Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ мұғалімдердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қарқынды дамуы, оның ұлттық мақсаттары жоғары білім беру жүйесінің күшті әрі нәтижелі болуын талап етеді. Жоғары білім ұлттық, интеллектуалдық, эстетикалық және рухани ресурстарды ұдайы түрде қалыптастыра отырып, олардың сапасын арттырады. Сондай-ақ ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен тиімділігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Соңғы кездегі әлеуметтік және экономикалық салалардағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер, пайда бола бастаған ақпараттық қоғам ортасында болып жатқан қарқынды өзгерістерге, ақпараттар көлемінің ұлғаюына, жаңа ақпарат технологияларының қарқынды дамуына сай болуын талап етеді.

Біздің жоғары мектеп жүйесінің жалпы үрдістер мен тенденциялардан тыс, дүниежүзілік еңбек нарқының сұраныстарынан тыс дами алмайды. Бүгін, Қазақстан жоғары мектебінің даму мәселелерін шешуді тек ғана ұлттық дәреже көрсеткіштерінен бастауға болмайды.

Қазақстанның қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне енудің күрделі мәселесін шеше отырып, қайта құрылып өзгеру үрдісі үстінде.

Осыған байланысты білім берудің «қолдаушы» немесе «ағартушы» парадигмасының орнына «өмір бойы білім алу» немесе үздіксіз білім беру идеясы маңызды орын алатын білім берудің жаңа парадигмасы келді.

Үздіксіз білім беру идеяларын жүзеге асыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізгі қарама-қайшылығына – қазіргі уақыттағы дүниежүзілік білімнің қарқынды өсуі мен білім беру кезеңіндегі оларды меңгерудегі шектеулі мүмкіншіліктер арасындағы негізгі қарама-қайшылықты жоюға бағытталған. Мұндай қарама-қайшылық білім беру орнына өзінше білім алу, өздігінен ақпараттарды қарастырып, одан қажеттісін табу біліктілігін қалыптастыруды жүктейді. Жоғары оқу орнында жасалатын өзіндік жұмыс жаңа материалдың кезең деп меңгерілуіне, оның бекітілуіне, қолданылуына, қайталануына және т.б. себеп болады. Жеке оқу танымының шынайы біртұтас әрі бөлінбейтін үрдісі жасанды түрде мүшеленеді. Бұл студенттің ойларының дамуын тежеп немесе оның дамуына ықпал ететін білімді меңгеруге мүмкіндік туғызбайды. Негізінде мұндай іс-әрекет барысында осы білімді шығармашылықта пайдаланудың тәжірибелері жинақталмайды.

Студенттің дербес, өзіндік жұмысының нәтижелі болуы оның қалай ұйымдастырылғанына, білімінің мазмұны мен сипатына, оқу үрдісі логикасына, аталмыш өзіндік жұмыс кезіндегі білімі мен алатын білімі арасындағы байланысына, осы жұмыстың нәтижелеріне және т.б. тәуелді болады. Педагогикалық әдебиеттерден дербес өзіндік жұмыстың мәселесі жайлы көптеген көзқарастарды кездестіруге болады. Бұдан аталмыш ұғымның сан қырлы болатынын түсінуге болады, сондықтан бұл ұғымның анықтамасы нақтылауды қажет етеді.

Орта және жоғары мектеп мамандары мен отандық педагогтардың айтуынша, қандай да бір іс-әрекет саласындағы адамзаттың жинақтаған ілімдерін меңгерудегі оқушылардың өзіндік еңбегі мамандарды даярлаудың негізі болуы қажет.

Өздігінен орындайтын жұмыс мәселесіне, соның ішінде, студенттердің өздігінен орындайтын жұмысына деген қызығушылық бірнеше онжылдықтар бойы орын алған және әлі де өзекті. Бұл мәселемен ғалым-педагогтар, жоғары мектеп мамандары айналысуда: Л.В. Жарова,1986; А.В. Петровский, 1986; В.Я. Ляудис, 1989; Е.Л. Белкин, 1989; В.А .Козаков, 1990, 1991 және т.б.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың көптеген аспектілерін зерттеу барысында бүгінгі қоғамның сұранысы мен жағдайына байланысты болатын бір айналымдылықты байқауға болады. Оқыту әдістерінің белгілі бір мөлшерде әр кезде уақыттың талаптарына сәйкес болатынын аңғару қиын емес.

Зерттеулердің мақсаттары мен мәселелеріне байланысты авторлардың ұсынған өздігінен орындайтын жұмыс жайлы бірқатар анықтамаларының толық талдаулары М.Г. Гаруновтың, О.А. Наильсонның және П.И. Пидкасистыйдың еңбектерінен орын алған. Студенттің өздігінен орындайтын жұмысы проблемасына көп көңіл бөлудің қажеттілігінің сақталып қалуының себебі сонымен қатар мынада: қазіргі уақыт кезеңі осы тараптағы әр түрлі білім беру жүйелеріндегі жинақталған тәжірибені ой елегінен өткізіп, қорытындылауды талап етеді. Зерттеушілер атап айтқандай, өздігінен орындайтын жұмысқа берілетін анықтамалардың әр түрлі болуы кездейсоқ емес. Бұны өздігінен орындайтын жұмысты оқытушының да, оқушының да өзара іс-әрекеттерін екі жақты үрдіс ретінде қарастырғанда байқалатын оның екіжақты сипатымен түсіндіруге болады.

Біздің пікіріміз бойынша, П.И. Пидкасистый ұсынған анықтамасында ғана өздігінен орындайтын жұмыстың мәніне деген көзқарастың көп аспектілі көрсетілген.

Автор өздігінен орындайтын жұмысты оқытудың негізгі амалдары ретінде қарастырады:

  • әрбір нақтылы білім, меңгеру кезінде белгілі бір дидактикалық мақсат пен мәселеге сәйкес болады;
  • оқушының білместіктен білімге дейінгі қозғалысының әрбір кезеңінде белгілі бір танымдық мәселелерді шешу үшін және ойлау әрекетінің төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге қарай қозғалысы үшін қажетті білімнің көлемі мен деңгейін қалыптастырады;
  • өз білімін өздігінен жүйелі түрде толықтырып отыруға деген психологиялық мақсаты және оқу, ғылым, өндіріс мәселелерін шешу барысындағы ғылыми және саяси ақпараттар ағынында дұрыс бағыт таңдай білу іскерлігін қалыптастырады;
  • оқушының кәсіби іс-әрекетінің, таным мен мінез-құлық әдістерін меңгерудегі өзін-өзі көрсетуінің және өзіндік тәртібінің маңызды шарты болып табылады;
  • педагогикалық басқарманың және оқушының кәсіби тұрғыдан анықталуы мен оқу үрдісі барысындағы ғылыми-өндірістік және танымдық өзіндік іс-әрекетіне басшылық етудің негізгі құралы болып табылады.

Өздігінен орындайтын жұмыстың мағынасын осылайша түсіну, бұл ұғымның ішкі және сыртқы жақтарын ескеруге мүмкіндік береді. Өздігінен орындайтын жұмыс, бір жағынан, оқу үрдісі барысындағы студенттің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың педагогикалық құралы ретінде болса, екінші жағынан – оқу мен ғылымды үйренудің арнайы бір түрін білдіреді. Сонымен, әрі білім берудің құралы, әрі оқу-ғылым танымының түрі болатын жоғары мектептегі оқу үрдісі жүйесіндегі студенттердің өзіндік жұмысының екі жақтылық мағынасы жайлы айтқан жөн.

П.И. Пидкасистыйдың пікірі бойынша, «өзіндік жұмыс» ұғымында педагогикалық және гносеологиялық екі жақтың бірлігі мен қарама-қайшылығынан орын алатын, құралы мен түрлері арасындағы дидактикалық қайшылық бар.

Б.П. Есипов «өзіндік жұмыс» ұғымының мағынасын анықтау барысында оқушының өзіндік жұмысы ойдағы және физикалық әрекеттердің өзіндік орындалуының өзіндік оймен міндетті түрде бірігуін білдіретінін айтты Т.И. Ильина бұл ұғымға «оқытушының тікелей қатынасуын сыз, тек басшылық етуімен ғана орындалатын оқушының фронтальдық, топтық және жекелеген іс-әрекетінің ерекше түрі» ретінде анықтама берді.

«Өзіндік жұмыс» ұғымының мағынасын төмендетілердей етіп ашып көрсету әрекеттері кездеседі:

  • оқыту әдісі ретінде (Ю.К. Бабанский);
  • оқу іс-әрекетінің түрі ретінде (Т.А. Ильина);
  • оқыту түрі ретінде (М.К. Гарунов);
  • дербес танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен басқарудың құралы ретінде.

Қазіргі уақытта көзқарастың соңғысы кең тар алаған. Оқытудың кез-келген түрінің танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың құралы болуы оның мағынасын ашып көрсетеді дейді Н.В. Кузьмина.

Сонымен, педагогикалық әдебиеттердегі «өзіндік жұмыс» ұғымы анықтамаларының әр түрлі нұсқаларын ескеріп және педагогикалық іс-әрекеттің өзіндік тәжірибесіне сүйене отырып, біз төмендегідей анықтаманы ұстанамыз: өзіндік жұмыс – оқытушы тікелей қатыспайтын, бірақ оның әдістемелік басшылығымен және тапсырмасы бойынша орындалатын студенттің жобадағы жұмысы.

Өзіндік жұмыс әрбір пәнді меңгеру үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы, оқу, ғылыми, кәсіби іс-әрекеттегі өзіндік жұмыс біліктіліктерін, өзіне жауапкершілік ала білу қабілеттілігін, проблеманы өзінше шешу мүмкіндігін, құрылымды шешімдерді таба білуді, дағдарыс жағдайынан шыға білуді және т.б. іскерліктерді қалыптастыру үшін арналған. Студенттің өзіндік жұмысының маңыздылығы жеке пән аясынан әлдеқайда асып түседі, сондықтан мамандар даярлаушы жоғары оқу орындары өзіндік жұмысты ұйымдастыру біліктіліктері мен іскерліктерінің жүйесін қалыптастыру стратегиясын жасап шығаруы қажет. Мұны студенттердің өздігінен жұмыс жасау деңгейі мен оларға қойылатын талаптарының оқу барысында өз мәресіне жеткізуден бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім берудің кредиттік технологиясына өтудегі білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес кез-келген жас маман төмендегі аталғандарды меңгеруге міндетті: негізгі білімді, өз кәсібіне байланысты кәсіби іскерліктер мен біліктіліктерді, жаңа проблеманы шешудің шығармашылық және зерттеу іс-әрекеттерінің тәжірибесін, әлеуметтік – бағалау іс-әрекетінің тәжірибесін. Білім берудің кейінгі екі бөлімі студенттің өзіндік жұмысы барысында ғана қалыптасады. Сондай-ақ, мамандығы мен іс-әрекетіне (зерттеуші, жобалаушы, құрастырушы, технолог, жөндеуші, менеджер және т.б.) байланысты өзіндік жұмыстың дифференциалды белгілерін жасап шығару кафедраның мақсаты болып табылады.

Жоғары оқу орнында оқытудың әдісі мен оқушылардың өзіндік жұмыс жасай білуінің деңгейі бойынша орташа мамандандырудан өзгешеленеді. Оқытушы студенттің танымдық іс-әрекетін тек ұйымдастырады. Студент тану үрдісін өзі жүзеге асырады. Өзіндік іс-әрекетпен бекітілмеген білімдердің ешқайсысы адамның шынайы жетістігі бола алмайды. Сонымен қатар, өзіндік жұмыстың тәрбиелік мағынасы да бар: ол өзіндік жұмыс жасауды іскерлік пен біліктіліктер жиынтығы ретінде ғана қалыптастырып қоймай, сондай-ақ қазіргі заманғы жоғарғы дәрежедегі маман тұлғасының құрылымында маңызды рөл атқаратын мінез сипаты ретінде қалыптастырады. Сондықтан, әрбір жоғары оқу орнындағы, әрбір курстағы студенттің өзіндік жұмысына қажетті материал оқытушының басшылығымен мұқият таңдалынып алынады. Жоғары оқу орындарында семестрге арналған өзіндік жұмыстар графигі жасалып, семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосымша көрсетіледі. Графиктер уақытты дұрыс ұйымдастырып, оны тиімді пайдалануға мәжбүр етеді. Жұмысты оқытушы жүйелі түрде қадағалап отыруы керек. Ғылыми-теориялық дәріс, студенттердің алған білімдерінің жиынтығы өзіндік жұмыстың негізін қалайды. Студенттер білімді алу барысында олардың орындалуының әдістемелік нұсқауларын, оқулықтардың, қажетті әдебиеттердің тізімін алады.

Жоғары оқу орындарында дербес өзіндік жұмыстардың бірқатар түрлері орын алған – лекцияларға, семинарларға, зертханалық сынақтарға, емтихандарға дайындық, рефераттарды, курстық жұмыс пен жоба тапсырмаларын орындау, ал соңғы қорытындылау кезеңінде – дипломдық жобаны орындау негізінде жүзеге асырылады. Егер өзіндік жұмыс екі немесе үш адамға арналса ол неғұрлым нәтижелі болады. Топтасып жұмыс істеу мотивациясы мен өзара интеллектуалдық белсенділіктің факторын күшейтіп, студенттердің бірінбірі қадағалауы арқылы танымдық іс-әрекеттің нәтижелілігі көтеріледі.

Серіктестің болуы студент психологиясын біршама өзгертеді. Студент жеке дайындық барысында өз іс-әрекетін толық орындалып бітті деп субъективті бағалайды, алайда мұндай бағалаудың қате болуы мүмкін. Топтасып дербес жұмыс жасаған кезде бірін-бірі бақылайды және кейін оны оқытушы түзейді. Өзіндік оқу іс-әрекетінің бұл екінші қатары жұмыстың жалпы нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Өзіндік жұмыс қажетті жоғары деңгейде болған жағдайда студент жұмыстың жекелеген бөлігін өздігінен орындап, оны өзінің серіктесіне, курстасына көрсетуі мүмкін.

Өзіндік жұмыс төмендегі жәйттерге себеп болады:

  • білімді тереңдету мен кеңейтуге;
  • танымдық іс-әрекетке деген қызығушылықты қалыптастыруға;
  • танымдық қабілеттіліктерді дамытуға.

Сондықтан ол мамандар даярлаудың нәтижелілігін көтерілуінің басты резерві болып табылады.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен басты педагогикалық аспектілерін қарастырайық. Студенттердің жоғары оқу орындарындағы қалыптасқан оқу іс-әрекетіндегі білім беру түрлері: лекциялар, зертханалық сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыс пен үй тапсырмалары түрлерінің шарты болады. Сондай-ақ қадағалау жүйесі де оның бағытына негіз болады. Оқытушы лекцияда студенттерге қажетті әдебиетті ұсынып, оқулықтармен және негізгі материалмен жұмыс жасау әдістерін түсіндіреді. Тақырыптың проблематикасын, оны меңгеру логикасын ашып көрсететін, әдебиеттер тізіміне сипат берілетін, өзінше дербес жұмыс жүргізуді қажет ететін бөлімдер аталып айтылатын кіріспе және бағдарлаушы лекциялар осыған қатысты ерекше мүмкіншіліктер туғызады. Семинарлық және жобалық тапсырмалар жауаптардың, есептердің, шешімдердің тиімді нұсқаларын іздестіруді жетілдіруге бағытталуы керек. Өзіндік жұмыс студенттің жұмысын түзетуге және оның сапасын көтеруге тірек болатын дидактикалық материалдарды пайдалана отырып орындалады. Қазіргі кездегі білім беру практикасында жиі кездесетін, өзіндік жұмыс мәселесінің анықталмауы – оның шешімін табу үрдісі студенттің дербес танымдық іс-әрекетінің сипатынан оқшауланып қалады. Және де студент өздігінен қаншалықты жұмыс жасаса да, өзіндік таным әрекеті «сынақтар мен қателіктер» принципі бойынша немесе үйреншікті схемалардың бірі бойынша жүзеге асырылады. Аталмыш үрдіс бірінші жағдайда жасырын болып, басқарусыз қалады. Сондықтан, дербес өзіндік жұмыстарды орындау барысындағы танымдық өнімнің пайда болуы егер студент ойының дамуына, оның танымдық қабілеттілігіне, кәсіби дайындығына ықпал етсе де, бастама жасауға ынталандырса да, ретсіз түрде жүзеге асады. Сол уақытта білім беру өзінің дамыту және оқыту функцияларының дәрежесін жоғалтып алады.

Өзіндік жұмыстың мақсаты мен оның күрделілігі әр түрлі оқу курстарына байланысты өзгеріп тұратыны айдан анық. Мәселе күрделілігінің өзгеріп отыруы қазіргі заманғы оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыс арқылы студенттер бағдарламада көрсетілген білімді, біліктілікті және іскерлікті ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге өздерінің кәсіби шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыта отырып, өздігінен үздіксіз білім алуға даярланатындай етіп ұйымдастыруды қажет етеді.

Студенттің кез-келген танымдық тәжірибесі белгілі бір мазмұн шеңберін қамтитын ойлау әрекеттерінің әр түрлі амалдарындағы «білім тануының» нақтылы бір әрекетінен көрінеді. Бұл мазмұндық танымдық әрекеттер объективті түрде болатын білім танудың алдын ала жоспарланған жағын білдіреді. Олар жаңа білімді меңгерудегі тапсырмалардың орындалуына, біліктілік пен іскерліктің, шығармашылық ісәрекет тәжірибесінің қалыптасуына бағытталған, мақсаты төмендегідей болатын әрекеттерді білдіреді:

  • ауызша және көру қарым-қатынастарына негізделген ұғымды, нысананы танып және жете білу, сондай-ақ іс-әрекеттің қандайда бір түрлерін есте сақтау және көрсету;
  • жаңа жағдайдағы нақтылы бір тапсырмалар тобын шешу мақсатында білімді, біліктілікті және іскерлікті өзекті ете отырып, қайта өңдеу, іс-әрекет тәсілдерінің түрлерін өзгерту;
  • жаңа ақпаратты алу немесе іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін жасау мақсатында инвариативтік және изоморфтық құрылымдардың, көзқарастар мен түсініктердің сипаттарын біріктіру;
  • әдеттегідей емес жаңа мәселелерді анықтау, оларды шешудің жаңа бағдарламалары мен тәсілдерін жасау.

Сонымен, өзіндік жұмыс – бұл төмендегідей жайттарға себеп болатын білім беру құралы:

  • меңгерудің нақтылы бір кезеңінде нақты бір дидактикалық мақсат пен таным мәселесіне сәйкес болады;
  • студенттің білместіктен білуге дейінгі қозғалысының әрбір кезеңінде танымдық мәселелердің белгілі бір тобын шешуге қажетті білімінің, біліктілігі мен іскерлігінің деңгейін, көлемін және осыған сәйкес оның ойлау әрекетінің төменгі деңгейінен жоғары деңгейге дейін көтерілуін қалыптастырады;
  • студентке өз білімін, оқу, ғылым және өндіріс мәселелерін шешу барысындағы қажетті ғылыми, саяси ақпараттар ағынында бағдар ала білу іскерлігін жүйелі түрде өздігінен толықтырып отыруының психологиялық мақсатын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
  • студенттің танымдық және мінезқұлықты кәсіби іс-әрекетінің әдістерін меңгерудегі өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзіндік тәртібінің маңызды шарты болып саналады;
  • студенттің білім алу барысындағы өзіндік ғылыми-өндірістік және танымдық іс-әрекетін педагогикалық басқарудың маңызды құралы болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.
  2. Гатаулин Г.Ф. Сабақ түрлері және оның құрылымы // «Бастауыш мектеп», 1998, 5.
  3. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М., 1995.
  4. Манасбаева Қ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері // «Бастауыш мектеп», 1999, 2.
  5. Овчарова Р.В. Детская психология. М., 1999.
  6. Ордабекова Г. Дидактикалық ойындарды қолдану // «Бастауыш мектеп», 1997, 3.
  7. Психологические тесты. М., 2002.
  8. Психологические методы. Под ред. А.А. Бодалева. Ленинград, 1997.
  9. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995.
  10. Сәрсенғалиева Т.Дүтбаева Қ. Табиғатпен таныстыруда өткізілетін дәстүрден тыс сабақ // «Бастауыш мектеп», 1998, 5.
  11. Тұрғынбаева Б. Бастауыш кластар үшін ұсынылатын үлгі тақырыптар. Алматы, 1993.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.