Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Контрагенттермен есеп айырысулардың есебі мен аудитін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерді өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Қазіргі кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі контрагенттермен есеп айырысу бойынша операциялар экономикалық тәуекелдерге ие. Келісім-шарттық міндеттемелерді орындамау, берешектерді уақытылы төлемеу, коммерциялық несиелендіру саясатын тиімді емес жүргізу – бұл соңғы қызметінде кәсіпорынның барлық мәселелері ғана емес. Бірақ бұлардың біреуінің болсын тәуекелдің жағдайының болуы біршама қаржылық жоғалтуларға әкелуі болады екен. Берілген жағдайлар есеп айырысулар бойынша бухгалтерлердің күнделікті нысанасында болуы қажет, сонымен қатартиімді басқарушылық қызмет жүргізу үшін есептік аналитикалық қамсыздандырудың болуын талап етеді.

Бухгалтерлік, аналитикалық, бақылау қызметтердің болуына қарамастан көп кәсіпорындарда күмәнді және үмітсіз борыштар көп орын алады. Бұл пайда болған жағдайлардың көбі есеп айырысудың есептік аналитикалық қамсыздандыру бойынша міндеттердің кешенді шешімінің болмауынан.

Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты контрагенттермен есеп айырысудың есептік – аналитикалық қамсыздандырудың теориялық-әдістемелік қағидалары мен үрдістерін қалыптастыру қажет етеді. Контрагенттермен есеп айырысу, соның ішінде жабдықтаушылар мен мердігерлермен, сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу үнемі кәсіпорын басқармасының назарында болады.

Сатып алушылар және тапсырыс берушілер – бұл тауарлы-материалдық құндылықтарды иеленетін, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге тапсырыс беретін кәсіпорындар [1]. Сатып алушылармен есеп айырысу алдын-ала немесе кейіннен төлеу бекітілген шарттары бойынша орындалады. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу реті таңдалған өнімді өткізу тәсілі негізінде анықталады. Осыған өнімді өткізу кезеңін аңықтау тәсілі әсер етеді. Өнімді өткізу сәтінде алдында түсірілген өнімнің төлемі қабылдануы мүмкін, онда дебиторлық берешек өндірістік өзіндік құн ретінде есептеледі; немесе өткізу кезеңі ретінде оны тиеу уақыты алынады, онда дебиторлық берешек өткізу құны ретінде есептеледі.

Жабдықтаушы дегеніміз жеткізіп беруші, жеткізіп тұрушы жабдықтаушы қамсыздандырушы, белгілі бір ұйымда тауарды жеткізіп тұрушы адам немесе мекеме [2]. Кәсіпорында материалдық – техникалық жабдықтау өндірістік қорлардың қажетті дәрежесінің өз жағдайында материалдық ресурстарда үнемдеп пайдалануды ескере отырып, оның тиымды және ырғақты жұмыс істеуі мақсатында іске асырылған.

Мердігерлер – бір жұмысты келісім бойынша орындайтын кісі немесе ұйым, мекеме мердігерлік белгілі бір жұмысты (өнімді беру, дақылды, малды немесе өндірістің бір түрі) келісілген еңбекақы бойынша орындау, жасау немесе белгілі бір ұйымды жасалған шарт бойынша тасып жеткізу [3]. Бұл шаруашылықты жұмысты жүргізудің үдемелі әдісі. Мердігерлік коллективтерге жер, техника басқа ресурстар және егіс дақылы мен мал, өндірістің бір түрі жасалған шарт бойынша белгілі уақытша бекітіліп беріледі. Бекітіп беру жолы әртүрлі аренда жағдайында болуы мүмкін.

Коллектив өз еркімен бірнеше жылдық мерзімге ұйымдасады, тұрақты, өнім өндірудегі барлық жұмысты негізінен басынан аяғына дейін өздері орындайды, соған сәйкес еңбекақы алады.

Контрагенттермен есеп айырысулардың есебінің мақсатына сатып алушылар (дебиторлар) және жабдықтаушылармен (кредиторлармен) есеп айырысу бойынша шаруашылық байланыстарды бухгалтерлік құжаттарда дұрыс рәсімдеу және осымен байланысты сатып алушылар, тапсырыс берушілер, жабдықтаушылар және мердігерлермен пайда болатын ақшалай есептесулерді толық және уақтылы өткізу [4].

Бухгалтерлік есепте клиенттермен, жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері болып табылады:

  • заңды және жеке тұлғалармен жасалған келісім-шарттарда орнатылған есеп айырысу нысандарын ұстануды бақылау;
  • бюджетпен және басқа несиегерлермен есеп айырысуда төлемдер мерзімдері мен көлемдерін ұстануды бақылау;
  • ақша қаражаттары қозғалысы және есеп айырысуларды жүргізу бойынша операцияларды уақтылы және дұрыс құжаттау;
  • мерзімі өткен қарыздарды болдырмау үшін дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды уақтылы салыстырып тексеру (сурет 1) [5].

Сурет 1. Контрагенттермен есеп айырысу есебінің міндеттері

Ескерту: автормен дайындалған

Субъектілер арасындағы қарым-қатынастар келісім-шартқа қол қоюдан немесе ауызша міндеттемеден басталып қалыптасады. Әрбір кәсіпорын оның контрагенттерімен есеп айырысулардың қай түрін пайдалануына қарай, берілген есеп айырысулар есебінің белгілі бір тәсілін жүргізеді. Контрагенттермен есеп айырысулардың негізгі түрлеріне келесі нысандарды жатқызуға болады:

  • жоспарлы төлемдер;
  • алдын ала төлемдер (аванстық);
  • талаптарды өзара есепке алу;
  • коммерциялық несие;
  • талап құқығынан қайту;
  • өз құқығынан, талабынан бас тарту туралы келісім және т.б. (сурет 2, кесте 1) [6].

Сурет 2. Контрагенттермен есеп айырысулардың негізгі түрлері

Ескерту: автормен дайындалған

Кесте 1. Контрагенттермен есеп айырысулардың негізгі нысандары

Есеп айырысу нысаны

Қай кезде орын алады

Негізгі мазмұны

1

2

3

1 Жоспарлы

Тауарларды,

Есеп айырысулар әрбір жеке тауар

төлемдер

жұмыстарды,

жөнелтілімі бойынша емес, тауарларды,

 

қызметтерді біркелкі,

жұмыстарды, қызметтерді сатудың

 

тұрақты, біржақты

кестесі негізіндегі нақты, алдын ала

 

жеткізулер кезінде.

белгіленген мерзімдерде нақты сомада

   

ұйым шотына сатып алушы шотынан

   

ақша қаражаттарын мерзімді аудару

   

арқылы жүргізіледі.

2 Алдын ала

Ұйымның сатып

Сатып алушы ұйым шотына өнім үшәң

төлем (аванстық)

алушылардың төлем

толық төлем сомасындағы немесе жалпы

 

қабілеттігінің және

соманың бір бөлігі сомасындағы алдын

 

олардың келісімшарт

ала төлемді аударады, содан кейін сатып

 

бойынша өз

алушыға тауарларды, жұмыстарды,

 

міндеттемелерін

қызметтерді жөнелту жүргізіледі.

 

орындауының

 
 

қосымша қаржылық кепілдігін алғысы келген кезде орын алады.

 

3 Талаптарды өзара есепке алу

ТМҚ, жұмыстарды, қызметтерді өзара сату бойынша тұрақты шаруашылық операциялар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдар арасында жүргізіледі.

Екі жақты өзара есепке алуды жүргізу үшін, жақтардың бірінің өтініші жеткілікті. Екінші жақ өзара есепке алудан бас тарта алмайды. Өзара есепке алуды бастамашысы өзара талаптарды есепке алудың жүргізілгені туралы акт құруы тиіс, онда міндетті түрде өзара есепке алумен өтелетін қарыз сомасы және өзара есепке алу күні көрсетіледі.

4 Коммерциялық несие

Сатып алушы қазіргі уақытта қажетті сомаға ие болмаған кезде орын алады.

Сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдырып немесе бөліп төлеуді білдіреді. Сатып алушы тауардың құнын да, төлемді кейінге қалдырғаны үшін пайыздарды да төлеуі тиіс.

5 Талап құқығынан қайту

Егер кәсіпорын дебиторлық берешекке ие болса, онда ол қарызгерден талап ету құқығын үшінші тұлғаға беруі мүмкін.

Талап құқығынан қайту цессия (міндеттемедегі талапты өзге адамға ұсыну) келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге қарызгердің келісімі керек емес, ол тек қана несиеге құқығының басқа тұлғаға ауысқаны туралы жазбаша хабарландырылуы тиіс. Көбінесе, қарызды үшінші тұлғаға сатуда алынатын сома негізгі қарыз сомасынан төмен.

6 өз құқығынан, талабынан бас тарту туралы келісім

Сатып алушының ақша қаражаттары жоқ болғанда, және сәйкесінше, өз қарызын өтей алмаған кезде орын алады.

Сатып алушы ұйымға одан сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін өз мүлігін тапсырады.

Ескерту: автормен дайындалған

Кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу ҚР Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

а) ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;

ә) субъектіндегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиінімді пайдалануды бақылау;

б) есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу [7].

Контрагенттермен есеп айырысулардың бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыру кәсіпорынның өмір қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кешенді ақпараттық жүйенің маңызды мәселесі, себебі шаруашылық қызметті тиімді басқаруда есеп айырысулар бойынша ақпараттар бастапқы мәлімет болып табылады. Бұл жинақтаушы мәліметтерді жүйелеуді, бақылау объектісі мен аналитикалық тәртіптерді жүргізуге арналған жиынтық есептерді құрастыруды қамтамасыз етеді.

Контрагенттермен есеп айырысу әрқашан ұйымдастыру басқармасының үнемі назарында болады, яғни оған жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу, сатып алушылар мен сатушыларды негізінен түсінеміз. Қазіргі замандағы шарттарға сәйкес шиеленіскен бәсекелестік ортада шаруашылық субъектінің қызметін жүзеге асыру, контрагенттермен есептесу ерекше мінез алады және кәсіпорынның аман қалуының негізгі тірегі болып табылады. Контрагенттермен есептесу кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдай, келешекте одан ары дамуы және қызмет ету тиімділігінің тәуелді болуы. Кәсіпорынның қажеттілігі тиісті есептеудің қамтамасыз етілуі және есептеменің бақылауында ғана емес, сонымен қатар, ішкі бақылаудың қызметінің есептеулерді есептеумен айналысатын қызметкерлерді және есептеулер нәтижесіне ықпалын тигізе алатын менеджерлер жатады.

Ішкі бақылаудың жалпы түрі ұйымдастырудың құрылымы, әдістемелер және рәсімдер, басшылардың экономикалық субъектіні ретке келтіру нәтижесінде және шаруашылық қызметтің тиімділігі. Ішкі бақылауға ұйымдастырылған ішкі экономикалық субъект және өзінің күшімен қадағалау және заңнаманың талабын сақтау тексерісі, бухгалтерлік есептілік құжатының толықтығы және дәлдігі, бухгалтерлік есеп-қисап дайындығы уақтылы болуы, қателіктерді және бұрмалауды болдырмау, бұйрықтарды және өкімдерді орындау.

Қазіргі уақытта ішкі бақылау көптеген кәсіпорындарда контрагенттермен есептесу ұйым бөлімшелерінің арасында функциялардың бөліну жолымен қамтамасыз етіледі; жасасқан шарттардың орындалуына және есептеулерді есептеуден жүргізуге арналған жауапты тұлға; есеп берушілік жүйенің қалыптасуы. Осының барлығы әрине жағымды әсерін қалдырады, алайда миллиондаған күмәнді борыштар және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қайтарымсыз қарыздарды жүргізілген табыстылықты бақылайды.

Маңызды сұрағының бірі ішкі аудитті қадағалау кәсіпорыны, егерде ревизия жасайтын компаниясы бар болса. Ішкі аудит тиімділік жүйесінің ішкі бақылау ретінде жалпы және жеке қарастыру бағыты қалай? Бірдей функциялардың аудит және ревизияның орындалуына қарамастан – ішкі бақылаудың әр түрлі формалары. Ревизияны нақты бағыты және жүргізетін қызмет комиссиясы өте тар құрылымды болып келеді. Ішкі бақылаудың негізінен және жеке бағыттарын ішкі аудит тиімділігін жоғарлата ма?

Ревизия мен ішкі аудиттің функциялардың ұқсастығына қарамастан ішкі бақылаудың формалары әр түрлі және бір-бірін толықтырып тұрады. Ревизиялық комиссияның негізгі бағыты және нақты мазмұны тарлау ішкі аудиттің функциясымен және атқару жұмысына қарағанда және ресейлік заңнамалық талаптарына сәйкес қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізу болуда. Ішкі аудит бөлімі көптеген мемлекеттердің кәсіпорынында қолданылады және тәжірибе жүзінде өзінің тиімділігін көрсетеді.

Ішкі аудит қорғанысты қателіктерден қамтамасыз етуге және теріс пайдалану әсерінен, «тәуекел аймағын» анықтауға және болашақта болатын жетіспеушілікті және шығындарды болдырмау мақсатында, басқару мақсатында болған ақауларды жөндеу және болдырмауға менеджерлерге септігін тигізеді. Барлық айтылған мәселе жоғарыда турған басқару компанияның бөлімшелерімен талқыланады және ішкі аудиттің рәсімдерін анықтайды. Осылайша, ішкі аудиторларды қосымша ресурстар ретінде басқару бөлімшелердің компанияны басқару функциясын жақсарту мақсатында пайдалануға болады.

Ішкі аудит ұйымының негізгі бағыттарының бірі қаржылық ысыраптарды төмендету. Әрине нарықтық жағдайда ысыраптың болуы даусыз, алайда оны минимумға дейін азайту қажет. Ол үшін бақылаудың тиімділігін ұйымдастыру, және жоспарлау барысындағы шығындарды қажет. Бірақ ішкі аудитті құру үшін қомақты қаржы керек қылады. Кәсіпорын экономикасының ішкі аудит құруға кеткен инвестицияларды есептемегенде оны енгізу барысында ішкі аудиттің жұмыс істеуінде және ішкі аудит бөлімшесінің жұмыс жасау құны әр түрлі көрсеткіштерді көрсетеді. Әрине ішкі аудит пайда әкеледі, егерде ішкі аудит бөлімшесінің қызмет көрсетуі кеткен шығындарды жапқан жағдайда.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының көз қарасы бойынша ішкі аудиттің қорғаныс жағдайы істеген мезеттен тәуекелдік оқиға басталғаннан шығынның азаюында бейнеленеді. Ішкі аудит бөлімшесінің қызмет тиімділігі келесі көрсеткіштерде бейнеленеді: қателіктердің табу мүмкіндігі, қорғаныс дәрежесінде. Қорғаныс дәрежесінің көрсеткіші заладың төмендету дәрежесі кәсіпорынның ішкі аудитінің қателіктерді табу мүмкіндігін айқындатқанда көрсетіледі. Мердігерлер және жабдықтаушылармен есептесу жүргізілген жағдайдағы бақылаудың тәуекелдігі мынада:

  • сенімсіз жабдықтаушылармен және (немесе) көтеріңкі бағамен сатып алу;
  • рұқсат етілмеген өнімдерді сатып алу, жоқ міндеттемелерді төлеу;
  • тапсырыс әкелмеген жағдай болғанымен жабдықтаушылармен есептесу;
  • дебиторлық берешектің қайтпауы, төлем қабілетсіз сатып алушыларға беру;
  • төлем қабілеттілігі нашар сатып алушылармен шартқа туру;
  • қаржылық есептемеде қателіктер кеткен жағдайда [8].

Осылайша, негізгі белгінің бірі контрагенттермен есептесу кезіндегі басқару тиімділігін жоғарлату барысында сенімсіз және қайтарымсыз қарыздардың тәуекелділігін азайту.

Контрагенттермен есептесу барысында ысыраптарды төмендету мүмкіндігі ішкі аудиттің қажеттілігін туындатады, бірақ біздің елімізде тәжірибе жүзінде бірқатар қиыншылықтарды көрсетеді. Бұл жерде ішкі аудиттің теориялық негізінің жетіспеушілік мәселесін бөліп көрсетуге болады.

Компанияда ішкі аудиттің құрылуы – өте күрделі процестердің бірі. мұнда методологиялық шешімдерді және ұйымдықтехникалық мәселелерді талап етеді. Кәсіпорынның ерекше қызметімен, бақылау жүйесімен және бақылаудың ішкі жағдайын ішкі аудитті ұйымдастыру қажет.

Ішкі аудиттің ұйымдастыруын және әдісін құжат жүзінде және есе саясатында көрсетілуі тиіс. Ішкі аудит қызметіне келесі функциялар жатады:

  • ішкі бақылауды және бухгалтерлік есептеме жүйесін тексеру, осы жүйелерді жақсарту және мониторинг жүргізу;
  • бухгалтерлік және оперативті ақпараттарды тексеру, есептеменің жеке баптарын зерттеу, сомен қоса қалдық сомасын, операцияларды тексеру;
  • заңдардың сақталуын және тағы басқа нормативті актілердің, есеп саясатын керек қылатын бөлімдерді, нұсқаулықтарды, басшылықтың шешімі және жөн жобалары;
  • басқарудың әр түрлі буындар қызметін тексеру;
  • ішкі басқару механизмінің тиімділігін бағалау, филиалдардағы рәсімдерін басқару бағасы және құрылымдық бөлімшелері.
  • міндеттемелердің және меншіктің жағдайы және бар болуын тексеру;
  • бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданылуын бағалау;
  • дербес жағдайларға арналған арнаулы тергеулі жұмыстарды жүргізетін бөлімшелер, мысалы, қинаттық жасаған кезде;
  • басқарудың тиімділігін жоғарлату ұсыныстары және кемшіліктерді айқындау ұсыныстарының көрінісі және құрастырылуы;
  • аналитикалық іс-шараларды жүзеге асыру (сурет 3).

Сурет 3. Контрагенттермен есеп айырысудың ішкі аудитінің функциялары

Ескерту: автормен дайындалған

Ішкі аудиттің қызметі объективті болу үшін, кәсіпорынның басқарушылар тексерілетін бөлімшелерінің құрылымынан және филиалдарынан тәуелсіз болу керек. Ішкі аудит жүйесінің тиімділі құру мынадай шарттарға рұқсат береді:

  • орнықтылықта, тиімді қызмет жасауға және ұйымның көп жобалық бәсекелестік жүйесіндегі максималды даму мүмкіндігі;
  • ұйымның әлеуетін және ресурстарын тиімді пайдалану және оны сақтау;
  • ұйым басқарудағы қаржылық, коммерциялық және басқа тәуекелдіктерді уақытында анықтау және минималдау [9].

Ішкі аудитті жүзеге асыру барысында жабдықтаушылармен және мердігерлермен жұмыс жасаған кезде бір әдістемені, яғни жүргізілген мерзімін және жұмыстың тәртібін анықтауды қолдану қажет және де қабылдау және рәсімдерді тексеру барысында қолданғанда. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесу ішкі аудитті екі жылда бір рет жасап тұру абзал. Сонымен қатар, жоспардан тыс тексерулерді жүргізу тиіс.

Ішкі аудит есептемесінің іс-шарасын жүргізу барысында мыналарды қосу керек:

  • заңнамалық талабымен контрагенттердің құжаттамасы және белгілі бір операциялардың орындалуын тексеру;
  • есептемелердің түгендеуін (салыстырып тексеру) жүргізу;
  • жабдықтаушылар мен мердігерлер есеп айырысу қарыздарының аудит жағдайы;
  • бухгалтерлік есептемеде операцияларының жабдықтаушылар мен мердігерлер есеп айырысуды тексеру;
  • жабдықтаушылар мен мердігерлер есеп айырысу жиынтық есептеу (синтетикалық) аналитикалық есептемемен байланысты;
  • жабдықтаушылар мен мердігерлер есеп айырысу барысында салық есептемесін тексеру [10].

Ішкі аудиторлар бағыттарға және әрбір бөлек тексеріс міндетіне байланысты бақылау ақпараттарын өздері анықтау қажет. Бұл жеке бақылау операцияларын тексерістен, сақтанудан қорғайды, яғни тиімділікті қамтамасыз етеді.

Жалпы кәсіпорында ішкі аудит жүйесін қалыптастыру:

  • тиімді қызмет етуін, көп жоспарлы бәсекелестікте тұрақты және максималды ұйымның дамуын қамтамасыз ету;
  • ұйымды басқаруда коммерциялық, қаржылық және басқа да тәуекелдерді анықтау және азайту;
  • өзгермелі шаруашылық жағдайыңды ішкі және сыртқы өзгерістерге бейімделе алатын заманауи дұрыс басқарудың барлық деңгейіндегі ақпараттық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, бухгалтерлік есептің, талдау мен бақылаудың мағынасын зерттеу контрагенттермен есеп айырысуын есептік аналитикалық қамсыздандыру жүйесіндегі ішкі бақылаудың функциясын анықтауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп қаржы-шаруашылық қызметті уақытылы бақылау үшін ақпараттық базаны қалыптастыра отырып басқарушылық шешім қабылдауға басшылыққа көмектеседі. Сонымен қатар, уақытылы және тиімді қызметті бақылау есебі толық және нақты ақпарат қалыптастыруға көмектеседі. Контрагенттермен есеп айырысулардың ішкі аудитінің функциялары ішкі бақылаудың ең тиімді түрі ретінде көруге болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Қабылова Н. Қ. Бухгалтерлік есеп теориясы / Н.Қ. Қабылова, Ш.А. Доспалинова, Е.Н. Оразалинов. – Астана: Фолиант, 2007. – 170 б.
  2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы: Аудит орталығы, 2003. – 578 б.
  3. Кеулімжаев Қ.К. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: Экономикc, 2003. – 270 б.
  4. Буханцев Ю.А. Учет операций по обеспечению исполнения обязательств при расчетах с контрагентами / Ю.А. Буханцев, А.В. Глущенко // Экономический вестник Ростовского государственного университета, №4, Ч. 3, Том 6. 2008. – С. 145 – 152.
  5. Смирнов А. Расчеты с контрагентами: способы оплаты // Экономист. – 2008. – № 2. – С. 68 – 76.
  6. Окружко О.А. Бухгалтерская экспертиза неденежных расчетов в строительной сфере // Аудит и финансовый анализ. – 2011. – № 6 – С. 81 – 87.
  7. Баймұханова С. Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007. – 406 б.
  8. Буханцев Ю.А. Повышение эффективности внутреннего контроля состояния расчетов с контрагентами // Вестник Волгоградского государственного университета. Серия 3: Экономика. Экология. – 2009. – № 1 (14). – С. 173 – 178.
  9. Окружко О.А. Организация бухгалтерской экспертизы расчетов в строительстве // Материалы VII Межрегиональной научно-практической конференции «Теория и практика развития экономики региона». – Калуга: ИД «Эйдос», 2008. – С. 136 – 142.
  10. Глущенко А.В. Учетно-аналитическое обеспечение расчетов с контрагентами // XI Региональная конференция молодых исследователей. Волгоград: Изд-во ВолГУ, 2007. – С. 168 – 174.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.