Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мүгедек адамның әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау

Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мүгедек дегеніміз – тіршілік тынысының шектелуі және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан олардың салдарынан, кемістіктерден, организм функциясы тұрақты бұзылған адам. «Мүгедектік» сөзінің орысша баламасы «инвалидность» сөзі латынның «invalidus» сөзінен туындаған және «әлсіз, күші жоқ» деген мағынаны білдіреді.

С.Т. Ожеговтың сөздігінде «аурудың, жарақаттың салдарынан еңбекке қабілетін жоғалтқан адам» деп анықталған. Мүгедектік дегеніміз – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылуы салдарынан адамның тіршілік тынысының бұзылу дәрежесі. Медициналық әдебиеттерде мүгедектік ретінде «еңбекке қабілеттің созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан бұзылуы немесе мардымсыз шектелуі» деп түсіндіріледі. Яғни медицина өкілдерінің пікірінше, созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан адам толығымен немесе ішінара еңбекке жарамсыз болуы мүмкін. Жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде адам өзінің еңбек, кәсіби міндеттерін орындай алмайды. Мұндай жағдайларда медицина органдары тұлғаға мүгедектікті тағайындайды. Бұдан шығатын қорытынды, мүгедектік ретінде медициналық органмен куәландырылған, өмір сүруді шектеуге әкеп соққан қандай да бір аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктің салдарынан адамның денсаулығының тұрақты түрде бұзылуы.

Жалпы қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімдеуі қажет.

1989 жылы БҰҰ Заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмір сүруі үшін олардың құқықтарын бекіткенМұнда мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т үшін ақысыз көмек алуы арқылы жүзеге асырылады.

1971 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы, материалдық қамтамасыз етілуге және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.

Мүгедек балалар үшін үлкен маңызға ие талап бойынша, ойлау мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе қабылдап алған ата анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.

БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық тактісінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап көрсетілген.

Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі" болып табылады.

1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады.

Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т.б. финанстық инвестициялау бөлу статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айрылып, аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.

Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз қыналусыз өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырады.

Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға болашақта, өз мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен араласуын, оқуын, еңбек етуін тежеуге алып келеді.

Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасыны отбасы, үй интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды. Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т.б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу – үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүгедек адамдар қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауын сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай қарауларынан да болды.

Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта.Бірақ балаға қатысты отбасы мүшелері кейде қатыгездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының финанстың қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл күйлеріндегі қиналыстарды балаға (мүгедек балаға) көрсетулері мүмкін.

Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске ұшырап, отбасының қарым қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады.

Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:

Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең, үйден кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т.б.

Мүгедек балалары бар отбасының олардың даму кезеңдеріндегі өзгешеліктерге дайын болулары тиіс.

Мысалы: мүгедек баласы бар отбасының өмірлік циклі:

  1. бала туу балада патология бар екендігі туралы хабар алу, эмоцианалдық дағдылану, отбасының басқа мүшелерін хабардар ету;
  2. мектептегі кезең баланың оқу түрі туралы шешім қабылдау, құрдастар тобының реакциясын уайымдау, оның оқуын ұйымдастыру және оқудан тыс әрекетін ұйымдастыру;
  3. жеткіншектік кезең баланың ауруының ұдайлық табиғатына дағдырлану, сексуалдық мәселелердің пайда болуына байланысты мәселелер, құрдастардың оны жақындасуы (олар тарапынан), баланың болашақ өмірін жоспарлау;
  4. "бітіру, шығару" кезеңі – отбасылық жауапкершіліктің жалғауына дағдырлану, есейген баланың тұратын жері туралы шешім қабылдау, әлеуметтену мүмкіндігінің шектеулігіне (мүгедек баланың) отбасы мүшелерінің қайғыруы;
  5. ата аналардан кейінгі кезең – ерлі
  6. зайыптың өзара қарым қатынасының қайтадан құрылуы (мысалы: егер бала отбасынан шыққан соң дұрыс жерге орналастырылса) және баланың тұрғылық-ты жеріндегі мамандармен өзара қарым қатынас жасау.

Тарихи тұрғыдан "мүгедектілік" және "мүгедек» түсініктері "еңбекке жарамсыз» және "ауру" түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы "мүгедектікті", шарттын мойындамай, оны дұрыс емдемеуің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған.

Қазіргі кезде мүгедек,өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты бүлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталады.

Мүгедектілік, халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік жетілгендігін, экономикалық толыққанды жағдайын, адамгершілік ондылығына көрсетеді және мүгедек — адам мен қоғамның өзара іс әрекетінің бұзылуын сипаттайды.

Еңбекке қабілетін жоғалтуының және өмір сүруін шектеуінің дәрежелеріне қарай мүгедекті күш топқа бөлінеді. Мүгедектіктің 1 тобын белгілеу үшін негіз болып жалпы аурудың, жарақаттың немесе туа біткен кемшіліктердің салдарынан еңбекке қабілеттің айқын және тұрақты түрде бұзылуы және тұрақты түрде бұзылуы және бұлар кәсіптік еңбекті тоқтату немесе еңбек жағдайларын елеулі түрде өзгерту қажеттігіне алып келген жағдай, сонымен қатар дербес жүріп-тұру, қозғалу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, өзінің жүрістұрысына бақылау жасау, адамдармен қарым-қатынастарға түсу мүмкіндігінің болмауы және басқа адамдардың көмегін, күтімін, қадағалауын қажет ететін жағдайлар табылады.

Мүгедектіктің 2 тобын белгілеу үшін негіз болып аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктердің салдарынан еңбекке қабілеттің айқын бұзылуы және бұлардың дербес еңбек ету қозғалу, оқу, адамдармен қарым-қатынасқа түсу, өзіне-өзі бақылау жасау және т.б. мүмкіндіктерді қиындатуы, алайда соған қарамастан бөтен көмекті, күтімді және қадағалауды қажет етпейтін жағдайлар табылады.

Мүгедектіктің 3 тобы аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктердің салдарынан ағза функцияларының бұзылуына оңай өмір сүру қабілеті шектелген тұлғалар үшін тағайындалады. Аталған жағдайлар мұндай тұлғалардың еңбекке қабілетін елеулі түрде шектесе де, олар әрі еңбек ете алады. Жұмыс берушілер 3 топ мүгедектері болып табылатын тұлғаларды денсаулық жағдайына қарай жеңіл жұмысқа немесе көлемі аз жұмысқа не жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмысқа ауыстыруға міндетті.

Мүгедектігі бойынша зейнетақы алу құқығы еңбекке жарамсыз болған барлық азаматтар иеленеді. Заңдарда оны тағайындаудың тек бір ғана негізгі – мүгедектік белгіленеді.

Заңдардағы ережелер бойынша мүгедектіктің себептеріне қарай мүгедектік бойынша зейнетақының және оны алуға құқылы тұлғалардың келесі түрлері бар.

А) жалпы аурулардың,еңбек жарақатының немесе кәсіптік аурудың салдарынан орын алған мүгедектік бойынша зейнетақы;

Б) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар; В) туғаннан мүгедек жандар

Г) әскери қызметті өтеу барысында орындалған жарақатың, контузия, ғазым, науқастың салдарынан мүгедектігі туындаған мерзімді қызметті атқаратын әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектер; ядролық объектілердің,азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердің не ядролық объектілердегі апатты жағдайлардың салдарын жою кезінде мүгедектігі туындаған тұлғалар;

Д) әскери қызметшілер (мерзімді қызметті атқаратын әскери қызметшілерден басқасы), ішкі істер органдары мен ҚР бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басқарушымен қатардағы құрамындағы қызметшілері әскери қызметтегі міндеттерді орындауға қатысты жоқ қайғылы оқиғаның немесе әскери және қызметтік борышты орындауға қатысы жоқ аурудың салдарынан орын алған жарақаттың нәтижесінде мүгедектікке ұшырағанда;

Е) әскери қызметшілер (мерзімді қызметті атқаратын әскери қызметшілерден басқасы), ішкі істер органдары мен ҚР бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басқарушы және қатардағы құрамындағы қызметшілері әскери қызметтегі міндеттерді орындау кезінде мүгедектікке ұшырағанда;

Ж) төтенше экологиялық жағдайлардың, соның ішінде ядролық жұмыстарды өткізу кезінде радиациялық әсер етудің салдарынан мүгедек болғандар себепті байланыс анықталған жағдайда.

Мүгедектік еңбек жарақатынан туындады деп, мына жағдайларда саналады:

  1. еңбек міндеттерін орындау кезінде, сонымен қатар ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің мүддесіне байланысты қандай да бір әрекеттер жасаған кезде;
  2. жұмысқа бара жатқан немесе жұмыстан қайтып келе жатқан жолда;
  3. жұмыс уақыты барысында кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның аумағында немесе өзге де жұмыс орнында, сонымен қатар жұмысқа дейін не одан кейін;
  4. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау;
  5. өмірді сақтауға, мемлекеттік, ұжымдық немесе жеке меншікті қорғау кезінде, сонымен қатар құқықтық тәртіпті сақтау кезінде;
  6. өндірістік тәжірибеден, өндірістік оқудан өту кезінде немесе тәжірибе сабақтары уақытында.

Еңбек жарақаты салдарынан мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындау үшін негізгі құжат болып қайғылы оқиға туралы акт немесе өзге де ресми құжат табылады,бұл құжатта еңбек жарақатының жұмыспен байланыстылығы көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, өндірістегі қайғылы оқиғаны растайтын құжат болып соттың үкімі еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың және өзге де лауазымды тұлғалардың қайғылы оқиғаның себептері туралы қорытындысы,қайғылы оқиғаның себептері туралы қорытындысы,қайғылы оқиғаның орын алғаны үшін кінәлі тұлғаларды тәртіптік жазалау туралы бұйрық та табылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік оралымдығы туралы заңға қол қойған. Осы арқылы қоғамымыздағы ерекше әлсіз бөлігіне әлеуметтік қорғау кепілдемесі берілген.

Заңның негізін құрайтын үш принципалдық ережені айтып өту керек:

Бірінші бұл мүгедектерде, білім алу үшін белгілі бір жағдайларға ерекше құқықтың болуы; қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуі; арнайы тұрғын-үй жағдайларына; жеке үй құрылысына, қосалқы шаруашылық және саяжай шаруашылығын жүргізуге жер учаскелерін бірінші кезекте алулары, және тағы басқа. Мысалы, тұратын жерлер қазір денсаулығын және басқа да жағдайларын есепке ала отырып, мүгедек балалары бар жанұяларға, мүгедектерге берілетін болады. Мүгедектер, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аурулар тізіміне сәйкес, жеке бөлме түрінде қосымша тұратын жер алуға құқылары бар. Ол артық деп саналмайды және де бір реттік мөлшердегі төлеммен төленеді. Тағы бір мысал, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін ерекше жағдайлар енгізілуде. Меншік формасына байланыссыз 30 адамнан көп жұмысшысы бар кәсіпорын, мекеме, ұйымдар үшін мүгедектерді жұмысқа қабылдауына квота белгіленеді жұмысшылардың орташа тізімді санына пайыз, ретінде (бірақ үш пайыздан кем емес);

Екінші бір маңызды ереже бұл мүгедектердің,өмір қызметіне, мәртебесіне және т.б. қатысты шешім қабылданатын барлық процестерге белсенді қатысушы болуға құқықтары. Бұл норманы бұзып қабылданған шешімдер соттық тәртіпте жарамсыз деп танылады;

Үшінші ереже, арнайы мемлекеттік қызметтерді құруды білдіреді; медициналы әлеуметтік экспертиза және реабилитация. Олар мүгедектердің тәуелсіз өмір қызметін қамтамасыз ететін жүйені құрады. Сонымен қатар, медициналы әлеуметтік экспертиза мемлекеттік қызметіне жүктелген функциялардың арасында мүгедектердің әлеуметтік қорғаудың әр түріне деген қажеттілігін анықтау; кәсіби ауру алған тұлғалардың кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтуының дәрежесін анықтау;халықтың мүгедектелік деңгейін және себептерін анықтау және т.б.

Заң мүгедектер проблемасын шешудің негізгі бағыттарына ерекше назар салады. Атап айтқанда, онда мүгедектердің ақпараттық қамтамасыз етілулері, өмір қызметінің кедергісі жоқ ортасын құрудағы қажеттіліктері туралы айтылған. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесінің өнеркәсіптік базасы ретіндегі реабилитациялық индустрияны құру, мүгедектердің еңбегі мен тұрмысын жеңілдететін арнайы құралдардың өндірісін, сәйкесінше реабилитациялық қызметтерді беруді және де оларды ішінара жұмыспен қамтуды білдіреді. Заңда медициналық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар мүгедектердің көп профильді реабилитациясы бар кешенді жүйесін құру жайында айтылған. Сондай-ақ мүгедектермен жұмыс істейтін кәсіби кадрларды дайындау, оның ішінде мүгедектердің өз ішінен дайындау проблемасы да қозғалады.

Қазіргі кезеңде мемлекетімізде мүгедектердің санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлініп отыр. Жыл санап мүгедектерге деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Еліміздегі халықты әлеуметтік жағынан қорғау мекемелерінде 388700 мүгедек есепте тұр екен, олардың 49100-і 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

Жарымжан адамдарға дәрігерлік-әлеуметтік көмек беретін 73 интернат үйі бар, онда 16500 еңбекке қабілетсіз азаматтар және 2800 мүгедек бала өмір сүреді. 3160 бала үйінде отырып, өз беттерінше білім алады. Бұл мәліметтерді Пекин қаласында БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөнінде ұйымдастырған семинарына қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Б. Төлегенова өз баяндамасында келтірген. Оның мәліметтеріне қарағанда, елімізде еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсететін 327 мекеме бар көрінеді. Бұл мекемелер 32700 адамға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мүгедектерге жыл сайын республикалық бюджеттен арнайы қаражат бөлініп отырады. Қазір елімізде Үкіметтің арнайы қаулысымен «2011-2012 жылдарға арналған мүгедектерді жан-жақты қамқорлыққа алу бағдарламасы» жұмыс істеп жатыр. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдауларға қарамастан, мүгедектердің жағдайы ауырлау.

Мүгедектерді, демалыс және спортпен айналысуды ұйымдастыру бойынша нақты кепілдемелерімен қамтамасыз ету, осы бағытта мүгедектермен жұмыс істеу үшін, кадрларды даярлаудың тәртібі мен жағдайын анықтау проблемаларын заңдық тұрғыда шешу қажет.

ғасыр көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болып табылады.

Әлеуметтік көмекті қажет ететін топтарға әлеуметтік көмектің қандай түрлері бар екендігін және оның даму тарихы мен атқаратын қызметтер түрлерімен танысып шықтық.

Енді сөз соңында елімізге жаңа келіп жатқан әлеуметтік жұмыстың Қазақстандағы болашақ көрінісі өркениетті мемлекеттердің жағдайыңдағыдай болады деп үміт артамын.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жұмағұлова Ғ.Б., Ахметов А.Ахметова Г. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті. 2005. 360 б.
  2. Сәрсенова Ж. Тәңірбергенова Г. ӘлеуметтануАлматы, 2000
  3. Ғабдуллина Ғ. Құқық социологиясы. – Алматы. Заң әдебиеті.-2003
  4. Биекенов К.Ү. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Алматы: Қазақ университеті. 2003. 130 б.
  5. Икенов А. И. Жүсіпова А. Д. Әлеуметтану негіздері. Алматы: Экономика. 2004. 208 б.
  6. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д. Павленок. М.: ИНФРАМ, 1997.
  7. Рамзей Р. Социальная работа: наука-профессия: К развитию концепции // Социальная педагогика и социальная работа за рубежом.Социальная работа.Вып. б. М., 1995
  8. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқу құралы.Астана, 2001.
  9. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқығы.Алматы, 1997.
  10. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негiздерi: Оқу құралы. Алматы, 2003. 295 б.
  11. Дулатбеков Н.О. ж.б. Мемлекет және құқық негiздерi: Оқу құралы. – Алматы, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.