реттеу мен басқару процесі қызметінде жалпы қағидаларды есепке алу;
  • заң шығарушылық процесінде заңдылық техникасының ережесін сақтау;
  • құқықтың мазмұны жөнінде алдын ала белгіленген жерлердің (адресаттардың) хабардар болуы;
  • қоғамдық заңдылық кестесі.

Біздің ойымызша, әрбір келтірілген жағдайлардың өзіндік белгілі маңызы бар. Олай деуге себеп, қоғамның әлеуметтікэкономикалық және саяси заңдылықтарын жабдықтау ең негізгі болып табылатындықтан, ол бірінші кезекте қылмыстыққұқықтық реттеудің тиімділігін анықтайды. Бірақ, бұл барлық басқа жағдайлардың маңыздылығын жоққа шығармайды.

Қоғам дамуының объективті заңдылықтарын дұрыс бейнелеп отырған қылмыстық-құқықтық ереже заңдылық техникасының үлгілерінен немесе басқару, реттеудің жалпы қағидаларынан ережелер шығару кезінде бұзылған жағдайда тиімсіз болуы мүмкін.

Ережелер шығару кезінде негізгі шарттар сақталған жағдайда да нақты жоспарланған нәтижеге әкелмеуі мүмкін, оған себеп, оның мазмұны жөніндегі мәліметтер белгіленген жерлерге өз уақытында жетпейтіндігінен болса керек.

Біз мұнда қылмыстық-құқықтық реттеудің тиімділік жағдайларының кеңейтілген құрылымын мазмұндау міндетін қоймаймыз, десек те, қылмыстық – құқықты тиімділік жақтармен реттеуді арттыру жағдайлары құқық жасаушылық пен құқық қолдану қызметін жүзеге асыруға бағытталған, ғылыми негізделген шаралар

[6] болып табылатынын еске сала кеткен артық емес. Сонымен қатар, бұл жалпы құқық теориясының мәселесі екені даусыз.

Құқықтық талап-тілектер қоғамның көрсетілген сипатты белгілерін дамытып бекіткендіктен, ол бәрінен бұрын қылмыстық-құқықтық реттеудің тиімділігіне байланысты. Қоғамдық дамудың міндеттерін шешудегі жарты ғасырдан асқан тәжірибе көрсеткендей, құқық әлеуметтікэкономикалық және саяси міндеттерді шешудегі ең маңызды құрал болып табылады.

Осыған байланысты экономика мен құқықтың өзара қарым-қатынасының маңыздылығы туындайды. Құқық бұл жерде қоғам дамуының заңдылықтары мен экономикалық заңдары объективті нақты пайдалану формасы ретінде көрініп, оны шешуді маңызды тәжірибелік жолдарының бірі болып қалады.

Алғашқы арнайы қылмыстық-құқтық форманы әлеуметтік экономикалық заңдарды пайдалану азаматтар, ұжым мен барлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсатының бірлігін көрсетеді. Бұл жерде есте сақтайтын нәрсе, әлеуметтікэкономикалық заңдылықтың құқыққа әсер етуінің "тікелей еместігі".

Қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тұрмыстық факторлар, тарихи дәстүрлер мен тенденциялар бар екенін еске алсақ, оның әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды құқықпен жабдықтайтынын ұмытпауымыз керек.

Мемлекет заңды шығару кезінде қандай да болмасын тиімділік мәселелері мен мақсатты дұрыс қоюы керек. Қоғам дамуындағы объективті заңдардың дамуы жөніндегі білім заң шығарушы нақты нормативті актілерді шығаруға мүмкіндік беріп, адамдардың әрекеті заң шығарушы үшін нақты, көзделген нәтиженің себебі болып табылады.

Құқықтық мақсат жөнінде Д.А. Керимовтың пікірін алуға болады. Ғалымның пікірінше, "құқықтық мақсат объективті болғандықтан, ол қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен анықталады. Яғни, ол әрбір жекелеген жеке адамның еркі мен санасына байланысты болмайды.

Қылмыстық құқықтық тиімділік әрекеті ең алдымен қоғамдық дамудың мойындалған заңдылықтардың объективті мүмкіндіктерін нақты және дұрыс жүзеге асыруда болып табылады [7].

Сондықтан болар, құқықтық қағидалар қоғам дамуындағы нақты қылмыстық-құқықтық объективті заңның құралы және мақсаттарының өте қажетті сәйкестігін қамтамасыз ететін бағдар беруші эталондары болып табылады.

Қоғам дамуының объективті заңдарының құралдары және құқықтық мақсаттардың жалпы қағидалары қылмыстыққұқықтың тиімділігін алдын ала анықтамайды. С.С. Алексеев көрсеткеніндей, заң шығарушы және басқа да органдар құқық заңдылығын есепке алумен қатар, құқықтық реттеуді де есепке алып отыруы қажет [8]. Бұл жерде С.С. Алексеев нақты қандай құқық заңдылығы жайында сөз болып отырғанын, құқық заңдылығы ретінде нені түсінетінін атап көрсетпеген.

Құқықтық хабарламалардың халыққа жетуі жөнінде арнайы анкеталардың көмегімен құқықтық тиімділік хабарламаларын насихаттауды оқып-үйренудің тиімділігін зерттеген ғалымдар (Д.А. Керимов, В.Б. Никитин, В.В. Орехов, Л.И. Спиридонов) зерттеуі қызығушылық туғызады. Олардың анкеталық зерттеуі көрсеткендей, әртүрлі хабарламалардың және құқықтық білімнің әр адамға әрқалай жететіндегі. Сұралғандардың жартысына жуығы құқықтық хабарламаларды тек тікелей баспасөз беттерінен оқыса, үштен бірі дәрістерден естіген. Сұралған адамдардың барлығы заңдылықтағы жаңалықтар мен өзгерістерді мектептен, достарынан, ата-анасынан, ауладағы таныстарынан естіген, сөйтіп, ең алғашқы құқықтық білімді алғаш естіген адамнан алған екен. Арнайы жаппай хабарлау каналдары мен заң актілері жинағы, арнайы заң әдебиеттері секілді ағымдар әрекеті белгілі ғана деңгейде болған. Сұралған адамдардың біразы құқықтық хабарламаны радио, теледидар арқылы алған.

Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімділігі олардың қоғамға жат әрекеттерін азайтып, қоғамға жат қадам басуын сиретері белгілі. Құқық бұзушылықтың күннен күнге көбеюі құқықтық білімнің төмендігін дәлелдей түсіп, сол бағытта көп жұмыс істеуді тереңірек қажет етеді.

«Қоғамға жат кейбір жеңіл-желпі құқық бұзушылықтан басталған әрекеттерден қылмыстың туындауы құқықтық танымның жоқтығын, құқықтық білімнің төмендігін» дәлелдей түскендей [9].

Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімін жетілдіру болашақта құқық бұзушылық пен қылмыстылыққа тосқауыл болары сөзсіз.

Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімін жетілдіру жөнінде қомақты ой қозғап, жасөспірімдердің құқық бұзуына себепкер болатын осы құқықтық білімнің таяздығы екендігін баса айтқан белгілі криминолог ғалым Елеген Ізтілеуұлы Қайыржанов пікірін қолдаған ғалымдар Ө.С. Жекебаев, М.С. Нарықбаев, Е.О. Алауханов, Е.Б. Абдрасуловтар оның алдын-алу жолдарын қарастырып,нақты шаралармен әсер етуді ұсынды.

Дәл осындай пікірді ұстанған Ресейлік ғалым А.И. Долгова жасөспірімдердің құқықтық танымының қаншалықты жоғарылығын анықтау мақсатында анкеталық сұрақтардың маңыздылығына көз жеткізді. Ол анкетаның «ашық» «жабық» түрін пайдалану арқылы, кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылыққа деген көзқарасын анықтап, олардың қаңдай да болмасын қоғамға жат әрекеттеріне жауапсыздықпен қарайтынын дәлелдей келе, оған құқықтық танымның төмендігі себеп болатынын тағы да атап көрсетті [10].

Құқықтық, соның ішінде қылмыстық-құқықтық, тиімділік нормаларының радио мен баспасөз арқылы тараған түрінен гөрі теледидарда тарауы үлкен тиімділік әкеледі. Оған себеп, радио мен баспасөзде арнаулы құқықтық арнадағы хабарлар өте көп болса да, оны жасы толмаған балалардың үнемі тыңдай, оқи алмауы. Ал, заңдағы жаңалықтар, қылмыстық істер жөніндегі хабарламалар, балаларға кеңес бере айтылған ақыл-кеңесті теледидардан олар үнемі көре алады. Бұл олардың құқықтық тиімділік пен білімін өсіруге көп көмегін тигізеді және де кез келген жат әрекеттен жирендіріп, ойлантары хақ. Олай болса, жасы толмаған балалардың құқықтық сауаттылығы – құқықтық тиімділікке көп әсерін тигізіп, ағат қадам жасауына тосқауыл болары сөзсіз.

Құқықтық саланың қорғалу функциясы қоғамдық қатынастарды қорғау қажеттілігіне, бүкіл қоғам, азаматтардың әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғаумен анықталады. Қорғау функциясының негізін тағайындау құқық бұзушылыққа тойтарыс беру қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда көп болса да, ол аздық етері сөзсіз.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 2 – бабында "...адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны... ...қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылатыны" айтылған. Біздіңше, бұл жерде қылмыспен күрестің жалпы мақсаттары айқындала түссе керек.

Қылмыстық-құқықтық норма мен оның механизмінің азамат тәртібіне әсерінің мәнін талдау басты мақсат емес. Ол тек қылмыспен күрес шараларының тиімділігін арттыру үшін ғылыми негізділікті көрсетеді.

Сонымен, белгілі болғандай, құқықтың тиімділігі қоғамдағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны іске асыруда нәтиже алудағы қабілеттілік. Қазіргі кезде жасы толмағандардың қылмысымен күрестің негізгі құралы ретінде қылмыстық құқық нормасын дұрыс пайдалану болса, бұл жасы толмағандар қылмысымен күрестің қылмыстық құкықтық шараларының тиімділігін әлеуметтік деңгейде зерттеу, оқыпүйрену тұрғысынан көрінеді. Осыдан барып, тиімділіктің дұрыс жолын таңдап, тиімділік сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Сондықтан, зерттеу бұл күн тәртібінен түспейтін мәселенің жан-жақты көзге көрінбес жатарын қамтуы тиіс.

Криминологиялық тұрғыдан қарасақ, қазіргі кезде жасы толмағандар қылмысымен күрестің негізгі құралы қылмыстық-құқықтық нормаларын дұрыс пайдалану болса, әлеуметтік зерттеудің басты бағыты жасы толмағандар қылмысымен күрестің қылмыстық-құқықтық шаралардың тиімділігін пайдалану, іске асыру, сөйтіп, жоғарыда атап өткендей, кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алып, ескерту шараларымен әсер ету. Алайда, қылмыстық заңдылық пен оның тиімділігін пайдалану көбінесе, заң техникасының қағидаларын бұзуға байланысты төмендейді.

Жасы толмағандар қылмысын ескерту шараларының тиімділік проблемасын оқып-үйрену тек қана нақты заңдылықты жетілдірумен шектелмейді, бұдан оның тәжірибеде қолдану қажеттілігін зерттеу, оқып-үйрену қажеттігі туындайды. Ол жасы толмағандарға тағайындалатын жаза болуы мүмкін.

Қылмыстық құқықтық ғылымда әлі де болса, толық зерттелмеген қиын мәселенің бірі жасы толмағандардың қоғамға жат әрекеттерінің ерте бастан шығатынын дер кезінде көре алмау. Оған қоса, жасөспірімдердің қаңғыбастыққа салынуының себептері мен жағдайын ашу нақты зерттеуді қажет етсе, бұл олардың қоғамға жат әрекеттерінің ерте бастан біліне бастағанына куәгер етеді. Жасы толмағандардың қаңғыбастығы олардың құқық бұзушылығының алдын-алу проблемасымен тығыз байланысты екені айтпаса да түсінікті.

Соңғы кездегі статистика балалар үйінен шыққан балалардың 30%-ға жуығы «қаңғыбас», 20%-ы қылмыскер қатарына қосылса, 10%-дайы өмірімен қоштасатынын дәлелдеген. Ал, Шығыс Қазақстан облысында балалар үйінен шыққан жасөспірімдердің 7%-ы қылмыскерлік жолды таңдаса, 0,1%-ы жеңіл жүріспен айналысып, 0,5%-ы нашақорлықты жанына серік еткен.

Сондай-ақ, республика бойынша жылына «қаңғыбастыққа» салынған 2500ден аса балаға іздеу салынса, одан Шығыс Қазақстан обылысы да кенде емес. Өскемен қаласы бойынша, қаңғыбастыққа салынғандар мен құқық бұзып, әкімшілік жауапқа тартылғандар 13-15 пайызды құрайды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысына бағытталған қылмыстық, әкімшілік заңдылықтарының проблемасы бүгінгі күні бірінші орында десек, қателеспеген болар едік. Қылмыстық, әкімшілік заңдылықтарының проблемасы жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қызметімен тығыз байланыстылығын бұл жерде еске сала кеткен артық емес. Жалпы, жасы толмағандардың қоғамға жат қылықтарын ерте бастан ашып, алдын – алу, қылмыстылықты ескерту проблемасы құқық бұзушылықтың профилактикалық тиімділігінің негізі.

Қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығының арсеналы болып табылатын жасы толмағандар қылмысымен күрес құралының қандай жағдайда екенін, оның жастар қылмысымен күрес ұйымдарының міндеттерге жауап бере алатындығын, қазіргі кезде қаншалықты тиімділігін беріп отырғандығын түсіндіру зерттеудің мақсаттарының бірі.

Қазақстандық криминологтардың зерттеулері құқық бұзған жасы толмағандардың 4/ 3-і қылмыс жасаған кезде, олардың бұдан тәрбиелік – профилакториялық шектен шығып, ішкі істер бөліміне, жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияға "түскендеріне" куәгер болғанын көрсеткен. Десек те, қоғамға жат қылықтарымен ерекшеленген жасы толмағандарға дер кезінде бағыт-бағдар берсе, олардың қылмыс табалдырығын "аттамауына" себепкер болған болар едік. Кәмелетке жасы толмағандардың қылмысын ескерту шараларының тиімділігін зерттеу проблемасы жекелеген құқық нормалары мен оны тәжірибеде қолданумен шектелмесе керек.

Кәмелетке жасы толмағандар қылмысымен күрес туралы заңдылықты қамтитын құқықтық тиімділік:

  • қылмыс деп табылған коғамдыққауіпті әрекеттің заңда көрініс табуының толықтығы, деркезділігі, дұрыстығынан;
  • әлеуметтік-экономикалық заңдылықтың заң талап-тілектеріне сәйкес келуінен;
  • қылмыстық заңдылықтың тұрақтылығы және оның бірыңғай қолданылуынан;
  • қылмыстық-құқықтық санкцияны қолданудың қоғамдық шара әсерімен сәйкестігінен;
  • қылмыстық санкцияның қылмыстық-құқықтық норма мазмұнымен жұртшылықтың хабардар болуынан көрінеді [11].

Біз профессор Л.П. Спиридоновтың бұндай көзқарасын толық бөліп алып көрсетудің өзіндік орыны бар.

Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысымен күрес жалпы қылмыспен күресте, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда үлкен орын алады. Сондықтан да, қылмыспен күрес шараларының қылмыстық-құқықтық тиімділігін көтеру жас жеткіншектердің тәрбиесіне бағытталған күрес стратегиясы болып табылады.

Қылмыспен күрестің қылмыстық-құқықтық тиімділігі проблемасы күн тәртібінен түспейтін проблема ретінде қалары даусыз.

Қылмыстық-құқықтың тиімділік проблемасы, тиімділікті іске асырудың тиімділік нормасы, қылмыстылықты алдын-алып, оны ескерту проблемалары, қылмыстық жауаптылық проблемасы, қылмыс тұлғасы мен оның қылмысқа тікелей қатыстылығы, "жас қылмыскерлер" проблемалары – бәрі-бәрі шешуін жеделдетуді қажет ететін проблема болып қала бермек. Ол – болашақтың еншісінде десек, артық айтқандық болмас. Десек те, болашақ еншісіне қалдыру оның шешімін табуды баяулатары сөзсіз. Сондықтан, тез арада қолға алу қажеттігі туындар болса, ол талаптан туған міндет болмақ.

Жалпы құқықтық тиімділік мәселелері күн тәртібінен түспейтін мәселе ретінде қалып қоймас үшін үздіксіз жұмыс істеудің қажеттігі туындайды. Жоғарыда айтылғандай, белгілі ғалымдардың (Е.І. Қайыржанов, И.Ш. Борчашвили, М.К. Ынтықбаев, З.С. Токубаев, Н.Д. Мухамедьянов) ізденісінен туған ұсыныстар мен талап тілектерді жүзеге асыру үшін ескерту мәселелерін ерте жастан бастап қолға алу керек. Себебі, ерте жастан жанұядан бастау алып, мектеп табалдырығынан жалғасын табатын ескерту шаралары кейін тиімділігін берері сөзсіз. Сондықтан дұрыс сараланып, өз деңгейінде жұмыс істеген құқық тиімділігін берсе, тиімділік құқықпен тікелей байланыстылығын көрсетіп, өз нәтижесін береді. Сонда ғана қылмыстылықты ескерту шаралары тиімділік беріп, жоғарыда айтқандай, нақты құқықпен тікелей байланыстылығын көрсетіп, тиімділік кепілі болмақ.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Ынтықбаев М.К. Қылмыстылықты ескерту криминологиялық теориясының жалпы сипаты. Астана, 2005.
  2. Джекебаев Ө.С. Соучастие в преступлении. Алма-Ата, 1981.
  3. Шапинова С.А. Индивидуализация уголовной ответственности несовершеннолетних. Преступление и ответственность.Алма-Ата, 1979.
  4. Алауханов Е.О. Криминология. – Алматы, 2006.
  5. Абдрасулов Е.Б. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. – «Заң», 2005. №6.
  6. Бабаев М.М. Индивидуализация наказания несовершеннолетних. М., 1968.
  7. Керимов Д.Л. Категория цели в советском праве. Правоведение. 1964, -№3.
  8. Алекссев С.С. Общая теория права. М., 1981.
  9. Джекебаев У.С. Об опыте криминологического изучения личности преступника и преступного поведения. – В кн.: Преступление и ответственности.Алма-Ата, 1979.
  10. Долгова А.И. Изучение правового сознания несовершеннолетних. // В кн: Научная информация по вопросам борьбы с преступностью.М., 1969, №2.
  11. Спиридонов А.И. Социология уголовного права. М., 1968.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.