Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік басқарудағы гендерлік теңдік – мемлекет дамуының кепілі

Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету – уақыт талабы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп айтылған [1]. Қазақстан адам құқықтары туралы барлығы алпыстан астам халықаралық шартқа қосылды. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында айтарлықтай ілгеріледі. Соңғы жылдары Қазақстан гендерлік теңдікті дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған [2]. Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде тарихи қалыптасқан ерлердің әйелдерден басым болу жағдайы өзгерістерге ұшырауда. Өнеркәсібі дамыған және әлеуметтік бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкіндіктерінің ерлермен тең болуына іс жүзінде қол жеткізді.

1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды.

Үкіметтің 2003 жылғы 27 қарашадағы № 1190 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Гендерлік саясат қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Ол еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттарын – ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына теңгерімді қатысуына қол жеткізуді, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылуы үшін жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлықзомбылықтан азат болуды айқындады [3].

Қазіргі әлеуметтік ғылым жыныс пен гендер деген ұғымдарды ажыратады. Дәстүрлі түрде бұл сөздердің алғашқысы ерлер мен әйелдер ретінде ажыратылатын адамдардың анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Әйелдер мен ерлердің әлеуметтік сипаттамаларының әр алуандығы және адамдардың биологиялық жыныс мінездемесінің ұқсастығы олардың қоғамдағы әлеуметтік рөлдерінің айырмашылықтарын түсіндіре алмайды. Жыныс табиғи факторлармен анықталған, ал гендер – әлеуметтік құрылған, сондықтан бұл сөздер синоним емес. Қоғам адамдарға биологиялық жынысына сәйкес орындауға бағыттайтын әлеуметтік және мәдени нормалардың жиынтығы гендер ұғымын білдіреді. Гендер нәсіл, ұлт, жас сияқты әлеуметтік-демографиялық факторлармен үйлесімде қоғамның әлеуметтік стратификациясының бір тәсілі болып табылады, әлеуметтік иерархияның жаһандық жүйесін құрады. Жалпы, гендерлік теңдік – әлеуметтік функцияларды орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан әйелдер мен ерлердің ресурстар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуі [4]. Өкінішке орай гендерлік сегрегацияға тән сипат – әйелдердің беделсіз, жалақысы төмен, табысы аз салаларда шоғырлануы Қазақстанда әлі де орын алуда. Мұндай сегрегацияның болуына қоғамның екі қарамақарсы аяларға дәстүрлі бөлінуі негіз болуда. Яғни, ер адамдар басым болатын көпшілік алдындағы қызмет және әйелдерге тән жеке немесе отбасылық орта. Қазіргі қоғамда әйелдер білім, саясат, бизнес пен өндіріс аяларына қол жеткізді, бірақ онда беделі әлдеқайда төмен деңгейлерде қалуда [5].

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми ақпараты бойынша 2016 жылдың басында халық саны 17,7 млн. адамды құрады. Оның ішінде ерлер – 48,4% (8566800 ер адам), әйелдер – 51,6% (9133200 әйел адам).

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны 50219 адамды құрады, бұл мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 55%-ы. Саяси мемлекеттік қызметшілер ішінде әйелдер 10%-ды құрап отыр, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасында 15%-ы және «Б» корпусында 55,4%-ы әйелдер. 2015 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны 2014 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға өскен. Бүгінгі күні 17 министр лауазымынан әйелдер екеуіне ие. Яғни олар денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі мен экономикалық интеграция істері бойынша министр лауазымындағы әйелдер. Алты әйел – вице-министрлер, тағы алтауы жауапты хатшы, тоғызы – облыс әкімдерінің орынбасарлары. Мәжілістегі әйелдер саны 26, сенатта 47 депутаттан – үшеуі әйел адамдар. Мемлекеттік хатшы лауазымы да әйел адамға тиесілі болғанымен, бұл көрсеткіштер төмен болып табылады және Қазақстандық әйелдердің саяси өмірге жеткіліксіз қатысуы не араласуы туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы координаторы Норимас Шимомур айтқан болатын [6].

Алайда қазіргі таңда қандай да бір елдің президенті не үкімет басшысының әйел адам болуы, немесе халықаралық дәрежедегі лауазымды қызметтерді әйелдердің атқаруы ешкімге таңсық болмай қалды. Тіпті, үлкен бір мемлекетті басқарып, тарихта өзіндік қолтаңба қалдырған әйелдер де баршылық. Қазіргідей шиеленіскен, күрделенген геосаясат жағдайында мемлекеттік басқарудағы әйелдердің рөлі артуда. Руанда мемлекетінің парламентіндегі 80 мандаттың 45-ін, АҚШ-тың Конгресіндегі 539 орынның 93-ін әйел шенеуніктер иеленіп отыр. Тайландтың топ-менеджерлерінің 45 пайызын әйелдер құраса, Ямайкада жоғары білікті жұмыс орындарының 60 пайызына әйел шенеуніктер ие. Сондай-ақ, әйел затына мансаппен өрлеуге жол бермейтін елдерде бар. Мәселен, Катар, Оман, Сауд Арабиясының заң шығарушы билігінен әйел затын кездестіру қиын [7]. Әлемдегі мемлекеттік басқару жағдайын талдап қарасақ, мұсылман елдерінде билікке араласу деңгейінің төмен болып қалуын аңғарамыз. Бұл мұсылмандық қоғамда ер адамның айқын басымдылығын көрсетеді. Дегенмен, адамзат өркениетінің бүгінгі деңгейінде әйелдердің саясатта, қоғамдық істерде және мемлекеттік билікте белсенділігі мен ықпалының мейлінше артып келе жатқанын байқаймыз.

Бұл орайда 1966-1977 және 1980 1984 жж. Үндістанның премьер-министрі болған Индира Гандиді (1917-1984), 19791990 жж. Ұлыбританиядай үлкен Корольдікке жетекшілік еткен әйгілі Маргарет Тэтчерді, сондай-ақ, 35 жасында Пәкістанның үкімет басшысы (премьер-министрі) болып сайланып, бұл қызметті екі рет: 1988-1990 және 1993-1996 жж. атқарған Беназир Бхуттоны еске алсақ та жеткілікті. 2005 жылдан бері қарай Герман Федеративтік Республикасында Ангела Меркель іскерлігі мен біліктілігінің арқасында үшінші рет канцлерлікке сайланды. Бүгінде Германия әлемдегі экономикасы қуатты елдердің бірі және Еуроодақты алға сүйреп отырған негізгі құрылтайшысы мен қозғаушы күші саналады. 2010 жылдан бері Бразилияның президенті қызметін жемісті атқарып келе жатқан Дилма Руссефф дүние жүзіндегі ең бір беделді де ықпалды әйел басшылардың санатына жатады. Ал, Дания үкіметін 2011 жылдан бері Хелле ТорнингШмидт басқаруда. Ол бұған дейін парламентте депутат болып және министр қызметін атқарып, үкімет басшылығына біршама ысылып, тәжірибе жинақтап келген. Литва Республикасында 2009 жылы өткен президенттік сайлауда мамандығы бойынша экономист, елу үш жастағы Даля Грибаускайте жеңіске жетті. Бес жылдық қызметінде ол литвалықтардың көңілінен шығып, 2014 жылғы сайлауда тағы да бәсекелестерінен басым түсіп, билік тізгінін сақтап қалды. Осы сияқты, 2013 жылдың қазан айынан Норвегияның премьер-министрі қызметіндегі Эрна Сольбергті де атап айтуға болады. Ол да бұл қызметке опоңай келе қалған жоқ. Сонау 1989 жылы парламентке депутаттыққа сайланып, артынша жергілікті басқару мен аймақтық даму министрі қызметіне тағайындалды. 2004 жылы консервативтік партияның көшбасшысы болып белгіленді. Арада тоғыз жыл өткен соң 2013 жылғы парламенттік сайлауда көпшілік дауыспен, Прогресс партиясымен бірлесіп үкімет құрды. Сөйтіп, премьерлік таққа Эрна Сольберг отырды [8].

Кейбір сарапшы мамандар алда гинекократия заманы келе жатыр деген болжам айтып жүр. Дүниенің қалай дөңгеленіп, адамзат қоғамының қайда баратынын болжау қиын. Келешекте билікте әйелдердің рөлінің артуы әбден мүмкін.

Елімізде таңдау құқығымен қатар өзін сайлауға ұсыну, яғни таңдалу құқығы бар. Әйелдердің сайланып, таңдалуы қоғамның тұрақты және гуманистік дамуының құралы ретінде қарастырылады, себебі әйелдер ана мен балалықты қорғау, бала құқығы, әлеуметтік қорғау мәселелеріне көп көңіл бөледі. ХХ ғасырда әйелдер таңдау құқығына ие болғанымен, біз әлі күнге дейін гендерлік паритеттіліктің орын алуын байқамаудамыз. Парламенті бар елдерде ХХ ғасырдың екінші ортасында заң шығарушы органдарда әйелдер құрамының пайыздық көрсеткіші 4 есе өскен.

Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Биылғы жыл стратегияның орындалу мерзімінің соңғы жылы.

Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында Елбасы билік органдарында шешімдер қабылдау деңгейінде мүмкіндігінше әйелдердің көп болуына ұмтылу міндетін қойып отыр. Бұл ретте әйелдердің басқаруға араласуының SWOTталдауын келтіру орынды.

1 кесте. Мемлекеттік билікке әйелдердің араласуының SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуы, әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары санының ұлғаюы.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің әйелдердің мүдделерін мемлекеттік саясатқа енгізуге деген ниеттілігі.
  • Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы, Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарының және Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасының қабылдануы.
  • Әйелдердің білім деңгейінің анағұрлым жоғары болуы. Әйелдердің саясатқа қатысуы еркектермен лайықты бәсекелестікті құрап, елдегі істің жағдайының жақсаруына ықпал етеді.
  • Басқарушылық құрылымдарда әйелдердің қатысуы едәуір икемдірек, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бағдар алған басқару нысандарын дамытады.
  • Әйелдер әлдеқайда тындырымды, ұқыпты, тіл табысқыш, адамдарға үлкен ынтамен қарауға және қамқорлық жасауға бейім.
  • Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуы, әйелдердің үкіметтік емес ұйым-
  • Ерлер мен әйелдердің арасындағы ресурстарды бөлудегі біркелкіліктің болмауы.
  • Әйелдер бірқатар әлеуметтік, мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге байланысты ерлерге қарағанда қиынырақ жағдайға тап болды.
  • Ерлермен салыстырғанда әйелдердің арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі әлдеқайда жоғары болуы және жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату кезіндегі жасырын түрдегі кемсітушілік.
  • Ерлермен салыстырғанда әйелдердің арасындағы кедейліктің деңгейі әлдеқайда жоғары болуы.
  • Әйелдерге ақысы төленбейтін үй жұмысының негізгі бөлігі жүктелген, сондықтан мансапқа, біліктілігін жоғарылатуға, өздігінен білім алуға олардың уақыты аз қалады. Біздің қоғам әйелдердің ақысы төленбейтін үй еңбегінің, соның ішінде бала күтімінің экономикалық құндылығын осы уақытқа дейін мойындамай келеді.
  • Бюджетті жасау кезінде гендерлік әдістің болмауы.
  • Экономикада гендерлік саясаттың жүзеге асырылуының нәтижелерін тіркеп отыратын гендерлік талдау мен гендерлік көрсеткіштердің болмауы.
  • Саяси партиялардың әйелдерді билікке

дарының қызметінің жандануы.

жоғарылату стратегиялары мен бағдарламаларының болмауы.

  • Әйелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарының дәйексіз қызметі, әйелдер ұйымдарының әйелдердің мүдделерін қорғауға бағытталған күш-әрекетінің бытыраңқылығы.
  • Әйелдердің саяси тәжірибесінің жетімсіздігі.

Мүмкіндіктер

Қатерлер

– Экономика саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру ішкі тұрақтылықтың, индустриялық-инновациялық дамудың, ауылды қайта өркенету, шағын бизнесті дамыту және кедейшілікті азайтуды іске асыруда Қазақстанда жұмыссыздықты азайту және ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін үлкен мүмкіндігі.

  • Ерлер мен әйелдердің тек сөз жүзіндегі теңдігі демократияға және қоғамның одан әрі дамуына ықпал етпейді.
  • Әйелдер ақпаратқа, білім алуға, кәсіби даярлыққа, кеңес алу көмегіне кеңінен қол жеткізе алатын болады. Олар үшін экономикалық білім берудің арнайы орталықтары, несиелік желілер мен қорлар құрылатын болады. Осы орайда әйел адамдарға несиелер беріліп, олардың көбінің төленбей қалу қаупі.
  • Ата-аналардың еңбекке белсенділігін арттыру мақсатында мемлекеттік және мектепке дейінгі жекеше балалар мекемелерінің саны артады. Бала күтімімен және оларды тәрбиелеумен айналысатын әйелдер мен ерлерге қолдау көрсету жөнінде шаралар қолданылатын болады. Ерлерді бала күтіміне тартудың тетіктері әзірленетін болады. Дәстүрлі ана тәрбиесінің азаю қаупі.

Қоғамдық санада қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ерлер мен әйелдердің әлеуметтік теңдігінің қажеттігін қалыптастыру маңызды болып табылады. Оның ішінде атқарушы билік органдарында, шешімдер қабылдау деңгейіндегі басқару үрдістеріндегі ерлер мен әйелдердің паритетті өкілдік етуіне қол жеткізу заман талабы. Қоғамдық сананы түбірімен өзгерту, бір жыныстың екінші жыныстан артықшылығы мен басымдығы туралы пікірмен байланысты гендерлік кемсітулерді түбірімен жою, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің өмір тәжірибелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтар мен мүмкіндіктердің гендерлік теңдігі қағидатына негізделген гендерлік өзіндік сана мен мінез-құлық түрлерінің жаңа үлгілерін қалыптастыру қажет.

Қоғамдық сананың гендерлік парадигмасының ауысуы – бір жыныстың басым болуынан – екі жыныстың серіктестігі мен ынтымақтастығына ауысу жағына бірте-бірте өзгеруі орын алады. Мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен барлық деңгейдегі басшылар, шешімдер қабылдау деңгейінде тұрғандардың барлығы гендерлік жағынан тең болады.Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық үрдістеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Олар тең дәрежеде қоғамдық салаларға, ал еркектер – отбасы, үй еңбегі және бала тәрбиесі сияқты қарапайым салаларға кіретін болады. Өзін демократиялық мемлекет ретінде танитын Қазақстан үшін осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне және «паритеттік демократияның» қалыптасуына ықпал ететін болады. Әйелдердің мемлекеттік басқаруға немесе жалпы мемлекеттік қызметке араласу үрдісін балалық шақтағы тәрбиеден бастаған жөн. Бұл орайда жанұяда гендерлік теңдікке қол жеткізу өте маңызды. Әке асыраушы және табыскер, ана – қазаношақ иесі және отбасын сақтаушы болатын патриархаттық отбасынан гендерлік теңдік қағидаларына негізделген отбасының элитарлық үлгілеріне бірте-бірте көшу жүргізілу қажет.

Жоғарыда аталған Стратегияда әйелдер жер, материалдық, қаржылық және басқа да ресурстарға ерлермен тең дәрежеде қол жеткізетін болады; еңбек нарығындағы әйелдердің бәсекеге қабілеті артады; кәсіпкерліктегі, соның ішінде шағын және орта бизнестегі әйелдердің саны артады; әйелдерге тиесілі кәсіпорындардың саны артады делінген. Сәйкесінше Стратегия жүзеге асып жатқан уақытта біз дәстүрлі түрде әйелдер еңбек ететін экономика салаларының (жеңіл, тігін, тағам өнеркәсібі) дамығанын байқаймыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық гендерлік саясаты гендерлік теңдік белгісі аясында қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған. Елдегі барлық саяси және әлеуметтік үрдістердің толық құқықты әрі белсенді қатысушысы ретіндегі қазіргі заманғы әйелдің, лидер әйелдің өркениетті бейнесі қоғамдық санада белсенді түрде қалыптастырылуда [9].

2016 жылдың 31 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунның өкілеттік қызмет мерзімінің аяқталу уақыты. Ол өзінен кейін бұл лауазымға әйел адам келуі тиіс деп есептейді. Биылғы жылы Санкт-Петербург қаласында өткен экономикалық форум аясында Ұлт Көшбасшысы Қазақстанда әйел адам Президент болуы әбден мүмкін деп айтқан болатын. Егер осы жағдай орын алатын болса, бұл Қазақстанда әрбір адамның Конституциялық құқығының сақталуының нық дәлелі болмақ [10].

Гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін, мемлекет тарапынан қабылданып, жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар, стратегиялар мен тұжырымдамаларды іске асыру үшін гендерлік білім беру мен ағарту жүйесі халыққа бала кезден бастап оқытып дамытылатын болу керек. Қазіргі кезде Қазақстанда өмір бойы үздіксіз білім алу қағидасы жүзеге асуда. Осы ретте қыздар мен әйелдерге Қазақстан экономикасының басым салаларында – мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс, көлік салаларында жұмыс істей алуы үшін оларды техникалық мамандықтарға оқыту үшін жағдайлар жасалу керек, бұл тек техникалық және кәсіби білім мен жоғары білімге қатысты емес, қайта даярлауға да қатысты. Тек білімі бар, ой өрісі кең әйелдер ғана мемлекеттік басқаруға араласа алады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995
  2. Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық Декларациясы, 08.09.2000
  3. Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы, 29.11.2005
  4. Гендерлік терминдер сөздігі // http: // www.gender.ru/glossary/gender
  5. Поленина С.В. Гендерное равенство. Проблема равных прав и равных возможностей мужчин и женщин: Учебное пособие, – М.: Аспект Пресс, 2005. – 272 с.
  6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми сайты // http://stat.gov.kz/
  7. Кикимова Н. Формирование культуры гендерных отношений в семье и обществе // Социология. – 2013. – №5.
  8. Амангелді Ә. Әлемді әйел басқарса... // Алматы ақшамы, 2016. – №9
  9. Пономарева Е.Г., Ананченкова П.И., Левашова М.А., Кузнецов М.Ю. Гендерное неравенство в социально-трудовой сфере // Этносоциум и межнациональная культура, – 2014. – №8.
  10. «Қамшы-ақпарат» қоғамдық қорының сайты // http:// qamshy. kz/ Home/ Show/ 9928

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.