Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Коммерциялық банктердегі проблемалық несиелердің мәселелері және оларды шешу жолдары

Отандық банк секторының басындағы негізгі түйінді мәселенің бірі – проблемалық кредиттер. Ауызекі тілмен айтсақ, қайтарылмаған қарыздар төңірегінде қалыптасқан жағдай.

Ұлттық банк келтірген мәліметтерді әрі қарай талдасақ, кредиттік портфельдегі қарыздың 72.5%-ы заңды тұлғалардың еншісінде де, 15.2%-на шағын және орта бизнес өкілдері жауапты. Салалық тұрғыда алып қарасақ, проблемалық кредиттердің негізгі үлесі құрылыс (24.9%), сауда (23.2%) және өндірістік емес салаларға (16.6%) келіп отыр. Ұлттық банк мәліметіне көңіл бөлсек, казіргі күні проблемалық кредиттердің көп болуы – банктердің кредиттік портфелін өсіруге кедергі келтіретін басты мәселенің бірі. Яғни, қайтарылмаған қарыз отандық банктердің ел экономикасындағы белсенділігін тежеп отыр деген пайым жасауға болады. Кредит бергеннен кейін, банктер, ең алдымен, берілген кредиттер қайта ма, жоқ па, соны дұрыстап анықтағаны дұрыс деп ойлаймыз. Бұл тұрғыда тәуекел менеджменті дұрыс жұмыс істеуі тиіс [1].

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан банктерінің өз мақсатын орындауға және экономиканың нақты секторының кредиттік ресурстарға қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте қаржы жүйесіне бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді жұмыс істемейтін кредиттерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет екендігі бәрімізге мәлім.

Сонымен бірге 2015 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы проблемалық кредиттер мұрасынан құтылу, банктердің кредиттік қабілеттілігін қалпына келтіру және ипотекалық кредиттер бойынша борыштарды қайта құрылымдау мәселесін шешу қажеттілігі бойынша міндетті қойды. Белгіленген шаралар банк секторындағы жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары деңгейі проблемасына байланысты, олар қарыз алушылардың төлем жасау қабілетсіздігі тәуекелдерін, олардың банктер алдындағы өз міндеттемелерін өтеуді тоқтатуын қамтиды. Мұндай жағдайдың ушығуы қоғамдағы және мемлекеттегі әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) деректері бойынша Қазақстан Республикасы банк секторының несие портфелі 2015 жылғы 1 қаңтарда 2014 жылдың басымен салыстырғанда 836,6 млрд. теңгеге немесе 6,3%-ға ұлғая отырып, 14 184,8 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде жеке тұлғалардың қарыздары 2014 жылдың соңында 2014 жылдың басынан бастап 384 млрд. теңгеге (12%) ұлғайып, 3 681 млрд. теңге болды.

Бұған қоса, соңғы бес жылда банктердің несие портфелінің көлемі 47,2%-ға өсіп, есепті күні 14 184,8 млрд. теңге болды, бұл ретте үмітсіз кредиттердің көлемі 9 еседен астам өсті.

Экономиканы кредиттеу бойынша жоғарыда аталған міндеттер сондай-ақ микро қаржыландыру саласына да жатады, оның халықты кредиттеу нарығындағы үлесі жоспарлы түрде ұлғаяды және бұл жағдайда микроқаржы ұйымдарының жұмыс істемейтін активтері деңгейінің өсуі туындайды.

Халықаралық практикаға сәйкес, банк секторындағы проблеманы шешудің тиімді құралдарының бірі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының борышкерлердің мерзімі өткен берешегін өндіріп алу қызметін кәсіби түрде жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарға (коллекторлық агенттіктерге) беретін, мерзімі өткен берешекпен жұмыстың қолданыстағы тетігін мемлекеттік деңгейде реттеу, сондай-ақ оны заңнамалық деңгейде одан әрі жетілдіру болып табылады [2].

Банк қызметі банктің сыртқы ортамен өзара іс-әрекет ету процесінде туындайтын түрлі сипаттағы тәуекелдермен (кредиттік, операциялық, нарықтық және т.б.) тығыз байланысты. Банк берген кредиттердің қайтарылмауы, яғни кредит тәуекелі кредит ұйымдарының табысты қызметі үшін аса қауіпті болады. Жұмыс істемейтін қарыздар деңгейінің жоғары болуы (төлемді 90 күннен аса кешіктіру) банк секторының орнықтылығын көтеруге және

Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсынымдарын енгізуге негізгі кедергі болып табылады, себебі ол екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) рентабельділігін және банктердің таратып бөлінбеген пайда есебінен капиталды қалыптастыру қабілетін төмендетеді, сондайақ банктердің кредиттік белсенділігін шектейді. Бұл ретте, банктердің баланстарын жұмыс істемейтін активтерден «тазартуды» қамтамасыз ету жөніндегі міндетті іске асыру банктердің, сондай-ақ активтерді басқару жөніндегі жеке және мемлекеттік компаниялардың қатысуымен көпжақты тәсілді талап етеді. Жұмыс істемейтін қарыздар – бұл бүгінгі күні Ұлттық Банк үлкен назар аударатын мәселе. Жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін азайту бойынша мәселені шешу жұмыс істемейтін қарыздар бойынша пруденциялық лимиттерді белгілеу, заңнаманы жұмыс істемейтін қарыздарды есептен шығаруды оңайлату бөлігінде одан әрі жетілдіру, жұмыс істемейтін қарыздарды активтерді басқару жөніндегі компанияларға беру және осы компанияларда активтер мен тәуекелдерді басқарудың тиімді тетігін жасау шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бiрiншi кезекте шараларының 2014 жылға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарында көзделген шараларды іске асыру мақсатында «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының жұмыс істеу тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірленді. Тұжырымдама «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) жұмыс істеу пайымын, Қордың банктермен жұмыс істемейтін қарыздарды иелену, жұмыс істемейтін қарыздар портфелін басқару, тәуекелдерді әділ бөлу мәселелерінде тиімді өзара іс-қимылының негізгі тәсілдерін айқындайды. Қордың негізгі міндеті – банктерге банк жүйесіндегі несие портфелінің сапасын жақсарту және жұмыс істемейтін қарыздар деңгейінің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу (2016 жылға 10%дан аспайтындай), оның ішінде ұлттық валютамен ұзақ мерзімді негізді қаржыландыру арқылы қол жеткізу жөніндегі стратегиялық міндеттерді орындау мақсатында балансты жұмыс істемейтін қарыздардан «тазарту» процесіне жәрдемдесу болып табылады [3].

«Соңғы бес жыл бойы банктердің жұмыс істемейтін қарыздарының деңгейі өте тез өскенін атап өткен жөн. 2008 жылдың соңында жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі банк жүйесі бойынша небәрі 5,2% немесе 476 млрд теңге болды. Бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 21,2%-ға дейін өсіп, 2 трлн теңгені құрады. 2013 жылдың соңында банк жүйесі бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың деңгейі 31,2% немесе 4,2 трлн теңгені құрады. Бес жылдық кезеңде проблемалық берешектің өсуі 3,7 трлн теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздардың ең көп үлесі 33,7% (4,9 трлн теңге) болды», делінген ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мемлекет басшысының банктердің кредиттік портфельдеріндегі проблемалық кредиттердің деңгейін 2015 жылы 15%-ға дейін және 2016 жылғы 1 қаңтарға 10%-ға дейін төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп:

  1. салық заңнамасына, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізді;
  2. Банктерде мерзімі өткен қарыздарды төмендету жөніндегі бірыңғай саясатты әзірледі, онда банктер үшін мерзімі өткен қарыздарды басқарудың бірыңғай тәсілдері, құралдары мен шаралары белгіленеді;
  3. проблемалық қарыздарды төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиісті мониторингін және үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін мерзімі өткен қарыздарды төмендету қызметін бағалау мен бақылау жөніндегі комиссия құрылды.

Ұлттық банк Комиссияның отырыстарын он күн сайын өткізеді, оларда екінші деңгейдегі банктер кепілдерді есептен шығару / кешіру, қайта құрылымдау, сот тәртібімен және соттан тыс тәртіппен өндіріп алу, қабылдау, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдарына, коллекторлық ұйымдарға қарыздарды беру жолымен жұмыс істемейтін қарыздарды төмендету жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді. Сонымен бірге «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ жұмыс істемейтін қарыздарды төмендету міндеттемесіне негізделген қаржыландыру тетігін іске асырды. Бұл бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр [4].

ҚР Үкіметі және Ұлттық банк Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу мақсатында Ұлттық банктің қаражатынан 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық Банк «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ты 130 млрд. теңге сомасына үстеме капиталдандырады, ол, өз кезегінде, екінші деңгейдегі банктерде жылдық 2,99%-дық сыйақы мөлшерлемесінен 20 жыл мерзімге депозиттерді орналастырады. Бұл қаражатты банктер жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй / ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға жібереді, деп хабарланды Ұлттық банктың ресми сайтында.

Бағдарламаның мақсаттары:

  • қарыз алушылардың барынша көп бөлігі үшін ипотекалық қарыздарды өтеу талаптарын жеңілдету;
  • проблемалық кредиттер деңгейін төмендету;
  • экономиканың долларлануы деңгейін төмендету», делінген хабарламада.

Бағдарламаның негізгі өлшемдеріне сәйкес қарыз алушының және оның жұбайының (зайыбының) жалғыз баспанасы кепілге салынған, 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық тұрғын үй, ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылады.

Ол үшін қойылатын басты талаптар мыналар: жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша валюталық қарыздарды теңгеге конвертациялауы, қарыз мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту.

Осы бағдарлама ең алдымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларға; шетел валютасымен ипотекалық тұрғын үй, ипотекалық қарыз алғандарға; ұлттық валютамен ипотекалық тұрғын үй, ипотекалық қарыз алған және мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталады. Сондай-ақ заңды күшіне енген сот актілері бар ипотекалық тұрғын үй, ипотекалық қарыздар бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға жатады.

Қарыз алушының борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында негізгі борыштың қалдығы қайта қаржыландырылады, бұл ретте қарыз алушының қайта қаржыландырылған қарызы бойынша сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін банктер кешіреді.

Банктердің қарызды қайта қаржыландыру кезінде қандай да болмасын комиссияларды, алымдарды немесе өзге төлемдерді алуға құқығы жоқ.

Бағдарлама шеңберінде болжаммен алғанда 20000-нан астам қарыз, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын 5000-нан астам борышкердің қарызы қайта қаржыландырылатын болады. Бағдарлама 2015 жылғы 10 сәуірде Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінде мақұлданды.

«Қорды үстеме капиталдандыру ҚР ҰБ Басқармасының шешіміне сәйкес Ұлттық Банктің қаражаты есебінен жүргізілді.

«Проблемалық кредиттер қоры» 130 млрд. теңгені екінші деңгейдегі банктерге ипотекалық қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру үшін береді.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚның жұмыс істеу тұжырымдамасына сәйкес, Қордың банктермен ынтымақтастығы бағыттарының бірі проблемалық активтермен жұмыс бойынша іс-шаралардың тиімділігіне жәрдемдесу үшін екінші деңгейдегі банктерге ұзақмерзімді негізделген қаржыландыру беру болып табылады. Ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешуге қаражат бөлу сондай-ақ Қордың «жұмыс істемейтін» қарыздарының деңгейін төмендету барысына тиімді үлесті қамтамасыз ету және банк жүйесіндегі активтердің сапасын жақсарту жөніндегі негізгі міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін болатынына сенеміз [5].

Тағы да бір айта кететін мәселе жергілікті атқарушы органдар банкте кепілде тұрған үйлерді жеңілдікпен сатып алып, оны иелеріне пайызсыз қайтара алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің сыртқы коммуникация және қаржы қызметін тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқармасының бастығы Александр Терентьев Алматыдағы ипотека тұтынушыларымен кездесуі кезінде мәлімдеді «Бағдарламаның мәні сол, мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен халық үшін 20дан 30 пайызға дейін қарыз алады, нақты көлемін мен білмеймін, қазір есептеліп жатыр. Баспана әкімшілік балансында болады. Оның пайызы болмағандықтан, қарыз көлемі азаяды. Мысалы, қарыз алушы баспананың нарықтық көлемі 10 миллион теңге деп келісім-шарт жасайды, кейін ай сайын жиырма бес мың теңгеден отыз жыл бойы төлейді».

Жаңа жобаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын жалғыз баспанасынан айырмау [6].

Мерзімінде несиені төлемеген қазақстандықтардың үштен екісі (64,1 пайыз) несие берушілерден қашып жүр. Мұндай мәліметті ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығындағы әдістер департаментінің директоры Нұрлан Әбдрахманов "Жинақтаушы әрекет туралы" заңнамасына болжамды толықтыруларды талқылау кезінде мәлімдеді. Қарыз алушылардың ішінде 90 күннен аса уақыт бойы қарызын төлемегендердің саны 1 миллион 40 мың. Тұтынушылық кредит алғандардың саны 661 мың 778 адам. "Бұл шамамен қарызын төлемей жүрген адамдардың 66 пайызын құрайды.

Жеке тұлғаларды несиелеудің жалпы көлемінде тұтыну несиелеуінің үлесі шамамен 49 пайызды құрап отыр, яғни жартысы. Ал берешегін қайтару уақытын 90 күннен көп уақытқа кешіктіргендердің саны 662 мың адам. Жұмыс істемей тұрған тұтыну қарыздары (90 күннен асырғандар) 272 миллиард теңгені құрады. Яғни бұл қарыздарға қатысты реабилитациялық процедуралар, қарызды өндіру, оның ішінде проблемалық қарыздарды қайтару ұйымдарының көмегімен жүргізілуі тиіс".

ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев атап өткендей, заң жобасы Қазақстанда жан-жақты талқыланды, бұл заңды маңызды әлеуметтік жобалардың санатына жатқызуға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, бүгінгі күні борышты өндіріп алушылардың қызметін реттейтін заңды қабылдау қажеттілігі туындап отыр.

Ұлттық Банк мынадай статистиканы келтірді қазіргі кезде проблемалық берешекті қайтару үшін 35 банктің 17-сі коллекторлық агенттіктердің қызметін пайдаланады. Бұл ретте қызметіне халықтан төлем жинау кіретін, 205 ресми тіркелген ұйымның 59 коллекторлық агенттіктермен банктер өзара іс-әрекет жасайды. Сонымен қатар, қаржы реттеушісінің деректері бойынша 2016 жылғы мамырдағы жағдай бойынша коллекторлық агенттіктер 894 050 қарыз алушыдан өндіріп алуда, бұл жеке тұлғаларға берілген барлық кредиттің 17 пайыздан астамын (немесе 90 және одан көп күннен астам мерзімі өткен кредиттердің 86 пайызын) құрайды.

"Бүгінгі күні коллекторлық агенттіктер мен банктердің қарыз алушылары арасындағы қатынастарға қандай да болсын әсер ету құралдары жоқ. ҚР ҰБ-тың Қаржы нарығының әдіснамасы департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахмановтың айтуы бойынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін коллекторлық қызмет көрсету саласында құқықтық реттеуді енгізу беделі күмән туғызатын, меншігі оффшорлық аймақтарда тіркелген, құрылымы айқын емес ұйымдардың жұмыс істеуін және олардың қарыз алушыларымен өзара әрекеттесуді болдырмауға мүмкіндік береді.

Заң жобасының азаматтар үшін тиімділігі – бұл өз құқықтарын қорғаудың нақты тетіктерінің болуы, және салдары ретінде коллекторлық ұйымдарға деген сенімнің артуы. Коллекторлық агенттіктердің түсіндірме жұмыстары қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өздерінің борыштық ауыртпалықтарын төмендету тәсілдері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет үшін оң аспектілер бұл меншіктің айқын құрылымы және мемлекет тарапынан Ұлттық Банк арқылы бақылауға, қадағалауға жататын қызметкерлердің тиісті штаты бар, экономикалық қызметтің реттелетін субъектісінің болуы. Сонымен бірге кредиторлардың сот сатыларына өтініштерін қысқарту арқылы сот органдарына қысымның төмендеуі күтіледі деген болжам бар".

"Заң жобасы қолданысқа енгізілгеннен кейін борышкерлермен Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен заңды тұлғалар – коллекторлық агенттіктер ғана жұмыс істейтін болады. Талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. -

Бұл ретте азаматтармен өзара іс-әрекетті коллекторлық агенттіктің оң іскерлік беделі, жоғары білімі және жұмыс тәжірибесі бар, соттылығы және психикалық ауытқулары жоқ қызметкерлері жүзеге асыратын болады» [7].

Бүгінде 5 миллионнан астам қазақстандық банктерге қарыз. Борышкерлердің несиелік берешегі 1 трлн. теңгеден асып жығылады. ҰБ төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, қазіргі күні банктерге берешегі бар борышкерлердің құқығы мен мүддесі дұрыс қорғалмай отыр.

Соның салдарынан коллекторлық агенттіктер тарапынан заңсыз іс-әрекеттер мен асыра-сілтеушіліктер жиі орын алады. Халықтың қаржылық сауатының төмен болуы да әлеуметтік шиеленісті күшейтуде. Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, бүгінге дейін коллекторлық компаниялардың тарифтері, сыйақылары нақтыланбаған. Ал, ұсынылып отырған заң жобасында аталмыш мәселені реттеу қарастырылған. Онда сыйақы алынатын берешек сомасының 50 пайызынан аспауы тиіс деп көрсетілген. Қызметтер төлемін банктер немесе микроқаржылық ұйымдар өтейді. «Коллекторлық компания қызметкерлері замшыдан бір тиын да алуға құқылы емес. Яғни, коллекторлар тек банкпен немесе өздеріне тапсырыс берген микроқаржылық ұйымдармен ғана есеп айырысады». Ұлттық банк өкілінің мәліметіне қарағанда, ұсынылған заң жобасында халыққа қалқан болып, коллекторлардың қоқан-лоқысынан қорғайтын баптар қарастырылған [8].

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. http://and.kz/ 8.10.2014 //Түйткілі көп кредиттер.
  2. http://bestprofi.com/home/document/ «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Тұжырымдамасының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленген;
  3. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 954 қаулысы;
  4. http://business.gov.kz/ru/news/ economicskz/ 03.07.2015//Жұмыс істемейтін банк қарыздарының үлесі төмендеді;
  5. http://business.gov.kz/ ru/ news/ economicskz/ 20.04.2015// Проблемалық кредиттер қорының жарғылық капиталы 130 млрд. теңгеге дейін ұлғайды;
  6. http://today.kz/ kz/ news/ azastan/ 2016-09-21// Ұлттық банк проблемалық ипотекаларды әкімшіліктерге сатып алуды ұсынды;
  7. https:// kaz. tengrinews. kz /naryk/ 09. 08. 2016// Проблемалық қарыз алушылардың үштен екісі кредиторлардан қашып жүр;
  8. http://zanmedia.kz/wp-content/ №38 (2816) 8.04.2016// Халық қалаулылары «Банктік әкетті» заңдастыруға қарсы».

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.