Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәуке хан тұсындағы құқықтық ұғымдардың азаматтық кодексте кездесуі

Қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер, реформалар енгізген Тәуке хан еңбегінің түпкі көрінісі, бірегей нәтижесі. Тәукенің тарих таныған тұлғаға айналуының да, халқы сүйіп “әз” (әулие) аталуының да негізінің өзі сол, халықты халықтың өзінің ішінен шыққан Естісіне басқартып, елдік тұтастықтың іргетасы – ішкі тәртіп пен сыртқы қорғанысқа жалпақ жұрттың көкірегінде ортақ ұлттық мүдделіліктің оянуына мүмкіндік туғызуында жатса керек. Тәуке ханың «Жеті жарғысы» өзі де қазақ халқына көп көмегін тигізді, ол жеті тараудан турған. Негізі«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген [1, б. 32].

ҚР Азаматтық кодекстің заңдар ұғымдарындағы негізгі дерек көзі Тәуке ханның Жеті жарғысы болып табылады. Сол кезде әйгілі болып бүкіл көшпенділердің, қазақ қоғамындағы далаға тараған ұғымдар бүгінде мәні жойылған болып саналады. Бірақ оларды баламалап пайдаланып жүр. Мысалы, Барымта – мұндай даудың арты әдетте барымтаға соғады. ҚР Азаматтық Кодексінде кез келген даудың арты негізсіз, дәлелсіз, аргументсіз, фактісіз болмайтынын айтылады.

«Барымта» сөзі XVIII ғасырға дейін романдар мен поэмаларда пайдаланған. Бірақ қазір, ҚР Азаматтық Кодексінде оны кездестіре алмаймыз, ол өзінің мағынасын жоғалтқан, бірақ оны «мүлкін тәркілеу» деген сөзбен мағынасы жағынан алмастыруға болады. Ол ҚР Азаматтық Кодекстің 254 бабында, «егерде заңды актілерге сай істеген қылмысы мен құқық бұзушылығы негізінде сот жүзінде ол дәлелденген жағдайда құқық бұзушы азаматтың мал мүлкі тәркіленді қажет (конфискация)» [2, б. 27].

Қазақ хандығында «әділетті түрде шешетін адамды би» деп атайды. Би – ақсақалдар халықпен келісе отыра сайлаған, ел мен халық тарихын білетін шежіреші, рулық жағынан ешбір қылмыссыз, бедел мен қадірлі адам болуы керек. Бұл қызметке кез келген жастағы адам сайлана алады. Егерде халық сайлаған жағдайда тіпті жасы жағынан кішкенелер де болуы мүмкін. Кез келген рулар мен адам мен адам арасындағы азаматтық, қылмыстық және мал мүліктік негіздегі шыққан дай жаланды реттеп, шешуге бар күшін салады. Бидің мықты білімі мен адамгершілігі және ешбір жақты жақтамайтындағы мінезі, шешендік өнері, табиғи қабілеті, дұрыс шешім шығара алатын, әрбір сөзі салмақты да мәнді болуы қажет. Би қасқадан нұсқа, қандай болмасын шешім шығарарда тоқ етерін айтып, халықтың көңілінен шығып отыруы керек. Өзінің жеке басының мүдделерін ешбір іске араластырмауы қажет.

Қазіргі уақытта бұл ұғымға және айтылған мағынаға «сот» ұғымы тең келеді. Сот дегеніміз мемлекеттің қызметтік тұлғасы, соттық биліктің тізгінін ұстаушы. Сот болып, конституциялық негізде әділеттілікті орындаушы, өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындаушы болып табылады. ҚР барлық соттары бір ізділіктегі статус пен құзыреттілікпен анықталады. Олардың барлығы ҚР соттар туралы Заңына тәуелді және оны қағат орындауға міндетті. Олар тәуелсіз тек заңға ғана тәуелді. Соттар кез келген істі қарауда объективті болып, дұрыс заңға сәйкес гуманизм мен адамгершілікті тұрғыдан шешім шығара алуы керек. Сот кеңестері мен жүгініс немесе мәжілістері арқылы қиын мәселелерді шеше алады. Сот мемлекет атынан қаулы қабылдап, шешімдер шығара алады. Халықтық мәжіліс керлерге негізделе отыра тең құқылы болып табылады.

Келесі мысалды, «Соттық мәжіліс» ретінде қарастырсақ. Соттық мәжіліс әрбір адам белгілі бір қиындыққа тап болған жағдайда белгілі бір адаммен кеңеседі, көмекке жүгінеді. Осы байланысты қазақ хандығы кезінде көшпенділер қоғамында «Кеңес» және «Мәжіліс немесе жүгініс» органдары болған. Кеңес пен мәжіліс арасындағы ерекшелік белгілі бір істің мәні мен мазмұнына байланысты. Егерде іс өлім, ұрлық, зорлық немесе ру арасындағы қылмыстарға байланысты болса оны Кеңес шешкен, онда 8-ден 24-ке дейін билер болған. Жоғарғы биді жазаланушы мен жәбірленуші өздері таңдайды. Егерде іс ірі көлемдегі ұрлықпен, қарақшылықпен, ішкі рулық және көрші рулар арасындағы ұрлық зорлыққа байланысты болса, онда оны «Жүгініс» шешеді, онда 6-8 билер және құрметті адамдар болған. «Жүгініске» қатысушылар жоғарғы биді шақырады. Бұл тұжырымнан шығатыны «Сот мәжілісі немесе жүгінісі» мен «Сотты Кеңес» арасындағы айырмашылық ауқымды болмағанмен мәні мен мағынасы жағынан ерекшеленеді.

XVIII XIX ғғ. Романдарда пайдаланған ұғымдарды сараптап көрейік. Құқықтық негіздегі «саудаласу»«сату – сатып алу» сияқты қарапайым ұғымға тоқталсақ. Бұл ұғымдар нарықтық экономикаға көшкелі қазіргі күн тұрғысынан әр қайсымыз қолданамыз. Мысалы, жылқыларын сату және сатып алу кезінде Елікпай ашықтан ашық саудаласуға кірісті [3, б.189]. «Саудаласу» сөзінің түп дерегі сауда, сауда шығыс – славян сөзі көпес деген Византияның сөзінен сіңісіп, саудалау, сауда саттық деген мағынаға енгізілген [4, б. 80].

Құқықтық сөздікте «сауда» (саудаласу) – кейбір келісім шарттарды жасасуда орындалатын жарыстық тәртіп (сату – сатып алу, тәртіп, жеткізу). Сауда байқау немесе аукцион түрінде өткізіледі. Шет елдік немесе халықаралық құқықтық сөздіктерде сауда сөзін тендер деген сөзбен ауыстырады [4, б. 27].

«Саудаласу» ұғымы сауданың бірнеше түрімен де белгіленіп, көп мағыналық болып табылады. Мысалы, орман саудасы орман мүліктерін пайдалану үшін берілетін лицензиялық негіздегі рұқсат, ондағы басты сауданың негізі лицензия құны болып табылады. Кезектік сауда – құрылысқа тапсырыс алатын сауданың түрі, я,ни байқау негізінде құрылыс мекемесінің ұсынылатын қызметі мен жұмысы.

Бұдан шығатын қорытынды саудаласу сөзі сауда сөзінің баламасы, ол «көпес арзанға зат алып, қымбатқа сату» деген мағынаны білдіреді.

Енді «сату – сатып алу» ұғымына тоқталсақ. Ол «сатып аламын» сөзінен шыққан. «Сатып алу» сөзі ерте славяндық, герман тілінен енген, «kaupon» готша – «саудалау», kaufan немісше – «сатып аламын», Caupo латынша «үнемі сарай маңын ұсатушы» деген мағынаны білдіреді [3, б. 22].

«Сату» ұғымы, киім немесе үмітке байланысты орыстың продать етістігінен шыққан.

Сату-сатып алу ұғымдары құқықтық құжаттарда үнемі бірге қатарласа жүреді. Ол келісім шарттың ең тараған түрлерінің бірі болып саналады, бір жағынан сатушы сатады, тұтынушы сатып алады. Тұтынушы сатушы ұсынған заттың ақшалай құнын төлеп, өзінің меншігіне айналдыра алады. Ол тауарлық айналымда үнемінде құндылық қағаздар немесе ақшалай негіздегі түрлері болуы мүмкін. Саты-сатып алу келісім шарты сондықтанда, екі жақты келісілген, қайта қайтарымы бар шарттар негізінде жасалады. Келісім шарттың негізгі пәні болып, мүліктік құқықтар, құқықтық негіздегі басқада салалары жатуы мүмкін.

Жеті жарғыда кездесетін тағыда бір ұғым ол несиеге, құн ретінде берілетін тауар сөзінің кездесуі. Бірақ өте үлкен құн мөлшерінде [2, б. 177]. Қазақ тілінің сөздігінде бұл ұғымға басқаша мағына береді, түріктің мал, үй жануары деген сөзі, татарша тувар – мал [3, б.14]. Алғашында тауар мал сөзіндегі мағынаны берсе, кейіндеп, «мүлік – жеке меншік тауар» мағынасын береді. Бұл даму үрдісі көшпелі халықтың басты құндылығы, мүлігі мал, ақша мөлшері малмен өлшенетіндіктен ең басты тауар мал екендігінде. Сондықтанда ол сату – сатып алу келісім шартының айналымына түсетіні анық. Қазіргі тауар сөзінің кез келген затты білдіруі орыс тілінен енген және ол XIII ғасырға жатады. Орыс елінің көпестерінің заттары айырбас, сату негізіндегі затқа айналып, мүліктік негіздегі сату – сатып алу келісім шартының айналымына түсті. Қасым хан тұсындағы Мәскеу көпестерінің заттарының алмастыруы, Тәуке хан тұсындағы кез келген қылмыстық істердегі қанға қан кегін тоқтату мақсатындағы құн ұғымының енуі, 19 ғасырдағы Қазақстан жеріндегі капиталистік қатынастардың дамып, орыстардың Банк филиалдарының ене бастауы осыған дәлел.

Енді несие сөзіне мән берсек. Латыннын Creditum сөзі – ссуда, несиеге стау сату – сатып алудың бөлшектік саудасының түрі болып саналады. Азаматтық заңдылықтың негізінде азаматтарға жеке мекемелердің шығаратын немесе сол мекемелердің өндіру арқылы немесе делдал негізінде кеңінен тарататын тауарлық заттарын ұзақ уақытқа несие арқылы беріп, оның өзіндік құнын төлегенге дейін мекеменің кепілдігінде тұратын заттарды айтамыз. Өзіндік құны төленген соң, тауарды немесе затты азаматтар өз меншіктеріне айналдыра алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық заңына сәйкес несиеге алынатын тауар құны өзіндік құн негізінде, немесе үстеме пайыздық негізде бөліп төленеді. Бұдан шығатын қорытынды отандық заңдар мен құқықтық нормативті актілерде қазақ хандығынан келе жатқан сөздіктерді неге қолданбасқа.

Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардыңөз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады.

Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінезқұлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адами ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінезқұлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс [5, б171].

Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады.

Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Тасмағамбетов И.Н., Тажин М.М., Жанаханова Қ. Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер 10 томдық т.4. – Алматы, 2012. Б. 9-12.
  2. ҚР Азаматтық Кодекс. – Алматы, 2006.
  3. Артықбаев Ж.О. Жеті Жарғы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2004. 150 б.
  4. Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания. М.: «Наука», 1977. 206 б.
  5. Рахметов Қ. Аманжолов К.Түркі халықтарының тарихы. 1-2 т. Алматы: «Ғалым», 1980.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.