Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жетім балалардың тұлғалық-психологиялық даму ерекшеліктері

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтікэкономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасып қоғамдық ортада әлеуметтенуін қажет етеді. Жетім балаларды жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен ғылыми саналы көзқарасын қалыптастыру, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – балалар үйі педагогтарының, Үкіметтің және барша халықтың міндеті.

Балалар үйі – мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қоғам талабына сай тәрбиеленуін жүзеге асыратын ұйым, ол демократиялық қоғамның тұлғаларын даярлайды. Бұл арнаулы ұйымдар – жетім балалардың дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік тұрғыда бейімделуін қамтамасыз етеді.

Осыған орай, Қазақстанда ұлттық психология ғылымының негізін салған психолог, ғалымдар: Ә. Алдамұратов, С. Балаубаев, Қ. Жарықбаев, Т. Тәжібаев, Г.А. Урунтаева, Х.Т. Шерьязданова, т.б. өздерінің ғылыми еңбектерін балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріне арнады. Сонымен қатар, балалар үйіндегі жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы және оқу-тәрбие жүйесіндегі қарым-қатынастар мәселесін зерттеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері ғалымдары Т.И. Дьяконова, И.М. Михайлицкая, С.В. Яосева еңбектерінде балаларды тәрбиелеу мен жан-жақты дамыта қалыптастыру мәселелерін зерттеп, ғылыми-әдістемелік жолдарын ұсынған. Ал, С.А. Дзенушкайтенің «Біздің үй» атты еңбегінде: «Балалар үйінің педагогикалық ұжымы денелері мен психикасы дұрыс дамыған балалар үшін қажетті жағдай жасауға міндетті. Ол үшін жоғарғы ұрпақтардың бай тәжірибесін қолдана отырып, әлеуметтік жағдайда адамгершілігі мол, еңбекке бейім етіп, тәрбиеленушілерді өз беттерімен өмір сүруге жан-жақты дайындау» деп ой түйіндеген.

Жетім балалардың психологиялық даму ерекшеліктері туралы А.М. Прихожан, Н.Н. Толстыхтың «Дети без семьи» атты еңбегінде: «Көптеген елдерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, отбасынсыз өскен балалардың дамуы, оның ішінде баланың мінез-құлық дағдылары мен жеке тұлға қасиеттерінің қалыптасуы отбасында өскен балаларға қарағанда ерекшеленіп тұрады. Басқаша айтқанда, олардың дамуы төмен немесе жоғары емес, жәй балаға қарағанда олар өзгешелеу» деп тұжырымдаған.

Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық танымдық талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.

Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер сыйлаймыз. Ол Отбасы үлгісіндегі балалар үйі, ондағы шиеленістерді реттейтін және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын делдалдық ұйым. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасаймыз. Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар өздерінің отбасы махаббатын сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махаббатын сезіндіру. Онысыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қаты кез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып жатқандар да бар. Жат елге барып Қазақстанды қорғау үшін тәрбие алмайды. Қазақстанымыздың атын шығаратын да сөндіретін де осы балаларымыз. Ұлттық рухымызды қалыптастыратын да, ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз. Тәрбиені бала тұлғасының әлеуметтенуінің психологиялық – педагогикалық құрамдас бөлігі ретінде санау тұжырымдамасы (О.С. Гребенюк, А.В. Мудрик, М.И. Рожков); әлеуметтік ортаны баланың тұлғалық қалыптасуындағы өте маңызды детерминант ретінде қабылдауға бағытталған педагогикадағы әлеуметтік рөлдік тұжырымдама (Н.М. Таланчук, В.П. Созонов); жетім балаларды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік психологиялық қолдауды ұйымдастырудың басты психологиялық жағдайларының әдістемелік негіздерінде әзірленген әлеуметтік-психологиялық қолдау мен жәрдем теориясы (Л.И. Аксенова, А.В. Мудрик, Х.Т. Шерьязданова, Ю.Н. Галагузова, Б.А. Расчетина, А.А. Тынышбаева), интегративті тұлғалық құрылым ретінде көрінетін әлеуметтік-психологиялық жұмысқа ұстаздардың кәсіби жеке дайындығы тұжырымдамасы (Г.Ж. Меңлібекова) мазмұндап отыр. Жұмыс аясында зерттеу мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау, тұлғалық бағыттаушы сипатты технологиялық үлгіні қолдана отырып, балалар үйіндегі әлеуметтік психологиялық қолдауды ұйымдастыру жүйесінің тәжірибесін оқып-үйрену, балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтенуін әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламаларын жобалау, әлеуметтік-психологиялық диагностика (сауалнама, бақылау, тестілеу, әңгімелесу), психологиялық тәжірибелік эксперимент әдістері қолданылды.

Әлеуметтік жетім ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.

Тұл Жетім ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады.

Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан 2030» даму стратегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиеленіп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масылдықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеуметтенді», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады. Көптеген теориялық деректерді тал-дау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиелену шілдердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе нерв жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге да-

ярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар. Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар тәрбиеші педагог қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби ісәрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.

Әлеуметтік-тұрмыстық тәрбие өзіміздің салт-дәстүрлерімізге тәрбиелеу; Әлеуметтік-педагогикалық тәрбие – олардың бойында шыншылдық, жанашырлық, адамгершілік пен мейірімділік, ұйымдастырушылық қасиеттерге тәрбиелейді. Әлеуметтік-психологиялық тәрбие ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, ұлттық сана сезімді, мінез-құлықты, түйсік

  • түсінікті, көңіл-күйді, ұлттық сезімді, эмоциялық шымырқануды, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, ұлттық мүдделерді, мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді меңгерту болып табылады; Әлеуметтік-құқықтық тәрбиелер білім алу барысында өздерінің құқықтары мен міндеттеріне үйрету. Әлеуметтік-экономикалық тәрбиелер
  • әр бала өздерінің қаражаттарын тиімді жұмсауға үйрету, демек қаржылық сауаттылыққа үйрету.

Жетім балалардың дамуында психологиялық ерекшеліктері. Олар:

  • психикалық процестердің дамуындағы ерекшеліктер: қабылдауының төмендігі, түйсінудің әлсіздігі, есте сақтаудың, қиялдың баяу дамуы, көрнекілік бейнелік ойдың толық жетілмеуі, ерік-жігері әлсіз, зейіннің тұрақсыздығы, т.б.;
  • мінез-құлық дағдыларындағы ерекшеліктер: жиі көңіл-күйдің өзгеруі мен тұрақсыздық, ашушаңдық, өзін-өзі ұстай алмаушылық, сабырсыздық, сенбеушілік, ызақорлық, тұйықтық, енжарлық, қатыгездік, ұқыпсыздық секілді жағымсыз мінезқұлық дағдылардың басымдылығы;
  • қарым-қатынастағы ерекшеліктер: құрдастарымен жиі келіспеушілік, құрдастарымен бірігіп ойнай білмеуі, үлкендермен сөйлесе алмау, оқшаулануы.

Отбасы жағдайында, өз үйінде бала өзін еркін ұстап, қалаған қажеттілігін қанағаттандырып отырады. Мысалы, қыз бала әжесі мен анасының үй жұмыстарына қатысып, ұл бала ата, әкесімен үй шаруашылығына қажетті заттарды, нәрселерді жасауға қатысып, көзімен көріп, іс-әрекеттерді бөлісуге, жоспарлауға ат салысады. Әрбір еңбек іс-әрекеттері үлкендер тарапынан қадағаланып, бала еңбекке баулынады. Ал, балалар үйлеріндегі ұл-қыздардың мұндай мүмкіндіктері жоқ. Сол себептен, тұрмыстық қарапайым жұмыстарға икемсіздік көрсетеді. Қазіргі психологиялық зерттеулерде балалар үйлері тәрбиеленушілерінің дамуында болатын негізгі кедергі, қолайсыз күй деп білеміз.

Жетім балалардың мұқтаждықтарының шектелуі, жеке тұлға ретінде қалыптасуда қажетті әлеуметтік қарым-қатынастар мен аналық жылылықтың болмауынан деп тұжырымдауға болады. Балалардың ақыл-ой, адами ізгілік қасиеттері мен психологиялық процестердің бағдарлы дами алмауы өз қажетін өтей алмаудың басты сипаттамасы болмақ.

Қорыта айтқанда, жетім балардың тұлғалық сапаларының тежелуі әлеуметтікмәдениет орталықтарына сирек баруынан, эстетикалық тәрбиенің әлсіздігінен, айналасындағы адамдармен қарым-қатынастардың аздығынан болады. Ал, Жетім балалардың ең басты талап-тілектерін қанағаттандырмайтын іс-әрекеттер құрамы қимылқозғалыс, айналасындағы қарым-қатынас мұқтаждығы, әлеуметтік қарым-қатынас күйі, бала жасындағы әлеуметтік шектелу, өз-өзін әлсіз сезінуі, т.б. әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда, қарым-қатынастың кедейленуі, әсіресе, олардың сезіну, түйсіну, есте сақтау, қиялдау, т.б. процестерінің дамуының тежелуінен болады деп ой түйіндеуге болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Дзенушкайте С.А. Наш дом. – М.: «Педагогика», 1987.
  2. Прихожан А.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи. – М.: «Педагогика», 1990.
  3. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық: Гуманистік психология. 5 том // Құрастырушылар: Әбеуова И.Ә., Шериязданова Х.Т. – Алматы: Таймас, 2005.
  4. Лангмейер И.Матейчек З. Психическая депривация в детском возрасте. – Прага, 1984.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.