Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері

Музыка – адам сезiмiнiң нәзік тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлі аса зор. Сондықтан жастарымызды музыка мәдениетіне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың му-зыкалқ талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлінше көнiл бөлуiмiз керек.

Білім саласындағы әлемдік дамуды ескерту, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау жоғары мектептегі музыкалық педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан негіз-

дауы.

Оқыту процесінің мәні және оқыту дерін әдіснамалы теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді.

Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлау ісі белгілі бір жүйеге келтіріліп жатқанымен бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары жоқ деуге болады.

Музыкалық білім беру педагогикасы педагогика, психология, музыкатану ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Өкінішке орайоның дербестігімазмұныобъектісіпәнітіпті терминологиясы жөнінде әлі де бірыңғай пікір пайымдаулар қалыптасқан жоқ.

Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болады.

«Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады.

Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

  • мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;
  • олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері – ақпараттандыру (мұғалім оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орынмақсаттарының көп аспектілі «оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді:

  • «… білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі (Педагогикалық энциклопедиялық сөздік)»;
  • «… білім мазмұнын меңгертуге тұрақты түрде жүргізілетіняки мақсатқа қол жеткізетін оқушының танымдық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің бірізді әрекеті» (И.ЯЛернер);
  • «… мұғалімнің оқушының танымдық әрекетіне жетекшілік ету амалы» (Т.АИльина);
  • «… мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге бағытталғантүрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша оқушының оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту жұмысының амалы» (И.ФХарламов);
  • «… білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқаноқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгісі» (В.ВКраевский);
  • «… оқу процесінің жетекші міндеттерінемақсаттарына сай пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары» (Э.БАбуллин).

Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (оқыту процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту әдістерін оқу процесінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.

Мұғалім мен оқушының біріккен ісәрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтығын анықтайды. Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық, басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.

Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекілік әдістер әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен қылылығын, өнердің, қоғамдық сананың басқа да түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын ұғындырады.

Талдап қорыту әдісі музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде оқушылардың музыка өнеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік ой-өрісін қалыптастыруға бағытталады. Музыкалық талдап қорыту әдісі, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру адалдарының жиынтығы ретінде, олардың музыка жөніндегі негізгі білімін меңгертуде, жеткіші іскерліктерін қалыптастыруда қолданылады. Бұл әдіс бірізділікті әрекеттерден құралады.

Бірінші әрекет оқушыларға тән бағдарламасының тақырыптарымен танысу, тереңдете меңгертуге қажетті музыкалық тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырады.

Аталған әдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі. Педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері музыка сабақтарында оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын әдіс. Олар оқушылардың музыкалық даму барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс.

Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:

  • оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;
  • оқу пәнінің ерекшелігі;
  • дидактикалық талаптар;
  • оқушының жас ерекшелігі;
  • оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялықпрактикалық даярлық деңгейі;
  • оқушылардың музыкалық тәрбиелік деңгейі;
  • оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;
  • мектептің әлеуметтік ортасыматериалдық-техникалық базасы;
  • музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлік және тәжірибе деңгейі.

О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті:

  • Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасыМузыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек ой-сананың әрекеті ғана емесэмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;
  • Екінші ерекшелігі – музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіредіоның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;
  • Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланыстысабақтың әр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;
  • Төртінші ерекшелігі – музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауғаән салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиісТіпті унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де әдеміәрі көркем орындауды талап етедіОндай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді боладыСондықтан оқу материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пәндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық, сондай-ақ оқушының жалпы және арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады.

О.А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін және оқыту заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:

  • музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;
  • музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасынасабақтың мақсатынаоқушының даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы;
  • музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау;
  • педагогикалық байланыстардың болуы;
  • музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;
  • жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;
  • жалпы педагогикалық іскерліктердің дамуы;
  • музыкалық біліміскерлікдағдыларын меңгерту;
  • музыкалық тәрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;
  • музыкалық дүниетанымын дамыту;
  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;
  • музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
  • педагогикалық әдепоқушылардың адамгершілік сапа қасиеттерін дамыту;
  • музыка сабақтарын нақты жоспарлау;
  • музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;
  • музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.

«Музыкалық білім беру педагогикасының жанры» дегеніміз музыкалық – педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық – педагогикалық поэма құрылымдарына сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка сабақтарының құрылымына сай келеді.

Музыка сабағы музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық педагогикалық даярлығын, оқушылардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.

Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардан білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.

Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары және алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.

Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген конспект дайындаған дұрыс.

Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мәні пән бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Кейінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» жиі қолданылып жүр:

  1. алдын-ала тексерісмұғалімнің сабақты өткізуге дайындаған жоспарыматериалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдеріәдісіформалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі;
  2. ағымдағы тексеріс, сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырыстарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында оқушылардың ұжымдық топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады;
  3. қорытынды тексерісжарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ концерт түрінде де өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық ісәрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындықтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.

Дидактикалық тесттер оқыту нәтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптен қолданылуда. Оларды жалпылама төрт типке бөліп қарастырғымыз:

  • есте сақтауға және еске түсіруге тиісті мағлұматтарфактілер, ұғымдарзаңдартеория туралы білімдерді тексеру;
  • зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;
  • алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты ситуацияларды пайдалана білу іскерліктерін тексеру.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады.

Педагогика ғылымында оқу жоспарын құрудың бірнеше амал жолдары қалыптасқан. Аталған бағдарлама осы спиралды құру жолымен құрастырылып және педагогика ғылымында білім мазмұнын құру, дайындау бойынша қалыптасқан ерекшеліктерді басшылыққа алған.

Ш.Б. Құлманова – жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні бағдарламаларының көрнекті авторларының бірі. Ол XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы музыка пәні оқу бағдарламаларына және қазақ халық музыкасына негізделген типтік бағдарламаларға жасаған талдауы арқылы музыкалық педагогика тарихын зерделеуге және музыкалық білім беру мазмұнын анықтау жөніндегі педагогика ғылымының қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық ғалым-педагогтардың (М. Оразалиева, Б. Сүлейменова) қатысуымен музыка пәнінің типтік бағдарламасын жасап ұсынды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы мектептерінде қолданыс табуда. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген, түрлі нұсқаулар, хрестоматиялар, білім стандарты жарық көрді.

XX ғасырдың 90-шы жылдарында қазақстандық ғалымдар музыкалық білім саласында біршама еңбек етті. Солардың қатарында болашақ музыка пәні мұғалімінен даярлау проблемасына айтарлықтай үлес қосқан қазақстандық ғалым Р.Р. Джердемалиева музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығын әдістемелік білім, іскерлік, дағдылардың қалыптасуына, интеллектуалдық тұрғыдан ойлауды дамытуға және педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылықты, музыкалық педагогиканың әдістемелік проблемаларын шешудегі жеке тұлғалық құндылықты бағыттылығын айқындап алуға бағытталған жүйелі, тұтас процесс ретінде қарастырады. «Методическая подготовка учителя музыки» атты еңбегінде музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының алғышартын, функцияларын, әдіснамалық принциптерін, педагогикалық шарттарын атап көрсетеді. Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының танымдық, мазмұндық, операционалды компоненттеріне сипаттама береді. Автордың «Основы методологической подготовки учителя музыки» бағдарламасының және «Организация самостоятельной работы студентов по педагогике музвоспитания» оқу құралының болашақ маман даярлау үшін де, музыка пәні мұғалімінің күнделікті іс-әрекетін ұйымдастыруда да маңызы зор. Бағдарламаның

«Музыкалық педагогикалық білім беру жүйесіндегі әдістемелік даярлықтың ролі мен ерекшеліктері», «Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының мәні мен мазмұны», «Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының негізгі дидактикалық және әдіснамалы принциптері» тақырыптары пән мұғалімінің әдістемелік даярлығының мәні мен тұтас құрылымы жөнінде саналы түсінік беру, әдістемелік міндеттерді шешуге қажетті әлеуметтік маңызды кәсіптік сапа қасиеттерін дамыту, болашақ мамандардың музыкалық білім беру педагогикасының теориясы мен практикасында әдістемелік проблемаларды шығармашылықпен іштей мақсат етіп қоя білуге төселдіруге бағытталған.

Р.Р. Джердемалиева болашақ музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығы проблемаларын құрастырумен қатар, жалпы білім беретін мектептегі музыка пәні оқу бағдарламаларының жасалуына да үлкен үлес қосты. Ол 1977 жылы академик Д.Б. Кабалевскийдің жетекшілігіндегі авторлық ұжымның «Музыка» пәні бағдарламасын Қазақстан мектептеріне ендіруге байланысты қазақ мектептеріне лайықталған бағдарлама жасауға қатысты. Бұл бағдарлама Б. Ғизатовтың жетекшілігіндегі авторлық ұжымның (Г. Қарамолдаева, Л. Мамизерова, А. Байментаева, Ө. Байділдаев) бірлестікте орындалған еңбегі болатын. Болашақ музыка пәні мұғалімінің даярлығын жетілдіру мақсатында республика көлемінде түрлі жарыс, конкурстар ұйымдастырылып, даярлық курстарын өткізді.

Музыкалық білім беру саласында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі музыка пәні оқу бағдарламаларын, әдістемелерін жасауға елеулі үлес қосқан – ғалым педагог Ш.Б. Құлманова. Ғалымның еңбегінде бастауыш сынып оқушыларын халық музыкасы арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктерді олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, ерік, сезім, дауысқа қатысты мүшелер: есту мүшесі, дауыс мүшесі, тыныс мүшелері) және музыкалық қабілеттерін (есту, ырғақ, музыкалық ес) ескерумен айқындалады. Автор оқушыларға қолайлы халық музыкасын белгілі бір өлшемдердің негізінде сұрыптауды ұсынады. Еңбекте қазақ халық музыкасы арқылы тәрбиелеу негізінде екі жақты процесс орын алатыны, ол, бір жағынан, оқушыларға өтілетін музыканы бейнелі түсіну мен меңгеруді, екіншіден оның мазмұнын әр түрлі дербес іс-әрекетте белсенді шығармашылықпен жүзеге асыруды бірлестіретіні жайлы мазмұндалады. Автордың қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі мәні мен ерекшеліктерін анықтауының музыка педагогикасы үшін маңызы зор. Олар: қазақ халық музыкасында болмыстың көркемдік образдық және нақты тарихи бейнеленуі, бейнелілігі, мәнерлілігі, интеллектуалды, көпварианттылығы, ұжымдық сипаты. Ш.Б. Құлманованың тағы бір жетістігі қазақ халық музыкасының жанрлық ерекшеліктеріне және оларды педагогикалық маңыздылығына қарай жүйеге келтіріп, мазмұндық сипаттама беруі; тұрмыс-салт музыкасы (тұрмыс әндері, салт күйлері, тұрмыстық күйлер, тарихи әндер мен күйлер, лирикалық әндер мен күйлер, этникалық шығармалар, қобыз күй аңыздары, домбыра күй аңыздары), әлеуметтік теңсіздік ән, күйлері.

Қорыта айтқанда, музыкалық білім беру педагогикасының дамып, қалыптасу жағдайына көз жіберу, тұтастай алғанда, жалпы педагогиканың, психологияның, эстетиканың, музыкатанудың, мәдениеттанудың түйісер тұсында дамып, қалыптасқан ғылыми аралық, дербес ғылым саласының пайда болғанын айғақтайды. Музыкалық білім беру педагогикасының дамып, қалыптасу тарихын таразылау оның ғылым саласы ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абдуллин Э.Б. Теория и практика музыкального обучения в общеобразовательной школе: пособие для учителя. – М., 1983. – Б. 260.
  2. Абдуллин Э.Б. Николаева Е.В. Теория музыкального образования: Учебник для студ. высшпедучебзаведений. – М., 2004. – Б. 150.
  3. Лихачев Б.Т. Педагогика. – М., 1993. – Б 47.
  4. Подласый И.П. Педагогика. – М., 1996. – Б 144.
  5. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М., 1996. – Б 324.
  6. Сластенин В.А., Исаев И.Ф. и др. Педагогика. – М., 1997. – Б. 223.
  7. Харламов И.Ф. Педагогика. – М., 1990. – Б. 132.
  8. Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах. – М., 1999. – Б 70.
  9. Апраксина О.А. Музыкальное воспитание в русской общеобразовательной школе. – М., 1948. – Б. 105.
  10. Зарин Д.Н. Методика школьного хорового пения в связи с практическим курсом. – М., 1907. Б. 250.
  11. Щацкая В.Н. Музыкальное воспитание детей в юношества. – М., 1975. – Б. 65.
  12. Кабалевский Д.А. Прекрасное пробуждает доброе. – М., 1973. – Б. 120.
  13. Из истории музыкального воспитания: Хрестоматия // Сост. О.ААпраксина. – М., 1990. – Б. 44.
  14. Абдуллин Э.БМетодический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования. – М., 1999. – Б. 201.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.