Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауыр атлетика спортының қысқаша даму тарихы мен негізгі техникалары

Ауыр атлетика Олимпиада ойындарына кірген әлемдегі танымал спорттардың бірі. Бұл спорт алғашында АҚШ мемлекетінде пайда болып бірте-бірте бүкіл әлемге жайылып кетті. Қазіргі таңда ауыр атлетика біздің мемлекетімізде беделі мықты спорттардың біріне айналған. 2014 жылы ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Астанада өтеді. Бұл жарыста 2016 жылы РиоДе-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама сарапқа салынатын болады. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика Федерациясының төрағасы Қайрат Тұрлыханов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешім Парижде өткен ауыр атлетика Халықаралық федерацияның атқарушы комитетінің отырысында қабылданған. Мұндай шешім жайдан-жай қабылданған жоқ: Қазақстан мемлекеттік аренада саяси беделі артумен қатар экономикасы да қарқынды түрде дамып келеді. Сонымен қатар қазақстандық ауыр атлетшілер соңғы олимпиададан өзге де ең жоғары дәрежедегі жарыстарда да жақсы табыстарға қол жеткізді.

Ауыр атлетика – зіл темір көтеру әдістерін жинақтаған спорт түрі. Алғашында күш жұмсап орындалатын бокс, күрес, гір көтеру сияқты спорт түрлері де ауыр атлетиканың қатарына жатқызылған, содан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ауыр атлетика атауы зіл темір көтеруге біржола бекіді. 1946 жылы зіл темір үш тәсілмен сығымдай, жұлқи және серпи көтеру болып классикалық үшсайыстың бағдарламасынан сығымдай көтеру алынып тасталды. Салмақ көтеру көптеген халықтарға ерте заманнан белгілі бола тұрса да, ауыр атлетикадан алғашқы жарыстар ХІ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Алғашқыда бір қолмен салмақ көтеру де жарыс бағдарламасына енген екен. Зіл темір көтеруге үйрететін мектептер ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары Париж және Брюссель қалаларында ашылды. 1985 жылы әуесқой атлеттердің Санкт-Петербургте ашылған алғашқы үйірмесі арқылы кейін аур атлетика Қазақстанға тарады. 1912 жылы ұйымдастырылған ауыр атлеттердің дүниежүзілік одағы 1920 жылы бірлестік болып қайта құрылады. 1898 жылдан әлем, 1947 жылдан Еуропа чемпионаты өтіп, 1900, 1908 және 1912 жылдан басқа уақыттың бәрінде Олимпиядалық ойындардың бағдарламасына енгізіліп келеді. 1920 жылдан бастап атлеттер әр уақытта шегі өзгеріп отырған салмақ түсуде.

Қазір ауыр атлеттер қоссайыстан зіл темірді еш тоқтаусыз жұлқи және кеудеге қондырып барып, жоғары қарай серпи көтеру сияқты екі жаттығуды орындайды. Осы қоссайыстың қорытындысы бойынша чемпион анықталады. Олимпиада ойындарында әр елдің командасы құрамындағы спортшылардың саны салмақ дәрежелерінің санынан аспауға тиіс. Бірақ халықаралық бірлестіктің рұқсаты бойынша ойындарға халықаралық талаптарын орындаған спортшыдан басқа салмақ дәрежелерінің есебінен бір салмақта екі атлетті қосақтап шығаруға болады. Чемпионаттар мен Олимпиада ойындарында бірнеше атлет бірдей салмақ көтерген жағдайда спортшылар қайтадан өлшеніп, басымдылық өз салмағы жеңіл атлетке беріледі.

Қазір әйелдер арасында Әлем чемпионаты өткізіліп, 2000 жылдан әйелдер арасында ауыр атлетика Олимпиада ойындардың бағдарламасына енгізілді.

Салмақ категориялары

Ереже бойынша салмақ өлшеу рәсімі жарыс бір немесе екі сағат алдында өткізіледі. 2008 жылдың желтоқсан айына қара ауыр атлетикадан келесі салмақ категорияларда жарыстар өткізіледі:

КСРО дәуірінде дараланғандар. Юрий Зайцев 1951 жылы Қиыр Шығыстағы Сахалин аралының Победино ауылында туып-өсті. Кейіннен әке-шешесімен бірге Теміртау қаласына көшіп келді. Сол жерде ауыр атлетикамен «танысқан» бала араға жылдар салып, керемет көрсеткіштерге қол жеткізді. 1975 жылы ол «Достық кубогында» топ жарып, КСРО халықтары спартакиадасы мен Еуропа чемпионатында күміс медаль алды. Мәскеуде жалауы желбіреген әлем чемпионатында конкурстан тыс қатысып, дүниежүзілік рекордқа өзгеріс енгізеді. 1976 жылы Қарағандыда өткен КСРО чемпионатында алтыннан алқа тағынып, Олимпиада ойындарына қатысу құрметіне ие болады. Монреальда 110 келі салмақта сынға түскен Зайцев 385 (165+220) келілік зілтемірді ырқына оңай көндіріп, бас жүлдені олжалайды. Бір айта кетерлігі, айтулы Олимпиадада болгариялық Валентин Христов өз нәтижесі бойынша қазақстан-

дық ауыр атлеттен асып түседі. Алайда оған «допинг қолданды» деген айып тағылып, бас жүлде біздің спортшыға бұйырады. 1977-79 жылдар аралығында әлем чемпионы, Еуропаның екі дүркін чемпионы атанады. Алайда ол кезде Юрий Зайцев Украинаға қоныс аударған болатын. Зайцевтің орнын Виктор Мазин жоқтатқан жоқ. Қарағанды облысының Шахтинск қаласының тумасы Мәскеуде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды. 60 келі салмақта күш сынасқан 26 жастағы жігіт болгариялық Стефан Димитров пен поляк Марек Северынды артқа тастап, діттеген мақсатына қол жеткізді. Мазиннің көрсеткіші – 290 (130+160) келі. Шахтинскінің шымыр жігіті одан бөлек КСРО чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды. Сондай-ақ ол алты рет әлемдік рекордты жаңартты. Кейіннен Виктор да Ресейдің Краснояр өлкесіне көшіп кетті. 1984 жылы социалистік елдер Лос-Анджелестегі ойындарға барған жоқ. Ал 1988 жылы Сеул Олимпиадасында Анатолий Храпатыйдың бақ жұлдызы жанды. Ол 1963 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында туды. Балауса шағында-ақ осы спорт түрімен айналысқан Анатолий бірден дара талантымен оқшауланды. Ол КСРО, Еуропа біріншіліктерін сан мәрте ұтты. Бес рет әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Сеулдегі ойындарда 90 келі салмақта шеберлік сынасқан отандасымыз 412 (187,5+225) келілік нәтижемен бас жүлдені қоржынға салды. Ол өзінің басты қарсыласы әрі командалық әріптесі Наиль Мұхамедьяровтан 12,5 келі көп көтерді. Өзбек спортшысы күміс медальді мойнына ілді. Жоғарыда есімдері аталған спортшылардан бөлек Владимир Можейков пен Евгений Сыпко сынды қазақстандықтар ресми халықаралық жарыстардан жүлделі оралды.

Тәуелсіздік елдің түлектері. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, спорттың даму барысы көңілдегідей болды. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға ерекше көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетті. Байрақты бәсекелерге спортшылар қауымының еш алаңсыз даярлануына қолайлы жағдай жасалып, жеңіске жеткендерге мол көлемде сыйақы тағайындалды. Тіптен Олимпиада ойындары барысында Елбасы ауыр атлеттер жарысына арнайы ат басын бұрып, өз отандастарының өнерін тамашалады. 1996 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысты. Біздің өрендер барлық спорт түрлері бойынша 11 медальға иелік етсе, соның бірі Анатолий Храпатыйдың еншісінде. АҚШ-та оның басты қарсыласы, бұрынғы КСРО азаматы, кейіннен Грекияға қоныс аударған Акакиде Кахиашвилис еді. Барселона Олимпиадасы тұсында мамандардың таңдауы соңғысына түсіп, Қазақстанның спортшысы Пириней түбегіне бара алмай қалғаны есімізде. Екеуара тартыс Атлантада жалғасын тапты. Бұл бәсеке Акакиде Кахиашвилистің пайдасына шешіліп, ол чемпион атанса, біздің жігітке күміс медаль бұйырды. Грек атлеті 420 (185+235) келіні

бағындырса, Храпатый 410 (187,5+222,5) келілік межені қанағат тұтты. Өкінішке қарай, 2008 жылдың жаз айында Анатолий Храпатый жол апатынан қаза тапты. 2000 жылы Сидней Олимпиадасынан Қазақстан ауыр атлеттерінің қоржыны бос қайтты. Бұл жағдай спорт басшыларына біраз ой салды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін республикалық федерацияның тізгінін Қайрат Тұрлықанов ұстады. Елге Түркияның атақты маманы Энвер Түркілери шақырылды. Осы сала мамандары бірлесіп жұмыс істеп, жоғарыдағы олқылықтың орнын толтыруға кірісті. Бірте-бірте ерен еңбек өз жемісін берді. 2004 жылы Афины Олимпиадасында 29 жастағы Сергей Филимонов жарқ етіп көзге түсті. Оның ерекше дарын иесі екені еш күмән туғызбайды. Алайда жаттығу процесіне немқұрайлылықпен қарағандықтан, Филимоновтың үнемі бағы жанбай жүрген. Мәселен, Сидней Олимпиадасында ол төртінші орынға тұрақтады. Ал Афиныда 77 келі салмақта күш сынасқан отандасымыз жанкештіліктің үлгісін көрсетті. Ескі жарақаты сыр бергеніне қарамастан, күміс медальді жеңіп алды. Талдықорғанның тастүлегі 372,5 (172,5+200) келілік зілтемірді тік көтерді. Ал бас жүлде Түркияның жас перісі Танер Сағырдың қоржынында кетті. 2008 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері айды аспанға шығарды. Бозбала шағында-ақ ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанып үлгерген Илья Ильин 20 жасында Олимпиада алтынын ол-жалады. Сыр бойының түлегі 406 (180+226) келілік зілтемірді еркін еңсерді. Әйгілі поляк атлеті Симон Колецки мен ресейлік Қажымұрат Ақаев күміс пен қоланы қанағат тұтуға мәжбүр болды. Степногорскідегі балалар үйінде тәрбиеленген Ирина Некрасованың жеңімпаз атануына небары бір келі салмақ жетпеді. 63 келі салмақта күш сынасқан ол Солтүстік Кореяның өкілі Пактан ұтылды. Олимпиада чемпионы 241 (106+ 135) келіні бағындырса, 20 жастағы

Некрасова 240 (110+130) келіні ырқына көндіріп, екінші орын алды. Дәл сондай нәтижеге 75 келі салмақтағы, 26 жастағы Алла Важенина иек артты. Ресейде туып-өскен ол Қазақстанға қоныс аударып, біздің елдің атынан сынға түсуге ниет білдірген еді. Важенинаның қадамы құтты болып, 75 келі салмақта күміс медальді иеленді. Оның көрсеткіші – 266 (119+147) келі. Қытай қызы Чао Лей жерлесімізден 16 келі көп көтерді. +75 келі салмақта көкшетаулық Мария Грабовецкая кіл мықтылармен иық тіресуге тура келді. Шиеленісті тартыста ол 270 (120+150) келі нәтижемен қола медальді қоржынға салды. Бас жүлдені олжалаған кореялық Жангтың көрсеткіші – 326 (140+186) келі. Украиналық Ольга Коробка 277 (124+153) келіні көтерді. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қоланы иеленіп, әлемдегі озық командалар қатарына қосылды.

Ауыр атлетиканың Қазақстандағы жагдайы. 1935 жылдан бастап дами бастады. 1935 жылы алғашқы Республика чемпионаты өтті. 1954 жылдан бастап Республиканың ауыр атлеттері бүкілодақтық, дүниежүзілік рекордтарды жанартып, көзге түсіп келеді С. Ульянов екі рет 1958 және 1960 жылдары КСРО-ның чемпины атанып, дүниежүзілік рекордтарды сан мәрте жаңартты. Сол сияақты П. Ким, В. Дрекслер, А. Колодков, Ю. Зайцев, В. Мазин, А. Храпатый, С. Филимонов, И. Ильиндер өз уақытында бірнеше мәрте Әлемнің рекордшысы атанды. 1975 жылы В. Можайков Джакартада Әлем чемпионының күміс жүлдегері, Ю. Зайцев (1976, Монреаль), В. Мазин (1980, Мәскеу), А. Храпатый (1988, Сеул), И. Ильин (2008, Пекин) Олимпияда ойындардын чемпионы, С. Филимонов (2004, Афина) күміс жүлдегері, С. Копытов КСРО-ның және КСРО халықтары спартакиадасының (1986), Е. Сыпко спартакиаданың (1986) чемпионы және Еуропа чемпионатының (1987) күміс жүлдегері атанды.

2004 жылы Алматыда Азия чемпионаты өтті. Осы чемпионатта Қазақстан Республикасының құрамасы командалық екінші орынға ие болды.

2008 жылы Пекинде өткен олимпиада ойындарында И. Ильин алтын, И. Некрасова күміс, А. Важенина мен М. Грабовецкая қола медальдарға, В. Седов – тортінші, Б. Ахметов – бесінші орындарға ие болды.

Алдабергенов Жеңіс – ХДСШ-і, жасөспірімдер арасындағы республика біріншілігінің және Азия біріншілігінің (2008 Оңт. Корея) жеңімпазы. Катар Республикасының Доха қаласында өткен Азия ойындарына (төртінші орын) және ересектер арасында Санто-Доминко қаласында өткен Әлем чемпионатына (тоғызыншы орын) қатысушы.

Аужанов Ісләм – ҚазКСР-нің ЕСЖ-сі (1961), ауыр атлетика бойнша Республика құрама командасы 1959 жылы. Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірді, студент кезінде гимнастикамен, грек-рим күресімен және ауыр атлетикамен айналысқан. 1965-86 жылдары Қазақстан құрама командасының мемлекеттік жаттықтырушысы болып істеді. Ол дайындаған ауыр атлеттер командасы КСРО халықтарының спартакиадаларында және Бүкілодақтық студенттік ойындарында жақсы өнер көрсетті. Атлеттің В. Ким, П. Ким, Р. Габараев, Ф. Пепериди, Ғ. Тұбышев, А. Рымқұров, І. Оразбақ, К. Нұрғазин, Г. Сержанов сиақты шәкірттері көптеген халықаралық жарыстарда көзге түсіп рекордшылар атанды. Ол Қазақстанда ауыр атлетиканың дамуына көп еңбек сіңірді, 70-ке жуық Спорт Шеберін әзірлеп шығарды.

Ахметов Бахыт Бейсенбекұлы – ауыр атлетикадан ХДСШ-і (2003). Азия Олимпиадасының (2002, Бусан Оңт. Корея), дүниежүзілік универсиаданың (2003, Ит.) чемпионы 2003 жылы зілтемірді екі қолмен жұлқи көтеруде 105 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Әлем рекордын (193 кг) жасады. Афиныдағы Олимпиада ойындарында (2004) 80+210=390 кг нәтижемен 7-8 орынға, Пекиндегі Олимпиада ойындарында (2008) 185+225=410 кг нәтижемен 5-ші орынға ие болды.

Әлиев Рафик – ХДСШ-і, Қазақ-

станның бірнеше дүркін чемпионы, Шығыс

ген.

Серпи көтеру ауыр атлетикадағы

Азия елдері ойындарының қола жүлдегері халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Әсембаев Ваха – СШ-і ғасырдың 50ші жылдарындағы Қазақстандағы ең күшті атлеттердің бірі, республиканың әлденеше, дүркін чемпионы, рекордшысы. Бүкілодақтық ерікті спорт қоғамының күміс, қола жүлдегері, КСРО халықтарының 1 және 2 спартакиадаларында Қазақстанның намысын қорғады.

Багаутдинова Камила – ХДСШ-і, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қыздар арасындағы 20 жасқа дейінгі Азия, Әлем чемпионаттарына қатысушы, Оңт. Азия ойындарының қола жүлдегері.

Белдібаев Ержан – СШ-і Қазақстанның әлденеше дүркін чемпионы және рекордшысы.

Бурынин Андрей – ХДСШ-і, ҚР-ның үш дүркін чемпионы.

Власова Ирина – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы, қыздар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Галкин Константин Петрович – ХДСШ-і, ҚР-ның чемпионы Шығыс Азия ойындарынын күміс жүлдегері.

Галкин Петр – СШ-і. ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Ге Николай – СШ-і, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Зілтемірді жұлқи және серпи көтеру техникасы.

Жұлқи көтеру ауыр атлетикадағы қоссайыстың алғашқы түрі. Атлеттін екі табаны екі иықтың деңгейінде орналасады, екі қолдын арасын белтемірден алшаңтау, саусақтар «кілттеп», бел қайқайып, бас тік ұсталады. Осы қалыптан салмақ жоғары қарай тартылып, шапшандығын бірте – бірте үдетіп, тізеден аса бере түзілген шапшандықтың қарқыны еркін қозғалысқа ауысып, спортшы зілтемірдін астына сүңгіп кіріп кетіп, салмақты екі қолмен демей отырып қол ұшына шығарады.Қолдар шыңтақ буынынан бүгілгенде, талтая отырады. Осы қалыптан түрегеліп көтерген салмағын жоғарыда төрешілер белгі бергенше секунд ұстайды. Ғасырдын басында 1900-1928 жылдары бір қолмен жұлқи көтеру ауыр атлетикалық бессайыстың бағдарламасына енқоссайыстың екінші түрі. Бұл жаттығу екі қимылда орындалады: Зілтемірді кеудеге қондыру және кеудеден серпи көтеру. Атлеттің екі табаны, қолдары екі иықтың деңгейінде орналасады, содан сон зілтемір жоғры тартылып бұғанаға қондырылады. Ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін зілтемір көтерудің бірінші фазасы екі аяқты қайшылап тастау әдісі арқлы орындалатын болса, кейін салмақты отыра қалып көтеру әдісі қолданылады. Атлет бойын тіктеп, салмақты бұғанасына қондырып тыныс алуын қалпына келтіргеннен кейін зілтемірді жоғары қарай серпиді. Бұл тізелерін бүгіп барып, оның жазылған серпуді, дененің итерген күшімен, екі қолдын демеуімен ауыр салмақ жоғары қол ұшына шығады. Осы сәтте атлет аяқтарын қайшылайды немесе тізелерін сәл-сәл бүгіп отыра қалады. Осыдан кейін көтерген салмағын қол ұшында ұстап, қалпына келіп тік тұрады. Белгі берілгеннен кейін көтерген салмағын төсенішке тастайды. Ғасырдың басында бір қолмен серпи көтеру ауыр атлетика бессайстың 1920-1924 жылдары Олимпиада ойындардын бағдарламасына да енді.

Зілтемірмен қосымша жаттығулар жасау. Атлеттін күші тек қана екі жаттығуды – жұлқи және серпи көтеруді жасаумен өтетіндігі белгілі. Күшті дамыту үшін басқа қосымша жаттығулар жасау керек. Енді солардың кейбіреулеріне тоқтайық: 1. Тізені бүкпей зілтемірді кеудеден көтеру – бұл екі әдіспен орындалады. Салмақ кеудеге, бұған сүйектін үстіне қондырылған кейін немесе тіреуіштен кеудеге ауыстырылып екі қолдын күшімен сығымдай жоғары көтеріледі. 2. Жазылған екі аяқ, жамбас буындарынын және кеуденін екі қолдын күшімен жоары көтеріледі. Жартылай серпу – жазылған бундарының және кеуденің күшімен зілтемір кеудеден серпіліп екі қолдын демеуімен бастан жоғары көтеріледі. Бұл жаттығу көбінесе ауыр салмақтармен орындалады. Желкеден серпу –желкеде тұрған зілтемірді серпіп жо-ғары көтеруге екі әдіспен орындалады:

  1. Тек екі қолдын күшімен ғана сығымдап.
  2. Бүкіл денемен қатты серпіп барып жоғары қол ұшына шығарылады. Омыртқа бел-

демше тұсынан сәл икемделгені болмаса дене түзу ұсталады. Ауыр атлеттердің барлық бұлшық еттері, буындары, сіңірлері мықты болуы керек. Бұл үшін спортшы әрбір сабақ сайын қосымша жаттығулар жасап отыруға тиіс.

Зілтемірмен отырып тұру – бұл екі аяқтың күшін жетілдіруге арналған жаттығу әр жаттығу сайын орындалады. Мұнда зілтемір желкеге немесе бұғанаға қондырылып, екі қолмен белтемірдей бірдей арақашықтықта мықтап ұсталады. Жеңіл, орташа, ауыр салмақпен отырып-тұру тізе буынын шегіне дейін бүгіп немесе жартылай бүгіп те орындала береді. Бұл жаттығуды екі аяқтың күшін жақсы жетілдіру үшін басқа спорт түрлерімен айналысушылар да жасайды.

Зілтемірді тізе тұсында көтеру – буындардың жазылу күшін жетілдіру және салмақтың еркін қозғалу сәтін үдету, жетілдіру үшін жасалады. Мұнда зілтемірді кеудеге дейін немесе бірден екі қолдын ұшына дейін көтеруге болады. Табан (плинт) үстіне қойылған зілтемірді көтеру – әдістерді еркін көтеру шапшаңдығын жетілдіру үшін қолданылатын өте пайдалы жаттығу.

Зілтемірмен секіру – екі аяқтың, арқаның бүлшық еттерінің күшін, жиырылу тездігін жетілдіру үшін жасалады.

Зілтемірмен еңкею – иыққа асқан зілтемірмен денені алға өарай еңкейту, алңа қарай еңкею баяу орындалады да, денені жазып қайтадан қалпына келтіру тез жасалады. Бас, мойын, арқа түзу ұсталады. Тарту – белтемірден ұстап ауыр салмақты тізеге, белуарға, кеуде тұсына, қол ұшына дейін жерден әр-түрлі шапшаңдықпен көтеру. Тарту алдымен баяу басталып, шапшаңдығын бірте-бірте ұлғайтады, оны жерден немесе тұғырға қойған жерден орындауға болады. Мұнда аяқ, жамбас буыны зілтемірді көтерер алдындағы белгілі бір бұрышпен, бел қайқайып түзу, бас бармақтың тырнағы сұқ сау-сақпен басылып алақан «құлыпталып» ұсталады. Тарту – аяқтың, белдің, қолдың күшін зілтемір көтерудің әдісін жетілдіру үшін өте маңызды жаттығулардың бірі болып табылады.

Разрядтық нормалар

Сонымен қорытындылай келе, Ауыр атлетика – зілтемір көтеру әдістерін жинақтаған спорт түрі. Алғашында күш жұмсап орындалатын бокс, күрес, гір көтеру сияқты спорт түрлері де ауыр атлетиканың қатарына жатқызылған, содан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ауыр атлетика атауы зілтемір көтеруге біржола бекіді. Біз еліміздің аталмыш салада жүрген спортшыларына барлық жарыстарда сәттілік тілейміз. Еліміздің ауыр атлетика саласында бұдан да биік белестерді бағындыра алатындығына толықтай сенеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жилкин А.И., Кузьмин В.С., Сидорчук Е.В. Легкая атлетика: учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – М.: «Академия», 2008. – 220 с.
  2. Верхошанский Ю.В. Программирование и организация тренировочного процесса.

– М.ФиС, 1995. – 267 с.

  1. Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. – М.: ФиС, 2000. – 146 с.
  2. Платонов В.Н. Подготовка юного спортсмена. – Киев, 1998, – 221 с.
  3. Озолин Н.Г. Современная система спортивной тренировки. – М., 1990. – 345 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.