Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Стоматологиялық науқастың медициналық картасы: медико-құқықтық mafbihacbi (әдебиетті шолу)

ТҮИІН

Медициналық картаны толық жəне сапалы толтыуемдеу үрдісінің айырлмас бөлігі жəне дәрігердің маңызды міндеттерінің б¡р¡. Медициналық картамен жұмыс науқас клиникаға алғаш келуден басталып, барлық стоматологиялық аурулардың диагностикасы, ем¡ және алдын алу шараларының негізді екенін көрсетеді. Сонымен қатар медициналық карта құқықтық құжат болғандықтан, дәрігер мен науқастың арасында жауаптылыққа байланысты құқықтық сұрақтардың шешімі ретінде негізгі жауап көзі.

Өзектілігі: Соңғы жылдары науқастардан дәрігерлерге, сонымен қатар дәрігер стоматологтарға қарсы шағымдары мен арыздары көбейіп отыр. Бүл жағдай стоматологияда жеке клиникалардың көбейіп, нарықтық қатынастың қалыптасуыда себепкер болуы мүмкін [1]. Нәтижесінде науқас бір уақытта стоматологиялық медициналық қызметті түтынушысы бола отырып, автоматты түрде «Түтынушылардың қүқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясына түседі. Басқа жағынан қарасақ, ем нәтижесіне қанағаттанбаған азаматтың арыздануы, қүқықтық сана мен мәдениеттің өсуінің көрсеткіші де болуы мүмкін.

Материалдық шығын және моральды зияндылықты қалпына келтірумен байланысты арыздарды қарап-тексеруге үзақ уақыт кетеді, себебі бүл қатарда белгілі бір экспертизаларды жүргізу қажет.Осы қатарда, біріншілік медициналык; құжат маңызды дәлел көзі ретінде, соттың шешім қабылдауына тікелей эсер көрсетеді.

Бүл статья стоматологиялық клиникалардың басшыларына, дәрігер стоматологтарға, стоматология факультетінің интерндері мен студенттеріне бағытталған. Статьяда медициналық картаның медико-қүқықтық мағынасы, толтыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер туралы, сонымен қатар бастапқы медициналық қүжатты енгізуді басқару тәсілдерін қарастырады.

Әдебиетте медициналық құжат деп медициналык; қызметті корсету барысындағы барлык; іс-әрекеттер тәртібі көрсетілген, медициналык; қызметкерлер толтыратын арнайы қүжат нысаналарын атайды [3].

«Денсаулық сақтау үйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Бүйрығының 7-1 қосымшасы бойынша медициналық құжаттардың қатары кең, оларға бастапқы қүжаттар, есеп беру қүжаттары, емдік-диагностикалық үрдісті қүқықтандыру құжаттары кіреді. Медициналық қүжаттардың нысаналары құқықтық актілермен бекітіліп, ал қүжаттарыдың өздері реквизиттардан (мøр‚кİрìс тіркеу нөмірі,күнтізбелік күннен,толтырылған жердің атынан, тиісті түлғанынң қолтаңбасынан және т. б.) түрады.

Стоматологияда бірнеше бастапқы медициналык; қүжаттар қолданылады, солардың ішінде «Стоматологиялық науқастың медициналық картасы» (нысан № 043/е) ерекше назараудартады. Бүл құжат науқас стоматологияға алғаш келгенде толтырылатын А5 пішіндегі, кем дегенде 5 парақтан түратын дәптер. Төлқүжаттық мәлеметтер бастапқы қарау кабинетіндегі мейірбикемен немесе тіркеушімен толтырылады. Нақтамажәне басқада бөлімдерін дәрігер толтырады.

Жоғарыда аталған қосымшаға сəйкес «Стоматологиялық науқастың медициналық картасы» науқастардың қолына берілмейді, тіркеу белімінде соңғы қабылдаудан кейін 5 жыл келемінде сақталады, содан кейін 75 жылға сақталуға мүрағатқа еткізіледі. Медициналық қүжаттарды енгізу және сақтау тәртібіне ете мүқият болған жен, себебі бүл қүжаттан соттық іс қарауға қажет стоматологиялық кемектің жай-жапсары туралы мәлеметті алуға болады. Сот медициналық қүжатты мекемеден талап еткенде, мекеме міндетті түрде қүжатты беруі қажет немесе қүжат белгілі бір себептерден науқастың қолында, қүқық қорғау органдарында екенін дәлелдеу керек. Медициналық қүжаттың жоқтығы ез алдында науқастың арызын соттық іс қарау кезінде стоматологиялық емдеу мекемесінің позициясын күрт темендетіп жиберуі абзал.

Erep қүқық қорғау органдары медициналық қүжаттың түп нүсқасын сүратқан жағдайда стоматологиялық емдеу мекемесінде қүжатты беруге негіз болған жазба түріндегі сүранысты сақтау қажет. Нәтижесінде осы сүраныс медициналық қүжаттың қайда орналасқанын керсетеді. Ал егер медициналық қүжатты науқас ез еркімен алып кеткен жағдайда, уақтылы сәйкес қүжатпен, мысалы, акт қүру арқылы, белгілеп алу үсынылады. Осы қүрылған акт мекемеде қүжаттың жоқ екеніне дәлел болады [3, 4].

Жоғарыда аталған жағдайды ескерсек медициналық карта қүқықтық қүжат болып табылады, сол себепті медицииналық картаның мәнін қүқықтық түрғыдан қарастыру мақсатқа сәйкес болып отыр.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу Кодексінің ( ҚР AIK) 64 бабының 1 тармағына сәйкес «Заңмен кезделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дүрыс шешу үшін езге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады» делінген.

Ал осы баптың 2 тармағында «Бүл нақты деректер тараптардың және үшінші түлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, іс жүргізу әрекеттерінің барысын және нәтижелерін керсететін сот отырыстары хаттамаларымен жəне езге де қүжаттармен анықталады» деп бекітілен. Яғни, заңды түрде медициналық карта соттық іс қараудадәлелдеме қатарына жатқызылады.

ҚР AIK 81 бабына сәйкес жазбаша дәлелдерге іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, қүжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жатқызылады. Ал осы Кодекстің 82 бабының 2 тармағында қүжаттарда үйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Қүжаттарға, соның ішінде осы Кодекстің 66-бабында кезделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото жəне кино түсірілімдер, дыбыс жəне бейне жазбалар да жатады. Демек, медициналық карта іс бойынша жазбаша дәлел қатарына жатқызылады.

Erep стоматологиялық клиника өздері үсынған медициналық картаны қолданса, соттық іс қарауда қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Ceбебі, науқас клиникаға арыздану кезінде сотқа дәлел ретінде заңды түрде бекітілген медициналық картаның (нысан № 043/е) нысанын үсынуын талап етуі мүмкін. Бүл жағдайда клиниканың басқа нысандағы үсынған медициналық картасы соттың шешімімен заңды түрде жарамысыз болып қабылданады, нәтижесінде медициналық карта іс бойынша дәлел ретінде қабылданбайды [4].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің Ill бабы бойынша медициналық құжат заңды түрде алынған дәлелдеме болғандықтан, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте айқындалған тәртіппен Қазақстан Pecпубликасының Қылмыстық кодексінде кезделген іс-әрекеттің бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бүл әрекетті жасағанын немесе жасамағанын, оның кінәлілігін не кінәсіздігін, сондай-ақ істі дүрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайды.

Ескере кететін жағдай, бастапқы медициналық қүжатқа (біздің жағдайда стоматологиялық науқастың медициналық картасы) азаматтық немесе қылмыстық істің жазбалы түрдегі дәлелдемесі ретінде келесі талаптардың орындалуын қажет етеді: барлық тіркемелердің бо-луы, тіркемелердің хронологиялық реттілігі, түсінікті жазылуы, енгізу кезінде мұқияттыл ық, жазылған ақпараттың нақтылығы [4].

Дегенменде, науқастың медициналық картасының маңыздылығын біле отырып, кей дәрігерлер картаны тіркеп-енгізу кезінде үқыпсыздық танытады, нәтижесінде көптеген тәртіп бүзушылыққа алып келеді.

Стоматологиялық науқастың медициналық картасын тіркеп-енгізу кезінде жіберілетін қателіктер туралы бірнеше авторлар жүмысы бағытталған. Авторлардың бақылауы бойынша әдеттегі мүндай қателіктерге келесілер жатады:

  • дүрыс толтырылмаған төлкүжаттық бөлім, нәтижесінде науқастың келесі келімінде медициналық карта табылмайды;
  • медициналық картаны енгізу кезіндегі қысқартулар, қүқықтық маңызы бар құжаттың өрескел қателігіне жатады, сонымен қатар науқастармен жанжал жағдай туған кезде эксперттердің картамен жүмысын қиындатады;
  • жасалынған медициналық араласуды уақытынан кеш толтыру, қабылдаудан кейінгі жасалынған жазу толыққанды және нақты болмайды, қосымша қателіктерге алып келеді;
  • қосымша тексеру әдістерінің қорытындыларының жоқтығы (индекстер, рентгенологиялық тексерудің қорытындысы және басқалар), бүл өз алдында нақтаманың дұрыс қойылғанына, емнін дұрыс жасалынғанына күмән туғызады;
  • тіс қатарының формуласын толтырмау,дәрігерлер көп жағдайда тек өзі емдеген тісті ғана көрсетеді;
  • мазалап түрған тісте бүрын жасалған емдер жайлы ақпарат көрсетілмейді;
  • емдеу тәсілдерін қолдану себебі негізделмейді;
  • қайта қабылдау кезінде стандартты реттілік сақталмайды, көп жағдайда қайта обьективті жағдайын және нақтаманы көрсетпейді;
  • түзетулер жасалынады, көп жағдайда бүл әрекет науқаспен жанжал пайда болғанда немесе асқынулар пайда болғанда жасалынады;
  • науқастың емге, тексерулерге ерікті келісімінің жоқтығы, дәл осы медициналық картаны толтыру барысында жазбалы келісім дәрігерді негізделмеген арыздардан қорғайды [3, 5].

Дәрігер науқасты әсіресе келесі үш сүрақ бойынша нақты ақпараттандыруы керек [6]:

  1. Нақтама туралы ақпарат. Осы ақпарат арқылы науқас аталған емге жүгіну, жүгінбеу туралы шешімін қабылдайды.
  2. Ем жоспары туралы ақпарат. Бүл жерде дәрігер науқаспен емнің орташа бағасы туралы келіседі. Дәрігер сонымен қатар альтернативті емдеу тәсілі туралы да науқаспен ақылдасуы қажет.
  3. Em нәтижесінде пайда болуы мүмкін асқынулар жайлы, бүл болашақтағы асқынулардың науқастың өміріне әсері жайлы ақпараттандыру болып табылады [7].

Кейде клиника басшылары медициналық картаға қосымша жазбалар енгізуге тырысады. Мысалы, «үқтым, емдеу жоспарына және бағасына келісемін». Есте сақтаған абзал, мүндай жазбалар заң жүзінде ешқандай қүқықтық мәні жоқ, себебі науқас кез келген жағдайда медициналық білімінің жоқтығына, медициналық терминдерді түсінбейтіндігіне мензеуі мүмкін.

Тағы бір ескеретін жағдай, егер науқас тіптім емнен бас тартса да Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің 93 бабына сәйкес бүл жағдайды медициналық картада бекітіп, науқастан немесе оның заңды өкіліненқол таңба алу қажет [1].

Дегенменде, дүрыс толтырылған медициналық карта барлық емдеу тәсілдерінің дүрыс жасалынып, науқастың бүл емге келіскенін көрсетіп, толыққанды дәлел көзіне айнала алады.Тек дүрыс және сапалы толтырылған бастапқы медициналық карталар ғана дәрігерді заң алдында қорғай алады.

Сонымен қатар, бастапқы медициналық қүжаттар, нысанына қарамастан (нысан 043/е, 025∕e-04, 096/е және басқа) медициналық көмектің сапасын бақылауда қолданылады. Сотқа дейінгі және соттық іс қараулар көбеюіне байланысты медициналық көмектің сапасын бақылау жүйесін, медициналық қызметкерлердің жүмысын бағалауды жақсартудың қажеттілігін көрсетеді, бүл әрине бастапқы медициналық қүжатты тіркеп-енгізу сапасын жақсартумен қатар жүреді.

Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, дәрігерлерге медициналық картаның қүқықтық мағынасы, тіптім медициналық қүқық жайлы курстар үйымдастырылып, студенттердің оқу үрдісіне бүл ақпарат енгізілуі қажет деп түсінеміз.

Сондай-ақ, бастапқы медициналық қүжаттарды тіркеп-енгізуге жаңа толықтырылған стандарттарды жасау белгіленген мақсатқасəйкес болып табылады, ал бул ез алдында медициналық мекемелерде стандартизация үрдісін жүзеге асырады, дəрíгерлерде медициналық күжаттарды толтыруда уақытты үнемдеп, дағды қалыптасуына себепкер болады.

Бірақ тек стандарттардың болуы қалыптасқан тәжрибені езгертуі киын, сондықтан стандартты емдік-диагностикалық үрдіске қатысы бар барлық қызметкерлердің қатысумен, олардың стандартней танысуымен, жаңа тәсілдерді ескеріп қүруы қажет. Сонымен қатар, барлық стандартталған ақпарат компьютерлік технологиялармен автоматтандырылуы қажет.

Арнайы маман эксперт үнемі ішкі жоспарлы экспертизаларды жасап, емдеу-диагностикалық қызметкерлерді дисциплинарны жауаптылыққа тартып, пайда болған бастапқы медициналық күжатты толтыру ақауларын жойып отыруы керек [8].

Қорыта айтқанда, стоматологиялық аурудың медициналық картасы құқықтық құжат ретінде соттық іс қарауларда жазбалы дәлел бола отырып, науқас жайлы толықжәне шынайы ақпарат алу үшін, науқастың денсаулығын бағылап, медициналық кемектің қолжетімділігін және сапасын бақылауға, клиникада емдік-диагностикалық үрдістің ұйымдастырылуын бақылауға, «Науқастарды және ішкі аудитті қолдау қызметі» сапа экспертизасын еткізуге қажет. Сондықтан, дүрыс әрі нақты толтырылған медициналық қарта дәрігердің ең бірінші қорғанышы, жоғары сапалы маман екенінің бірденбір керсеткіші.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Малый А.Ю. Конфликтные ситуации в стоматологии и факторы защиты врачей от необоснованных претензий // Медицинское право. 2003. № 3. С. 31-34.
  2. Панов А.В. Правовые последствия ненадлежащего ведения первичной медицинской документации. M., 2012 // www.zdrav.ru∕articles∕practice∕detail.php7ID=77368
  3. Данилов Е.О. Правовые основы стоматологической практики. СПб.: Санкт-Петербургский институт стоматологии, 2002. 176 с.
  4. Харченко С.В. Медико-правовой анализ ошибок и осложнений в практике хирургической стоматологии: автореф. дне. ... канд.мед. M., 2005. 25 с.
  5. Дегтярева В.И., Алпатова Л.M., РамбовскиũА.И. Медицинская карта стоматологического больного форма № 043/у. Методологические решения стандартизации ведения больных и первичных документов в 2011 году. Сургут. 2011 // www.moosso.ru/index.php/organizatsionnometodicheskaya-pomoshch∕nauchnye-publikatsii∕2-uncategorised∕16-meditsinskaya-karta
  6. Алехова Т.М., Федосенко Т.Д. Конфликта с пациентом можно избежать. М. Стоматологический вестник, 2005. -http://www.stomvest.rU//lnks/psico_108.shtml
  7. Самусъ И.В., Каминская О.H., Грачева Т.Ю. Управление качеством медицинской помощи путем оптимизации документооборота // Медицинское право. 2014. № 3.
  8. Абралина Ш.Ш, Ахметов С.Р Ошибки врача-стоматолога при ведении амбулаторных карт. Семей // Наука и здравоохранение. 2013. № 2.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.