Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ата-ана және қоғамдық жұмыс

Автор туралы мәліметтер. Ержомарт Меруерт Аскербековна – КМҚК «Айгөлек» балабақшасы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы.

Аннотация. Бұл мақалада бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы, өз үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі қарастырылған. Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлі жағдайында қоғам мен отбасы тәрбиесінің бірлігі аса маңызды мемлекеттік құжаттарда тұжырымдалған тәрбие жұмысының басты қағидалары жөнінде қарастырылған. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Қорыта айтқанда, Егеменді еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің басты ұясы отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Қоғамдағы отбасының мақсаты – баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жанжақты қалыптасуына ата-анамен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында: махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік, келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші – ата-ана.

Қазіргі заман талабына сай, жан жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті.

Н.Ә. Назарбаев.

“Қазақстан 2030“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында “Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады” делінген. Сондықтан да, ғасырлар қойнауынан сараланып, ұмыт қалмай, бабаларымыздың тұрмыс тәжірибелерінің жиынтығы болып табылатын ұлттық тәрбиені жас ұрпақ бойына өміршең құндылықтарымызды қалыптастыру біздің міндетіміз. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап, ата-ана алдында нәзік те қиын, қыры сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» – делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты.

Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда:

«Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ. Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәрбие отбасынан басталады. Қазіргі уақытта көптеген отбасылары экономикалық, кей кезде физиологиялық қыспақтардан шығу мәселелерін шеше алмай жүрген жағдайларда баланың тұлға ретіндегі дамуы мен тәрбиесі мәселелерін өздігінен шешуден шеттеу үдерісі етек алып барады. Ата-аналар көбіне бала тәрбиесін оның жеке және жас ерекшеліктері жайлы білімді игермей-ақ жүзеге асыруда. Осының барлығы әрине, жақсы нәтиже бермей отыр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49 бабында: «Ата-аналар баланы оқыту мен тәрбиелеуде білім ұйымдарына жәрдемдесуі керек» деп жазылған.

Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары біздің болашағымыздың бастамасында тұрған екі үлкен қоғамдық институттар, бірақ олардың арасында әлі күнге дейін бірін – бір түсінушілік, шыдамшылық пен әдептілік жетіспейді. Бала тұлғысы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.

Ата–ананың бас қуанышы – бала. Ата –ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Өмірге келген әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер. Ал сол бақыттың қадірін ұғына алып жүрміз бе?! Ата-анамыз өзіне тиісті құрметті көріп жүр ме? Бүгінгі ата-ананың рөлі, расымен-ақ тым төмен түсіп барады. Қолдағы алтынның қадірі жоқ деген. Ата-анасы балам қатарынан қалмасын, қиналмасын, еңсесі тік жүрсін, ауырмай-сырқамай аман жүрсін деп бала жағдайының барлығын жасауға тырысады. Ағаш секілді жемісін де, жапырағын да, бұтағын да, жанын да, тәнін де береді. «Түн ұйқысын төрт бөліп» деген даналық бар қазақта. Бар айтпақ ойымыз осы сөздердің астарында тұр. Ал бұл жақсылықтары үшін әке-шеше баладан еш ақы сұрап жатқан жоқ. Ата-ана қадірін оның ең басты бір ғана әрекетінен ақ түсініп, сыйлауға болады ғой. Олар саған басқа ешкім бере алмаған нәрсені берді. Саған өмір берді. Ол өмірді саған дос та, махаббат та, ұстаз да, ғұлама да бере алмас еді. Алғаш басқан қаз қадамымыз, былдырлап шыққан алғашқы бала тіліміз, қолыңа шоқ гүл алып, мектепке барған сәтіміз, алтын ұядан түлеп ұшқан кезіміз, осы сияқты әр алуан өмір тынысында ата-анамыз қашанда жанымызда. Олардың орнын басар адам жоқ және болуы да мүмкін емес. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтанда: «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол,айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған атабабаларымыз өз ұрпағын «Адам,азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын,ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Егер баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ.

Отбасы бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Алайда, заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама-қайшы жағдайында қалыптасады. Ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бірбірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жанжақты жетіледі Отбасы – қоғамның бір бөлшегі болса, отбасындағы әрбір бала – қоғамның бір мүшесі. Балаңыздың тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнын табуы үшін қандай әрекет жасап, қандай тәрбие беріп жатырсыз? Көптеген жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесін балабақша еншісіне қалдырады. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, Мағжан аталары айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жастар.

Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі балаға үлгі өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғалар білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді [6].

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.«Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз бүкіл процесінің тоқсан проценті», деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен. Баланың ақыл ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу бүгінгі күн талабы. Қазіргі кезде балаларға білім мен тәрбие беру орындарында осы мақсатта заман талаптарына сай жалпы тәрбие жүйесі ұлттық рухани үрдістің негізінде құрылып, жұмыстар атқарылуда. Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.

Ата-аналар баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуының физиологиялық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздерін қалайды, баланың барлық әрекет түрлеріндегі жетістіктер талабының бағдарламасын құрады. «Қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол тәжірибесіне, ғылымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған», дейді көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Р.М. Қоянбаев. (Ромсеит Мұхтанұлы) Бала тәрбиесінің қай саласында болсын,ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Егер баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады.

Алайда, заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама-қайшы жағдайында қалыптасады:

  1. Қоғамның қарқынды жіктелуі (материалдық байлығының деңгейі және әлеуметтік мәртебесі бойынша).
  2. Балалардың психикасына кері әсер тигізетін ажырасулар санының артуы.
  3. Бір ата –анаға тәрбие беретін отбасылар санының өсуі.
  4. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жаһандық желісінің қуатты озбырлық ықпалы.

Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді, бұл шағын әлеуметті топ – бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата –ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы, өз үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлі жағдайында қоғам мен отбасы тәрбиесінің бірлігі аса маңызды мемлекеттік құжаттарда тұжырымдалған тәрбие жұмысының басты қағидаларының бірі болып табылады. «Білім негізі – бастауышта».

Бастауыш мектепте алған білім – білім әлеміндегі ең алғаш қаланған іргетас болып есептеледі. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі міндеттері баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың мектепте алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде педагогикалық үдерісті қоғам талаптарына сәйкес жаңғырту, қоршаған әлем, табиғат, өзі және айналасындағы әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру, баланың танымын дамыту, ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыру, танып білуге қызығушылығын арттыру, баланың сөйлеу тілі мен ана тілін таным және ойын әрекеті негізінде дамыту, баланың дұрыс дыбыстауын, байланыстырып сөйлеуін, қатынас мәдениетін, сауат ашу негіздерін игеруге даярлау, Отанына сүйіспеншілікке, түрлі ұлт өкілдеріне, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу және баланы қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, өте маңызды. Ендеше, мектепалды даярлық топтарындағы балалардың толыққанды білім алуына және балаларды қоғамдық жұмысқа баулуға да ата–ананың көп көңіл бөлуі керек.

Мектепалды даярлықтың тәрбиеленушілері жаратылысы, тәрбиесі, мінез– құлқы, басқа балалармен қарым– қатынаста, білімді меңгеруінде де, жан – жағындағы болып жатқан құбылыстарға бір өзіндік қабылдауы, ойы болады және әр қайсысы әр түрлі бір – біріне ұқсамайды. Мысалға, екі отбасынан шыққан екі баланы алайық: Балалар ойын уақытында жеке– жеке топ болып екі немесе үш бала бірігіп ойнайды, өз беттерімен күбірлесіп сөйлесіп ойыншықтарын бір – біріне кезекпен келісіп ойнап жатса, топта Бақдәулет есімді бір бала жеке ойнайды. Себебі, оны басқа балалар өз орталарына алып ойнағысы келмейді. Осыдан неге? – деген сұрақ туындайды. Ол баланы басқа балалармен салыстырып қарайтын болсақ, ол өте тұйық, басқа балалармен тіл табысуы оған қиынға соғады, өз ойын ашылып айта алмайды. Оның бойында сенімсіздік қалыптасқан, қасындағы балаларға бірдеңе айтқысы келеді бірақ өзіне назар аударта алмайды. Баланың өзіне деген сенімсіздігі мені қатты алаңдатты. Бұл баланың проблемасы отбасынан ба?.. деген ой келді. Отбасы жағдайын анықтадым. Жалғыз басты жас ана үш баласын тәрбиелеп отыр, үй–күйі жоқ, жалдап тұрып жатқан жәйі бар екен. Ата–анасы айырылысып кеткен, әкесінің балаға қарауға уақыты жоқ. Әрине, бұл отбасы жүзден бір мысал ғана. Сапалық тұрғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асырылуда.

Ал отбасындағы қарама – қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеп соқтыратын осындай жағдайлар бар: толық емес отбасы, ата–аналары ішімдікке салынып кеткен, және т.т Әрине бұл қоғамдық өмірде орын алып бара жатқан үлкен мәселе, өте өкінішті... Топта, Темірлан деген бала бар. Бұл жоғары айтқан отбасына мүлде қарама–қайшы, бес балалы толық отбасы. Темірлан үйдегі балалардың төртіншісі, еркесі. Ата –ананың балаға қарым–қатынасы ерекше. Бала өзіне сенімді. Сөз саптамасы өз жасындағы балаларға қарағанда өте жақсы. Бала өзін кез-келген ортада емін-еркін сезінеді, өте зерек, өз ойын ашық айтады, өте жақсы оқиды және қоғамдық жұмыстарға ата-анасы белсене қатыстырады. Баланы өнерге баулиды. Әрине, бұл отбасындағы балаға деген тәрбиенің дұрыс қалыптасқаны, «үлгілі» отбасы деп айтуға да болады. Мен балаға қарап шаттыққа, қуанышқа толы жүздерін көріп, еліміздегі әр отбасындағы балалар осындай бақытты ортада өмір сүрсе екен деп ойлаймын. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата–ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата–бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырын аңғара білейік. Ата–анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ата –аналар әр түрлі болып келеді, әр түрлі отбасында алған тәрбие де әр түрлі болады. Ата–аналар мектепке дейінгі шақты бала үшін өте маңызды шақ екені түсінсе екен деймін. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға.

Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстаймыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа?! Балаға теріс әсер ететін жәйттерді де есте сақтағанымыз жөн: жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы, арақ ішу, темекі тарту, көңіл-күйіңіз нашар болса баланың қуанышына ортақтаспау, т.б үйдегі жаман әдеттерді көрсетпеу қажет, себебі, 5-6 жастағы кішкентай балалар сол айтқан жаман әдеттерді үлгі тұтып, үлкендер не істеп, соған еліктеуі мүмкін. Бұл келеңсіз жағдайдан балаларды қорғауымыз керек. Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.

Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау керек. Ата–ананың міндеті мәдениеті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеп, жүйелі білім алуына жағдай жасағаны дұрыс, ата–аналар жиналысына қатысып, мұғаліммен кездесіп, пікір алысып, баласының мектеп өмірімен толық араласуына және қоғамдық іс-шараларға қатысуға бейімдеу. Бала тәрбиесіндегі қоғамдық жұмыстың орны ерекше. Баланы мектепішілік іс-шараларға қатыстыру көпшілікке үйрету, өнерге баулу, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді, Ата-анамен бала арасындағы қарым – қатынастың нығая түсуіне, баланың дарындылығын ашуға ықпал етеді. Халқымыздың бала тәрбиесіндегі негізгі қағидалары баланы бесіктегі кезінен бастап сыйлап, қадірқасиетін, ар намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді. Соған орай дөрекілікке бой алдырады. зің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата –ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы.

Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды.. отбасы өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді. Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне өзі қызмет етуге үйрету. Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету. Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім тәрбие беріледі. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез – құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.

Ұлы педагог А.С. Макаренко : «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген. Отбасы барлығының басы, жан жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата ана мен баланың қарым қатынасы нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды», дейді А. Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Қорыта айтқанда, Егеменді еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің басты ұясы отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Қоғамдағы отбасының мақсаты – баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-анамен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында: махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік, келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші – ата-ана.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. «Бастауыш мектеп» журналы. №12. 2009 жыл 39 б.
  2. «Отбасы және балабақша» журналы №4 (146) 8 бет, 2011 ж.
  3. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №6 (90)51-52 б.2012 ж.
  4. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №7 (91) -54 б.2012 ж.
  5. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №8 (92) -55 б.2012 ж.
  6. Жұмабекова Ф мектепке дейінгі педагогика.Оқу құралы.Астана, 2012.
  7. Аралбаева Р.К. Мектепке дейінгі педагогика О қулық. – Алматы: Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.