Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамгерту;

  • сөйлеу дағдыларын дұрыс мең-
  • жеке тұлғаның құзіреттілік қысымзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», делінген.

Болашақ кәсіби мамандардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптастыру – оқу үдерісін оқытудың интерактивті әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этникааралықіскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлға аралық, бұқаралық, мәдениет аралық және басқалары.

Құзыреттілік студенттің алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Студенттер қарым-қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен Символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.

Тіл қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылады. Сондықтан коммуникативтік құзыреттіліктің кәсіби маман үшін маңызы зор. Коммуникативтік құзіреттіліктің міндеті:

ауызша және жазбаша қарым-қатынасын қалыптастыру;

дылығын жүзеге асыру.

Коммуникативтік құзыреттілік төмендегідей компоненттерден тұрады:

  • коммуникативтік тәртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педагогика және психология, конфликтология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі).
  • коммуникативтілік және ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсіну негізінде психологиялық әсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен ісәрекет кезінде белсенді әрекет жасау);
  • эмпатияға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу, т.б.).
  • өзіндік бақылауға қабілеттілігі (көршісінің және өзінің мінез-құлқын реттей алу іскерлігіәңгімелесушіні моделдей алу, жағымды психологиялық климатты тудыру, субъектаралық қарым-қатынасты болжай алу);
  • қарым-қатынас мәдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және келісім-шарттарды жүргізу, кәсіби әдеп ережелерін сақтау, ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру).

Студенттердің өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік тілдік сабақтарды оқыту үрдісінде қалыптасады. Тұлғаның бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді.

Коммуникативтік құзыреттілік: нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға; әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қарым-қатынас құруға топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Оқыту кезінде студенттің өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Студент қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Студенттердің шығармашылығын дамыту жолдарын коммуникативтік құзыреттілік арқылы іске асыруға болады.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.

Студенттермен төмендегідей жұмыстар жүргізу арқылы шығармашылыққа баулуға болады: сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу; жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу; жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесіз құрастыру; өз курстастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру; автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу; өлең құрастыру; жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу; еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу; ұжым болып ертегі құрастыру; ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту; ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу; оқыған кітаптары, мақалалары бойынша ойтолғау жазу; қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту; баспасөз материалдары бойынша пікір айту; өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау; ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу; тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру; оқиғаға қатысты өз ойларын айту; автордың көзқарасы туралы айта білу; көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.

Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп студенттің қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.

Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық рефлексиялық әрекеттер арқылы студенттер өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындатады.

Коммуникативтік құзыреттілік бойынша сөйлесудің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгеру: ауызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру және де тақырыпқа сай сөздерді қолдана білу талаптарын кешенді меңгеру.

Коммуникативтік құзыреттілікті болашақ мамандардың бойына сіңіруде заманауи технологиялар кеңінен қолданамын. Атап айтқанда, ақпараттық, сын тұрғысынан ойлау, жобалау,модульдік, даралапсаралау, ойын және тағы басқа. Мысалы, ойын технологиясы белсенді оқыту технологияларының бірі. Ойындық оқыту әдісі имитациялық және имитациялық емес болып бөлінеді.

Имитациялық емес әдіске проблемалық лекция, дөңгелек үстел, лекция – конференция, алдын – ала жасалған конспект бойынша лекция, шолу лекциясы, коллоквиум, бағдарламалап оқыту, семинар, тақырыптық дискуссияға арналған көшпелі сабақ, топтық консультация, олимпиада жатады. Имитациялық әдіс ойындық және ойындық емес болып екіге бөлінеді.

Ойындық имитациялық әдіске тиімді шешім таңдаудың көп нұсқалығы, «миға шабуыл»іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, жеке технологиялық үдерісті ойын арқылы жобалау, ал ойындық емес имитациялық әдіске ситуациялық шешімдер, жекелеген міндеттерді шешу, сабақтың қорытындысын шығару және студенттің бағалауы, ұсынылған нұсқаларды талқылау, семинар өткізу, жеке тренажер жатады.

Ойынның міндеттері маман дайындау мазмұнын және мамандықтың сипаттамасын ескере отырып, ойын барысында маманнан талап етілетін кәсіби құзыреттілік белгілері байқалатындай тұрғыда анықталады. Оларды орындау модельде көрсетілгендей маман ретіндегі білік, дағды және тұлғалық сапалар қалыптастырады. Іскерлік ойын өткізілгеннен кейін оны міндетті түрде талдау қажет, себебі талдау кезінде оның барысында кездескен қиыншылықтар, қатысушылардың пікірлеріқорытындылардың пайдасы мол. Іскерлік ойындар шешім қабылдау техникасына үйретеді, теориялық білімді практикада қолдана білуге машықтандырады.

Сабақтың құрылымын негізгі үш бөлімге бөлеміз: сабақтың басы – тілдік қарым-қатынасқа дайындау; сабақтың ортаңғы бөлігі – жаңа сабақты түсіндіру және бекіту; сабақтың аяғы – қорытындылау, бақылау;

Сабақтың негізгі бөлімі.

Жаңа сабақты түсіндірудің негізгі ұстанымы – коммуникативтік тәртіптегі тілдік материал.

Тілдік материалды ұйымдастыру коммуникативтік мақсатқа сай болу керек. Ең алдымен оқушыға тілдік қарым-қатынасқа қажет нәрсені үйрету жөн. Бұл оқытудың пәндік мазмұнымен анықталады. Оған түрлі салалар, тақырыптар, қарым-қатынас жағдаяттары, мәтіндер енеді. Оның ішінде тіл меңгерушілердің қарым-қатынастарының ниеттері (интенциялары) де анықталады. Тіл меңгеруде оқу кәсіби, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстыққоғамдықсаяси, ресми іскери салалар таңдап алынады. Осы тақырыптар төңірегінде арнайы жағдаяттар құрылуы тиіс.

Грамматикалық материал функционалдық және ситуациялық негізде ұсынылуы тиіс.

Грамматика коммуникативтік ниеттерді, арнайы ойларды жеткізу құралы ретінде үйретіледі. Грамматика тілді оқытудың маңызды аспектілерінің бірі, себебі

қарым-қатынас тек негізін грамматикалық дағдылар мен біліктілік құрайтын тілдік құзіреттілік арқасында жүзеге асады. Бүгінгі таңда грамматикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру үшін сөйлем құрылымын модельдеу (құрылымдық) және сөйлеу үлгілері әдістерін қолдану тиімді болып отыр. Біздің тәжірибемізде әрбір жаңа сөз тек атау ғана емес, белгілі бір мағыналы синтаксема ретінде беріліп, сөйлем құрылымы атаулы сөйлем құраудан басталып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері толық қатысқан жайылма жай сөйлем жасауға дейін күрделене алатын синтаксистік модельдер грамматикалық формаларды оқытуда негізге алынады.

Тілдік мәліметтерді ұсынудың негізгі ұстанымдары.

  • сабақ тіл туралы емес, сол тілде болу керек, яғни қарым-қатынас арқылы үйрену;
  • грамматиканы мағынадан формаға ұстанымымен оқыту;
  • тілді емес, қоршаған әлемді тіл көмегімен оқыту, яғни әлем шынайы жағдаяттарда;
  • интерактивтік әдістерді пайдалану.

Үйреніп отырған тілді мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру тек мазмұны шынайы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным ауызша сөйлеу мен оқу және жазу әрекеттеріне тікелей қатысты.

Сөйлеу әрекеттері түрлерін (сөйлесім (диалогтық, монологтық), жазылым, оқылым, тыңдалғым) қатар меңгеру барысында танымның барлық түрі (көру, есту, сөйлеу, сезіну, түйсік т.б) әрекетке түсіп, әрбір сөйлеу әрекеті оқытудың мақсаты ғана емес, құралының да рөлін атқара алады.

Сөйлесім: диалог. Үйреніп отырған тілдің елінде күнделікті қарым-қатынас жағдайларында сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдесетін диалог: өтіну, кеңес беру, ұсыныс жасау; баға бере алатындай пайымдау, пікір алысу; қызығатын тақырып төңірегінде пікірсайысқа түсе алу; т.б.

Монолог. Мәліметтер, оқиғалар жөнінде қысқа мәлімдеулер; эмоционалдық, баға беретін көзқарастарды пайдалана отырып әңгімелеу; заттарды, құбылыстарды, әрекеттерді сипаттау; мәселелер төңірегінде ойтолғау; оқиғалар мен адамдарға мінездеме беру; аргументтеу; оқылған мәтінге сүйене отырып мазмұнын баяндау; т.б.

Тыңдалым: түсініп тыңдау. Күнделікті қарым-қатынаста екінші тілдесушінің сөзін толық түсіну; қайта сұрау, қайталап айтуын сұрау стратегияларын қолдана білу; онша үлкен емес түрлі жанр мәтіндерінің негізгі мәліметін түсіне алу; жарнама және т.б. хабарламалардағы қажетті мәліметтерді тілдік болжамға, контекстке байланысты түсіне білу; т.б.

Оқылым. Оқудың негізгі түрлері мен стратегияларын меңгеру:

  • әртүрлі жанрда жазылған публицистикалық, функционалдықәдеби, ғылыми-көпшілік мәтіндерді оқи отырып негізгі ой, идея, мәліметтерді іріктей алу;
  • құрылымдық және мағыналық талдауларды, таңдап аударма жасауды пайдаланып мәтін мазмұнын толық түсіну;

Мәтінді ішінара іріктеп түсіну. Түрлі жанрдағы мәтіндерді жүгірте қарап шығып, қажеттіқызықтыратын мәліметті іздеп табу және бөліп алу.

Сабақты бекітуде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, жетілдіруге, дамытуға арналған жаттығулар барысында жағдаяттар мен жиі қолданылатын тіркесімділік қабілеті жоғары сөздер таңдап алынуы тиіс. Оқыту үдерісінде техникалық құрал жабдықтарды, көрнекіліктер, атап айтқанда, мультимедиалық компьютер, бейне проекторлар, бейнетаспалар, суреттер, сызбалар, кестелер т.б. қолдану оқытудың тиімділігін арттыратыны белгілі. Жадыда естілген нәрсенің тек төртінші бөлігі ғана сақталып қалады, егер қабылдау бейнелі түрде көзбен көру арқылы жүзеге асырылса, есте сақталып қалатын материалдың үлесі үшінші бөлікке дейін артады. Ал дыбыстық және бейнелі ықпалдардың қатар келуінде материалдардың жартысына дейінгі бөлігі есте қалады. Сабақты бекітуде тек оқытушы мен студент арасында ғана емес, студенттердің бір-бірімен әрекетке түсе алатын әдістер қолдану керек. Тек әрбір әдіс сабақта өз орнымен қолданылуы қажет.

Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар:

  • коммуникативтік бағытта;
  • орнына қою – тілдік дағдыны қалыптастыру мен автоматтандыру үшін;

«Сөйлемдерді (диалогты, мәтінді) толықтырыңыз», «Сөздерді тыңдаңыз. Көп болса, қалай айтасыз?» т.б.

сөйлемдерді өзгертіп қайта құруға арналған; сөйлемдерді толықтыру, кеңейту, қосу; ұқсас сөйлем құрау, дайын фразаларды әр жағдайға байланысты сөйлемге қосу т.б.

Сөйлеу дағдыларын жетілдіру жаттығулары екі түрге бөлінеді.

  1. Шартты сөйлеу – оқу материалы негізінде;
  2. Сөйлеу – шынайы қарым-қатынас үлгісі;
  • респонсивті – сұрақ жауап, репликалық және шартты сөйлесу жаттығулары;
  • ситуативтік – бір жағдаятты сипаттау;
  • рөлдік ойындар – әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіби;

Жаттығуларда жағдаяттық ұстаным болуы қажет. Шартты сөйлеу (оқуда) және сөйлеу жағдаяттары деп екіге бөлінеді. Алғашқы түрі тіл үйренудің алғашқы кезеңінде көбірек, ал екінші түрі жалғастырушы кезеңдерде көбірек беріледі. Сөйлеу жағдаяттары тілдік қарым-қатынастың мазмұнын ғана емес, оның құрылымын, тілдік және сөйлеу құралдарын анықтап, қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады. Жағдаят сөйлеуге қажетті тілдік құралдарды таңдай білуге үйретіп, қарымқатынасқа ынталандырып, оған қажеттілік туғызады. Жағдаятқа құрылған сөйлеу тіл үйренушілерді арнайы сөйлеу әрекеттерін (сұрау, көндіру, хабарлау, бас тарту, т.б.) жасауға итермелейді. Атап айтқанда, тіл үйренудің алғашқы қарапайым деңгейде дүкенде, кассада, поштада, ақша айырбастау пунктінде, мейрамханада, дәмханада, кафеде, асханада, кітапханада, сабақта, қала көшелерінде, көлікте, емханада, дәрігерде, дәріханада сияқты қарапайым жағдаяттарда өзінің коммуникативтік ниеттерін жүзеге асыра алуы тиіс. Ал тіл меңгерудің базалық деңгейінде жоғарыда аталған қарым-қатынас жағдаяттары анағұрлым күрделеніп, болашақ кәсібі деңгейіне жетеді: деканатта, әкімшілікте, кеңседе, ұжымда, телефонмен сөйлесу сияқты күрделі тілдік құрылымдар таңдап алынады.

Сөйлеу біліктілігін дамыту жаттығулары:

Репродуктивтік жаттығулар

  • Мазмұнын айту;
  • Сипаттау – көрген фильм, сурет т.б. бойынша әңгімелеу;
  • Драмалау – мәтінді рөлге бөліп айту;
  • Дискутивтік – бір мәселені талқылау;
  • Ауызша әңгімелеу берілген тақырып бойынша;
  • Инициативтік – сұхбат алу; Жоғарыда көрсетілген сабақты бекітуге арналған жаттығулардың әрқайсысының өз қызметі бар. Сабақтың тиімділігі, сонымен қатар, көбінесе оқытушының кәсіби шеберлігіне, оның оқытуда қолданып отырған заманауи технологияларына да байланысты.

Оқытушы мына нәрсені білуге тиіс:

  • Сабақ уақытын дұрыс жоспарлау;
  • Материалды мақсатты бағытталған түрде түсіндіру;
  • Қызықты және түсінікті материалды таңдап алып қолдану;
  • Оқушылардың жұмысын дұрыс бағыттай білу;
  • Көрнекіліктер, техникалық құрал жабдықтарды пайдалану;
  • Түрлі жеке, жұптық, топтық жұмыс әдістерін пайдалану;
  • Оқушылардың белсенділігін арттырып отыру;
  • Сабақтың уәждігін қамтамасыз ету;
  • Оқытушы мен оқушы сөз көлемін дұрыс сақтай білу;

Оқытуда қолданылатын оқыту әдістері, технологиялар, сабақтың түрлері, білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың орындалуы студенттер бойында коммуникативтік құзыреттігінің қалыптасуына ықпалы тиетіндей етіп ұйымдастырған жөн. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттіліктің қалыптастыру заман талабы. Сондықтан жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, танымдылығы жоғары, құзыретті, өзіндік ой-толғамы қалыптасқан, тілдік қарым қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға, бәсекеге қабілетті маман даярлау біздің қолымызда.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, 2008.
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
  3. Әлметова Ә. Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту. А. Арыс, 2007.
  4. Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі (ғылымипрактикалық конференция материалдары). – Алматы, 2008.
  5. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналдары, 2014 ж. №1, 2, 3.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.