Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63бабының 1-ші бөлігіне сәйкес тергеу бөлімінің бастығы дегеніміз – алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және өздерінің құзыреті шегінде жұмыс істейтін оның орынбасарлары [1]. Қылмыстық іс жүргізу мағынасындағы құзыреттің ұғымы мен мазмұнын олардың атқарушы органдар жүйесіндегі лауазымдық қызметтеріне байланысты осы адамдарға жүктелген функционалдық міндеттерден ажырата білу қажет.

Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы: қылмыстық іс қозғау туралы және өзге де қосымша материалдар туралы қаулыны бере отырып, нақты тергеушіге тергеу жүргізуді тапсыруға құқығы бар. Мұндай тапсырма кезекшілік кезінде келіп түсетін, хабар-ошарларға жауап беретін жедел-іздестіру тобының қылмыстық іс қозғау жағдайларында, сондай-ақ белгілі бір қылмыс түрлерін тергеуге маманданып жүрген тергеушінің тәжірибесі мен дағдысын ескерту қажеттігі жағдайында туындайды.

Мұндай тапсырыс беру қажеттігі басқа да себептер бойынша туындауы мүмкін, мысалы, күдік тудырушы мен (айыпталушымен) жақын қатынастарының болуына байланысты тергеушінің мүдделілігін, сондай ақ, басқа да жағдайларға байланысты туындауы мүмкін.

  • тергеу жүргізу бөлімі бастығының қылмыстық іс жүргізу бойынша тергеуші іс
  • қимылының мезгілінде болуын бақылау жасауда, тергеушілердің, алдын ала тергеу мен қамауда ұстаудың мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. Қамау, үйде қамау мерзімін ұзартуға арналған санкцияларды алуға байланысты материалдарды прокурорға табыс ету үшін осындай жағдайларда көзделген жиырма төрт сағат ішінде тергеушінің қаулысының көшірмесін прокурорға жолдау үшін ісқимылдың уақытылы болуы қылмыстар туралы хабарлар мен өтініштерді қарау үшін заңда белгіленген мерзімдерді сақтау жолымен қамтамасыз етіледі. Уақытшылығы мазмұнына аталған мерзімдерді сақтаумен қатар белгілі бір процедуралардың дәйектілігі де жатады, іс жүргізуді орынсыз созу іске қатысушының құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасау ретінде қаралуы мүмкін. Мысалы, ұсталған адамға ұсталған сәттен бастап, қорғаушының араласуы қамтамасыз етіледі. Жалпы ереже бойынша ұсталған адамнан алғашқы жауап алынғанға дейін оның қорғаушымен оңаша кездесуі жүзеге асырылады. Қорғаушымен алдын ала кездеспей тұрып сезіктіні жауап бермеу құқығына ие болады. Мұндай дәйектілікті сақтамау ұстауды орынсыз деп тануға соқтырады;
  • тергеу бөлімінің бастығы прокурордың нұсқауларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 197 – бабының 2-тармағына сәйкес прокурордың тергеушіге, тергеу бөлімінің бастығына берген нұсқаулары міндетті болып табылады. Прокурордың берген нұсқауларына жоғары тұрған прокурорларға шағым жасай алады. Шағым жасау істің ары қарай жалғасуына кедергі келтірмейді. Мұның өзі тергеу бөлімінің бастығы прокурор нұсқауларының орындалуына, осы нұсқауларға шағым түсірілген жағдайдың өзінде бақылау жасайтын болады дегенді білдіреді;
  • Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген жағдайларда басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуы үшін бақылау жасайды. Сотқа дейінгі қызмет процесінде қылмыстық ізге түсудің өзге де органдарының тергеушілері тапсырмалар беруі мүмкін, оларды өз күштерімен орындау барлық уақытта бірдей мүмкін бола бермейді;
  • оған негіздер болған жағдайда тергеушіні іс жүргізуден шеттету;
  • алдын ала тергеуді жүзеге асыратын өзіне бағынатын органның тергеу бөлімшелерінің бірінен қылмыстық істі алып, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын осы немесе өзге де өзіне бағынышты органнан басқа тергеу бөлімшесіне беру. Мұндай берудің қажеттілігі тергеушілерге тапсырмаларды бөлген кезде қаралатын істерді біріктіру, тергеушіден бас тару немесе оны шеттету жағдайларына байланысты туындайды;
  • белгіленген тәртіппен одан әрі шаралар қабылдау үшін аяқталған қылмыстық істі прокурорға жібереді.
  • қылмыстық істерді қозғау және оларды өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бұл орайда тергеушінің өкілеттілігін пайдалана отырып, алдын ала тергеуді жеке өзі жүзеге асырады.

Осы аталған тергеу бөлімі бастығының өкілеттіктері тергеушінің дербестігін шектей алмайды. Тергеуші тергеу бөлімі бастығының нұсқауларымен келіспеген жағдайда прокурорға шағым түсіре алады, осы арқылы тергеуші өкілеттігінің тұтастығына және оған берілген құқықтардың толық жүзеге асуына кепілдік береді [2, б. 112].

Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тобына жататын тергеушімен тығыз байланыста.

Сонымен бірге кейбір өзіне тән іс жүргізудің елеулі сипаттары сот ісін жүргізудегі оның жағдайын біршама оқшау түрде көрсетеді, бірақ дербес орган сипаты деңгейіне көтере алмайды.Тергеу бөлімі бастығының қызметін реттеу екі деңгейдегі сипатта болады. Алғашқы деңгейі – заң тұрғысында сипатталады. Екінші деңгей – Ішкі Істер Министрлігінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің тергеу аппараттарының қызметін реттейтін ведомстволық нормативтік актілер. Бұдан басқа заң тұрғысындағы деңгей – тергеушінің маман ретіндегі қызметін реттейтін нормалардың бүкіл кешені, өйткені ол тергеушінің өкілеттіктерін толық күйінде көрсетеді.

Тергеушінің өкілеттіктерін жүзеге асырумен қатар тергеу бөлімінің бастығы қылмысты ашу және алдын алу жөнінде өзіне бағынышты тергеушілердің іс қимылының уақытылы болуына бақылау жасауды жүзеге асыруға, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді мейлінше толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізілуіне шаралар қабылдауға міндетті. Осы функцияларды орындау үшін заң шығарушы оны арнайы өкілеттіктермен қамтамасыз етті, ол мынадан көрінеді, тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық істерді тексеруге алдын ала тергеуді жүргізу туралы, сондай-ақ, жекелеген тергеу істерін жүргізу туралы тергеушіге нұсқаулар беруге, істі бір тергеушіден екінші бір тергеушіге беруге, қылмыстық істі тергеу жұмысын бір емес бірнеше тергеушіге тапсыруға құқығы болады. Сонымен қатар, өзі де алдын ала тергеу ісіне қатысуға және алдын ала тергеуді жеке жүргізуге құқылы.

Тергеушінің іс жүргізуіне заң тұрғысынан дербестік берілуі және іс бойынша ол өзі қабылдайтын барлық шешімдер үшін жауапкершілік жүктелуі өзіне бағынышты тергеушінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру жөніндегі тергеу бөлімі бастығының өкілеттіктерінің шегі туралы мәселені анық ажыратып бере алмайды. Бұл мәселенің екінші жағы тергеу бөлімі бастығының өкілеттілігін және прокурордың өкілеттілігін саралауға байланысты. Бұл жерде негізгі өлшем, біздің көзқарасымызша, прокурор өкілеттіктерінің мазмұны болып табылады, өйткені бұл – олардың негізгі функционалдық бағытына заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыруға байланысты жан-жақты әрі мазмұнды болып келеді.

Мәселен прокурор айыпталушыға қатысты заңда көзделген кез келген бұлтартпау шараларын таңдау туралы нұсқаулар беруге құқылы болса, ал тергеу бөлімі бастығының осы тұрғыдағы өкілеттіктері прокурор санкциясын талап етпейтін бұлтартпау шараларымен ғана шектеледі. Заң бұзушылықты анықтаған жағдайда тергеу бөлімінің бастығы тергеушіге нұсқаулар береді. Ал, мұндай жағдайда прокурор өзінің қаулысымен тергеушінің де, тергеу бөлімінің бастығының да шешімдерін жоққа шығаруға құқылы. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 197-бабының негізінде прокурор, егер тергеуші іске қатысушылардың немесе басқа да азаматтардың құқықтарын бұзуға елеулі түрде жол берген, тергеудің заңсыз әдістерін қолданған жағдайда немесе оның іске салақ қарауы немесе біліксіздігі себеп болса, немесе тергеудің нәтижелеріне жеке өзінің мүдделілігі байқалған жағдайда тергеушіні алдын ала тергеу жүргізуден босатуға құқылы.Тергеу бөлімі бастығының мұндай құқығы жоқ. Осы орайда тергеушіні тергеуді әрі қарай жүргізуден босату құқығын Э.И. Воронин әділетті түрде былай деп атап өтеді: «прокурордың ерекше құқығын білдіреді» және тергеуді одан әрі жүргізуден «босату» ұғымы және «істі бір тергеушіден екіншісіне беру ұғымы терминологиялық тұрғыдан ғана емес, мазмұны жағынан да ерекшеленеді, заң шығарушы олардың әрқайсысына осындай сипат берген” [3, б. 168].

Бұл орайда істі бір тергеушіден екіншісіне беру деген сөз бұл құқықты кім жүзеге асыратынына байланысты әр түрлі мағынаны білдіреді. Егер бұл іс – қимылды тергеу бөлімінің бастығы жүзеге асырса, онда мұның өзі біріңғай ұйымдастыру – басқару мақсаттарын көздейді: бағынышты тергеушінің тергеліп жатқан істердің саны мен көлемі тұрғысынан жұмысы көп болса, және жұмысты біркелкі бөлу үшін бөлім бастығы істердің бір бөлігін екінші тергеушіге береді. Прокурор жүзеге асыруға тиіс істі бір тергеушіден екіншісіне беруді қадағалау функциясын орындауда тергеуші жол берген заң бұзушылықты дұрыс жолға қоюы керек.

Тергеу бөлімі бастығының бағынышты тергеушінің қызметіне процессуалдық бақылауын былай деп айқындауға болады: «…қылмыстарды табысты тергеу мен алдын алу және тергеушілер алдында тұрған міндеттерді орындауды жеңілдету үшін оңтайлы жағдайларды жасауға бағытталған шаралар кешені».

Тергеу бөлімі бастығының процессуалдық бақылау қызметіне мыналар жатады:

  • қылмыстық іс қозғаудың уақытында болуын әрі негізділігін тексеру;
  • алғашқы тергеу іс-қимылдарын жүргізудің нәтижелілігін және олардың қылмысты ашу мен тергеудің маңызын анықтау;
  • күдік тудырушыны ұстаудың заңдылығы мен негізділігін таңдап алынған бұлтартпау шараларының оларды қолданудың процессуалдық шарттарына сәйкестігін анықтау;
  • айыпталушы ретінде адамды жауапқа тартудың заңдылығы мен негізділігін тексеру;
  • алдын ала тергеуге қатысушылардың процессуалдық құқықтарын қамтамасыз етуді талдау;
  • заң бұзушылықтарды жою; қажет болған жағдайда істі тергеудің жан-жақтылық, толықтылық және обьективтік талаптарын орындау жөніндегі шараларын қолдану;
  • келтірген материалдық зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші қабылдаған шаралардың сәйкестігін анықтау;
  • іс жүргізуді тоқтата тұру немесе қысқарту туралы тергеуші қаулысының заңдылығы мен негізділігін тексеру.

Бірқатар зерттеушілер мәселен, И. Гуткин, Ф. Лопушанский, А. Чувилев, Ю. Белозеров тергеу бөлімі бастығының өкілеттіктері ретінде көрсетілмесе де, оның процессуалдық жағдайының мәнінен туындайтындай тергеушіні басқару жөніндегі бірқатар процессуалдық іс-әрекеттер орындайтындығын атап өтеді. Олар, осындай ісәрекеттер қатарына, мәселен, тергеушінің анықтау органдарымен өзара іс-қимылы туралы, қылмыстың жасалуына себепші болған себептер мен жағдайларды зерттеу туралы, қылмысты ашуға жұртшылықты тарту туралы нұсқауларды беруін жатқызады.

Заң тергеу бөлімі бастығының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру нысанын белгілейді. Қылмыстық іс бойынша барлық нұсқаулар жазбаша түрде беріледі.

Тергеу бөлімі бастығының процессуалдық өкілеттілігін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты нақты қылмыстық істі тергеудегі процессуалдық бақылау тәсілдері құрайды. Екінші топқа оған бағынышты тергеушілерді процессуалдық басқаруға бағытталған тәсілдері жатады. Э.И. Воронин ұсынған осы саралау заңның қаралып отырған бөлігіндегі ережелеріне анағұрлым толық жауап береді.

Тергеуші. Тергеушінің өкілеттіктері, оның алдын ала тергеу жүргізу функцияларынан ажыратылмайды, оның үстіне олар, тергеу бөлімі бастығының процессуалдық жағдайымен өзара байланыста қаралуы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеуші өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілетті лауазымды адам.Ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі, қаржы полициясы органдарының тергеушісі болады. Тергеуші заңмен көзделген жағдайларда әртүрлі өкілеттіктерге ие. Тергеушінің процессуалдық жағдайын қылмыстық ізге түсу органының ұғымымен байланыстыру керек. Өйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 14-бөлігінде көрсетілгендей қылмыстық ізге түсу органдарын тергеуші де жатқызылған. Осы жағдай алдын ала тергеу органын сипаттайтын, атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының қатысушысы ретінде қаруға итермелейді.

Қылмыстық сот ісі қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің тұлғасын түсіну үшін анағұрлым маңызды принциптер мыналар болып табылады: заңдылық, жариялылық, азаматтардың тегіне және әлеуметтік жағдайына, нәсілдік және ұлттық болмысына, діни сеніміне қарамастан заң алдында теңдігі; тергеудің ұлттық тілде өтуі, тұлғаға, тұрғын үйге, жеке өміріне, хат – хабар алысуына, телефонмен болатын әңгімелердің және телеграфтық хабарлардың құпиясына қол сұқпаушылық, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толықтылығы, объективтілігі; алдын ала тергеуге қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау; күнәсіздік презумпциясы; алдын ала тергеу ісін жеделдетіп жүргізу; тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі және жауапкершілігі; қылмыстарды ашу мен тергеуге қатысуға жұртшылықты тарту[4, б. 72].

Тергеушінің негізгі мақсаты істі тергеу болып табылады. Заң әдебиеттерінде “істі тергеу” ұғымы “анықтау”, “қарау”, “зерттеу” ұғымдарымен үндес, бірақ тергеушіге қатысты «айыптау», “қорғау” ұғымы жоқ және болуы да мүмкін емес. Тергеуші өз жұмысын айыптауға немесе қорғауға емес, шындықты анықтауға бағыттайды.

Тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге ол үшін барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, қылмыстардың жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті. Тергеуші алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыс белгілері болған кезде анықтау органы қылмыстық іс қозғауға және қылмыстың ізін анықтау мен бекіту жөніндегі кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерін: қарауда, тінтуді, алуды, куәландыруды, сезіктілерді ұстау мен олардан жауап алуды, жәбірленушілер мен куәлерден жауап алуды жүргізуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық іс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды.

Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерін орындағаннан кейін, бірақ іс қозғалған күннен бастап, бес тәуліктен кешіктірмей анықтау органы істі тергеушіге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті. Істі тергеушіге бергеніне кейін анықтау органы ол бойынша тергеу іс әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын тек тергеушінің тапсырмасы бойынша ғана жүргізе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкін болма істі тергеушіге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшін іздестіру шараларын жүргізуге, тергеушіге нәтижелер туралы хабарлауға міндетті.

Тергеуші, заңда прокурордың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу іс әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімді дербес қабылдайды және олардың заңды және уақытылы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Егер, тергеуші, тергеуіндегі ісі бойынша прокурордың нұсқауларымен келіспесе, онда жоғары тұрған прокурорға шағымдану құқығына ие болады.

Тергеуші өз тергеуіндегі істер бойынша анықтау органдарының тергеліп жатқан іске қатысты жедел-іздестіру материалдарымен танысуға, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар.

Сонымен қорыта келгенде, қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің іс жүргізушілік қызметі туралы ғылымдағы негізгі дау тергеушінің сот ісін жүргізудегі функциялары туралы мәселенің төңірегінде өрбіді. Н.А. Якубовичтің пікірі бойынша тергеуші үш функцияны ғана жүзеге асырады, олар: қылмысты ашу, ізге түсу, алдын алу.

Аталған осы үш функцияға А.М. Ларин тағы екеуін қосты, олар мыналар: іске қатысушы адамдардың өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету; тергеуге процессуалдық басшылық жүргізу. Мұндай көзқарастың ішкі қайшылықтары да бар. Мәселе мынада: іске қатысушы адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ тергеуге іс жүргізушілік басшылық жасау – принциптер болып табылады. Және де біріншісі – жалпы іс жүргізушілік принцип, ал екіншісі – тергеуші қызметі принципінің құрамдас бөлігі, ол тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі мен жауапкершілігінен көрінеді.

Анықтау органы. Анықтаушы.

Анықтау – анықтау органдарының заңмен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту, және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргіз нысаны болып табылады.

Заң шығару анықтау органдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгілейді. Оларға мыналар жатады:

  1. ішкі істер органдары;
  2. ұлттық қауіпсіздік органдары;
  3. қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша әділет органдары;
  4. қаржы полициясының органдары;
  5. контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша кеден органдары;
  6. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша әскери полиция органдары;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы істер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша шекара бөлімдерінің командирлері;

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынысты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскер жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істері бойынша әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
  2. Өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
  3. Өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша – мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары.

Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері, сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының, осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да мемлекеттің ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, көлік қатынастары жоқ болған кезеңде жүктеледі. С.В. Болотиннің пікірі бойынша: «Анықтау органының іс жүргізу мәртебесін иемдену үшін төмендегідей құқықтық алғышарттардың болуы қажет:

  • Заң белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органын құру; адамды қызметке оның ішінде осы органның басшысы қызметіне / тағайындау;
  • аталған басқару органының анықтау жүргізуге арналған өкілеттілігінің қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленуі» Сонымен бірге қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық істер жүргізу кодексінің талдау қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысушыға анықтау органының мәртебесін беретін тағы бірнеше белгілері бар екендігі туралы куәландырады. Мұндай қосымша белгілерге мыналар жатады:
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 65-бабының 2-тармағында аталған органдар анықтауды жүзеге асырған уақыттағы белгілі бір шектеулер /мәселен, кедендік органдар, контрабанда туралы істермен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару жөнінде ғана анықтау жүргізеді;
  • әділет органдары – сотқа құрмет көрсету және сот шешімдерін орындау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер жөнінде анықтау жүргізеді;
  • анықтау органы тек аталған органдардың барлық жүйесін емес, тікелей анықтау мақсаттары үшін қалыптасқан құрылымдық бөлімдерді ғана түсіну, мәселен тұтас жүйе ретінде ішкі істер органдары Ішкі істер министрлігінің аппаратының, аумақтық органдардан тұрады, олар өз кезегінде (сондай-ақ анықтауды жүзеге асыру құқығы бәріне бірдей берілмеген жекелеген қызметтерден тұрады);
  • белгіленген өкілеттіктер шегінде қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана анықтауды жүзеге асыру құқығының пайда болуы (мәселен, шекара бөлімінің командирі қылмыстық іс қозғап, сотқа құрмет көрсетпеуге байланысты қылмыстар бойынша анықтау жүргізуге құқылы емес);
  • анықтау органдарына жедел-іздестіру іс қимылын орындау құқығын беру;
  • алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша толық көлемде сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтау.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша анықтау органдарының процессуалдық жағдайының ерекшелігі осы органдарың заң белгілеген жағдайда алдын ала тергеуді жүзеге асыру құқығы болып табылады.

Анықтау органдарының қызметінің сипаты олар алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша жұмыс істеуіне байланысты ерекшеленеді.

Заң алдын ала тергеу жүргізуді міндеттейтін істердің тобы бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғаумен шектеледі, қылмыстың ізін анықтау және бекіту жөніндегі шұғыл тергеу іс қимылын жүзеге асырады, сосын істі кідіріссіз прокурор арқылы тергеушіге береді. Осы іс бойынша анықтау органының одан әрі қызметі тергеушінің тапсырмаларын орындау нысанында жүзеге асырылады.

Алдын ал тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау органының өкілеттіктері әлдеқайда ауқымды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 285 – бабының 1-бөліміне сәйкес осы істер бойынша анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады. Бұл анықтау нысанында іс жүзінде алдын ала тергеу жүргізілетіндігін білдіреді, бірақ бұған процеске жекелеген қатысушылардың құқықтарының көлемі және анықтау жүргізудің мерзімі бөлігіндегі кейбір ерекшеліктері қосылмайды. Қылмыстың белгілерін және оны жасау адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау міндеті жүктеледі. Қылмыстық іс жүргізу заңына жедел-іздестіру шараларының мазмұнын ашып көрсетпейді Жедел-іздестіру қызметінің мәні, әдістері, құралдары Қазақстан Республикасының «Жеделіздестіру қызметі туралы» Заңы реттейтін тақырып болып табылады. Мұның өзі өз кезеңінде қылмыстық іс жүргізу құқығының сондай-ақ, тиісті ведомстволық нормативтік актілердің көзі болып табылады.

Бұл орайда мынаны атап өту керек, жедел іздестіру шараларын қабылдау міндетінің іріктеп алатындай сипаты болады және барлық анықтау органдарына қатысы болмайды, ол тек арнайы әдістермен құралдарды қолданбастан өзінің өзгешелігі бар функцияларын жүзеге асыра алмайтын органдарға тән (мәселен, қылмыс жасаған адамдарды іздестіру және табу жария түрдегі қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен мүмкін болмайтын жағдайда) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесі шегінде жедел іздестіру шараларын жүргізу құқығы осы шараларды функционалдық тәртіппен орындайтын арнайы бөлімшелер мен мекемелерге берілген және де анықтау мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу анықтау органдары атқаратын екі дербес функция. Анықтау мақсаттарына қол жеткізу Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нұсқауларын қолдану жолымен де, сондай-ақ жедел іздестіру шараларын үйлестіру жолымен де мүмкін болады. Жедел-іздестіру ақпараты дәлелдемелерге қылмыстық іс жүргізу талаптарын сақтаған жағдайда дәлелдейтіндей ақпаратқа айналуы мүмкін. Қарама-қарсы жағдайда мұндай ақпараттың қосымша бағдар беретіндей ғана сипаты болады.

Анықтаушы. Анықтаушы өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттің лауазымды адам. Анықтаушы сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асырылуы шешім қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

Анықтаушы алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуі міндетті.

Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекеленген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатынасушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Анықтау органы бастығының нұсқаулары орындауға міндетті. Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Нұсқауларға шағым жасалуы қылмыстың саралану мен айыптаудың көлемі айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды. Анықтаушы қызметінің тергеуші қызметінен ерекшелігі олардың іс жүргізу дербестігінің көлемінен анық көрінеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997 ж. // www.zakon.kz.
  2. Нұрмашев Ү.Ө. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 368 б.
  3. Уголовно-процессуальное право: учебник. 2-е изд. / под ред. П.А. Лупинской. М., 2005. – 258 с.
  4. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть: Академиический курс. Под ред. Б.Х. Толебековой../ Кн.2. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 432 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.