Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму бағыты және оңын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары

Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен нақты есеп айырысулар бойынша есепті кезең болып күнтізбелік ай табылады. Егер қосылған құн салығы бойынша тоқсан үшін орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептік көрсеткіштерден кемін құраса, онда есепті кезең болып тоқсан табылады.

Мысал: Бюджетке төленуге тиісті 2014 жылдың үшінші тоқсаны үшін кәсіпорынның мынадай қосылған құн салығының сомалары бар, оның ішінде: шілде үшін 135 000 теңге, тамыз 128 000, қыркүйек 120 000 теңге. Осындай сомалар тоқсан үшін барлығы 383 000 теңге қурады. Орташа айлық төлемдер 127 666 теңге (383 000 : 3) құрайды. Заңдар бойынша бұл айларда 919 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш белгіленген, тиісінше әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткішінің 1000 еселік мөлшері 919 000 теңге (725 х 1000) құрайды. Есептен көрінгендей, орташа айлық төлемдегі 127 666 теңге 919 000 – нан аспайды. Яғни, салық төлеуші тоқсанда бір рет қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасайды.

Қосылған күн салығы бойынша декларацияны жасау мақсатында есепті кезеңді айқындау үшін негізге соңғы есепті тоқсандағы бюджетпен есеп айырысулардың нәтижелері қабылданады.

Қосылған құн салығы бойынша декларация есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей әрбір есепті кезең үшін беріледі.

Салық төлеуші, егер тоқсан үшін есепті көрсеткіштерді және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне тоқсан сайын орташа айлық төлем 1000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болса, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларацияны тіркеу орны бойынша салық органдарына береді.

Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін оны сату кезінде шикізатты шығарушы Қазақстан Республикасының резиденттері мынадай тәртіпте есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлейді.

Шикізатты шығарушылар қосылған құн салығын есептеместен алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін оны сатуды жүзеге асырады және "есепке алу әдісіне сәйкес ҚҚС-сыз" шот-фактураны сатып алушыға береді.

Қосылған құн салығы бойынша декларацияда алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін шикізатты сату жүргізілген есепті кезең үшін шығарушы осындай шикізаттың құнын жеке жолда көрсетеді және есепке алуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есеп айырысуы кезінде салық салынатын айналымға енгізбейді.

Сатып алушыда шикізат қосылған құн салығынсыз шот-фактурада жеткізуші көрсеткен құн бойынша ескеріледі. Ұқсату өнімдерін сату кезінде салық салынатын айналым нақты қалыптасқан шығыстардан төмен емес құнға орай айқындалады.

Алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін арналған шикізат деп қандай да бір өңдеуге және бұрын өнеркәсіптік ұқсатуға ұшырамаған және де оның негізін құрай отырып дайындалатын өнімнің кұрамына кіретін шикізат тауарлары түсініледі.

Экспортқа тауарларды өткізуге, Ресей Федерациясына экспорттауды қоспағанда және тауарларды Қазақстан Республикасына экспорттау кезінде қосылған құнға салынған салық ескерілген бағаны қолданатын мемлекеттерге тауарларды экспорттау жағдайларын есептемегенде, нөлдік ставка бойынша салық салынады.

Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

Нөлдік ставка бойынша салық салу дегеніміз қосылған құнга есептелген салық сомасының мөлшерін нөл процентке теңестіру болып табылады. Тауарларын нөлдік ставка бойынша сататын салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметінде пайдаланатын тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алған, жұмыс пен қызмет көрсету бойынша салық сомасына есептеуге қуқылы.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша салық төлеушілерге кәсіпкерлік қызметінде пайдаланатын тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алған, жұмыс пен қызмет көрсету бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасы бюджеттен Салық кодексіне сәйкес қайтарылады.

Тауарлар экспортын растау болып:

экспортталатын тауарларды жеткізу келісім-шарты;

тауар шығаруды экспорт режимінде жүзеге асырған кеден органының және қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан сырт жерлерден әкелінген тауарлар өткізілетін жіберу пункті бар кеден органының белгісі соғылған кедендік жүк декларациясы табылады.

Магистральдық құбыр арнасы жүйесі бойынша немесе электр беру желісімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімдерін қолдана отырып, экспортталатын тауарларды жүзеге асыру кезінде, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгісі соғылған толық жүк кеден декларациясы көрсетіледі;

Қазақстан Республикасының және тауар жүріп өтетін транзит мемлекеттерінің шекаралық кеден органдарының белгісі соғылған немесе тауарға ілесіп жүретін құжаттардың көшірмесі тауар экспортын растайтын құжаттар болып табылады. Тауарлар экспорты қандай көлік түрін пайдалана отырып тасымалдағанына байланысты, ондай құжаттар коносамент немесе оның көшірмесі, халықаралық жүргізу көлігімен халықаралық тауар тасу жүк құжаттамасы, халықаралық әуе жүк құжаттамасы немесе теміржол жүк құжаттамасы болып табылады.

Ал тұрба жүргізу көлігімен немесе электр беру желісімен тауарлардың экспорты жағдайында тауарларға ілесіп жүретін құжаттардың көшірмесінің орнына тауарларды қабылдап алу-беру актісі табыс етіледі;

салық органдары қажет жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарымен экспорт режиміне сәйкес рәсімделген жүк кеден декларациясында көрсетілген тауарлардың нысаналы елдердің органдарына еркін айналыс үшін Қазақстан Республикасының аумағынан шығару режимінде экспорттағанын тауарлардың кедендік ресімделулерінің өндіру фактісін растау жөнінде өтініш жасай алады.

Қазақстан Республикасының кеден аумағынан бұрын тысқары әкетілген тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату немесе оларды ұқсату өнімдерінің режимінде одан әрі экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, мұндай тауарлардың немесе ұқсату өнімдерінің құны нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату айналымына қосылады.

Бұл жағдайда нөлдік ставканы қолданудың негізі болып тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органына мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. экспортталатын ұқсату өнімдерін немесе тауарларды жеткізу жөніндегі шетелдік тұлғамен жасасқан келісім-шарт, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасы аумағы шегінен тысқарыда ұқсату келісім-шарты;
  2. кеден аумағынан тысқарыда ұқсатылған тауарлар режимінде ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясы немесе оның көшірмесі;
  3. кеден аумағында ұқсатылған тауарлар режимінде шетел аумағында жүзеге асырған алыс-беріс шикізатын ұқсатуға әкелу кезінде ресімделген кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясының көшірмесі;
  4. экспорт режимінде ұқсатуға әкелінген тауарлар мен өнімдерді қайта ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясы;
  5. егер лицензия аумағында тауар ұқсату жүзеге асырылатын мемлекеттің зандарына сәйкес міндетті болса, тауарларды ұқсату режимінде кедендік ресімдеуді жүзеге асырушы кеден органы растаған тауар ұқсату лицензиясының көшірмесі;
  6. мемлекет аумағына ұқсатуға мемлекет аумағынан оларды ұқсату тауарларды немесе өнімдерді әкелу кезінде экспорт режимінде рәсімделген кеден жүк декларациясының көшірмесі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес және осындай ресімдеу кеден органымен расталған тауарлар экспортына нөлдік ставка бойынша салық салынады. Экспорттық кеден декларациясында алыс-беріс тауарларын ұқсатуға әкелу кезінде ресімделген бұрынғы кеден декларациясының нөмірі көрсетілуі тиіс;
  7. оның аумағына ұқсатуга тауар әкетілген мемлекеттің кеден органдарының белгілерімен тауардың нысаналы мемлекет шекарасына тауардың немесе оны ұқсату өнімін, сондай-ақ олардың аумағында тауар немесе оны ұқсату өнімі өтетін транзит мемлекеттерінің өтуін растайтын тауар ілеспе құжаттарының көшірмелері.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлардың экспорты жағдайында растайтын құжаттар болып экспорт режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетілген тауарлардың импорты елінде ресімделген жүк кеден декларациясының көшірмесі болып табылады.

Ресей Федерациясына тауарлар экспортына Салық кодексінде көзделген ставкалар бойынша қосылған құн салығы салынады.

Жолаушылардың, тауарлардың, жануарлардың, жүктің және поштаның халықаралық тасымалына нөлдік ставка бойынша тауарлардың экспортына қосылған құн салығын салуды көздейтін Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарды жасамаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер жүзеге асыратын тасымалдардан басқа нөлдік ставка бойынша салық салынады.

Халықаралық тасымалдар деп Қазақстан Республикасының аумағынан басқа мемлекеттердің аумағына тауарларды, жолаушыларды, жүкті, почтаны, жануарларды, сондай-ақ транзитті тасымалдау түсініледі.

Тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде салықтың нөлдік ставкасы мынадай негіздерде қолданылады:

  1. оларды жеткізушілермен тікелей жасалған экспортталатын тауарларды тасымалдауға шарт;
  2. тасымалды біртұтас халықаралық тасымал құжаттарымен тауардың жүріп өтетін бүкіл маршрутын рәсімдеу.

Салық кодексіне сәйкес басқа жағдайларда салық салынатын айналым мөлшеріне 15 процентке тең ставкамен салық салынады.

Қосылған құн салығын төлеуші декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.

Импортталған тауарлар бойынша қосымша құн салығы кеден заңдарында белгіленген күні төленеді. Ал, Ақтөбе облысының мемлекет қазынысы түсетін салық мөлшері жыл сайын өсіп келеді. 2004 жылы бұл көрсеткіш 75,7 млрд.тенге болса, 2005 жылы 95,1 миллиардқа жетті. 2006 жылы екі есеге жуық өсіп, 154 млрд. тенге шамасында болса, 2007 жылы 187млрд болды. Облыста атқаратын қыруар шаруа әлеуметтік – экономикалық бағыттағы ірі бағдарламалар осы салық түсіміне қарай атқарылады. Ел бюджеті «тарихта бұрынсонды болмаған «әлеуметтік бюджет»деп бағаланып жатқанда «Одан көретін игілігіміз қандай?, Салық тек табиғи ресурстарды игеруге ғана тәуелді ме?

Облыс бюджетінің жыл сайын өсуі – экономиканың жақсаруынан сондай-ақ салық саясатын халықтың тұрмыс тіршілігіне қарай тиімді жүргізуден. Бұл салыққа қатысты ақпараттық жүйені енгізуден, салық инспекторларының кәсіби шеберліктерінің өсуінен. Осының барлығы салық түсімін жіті қадағалауға, кейбіреулердің салық төлеуден жалтаруына жол бермеуге сеп. Әрине облыс бюджетінің толығуы ең әуелі осы өңірде жұмыс жасап жатқан табиғи байлықты игерушілерге тікелей қатысты. Олардың үлесі басым. Мұнай бағасы өсіп тұр. Дегенмен салықтың түсімі әуелі біздің жұмысымыздың нәтижесі.

Салық – кейбір фирмалар мен компаниялар үшін орасан зор қаржы. Мұндай қаржы жүрген әр түрлі қулықтар болатыны аян. Оларды әшкерелеудің жолы көп. Салық есебінде ізі жоқ кәсіпорындардың құжаттары есепке алынбайды. Кәсіпорындар тоқсандық есептерін тапсырғаннан кейін, салық органдары да өз есебін шығарады. Салықтан жалтару қылмыстың үлкені. Салық түсімі молырақ болған сайын, мемлекеттің де әлеуметтік бағдарламаларды шешуге мүмкіндігі молаяды. Егер кәсіпорын салық органына тіркелмесе, банктен несие ала алмайды, зейнетақы қорына да түсімі азаяды. Заң жалпыға ортақ. Ол қоғамды жікке бөлмейді және біреулерге басымдылық бермейді. Заң бұзушылық көбіне салық төлеушінің заңды білмеуінен туындайды. Жыл сайын салық кодексіне енетін өзгерістер мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Соларды қадағалап отырған жөн. Заңдарға толықтырулар мен өзгертулерді Парламент енгізеді. Салық заңнамаларына өзгертулер жылына бір-ақ рет енгізіліп, келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Салық салу жүйесінде, ең әуелі салық алынатын мүмкіндіктер тегіс есептеліп, жыл бойы қанша салық жиналатыны жоспарланып, бұл болжам бюджет негізі болып алынады. Облыстық салық комитеті салық төлеушілерге көрсетілген қызмет түрлерін кеңейткен. Мұнда салық есебін қабылдау және өңдеу орталықтары жұмыс істейді. Адамдарға «бір терезе» жүйесімен қызмет көрсетіледі. Салық есептерін электронды жүйемен қабылдау жүзеге асырылған. Тұтынушыларға қажетті құжаттар беруде жаңа ақпаратты жүйе енгізілген. Салықшылар салық кодексіндегі өзгерістер туралы мерзімді баспасөз беттерінде түсініктер беріп тұрады.

Салық механизмінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Салық заңдарының тұрақтылығы принципін заң тәртібімен бекіту қажет, өйткені салық заңдарына өзгерістерді жиі енгізу елдегі экономикалық ортаға теріс ықпал етеді.

Қаржы-банк жүйесінің, экономиканың аграрлық секторының нығаюына қарай, Салық кодексінің жаңа редакциясын қабылдау қажет.

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің нығаюына және өсу мүмкіндіктеріне орай халықтың өз күнін өзі көру және экономиканың жекелеген секторларына салық жеңілдіктерін, сондай-ақ экономиканың тиімсіз, бірақ үлкен әлеуметтік маңызы бар секторларын мемлекеттің тікелей қолдауының рөлін күшейту саясатына көшу қажет.

Бюджетке салық түсімінің ІЖӨ-нің 30% деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің өсуі салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту және салық заңдарының нормаларын мүлтіксіз сақтау есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Барлық дамыған елдерде бөлінетін ІЖӨ-нің үлесі әрбір он жыл сайын заңды түрде өсіп, ІЖӨ-нің 50%-ына жақындағанын ескере отырып, таяу жылдарда мемлекеттік бюджетке салық және салықтық емес түсімдердің деңгейі ІЖӨ-ге қатысы бойынша 30%-ға жетеді.

Салық заңдарын жетілдіруді қамтамасыз ету. Перспективада 5-7 жылдан кейін салық жүйесінде мынадай бағыттар бойынша реформалар жүргізілетін болады:

  • жеке табыс салығына салық салу жүйесі бойынша едәуір ұқсастығы бар әлеуметтік салық, мемлекеттік сақтандыру қорына төленетін жарна болып қайта құрылатын болады. Бұл жағдайда жарна төлеушілер бюджетте неге жұмсалатыны белгісіз әлеуметтік салықпен салыстырғанда,қор қаражатының қандай мақсаттарға пайдаланатынын білетін болады;
  • салық төлемдерінен жалтарудың мүмкін еместігі мен оның тиімсіздігін қамтамасыз ететін, соның ішінде жеке тұлғалардың табысын жаппай мәлімдеу және табысы неғұрлым жоғары тұлғаларға салық салуды күшейту есебінен қамтамасыз ететін тетіктер қолданысқа енгізілетін болады, мұның өзі осы санаттағы салық төлеушілерден салық жинау ісіндегі жағдайды едәуір жақсартады;
  • салық салу базасын кеңейту және экономиканың нақты секторын салық жүктемесін неғұрлым теңдей бөлу үшін әлемдік практикада жергілікті бюджеттер үшін кірісің маңызды көзі болып табылатын бөлшек саудада сатуға салық салуды енгізудің орындылығы қарастырылатын болады

Салық жеңілдіктерін жүйеге келтіру. Салық жүктемесін барлық салық төлеушілерге түңдей және әділетті бөлу мәселесі принципті мәнге ие.Басымдықты салаларда іскер белсенділікті ынталандыратын мақсатты бағытталған біріңғай жеңілдік жүйесін қалыптастыру қажет.

Басымдықты салаларда іскер белсенділікті ынталандыратын мақсатты бағытталған біріңғай жеңілдік жүйесін қалыптастыру қажет.

Салық артықшылықтарын пайдаланбайтын салық төлеушілерге қатысты салық жүйесіндегі әділеттілік принцпін бұзатын негізсіз жеке салық жеңілдіктері жойылады, өйткені салық төлеушілердің бірі үшін жеңілдікті салық режимі сөзсіз басқаларға қосымша салық ауыртпалығын түсіру дегенді білдіреді.

Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіне тиімді мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету. Қазақстандық тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметтегі белсенді өзгерістер кеден шекарасында экономикалық қызметтегі белсенді өзгерістер кеден шекарасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде контрабандаға тосқауыл қоюда, кеден шекарасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, контрабандаға тосқауыл қоюда кеден төлемдері мен салықтарды толық көлемде өндіруде республика кеден органдарының рөлін арттырады.

Шетел салық салу тәжірибесінде қосымша құн салығын енгізгеннен кейін пайда болатын бағаның және еңбек ақының өсуін бірқатар шаралардың көмегімен алдын алу жолға қойылған.

Бұл шараларға мыналар жатады:

  1. Үкіметтің қоғам мүшелерін қосымша құн салығын енгізуге байланысты болатын бағаның өсуі туралы хабардар ету (Тайвань тәжірибесі);
  2. Бағаны бақылау тәсілдерін қолдану, басқа салықтарға да орнын торылу мақсатында түзетілер енгізу (Австрия, Франция, Корея, Нидерланды, және Норвегия тәжірибелері);
  3. Қосымша құн салығын енгізу үшін, кері әсерін тигізбейтіндей етіп, қолайлы сәттерді таңдау (Португалия тәжірибесінен);

Біздің елде салық төлеуші қосылған қүн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.

Салық кодексі бойынша импортталатын тауарларға қосылған құн салығы кеден төлемдерін төлеу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күні төленеді.

Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімі белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін.

Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына жағдайларда жүзеге асырылады:

  • импортталатын тауарлар өнеркәсіптік ұқсатуға жататын;
  • су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда.

Егер бүл орайда төменде аталған шарттардың ең болмаса біреуі орындалатын болса:

  1. өндірістік ұқсатудан кейін алынған өнімде (тауарда) пайдаланылған тауарлардан өзгеше алғашқы кез келген төрт белгі деңгейінде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды болса;
  2. өндіріс процесінде тауарларға қосымша еңбек пайдаланыла отырып, химиялық әсер жасалса, өндіріс процесінде тауарларды одан әрі пайдалану оларды өнеркәсіпте ұқсату деп ұғылады.

Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту өсім пұл есептелмей, кеден органы кедендік жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жасалады. Және де қосылған күн салығын төлеу мерзімін өзгерту уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш пен тауарларды беруге арналған шарттың көшірмесі негізінде жасалады.

Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын тексеріп қарауға қуқылы.

Уәкілетті мемлекеттік орган өнеркәсіптік ұқсату үшін үнемі импорт бойынша тауарларды алып тұратын қосылған қүн салығын төлеушілерге, қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлеткізе отырып, тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыруы үшін күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді. Осы рұқсат, қосылған күн салығын төлеу мерзімін кеден органы кедендік жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік ресімдеуге негіздеме болып табылады.

Рұқсат алу үшін уәкілетті мемлекеттік органға төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органынан оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы жөніндегі қорытындысы табыс етіледі.

Өнеркәсіптік ұқсатуға арналған импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді салық органдары салық төлеушіден өтініш пен растау құжаттары алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді үш айлық кезең ішінде салық органдары өткізілген тауарларға қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен жүргізеді.

Қосымша құн салығы бойынша істелетін іс-шараларға мыналар жатады:

  • салық жүйесінің европалық даму процесіне бағыт алу;
  • бюджетке түсетін салықтар сомасын арттыру;
  • қолданылып келе жатқан жүйені одан әрі оңайлату және жетілдірді;
  • жаңа жүйенің тиімділігін есептеу;
  • шетелдерде тәжірибе жинақтау үшін мамандарды дайындау;
  • әр жеке кәсіпкер үшін банкіде ортақ есеп-шот жүйесін құру;
  • банк ілерге қосымша құн салығын есептеу қызметін беру.

Сонымен, жоғарыда қосылған құн салығының жанама салық түріне жататындығын, оның түсінігін, экономикалық мәні мен мағынасын, шот-фактура деген не екенін, шетелдердегі қосымша құнының жағдайын, алыну ерекшеліктері мен ставкаларын, содай-ақ, қосымша құн салығының төлену мерзімі мен ол бойынша салық есептілігінің қалай толтырылатындығы туралы айтылды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі). – Алматы: «Бико», 2013 жыл, 1 қаңтар.
  2. «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заң. – Алматы: «Қаржы қаражат», 2002.
  3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: «Қаржы қаражат», 1995.
  4. Ермекбаева Б.Ж. Жалпы мемлекеттік салықтар (оқу құралы). – Алматы: «Экономика», 2012.
  5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің жаршысы», № 12 Арнайы шығарылым. – Алматы: «Бико», 2000.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.