Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері

Өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан – 2050» Стратегиясын орындаудың бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттері тұрғанын елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсетіп, мәдениет және білім саласына да айырықша көңіл бөлу керектігін айтты.

Қазақстанда өткен ғасырымыздың мәдениетінің озық үлгілерін қабылдау, сақтау және насихаттаудың тұтас жүйесін қарастыру барысында 2004 жылы кең де ауқымды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бүгінгі күннің келелі мәселелерінің бірі осы бағдарламаға байланысты кәсіби оқу жүйесінің қалыпты даму сатысы болып табылады. Сабақ берудегі бұрын соңды зерттелмеген кейбір әдістемелік мәселелерді, соның ішінде дәстүрлі ән өнерді терең меңгеруде халықтық музыкалық терминологияны сабақтастырып, қозғауды қажет етеді.

Қобыз бен домбырада орындалатын халық әндері мен күйлері қазақ халқының дәстүрлі өнеріне жатады. Ол – сонау өткен заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Халқымыздың мақтаныш етер асыл мұрасы, бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен әр түрлі болып келеді.

Дәстүрлі ән өнерін музыка зерттеушілері тұрмыс –салтқа байланысты халық әндері, ғұрыптық әндер, және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр. Ең жоғары кәсіби өнеріміздің бірі ол дәстүрлі музыка яғни дәстүрлі ән өнері. Біздің заманымызға жеткен әндердің тақырыбы мен мазмұны, мақамдары мен әуен ырғақтары халықтың ой-арманынан туған ал, халық орындаушылары сол әндерді бұзбай сақтап, келесі ұрпаққа жалғастырып отырды. Біз оқушыларға табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген әндерді үйретуге міндеттіміз, әрі мұны болашақта жас дәстүрлі әншіні тәрбиелейтін музыкалық білім көзінің қайнар бұлағына айналдыруға тиіспіз. Өйткені халқымыздың рухани асыл қазынасы ән.

Ендеше қазақтың ән өнері, күй жанры да өзінің тарихи түр сипатын анықтап, дәстүрлі ерекшеліктерін белгілеп алуға тиіс. Келешекте мұның өзі қазақтың дәстүрлі өнерінің түрлі жанрларының даму сапасының жоғары сатыға көтерілуіне жол ашып береді.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. Қазақ халқының музыка мәдениетін зерттеушілер мың ән, бес жүз күй барлығын XIX ғасырда жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті заманнан заманға қарай дамып келді.

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй, деген ұлы Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті күйді жан азығы етіп ардақтаған көңіл-күйін бейнелейді. Қазіргі ән үйрену мектебі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста болуы керекХалық әншілері қалдырған әнмен қоса күй үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтапқазіргі домбыра үйренудің жүйелі әдіс-тәсілдерін жасапдомбыра үйренудің болашақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды өмірдің өзі талап етіп отыр.Қазақта ән өнері тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейтін жүздеген әндерән жанрының дәстүрлік сипатыән жанрының мектептері т.бсапалық дамуы тарихи шындық.

Ендеше, қазақтың өнер тарихында Мұхит, Біржан сал, Ақан серілер бастаған ұлы қазақ әндері өзінен-өзі пайда болмағаны белгілі жай. Олардың ұстаздары болғаны, сол ұстаздардың арасында қазақтың әншілік, күйшілік, жыршылық, ақындық, шешендік, сияқты өнер түрлері қалыптасқаны мәлім. Өнерді баптайтын нағыз бапкер болғанда ғана шеберліктің биік шыңына көтерілуге болады. Халық арасынан шыққан өнерпаздардың өздері жасаған әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан білеміз.

Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері: Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі, Арқа әншілік дәстүрі, Сыр өңірі әншілік дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, болып бөлінеді. Ғұрыптық әндердің өзі – беташар, бесік жыры, тойбастар, сыңсу, жоқтау, көрісу, жар-жар, жарапазан болып, тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері халық композиторларының әндері және халық әндері (анонимды авторлық) болып саналады.

Әншілік өнер жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі болып келеді. Б. Тұрмағамбетова өзінің «Қазақстанның Батыс аймағының ән мәдениеті» атты еңбегінде ғұрыптық, тұрмыстық ән жанрларымен қоса, өңірдің өзіне ғана тән «мәтөк» ән жанрының қалыптасқанын айта келе: «Ғашықтық сезімді арқау еткен әндер қатарын мәтөк әндер тобы толықтырып отыр. Мұндағы «мәтөк» осы өңірде ғана кездесетін диалект сөздерінің бірі» – дейді. Сонымен қатар Б. Тұрмағамбетованың еңбегінде мәтөк әндерінен басқа «сағыныш ән», «қара өлең» «қоңыр ән», деп аталатын үлгілер негізгі орынды алады.

Автордың көзқарасы бойынша, лирикалық және тұрмыстық жанрды жанжақты зерттеуде мұндай туындылардың өңірде ән мәдениетіндегі алар орнын анықтап, болашақта міндетті түрде ғылыми тұрғыда қарастыру қажет екенін айтады.

Домбыра өнерінде Шығыс Қазақстандық шертпе, Батыс Қазақстандық төкпе, тәрізді дәстүр қалыптасса, сол екі мектептің айырмашылығы қағыс түрлерінде. Шығыс Қазақстандық шертпе дәстүрінің ерекшеліктерінде күйлердің жұмсақ нәзік үнді ән тектес әуенді, сазды болып келуін саусақ басымен шертіп тарту әдістері қалыптасса, Батысқа тән күйлер оң қолдың сермей соғуымен орындалып, «қара қағыс», «бөгеме қағыс» «ілме қағыс», т.б. болып сан түрге бөлінуі сол аймақта қалыптасқан ән дәстүріне де өз ықпалын тигізбей қойған жоқ.

Ал, әнге келетін болсақ, халық әншілері қалыптастырып кеткен әннің түпкі айтылу нақышынан адасып қалмау керек. Әр мектептің дәстүрін бұзбай, әннің мазмұнын түсініп, мәнерлеп жақсы айту үшін шеберлік қажет. Сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасқан әнді орындау өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе керек. Ән айтудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек. Ал соның ішінде Батыс ән мектебінің қалыптасқан ән дәстүрі бойынша – мұнда әнді дұрыс орындау үшін, орындаушыдан күрделі әрі екпінді, төкпе күйлерде кездесетін шеберлікті пен дауыс күшінің зор әрі диапазонының кеңдігін талап етеді. Сондықтан, халқымыздың рухани талап-тілегін қанағаттандыра алатындай дәрежеде Батыстың дәстүрлі ән өнерін өз нақышына келтіріп, сол ән мектебіне тән домбыра қағыстарын меңгеру үшін, домбыра шеберлігін жан-жақты зерттейтін еңбек қажет. Батыс Қазақстан мектебінің орындаушылық дәстүрінде домбыраның барлық техникалық дыбыс мүмкіншілігін пайдалану салалары көп. Соның бірі оң қол мәселесі. Қазақ халқының домбыра үйрену мектебінде аспапты меңгеруде түрлі әдісқағыстарды суреттейтін көптеген түсініктер бар. Осы сөздердің көбі дәстүрді сақтау және алға алып барудың керектігінен туған және күні бүгінге дейін ауызша үйрету жүйесінде белсенді түрде қолданылып келеді.

Қалыптасқан Батыс ән мектебіндегі домбыра қағыстары, әннің мазмұнын түсіндірудегі ең басты құрал, қысқаша айтқанда, домбыраның қағысы – әннің тілі. Сондықтан да, оң қолдың қағысының түрлерін көрсететін, тіпті төкпе күй дәстүрінде кездеспейтін белгілі бір өзіне тән техникасы бар (ол әдіс жалпы батыс ән орындаушылар арасында «теріс қағыс» деп аталып жүр) көптеген әртүрлі атаулар терминдермен бар. Қазақтың ән өнері, шын мәнінде халық болмысының шежірелі сазы бола алған. Кейде шығармашылықпен айналысатын адамға замана тұлғасын сомдау керек, өлмес өнер тілімен уақыттың портретін жасау керек деген талаптар да қойылып жатады. Бірақ, рухани үрдістердің қай-қайсысы да ең алдымен заманалық нәтиже екенін, уақыттың айғағы болатыны да еске келе бермейді. Көркем өнердің барша болмысы тарихи-әлеуметтік жағдайдан тыс болатын үрдіс емес. Тұтас бір тарихи кезеңдерде рухани құлдыраулардың, тіптен рухани ақтаңдақтардың болғаны өнер шежіресінен белгілі. Яғни, өнер түрлері өзінің шырқау биігінде де немесе жер бауырлап құлдыраған кезінде де тек қана өз уақытының айғағы болып қалатыны кәміл. Өнердің осынау заңдылығы қазақ әндеріне де жат емес. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай, оның тарихи тек тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Халықтың сонау заманнан бастау алған тарихымен рухани мұраларды қарау ең алдымен сол өнер түрінің даму, жетілу диалектикасын саралауға мүмкіндік берсе, екіншіден халықтың өмір жолын жалаң хронология тұрғысында емес, тарихи-әлеуметтік құбылыс ретінде өнермен де шендестіре тануға мүмкіндік береді.

Ұстаздардың міндеті Батыс ән мектебінің ұлы әнші-композиторлары қалыптастырған тәжірибесін сақтай отырып, қолдан келгенінше кейінгі ұрпаққа аталған аймақтың әнін бұзбай жеткізу. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан фольклор үлгілерінен бастап жоғары дәрежелі, яғни, кәсіби әншілік және эпикалық өнердің жанрларын қамтитын қазақ әндеріне негізделіп құрастырылған сольфеджио жинақтары жоқтың қасы. Казіргі кезде әр облыстың музыка мектептерінде дәстүрлі әннен сыныптар ашылуда, бұл үлкен қуантарлық іс. Бірақ бұл істің артында үлкен ауыртпашылықтар бар, біріншіден дәстүрлі ән маманына әдістемелік көмек қажет, екіншіден оқушы саны керек. Ал аймақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт үлгілерін және халықтық шығармалар мен ауызша кәсіби авторлар туындылары, әншілік мектебінің негізін салушы Мұхит сал мұрасының және өңірлік қайқылар әндерінің авторлық қолтаңбалары Батыс Қазақстан өңірлеріндегі музыкалық материалын құрауы қажет.

Сондықтан да фольклор үлгілерінен бастап кәсіби әншілік және өңірдегі эпикалық өнердің жанрларын қамтитын, жалпы осы өңірдің материалына негізделіп құрастырылған этносольфеджио курсына арнайы нота құралын құрастыру қажеттілігі туындады. Дәстүрлі музыкада кәсіби трансляциялау Ұстаз шәкірт жүйесі бойынша жүзеге асқан болса, ол сондай-ақ жалпы мәдени, жоғары кәсіби орындаушылық, әншінің мінез-құлқын, биік эстетикалық талғамын да қалыптастырып отырды. Бұл жүйе әннің теориялық, тарихи жақтарын да, жалпы дәстүрлі музыканы терең меңгеруге үлкен мүмкіншіліктер туғызды. Қазіргі европаланған оқыту жүйесі дәстүрлі музыка мен дәстүрлі мәдениеттің құндылығының қыр-сырын өз жүйелеріне толық дерлік енгізбегенінің кесірінен терең теориялық және философиялық білім жағынан толық көңіл бөлінбей шетте қалып отыр. Қазіргі заман талабы дәстүрлі ән мектебіне арнап этносольфеджио әдістеме жинағын көп уақытқа созбай дайындау қажет.

Қазіргі музыка зерттеуші ғалымдардың тұжырымына қарағанда музыка тілі халықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлықпен ұшырай қоймайтын түрі болып есептелінеді. Славян музыкасының тарихи тегін зерттеуші ғалым В. Гошовскийдің: «Тарихи жағдайға орай ассимиляцияға түскен белгілі бір халық басқа бір халықтың өлеңдерінен гөрі заттық мәдениетін, тіпті тілін әлде қайда оңай игереді», деген тұжырымы назар аударады.

Музыка тілі халықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлықпен ұшырай қоймайтын түрі болып есептеледі дейді қазіргі музыка зерттеуші ғалымдар. Славян музыкасының тарихи тегін зерттеуші ғалым В. Гошовскийдің: «Тарихи жағдайға орай ассимиляцияға түскен белгілі бір халық басқа бір халықтың өлеңдерінен гөрі заттық мәдениетін, тіпті тілін әлде қайда оңай игереді», деген тұжырымы назар аударады.

Қазақ ән өнерінің тарихына әзірше байсалды барлау жасала қойған жоқ. Қазіргі танымның деңгейі «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" кезінде туған «Елімай» әнінен аса бойлай алмай келеді.

Аспапты музыка ретінде бөлек жанр болып орныққан қазақ күйлерінің мың жылдық, тіптен одан да көне («Ақсақ құлан», «Қорқыт», «Ел айрылған», т.б.) тарихының бары белгілі. Бұл жағдайлар ән өнерінің де түп-тамырын аршуға ынтықтыра түссе керек. Басқасын былай қойғанда, XVIII—XIX ғасырлар мен XX ғасыр басында дүниеге келген әндердің тек қана әуендік ерекшеліктеріне мән беріп қоймай, оларды уақытымен қарауға мән беретін кез келген сияқты. Бұл орайда, ән мұраларын этникалық шежіремен біріктіре саралап, қажет болса көрші ру тайпалардың, ел-жұрттардың тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани байланысы тұрғысында қарастыру жақсы нәтиже беруге тиіс. Сонан соң ән мектептері, олардың типтік және типологиялық қасиеттері білікті жүйеленсе, тарих қойнауларының рухани жік жапсарын айырудың сәті түспек. Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін қазақтың ән өнерін саралағанда көшпелі өмір салттағы саяси-әкімшілік жағдай тудырған жүздік бөлікке орай үш жүзде үш ән мектебі болды деп оңай қайыра салушылық байқалады. Мұндай саралаудың ұшқарылығына көз жеткізу үшін, қазақтың үш жүзге бөлінуі әлеуметтік – этикалық бөліну емес екенін болжауға да болады.

Ал барша өмір салты мен арман-аңсары (идеалы) біртұтас қазақ халқының мәдени-рухани бөлшектенуі тіпті де мүмкін емес. «Ақсақ құлан» күйінің Алтай мен Атырау арасында бір қолдан шыққандай тартылуы рухани ұлы тұтастықтың айғағы. Тек ән мен күй емес, тілдегі, дәстүрдегі, моральдық этикалық нормалардағы, көшпелі өмір салтындағы ортақтық ең алдымен біртұтас елдіктің жарқын айғағы болды. Демек, рулық, жүздік құрылым, әсіресе соңғы төрт-бес ғасырда саяси-әкімшілік сипатта болғанын пайымдау рухани мәдениеттің біртұтас болмысын тануға болады. Бұл тұтастық ұлт мәдениетінің орныққан, төлтума бітім иеленген, типологиялық бір арна тапқан қасиетін танытады. Ал енді, біртұтас рухани әлемнің ішіндегі үлгілерді, түрлерді, мектептерді, тіптен ағымдарды халықтың этникалық әр тектілігі деп қарауға әсте болмайды. Өсу, даму үстінде болатын үлкен өнер қашанда үлгі қалыбының байлығымен, мазмұнының өміршеңдігімен дараланады.

Олай болса, қазақтың ән өнері, дәл қазіргі жинақталған қыруар айғақтың негізінде үш мектеп емес, басы ашық бес мектепке бөлінеді деп тұжырымдауға болады. Бірінші, Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектебі. Екінші, Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңірін қамтитын әншілік мектебі. Үшінші, Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әншілік мектебі. Төртінші, Сыр бойының әншілік – термешілік мектебі. Бесінші, Қазақстанның шығыс өңірін, Баян Өлке және Шығыс Түркістанды қамтитын әншілік мектеп. Бұл жіктеулер музыкалық өлшемді дәлелдермен де, естір құлақтың талғам – танымымен де өзіндік бітім қасиеттері жеке-жеке әуен сазын, қайырым нақысын айқын айғақтай алады. Алайда, осынау бес отау әншілік өнері кең аяда қамтылып, типологиялық ауқымымен сараланғанын қаперде ұстаған жөн. Себебі бұл бес мектеп өз іштерінде әр алуан айтулы әнші-композиторлардың дарын қуатымен әлденеше сала құрап, сан тарау үлгі танытып, өркен жайып жатады.

Мәселен, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірінде, ғұмыр кешіп, өз өнерінде өзіндік із қалдыра білген Абай, Біржан, Ақан, Жаяумұса, Ыбырай, Әсет, Жарылғапберлі, Уәйіс, Ғазиз, Майра, Мәди, Балуаншолақ сынды біртуар дарындар бірбірінен мейлінше оқшау бітімдегі әншікомпозиторлар. Сөйте тұра, олардың өнерін типтік бітімімен ғана емес, типологиялық болмысы мен тұтас тандыратын ортақ қасиеттің бар екенін жоққа шығаруға болмайды.

Дәл осы сияқты, өз ішінен сан тарау арна құрап, сала-сала үлгі танытатын қасиетті Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңіріндегі, шығысы мен батысындағы, Сыр бойындағы әншілік мектептерден де аңғаруға болады. Бір ғана оңтүстіктегі айтылатын әндердің Қаратау маңында немесе Қазықұрт етегінде, Созақ өңірінде немесе Талас алқабында өзіндік дара иірім – нақыспен шырқалатынын кәнігі тыңдаушы жазбай айырып отырады. Сондай-ақ, Алатау баурайында дүниеге келген әндер де өзінің ойлы да ойнақы бітімімен өзгешеленеді. Сөйте тұра, Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әндердің ортақ қасиеті, сабақтас бітімі ешкімге шәк келтірмейді. Енді осы бес арна әншілік мектептің біртұтас ұлттық-мәдени айғақ ретінде тұлға танытатыны да зерделі зерттеуші мен зерек тыңдаушыға ден қойғызуға тиіс. Қоспақовтың пікірінше «Қазақтың әншілік өнері» атты еңбегінде мазмұны мен тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндерін бірнеше түрге бөледі:

1. Халықтың наным сенімінен туған әндер;

2.Тұрмыс – салт әндері;

  1. Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер;
  2. Эпикалық әндер;
  3. Лирикалық әндер;
  4. Тарихи әндер;
  5. Айтыс (3).

Ән өнерінің біртұтас ұлттық-мәдени қасиеті қандай белгілермен танылатыны сараланып, түпкі тегінің пайда болу, даму, төл бітімді қасиетін орнықтыру жолдарын халықтың қалыптасу кезеңдерімен тұтастықта қарастыру қазіргі талғам танымға қажет. Музыка мәдениетімізге байсалды барлау жасап жүрген ғалымдардың бірі Болат Қарақұловтың ой тұжырымы сөз болып отырған проблеманың мәнін аша түседі. "Қазақтың музыкалық тілінің (әуенінің) тарихи даму іздерін табу үшін, дейді Б. Қарақұлов, халықтың рухани мәдениетінің басқа түрлері тәрізді, музыкалық шығармашылығы да қоғамның белгілі бір мұқтажынан туғанын және оны тек қана сол мұқтаждықпен тікелей байланыста ғана зерттеп білуге болатынын ескерте кеткен жөн. Мұның өзі қазақтың халықтық музыка өнері өз бетімен емес, халықтың нақты тарихи талаптарына байланысты, әлеуметтік, этногенетикалық, экономикалық сипаттағы белгілі бір тарихи оқиғаларға байланысты және олардың қапталында өркен жайып, молығып отырды деген сөз". Әзірше қазақ музыкасының жанрға, түрге сараланып бөлінуі ауыз әдебиетінің жанрлық, түрлік жіктеулерін көшірме етуден әрі ұзап шыға қойған жоқ. Рас, көшпелі елдің рухани мәдениетіне тән синкреттілік қасиет өнер түрлерін көп ретте ғажайып тұтастыққа бағындырып отырған.

Бір ғана эпостың өн бойында мифтен бастап аңызға дейін, лирикадан бастап эпикалық жырларға дейін, бебеулеген құлақ күйлерден бастап алуан нақыштағы ән әуездеріне дейін, шиыршық атқан драмалық қақтығыстардан бастап орындаушының актерлік қанатты шабытына дейін алуан түрлі өнер түрлері тұтасып жатады. Соның бәрі де бір ғана мақсатқа бағынып, өмір сүйгіштік, өмір танытқыштық қасиетті ту етіп отырған.

Соңғы кезде терме, жыр дегенді желеу етіп, небір парасат пайымға толы өсиет, үлгі өлеңдерін бірыңғай тасыр сарынға салып айту әуезе бола бастады. Терменің жөні осы екен деп, Асанқайғыдан бастап, Мұқағалиға дейін бәрін бір сарынмен желпілдете беруге болмайды. Тым болмаса, әр ақынның өз әнін, өз сарынын өзіне бұйырту керек. Бұл тәртіп сақталмаса, халық мұрасына ғана қиянат емес, тыңдаушы жұртшылыққа да қиянат.

Домбыра көмейі жеңіл ырғақ, желөкпе әуен, жылауық сарынды сүзіп тастайды. Ілгеріде құс жолында сайрап жатқан Біржан салдың, Мұхиттың өр үніне, Ақансерінің сыршылдығына, Жарылғапбердінің, Әсеттің, Үкілі Ыбырайдың, сазды әндеріне ұдайы мойын бұрып, сол жақсы дәстүрге жалғас іздеп отыру мейлінше қажет. Дәстүрлі ән сыныбының оқытушыларына жас бүлдіршінді тәрбиелеуде үлкен міндеттер қойылады. Өйткені жас ерекшелігіне қарай репертуарды дұрыс таңдау, дауыс диапазонын анықтау, әннің тарихымен таныстыру яғни ән өнерін үйретуде ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ысқақов Б.Ы. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы. Алматы, 2005.
  2. Қоспақов З.Қ. Сыр тартқан тарихынан әншілердің. – Алматы, 2005.
  3. Қазақтың әншілік өнері.Алматы, 1999.
  4. «Жұлдыз» журналы Қазақстан жазушылар одағы. Алматы, 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.